Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Бәсеке-тауар өндiрушiлердiң iс-әрекетiн реттейтiн механизм



жүктеу 0,66 Mb.
бет4/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#23812
1   2   3   4   5   6

5. Бәсеке-тауар өндiрушiлердiң iс-әрекетiн реттейтiн механизм

Қоғам өндiрiсте аз ресурс шығынын жұмсап, көп өнiм мөлшерiн өндiруге қызығушылық бiлдiредi.Егер барлық қызметтер мен өнiмдердiң барлық өндiрушiлерi де осыған қызықса, онда олар жемiске жетедi. Мұндай қызығушылық жағдайын қалай тудыру керек? Жауапты мына тәжiрибе бередi - нарық қатысушыларының – жекелеген субъекттер арасында табысты жемiс және өмiр сүру үшiн күрестi, яғни бәсекенi, не болмаса бәсекелiк нарықты құру. Достық жеңiске жететiн социалистiк жарыстарға қарағанда, бәсеке қатаң категория. Мұнда жеңiс табысты жемiспен және экономикалық билiкпен қамтамасыз етiледi, ал жеңiлгендер әлеуметтiк – экономикалық күйреуге ұшырайды.Ал өмiр және өлiм туралы сөз болғанда адамдар бiр жерге шоғырланып, күштерiн қосып, жаңалықтар ашады. Прогрестiң қозғаушы күшi ретiндегi бәсекенiң күшi мiне осында.

“Бәсеке” түсiнiгiн қалай түсiнуге болады? Экономистер “бәсеке” түсiнiгiн әртүрлi мағынада түсiнедi. Адам Смит: “бәсеке дегенiмiз сатып алушылар мен сатушылардың нарықтағы неғұрлым табысты сатып алу немесе сауда жасау үшiн өзара бәсекеге түсетiн iс-әрекет категориясы ”, дейдi. Франк Нойт бәсекенi бәсекеге түсетiн бiрлiктерi көп және олар өзара тәуелсiз болатын жағдаймен анықтаған. Сонымен қатар ол бәсекенi жеке тұлғалардың басқа бiр тұлғалармен байланыс жасаудағы және ұсынылған өнiмдердiң iшiндегi ең жақсысын таңдаудағы еркiндiгi, бостандығы деп түсiндiрген. Иозеф Шумпетер экономикалық өсу бойынша бәсекенi жаңаның ескiмен бәсекеге түсуi деп анықтайды: жаңа тауарлар, жаңа технология, қажеттiлiктердi қамтамасыз ету көздерi, ұйымдардың жаңа түрлерi. /7/. Осы анықтамаларды есепке ала отырып, бәсекеге келесi анықтама беруге болады: бұл-өнiм өнiрушiлер арасындағы бәсеке. Тауар өндiрушiлер өз өнiмдерiн қымбатырақ сатқысы келедi. Ал егер өндiрушiлер өз өнiмдерiнiң бұл бағамен одан әрi сатылып алынбайтынын көрсе, олар өздерi өз бастамалары бойынша өнiм өндiрiсi көлемiн қалай азайтса, өнiм бағасын да солай төмендетедi. Бұл жерде пайда табу қозғаушы күш болып табылады.Егер өнiм өдiрушiлер нарық сигналына еш әсер етпесе, онда олар бәсекелестерiмен нарықтан ығыстырылып қалады және капитал жұмсауын жоғалтады.

Өнiмнiң өзiндiк құнын азайту үшiн бәсекенiң маңызы көп. Егер максималды пайда табу мақсатында бiрнеше тауар өндiрушiлер болса,

59

Ет нарығында мал басының және құстың азаюына байланысты сыртқы ұсыныс сұранысты ендi қамтамасыз ете алмайды. Ал бұл бағаның тез өсуiне және импортты өнiмдердiң көбеюiне әкелiп соғады. Мұндай жағдай сұраныс сыртқы ұсыныстан артатын сүт және жұмыртқа нарықтарында да қалыптасады. Осылайша, барлық нарықтардағы ұсыныс жиынтық сұраныстың әртүрлi жағдайларына қарамастан төмендейдi.



Азық-түлiк тауарлары ұсынысы көлемiнiң азаюы олардың сатылу бағасының өсуiне әкеледi.

Қалыптасқан жағдай азық-түлiк нарығының тепе-теңдiгiн бұзады, ұсыныс көлемiн азайтады, тұрғындардың ақшалай табыстарының өсуiне қарағанда бағаның өсуiн жылдамдатады.

Осының бәрi нарықтағы тепе-теңсiздiктi, тұрғындардың сатып алу мүмкiндiгi мен тауар ұсынысының реттелмегендiгiн көрсетедi.Нарықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету деңгейi орта есеппен 93% құрайды. Бiрақ тұрғындардың көп бөлiгi аз тамақтанады, азық-түлiкпен қамтамасыз ету қоғам тұрақтылығының негiзгi факторы болып табылады, әрi бiздiң елде туындап отырған стратегиялық мәселелердiң бiрi болып табылады. Азық-түлiк нарығының қалыпты қызмет етуi тек азық-түлiк тауарларына төлем қабiлетi бар сұранысты анықтайтын тұрғындардың ақшалай табыстарының жоғары деңгейi кезiнде ғана жүзеге асады. Бiрақ бiздiң республикада азаматтардың табысы минималды тұтыну бюджетiн қамтамасыз етпейдi-есептiктен 34,8%-ке төмен.Қазiргi уақытта да тұрғындардың ақшалай табыстарының өсуi жолға қойылмай отыр.

Осыған байланысты республикада минималды тұтыну бюджетiн ғылыми негiзде қарастырып бекiту қажет, табыс индексациясын және жекелеген топтары қолдауды уақытында жүзеге асыру керек.

Тұтынушылардың сұранысына сәйкес отандық өндiрiстi кеңейту арқылы азық-түлiк нарығын тиiмдi қамтамасыз етудi арттыру қажет. Ал ол үшiн облыстар мен региондардың ауылшаруашылық өнiм өндiрiсi жөнiнде олардың табиғи-экономикалық жағдайларына байланысты мамандануын сақтау қажет, ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi ынталандыруды, аграрлы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруды тудыратын өндiрiс құралдары мен ауылшаруашылық өнiмдерi арасындағы баға паритетiне қол жеткiзу керек, ұлттық агронарықтың жойылуына жол бермеу керек. Нарықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету мәселесi экономикалық қауiпсiздiктiң, егемендiгiмiздiң, мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмiздiң құрамды бөлiгi болып табылады.

58

Ұзақ мерзiмде тауар өндiрушiлерде өндiрiс ресурстарын (қуаттылықты) ұлғайтуға уақыты болады .Ұсыныс сұранысқа тең болғанда баға тепе-теңдiк нүктесiмен анықталады. Егер нарықтағы баға өндiрiс шығындарын өтемесе, тауар өндiрушi бұл уақыт аралығында тауар шығармайды. Бұл жағдайда бағаның одан төмен түспейтiн шекарасы анықталады, яғни ұзақ мерзiмде баға өндiрiс (құн) шығындарына байланысты құрылады.



Осылайша тауар өндiрiсiн және оны сатуды қысқа және ұзақ мерзiмге бөлу Маршалға тауар шығыны (құн) мен тауар пайдалылығын бiрiктiруге, өндiрiстi реттеудiң нарықтық механизмi шегiнде баға мен құнның қалыптасуын түсiндiруге мүмкiндiк бердi.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, бағаның қалыптасуын, сұраныс заңдылықтарын зерттеуде еңбек және т.б. ресурстардың шығындарымен ғана шектелiп қоймау керек. Тұтынушының мiнез-құлқын, оның нақты оятушылық мотивiн бiлiп алу керек. Ал ол үшiн тұтынушының көзқарасынша тұтыну тауарларының: азық-түлiк, киiм-кешек, аяқ-киiм т.б. пайдалылығын өлшеп бағалау қажет. Сонда ғана нарықта қандай тауардың, қандай мөлшерде сатылу мүмкiндiгiн көзге елестетуге болады.

Тауар бағасының оның пайдалылығымен немесе тұтыну құнының деңгейiмен арасында тұтыну қасиеттерi арқылы анықталатын байланыс болады.Азық-түлiк үшiн мұндай тұтыну қасиеттерi –“дәмi”, “нәрлiлiгi”, “дәстүр”, “иiсi”, “ассортимент” т.б.

Мысал келтiрейiк. Мысалы, Көкшетау қаласында екi түрлi ет: жылқы етi және шошқа етi сатылады делiк. Жылқы етiне шығын аз, ал бағасы жоғары. Бұл жерде халық дәстүрi деген тұтыну қасиетi маңызды орын алады. Немесе басқа мысал, жаңа сойылған мал етi және бұрынғы ет сатылады. Жаңадан сойылған ет шығыны аз да, бағасы жоғары. Бұл жердегi бағаға әсер еткен тұтыну қасиетi- мал етiнiң жаңа ғана сойылғандығы.

Нарықтық экономикада баға келесi негiзгi қызметтердi орындайды:


  1. Бағаның есептiк қызметi.

Оның мәнi мынада, баға құнның ашалай көрiнiсi болып табылатындықтан, өнiм өндiрiсiн көрсетедi. Нарық жағдайында және т.б. ресурстардың шектеулi екендiгiне байланысты тауар өндiрушiлерге өнiм өндiрiсiне қандай шығындар пайдалы екендiгiн үнемi шешуге тура келедi. Мынаны айта кету керек, жоспарлы – бұйрықтық реттеу жүйесiнде баға тек осы есептiк қызметтi орындайды.

43


  1. Бағаның ынталандыру қызметi.

Бұл қызмет жекелеген өнiм түрлерi өндiрiсiн материалды ынталандырудың өсуiне немесе төмендеуiне, өндiрiс тиiмдiлiгiнiң, сапасының артуына, өнiм ассортиментiнiң жаңаруына, жаңа технологияның қолданылуына ықпал етедi.

  1. Бағаның реттеу қызметi.

Нарық жағдайында бағаның реттеу қызметi ұсыныс пен сұранысты реттеуде және тұтынушы қажеттiлiгiнiң өзгеруiнде көрiнiс табады. Тауар бағасына және тұтынушы қажеттiлiгiнiң өзгеруiне әсер ете отырып, тауар өндiрушi тауардың бiр түрiн өндiрудi ұлғайтуға, ал басқа түрiн қысқартуға ұмтылады. Бұл ресурстардың өнiм өндiрiсiн қысқартатын саладан өнiм өндiрiсiн ұлғайтатын салаға жылжуына әкеледi.

Баға тауар өндiрушiлерге олардың нарықтағы қызметтерi жөнiнде сигнал бередi. Бағаның өсуi нарықтағы сұранысқа қарсы тауар ұсынысының жетiспейтiндiгiн көрсетедi. Сәйкесiнше, тауар өндiрушiлерге бұл тауарды көбiрек өндiруге тура келедi. Егер сатып алушылар өндiрiстiң шығындарын өтейтiн бұл бағаға тауар сатып алуды қаламаса, онда тауар өндiрушiлерге бұл өндiрiстi қысқарту сигналы болып табылады.

Ал егер нарықта басқа тауар көп пайда беретiн бағамен сатылса, онда бұл нарыққа көп ресурстарды бағыттау керектiгiне сигнал болады. Жоғары пайда беретiн бұл нарыққа көптеген тауар өндiрушiлер ұмтылады, ал бұл бәсекенiң күшеюiне және нәтижесiнде бағаның төмендеуiне әкелiп соғады.


  1. Бағаның теңестiру қызметi.

Бәсекенiң нәтижесiнде нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдiк орнайтын нарықтық тепе-теңдiк құрылады. Егер бұл тепе-теңдiк бұзылса, онда баға бұл жөнiнде сигнал бередi және оны жою жөнiнде қажеттi шараларды қолдануды талап етедi. Мысалы, егер тауар жетiспеушiлiгi (дефицит) пайда болса, баға жоғарылайды да, ұсыныстың өсуiне және сұраныстың азаюына әкеледi. Ал егер тауарды шектен тыс өндiру пайда болса, баға төмендейдi, ұсыныс азайып сұраныс көбейедi.

  1. Бағаның ақпараттық қызметi.Бұл қызмет бiр жағынан, тұтынушыларды сатушылар қандай бағамен қандай тауар сататындығы жөнiнде ақпаратпен қамтамасыз етсе, екiншi жағынан сатушылар нарықта қандай тауардың жетiспейтiндiгi немесе қандай тауардың көп екендiгi туралы, сатып алушылардың төлем қабiлетi

44

Сұраныс пен ұсыныстың жылжуына басқа да күштер әсер етуi мүмкiн. Бағаның “өздiгiнен” өзгеруi болады, немесе бағаны сұраныс пен ұсынысқа байланысты емес, күштеп өзгерту деген болады (әсiресе мемлекеттiң немесе мафиялық құрылымдар арқылы). Бұл жағдайда не өнiм дефицитiне, не шектен тыс артық өндiруге жол берiледi. Ал мәнi бiр болып қалады: сұраныс пен ұсыныс механизмi – баға белгiлеу мен өндiрiс көлемiн күштi реттеушi. Экономикалық реформалардың жүзеге асуы кезiнде Қазақстанның азық-түлiк нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың дамуын қарастырайық.

Г.А Никитинаның берiлгендерi бойынша бiрiншi кезеңде (1990-1992ж.) сұраныс неғұрлым жоғары қарқынмен азайған (өндiрстiң 0,5% құлдырау деңгейiне қарсы, жылына 4,8%), бұл экономикалық жағдайлар өзгерiсiнiң тұрғындарға тез әсер еткенiн көрсетедi./6/. Нәтижесiнде сатылмаған өнiм қорлары көбейдi, бұрынғы тепе-теңдiк бұзылды. 1993 жылдан бастап төлем қабiлетi бар сұраныс төмендеуiнiң бұрынғы қарқынындағы (3,2%) өндiрiстiң құлдырауы (жылына 18,3-тең) болды. Нәтижесiнде нарықтық отандық тауарлармен қамтамасыз ету төмендейдi, баға өсуiнiң жоғары қарқыны байқалады және тұрғындардың төлем қабiлетi бар сұранысы одан сайын азаяды.

Осыған байланысты, бағаның өсуi ұсыныс көлемiнiң ұлғаюына әкеледi деген классикалық өзара байланысқан қарама-қарсы заңдылық байқалады. Республиканың азық-түлiк нарығында өнiм бағасының өсуi кезiнде өндiрiстiң құлдырауы жүредi. 1992-1995 ж.ж. аралығында азық-түлiктiң барлық негiзгi нарықтарында ұсыныстың азаюы болды: бидай-55,2%-ке, картоп-24,4%-ке, ет-23%-ке, сүт-18%-ке, жұмыртқа – 45,2%-ке.

Жекелеген тауарлы нарықтарда сұраныс пен ұсыныс әртүрлi дамиды.Мысалы, бидайдың жиынтық сұранысы-тұрақты, бағаның өсуiне еш әсер етпейдi.

Бұл былайша түсiндiрiледi, азық-түлiк нарығы баға бойынша аз сұраныс икемдiлiгiмен сипатталады (1991-1995 ж.ж. әртүрлi өнiм бойынша коэффициентi 0,04-0,13 құрайды). Сондықтан бағаның одан әрi өсуi бидайға деген сұраныстың одан әрi азаюын тудырмауы мүмкiн.

Картоп нарығында сұраныс пен ұсыныс синхронды түрде дамиды, яғни, не өндiрiледi, соның бәрi тұтынылады. Ал көкөнiс нарығында керi жағдай қалыптасады.Мұнда ұсыныстың күрт төмендеуi нәтижесiнде (әсiресе бiрнеше кезеңде) нарық импортты тауарлармен толып кетедi (негiзiнен консервiленген тауарлармен).

57

Осыдан келiп кәсiпорынның өндiрiс көлемiн қысқартуына тура келедi, алынатын пайда мөлшерi бағаның төмендеуiне, сонымен қатар сату көлемiнiң азаюына байланысты азаяды. Ендi бұған қарама-қарсы жағдайды қарастырайық: сұраныс бұрынғыдай, ал ұсыныс өстi.



6-суретте көрсетiлгендей, ұсыныс көбейсе, сұраныс пен ұсыныс көрсеткiштерi қиылысуының жаңа нүктесi тепе-теңдiк бағадан төмен. Бiрақ өнiмнiң тепе-тең мөлшерi өсе түседi.

S1

P D



S2

 

S1 D



S2

0

q1 q2 q3 q4 q5 q6 Q



6-сурет. Ұсыныстың артуы

Екiншi жағынан, ұсыныстың азаюы өнiм бағасының өсуiне әкеледi. 7-сурет осы жағдайды көрсетедi.

Бұл жағдайда баға өседi де, өнiм саны азаяды.

S2

P D



S1

S2 D


S1

0

q1 q2 q3 q4 q5 q6 Q



7-сурет. Ұсыныстың азаюы

 

 



56

туралы бiлiп отырады. Барометр секiлдi мұндай сигналдар барлық кәсiпкерлер үшiн экономикадағы “ауа-райы” жағдайын анықтайды.

Бағаның барлық осы қызметтерi өзара бiр-бiрiмен байланысты.

Тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiне баға мынадай түрде болуы мүмкiн:



  • Өндiрiс шығындарына тең орташа пайда - өндiрiс бағасы;

  • Тауар өндiрушiлерге ұсынылатын ұсыныс бағасы;

  • Сатып алушы нарығында құрылатын ұсыныс бағасы;

  • Өнiмдер iрi партиямен жеткiзiлгендегi көтерме сауда бағасы;

  • Жекелеген сатып алушыларға арзан партиялармен өнiм сатылатын бөлшек- сауда бағасы, өндiрiс шығындары мен тауар айналымы мөлшерiне негiзделедi, өндiрiстi және сатуды ұйымдастырудан түскен пайда айналымға салынатын салық;

  • Белгiлi бiр нарықта сату-сатып алу процесi жүретiн нарықтық баға;

  • Нарықтағы бiр жағдайларға байланысты (биржалық катировкаға, инфляцияға т.б. байланысты) секiрмелi баға;

  • Сату-сатып алу келiсiм – шартында бекiтiлген және өзгерiске ұшырамайтын берiк баға;

Нарықтық экономика жағдайында бағаның экономикалық базасын дұрыс анықтау ең маңызды болып табылады, бұл баға деңгейiне байланысты болады. Барлық халық шаруашылығының көптеген аспектiлерi баға деңгейiне және олардың жекелеген тауарлар бойынша арақатынасына байланысты болады. Кәсiпорындардың тиiмдiлiгi көтерме-сауда бағасының деңгейiне байланысты , жұмысшылардың еңбек ақысы бөлшек-сауда бағасының деңгейiне байланысты.

Баға тауар құнының ақшалай көрiнiсi бола отырып, тауар құнының көлемiнен жиi ауытқиды. Бағаға сұраныс пен ұсыныс, мемлекеттiк реттеу, инфляция деңгейi, бәсеке т.б. әсер етедi.

Бұйрықты шаруашылық механизмi жағдайында баға жүйесi орта салалық өзiндiк құн негiзiнде , ал шаруашылығында – орта зоналық өзiндiк құн негiзiнде құрылады.

Ауылшаруашылық өнiмдерiне бағаның қалыптасуының өзiндiк ерекшелiктерi бар, әсiресе ол табиғи-климаттық жағдайларына байланысты. Ауылшаруашылықта жер және мал өнiмдiлiгiнде, өндiрiс шығындарында айырмашылықтар кездеседi. Бұл айырмашылықтар, бiр жағынан табиғи факторларға (табиғатына, рельефiне, құнарлылығына, ылғалдылығына) байланысты, екiншi жағынан, экономикалық факторларға (ресурстармен қамтамасыз етiлуiне, мамандануына т.б.) байланысты. Сондықтан ауылшаруашылықта баға белгiлеуде табиғи және

45

экономиалық жағдайларды есепке алу қажет.



Нарықтық экономика жағдайында өнiм өндiрiсiне кеткен шығындарға көп көңiл бөлiнедi, өйткенi өндiрiске жұмсаған әрбiр ақша бiрлiгi кәсiпкердiң пайдасын азайтады. Сонымен қатар мынадай түсiнiктер қалыптасады: “экономикалық шығындар”, “шектеулi шығындар”.

Экономикалық шығындар – бұл жiберiлген мүмкiндiндiктер шығыны (альтернативтiк шығындар).

Нарықтық жағдайда әрбiр тауар өндiрушiнiң алдында белгiлi бiр тауар өндiрiсiне қажеттi ресурстарды иелену шығындарын қолданудың неғұрлым тиiмдi, альтернативтi вариантын таңдау мәселесi тұр.

Экономикалық шығындар шығындалған ресурстарды қолданудың барлық альтернативтi тәсiлдерiнiң iшiнде неғұрлым тиiмдiсiнде алуға мүмкiндiк болатын табыс мөлшерiне тең болады.

Шектi шығындар – бұл өнiм бiрлiгiн өндiрудi арттыруға байланысты қосымша шығындар.

Бұйрықты экономика жағдайында баға тауар өндiрiсi кезiнде немесе өндiрiске дейiн анықталды. Нарық баға деңгейiне ешқандай әсер етпейдi.

Нарыққа көшу бағаның қалыптасу принципiн өзгерттi. Баға деңгейi тауарды сату сферасында, яғни нарықта құрылады.

Тек нарықта ғана өнiм тауар ретiнде және өндiрушiлердiң шығындары қоғамдық қажеттi шығындары ретiнде мойындалады.

Нарық жағдайында бағаны анықтауда кәсiпорындар нарықтық бағаның құрылуына әсер ететiн факторларды есте ұстауы қажет.

Г.Н.Чубаков нарықтық бағаны құрайтын келесi факторларды есепке алуды ұсынды:

Сатып алушының ұсынатын тауарларына мынадай сұраныс бағасын анықтайтын сұраныс факторлары әсер етедi: төлем қабiлетi бар сұраныс; қор жинау деңгейi; сұраныс көлемi; тұтыну қасиеттерi, тауардың пайдалылығы.

Ұқсас тауарлар сұранысындағы тауардың бәсекелестiгiн анықтайтын тұтыну таңдауының факторлары –қажеттiлiктердiң және белгiлi бiр тауардың және оған бәсекелес басқа тауардың мүмкiн болатын сатып алушыларының құрылымы; тауардың бәсекелес тауарлармен араласуы; тауарлардың ауыстырылатын және өзара алмастырылатын тауарлармен мүмкiн болатын сәйкестiгi т.б.

Сатушы ұсынатын тауар ұсынысының бағасын анықтайтын ұсыныс факторлары – нарыққа ұсынылған тауар саны; кәсiпорынның белгiлi бiр

46

Жоғарыда қарастырып өткендей, сұраныс тұрғындардың өсуiне, тұрғындардың қалауы мен табыстарының өзгеруiне, бәсекелес өнiмдер бағаларының өзгеруiне, тұтынушылардың күтуiне байланысты өзгередi дедiк. Екiншiден, ұсыныс ресурс бағаларының, технологияның, тасымалдаушылар санына, күтуге байланысты өзгередi дедiк. Ендi сұраныс пен ұсыныстың өзгерiсi тепе-теңдiк бағаға қалай әсер етедi, соған тоқталайық.



4-суретте ұсыныс бiр қалыпта болатын, ал сұраныс артатын жағдай көрсетiлген.

P D1 D2 S

Ц4

Ц3

4-cурет. Сұраныс-

Ц2 S тың артуы

Ц1 D1 D2

О

q1q2q3q4q5q6q7q8 Q



Осының нәтижесiнде тауар бағасы өсiп, сату көлемi ұлғаяды. Кәсiпорынның бұл жерде қолданатын шарасы-баға өсуiнiң және сату көлемi ұлғаюының әсерiнен неғұрлым көп пайда алу үшiн қолайлы жағдай туатындықтан, өндiрiс көлемiн ұлғайту. Бұған керi жағдайды қарастырайық. 5-суретте ұсыныс бiр орында, ал сұраныс төмендейтiн жағдай көрсетiлген. Бұның нәтижесi-тауар бағасының төмендеуi және сату көлемiнiң азаюы.

Р D1 S


D2

О S D2 D1

q1 q2 q3 q4 q5 q6 q7 Q

5-cурет. Сұраныстың азаюы

55

q5=q ұсыныс =q сұраныс



тепе-теңдiк көлемi = ұсыныс көлемi =сұраныс көлемi.

P

Ц6 D S



Ц5

Ц4

Ц3

Ц2 S D

Ц1

О q1 q2 q3 q4 q5 q6 q7 q8 q9 Q

3-сурет. Сұраныс пен ұсыныс бағасының тепе-теңдiгi.

Тепе-теңдiк жағдайында нарық балансталған, яғни теңестiрiлген, оны не өнiм өндiрушiлер, не сатып алушылар бұза алмайды. Керiсiнше, тепе-теңдiк бағадан басқа кез-келген бағада нарық балансталмаған, яғни тең емес.Мысалы, егер нарықтық баға тепе-теңдiк бағадан бiрнеше жоғары болса, айталық Б4. Нарыққа мұндай бағамен ұсынылған өнiм саны сұраныстан артады, нәтижесiнде кейбiр өнiм өндiрушiлер өз өнiмiне сатып алушыларды таба алмайды да, ұсыныстың шектен тыс артуына жол берiледi. Мұндай артық өндiру сатушылардың өздерiнiң артық өнiмдерiнен құтылу үшiн бәсекелес бағаны төмендетуiне әкелiп соқтырады.

Бағаның төмендеуi өнiм ұсынысын қысқартады да, бiр мезгiлде сатып алушылардың оны көп мөлшерде сатып алуын тудырады. Егер өнiм өндiрушiлер бағаны тепе-теңдiк бағадан төмен түсiрсе, мысалы, Б-2-ге дейiн, онда сұраныс көлемi ұсыныс көлемiнен жоғары болады, яғни өнiмнiң жетiспеушiлiгi, дефицит пайда болады. Бесекелес сатып алушылардың баға ұсынатын қосымшалары оны тепе-теңдiк деңгейге жеткiзедi. Ал бағаның мұндай көтерiлуi бiр мезгiлде өндiрушiлердiң ұсынысты ұлғайтуына, ал тұтынушылардың өнiмдi сатып алуына ықпал етедi, нәтижесiнде артық ұсынылған өнiмдер жойылып, нарық тазарады.

Ереже бойынша өнiм өндiрушiлер өз өнiмiне бағаны қажет болмаса төмендетпейдi

Ұсыныс сұранысқа тең болған жағдайда, өнiмге тепе-тең баға белгiленедi.

54

қоры; нарықта тауар сатудағы өндiрiстiң және тауар айналысының шығындары; белгiлi бiр тауар өндiрiсiнде қолданылатын өндiрiс факторларына немесе өндiрiс құралдарына баға және жұмсайтын еңбек-жұмыс күшi. Әсiресе табиғи ресурстарға, капиталға, еңбекке бағаны шектейдi; салықтар, акциздер және т.б. төлемдер, мемлекеттiк және қоғамдық қорларға аударулар, пошлиналар; пайда және оны инвестицияларға бөлу, резервтiк және сақтандыру қорлар, дивиденттер т.б. мақсаттар.



Альтернативтi өндiрiстiк мүмкiндiктерге негiзделген факторлар –кәсiпорынның барлық өндiрiстiк мүмкiндiктерiн қолдануда өнiмнiң шектеулi орын ауыстыруы; өндiрiстiк факторлардың шектеулi орын алмастыруы (табиғи ресурстардың, капиталдық еңбектiң).

Өндiрiстiң және тауарларды сатудың тиiмдiлiгi /4/

Өндiрiстiң экономикалық тиiмдiлiгi өндiрiс нәтижесiнiң шығындардан артуын көрсетедi. Ол қоғам қажетiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданумен байланысты болады. Жетiлген бәсеке жағдайында өнiм өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiнен тәуелсiз қабылданған шешiмдерiнiң нәтижесiнде әрбiр өнiм өндiрiстiң келесi тиiмдiлiк жағдайын қанағаттандыратын мөлшерде өндiрiлетiн болады: қандай да бiр өнiм бiрлiгiн өндiрудiң шектi шығындары (ШШ) әрбiр тұтынушы үшiн осы өнiм бiрлiгiнiң шектi пайдалылығына (ШП) тең болуы тиiс.

Неге бұл жағдай ресурстарды бөлу тиiмдi болу үшiн орындалуы тиiс? Егер шектi пайдалылық, айталық тұтынушылар үшiн еттiң килограмы өндiрушiлердiң шектi шығындарынан артса, онда келесi ет килограмын өндiруге жұмсалатын ресурстар құны (ШШ) тұтынушылар үшiн килограмның құндылығына (ШП) қарағанда аз болады. Ендеше, ет өндiрiсiнiң ұлғаюы қоғамның игiлiгiне сай болады, сәйкесiнше, алғашқы өндiрiлген ет көлемi оптималды болып табылмайды. Егер еттiң ШШ-ы оның ШП-ынан артса, онда соңғы өндiрiлген ет килограмына бұрынғы өндiрiлген ет килограмына қарағанда көп шығын жұмсалады, сондықтан да еттi аз өндiрiп, ал бидай немесе басқа өнiмдi көбiрек өндiру керек.

Осылайша, егер ШП көлемi ШШ-ға тең болмайтын өнiм болса, онда экономиканың тұтұнушылардың тұрмысын жақсарту мүмкiндiгi болмайды, яғни ресурстар тиiмсiз қолданылады. Сәйкесiнше, экономика үшiн өндiрiстiң мұндай көлемi тек әрбiр өндiрiлген өнiм үшiн ШП=ШШ болған жағдайда ғана оптималды болып табылады.

47

Нарықтық экономикада жетiлген бәсеке жағдайында баға механизмi сатушылар мен сатып алушыларды ШП көлемi мен ШШ көлемiн теңестiруге автоматты түрде мәжбүр етедi. Мысалы, ет өндiретiн фирма үшiн еттiң шектi пайдалылығы оның бағасына (Б) тең болған мөлшерде ет өндiру неғұрлым пайдалы болады. Егер ет өндiрiсiнiң шектi шығыны нарықтық бағадан төмен болса, онда фермер мал басын (немесе малға азық болатын бидай көлемiн) арттыра отырып, өзiнiң табысын ұлғайта алады. Ал егер ет өндiрiсiнiң шектi шығындары бағасынан асып кетсе, онда мал санын азайтқан дұрыс. Тұтынушыға еттiң ШП-ы (ақшалай түрiнде) оның бағасына тең болғандағы ет мөлшерiн сатып алу тиiмдi болады.



Екi соңғы теңдiктi салыстыра отырып, еттiң ШШ-ы мен ШП-ы бiр бағаға (Б) сәйкес келсе, сәйкесiнше, олар бiр-бiрiмен тең болуы тиiс. Яғни өндiрiлген және сатып алынған ет көлемi мына түрде болу керек, ШШ=Б=ШП, бұл өндiрiстiң оптималды дамуын көрсетедi. Бұл жағдай бидай өндiруде де және де басқа салалар өндiретiн кез-келген өнiм үшiн де қолданылады.

Осылайша, жетiлген бәсеке жағдайында өндiрушiлер мен тұтынушылардың бiр-бiрiнен тәуелсiз қабылданған шешiмдерiнiң нәтижесiнде мынаны күтуге болады: әрбiр өнiм әртүрлi өнiм өндiрiсiнiң тиiмдiлiк жағдайын ШШ=ШП қанағаттандыратын мөлшерде өндiрiледi.

Баға механизмi тиiмдiлiк шартын қалайша автоматты түрде сақтайды? Мәселе мынада, баға механизмi тұтынушылар мен өнiм өндiрушiлерге өз мүддесiн көздеуге, яғни қолдарынан не келедi, соны iстеуге мүмкiндiк туғызады. Баға тұтынушылар үшiн тауардың ақшалай құнын көрсетедi, сондықтан да тұтынушылардың әрбiр жұмсаған ақшасы максималды қанағаттандыратын тауарларды ғана сатып алуға тырысады. Бәсекенiң шектi шығындар мен бағаны теңестiретiнi белгiлi. Бұл мынаны көрсетедi, тұтынушы үшiн тауардың ақшалай құны оны өндiруге жұмсалған ресурстардың құнымен сәйкес келедi. Яғни, тұтынушы үшiн тауар құны қоғам үшiн ресурстардың сәйкестi мөлшерiнiң құнын нақты көрсетедi. Сондықтан егер тұтынушылардың өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру дәрежесiнiң ақшалай құнын азайту мүмкiндiгi болса, онда олар қоғам үшiн ресурстар құнын автоматты түрде азайтады.Осыдан келiп, егер баға шектi шығындар деңгейiнде белгiленсе, онда баға механизмi тұтынушыларға шығындарға қатысты толық сигнал бередi. Баға механизмi бағаны тұтынушылардың қоғамдық ресурстарға үнемдi қарайтын деңгейде бекiтедi.

