265
Бинарлық сабақтың әдістемесі дәстүрлі сабақ тақырыптарының
әдісінен ерекшеленеді, яғни кез келген тақырып бойынша екі мұғалім бір
мезгілде сабақ өткізеді.
1-кесте. Бинарлық сабақ өткізу барысындағы сәйкестік
Тілдік емес пән мұғалімінің іс-
әрекеті
Ағылшын тілінде оқушының іс-
әрекеті
Мақсат қою
Өткен сабақтардың материалдары
бойынша оқушыларды сұрау
Орындалған тілдік
дағдылардың
меңгерілуі
Оқылатын тақырыптың теориялық
сұрақтарын баяндау. Оқушылардың
сұрақтарына жауап беру
тілдік іс-әрекеттің түрін дамытуға
арналған оқу тапсырмаларын
орындау барысында тақырып
бойынша
теориялық тапсырмаларды
пайдаланудың тәсілдерін түсіндіру
Сабақтың теориялық материалын қабылдау және
тілдік құзыреттіліктерді
меңгеру деңгейінің сапасын бақылау
Оқушылардың практикалық
жұмыстарды, жаттығуларды түсініп
орындауларын, теориялық
тапсырмаларды тәжірибеде дұрыс
пайдалануларын бақылау
Тілдік
дағдыларға жаттығу процесі
барысында оқушыларға
нұсқаулықтар беру
Тақырыпты
аяқтау барысында қорытындылау, бекіту сабағы ретінде
бинарлы
сабақ өткізу өте тиімді болып табылады.
Тіл - оқыту бағдарламасына кіріктірілген, ал тақырыптық материалды
талқылау үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып аясында тілді
қолдануға ынталандыруды айтарлықтай арттырады. Бұндай сабақтар білімді
меңгеруді ынталандыру және пәндік қажетті біліктерді дамыту бойынша көп
жұмыс жүргізуді қарастырады. Бұған тек қана нақты пәнді зерделеу және
266
тілді оқыту үшін қажетті арнайы іріктеліп алынған мәтіндерді оқу мүмкіндік
жасайды.
Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту ең алдымен тілдік іс-әрекеттің төрт түрін
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған.
- тыңдалымға үйрету:
ауызша ақпаратты түсіну және қабылдаумен
байланысты тілдік әрекет
; аудиомәтінмен жұмыс істеу; тыңдауды тиімді
пайдалану; тілдік және мағыналық тіректерді пайдалану; жұмыстың
нәтижесі;
Тыңдалым дағдысын дамыту үшін материалдың бір бөлігі аудиомәтін
түрінде, сөйлесім дағдысын дамыту үшін – диалог және әңгімелесу арқылы
берілуі тиіс. Тыңдалымды жазумен байланыстыруға болады (мысалы, кесте
толтыру, сызбанұсқа
құрастыру, бос орындарды толтыру).
– айтылымға үйрету: сөйлеуге арналған диалог-үлгілер, тапсырмалар
(ауызша, жазбаша); оқушыларға көмек ұйымдастыру және диалогтік
(монологтік) пікір айтуды құрастыруды басқару; мұғалімнің қолданған ойын
тәсілдері мен проблемалық
тапсырмаларының тиімділігі;
– оқуға үйрету: оқу техникасы дағдыларын және оқығанды түсіну біліктерін
қалыптастыру; тапсырмаларды және жаттығуларды қолдану; жұмыс істеудің
әр кезеңі міндеттерінің дұрыс шешілуі; ұсынылған сұрақтардың дұрыс
жауабын табу, мәнмәтінді ауызша сөйлеуді дамытуға арналған негіз ретінде
қолдану, оқытудың бұл сатысында мәтінді осылайша қолданудың
мақсаттылығы; жаттығулардың тиімділігі;
– жазуға үйрету: тәсілдер мен тапсырмаларды қолданудың дұрыстығы;
оқытудың мақсатымен сәйкестігі (шығармада жазбаша мазмұндау, диалогтегі
қақпа сөздердің кеңеюі, хат, аннотация жазу; аудару, болашақта хабарлама,
баяндама жасаудың жоспарын құрастыру, неғұрлым маңызды сөйлемдерді
анықтау, жоспар, тезистер, тірек сөздер және сөз тіркестерін оқу процесінде
конспект құрастыру);
Сабақта тілдесу әрекетінің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасалуы тиіс.