Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10012 тіркелді
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 47) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметі қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын Олимпиадалық даярлау орталығының қызметі қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметі қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар мен жасөспірімдердің дене даярлығы клубтарының қызметі қағиидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу жиыны процесі жүзеге асырылатын спорт клубтарының, мүгедектерге арналған спорт клубтарының қызметі қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын кәсіпқой спорт клубтарының қызметі қағидалары;
9) осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының қызметі қағидалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен
бекітілген
1-қосымша
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процессі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектерге арналған спорт мектебі.
2. Олимпиада резервін даярлау орталығы.
3. Олимпиадалық даярлау орталығы.
4. Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі.
5. Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы.
6. Спорт клубы, мүгедектерге арналған спорт клубы.
7. Мамандандырылған спорт клубы.
8. Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы
№ 106 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша
Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептерінің (бұдан әрі – спорт мектептері) қызметі тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде балаларды, жасөспірімдерді, юниорларды және жастарды, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды (бұдан әрі – мүгедектер) (бұдан әрі – оқушылар), спорт түрлерінен дайындау мақсатында қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске асырылады.
3. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жатады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Спорт мектептерінің республикалық, облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болуы мүмкін. Спорт мектептерінің мәртебесі оның құрылтайшысымен анықталады және спорт мектептерінің жарғысында көрсетіледі.
5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) резервтік құрам – спорт түрлері бойынша бөлімшілердің негізгі топтарының құрамына кірмеген, бірақ осы мектептің жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен шұғылданатын спортшылар;
2) спорттық нормативтері – орындалуы тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылатын оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып, спорт мектептерінің оқушыларына қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары;
3) тұрақты құрам – спорт мектебінің контингентіне директордың бұйрығымен қабылданған спортшылар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мақсаттары және міндеттері
6. Спорт мектептерінің негізгі мақсаттары:
1) оқушыларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
2) оқушылардың белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау;
3) оқушыларды спорт түрлеріне оқыту және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.
7. Спорт мектептерінің негізгі міндеттері:
1) оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене мүмкіндігінің жетілуіне бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру;
2) жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;
3) спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
8. Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектептері:
1) жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;
2) қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;
3) жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;
4) алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;
5) спорттық жарыстарды жүйелі өткізеді және оқушылардың спорттық жарыстарға белсенді қатысуын қамтамасыз етеді;
6) оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.
3. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру және оқудан шығару тәртібі
9. Оқушыларды қабылдау, ауыстыру, оқудан шығару және олардың оқуды бітіруі жаттықтырушы-оқытушының оқушыға ұсынымы бойынша спорт мектебі директорының бұйрығымен ресімделеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Спорт мектебіне мына құжаттарын берген жалпы білім беру мектептерінің және басқа да білім беру мекемелерінің оқушылары қабылданады:
1) оқушының ата-анасы немесе оның ресми өкілдері қол қойған қабылдау туралы өтініш;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Бұйрығы «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген 026 нысандағы баланың медициналық картасы.
3) № 907 Бұйрықпен бекітілген 088/у нысандағы медициналық құжаты (тұрғылықты жері бойынша мүгедектер тапсыратын медициналық-санитарлық сараптамасының анықтамасы (бұдан әрі – МССК).
10-1. Спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау топтарына қабылдау үшін оқушылардың жасы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Спорт түрлеріне байланысты оқушылардың жасы «Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығымен реттеледі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9881 тіркелген.
12. Оқушыларды келесі оқу жылына және келесі оқу кезеңі топтарына ауыстыру:
1) тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген денсаулығы туралы медициналық анықтамасы бар болғанда;
2) тұрғылықты жері бойынша МССК анықтамасы бар болғанда (мүгедектер тапсырады);
3) осы топтарға арналған және спорт мектебінің директоры бекіткен спорттық нормативтерді орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Спорттық нормативтерді тапсырмаған оқушылар келесі топтарға ауыстырылмайды. Осы оқушылар спорт мектебі педагогикалық кеңесі шешімінің негізінде осы даярлау кезеңінде бір реттен артық емес оқу жылында қайтадан оқуды жалғастырады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Тиісті оқу жылының спорттық нормативтерді орындаған, бірақ келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін белгіленген жасқа жетпеген оқушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын ауыстырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Оқушылар мына жағдайларда оқудан шығарылады:
1) медициналық қарсы айғақтары болған жағдайда;
2) жеке дайындық жоспарларының талаптарын орындамағанда, спорттық дайындық тәртібін бұзғанда;
3) өзінің спорттық нәтижесін төмендеткенде;
4) спорт мектебінің ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда;
5) спортта тыйым салған субстанциялар және (немесе) әдістерді қолданғанда;
6) өз еркімен.
16. Оқушылар топтан шыққан жағдайда, жаттықтырушы-оқытушы топты бір ай мерзім ішінде толықтырып жасақтайды.
Оқу жылы аяқталған кезде спорт мектептеріндегі топтардың сандық құрамы алғашқы құрамынан кемінде 50%-ды құрауы тиіс.
4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
17. Спорт мектебінде оқу барысында оқушылар келесі дайындық кезеңдерінен өтеді:
1) спорттық-сауықтыру даярлығы кезеңінде (оқудың барлық кезеңі) – сабақтар денсаулығын нығайту және қозғалудың табиғи қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданғысы келетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылармен өткізіледі;
2) алғашқы даярлау кезеңі (1-3 жыл) – сабақтар оқу-жаттығу топтарына дарынды оқушыларды іріктеу мақсатында осы спорт түріне белгіленген жасқа сәйкес спортпен шұғылданғысы келетін балалармен өткізіледі;
3) оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (4-5 жыл) – топтар спорт түрі бойынша мамандану мақсатында алғашқы спорттық даярлау курсын табысты игерген оқушылардан жасақталады;
4) спорттық жетілдіру кезеңі (3-4 жыл) – топтар жастар құрама командаларын толықтыру мақсатында оқу-жаттығу топтарында даярлану кезеңінен өткен және бақылау нормативтерін орындаған оқушылардан жасақталады;
5) жоғары спорт шеберлігі кезеңі (3 жыл және одан жоғары) – топтар спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын толықтыру мақсатында спорттық жетілдіру кезеңінен өткен оқушылардан жасақталады.
18. Әр оқушыға осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес спортшылардың жеке карточкасы ашылады.
19. Спорт мектептері жұмысының негізгі нысандары мыналар:
1) оқу-жаттығу сабақтары (жеке және топтық);
2) көшпелі оқу-жаттығу жиындарындағы және көшпелі емес оқу-жаттығу жиындарындағы оқу-жаттығу сабақтары;
3) спорттық жарыстарға қатысу;
4) спорттық-сауықтыру лагерлеріндегі оқу-жаттығу процесі;
5) медициналық қалпына келтіру іс-шаралары;
6) теориялық сабақтар;
7) оқушылардың нұсқаушылық және төрешілік іс-тәжірибелері;
8) спорттық жарыстарды көру және талдау болып табылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Спорт мектептерінде оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Спорт түрлері бойынша бөлімшелердегі оқу-жаттығу сабақтары оқу-жаттығу сабақтарының 52 аптаға есептелген оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша тікелей спорт мектебінің жағдайында, оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға, спорттық-сауықтыру лагерлерінде қатысуды қоса алғанда және спорт мектептерінің демалысы кезіндегі жеке жоспары бойынша жүргізіледі.
21. Осы Қағиданың негізінде әрбір спорт мектебі өзі таңдаған жұмысты, спорт түрлерінің ерекшелігін, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді есепке алып, қызмет бағдарламасын әзірлейді. Қызмет бағдарламасын спорт мектебінің директоры бекітеді.
22. Спорт мектебінің спорттық жетістіктері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес спорт мектебінің картасында көрсетіледі.
23. Оқушылар және оқу топтартарының спорт мектебінде білім алған кезінде спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері жарыстарды өткізу циклінің ішінде (бір, екі, төрт жылда) спорт мектебі қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу бойынша үстемеақыны айқындау кезінде ескеріледі.
24. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген спорт мектептерінің командалары мен оқушыларын дайындау үшін спорт мектептері қаржыландыру шегінде тікелей осы елді мекенде орналасқан оқу-жаттығу жиындарында өтетін ұзақтығы он сегіз күнтізбелік күнге дейін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жарыстарға, ұзақтығы жиырма бір күнтізбелік күнге дейін республикалық және ұзақтығы жиырма төрт күнтізбелік күнге дейін халықаралық жарыстарға көшпелі оқу-жаттығу жиындары мен жиындар, сондай-ақ жарыс маусымы аяқталған соң қалпына келтіру жиындарын өткізеді, олардың жалпы саны жылына жүз елу күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Спорттық-сауықтыру топтары мен алғашқы даярлау топтарындағы сабақтар жалпы білім беретін мектептердің ғимаратында және басқа да оқу мекемелерінің оқу жылы бойы қолда бар спорт ғимараттарын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін. Топтар үшін белгіленген көлемде оқушылар контингенті болған жағдайда, олармен сабақтар демалыс кезінде де жалғаса береді.
Жыл бойғы оқу жаттығулары мен оқушылардың демалыс кезінде белсенді тынығуын қамтамасыз ету үшін спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
26. Бір сабақтың ұзақтығы:
1) спорттық-сауықтыру топтарында және алғашқы даярлау топтарында - екі-үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
2) оқу-жаттығу топтарында аптасына кемінде төрт рет сабақ өткізу кезінде - үш-төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, аптасына жиырма сағат және одан да көп жүктемесі бар топтарда – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс, күніне екі рет жаттығу сабағы болған кезде – үш академиялық сағаттан аспауы тиіс;
3) спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында – төрт академиялық сағаттан аспауы тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында сабақты спорт түрі бойынша негізгі жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.
Оқу-жаттығу процесінде көмек көрсету үшін қосымша жаттықтырушы-оқытушы тартылады. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес бірінші топқа енгізілген спорт түрлерінде аралас спорт түрлерi бойынша, жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар, жаттықтырушы-кеме жүргізуші, жаттықтырушы-кеңесші, жаттықтырушы-сервисмен, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-техник, жаттықтырушы-дәрігер, жаттықтырушы-механик, жаттықтырушы-қару-жарақ жасақтаушы, мал дәрігері, зоотехник, ұста, ат бағушы, әбзелші, жылқышы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-берейтор (бессайыс), хореограф, аккомпониатор, психолог, сервисмен-конькиді қайраушы, сервисмен-шаңғы майлаушы тартылады.
Спорт мектебінің директоры, директордың орынбасары және нұсқаушы-әдіскер тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушы-оқытушылық жұмысты жүргізеді. Бұл ретте жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс үшін төлем 0,5 ставкадан аспауы тиіс.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Қазіргі бессайыс (биатл, триатл) бойынша сабақтарға оқу жүктемесін есептеу кезінде оқу сағат саны 2,5 есеге көбейтілуі тиіс, спорттық және көркем гимнастика, конькимен мәнерлеп сырғанау, суға секіру, акробатика, үйлесімді жүзу, биатлон, фристайл, су шаңғысы спорты, триатлон бойынша 2 есеге, ал шаңғы қоссайысы, жеңіл атлетика көпсайысы, ат спорты, полиатлон, есу слаломы, байдарка мен каноэде есуде, академиялық есуде оқу бағдарламасына енетін жаттықтырушы-оқытушылардың еңбек ақысын есепке алып, 1,5 есе көбейтілуі тиіс.
Берілген спорт түрлері бойынша оқу сабақтарының сағат есепке алып санын көбейту негізгі жаттықтырушы-оқытушының және ұқсас спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың топтарын бірге бір мезгілде жұмысқа тартқан жағдайда жүзеге асырылады.
5. Жинақтау тәртібі, топтардың толықтырылуы, оқу-жаттығу жұмысының тәртібі
29. Спорт мектептерінің құрылымында тұрақты және резервтік құрам болады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Республикалық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
Облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі бар спорт мектебіндегі оқушылар контингентін, оқу топтарының санын, оқу сағаттарының жылдық есебін және штаттық кестені жыл сайын бірінші қыркүйектен кешіктірмей дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша спорт мектебінің директоры бекітеді.
Спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының алғашқы даярлау топтарын жасақтау күнтізбелік жылдың бірінші қазанына дейін жүргізіледі.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Мүгедектер арасындағы оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және топтардың толықтырылуы осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Жаттықтырушы-оқытушылар бастауыш даярлықтың резервтік тобын жасақтайды, оның саны спорт түрі бойынша алғашқы оқу жылының алғашқы даярлық тобындағы оқушылардың санынан кемінде 50%-ын құрайды. Жаттықтырушы-оқытушылар алғашқы даярлықтың резервтік топтарындағы оқушылардың саны туралы ай сайын есеп жасайды.
Спорттық және би жұптары үшін мәнерлеп сырғанаудан спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарында оқушылардың саны төрт адамды құрайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Спорт мектептерінің жоғары спорт шеберлігі топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортынан, шорт-тректен, жеңіл атлетикадан «Спорт шеберіне үміткер» разрядын, ал қалған спорт түрлерінде «Қазақстан Республикасының спорт шебері» дәрежесінен төмен емес атақ алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің спорттық жетілдіру топтарына ойын спорты түрлерінен, көкпардан, коньки спортына және жеңіл атлетикадан бірінші спорттық разряд, ал қалған спорт түрлерінде «Спорт шеберіне үміткер» дәрежесін алған оқушылар ауыстырылады.
Спорт мектептерінің оқу-жаттығу топтарына алғашқы даярлық кезеңінде кемінде бір оқу жылында оқыған оқушылары қабылданады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Спорт мектептерінде спорт түрлерінен бөлімшелер алғашқы даярлау топтарынан, оқу-жаттығу топтарынан, спорттық жетілдіру топтарынан және жоғары спорт шеберлігі топтарынан құрылады.
Облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу тиісті жергілікті атқарушы органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
Республикалық спорт мектептерінде спорттық жетілдіру топтарын ашу, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық спорт мектептерінде жоғары спорт шеберлігі топтарын ашу уәкілетті органның келісу бойынша спорт мектебі директорының шешімімен жүзеге асырылады.
35. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жұмысы:
1) алғашқы даярлау топтарында – оқу топтары құрамының тұрақтылығы жалпы дене дайындығы бойынша талаптарды қоса алғанда, оқушылардың спорт мектептері бағдарламаларын игеру деңгейі, оқу-жаттығу топтарына ауыстырылған шұғылданушылардың санын есепке алып;
2) оқу-жаттығу топтарында – топ құрамының тұрақтылығы, жалпы және арнайы дене дайындығының нормативтік көрсеткіштерін орындауын, спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелерін және кемінде екінші жасөспірімдік спорттық разрядының болуын, түлектер арасынан спорт төрешілерін дайындауды есепке алып;
3) спорттық жетілдіру топтарында – шұғылданушылардың бағдарлама, соның ішінде спорттық даярлау талаптарын орындауларын, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлер саны, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып;
4) жоғары спорт шеберлігі топтарында – спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына (негізгі, жастар және жасөспірімдер құрамы) даярланған үміткерлердің санын, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетуінің нәтижелерін ескере отырып бағаланады.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Әр жаттықтырушы-оқытушыға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жаттықтырушы-оқытушы жеке карточкасы ашылады.
37. Спорт мектептерінде педагогикалық кеңес құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
Педагогикалық кеңес тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Педагогикалық кеңес отырысында оқу-жаттығу, тәрбие, әдістемелік, спорттық-бұқаралық жұмыстар, дәрігерлік бақылау тыңдалады және талқыланады және солар бойынша шешімдер қабылданады.
38. Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде егер олардың әрқайсысының басшылығымен толық жүктемемен кемінде 3 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейтін болса, онда спорт мектебі директорының бұйрығымен жетекші жаттықтырушы-оқытушылар арасынан бөлімшенің аға жаттықтырушы-оқытушылары тағайындалады.
39. Спорт түрлерінен бөлімшелерде жаттықтырушылар кеңесі құрылады, оның ережесін және құрамын спорт мектебінің директоры бекітеді.
Жаттықтырушылар кеңестерінде бөлімшелердің аға жаттықтырушы-оқытушыларының басшылығымен айына бір реттен кем емес оқу-жаттығу, тәрбие жұмысы, оқушыларды даярлаудың жеке жоспары, жарыстарға қатысу мәселелері қарастырылады, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесі, кейіннен оларды талқылай және жұмыс тәжірибесімен алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу әдістемелерін жетілдіру жөніндегі хабарламалар мен баяндамалар тыңдалады.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
40. Спорт мектебі жұмысшыларының штатын спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлерін және спорт ғимараттарын ескере отырып, уәкілетті органның (спорт мектебінің республикалық мәртебесі болған жағдайда) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның (спорт мектебінің облыстық, қалалық және аудандық мәртебесі болған жағдайда) келісуімен спорт мектебінің директоры бекітеді.
41. Спорт мектептері спортшыларды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамын заңнамада белгіленген тәртіпте спорттық киіммен, аяқ-киіммен, мүкаммалмен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді.
42. Спорт мектептері үшін бірыңғай спорттық форма, таңба, төс белгісі және оқушы билеті белгіленеді.
6. Медициналық қамтамасыз ету
43. Спорт мектебінің медициналық қызметкері оқу-жаттығу үрдісі кезінде және мектеп жарыстарын өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жаттығу жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын бақылауды, жыл сайынғы медициналық тексерудің кестесі және үрдісін қадағалайды, спортшыларды даярлаудың жеке жоспарын құруға және бекітуге қатысады.
Спорт мектебінің әр оқушысына дәрігерлік-бақылау картасы толтырылады, ол мектебінің медициналық кабинетінде сақталады.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі
спортшыларды даярлау жөніндегі
оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын
балалар-жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт мектептері
қызметі қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Спортшының жеке карточкасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2016 № 136 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған кезде) ____ Туған жылы, айы, күні ___
Спорт түрі __________________________________________________________
Спортпен шұғылдану сабақтарының басталған жылы, айы _________________
Спорт мектебі _______________________________________________________
Спорт қоғамы _____________________________ Қала _____________________
1-кесте
Топтар
|
Оқу жылы
|
Тексерілген күні
|
Физикалық дамуы
|
Медициналық қорытынды
|
бойы
|
салмағы
|
табанының ұзындығы
|
саусақтарды жұму күші
|
ӨӨК
|
ОЕП Мл/ мин
|
ОЕП Мл /мин/кг
|
Спорт мектеп қабылданған кездегі бастапқы мәліметтер:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алғашқы даярлық
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі
|
Барлық кезең
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ӨӨК – өкпенің өмірлік көлемі;
ОЕП – оттегін ең көп пайдалану.
Мл – миллилитр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
2-кесте
Топтар
|
Оқу жылы
|
ЖДД
|
АД
|
Үздік спорттық көрсеткіш
|
Бәсекелестік жаттығу қызметі
|
30 м жүгіру
|
6 мин. жүгіру
|
10 сек. жүгіру
|
3*10 м айналма жүгіру
|
Орнында тұрып ұзындыққа секіру
|
Тартылу
|
Допты отырып лақтыру 2 кг
|
Абалаков бойынша жоғарыға секіру
|
Жарыстар саны
|
Сөре саны
|
Жарыстар күндерінің саны
|
Бастапқы мәліметтер:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Алғашқы даярлық
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқу-жаттығу
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Спорттық жетілдіру
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары спорт шеберлігі
|
Барлық кезең
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Келесі даярлық кезеңіне өту және мектепті бітіру туралы белгілер:
оқу-жаттығу топтарына ______________________________________________;
спорттық жетілдіру топтарына _______________________________________;
жоғары спорт шеберлігі топтарына ___________________________________;
бітіру _____________________________________________________________;
Жаттықтырушы-оқытушы _______________________________________________;
Аға жаттықтырушы-оқытушы ___________________________________________.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖДД – жалпы дене дайындығы.
АД – арнайы даярлық.
Сек – секунд;
М – метр;
Мин – минут;
Кг – килограмм.
Спорт резервін және жоғары дәрежелі
спортшыларды даярлау жөніндегі
оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын
балалар-жасөспірімдер спорт мектептері,
мүгедектерге арналған спорт мектептері
қызметі қағидаларына 1-1-қосымша
Нысан
Достарыңызбен бөлісу: |