48

байланысты, өзара диалектiлiк әрекетте болады, бiрақ бұл жерде құн заңы анықтаушы болып табылады.



Екiншiден, сұраныс пен ұсыныс өндiрiс процесiнiң бастапқы және соңғы кезеңдерi арасындағы өзара тығыз байланысын қамтамасыз етедi, сол арқылы өндiрiстiң үздiксiз қызмет етуiне ықпал жасайды. Сұраныс және ұсыныс -өндiрiс пен тұтыну арасындағы нарықтық қатынас.

Үшiншiден, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өндiрiс дамуының

пропорционалдығын қолдауға ықпал жасайды. Сұраныс жағынан белгiлi бiр тұтынушылық орын алады, ал ұсыныс жағында –оны қанағаттандыратын өнiм , сондықтан сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаста қоғамдық қажеттiлiктiң өндiрiлген өнiмге сәйкес келу дәрежесi көрiнедi.

Төртiншiден, сұраныс пен ұсыныс айырбас процесiнде тауар өндiрушiлер мен тұтынушылардың, сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынасы бейнеленедi.Тепе-теңдiк баға деп аталатын белгiлi бiр нарықтық баға деңгейiнде кез-келген тауарға сұраныс және ұсыныс теңестiрiледi.К.Маркстiң құнның еңбек теориясына сәйкес, тепе-теңдiк бағасы нарықтық құн деңгейiмен сәйкес келетiн деңгейдегi нарықтық баға ретiнде анықталады.Ол белгiлi бiр өнiм өндiрiсiне жұмсалған қоғамдық еңбек санының, қоғамдық қажеттiлiктердiң қанағаттандырылу өлшемiмен сәйкес келетiндiгiн айқындайды. “Олардың құны бойынша тауарларды айырбастау не сату-рационалды принип, олардың теңестiрiлу заңы,” -деп атады К.Маркс.

Нарықтық баға белгiленуi үшiн, сұраныс пен ұсыныс теңестiрiлуi қажет. Өндiрiстi нарықтық реттеу позициясы жағынан бұл қызықтырушылық бiлдiредi.

Ұсыныс бағасы сұраныс бағасына тең болғанда, яғни өнiм өндiрушiлер өнiмдерiн сатқысы келетiн баға сатып алушылардың бұл өнiм үшiн төлейтiн бағасына тең болса, нарықтық баға белгiленедi. 3-суретте.

Нарықтық баға = Ұсыныс баға = Сұраныс баға.

Б3 =Б ұсыныс =Б сұраныс.

Бұл жерде өндiрушiлер сатқысы келетiн өнiм саны сатып алушылардың нарықтық баға бойынша сатып алғысы келетiн өнiм санына тең болуы қажет. Басқаша айтқанда, нарыққа ұсынылған өнiм саны өнiм сұранысына тең болуы керек. Бұл өнiм саны тепе-теңдiк көлем деп аталады.

53

фермер сол өнiм өндiрiсiн ұлғайтуы мүмкiн.



Егер мұндай фермерлердiң саны көбейсе, онда нарықтағы бұл өнiмнiң ұсынысы келесi жылы өсе түседi, ал оның нарық бағасы төмендейдi. Бiрақ егер осы уақытта белгiлi бiр себептермен бұл өнiмге сұраныс өссе, онда оның нарықтағы бағасы бұрыңғы деңгейде қалуы немесе тiптi өсуi мүмкiн. Егер нарықтық баға төмендейдi деп күтiлсе, онда өндiрушiлердiң бұл өнiм өндiрiсiн қысқартуы мүмкiн. Ал мұндай өндiрiстi қысқартқан өндiрушiлер саны қөбейсе,нарықта бұл өнiмнiң ұсынысы да қысқарады, нәтижесiнде оның нарықтық бағасы өседi. Нарықтық бағаның циклдылық механизмi осындай. Ауыл шаруашылығында баға циклының жалғасымдылығы (продолжительность) ең алдымен өндiрiс процесiнiң ұзақтығымен анықталады.

Мысалы, егiн мәдениетiнiң көпшiлiгi үшiн баға циклы - 1 жыл, құс шаруашылығында –бiрнеше ай, ал еттi мал шаруашылығында –бiрнеше жыл (малды өсiрiп, оны семiртуге қажеттi уақытты есептегенде).

Әрине, өнiм өндiрушiлер өз өнiмiн оған нарықтық баға неғұрлым жоғары болғанда сатқысы келедi. Бiрақ, мынадай: сүт, жұмыртқа, жемiс-жидек немесе көкөнiс өнiмдерi тез бұзылатындықтан уақытында сатылуы тиiс. Сонымен бiрге басқа өнiмдер-бидай, ешмен, тары т.б. оларға деген нарықтық баға белгiлi бiр жоғары деңгейге жеткенше, қоймаларда сапасына еш зиян келтiрмей сақталына алады.

Нарыққа кететiн кез-келген өнiм санының өзгеруi де нарықтық бағаның өзгеруiнiң күтiлуiн, не ұсынысты жылжытатын факторлардың жұмыс iстеуiн көрсетедi, не екеуi бiрге болады.

Ұсыныстың күтiлмеген өзгерiстерi табиғат жағдайларының, аурудың т.б. факторлардың әсерiнен болуы мүмкiн.

Өндiрiстiң қызмет ету процесiнде сұраныс пен ұсыныс маңызды экономикалық және әлеуметтiк қызметтер атқарады.

Бiрiншiден, сұраныс пен ұсыныс нарықтық бағаны реттейдi. Бiрақ олар нарықтық бағаның деңгейiн емес, нарықтық бағаның тауар құнынан ауытқуын реттейдi. Егер нарықтағы тауар саны оның сұранысына қарағанда көп не аз болса, онда нарықтық бағаның нарықтық құнынан ауытқуына жол берiледi.

Нарықта құрылатын баға негiзiнде өнiм өндiрiсiне жұмсалған қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен анықталатын құн жатыр. Бұл еңбек шығындары сұраныс пен ұсыныс қатынасын реттейдi.

Осылайша, сұраныс пен ұсыныс заңы және құн заңы өзара тығыз

52

4.СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС-БАҒА МЕН ӨНДIРIС КӨЛЕМIНIҢ РЕТТЕУШIСI

Өндiрiстi реттеудiң нарықтық механизмiнiң элементтер жүйесiнде сұраныс пен ұсыныс маңызды орын алады.

Нарықтық сұраныс - әрбiр тұтынушының әртүрлi бағадағы нақты бiр тауарға ұсынатын жеке сұраныс көлемiнiң мөлшерi.

Сұраныс заңы мынаны көрсетедi, егер өнiмнiң нарықтық бағасы өссе, бұл өнiмнiң сатылуы қысқарады, ал егер баға төмендесе, өнiмнiң сатылуы артады.

Сұраныс заңының механизмiн қарапайым мысалмен талқылайық.

Мысалы, белгiлi бiр баға деңгейiнде бiр жанұя күн сайын белгiлi бiр алма көлемiн сатып алады. Егер алманың бағасы өссе, онда жанұя оны сатып алуды қысқартады, ал алма белгiлi бiр жоғары деңгейге жеткенде, жанұя алманы сатып алуды мүлдем тоқтатады және бағаның одан әрi жоғарылауы алманы сатып алуға ендi еш әсер етпейдi.

Бiр жағынан, егер алманың бағасы төмендесе, белгiлi бiр төмен деңгейге жеткен кезде жанұя алманы қанша сатып алғысы келсе, сонша сатып алады. Басқаша айтқанда, баға неғұрлым төмен болса, соғұрлым жанұя алманы көп сатып алады. Ал баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз сатып алады. Мiне бұл - сұраныс заңы.

Сұраныс заңы қалай жұмыс iстейдi? Оның негiзгi қозғаушы күшi –қанағаттану болып табылады. Егер сiз белгiлi бiр өнiмдi, мысалы, қалашты күн сайын жеп отырсаңыз, әрбiр келесi желiнген қалаш сiздi одан сайын аз қанағаттандырады да, қалаш сiздiң қалауыңыздан мүлдем шығып қалуы мүмкiн.

Мысалы, асханада тамақтанатын адам түскi аста 10 теңге тұратын бiр қалашпен қанағат болатын. Сатушы оған екiншi қалашты сатуға қызығушылық бiлдiредi. Ол үшiн ол қандай да бiр әрекет етуi тиiс, яғни нарық құруы тиiс. Ол бiр қалаштың бағасын 7,5 теңгеге дейiн төмендетедi де, тұтынушыға тағы бiр қалаш алғызады. Егер сатушы бағаны тағы да төмен деңгейге түсiрсе, онда жаңағы адам үш қалаш алуы мүмкiн. Ал одан сайын көп қалаш алуы үшiн, сатушы бағаны тағы да төмендетуi тиiс. Қалаш тiптi өте арзан болса да, 3-4 қалаштан артық ала алмайды, өйткенi жегiсi келмейдi. Сондықтан сату көлемiн ұлғайту үшiн бағаны төмендету керек.

Төмен баға-нарыққа жаңа сатып алушыларды әкелу факторы. Мысалы көп адам килограмы 240 теңгеге колбаса сатып ала алмайды. Ал егер бағаны 180 теңгеге төмендетсе, колбаса сатып алушылардың саны көбейедi, ал бұрыннан колбаса алып жүрген адамдар одан сайын көп ала бастайды. 49

Келтiрiлген мысалдардан сұраныс заңынан туындайтын бiрнеше қорытынды шығаруға болады:



  • Өнiмнiң iрi партиялары неғұрлым төмен бағамен сатылады.

  • Бағаның өсуi өнiмнiң аз сату кезiнде байқалады.

  • Өнiмнiң бағасы неғұрлым төмен болса, нарықта жаңа сатып алушылар пайда болады, ал бұрыннан сатып алып жүргендер одан да көп өнiм санын сатып ала бастайды.

  • Өнiмнiң бағасы неғұрлым жоғары болса , кейбiр сатып алушылар оны мұлдем сатып алуды доғарады, ал кейбiреулерi – аз мөлшерде сатып алады.

Сонымен, сұраныс заңы нарықтағы өнiм саны мен оның бағасына байланысты.

Бiрақ та сұранысқа әсер ететiн басқа да факторлар бар.

Мынадай факторлардың: тұтынушылар санының, олардың қалаулары мен табыстарының бәсекеге түсетiн өнiмдерiнiң өзгеруi өнiм бағасы бiр қалыпты болса да сұраныстың өзгеруiн тудырады. Бұл факторлар “сұранысты қозғалту факторлары” деп аталады. Олар баға мен талап ететiн өнiм саны арасындағы арақатынасты- жылжыту тенденциясын иеленедi. Мысалы, Солтүстiк Қазақстандағы тұрғындар табысының өсуi (жылжуы) баға деңгейiне тәуелсiз сұйық май сұранысын арттыруды тудырады.

Нарықтық сұранысты жылжытудың жекелеген факторларын қарастырайық:

-Тұрғындардың өсуi. Адам көп болған сайын, көп тамақ, киiм, баспана, тауарлар мен қызметтер талап етiледi.

-Тұрғындар қалауларының өзгеруi. Мысалы, Солтүстiк Қазақстанда соңғы жылдары шошқа етiне сұраныс азайды. Олар шошқа етiне қарағанда жылқы етiн, қой етiн қалайды. Әрине, бұл жерде дәстүр де маңызды орын алады.

-Тұтынушылар табысының өзгеруi. Мысалы, бiздiң зерттеулерiмiздiң көрсетуi бойынша, бiздiң республикада жан басына шаққандағы ақшалай табыстың өсу қарқыны азық-түлiк бағасының өсу қарқынына қарағанда 2,5-3 есе артта қалып келуде. Нәтижесiнде 2/3 тұрғындардың астамы орта деңгейден төмен табысты иеленедi де, негiзiнен көбi нан , картоп және сүт өнiмдерiн тұтынуымен шектеледi.

-Бәсекеге түсетiн өнiмдер бағасының өзгеруi. Мысалы, егер қой етiнiң бағасы өссе, сиыр етiне сұраныс та тез өседi.

-Тұтынушылардың күтуi. Егер баға одан да жоғары өседi деп күтсе, адамдар тiптi жоғары бағаға болса да өнiмдi бүгiн сатып алуы мүмкiн.

50

Сол секiлдi, егер бағаның ертең одан да төмен түсетiндiгiн сезсе, олар өнiмдi төмен бағаға болсын бүгiн сатып алмайды.



Нарықтық ұсыныс – бұл белгiлi бiр уақыт аралығындағы өндiрушiлердiң нарықта әрбiр бәсекелiк баға бойынша өндiруге және ұсынуға мүмкiндiгi бар өнiмнiң әртүрлi мөлшерi. Ұсынысқа тек қана өнiм бағасы емес, сонымен бiрге жылжыту факторлары да әсер етедi.

Ұсыныс заңы мынаны көрсетедi.: егер өнiм бағасы төмендесе, нарыққа түсетiн бұл өнiмнiң саны азаяды.

Ұсыныс заңының әрекет ету механизмi өндiрiс шығындары табиғатына сай. Егер өндiрушi өндiрiстi ұлғайтса, алынған өнiмнiң әрбiр қосымша бiрлiгi өндiрiс шығындарының өсуiмен байланысты. Өнiмнiң соңғы бiрлiгiн өндiру шығындары осы өнiмнiң нарықтық бағасына тең болған жағдайда өндiрушi өндiрiс көлемiн қысқартады.

Неғұрлым жоғары баға өндiрiстiң ұлғаюына ықпал жасайды және керiсiнше, баға төмендесе, ұсыныс азаяды.

Нарықтық бағаның өзгеруiнен басқа ұсынысқа жаңа технология, құнарлылық, климат, ауа-райы т.б. жағдайлар әсер етедi.

Сұраныс жағдайындағы секiлдi, ұсыныста да ұсыныс заңының әрекет етуiне әсер ететiн өзiнiң “жылжыту факторлары” бар:



  • Ресурстар бағасының өзгеруi. Мысалы, минералды тынайтқыштарға бағаның өсуi бидай және егiн шаруашылығының басқа да өнiмдерi ұсынысын азайтады.

  • Технологияның өзгеруi. Мысалы, бидай өндiрiсiнiң интенсивтi технологиясын қолдану бидай ұсынысын арттырады.

  • Басқа тауарларға бағаның өзгеруi. Мысалы қой етi мен шошқа етi бағасының өсуi сиыр етi ұсынысын арттырады.

  • Тасымалдаушылар санының өзгеруi. Мысалы, сиыр етiн өндiретiн шаруалар санының өсуi сиыр етi ұсынысын көбейтедi.

  • Тұтынушылар күтулерiнiң өзгеруi. Мысалы, ауылшаруашылық өнiмдерiне бағаның күтiлген өзгерiсi оның ұсынысын өзгертуi мүмкiн. Мұның мәнi мынада, өндiрiс шешiмдерiнiң көбi өнiмнiң нарықтық бағасы белгiленгенге дейiн қабылдануы тиiс. Бұл жағдайда өндiрушiлер күтiлген бағаға қарайды. Олар неғұрлым рентабелдi деп күтiлетiн өнiм санын аз өндiрудi шешедi. Бұл шешiмдер қате болуы мүмкiн.

Ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлер өз күтулерiн, жобалауларын бұрынғы жылдардағы баға деңгейiне негiздейдi.Егер ағымдағы жылы нақты бiр өнiмнiң нарықтық бағасы жоғары болса, онда келесi жылы

51

технологияны тиiмдi қолдану мүмкiндiгi арқылы және өндiрiстi тиiмдi ұйымдастыру арқылы өнiмнiң өзiндiк құнын төмендету→ бұрыңғы пайданы сақтау және оны арттыру.



Тауардың ТҚД-iн бұрыңғы және неғұрлым жоғары бағада да артыруға болады. Салдары: сату көлемiн кеңейту → өнiм шығаруды арттыру → өзiндiк құнның артуы мүмкiн→ пайданың артуы мүмкiн.

Тауар сатылуын ұйымдастыру деңгейiнiң (СҰД) артуы да осыған ұқсас.

Тауар өндiрушi төмендетiлген баға белгiлей отырып, өз өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырады, сәйкесiнше оның тиiмдi сатылуы да мүмкiн. Егер өндiрушi жеңiске деген сенiмдiлiгiмен нарыққа шықса, ол өз өнiмiне бағаны алдын-ала белгiлеуi мүмкiн. Мұндай бағаны белгiлеу үшiн 4-формуладан алынған формула ұсынылады.

Бқ=Бб (5)

Мұнда Бқ-белгiлi бәсекелiк қабiлеттiлiк деңгейiн көрсететiн қарастырылған тауардың бағасы.

Бб- бәсекелес тауардың бағасы.

ТҚДқ және ТҚДб қарастырылатын және бәсекелес тауарлардың тұтыну құны деңгейлерi.

СҰДқ және СҰДб – сол секiлдi, тек сатуды ұйымдастыру деңгейi.

БҚқ/б – қарастырылатын тауардың бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейi (тепе-теңдiк ) жағдайда, қарастырылатын және бәсекелес тауар үшiн БҚқ/б=1 болады.

Күштi бәсекелiк күресте фирмалар өз өнiмдерiнiң бәсекелiк қабiлеттiлiгiн арттырудың барлық әдiстерiн, барлық бағыттарын қолданады. Бұл мағынада бәсеке – агроөнеркәсiптiк фирмалар әрекетiн реттеудiң тиiмдi механизмi ғана емес, сонымен бiрге техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық дамудың күштi қозғаушы күшi.

Нақты бiр фирма үшiн, АӨК тұтас немесе агроөнеркәсiптiк кешеннiң саласы үшiн бәсекеде қандай бағыт неғұрлым тиiмдi-бұл қарапайым сұрақ емес.

Өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiк деңгейiн арттырудың өнiмдi техникалық жетiлдiруден бастап нарықты таңдауға дейiнгi көптеген варианттары мен әдіс-тәсілдері бар. Оларды жүзеге асыру әртүрлі шаралар мен шығындарды талап етеді. Бұл шаралардың нәтижесі де

80

тауар, бәсекеге қабiлеттi өнiм деген түсiнiктер қалыптасады . Бұл туралы толығырақ төменде көрсетiлген. 3 және 4-суреттерде 0q5 және 0q6 сызықтары, 5 және 6-суреттерде 0q3 және 0q4 сызықтары сұраныс пен ұсыныс осiнде нарықтағы белгiлi бiр уақытта (апта, ай, жыл) сатылатын тауарлардың жалпы санын бейнелейдi. Егер нарықта тек бiр сатушы-өндiрушi болса, проблема болмас едi.Бiрақ нарықта сатушылар көп және әрбiреуi өз мүмкiндiктерi мен қызығушылықтары бойынша жалпы сатылған тауар санында өз үлестерiн көбейтуге тырысады. Нарықта белгiленген жалпы сауда көлемiнде “А” сатушысы “Б”, “Г” немесе т.б. сатушыларды ығыстыру арқылы өзiнiң сату үлесiн көбейте алады.



Бәсеке, яғни нарықтағы орын үшiн күрес осылайша туындайды.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



61


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау