Жалпы ережелер
Тақырып №1
Агроөнеркәсiптiк өндiрiс және оны реттеу
ҚР-ндағы агроөнеркәсiптiк кешенiнiң даму жағдайы. Өндiрiстi реттеу қажеттiлiгi. Өндiрiстi реттеу параметрлерi. Өндiрiстi реттеу механизмiнiң екi түрi. Реттеу әдiстерi мен принциптерi.
Тақырып №2
Өндiрiстi реттеудiң нарықтық механизмiнiң
құрамды бөлiктерi
Нарықтық шаруашылық механизмiнiң түсiнiгi. ҚР агронарығының құрылуы. Оның құрылуының және дамуының негiзгi шарттары. Нарықтың анықтамасы. Нарықтарды жiктеу: нарықтық қатынастар объектiлерiнiң экономикалық белгiлерi бойынша; географиялық жағдайы бойынша; жеке сатушының не сатып алушының нарықтық бағаға әсер ету деңгейi бойынша. Нарық және өндiрiстiң реттелiнетiн параметрлерi. Баға-өндiрiстi реттеу механизмi ретiнде. Құнның еңбек теориясы. Пайдалылықтың (сандық) мөлшерлiк теориясы. Тұтыну құны деңгейiндегi өнiм бағасы мен оның пайдалылығының байланысы. Баға қызметiнiң механизмi.Сұраныс пен ұсыныс-өндiрiс көлемiн және бағаны реттеушi ретiнде. Сұраныс заңы. Сұранысқа әсер ету факторлары. Ұсыныс заңы. Ұсынысқа әсер ету факторлары. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдiгi. Сұраныс пен ұсыныс өзгерiсiнiң тепе-теңдiк бағаға әсерi. Қазақстаның азық-түлiк нарығында сұраныс пен ұсыныстың дамуы. Мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi. Бәсеке-өнiм өндiрушiлердiң iс-әрекетiн реттейтiн механизм ретiнде. Бәсекенi анықтау. Өндiрiстi реттеудегi бәсекенiң ролi.
Тақырып №3
Бәсеке-нарықты реттеудiң негiзгi механизмi
Салауаттты бәсекенiң алғышарттары. Нарықтық бәсекенiң түрлерi, оны ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу сферасында пайдалану мүмкiндiктерi. Нарықтағы орын үшiн бәсеке. Жалпы сату көлемiндегi фирманың үлесi.
7
Тақырып №4
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi, оның мөлшерлiк бағасы
Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң түсiнiгi, оны анықтайтын факторлар. Өнiмнiң тұтыну құнының түсiнiгi (ТҚ). Тұтыну құны деңгейiнiң түсiнiгi (ТҚД). ТҚД-iн бағалау әдiстемесi. ТҚД-iн бағалау процедурасының жалғасымдылығы. Нақты тауардың ТҚД-iн бағалау мысалы.
Өнiм сатуды ұйымдастыру деңгейiнiң түсiнiгi (СҰД). СҰД-iн бағалау әдiстемесi. Нақты өнiмнiң СҰД-iн бағалау мысалы. Өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн бағалау әдiстемесi. Өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн бағалау; нан, сиыр етi және сұйық май.
Өнiмнiң бәсекелiк қабiлетiн арттырудағы негiзгi бағыттары.
Тақырып №5
Ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу бойынша фирманың экономикалық стратегиясы
Фирма шешiмдерiн дайындау, қабылдау және жүзеге асыру процестерi. Нарық жағдайындағы кәсiпорындардың қызметi. Өздiгiнен уақытында қабылданған шешiмдердiң сапасы үшiн жауапкершiлiк. Шешiмнiң түсiнiгi. Оның белгiлерi. Шешiмдердi жiктеу. Шешiмдi дайындау, қабылдау және жүзеге асыру процестерiнiң моделi.Фирмалар әрекетiнiң альтернативтiк варианттары. Өтпелi кезеңдегi экономиканы басқару принциптерi. Фирманың экономикалық стратегиясының түсiнiгi. Стратегияны жоспарлау. Фирма стратегиясының варианттары. Фирма стратегиясының тиiмдiлiгiн бағалаудың базалық қасиеттерi.
Тақырып №6
Өндiрiстi реттеудегi мемлекеттiң ролi
Өндiрiстi нарықтық реттеуге мемлекеттiң араласу себептерi. ҚР-ндағы өндiрiстi мемлекеттiк басқаруды құқықтық қамтамасыз ету. Өндiрiстi мемлекеттiк реттеу жүйесiн жетiлдiру. Өндiрiстi реттеу бойынша мемлекеттiк қызметтер. Мемлекеттiк реттеу инструменттерi.
Экономикалық өмiрге мемлекеттiң тiкелей және жанама араласуы. Макроэкономиканы реттеудiң екi тұжырымы: классикалық және кейнсиандық. Монетаризм.
Мемлекеттiк реттеудiң модельдерi: американдық, жапондық, немiс, француз, швед. Нарықтық экономика жағдайындағы әртүрлi мемлекеттердегi аграрлық өндiрiстi мемлекеттiк реттеудiң ерекшелiктерi.
8
Кәсiпорындарда жұмысшылар мен материалдардың бiрдей санын иемдене отырып, әртүрлi көлемде және әртүрлi сапада өнiм дайындауға болады.
Басқа жағынан қарасақ, қоғамға қажеттi кез-келген өнiм санын ресурстарды аз немесе көп жұмсай отырып дайындауға болады. Өндiрiстiк шығындарды реттеу мүмкiн бе? Әрине, бiрақ, шектелген шектеулерде. Оларды нөлге дейiн төмендетуге болмайды, бiрақ нақты бiр минимумға-болады.
Қандай да болмасын тауар бiрлiгiн өндiруге кететiн шығындар көлемiне көптеген жағдайлар, факторлар немесе “жеке параметрлер” әсер етедi. Олардың iшiндегi ең маңыздылары: техника, технология, өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыру; өндiрiстiк процестi басқару; кәсiпорындардың көлемi, мамандануы және орналасуы; жұмысшыларды моральдi және материалды ынталандырудың әдiстерi т.б. Бұларды шығындарды реттеудiң “тетiгi” деп атауға болады. Осы тетiктердi тиiмдi қолдана отырып, өнiм дайындаудағы өндiрiстiк шығындар көлемiн шектелген мүмкiн минималды деңгейге дейiн түсiруге болады.
Ендi өндiрiстiң үшiншi негiзгi реттеушi параметрiне тоқталайық. Мұның мәнi-қоғам мүшелерiнiң көп бөлiгi (еңбекке қабiлеттi) бiр уақытта өнiм өндiрушiлер және тұтынушылар болып табылатындығында. Еңбекке қабiлетсiз, өндiрiсте жұмыс iстемейтiн тұрғындардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған өнiм үлесi жайлы сұрақ әлеуметтiк саясат саласына жатады. Тек қана керi байланыс тәртiбiнде бұл қоғам бөлiгiнiң тұтыну деңгейi мен құрылуы өндiрiстiң бiрiншi екi реттелушi параметрлерiне өз әсерiн тигiзедi.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшу процесiнде бұл уақытқа дейiнгi қызмет жасаған барлық қатынас жүйелерiнде тамырлық сыну пайда болды. Бұл жерде оны жаңа принциптер бойынша құру қажеттiлiгi туындайды.
Мұндай қайта құрудың негiзi меншiктi жекешелендiру процесi мен бөлiнiс қатынастарының толығымен орталықсыздандырылуы болып табылады.
Өндiрiлген игiлiктердi оны ойлап шығарушылар арасында таратып бөлу мәселесi әртүрлi өнiмдердi айырбастауға, сонымен қатар игiлiктердi өндiрiстiң жеке қатысушылары арасында таратып бөлуге әкеледi. Мысалы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлер өздерiнiң
13
реформалардың жүзеге аспауы өтпелi кезеңдегi экономиканың талаптарына жауап беретiн меншiктiң, шаруашылықтың жаңа формаларының қалыптасуын, өндiрiстi реттеудiң жаңа механизмiн қалыптастыруды тежейдi.
Өндiрiстi реттеудiң жаңа механизмiн құру үшiн ғылыми тұжырымдар және соған сәйкес аграрлық саясат жасау керек. АӨК-нiң мәнi, оның жұмыс iстеуi және дамуы қоғам қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi. Тұтас қоғамның, оның жеке топтарының, тiптi жеке адамдардың қажеттiлiктерi әртүрлi және өзгерiп отырады. Кеше керек болған заттар бүгiн қажетсiз болып қалуы мүмкiн т.б.
