2-лекция.
Өндірісті реттеудегі нарықтық механизмнің
құрамдас бөліктері
Қазақстан агронарығының құрылуы, дамуы және классификациясы
Нарық және өндірістің реттелінетін параметрлері
Баға-өндірісті реттеу механизмі ретінде
Сұраныс және ұсыныс – баға және өндіріс көлемінің реттеушісі
Бәсеке –тауар өндірушілердің тәртібін реттейтін механизм
ӘДЕБИЕТТЕР
Ковалев А.Е., Никитина Г.А., Шевчик П.П. Научные основы формирования и развития агрорынка Казахстана. Алматы, Казгосинти., 1993г.
Жумасултанов Т. Қазахстан сегодня. Информационно-статистический сборник.Алматы, 1999г.
Маршалл А. Принципы политической экономики. М., Прогресс, 1983г., 1т.
Чубаков Г.Н. Стратегия ценообразования в маркетинговой политике предприятия М., 1996г.
К.Маркс, Ф.Энгельс, соч. 25т. 1г., 44с.
Никитина Г.А. “Равновесие продовольственного рынка: принципы и факторы его определяющие”. “Проблемы агрорынка” журналы. 1997г. №2
Градов А.П. Экономическая стратегия фирмы.Учебное пособие. С-П б.,Специальная литература, 1995 г.
Нурмаганбетов К.Р. “Рыночное регулирование производственно-хозяйственной деятельности фирмы по переработке сельскохозяйственной продукции”. Алматы, Гылым, 1997г.
24
Республикада банкроттық процедураны сот жүзiнде жүргiзген ең алғашқы банкрот бұрыңғы СССР-дiң индустрия гиганты болып табылатын ет консервiлiк комбинаты болды. Ол шикiзатпен тек көршi облыстардан, отандық республикалардан ғана емес, сонымен бiрге басқа да мемлекеттерден әкелiп қамтамасыз етiлдi. Басқа да iрi ет комбинаттары осындай жағдайда. Қуаттылықты қолданудың төмен коэффициентi өндiрiстiң шектеулi шығындарының өсуiне, технологиялық құрал-жабдықтардың тозуына, шикiзатты нашар қолдануына әкеледi, ақырында –банкроттық жағдайға ұшырайды.
Ет өнеркәсiбiнiң iрi және орташа кәсiпорындары (олар шамамен 40) ұзақ мерзiм сақталынатын кең ассортименттi өнiмдердi шығара алады (колбаса, сүрленген ет, ет консервiлерi). Сондықтан осындай кәсiпорындар арасындағы бәсекенi дамыту үшiн жағдайлар бар.
Олигополия – нарықтық баға мен басқа фирманың баға саясатына әсер ету үшiн жеткiлiктi мөлшерде өнiм өндiретiн немесе сатып алатын фирмалардың аз ғана саны.
Олигополияға нарыққа түсетiн өнiмдер сапасының бiркелкi еместiгi тән.Олигополияны құрайтын үлкен фирмалардың бiреуi бағаларға әсер етуi мүмкiн, бiрақ нарықтағы бәсекеге оның бағаны үнемi бақылап отыруына мүмкiндiк бермейдi. Бұл фирмалар нарықты берiк ұстап тұру үшiн өзара бiр-бiрiмен қарым-қатынаста болуы керек. Сонымен қатар бұл фирмалар нарыққа жаңа қатысушылардың келгенiне, ескi қатысушылардың кеткенiне шектеу жасай алады. Бұл шектеулер патенттеу, шикiзат әкелудi бақылау, iрi қаржы жұмсау, еңбек ресурстарын бақылау және нарықты ұйымдастыру жолдарымен жүзеге асады.
Сатып алушылар өздерiн әртүрлi ұстауы мүмкiн. Нарықтың көп қатысушыларына қарағанда, бiрнеше қатысушыларына өзара келiсiп алу әрқашан да оңайға түседi.
Қазақстан Республикасындағы олигополия құрылымына мысал ретiнде қант, тұз, спирт, ашытқы,темекi, т.б. құрамында стандартты тауарлар шығаратын 8,4,3,2 кәсiпорындары бар салалар жатады.
Қазақстанның қант өнеркәсiбiнде күнiне 21,5 мың тонна қызылшаны қайта өңдеу қуаттылығы бар сегiз қант зауыты жұмыс iстейдi. Бiр қант зауытының орташа қуаттылығы – 2,7мың тонна, бұл шетелден 2-3 есе аз.
Қант өндiрiсiнiң проблемалары 1991жылы күрт шиелендi. Қызылша себу жұмыстарының нашарлауына байланысты қант қызылшасын қайта өндiруге жеткiзу үнемi қысқарып отырды, қант шикiзатының
37
ақпараттар жеткізеді. Басқа сөзбен айтқанда, сатушы белгілі бір дәрежеде нарыққа әсер ете алады.
Бұл қалайша болатынын қарастырайық. Мысалға ,сүрленген шұжық табиғатынан біртекті зат. Алайда әртүрлі кәсіпорыннан шыққан шұжықтың әр түрі бір-бірінен аз да болса ерекшеленуі мүмкін, оның айырмашылықтары физикалық жағынан, қайта өңдеу технологиясына байланысты, сонымен қатар өнім жөніндегі сатып алушылар көзқарасы бойынша да анықталады. Мысалы, А фирмасының шұжығы Б фирмасының шұжығымен сапасы бірдей. Бірақ А фирмасының шұжығы белсенді жарнамаланып отырса, сатып алушыларда бұл шұжықтың Б фирмасының шұжығынан сапасы артық деген көзқарас пайда болады. Жарнамалық ақпарат сатып алушыларға жеткеннен кейін А фирмасының шұжығына сұраныс өсе бастайды.
Монополиялық бәсекенің құрылымына басқа да белгілер сипат береді:
Жеке алған фирманың қызметі нарықтық бағаға аз әсер етеді;
Фирмалар бiр-бiрiмен өзара байланысты емес;
Фирмалардың нарыққа қатысуына және одан кетуіне ешқандай шектеулер қойылмайды.
Монополиялық бәсекеге біздің республикадағы салаларды, көбінесе ұсақ және орташа кәсіпорындарды, тіпті ең ірі гиганттарды да жатқызуға болады. Бұл құрылымға ет өнеркәсібінің, нан өнеркәсібінің кәсіпорындары жатады. 1994 жылы нан пісіру өнеркәсібінде 782 кәсіпорын қызмет етті. Оның ішінде шамамен 90-ы күніне аз дегенде 10 тоннадан нан өнімдерін шығарды. Соңғы жылдары зауыттарға бәсеке жасайтын көптеген кішкене пекарнялар пайда болды.
Ет өнеркәсiбiнде 1414 кәсiпорын бар (ет комбинаты, құс фабрикасы, шұжық цехтары т.б.). Бұл салада тәулiгiне 30,50, 100т. ет өндiру қуаттылығы бар кәсiпорындар кеңiнен таралған. Бiрақ ХХ ғасырдың 40-50 жылдары Петропавлда, Семейде, Қарағандыда т.б. қалаларда мал етiн көршi аудандардан, облыстардан ғана емес, шетелден де талап ететiн супергиганттар құрылды. Бұл кәсiпорындар шикiзат бөлу мен сатып алудағы мемлекеттiк монополияға сүйене отырып табысты жұмыс iстей алды. Қазiргi уақытта шикiзаттың жоқтығынан және өндiрiстiң қуаттылығын төмен қолданудан бұл кәсiпорындарды iрiлендiру және жекешелендiру қажет.
Нарық жағдайында шикiзатты зоналар мүмкiндiгi мен осы кәсiпорындардың арасында диспропорция байқалды.
36
1.ҚАЗАҚСТАН АГРОНАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ДАМУЫ
ЖӘНЕ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Нарықтық шаруашылық механизм үлкен жүйеден (толығымен механизмнен) және оларға кіретін, өзара әсер ететін жүйелерден (төмен деңгейлі механизмнен) құралады.
Нарықтық шаруашылық механизмінің үлкен жүйесі – ол нарық және кез келген емес, бәсекелі нарық. Нарық бұл тауар сатушы-өндіруші және сатып алушылар-тұтынушылардың сату- сатып алу келісімін орындау, яғни ақшаны тауарға айырбастау процесi iске асатын орын.
Сатып алушылар мен сатушылардың кездесуі кезінде баға белгілеу, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке механизмдері жұмыс істейді.
Нарықтық механизмнің құрамдас бөліктерін қарастырайық.
ҚР өзінің географиялық, жалпы аймақтығы жағынан, әлеуметтік –экономикалық және этникалық дифференциациясы бойынша егеменді мемлекет болып табылады.
Бұрынғы Кеңес Одағында халық шаруашылығы дамуында, соның ішінде агроөнеркәсіптік өндірістің дамуында нарықты ұзақ уақыт бойы мойындау, оны шектеу үлкен әлеуметік-экономикалық зардаптар әкелді.
Біздің елде нарықтың дамуы туралы толық 60 жылдары ғана, Европадағы социалистік елдерде экономикалық реформалар жүзеге аса бастаған кезде ғана айтыла бастады.
Өндіріс құралдарының көтерме саудасының басталуы, мемлекеттік кәсіпорындардың дербес шаруашылық жүргізу құқығына ие болуы, несиенің белсенді ролі, осының бәрі нарықтық қатынастардың өндірісті реттеуге қатысуына әкелді.
Нарықтың құрылуы - өндірушілердің қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты процесс. Сондықтан да ол тауар өндірушілер мен тұтынушылардың тауарларды сату арқылы және сатып алу арқылы анықталатын және үстем ететін байланыс түрі ретінде көрінеді.Тауар айырбасының бірінші сатысында нарықтық байланыстар кездейсоқ сипатқа ие болды, ал кейін айырбас келісімдер жергілікті және ішкі нарықтың дамуына әкеліп соқтырған тауарлы өндіріспен алмастырыла бастады. Кейін, өндіргіш күштердің өсуі, қосымша құнның артуы нарықтық формалардың дамуын ынталандырады. Әрбір ірі тауарлы өндіріс өз тауарларымен тек ішкі нарықты ғана емес, сонымен бірге сыртқы нарықты да “жаулап” алады.
25
Экономикалық нарық негізін сатып алушы және сатушы арасындағы сату-сатып алу қатынасы құрайды, мұнда негізгі реттеуші ретінде сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті табылады. Нарық субъектілерінің арасында тауарды сату-сатып алу кезінде бәсекелік қатынастар белгіленеді.
Қазақстан ауылшаруашылық тауарлы нарығы жекешелендіру негізінде, шаруашылықтың және меншік түрінің көп түрлілігінің негізінде және жер реформасын жүргізу негізінде құрылады және дамиды. Республика агронарығының қалыптасуы және дамуының негізгі шарттары болып мыналар табылады:
Барлық кәсіпорындардың, фирмалардың дербестігі негізінде және өндірістегі, дайындау (заготовка), сақтау, қайта өңдеудегі монополизмді (ликвидациалау) жою мен жекешелендіру жолындағы шаруашылық және меншіктің әртүрлілігі негізінде фирмалардың арасындағы бәсеке үшін экономикалық ортаны құру;
Iшкі және сыртқы сауданы демонополизациялау; нарыққа икемделген өндіріс құрылымын қалыптастыру;
Өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы нарықты толтыруға, пайданы көбейтуге, өндіріс шығындарын төмендетуге ықпал ететін экономикалық байланыстардың дамуына көшу. Мұндағы негізгі роль - азық-түлік өндірісі және оны өткізу сферасында маркетингті ұйымдастыру.
Маркетинг нарықты бөлшектеп зерттейді және осы негіздегі қандай өнім, қандай мөлшерде, қашан, қайда және қандай бағамен сатып алу туралы зерттеулер ұсынады. Осы мағлұматтарды есепке ала отырып, өндіріс, қызметтер мен өнімді өткізу, сатуды болжау процестерін құру қажет.
Түрлі белгілермен көзге түсетін көптеген нарықтар бар: тауарлы және шикізатты нарық, еңбек нарығы, бағалы қағаздар нарығы, валюталы нарық, сүт, бидай, ет т.б. нарықтар. Нарық жан-жақты және маманданған ішкі және сыртқы, аймақтық және аймақаралық т.б. болады.
Нарық әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі:
Нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық белгілері бойынша тұтыну тауарларының нарығы, қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығы т.б;
Географиялық жағдайы бойынша-жергілікті, аймақтық, ұлттық, дүниежүзілік нарықтар;
26
бағытталады. Кейбір фирма бәсекенің пайда болуынан қорқып, өз өнімдері мен қызметтеріне бағаны өсірмейді.
Монополияның басқа да белгілері:
Өнімнің (идентивті) ұқсас түрлерінің болмауы;
Өз саласындағы шикізат нарығын бақылай отырып, фирма-монополист нарықта жаңа өндірушілердің пайда болуын болдырмайды.
Алайда таза монополия да жетілген бәсеке секілді тәжірибе жүзінде аз кездеседі.
Монополисттермен бәсекеге контрабанда жолымен жеткізілген, басқа елдерде шығарылған тауарлар түседі. Мысалы, Алматы шай өлшеу фабрикасымен бәсекеге Индия, Цейлон, Қытайдан әртүрлі коммерциялық каналдар арқылы әкелінген импортты тауарлардың кең ассортименті түседі. Монополияда белгілі бір тауардың жасырын өндірісі де кездесуі мүмкін және де бір-бірін алмастыратын тауарлар да өзара бәсекелес болады: сұйық май-маргарин, зауыт арағы - қолдан жасалған арақ (самопал), еттің әртүрлі түрі.
Монопсония – сұраныс жағындағы монополия. Салада көп өндірушілер, яғни сатушылар және бір ғана сатып алушы болады.
Мысалға, ауданда бір ғана сүт зауыты және сүт өндіретін көп кооперативті кәсіпорындар мен фермерлер, серіктестіктер бар. Сүт зауыты сүттi және сатып алу бағасын төмендете отырып аудандағы сүтті мал шаруашылығының дамуын ынталандырмайды. Ал егер бұл ауданда комбикорм өндіру жөнінде жалғыз завод болса, яғни комбикорм бағасын өсіруге қызығушылық білдіретін кәсіпорын- монополист болса, онда мұндай жағдай ерте ме,кеш пе сүтті мал өсіруді және сүт өндірісін шаруалар үшін тиімсіз қылады. Соңғы нәтиже әрине, белгілі-сүтті малшаруашылықты толық (деградациялау) жою.
Екі жақты монополия-бұл бір ғана өндіруші – сатушы және бір ғана сатып алушысы бар нарықтық құрылым.
2. Монополиялық бәсеке.
Монополиялық бәсеке құрамында көптеген ұсақ сатушылар мен өндірушілер бар. Алайда олардың өнімі ұқсас емес, ол сапасы, көлемі мен мөлшері бойынша (дифференциаланады) ерекшеленеді. Мысалға алатын болсақ, сатып алушыларға өнімнің әртүрлі түрлерін тұқым шығаратын кәсіпорын ұсынуы мүмкін.
Өнім сапасы бидай сатуда, сонымен қатар ет өнімін сатуда үлкен роль атқарады. Мұндай жағдайда сатушы өзінің өнімі жайлы нарық қатысушыларына сатып алушылар үшін неғұрлым сүйкімді қылатындай
35
мен мафиялық құрылымдар т.б.
д) Идеалды нарықтың барлық қатысушылары тең және толық ақпарат иемдену керек: тауардың бағасы туралы және олардың барлық сатушыларының өзгеруі, бәсеке туралы. Бұл жағдайларды техникалық жағынан, коммерциялық құпия бойынша және т.б. себептерге байланысты жүзеге асыру өте қиын.
е) Идеалды нарықта өздерінің мүдделерін ойлайтын барлық мүшелерінің тәртібі рационалды болуы керек. Сатушылар арасында, сондай-ақ сатып алушылар арасында (сговор) келісіп жұмыс істеу деген болмау керек; баға, өндіріс және сауда көлемі, тауар байкоты, тауарды нарыққа шығармай ұстап тұру немесе шектен тыс көп ұсыну, т.б. жөнінде алдын-ала келісіп алу дегендер болмайды. Бұл жағдайларды тәжірибе жүзінде орындау қиынға соғады, әсіресе нарық заңдылықтарының әлсіздігінен, бақылаудың болмауынан, нарықтағы қатысушылардың төменгі моральді этикасы негізінде орындау қиын. Сонымен, жетілген идеалды нарықты болдыру мүмкін емес. Бірақ мұндай нарықты құруға тырысу қажет.
Жетілмеген бәсекенің жетілген бәсекеден айырмашылығы – тауар бағасы әрбір жеке тауар өндірушінің әрекетіне тәуелді болмайды. Фирмалардың нарықтық бағаға әсер ете алуы үшін олардың әрқайсысының сату көлемі нарықтағы сатудың жалпы көлемінен жеткілікті жоғары болуы тиіс. Егер фирма көп сатса, баға төмендейді. Мысалы, қаладағы жалғыз нан заводы өз өнімдеріне бағаны өзі белгілей алады және де нан аз өндірілген сайын оның бағасы жоғары болатыны да түсінікті.
Әрбір елде нарықтың жетілмеу дәрежесі әртүрлі. Сондықтан да экономикалық теория жетілмеген бәсеке нарығын жеке топтайды.
Топтаулар мына түрінде:
1. Нарық құрылымы ретіндегі монополия (таза монополия) жетілген бәсекеге толық қарама – қарсы.
Нарық көптеген ұсақ фирмалардың орнына тауар ұсынысының көлемін, оның сапасын анықтайтын және белгілейтін үлкен бір фирманың өнімімен қамтамасыз етіледі.
Мысалға, шағын қалада ауылшаруашылық техникалары мен тынайтқышын шығаратын фирма жергілікті тұрғындар үшін осы өнімнің қайнар көзі болуы мүмкін. Фермерлерге, басқа клиенттерге бұл фирмадан өнімді сатып алу басқа қаладан барып сатып алудан арзанға түседі, сонымен қатар транспортық шығынды да үнемдейді.Фирманың баға саясаты кәсіпорын рентабелділігін қамтамасыздандыруға
34
Нарықтық бағаға жеке бір сатушының немесе сатып алушының әсер ету дәрежесі бойынша –жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке нарығы т.б.
Бірінші белгі бойынша нарықтық жіктелудi толығырақ қарастырайық, яғни нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық белгілері бойынша:
Мысал ретінде Қазақстан ұлттық агронарығының ұйымдық құрылымын келтірейік (2-сурет).
Өндірістік құралдар нарығында материалды-техникалық ресурстардың орталықтанған шектеулі бөлінуінен бөлшек саудаға көшуі жүзеге асырылады және де өндірушілер мен тұтынушылар арасында коммерциялық байланыс, шаруашылық байланыс жағынан өз серіктерін таңдау, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде баға белгілеу, өндірушілер арасындағы бәсеке, нарықтық инфраструктураның дамуы жүзеге асады.
Еңбек нарығында жоғары өндірілетін еңбектік кәсіпкерлікті, бәсекені ынталандыратын жаңа механизм құрылады: аймақ арасындағы жұмысшылардың көшіп-қонуын (миграция) ынталандыру жолымен еңбекті қамтамасыз етуді реттеу; мамандыққа деген сұраныс бойынша жұмысқа орналастыру; жұмыссыздықтың салдарын зерттеу; еңбек биржасын құру механизмдері құрылады.
Сақтандыру нарығында тауарлар мен өнім өндірісін, коммерциялық келісімді сақтандыру операциялары жүзеге асырылады.
Қаржы нарығы қысқа мерзімді бағалы қағаздармен коммерциялық келісімдер жүргізетін ақша нарығы және капитал нарығы болып табылады. Бұл нарықта ақша сұранысы мен ұсынысы қалыптасады.
Валюта нарығында белгілі бір курс бойынша бір елдің валютасын келесі елдің валютасына айырбастау жүргізіледі, валютаны сату және сатып алу жүзеге асырылады.
Ссудалық капитал нарығы – бұл ссудалық капиталға сұраныс және ұсыныс қалыптасатын нарықтық қатынастың ерекше формасы.
Бағалы қағаздар нарығы коммерциялық банктер арқылы акционерлік қоғамның одан әрі дамуы үшін қосымша ресурстарды (мобилизациялау) шоғырландыру мақсатымен құрылады.
Онда облигациялар, акциялар, коммерциялық және қазыналық вексельдер сатылады және сатылып алынады.
Ақпараттар нарығы республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің ұдайы өндірісіне қызмет ететін барлық нарықтың коммерциялық
27
2-сурет. Қазақстан ұлттық агронарығының
ұйымдық құрылымы
28
63 тұқымды , дәнді шаруашылық есепке алынған.
Жетілген бәсеке нарығы –бұл идеалды қалыпты бәсеке үшін барлық жағдайлар жасалынған экономикалық қызметінің идеалды моделі. Кез-келген идеал секілді, идеалды нарық тәжiрибеде жоқ. Бұл неліктен? Енді соған тоқталайық:
а) Идеалды нарықта белгілі бір тауарды сатып алушылар мен сатушылардың көп және өзара тең саны болуы керек, осының негізінде әрбіреуі жалпы нарықтық көлемнің бір үлесін өндіреді не сатып алады (1-5%). Бұл жағдайды тәжірибе жүзінде қамтамасыз ету мүмкін емес екені түсінікті.
б) Мұндай нарықта сатып алушылардың көзқарасы бойынша тауар бірыңғай болу керек. Мұндай жағдайдың болуы да тәжірибе жүзінде мүмкін емес. Тауар сапасы бойынша ерекшеленуі тиіс. Мысалы, сапасы бір, бірақ әртүрлі оралған тауар сатып алушылар үшін енді бірдей тауар болып көрінбейді. Бұл жерде қызмет көрсету шарты, сатушының сыпайылығы үлкен роль атқарады. Сатушылар үшін де барлық сатып алушылар бірдей емес. Олардың ішінде барлық тауарды бірдей сатып алатын немесе бір ғана бөлігін сатып алатын “өз сатып алушылары” немесе “бөтен”, ескі және жаңа таныстары болуы мүмкін.
в) Идеалды нарықта барлық сатушылар барлық сатып алушылар үшін бірдей болуы керек және керісінше – сатып алушылар –сатушылар үшін.
г) Идеалды нарықта салаға жаңа өндірістің кіруі және саладан еркін шығуы үшін барьерлер болмауы керек: юридикалық, экономикалық сауда бөлігіндегі және тауар өндірісіндегі барьерлер. Тәжірибе жүзінде мұндай жағдайды толық қадағалау жеткіліксіз, тауарлардың жеке түрлерінде: мемлекеттік монополия, лицензиялау, қызмет түрлерін мемлекеттік тіркеу , тыйым салулар мен шектеулер бар. Кейбір тауар өндірісі патенттелінуі мүмкін. Мұндай тауарлы өндірісті қалайтындар не заңды бұзады , не патент алады. Ал заңды бұзу арқылы ұйымдасқан тауарлы өндіріс, әрине тиімсіз.
Кейбір тауарлы өндіріске өндіруге көп қаржы жұмсалмайды, мысалы азық-түлік өнімдері. Ал трактор, комбайн т.б. ауылшаруашылық техника өндірісін ұйымдастыру аз капитал жұмсау арқылы мүмкін емес.
Қаржылық шектеулер –нарыққа кірудің бір барьері.
Басқа да барьерлерді атауға болады: өндірістің материалдық ресурстарын және т.б. факторларын шектеу не мүлдем тоқтату, жарнамаға кеткен үлкен шығындар, шенеуліктердің кері әрекеттері
33
жетілген бәсеке нарығы қатарына жатады. Біздің көзқарасымыз бойынша ауылшаруашылығындағы жағдайлар мұндай нарыққа жақын. Бұл нарықта көп сатушылар (сатып алушылар) болу керектігін және олардың ешқайсысының нарықтық бағаға жеке әсер ете алмайтындығын көрсетеді.
Көптеген кішігірім фирмалар қызмет ететін ауылшаруашылық өнім нарығында бұл жағдайлар тәжірибе түрінде әр уақытта орындалады. Мысалы, ауылдан қалаға ет әкелген фермер нарықта белгіленген баға деңгейін енді өзгерте алмайды. Әрине, егер ет ұсынысы тез арада өссе, онда баға төмендер еді, бірақ бұл процесте жеке сатушының ролі өте төмен.
Жетілген бәсекенің тағы бір жағдайы -әртүрлі сатушылар ұсынатын өнім бірдей сапада болуы қажет және олар үшін бірдей баға төленеді. Көбінесе ауылшаруашылық өнімдерінің көптеген түрлері немесе оның сорттары, мысалы, белгілі бір майлылығы бар сүт, белгілі бір сортты бидай, бұл жағдайда, негізінен бірдей қанағаттандырылады.
Нарықтардың негізгі шартына олардың ашық болуы, сатып алушылардың белгілі бір сатушыға үлкен бағаны төмендететіндей, жақсы ақпаратта болуы жатады.Дамыған нарықтық экономикада бұл жағдай ауылшаруашылығы өнімінің көптеген түрлері үшін де орындалады. Жетілген бәсеке жағдайында нарыққа кіру және нарықтан шығу еркін болады: жұмыс істейтін фирмалар жаңа фирмалардың пайда болуына кедергі келтіре алмайды және салаға енуін, одан шығуын шектейтін заңдылықтар жоқ. Мұндай жағдайда, егер салада тіпті бұрыннан қызмет ететін фирмалардың ұсынысты шектеп, нарық бағасын көтеруге шамасы келсе, кейін пайданың көбеюіне саладағы жаңа фирмалар үлес қосады: осыған байланысты, ұсыныс тағы көбейіп, баға төмендейді. Және керісінше, егер саладағы фирмалар көп шығынға батса, олардың көбі жабылады, жалпы ұсыныс көлемі азайып, баға деңгейі қайта қалыпқа келеді.
Жетілген бәсекеге негізінен стандартты тауар шығаратын, тауар өндірушілері көп Қазақстанның ауылшаруашылық өндіріс сферасы жатқызылады (ет, сүт, жұмыртқа , бидай, жеміс, көкөніс). Ұлттық статистикалық агенттіктің көрсеткіші бойынша 1998 жылдың соңына дейін Республикада 2325 серіктестік және акционерлік қоғам, 2290 ауылшаруашылық кооперативтері, 79 мыңнан астам шаруа қожалықтары және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің аграрлық зерттеу Ұлттық академиялық орталығының
32
ақпараттарын сату және сатып алуды жүзеге асырады.
Агропромбанктер (несиелік, коммерциялық, инвестициялық және т.б.) –қаржы нарығына, валюта нарығына қызмет ететін мекеме. Ол ақша қаражаттарын қайтарымдылық, төлемділік және жедел қайтарымдылық шарттары бойынша орналастыруға және заңмен тыйым салынбаған банк операцияларын орындауға өкілетті.
Ауылшаруашылық тауарлар нарығы азық-түлік және келесі өнімдер нарығынан тұрады: бидай және бидай өнімдері; өсімдік майы; көкөніс, бақша дақылдары, картоп; жеміс-жидек; қант; темекі және темекі өнімдері; жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, т.б.
Азық-түлік емес тауарлар нарығының құрамына ауылшаруашылық шикізат өнімдерінен мыналар кіреді: мақта, мата, жүн, тері, аяқ-киім, былғары, каракуль және т.б.
Нарықты жіктеудің екінші белгісі-географиялық жағдайды қарастырайық.
Әртүрлі табиғи –экономикалық жағдайдағы үлкен территорияны алып жатқан Қазақстан құрылып жатқан нарық кеңістігінде өндіріс және өнімді сату үшін әртүрлі жағдайларға ие болып отыр. Бұл республиканың ұлттық агронарығын оның құрама бөліктеріне бөлуге қажеттігін анықтайды, яғни бұл географиялық, демографиялық және экономикалық принциптері бойынша Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) зерттеулері көрсеткендей өзара айқын ерекшеленетін бес аймақтық агронарықтың бөліну факторлары бойынша сегменттер немесе аймақтар /1/
Құрамына облыс, аудан, облыс пен ауданның қарамағындағы қалалар кіретін әрбір аймақтық агронарықтың ішінде микронарықтың даму және құрылу айырмашылықтарын айқындайтын табиғи және экономикалық ерекшеліктері көрінеді. Мұндай нарықтар әкімшілік бөлініс бойынша жергілікті және локальды болып табылады, яғни облыстық, аудандық, қалалық.
Қазақстан агронарығының келесі аумақтық құрылымы анықталды: жалпы ұлттық (Қазақстандық); аймақтық немесе сегменттік (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Орталық Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан); локальды немесе жергілікті облыстық, аудандық, қалалық.
Солтүстік Қазақстан агронарығының құрамына Ақмола,Қостанай, Солтүстік Қазақстан кіреді.
29
Батыс Қазақстан құрамына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары кіреді.
Шығыс Қазақстан құрамында – Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы.
Орталық Қазақстан құрамында -Қарағанды облысы.
Оңтүстік Қазақстан құрамына Алматы, Жамбыл; Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары кіреді.
Әрбір аймақ өндірістің жақсы жағдайлары үшін аймақтық биоклиматтық, өндірістік және экономикалық потенциалының қолайлы мүмкіндіктерін қолданады. Аймаққа көп шығын жұмсайтын басқа өнімдерді өндіргеннен гөрі, оны басқа аймақтардан сатып алу үшін белгілі бір өнім түрін өзінде өндіріп, содан кейін сатқан – оған тиімдірек болады.
Солтүстік Қазақстан агронарығының үлесіне барлық республикалық көлем бойынша ет өндірісінің 35%-і, сүт өндірісінің 43,3%-і, жұмыртқа өндірісінің 41,7%-і тиеді.
Батыс Қазақстан аймағынан нарыққа 17,9% ет, 12% сүт, 7% жұмыртқа әкелінеді.
Шығыс Қазақстан аймағы 11,2% ет, 10,1% сүт, 10,6% жұмыртқа өндіреді.
Орталық Қазақстанда –7,3% ет, 4,5% сүт, 8,5% жұмыртқа өндіріледі.
Оңтүстік Қазақстанда –28,6% ет, 30,1% сүт, 32,2% жұмыртқа өндіріледі.
Қазақстандағы егіншіліктің негізгі бағыты бидай шаруашылығы болып табылады. Жердің көп бөлігі мал жайылымына қорек ретінде пайдаланылады, мал шаруашылық өнімдерін алу үшін және мал басын сақтау үшін маңызды фактор болып табылады.Бақша өнімдерін, картоп, жеміс, көкөніс өсіру ең алдымен ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.
Бидай өнімiнің негізгі алқабы үш солтүстік облыстарда: Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. (11млн. га. шамамен 63%).
Елдің батысында –Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында–шамамен 2,2млн.га. немесе 13% және шығыста – Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында –1,9млн.га. немесе 11%.
Техникалық мәдениеттің 2/3-і елдің шығысына – Шығыс Қазақстан және Павлодар облысына (мақта) тиеді. Қант қызылшасы елдің оңтүстігінде – Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Алматыға
30
жақын маңда темекі өсірiледі.
Картоп, көкөніс және бақша өнімдері батыстан басқа (Маңғыстау облысы) Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Картоп алқабының көп бөлігі – Солтүстік Қазақстанда, Алматыда, Шығыс Қазақстанда, Павлодар, Қарағанды облыстарында; көкөніс –Оңтүстік Қазақстанда , Алматыда, Шығыс Қазақстанда, Жамбыл облыстарында; бақша өнімдері –Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында; жеміс-жидек, жүзім өнімдері – негізінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында.
Қазақстанның мал шаруашылығына оның барлық салалары- қой шаруашылығы , ет, сүт, шошқа, жылқы, түйе шаруашылықтары, етті және жұмыртқалы құс шаруашылығы, марал, аң, ара шаруашылығы жатады .
Елдің барлық аймақтары ірі қара мал өсірумен айналысады; сүтті мал шаруашылығы барлық облыстарда (Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарынан басқа), әсіресе ол елдің солтүстігінде –Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, шығыста-Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында, оңтүстікте –Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дамыған.
Республиканың қой шаруашылығын өндіретін негізгі аймақтарға оңтүстік облыстар –Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары (50% мал басы ) жатады. Қой және ешкі санының біршамасы Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында бар.
Шошқа шаруашылығы бидайдың көп бөлігі өндірілетін аймақта –Солтүстік Қазақстанда (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) дамыған (шошқа басы 50%).
Жылқы шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі саласы ретінде барлық аймақтарда кең тараған. Әсіресе жылқының көп саны –Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында (жылқы саны 86%)
Түйе өсіру Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кең дамыған.
Құс өсірумен Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары айналысады (48%) /2/.
Нарықты жіктеудің үшінші белгісін – бір сатушы немесе сатып алушының нарықтық бағаға әсер ету деңгейін қарастырайық. Бұл жерде нарықта бір сатушының немесе сатып алушының пайда болуы (сонымен қатар кетуі) тауар бағасына әсер етпесе, онда мұндай нарық
31
сатып алушы үшiн күрес туады. Мiне бәсекенiң мәнi дәл осы күресте. Егер өнiм өндiрушiлердiң бiреуi өз өнiмiн дайындаудың неғұрлым арзан тәсiлiн тапса, онда ол өз тауарларының бағасын аздап төмендету арқылы пайдасын арттыра алады, осылайша ол нарықтың көп бөлiгiн “басып” алады.
Нәтижесiнде басқа кәсiпорындардың өнiм сату көлемi және пайдасы азаяды. Және бұл кәсiпорындарға өз кезегiнде өз өнiмдерiн арзандатуға бар күшiн салу керек. Ал бұл жағдайды iстей алмағандары бәсекеге қабiлетсiз болып табылады да жабылуға тура келедi. Осыған ұқсас, бәсекенi тұтынушылар арасындағы нарықта сұраныс көлемi мен баға белгiлеу жөнiндегi өзара қатынасы деп те анықтауға болады.
Сатып алушылар затты арзан бағамен сатып алуға тырысады. Ал олардың арасындағы бәсеке қызу жана түссе, онда нарықтық бағамен салыстырғанда неғұрлым жоғары баға ұсынатын адам жеңiске жетедi (сатып алады).
Не үшiн күрес жүредi? – Бұл сұраққа жалпы былай жауап беруге болады: өздерiнiң экономикалық мүддесi (қызығушылығы ) –максималды пайда табу. Ал сатып алушылардың қызығушылығы –ақшаны тауарға айырбастау арқылы өздерiнiң кез-келген (материалдық, рухани , өндiрiстiк және т.б.) қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қанағаттандыру. Сатып алушы өз ақшасын өзiне пайдалы, эквиваленттi айырбастауға тырысады.
Сатушылар мен сатып алушылардың қызығушылықтары бiр-бiрiнен алшақ, өздiгiнен орындалмайды. Қажеттiлiк бар болып, тауар болмаса – қажеттiлiктi қанағаттандыру мүмкiндiгi болмайды. Ал тауар болып, қажеттiлiк болмаса – тауардың қажетi болмай қалады. Сондықтан нарықта сатып алушыға қажеттi тауар, яғни белгiлi бiр құнды, бағалы болып табылатын тауар ғана сатылады. Неғұрлым тауар сатып алушыға құнды, бағалы болса, соғұрлым оны сатып алады, соғұрлым оған оның көп баға төлеу мүмкiндiгi бар.
Бұдан келiп сатушының сатып алушыға соғұрлым құнды тауар ұсынуға қызығушылығы пайда болады.
Нарықта тек бiр сатушы емес, көп болады және әрбiреуi өз тауарын ұсына отырып, сатып алушылардың көңiлiн өзiне аударуға ұмтылады. Әрине, бұл жерде сатып алушыларға неғұрлым құнды, неғұрлым қажеттi тауарларды ұсынатын сатушы жеңiске жетедi. Осылайша тауарлар бәсекесi пайда болады, яғни әртүрлi фирмалардың өндiретiн өнiмдерi арасында бәсеке туады. Осыдан келiп бәсекелiк қабiлетi бар
60
өз өнiмдерi сапасының артуына да қызығушылық бiлдiредi және осы жолда бар мүмкiндiктi жасайды.
Нарық өндiрiлген өнiмдердiң сатылуын да реттейдi. Бiз аграрлық нарықты қарастырып отырғандай, мына сұрақтарды да: өндiрiс ресурстары қалай бөлiнедi (жұмыс күшi, шикiзат, материалдар, еңбек құралдары) және тұтыну тауарлары қалай бөлiнедi (азық-түлiк және азық-түлiк емес) –соны да ретттейдi.
Мына тауарлардың бәрi (нан, май, ет және т.б. өнiм түрлерi) нарық бағасымен сатылады және сатылып алынады. Ал нарық бағасы мына механизмнiң: сұраныс пен ұсыныстың, баға белгiлеу мен бәсекенiң өзара әрекетi нәтижесiнде құрылады.
Бiздiң ойымызша, нарық шегiнде сұраныс пен ұсыныс, баға белгiлеу және бәсеке механизмдерi жұмыс iстейтiн күрделi конструкция. Бұл механизмдердiң әрқайсысы өз бетiнше жұмыс iстей алмайды. Олар өндiрiстiң реттелiнетiн параметрлерiн (өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, ассортиментiн, сапасын, шығынын т.б.) кез-келген қатынаста өзгерте (көбейте, төмендете, кеңейте) алады.
Нарықтық реттеу механизмiнiң үлкен әсер ету күшi бар. Бұл механизмнiң тиiмдiлiгi нарықтың ұйымдасуына, жетiлген бәсеке нарығына қандай жолмен келуiне байланысты.
Нарықтық қатынастар –оның қатысушылар еркiндiгiнiң дәрежесiне, жеке бастамаларды (инициатива) ынталандыруға, жеке жауапкершiлiктегi мақсаттарын қанағаттандыруға ұмтылуға жол беретiн “ойын”. Бiрақ бұл ойын, әрине, қатаң тәртiп бойынша жүргiзiледi. Егер тәртiп болмаса немесе бұзылса, бұл хаосқа айналады, яғни тәртiпсiздiк т.б. қоғамға қауiптi тенденциялар пайда болады. Ойынның нарықтық тәртiбiн белгiлеу, оны бақылау –мемлекеттiң заң шығарушы және атқарушы органдарының жауапты мiндетi. Ал бұл сұрақ дербес шешiмдi талап етедi.
3.БАҒА -ӨНДIРIСТI РЕТТЕУ МЕХАНИЗМI
Өндiрiстi реттеудiң нарықтық механизмiнде баға ең маңызды орын алады. Өйткенi, тек бағаның ғана қоғамдық еңбек шығындарын өлшеуге, айырбас эквиваленттiгiн, халық шаруашылық мүдделерiн қамтамасыз етуге, нарықтағы тепе-теңдiктi ұстап тұруға мүмкiндiгi бар.
Баға –тауар құнының ақшалай бейнеленуi, яғни тауар өндiрiсiне кеткен қоғамдық қажеттi еңбек шығындарының ақшалай көрiнiсi. Баға-
41
тауардағы затқа айналған еңбектiң ақшалай бейнеленуi. Классикалық экономикалық теорияның негiзiн қалаушылар А.Смит пен Д.Рикардо К.Маркстiң жан-жақты талқылаған еңбек құны теориясының негiзiн салды.
Тауардың еңбек құны теориясынан басқа Батыста негiзi әртүрлi игiлiктер пайдалылығын өлшеу мүмкiндiгi туралы гипотеза болып табылатын пайдалылықтың мөлшерлiк теориясы пайда болды. Бұл теорияның негiзiн қалаушылар – У.С.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас және А.Маршалл.
Олардың ойы бойынша, тауар бағасы оның пайдалылығымен, яғни тауар сұранысымен байланысты элементпен анықталады.
А. Маршалл шығындар мен пайдалылықты есепке ала отырып, бұл екi қарама-қарсы теорияны бiрiктiруге тырысты.
Маршалдың маңызды идеясы- құн туралы әртүрлi теоретикалық көзқарастардан нарықтағы процестердi анықтайтын сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ету проблемаларын зерттеуге көшуiнде. Ол сұраныс пен ұсыныстың қалай құрылатынын және өзара әрекет етуiн талдады, сұраныс икемдiлiгiне түсiнiк бердi, өзiнiң баға теориясын ұсынды.
Маршалл тепе-теңдiк баға түсiнiгiн қолдады: “Сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болса, өндiрiс көлемiнде не көбею, не азаю тенденциясы болмайды- тепе-теңдiк болады. Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдiкте болғанда, белгiлi бiр уақыт бiрлiгiнде өндiрiлген тауар саны тепе-теңдiк мөлшерде болады, ал оның сатылу бағасы тепе-теңдiк баға деп аталынады”. /3/
Оның ойынша, тауарға деген сұраныс тұтынушы үшiн оның пайдалылығының қызметi болып табылады, ал тауар ұсынысы – осы тауарды өндiру шығындарының (құнының) қызметi болып табылады.
А. Маршалл тауар өндiрiсiнде және оны сатуда екi кезеңдi көрсеттi: қысқа және ұзақ мерзiм.
Қысқа мерзiмде тауар бағасы жалпы (суммарлық) тауар ұсынысы мен суммарлық тауар сұранысының қиылысу нүктесi бойынша анықталады. Бұл кезеңде өндiрiстiк ресурстар (қуаттылығы) өзгерiссiз қалады, сондықтан тауар өндiрiсiн тек жұмысшылар санын (еңбек шығынын) көбейту арқылы ұлғайтуға болады. Бұл жағдайда тауардың көп бөлiгi не өндiрiледi, не өндiрiс процесiнде сатуға дайындықта болады. Қысқа мерзiмде өндiрушi сұраныс талаптарына бағынатындықтан,баға тауардың пайдалылығымен анықталады.
42
Достарыңызбен бөлісу: |