247
пен ұлттық мінез-құлықты ескере отырып, білім берудің Қазақстандық
үлгісін жасауға тиіспіз.
Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасыда осы мақсатты көздеп отыр. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31
қаңтардағы кезекті жолдауындағы төртінші басымдықта- адами капитал
сапасын жақсарту, яғни, білім беруді, экономикалық өсудің жаңа моделінің
ортақ буынына айналдыру керек екендігі айтылған. «Дүние- үлкен көл,
заман- соққан жел»-деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай, ағымына көз
ілеспей өте жылдам дамып жатқан ғылым мен техникадағы IТ-ақпараттық
технология,биотехнология, биоинженерия, нанотехнологияның қарыштап
дамып жатқан жаһандану заманында тәжірибеге жарамды, заман талабына
сай заманауи, сапалы білім ғана елдің дамуын алға жетелейтіні анық!
Менің ойымша, әр заманның талабы мен міндеті өзінің даму деңгейіне
байланысты ауысып отыратыны анық. Әр елдің экономикалық өрлеуі,ғылым
мен техникалық дамуы, әрине сол елдің білім саласына тікелей байланысты
екені сөзсіз. Аталған технологияларға қол жеткізу үшін ағылшын тілінің
ауадай қажеттілігі сөзсіз. Президент аталған жолдауында :«Бүгінгі таңда
ағылшын тілі-жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі.Қазіргі
кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады» деп атап көрсетті.
Осы орайда, өзім 14-ші оқу жылы қызмет етіп келе жатқан қазақ- түрік
лицейі, бүгінгі таңдағы «Білім Инновация лицейі» туралы атап айтқанды жөн
көрдім. Қазақстан Республикасының білім саласына ең алғаш жаңашылдық,
жаңа леп, жаңа ой алып келген, яғни әлемдік білім стандартының озық
үлгілерін, элементерін (бөлшектерін) тәжірибеде ең бірінші қолданған қазақ-
түрік лицейлері болып отыр. Тәжірибеде болмаған, жаратылыстану,
математикалық бағыттағы пәндерді алғаш рет ағылшын тілінде оқыту
арқылы Отандық білім саласының дамуына үлес қосқан да осы лицейлер
екені анық. Соның бір дәлелі,еліміздегі басқа лицейлерді айтпағанда,
ашылғаннан бергі 25 жыл ішінде Павлодар «Білім Инновация лицейі»
248
облыстық, республикалық және халықаралық білім сайыстарында 780
медальды қанжығасына байлапты. Оқу үрдісінде ағылшынша, білім
сайыстарында қазақша, орысша сынаққа түсетін оқушылардың жеңістері
Президентіміздің «Үш тұғырлы тіл» атты бағдарламасының орындалуының
бір дәлелі іспетті. «Білім Инновация лицейлерінің»,сол лицейлерді ашқан
түрік азаматтарының, сол азаматтардың білім, тәрбиесін, тәжірибесін алған
алған лицей ұстаздарының еліміздің білім саласының дамуына қосқан үлесі
шексіз екені баршамызға аян.Бүгінде аталған лицейлердің тәжірибесін
республиканың білім беру ұйымдарына енгізіп жатқанын көріп отырмыз.
Лицей түлектері еліміздің, алыс- жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы оқу
орындарын бітіріп, мемлекетіміздің экономикасының дамуына үлес қосып
келеді. Осы орайда, «Жастардың терең білімі, кәсіби алғырлығы мен жоғары
біліктілігі ұлттық мүддеге қызмет етуі керек» деген ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне баса назар аударғым келіп тұр. Себебі, «Білім
Инновация лицейлері» оқушылардың бойына адами құндылықтарды, Отанға
деген патриоттық сезімді, бауырмашылдықты, бірінші кезекте ұлттық
мүддені жоғары қоюды сіңіріп келеді.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас
жауы» демеп пе еді... Лицейлердің мақсаты: әр оқушысы бірнеше тілді еркін
меңгерген, алған білімдерін өмірде қолдана алатын,бәсекеге қабілетті,
көшбасшылық қасиеттері дамыған, өз ойын еркін жеткізетін және ойын
дәлелдей алатын, жоғарғы адамгершілік қасиеттері мен белсенді азаматтық
көзқарасы және ұстанымы қалыптасқан, шығармашылық және зияткерлiк
қабiлетi дамыған, бүгінгі шәкірт, ертеңгі ел тетігін ұстар азамат- адами
капитал тәрбиелеу. Міне, Президент жолдауындағы «адами капиталды
дамыту» дегеніміз осы болар.
Осы жетістіктердің барлығына лицейлер ұжымы қалай жетіп отыр
деген сұрақ туындауы сөзсіз. Бұған, «ұстаздардың сабақтарын заманауи
тұрғыда өткізуі дәлел» деп жауап берер едім. Оқушыларға оқу үрдісінде
еркіндік беру (қажет болған жағдайда ұялы байланысты пайдалануға рұқсат
249
ету,қазіргі ғылыми тілмен айтсақ, ақпаратттық білім беру), мұғалім мен
оқушы арасындағы ресмиленген емес,сенімге негізделген оқыту, топқа бөліп
оқыту, сабақты еркін формада өткізу (таза ауада, оқушылармен шай ішіп
отырып та) міне, 25 жыл ішінде лицейлерді осыншама жетістікке жеткізіп
отырған осындай заманауи сабақ үлгілері дер едім. Оқушылар бойында,
өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы ойлау, зерттеу, іздену және
шешім шығара білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету, өз бетінше
тұжырымдау дағдысын қалыптастыру, әр түрлі проблемалық ситуацияларды
пайдалануға дағдыландыру, кері байланыс тудыра білуге, дәлелдер келтіруге
үйрету, жолдастарының пікірімен санасуға, қарсы айтылған сынды тыңдап,
одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтандыру сияқты, заманауи
сабақ элементтері лицейлердің білім беру жүйесіндегі жаңашылдық емес,
бұрыннан қалыптасқан оқыту түрі болып табылады.
Лицейлердiң тағы бiр ерекшелiгi, ұстаздардың негiзгi құрамы
жастардан тұрады. Соған қарамастан, сол жас ұстаздар облыстық,
республикалық, халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба
сайыстарында үнемі жүлдегерлер шығарып келедi. Оған бiрнеше себептер
келтiруге болады: бiрiншiден, оқытудың жаңа, тиiмдi тәсілдерін тез енгiзуде
жас мөлшерiнiң де әсерi мол, екiншiден жыл сайын жазғы уақытта лицейлер
арасында пәндiк семинарлар жүйелi түрде өткiзiледi, ай сайын,тоқсан сайын
лицейлердегі әдістемелік бірлестіктер арасындағы желілік қауымдастықтың
on-line семинарлары мен сабақтары өткізіледі, үшiншiден, ұстаздардың
облыстық, республикалық, әр түрлi, әр бағыттағы халықаралық сайыстарға
үздіксіз қатысуы, төртiншiден, олимпиада бойынша, ҰБТ бойынша, дәріс алу
үшін басқа қаладағы лицейлерге оқушыларды оқытуға жібереді ,бесіншіден,
оқу үдерiсiнің нәтижесiн үнемi талдап отыратын мониторинг жүргiзiледi.
«Білім Инновация лицейінің» ұстаздары жаңа идеялар мен қабылдауларды
жүзеге асыруға қабiлеттi, рухани толығуларға дайын, оқушыларға оқу
үдерiсiн жаңаша ұйымдастыра алатын бастамашыл, шығармашыл , кәсiби,
зерттеушi педагогтар екені сөзсіз. Ақиық ақынымыз Жүсіпбек Аймауытов
Достарыңызбен бөлісу: |