Қоғамның АӨК өнiмдерiне деген қажеттiлiктерi толық және сапалы түрде қанағаттандырылуы үшiн өндiрiстiң өзi өзгерiп, дамып, жаңа қажеттiлiктерге икемделiп отыруы қажет. Сонымен бiрге сандық және сапалық өзгерiстерге ұшырайтын шектеулi ресурстарға да сай икемделiп отыруы қажет.
Айтылғандардың барлығы мынаны көрсетедi: агроөнеркәсiптiк кешен толығынан (елдер масштабында, облыста) және оның жеке құрылымдылық бөлiктерi (фирмалар, кәсiпорындар және с.с.) тұрақты реттеудi қажет етедi.
Өндiрiстi нарықтық реттеудiң принциптерi мен әдiстерi жайлы айтпас бұрын мына сұрақтарға жауап беру қажет: сонда ненi реттеу керек? Өндiрiстiң қандай параметрлерi реттеуге жатады?
Бiртұтас АӨК-нiң, оның құрылымды бiрлiктерiнiң реттеуге жататын параметрлерi мыналар болып табылады:
а) Өндiрiлетiн өнiмнiң мөлшерi, номенклатурасы, құрылымы, сапасы, тұтынушылық қасиеттерi;
б) Өнiмдi өндiрумен және тұтынумен байланысты шығындар;
в) Өнiм өндiрушiлер мен тұтынушылар арасында игiлiктердi бөлу.
Көрсетiлген параметрлердiң мазмұнын, олардың өзара байланысын және өзара келiсiмдiлiгiнiң мәнiн ашайық:
Қоғамдық қажеттiлiктердiң қанағаттану дәрежесi АӨК-де өндiрiлген өнiмдердiң сапасы, номенклатурасы және мөлшерiмен тiкелей байланысты екенi түсiнiктi. Белгiлi бiр өнiмдердiң сипаты әр уақытта қоғам қажеттiлiктерiне неғұрлым сәйкес келсе және АӨК-дегi жұмыс неғұрлым тиiмдiрек болса, соғұрлым оны реттеу рационалды бола түседi.
Белгiлi бiр шектелген ресурстар санын иемдене отырып, оларды әртүрлi пайдалануға және осы жағдайда әртүрлi нәтиже алуға болады.
12
ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТI
1-лекция
Агроөнеркәсiптiк өндiрiс және оны реттеу
Өндiрiстi реттеудiң мәнi және қажеттiлiгi
Өндiрiстi реттеу механизмiнiң екi түрi
ӘДЕБИЕТТЕР
Куватов Р.Ю., Болганбаев А.Е. “Экономика и проблемы переходного периода в Казахстане” Алматы, 1997 г.
Калиев Г.А. Аграрная реформа в Казахстане: история, современность, перспективы. Алматы, 1998г.
Назарбаев Н.А. “Не подняв сельское хозяйство, не сделаем экономику процветающей”. Газета “Казахстанская правда” №32 9 февраль 2000г.
Социально-экономическое положение РК за январь-август 1998г. Комитет по статистике и анализу. Алматы, 1998г.
Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. В книге “Антропология экономической классики” II томдық, М., М.П. “Эконов” 1993г. 1-том.
Самуэльсон П. Экономика М., НПО “Алған” 1992г.,1,2-том.
Косманбетова Р.И., Горенман Д.Р., Сабденов, т.б. “Совершенствование механизма управления производством”. Алматы.Ғылым. 1984г.
Нұрмағанбетов Қ.Р. “Фирманың ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу жөнiндегi өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi нарықтық реттеу”. Алматы, “Ғылым” 1997ж.
9
ӨНДIРIСТI РЕТТЕУДIҢ МӘНI ЖӘНЕ ҚАЖЕТТIЛIГI
ҚР-ның Агроөнеркәсiптiк кешенi өте iрi және күрделi халық шаруашылығының құрылымы болып табылады, ол жалпы қоғамдық өнiмнiң 1/3 бөлiгiн бередi, 90%-тен жоғары азық-түлiк өнiмдерiн өндiредi./1/
Егемендi мемлекеттiң, тұтыну нарығының қалыптасуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығы көбiнесе осы агроөнеркәсiп қызметiнiң тиiмдiлiгiне байланысты. Сол себептi қазiргi уақытта оны рационалды және тиiмдi пайдалану жөнiндегi қажеттi шаралар iздестiрiлуде.
Бiрақ соңғы жылдары АӨК-ндегi тоқырау жағдайларын болдырмау жөнiндегi iске асырылған шаралар экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етпедi. Жыл сайын өнiмдi өткiзу және өндiрiс көлемi төмендеуде, экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi нашарлауда.
Сонымен 1998 жылғы ауылшаруашылығындағы жалпы өнiм көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 2,4 есе төмендеген. Еңбек өнiмдiлiгiнiң,мал басының көрсеткiштерi де сол сияқты. Минералды тыңайтқыштар тек қана 1% жыртынды жерге салынды. Меншiктiң барлық формасындағы ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушiлердiң 80%-тен астамы шығынмен шығады./2/
Ауылшаруашылық өндiрiс сферасының дамуында, ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу, дайындау және сақтау салаларында өте қиын жағдай туындап отыр. Ұзақ уақыт iшiнде қажеттi инвестицияның болмауынан АӨК-нiң қайта өңдеу салалары өзiнiң дамуында сұраныс және тұтыну сферасынан айтарлықтай қалып қойды.
Нашар технологиямен қамтылған көптеген кәсiпорындар бәсекеге қабiлетсiз өнiмдер шығарды. Нәтижесiнде iшкi нарық импорты азық-түлiк өнiмдерiмен толтырылды. 1999 жылы екi айдың iшiнде шетелден 143млн $-ға ет және ет өнiмдерi, сұйық май, қант, кондитер өнiмдерi әкелiндi, бұл өнiмдердi, яғни тұрғындар қажеттiлiктерiн өзiмiздiң ресурстар арқылы қанағаттандыруға мүмкiн болатын едi. Сүт және ет импорты 1992-1998 ж.ж. аралығында 4-7,5 есе өстi, ал экспорт 8-11,5есе қысқарды. Сонымен бiрге валютаға сатылып алынған құрал-жабдықтар физикалық, моральдi тозуға ұшырай отырып, жылдап белгiленбейдi. Қазiргi құрал-жабдықтар Алматы, Қаскелең, Сайрам, Түлкiбас, Талдықорған консервiлiк заводтарында тоқтап тұр. Мал шаруашылық өнiмдерiнiң кейбiр түрлерiн сатып алумен және қайта өңдеумен
10
байланысты жағдайларды өте жақсы деп айта алмаймыз. Терi және жүн шикiзаттарының көп мөлшерiнiң шетелге арзан бағамен кететiнi белгiлi.
Бұл жерде негiзгi проблема ең алдымен импорттың алдында отандық тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен екендiгiнде.
Мысалы, 1998 жылы тамыз айында iшкi нарықтағы қант бағасы әлемдiк бағадан екi есе, май-1,7 есе, өсiмдiк майы-1,5 есе артық болды.
Көптеген осы өнiмдердi сатып алу бағасы мен мұнай тоннасының бағасы арасындағы пропорция iшкi нарықта дамыған елдерге қарағанда неғұрлым төмен болды. Май бойынша ол тамыз айында әлемдiк нарықта 17 есе, республикада 41 есе, өсiмдiк майы бойынша-8 және 17 есе, қант бойынша 3 және 8 есе төмен./3/ Сәйкесiнше отандық тауарлар бәсекеге қабiлетсiз болады. Сонымен бiрге бұл соңғы өнiм құнына көлiк шығындарының кiруiне қарамастан, оларды импортты тауарлардан қымбат қылатын салық жүйесiнiң жетiлдiрiлуiне де байланысты.
Отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға ауылшаруашылық шикiзаттарының оларды алғашқы қайта өңдеу саласындағы төмен сапасы, дефицит, ал тағам салаларында-төлемдiк қабiлетi төмен сұраныс ықпал етпейдi. Ал сусындар және кондитер өнiмдерi өндiрiсiнде фальсификацияланған өнiмдердi жасырын түрде сырттан әкелу және жасырын өндiру “салауатсыз” бәсекенi тудырады, сонымен бiрге Отандық тауар өндiрушiлерге керi әсер тигiзедi.
Республикада өлшеу-упаковкалау индустриясының болмауы да отандық тауарлар өндiрiсiне ықпал етпейдi, бiрақ та республикада тара дайындау зауыттары баршылық. Бiрақ олардың көбi банкротқа ұшыраған.
1998 жылы қайта өңдеу өнеркәсiп кәсiпорындарының жағдайы тамыз айында Ресейдегi қаржы дағдарысына байланысты шиелене түстi. Осы дағдарыстың әсерiнен, орыс сомасына қарағанда теңге курсының өсуiне байланысты Қазақстанға ресейден азық-түлiк өнiмдерi арзан бағамен ағылып келе бастады.
Қазақстан Үкiметi отандық тауар өндiрушiлердi қолдау жөнiнде бiрнеше шаралар қолданса да, бұл шаралар тиiмсiз болды.
Қазiргi уақытта да Қазақстанға арзан импортты өнiмдер келiп жатыр. Статистика жөнiндегi ҚР-сы Агенттiгiнiң бағалауынша, республика тұрғындарын азық-түлiкпен қамтамасыз етудегi импорт үлесi шамамен 33% құрайды.
ҚР-дағы құрылған осындай экономикалық жағдайлар, радикалды
11
Осылайша, берiлген нарықтағы ет бағасының өсуi, көп пайда табу мүмкiндiгi осы нарықта жаңа сатушылардың пайда болуын тудырады және ең бастысы, ет өндiрiсi көлемiнiң ұлғаюына әкеп соқтырады. Соңғысы ет өндiрiсiнiң қосымша фирмаларының құрылуы нәтижесiнде iске асады.
Келтiрiлген - өте жай мысал.Нарық өнiм өндiрiсiнiң көлемiн қалай реттейтiнiн, яғни не және қанша өндiру керектiгiн анықтайды. Бiздiң мысалда мал етi бидайға қарағанда көп өндiрiлдi (мемлекетте, аймақта). Бидай өндiрушiлер мал етi бизнесiне көштi. Бұл жағдай бидай өндiрiсi мен ұсынысының азаюына әкелiп соғады. Бидайға деген баға өседi, бидай өндiрiсi сферасындағы бизнес тағы да табысты бола түседi.
Ендi нарық өндiрiстiк шығындарды қалай реттейдi деген сұраққа жауап берелiк.Бiздiң мысалды жалғастырайық.Егер, басында да “А”, “Б”, “В” фирмалары сатып алушылар үшiн өзара күрессе, кейiн, жаңа сатушылар пайда болғанда да күрес күшейе түседi. Басқаша айтқанда, сатушылар-өндiрушiлер арасында бәсеке күшейедi. Бұған мынаны қосу керек: басқа нарықтан сатып алушылар арзан нарыққа ауыса бастайды. Нәтижесiнде сұраныс азаяды, бiздiң мысалда –ет сұранысы. Жоғары бағамен ет сату қиындай түседi. Ал ұсыныстың сұраныстан артуы бағаның төмендеуiне, ал бұл пайданың азаюына әкеп соғады.
Ет өндiрушiлер не iстей алады, егер олар:
Ет бизнесiнен кеткiлерi келмесе;
Өздерiнiң фирмаларында бұрынғы ет өндiрiсi көлемiн сақтап қалғысы келсе және пайданың азаюына жол бергiлерi келмесе?
Бұл жағдайда жауап бiр –ет өндiрiсiне шығынды өзгерту керек. Мысалы бiр килограмм ет бағасы –80 теңге, өндiрiске кеткен шығындар –60 теңге, пайдасы –20 теңге. Пайданы ет килограмын 70 теңгеден сатқанда, оған кеткен шығын –50 теңге болғанда да табуға болады. Ал егер мүмкiндiк болып шығынды 45 теңгеге төмендетсе, 1 кг-ын 70 теңгеден сатқанның өзiнде одан да артық пайда –1кг-нан 25 теңге алуға болады. Қарастырылған жағдайда өндiрушiлер осылай iстейдi. Олар өндiрiс шығындарын төмендету әдiстерiн өзгертуге тырысады. Шығынды төмендетудiң жолын тапса, ол жеңiске жетедi.
Нарық өнiм сапасын реттейдi. Егер сатып алушының таңдауы болса, неғұрлым сапалы өнiмдi сатып алады. Егер оның ақшасы болса, жоғары сапалы тауарды ол үлкен бағамен де сатып ала алады. Жоғары сапалы тауарлар сатып алушылардың көңiлiн аударады.Нәтижесiнде сауда көлемi және пайда өсе түседi, өндiрушi пайданың өсуiне, сонымен қатар
40
Кәсіпкер, ол жеке адам немесе бiр топ адамдар болуы мүмкін, не кәсіпорын, не фирма, не бірлестіктер кеңістікте және уақыт аралығында өзі иеленетін өндірістің заттай және жеке факторларын қосып біріктіреді, яғни өндіріс процесін ұйымдастырады.
Өндірісті ұйымдастыру ақшалай авансылаудан және өндіріс құралдары мен жұмыс күштерін сатып алудан басталады.
Сп ӨҚ
(Д-Т ) (А-Т )
Рс ЖК
Және де өндіріс фазасынан өткеннен кейін (…Ө… ), өндірілген өнім-тауарды сату нәтижесінде қайтқан ақшамен (Т-А), аяқталады, бірақ та ақша өсіммен көбейіп қайтуы қажет (Т-А, А'= А+а), ол-ақша қозғалысының қорытындысы, сонымен қатар өндірісті ұйымдастырудың мақсаты болып табылады. Сол себептен өндірісті ұйымдастыру құнның өзіндік өсуінің немесе капиталдың былайша ұйымдасуына әкеледі.
Өқ
(А-Т …Ө…Т'-А')
Жк
Өндірісті реттеудің нарықтық механизмі тауар немесе ақша нарығының, еңбек, шикізат, бағалы қағаздар немесе алтын, білім, ақпарат және т.б. нарығының бәсекелік жүйесін құрайды.
Бұл механизмнің белгілі бір ішкі тәртібі болады және анықталған заңдылықтарға бағынады.
Мұндай жүйеде нарық- бұл тауар және қызметке деген сұраныс пен ұсыныс бағасының бәсекелік тепе-теңдігін пайдалануға негізделген өзара байланыстарды ұйымдастыру тәсілі, ол қандай болмасын экономикалық формада көрінсе де: материалдық немесе материалдық емес; қағаз ақша немесе бағалы металл түрінде; квалификациялы мамандар немесе жаңа технология жайлы ақпараттар; тұтынушы және өндіріс тауарлары немесе шетел валюталары түрінде болса да.
Нарық көп болған кезде, ондағы ұсынылатын және сатылатын тауар мен қызметтер саны көп болған кезде нарық жүйесі тәртіпті, үзіліссіз және тиімді қызмет етеді, тіпті оны нарықтың өзіндік реттеуші жүйесі деп те атайды. Өзі реттелінетін механизм қалай қызмет атқарады?
Өндірісті реттеудің нарықтық механизміне нарықтық баға, сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы, тауар өндірушілердің бәсекелестігі кіреді. Мұндай өзара байланыстың мәні мынада: сатушылар арасындағы
21
бәсеке неғұрлым күшті болса, соғұрлым олардың жағынан тауар ұсыну сатып алушылардың сұранымынан асып түседі де, нәтижесінде нарықтық баға төмендейді.Бұл өндірістің бұрмалануына әкеп соқтырады.
Керісінше, сатушылар арасында бәсеке әлсірегенде, төлем қабілеті бар сұраныс тауар ұсынысынан асып түседі. Нәтижесінде баға көтеріледі, ал тауар өндірісі пайдалы болып кеңейе түседі.
Сұраныс пен ұсыныс тең болған жағдайда нарықта тепе-тең баға болуы үшін бәсекенің ролі ерекше.
Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғарыласа, онда бұл жағдайда ұсыныс сұраныстан асады. Онда сатушылар арасында бәсеке күшейеді. Нәтижесінде баға тепе-теңдік деңгейге көтеріле бастайды.
Сол себептен сатушылар және сатып алушылар арасындағы бәсеке нарықтық бағаның тепе-теңдік деңгейiне ұмтылуын туғызатын шешуші күш болып табылады. Еркін дамыған нарықтық шаруашылықта құн заңы бір ғана мүмкін тәсіл - бәсекенің ауытқуы арқылы және соған сәйкес сұраныс пен ұсыныс қатынасының өзгеруі арқылы, ал соңғы жағдайда-нарықтық бағаның тепе-теңдік деңгейге жақындауы арқылы қозғалады.
Әрбір кәсіпкердің мақсаты – максималды пайда алу және шығындардың рентабелділігін арттыру, шаруашылық қызметінің масштабын кеңейту.
Сол себептен, нарықтық реттеу механизмі тиімділігінің қасиеті мен негізгі көрсеткіші - экономикалық эффекттің абсолюттік көлемін сипаттайтын –пайда, ал осыған ұқсас көрсеткіш – рентабелділік деңгейі.
Осыдан біз пайданы тек қана кеңейтілген ұдайы өндірісті енгізу негізіндегі кәсіпкерлік мақсат қана емес, сонымен бірге тауар өндірушілердің өндірістік – шаруашылық шешімдерінің альтернативтік варианттарын қарастыру кезіндегі қолданылатын сапалы бағалық көрсеткіш болып табылатындығын көреміз. Пайданың көлемі, рентабелділік деңгейі өндірістік қызметтің нәтижелілігіне байланысты.
Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық механизм құрылымында ұйымдастыру механизмін және экономикалық механизмін жеке дербес жүйелер ретінде бөліп қарауға болады. /6/
Ұйымдастыру механизмінің негізгі мақсаты өндірісті басқару жүйесінің моделін ұйымдық құруда және басқару жүйесінде адамның саналы қызметін ұйымдастыру негізі сияқты, оның қызметіне жағдайлар жасаудан тұрады.
22
2. НАРЫҚ ЖӘНЕ ӨНДIРIСТIҢ РЕТТЕЛIНЕТIН ПАРАМЕТРЛЕРI
Жоғарыда айтылғандай, нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар кездесетiн, сауда келiсiмдерi, яғни тауарлардың ақшаға айырбасы жасалынатын орын. Кей жағдайда бiр тауар көп мөлшердегi ақшаға айырбасталынады, ал басқа жағдайда аз ақшаға айырбасталынады. Барлығын нарық бағасы шешедi. Ол қандай факторлармен және қалай анықталатынын төменде қарастырайық. Бұл жерде тауардың нарықтық бағасы ауыспалы екенiн есте сақтау керек. Ол жиi ауысып: төмендеп және жоғарылап отырады.
Тауардың бағасы мен оны дайындауға, сатуға кеткен шығындарының арасындағы айырмашылықты сатушының - өндiрушiнiң пайдасы көрсетедi.
Тауар бағасы неғұрлым өссе (шығындары өзгермесе), соғұрлым сатушының пайдасы артады және керiсiнше. Егер тауар бағасы кеткен шығыннан төмен болса - өндiрушi шығынға батады, ал егер тауар мүлдем сатылмаса, одан сайын шығынға батады.
Өндiрiс және сауда сферасындағы кез-келген кәсiпкердiң экономикалық қызығушылығы және мақсаты-мүмкiн болғанда көп пайда табу.
Типтiк нарықтық ситуацияларды қарастырайық.
Мысалы, үш: “А”, “Б”, “В” фирмаларында мал етi сатылатын ет нарығын елестетелiк. Жалпы сату көлемi бойынша “А” фирмасына 30%, “Б” фирмасына 20% және “В” фирмасына 50% сауда үлесi тиедi. Бiр себептермен мал етiнiң бағасы тез көтерiледi. Фирма пайдалары да жоғарылайды. Бұған “А”, “Б”, “В” фирмалары қалай қарайды? Олар бұған қуана қарауы мүмкiн немесе бұдан баюы мүмкiн. Бұл жағдай егер осы ет нарығына басқа жаңа мал етiн сатушылар кiре алмаса және нарықтағы барлық сатып алушылар кетiп қалмаса ғана болады. Бұл мүмкiн,егер мемлекет осыны қолдаса. Ал нарықтық экономикалы мемлекетте бұл мүмкiн емес. Берiлген мал етi нарығындағы бағаның және пайданың өсуi көршi нарықта төмен бағамен ет сататын “Д” фирмасы үшiн сигнал болып табылады.
Бұлар үшін ғана емес, басқа да сферада жұмыс істейтін және жағдайлары нашар бизнесмендер үшін де сигнал.Сол нарықта көп пайда табу мүмкiндiгiн бiлгеннен соң “Г” және “Д” фирмалары сол нарыққа кетуге тырысады. Оларға мысалы, тиiмдiлiгi аз бизнестен (бидай) пайдалы (ет)бизнеске көшу нәтижесiнде жаңадан құрылған фирмалар қосылады.
39
Украинадан, Ресейден әкелiнуi тоқтады. Сондықтан соңғы жылдары кәсiпорындар 12-15% ғана жұмыс iстедi.
Қант зауытттары шикiзатты зоналар масштабында жұмыс iстейдi, сондықтан шикiзат сатып алуға қызықпайды. Осы себептен және қант дефицитi мен қуаттылықты толық пайдаланбау жағдайында олардың арасында бәсеке болмайды.
Олигополияның жиi кездесетiнi – дуополия (2 сатушы).
Бiрнеше сатып алушылары бар нарықтық құрылым олигопсония деп аталады. Барлық олигополияларға мына қасиеттер тән:
Олигополия жағдайында монополиялық бәсекеге қарағанда нарықтағы қатысушылар аз болады;
Нарықтағы өнiмдер бiр-бiрiмен ұқсастығы жақын. Сатушылар сатып алушыларды өнiм сапасында үлкен айырмашылық бар екенiне сендiруге тырысады. Бұл фирмалар белгiлi бiр дәрежеге дейiн нарықты бақылай алады.
Саладағы жаңа қатысушылардың пайда болуы капитал жұмсау, (капиталовложение), нарықтық ұйым қажеттiлiктерiмен шектелiнедi және де патент пен шикiзат нарықтың ескi қатысушыларымен бақыланатындықтан, осы арада да шектеулер болады.
Осылайша Қазақстанда қазiргi уақытта нарықтың жоғарыда аталған типтерiнiң бәрi де қызмет етедi. Бұл нарықтардың бәрi де әртүрлi “сападағы” нарықтар.
Елде “жоғары сапалы” нарық неғұрлым көп болса, өндiрiстiк шаруашылық қызметтердiң реттеушiсi ретiнде нарықтық-шаруашылық механизм (НШМ) соғұрлым тиiмдiрек және соғұрлым осы қызмет , яғни елдiң экономикасы тиiмдiрек болды. Сондықтан алдына экономиканы көтерудi мақсат етiп қойған ел жетiлген бәсекелi нарық құруға тырысуы тиiс.
Агроөнеркәсiптiк өндiрiстiң нарықтық қатынасқа көшуi, Қазақстан агронарығының дамуы өндiрiс саласындағы, өнiмдi тұтыну және сату саласындағы экономикалық саясаттың түпкiлiктi өзгеруiне әкеледi.
Егер сұраныс пен ұсыныстың, баға белгiлеу мен бәсекенiң өзара әрекетi жағдайындағы қажеттi өндiрiстi реттеу механизмi құрылмаса, қазiргi уақыттағы жүргiзiлiп жатқан жекешелендiру, приватизация, өндiрiстi демонополизациялау процестерi өндiрiстiң тиiмдiлiгiн өздiгiнен арттыруға әкелмейдi.
38
Бұл механизм басқарудың ұйымдық құрылымының, оның сатылары мен звеноларының өзара бағынушылығы, олардың арасындағы қызметті бөлу, құқық және ұдайы өндіріс процесін ұйымдастыру бойынша міндеттерді бөлу сияқты сұрақтардан тұрады.
Экономикалық механизмнің негізіне экономикалық ынталандыру, коммерциялық есеп айырысу, баға белгілеу, қаржы, несие және т.б. экономикалық категориялар жатады. Ұйымдастыру және экономикалық механизмінің бiрлiгi шаруашылық механизмiнiң орталығын құрайды.
НШМ-нің қызметі және тиімділігі еркін бәсеке, сұраныс пен ұсыныс, құн, өндіріс бағасы, пайданың орташа нормасы және т.б. объективті заңдардың талаптарын толығымен бейнелеуімен анықталады.Мұндай ретте НШМ нарықтық қатынастар сферасына енгізілген халық шаруашылығының барлық саласы үшін міндетті болып табылатын тауарлы өндірістің жалпы реттеушісі болып есептелінеді. Бұл механизмнің элементтері мен параметрлері өндіріс сферасында құрылады, ал олардың көрініс беруі нарықтық конъюнктураны анықтай отырып, тауарды сату және сатып алу процесінде байқалады.
23
Достарыңызбен бөлісу: |