Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет78/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102

261 
 
Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді: 
ана  тілін,  ата  тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды 
жетім  балалар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлеріндегі  әжелер  мен  аталар, 
нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың  алдын  алып,  болдырмаудың  негізгі  жолы.  Ұлттық  тәрбие  алған 
ұрпақ  дені  сау,  білімді,  ақылды,  ұлтжанды,  еңбекқор,  сыпайы,  кішіпейіл 
болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. 
Қорытынды  сөзімді  ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
жастарға  арнап  айтқан  сөзімен  аяқтағым  келім  тұр:  «Жас  қазақстандық 
азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы 
және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс». 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бурбаев Т.Қ. Ұлт менталитеті - А., 2002. 
2.  Қазақ халқының философиялық мұрасы. /Аударма/ - Астана: Мәдени 
мұра, 2006. 
3.  Бөлеев Қ., Бөлеева Л.Қ. Мұғалім және ұлттық тәрбие. –А.: Нұрлы 
Әлем, 2000.  
4.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбие тарихы дәрісінің 
бағдарламасы. –А.: РБК, 1994. 
5.  Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: 1 том /Құрастырғандар 
Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. –А.: Рауан, 1994. 
6.  Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие.- А.: Білім, 1995. 
7.  Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – А.: Әл-Фараби, 1995. 
8.  Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. Оқу бағдараламасы. –А.: Әл-
Фараби атындағы ҚМҰУ, 1999.  
9.  Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –А.: РБК, 
1994.  
10.  "Қазақстан-2030" даму стратегиясы. 
11.  Қорқыт ата /Энциклопедиялық жинақ/. - А., 1999. 


262 
 
12.  Интернет материалдары. // 
http://kk.wikipedia.org/wiki/этнос
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ 
ЖАҒДАЙЫНДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 
 
                                           Оспанова Гульмира Нургазыевна, 
химия және биология пәндерінің мұғалімі,  
техника және технологиялар ғылымының магистрі, 
№4 «Болашақ» облыстық дарынды  
балаларға арналған мамандандырылған  
мектеп-интернат КММ 
           Степногорск қаласы, Ақмола облысы 
            
Summary 
Teaching  in  three  languages  will  open  new  horizons  for  our  future 
generation.  It  will  give  us  a  chance  to  learn  miracles  of  world  science, and  show 
our  own  knowledge  and  achievements.  Developing  Kazakh,  using  Russian,  and 
learning English are the requirements of the modern world.  
 


263 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесін,  оның 
ішінде  жалпы  орта  білім  беруді  жетілдіру  бойынша  кең  көлемді  іс-шаралар 
жүзеге асырылуда. 
«Қазақстан  Республикасында  білімді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019 
жылдарға  мемлекеттік  бағдарламасының»  басты  мақсаттарының  бірі  жалпы 
орта  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  болып  табылады.  Бұл  оқытудың 
құзыреттілікке  бағдарланған  оқыту  моделіне  біртіндеп  өтуге  жағдай 
жасайтын  білім  беру  жүйесін  дамыту  бағдарламасын  әзірлеуді  және  жүзеге 
асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламалардың бірі - «Үш тілде білім беруді 
дамыту» пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы.  
Пәндік-тілдік  кіріктіріп  оқыту  ұстанымын  қолдану  шет  тілін  оқуға 
бөлінген уақыт мөлшерінің аздығынан және оны меңгеру деңгейіне қойылған 
талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр. Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді 
бірдей  оқытуды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  алайда негізгі  назар  тілге 
де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін.  Пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа 
тәсілдері де қолға алынып отыр. Ал білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды 
ұйымдастырудың  әдістері  мен  түрлерін,  сондай-ақ  түрлі  пәндерді  кіріктіріп 
оқыту  сабақтарында  қолдануды  талап  етеді.  Сол  себепті  де  білім  берудің 
жаңа  технологиялары  пайда  болуда,  олардың  бірі  –  CLIL  пәндік-тілдік 
кіріктіріп оқыту технологиясы. 
CLIL  технологиялары-  шет  тілін  басқа  пәндерді  оқытуда  оқудың 
қажетті  құралы  ретінде  қарастырылады.  Яғни  тілді  үйрену  кез  келген  пән 
саласы  арқылы  жүргізіледі,  демек  CLIL  шет  тілі  сабағы  емес,  шет  тілінде 
өтетін  пән  сабағы.  Сонымен  бірге  оқушылардың  тілдік  қарым-қатынастағы 
қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағдай жасайды. 
CLIL  (Content  and  Language  Integrated  Learning)  өз  мәнінде  бұл 
дегеніміз -шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.  
CLIL негізін мынаны құрайды:  

 
CONTENT (Мазмұн) – бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, 
біліктер мен дағдылар; 


264 
 

 
COMMUNICATION  (Қатынас)  –  бұл  оқытуда  шет  тілін  пайдалану 
біліктері; 

 
СOGNITION (Таным) – бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты 
және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;  

 
CULTURE  (Мәдениет)  –  бұл  өзін  мәдениеттің  бір  бөлігі  ретінде 
ұғыну, сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.  
CLIL  технологиясының  мақсаты  –  жаратылыстану-математика  бағытындағы 
(информатика,  физика,  химия,  биология,  жаратылыстану)  пәндер  мен 
ағылшын  тілін  кіріктіріп  оқыту  әдістемесі.  Кіріктіріп  оқыту  барысында 
идеялар  мен  ұстанымдардың  ұқсастығы  айқын  байқалады,  сонымен  бірге 
алынған білімді түрлі салаларда пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Сондай-
ақ, кіріктіріп оқыту барысында екі немесе одан да көп пәнді қарастыру және 
әлемдегі  құбылыстар  мен  нысандардың  өзара  тығыз  байланысын  көрнекі 
көрсету  мүмкіндігі  болады.  Пәндерді  кіріктіріп  оқытудың  ұстанымдарының 
басты  мақсаты  –  оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуды  жүзеге  асыруға 
бағытталған.  Барлық  тапсырмалар  ең  алдымен  коммуникативтік,  яғни  шет 
тілінде  жазбаша  және  ауызша  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын  дамытуға 
бағытталған  болуы  тиіс.  Кіріктіру  барысында  түсіндіру-көрнекілік,  іздеу, 
зерттеу  әдістері,  пікірталас,  білімнің  түрлі  дереккөздері,  теледидар 
бағдарламалары,  кино  үзінділері,  мультимедиа  курстары,  интернет-
технологиялары,  оқыту  мен  бақылаудың  басқада  техникалық  құралдары 
қолданылады.  Сонымен  қатар  топтық,  ұжымдық,  жұптық,  жеке  жұмыс 
түрлері кеңінен қолданылады 
       Оқытудың  бинарлық  моделі  екі  мұғалімнің  өзара  қарым-қатынас 
жасауын  қарастырады.  Бұндай  сабақтарды  құрастыру  барысында 
байланысты пәндер мұғалімдерінің ынтымақтасып жұмыс істеуі емес, тілдік 
пәннің  және  тілдік  емес  пәннің  мұғалімдерінің  бірігіп  сабақ  өткізуі  негізгі 
қиындықты туғызады.  


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау