Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы



жүктеу 5,79 Mb.
Pdf просмотр
бет73/102
Дата29.01.2020
өлшемі5,79 Mb.
#27579
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102

243 
 
игерілуге  тиіс  материалды  уақыт  шеңберіне  сыйғызу,  топтық  және  жеке 
жұмыстардың болуы арқылы жүзеге асады. [2]  
Ильин Е.П. пікірінше, мұғалімнің кәсіби шеберлігінің компоненттері: 

педагогикаға бағытталу (призвание) 

білім (эрудиция) 

іскерлік  және  кәсіби  біліктілік  (дидактикалық,  ұйымдастырушылық 
т.б.) 

бедел (авторитет) 
Шет елдегі түрлі зерттеулердің ішінде Таленнің мұғалімдердің 
типологиясына байланысты моделі қызығушылық тудырады. 
 Педагогикалық қарым-қатынас стилдері 
Соңғы  кездерде  шетелде  қарастырылған  педагогикалық  қарым-қатынас 
стилдерінің 
ішінде 
М.Тален 
ұсынған 
оқытушылардың 
кәсіби 
позицияларының типологиясы назар тоқтататындай. 
1. «Сократ» моделі.  
Мұндай  ұстанымдағы  оқытушы  пікірталас  пен  пікірсайыстардың 
құптаушысы және өз сабақтарында оларды қасақана түрде тудырушы. Оның 
сабақ  беру  әдісінде  белгілі  жүйе  жоқтың  қасы,  өйткені  ол  оқу  процесінде 
әрқашан  да  біреулермен  қақтығыста  болады.  Оның  шәкірттері  өз 
позицияларын ұдайы нығайта отырып, оларды қорғай біледі. 
2. «Топтық пікірталастың жетекшісі» моделі. 
 Ол  оқу-тәрбиелік  процестің  басты  мақсаты  үйренушілер  арасындағы 
келісім  мен  ынтымақтастыққа  жету  деп  есептейді.  Ал  өзін  шәкірттерінің 
арасындағы  делдал  деп  түсінеді,  өйткені  ол  үшін  пікірталас  нәтижелерінен 
гөрі демократиялық ымыра мен бітімгершілік маңызды. 
3. «Шебер» моделі.  
Бұл  ұстаз  өз  шәкірттеріне  үлгі  болуды  қалайды.  Үйренушілердің  оның  
барлық  әрекеттерін  тек  оқу  процесінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  жалпы 
өмірге деген тұрғыдан бұлжытпай қайталауы керек.  
4. «Генерал» моделі.  


244 
 
Қатаң  талап  қоюшы,  қайткенмен  де  өзінің  айтқанын  орындатуға 
ұмтылады,  өйткені  өзінің  сөзін  әрқашанда  дұрыс  деп  бағалайды.  Оның 
ойынша,  студент  солдат  тәрізді  тек  бұйрықтарға  ғана  бағынуы  керек. 
М.Таленнің  айтуы  бойынша,  оқытушылардың  бұл  типі  педагогикалық 
практикада басқаларға қарағанда анағұрлым жиі кездеседі.  
5. «Менеджер» моделі.  
Студенттік  топтың  тиімді  жұмысынан  құралған  атмосферамен  тікелей 
байланысты.  Оқытушы  студент  тарапынан  бастама  мен  өзіндік  әрекеттерді 
барынша  қуаттап  отырады.  Педагог  әрбір  студентпен  оның  шешіп  отырған 
проблема  мағынасын  талқылауға,  студенттің  әрекеттерін  бақылап,  оларға 
әділ баға беруге әзір. 
6. «Жаттықтырушы» моделі.  
Аудиториядағы  қарым-қатынаста  оқытушы  мен  студенттер  бір-біріне 
жақын  екендігін  әбден  сезінетіндей.  Студенттер  өздерін  құдды  бір  команда 
ойыншылары  ретінде  сезінетіндей:  мұнда  жеке  тұлғаның  еш  маңызы  жоқ, 
өйткені олар тек бірлесіп қана көп шаруаны тындыра алады. Педагог мұнда 
ұжымдық  ұмтылыстардың  ұйытқысы  рөлін  орындайды.  Ол  үшін  ең  басты 
мәселе – аяққы нәтиже, табыс, жеңіс. 
7. «Жол сілтеуші» немесе «Гид» моделі.  
Бұл  оқытушының  «білмейтіні  жер  астында»,  ол  –  тірі  энциклопедия 
тәріздес. Оқытушы өте байсалды, қысқа әрі дәл сөйлейді. Барлық сұрақтарға 
ол  жауапт  бере  алады,  тіпті  оған  қандай  сұрақтардың  да  қойылатындығын 
біледі. Оның міні жоқ сияқты, сол себепті де ол көп жағдайда студенттерге 
қызықсыз көрінеді. [4] 
Мұғалім  мен  оқушының  өзара  іс-қимылы  –  мұғалімнің  кәсіби  әлеуетін 
жетілдіру  жолы  мәселесін  қарастырған  себебіміз  –  мамандырылған 
мектептерде  мұғалімнің  жеке  оқушымен  жұмысы  негізгі  үдеріс. 
Оқушыларды  жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  пән  олимпиадасы, 
ғылыми  жобалар  сайысына  дайындау  мәселесінде  жеке  жұмыс  іске  асады.  
Екі  субъектінің  бірлескен  жұмысы  ғана  нәтиже  беретіні  сөзсіз.  Егер  бұл 


245 
 
үрдістің  басында  мұғалім  беделі  жоғары  болса,  ортасында  тең,  ал  соңына 
қарай оқушы арқылы мұғалімнің кәсіби әлеуетінің артуына әкеледі. 
Қорытындылай  келе,  мұғалім  мен  оқушы  іс-әрекетінің  нәтижелілігіне 
тоқталамыз: 
1. 
үдеріске  қатысушының  әрқайсысы  белгілі  бір  рухани-материалды 
нәтижеге қол жеткізе алса; 
2. 
жеке  адамның  құндылықтар  жүйесі  қайта  түрлендіріледі  (бұрын 
осылай ойладым, енді ойымды өзгертемін... 
 
 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды.  –М.: Педагогика, 1989. 
- 560 с. 
2. 
Оразбаева К.О. Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби 
құзіреттілігін қалыптастыру. Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 
дайындаkған диссертация.  Алматы, 2016. - 163 б. 
3. 
Ильин Е.П. Психология для педагогов. – П.: СПб.: Питер, 2012. – 640 с.  
4. 
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. –
Алматы. 2009. – 263 б. 
 
 
ЗАМАНАУИ САБАҚ – АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ 
БАСТЫ ҚҰРАЛЫ 
(«БІЛІМ ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ» ТӘЖІРИБЕСІНЕН). 
 
 Нұрхаева Ардақ 
                                                    Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі 
Павлодар қаласы «Дарынды ер балаларға 
                                                   арналған   «Білім Инновация лицейі» ММ  


246 
 
 
Резюме 
В  этом  году  Президент  страны  своим  Посланием  объявил  о  начале 
Третьей  модернизации  Казахстана.  Он  определил,  что  начатые  требования 
должны  сопроваждаться  опережающей  модернизацией  общественного 
сознания.  Он  поручил  поднять  уровень  образования  нашей  страны  до 
мирового уровня, чтобы войти в тридцатку развитых государств мира. 
С периода открытия казахско-турецких лицеев в стране в этих лицеях 
преподавание  предметов  естественно-математического  направления  ведутся 
на  английском  языке.  Передовые  опыты  международного  образования  в 
течение двадцати лет применяется казахско-турецкими лицеями республики. 
 
Summary 
This year the president of country with the message declared about the third 
modernization  of  Kazakhstan.  He  defined  that  initial  demands  must  be 
accompanied  with  advance  modernization  of  social  consciersness.  He  offered  to 
level-up the education of our country to worldwide standart, in order to be entered 
in  thirty  developed  country  of  the  world.  Since  the  opening  of  kazakh-turkish 
schools, the natural sciences and mathematical sciences are teached in English. The 
advance  experiences  of  international  education  during  20  years  are  upholded  by 
kazakh-turkish schools of country 
 
Әлем  өзгерген  сайын  білім  саласындағы  халықаралық  стандартта 
өзгеріп  отыратыны  сөзсіз.  Елбасымыз  Тәуелсіздік  алғаннан  бері  білім  беру 
саласына басты назар аударып келеді.Білім беру ұйымдарына білім жүйесін 
әлемдік білім деңгейіне көтеру, экономикасы озық елдердің оқыту әдістерін 
өз  еліміздің  білім  саласына  пайдалану,оқытудың  жаңа  әдістерін  қолдану 
сияқты  маңызды,  жаңаша  міндеттер  жүктеді.  Әрине,  шетелдердің  озық 
тәжірибесін үйренуде тура солардағыдай көшіріп алмай ,ұлттық менталитет 


жүктеу 5,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау