Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет29/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

Қысқы кеш мәтінін түсінігін айтып келу. Сұрақ-жауап қорытындылау. 

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. 

Мұғалім:  Оқушылар,  оқулығымыздың  166-167  бетін  ашамыз.  Бүгінгі  ӛтетін 

сабағымыздың  тақырыбы  –«Аққала».  Қане,  барлығымыз  тақтаға  назар  аударайық.  Мына 

ақынды танисыңдар ма? 

Оқушылар: Иә, Мағжан Жұмабаев. 

Мұғалім: Мағжан Жұмабаев туралы не білесіңдер, оның қандай ӛлеңдерін білесіңдер? 

Оқушылар:  Мағжан  Жұмабаев  1893  жылы  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Булаев 

ауданында  дүниеге  келген.  Оның  «Сағындым»,  «Қысқы  жолда»,  «Аққала»  деген  ӛлеңдері 

бар.  

Мұғалім: Жарайсыңдар, енді мен Мағжан Жұмабаев туралы қысқаша тоқтала кетейін.  

Мағжан  Жұмабаев  1893  жылы  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Булаев  ауданында 

дәулетті отбасында дүниеге келеді. Тумасынан ӛте зерек Мағжан тӛрт жасында ӛзінің әкесі 

Бекен  болыстың  мектебінде  оқып,  қазақтың  арғы-бергі  ӛлең-жырларын,  ертегі-дастандарын 

түгелге  дерлік  жаттап  алады.  Оның  «Аққала»,  «Балалық  шақ»  деген  ӛлеңдері  бар.    Соның 

ішінде бүгінгі ӛтетін сабағымыз-«Аққала». Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі? 



Оқушылар: қыс. 

Мұғалім: Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма? Ұнаса несімен ұнайды? 

Оқушылар: Ұнайды. Ол кезде жаңа жыл болады, аққала жасаймыз. 

Мұғалім: Аққаланы неден жасайсыңдар? 

Оқушылар:  Қардан  жасаймыз,  мұрнын  сәбізден,  аузын,  кӛзін,  қасын  кӛмірден,  қара 

күйеден, басына шелек кигізіп қоямыз. 



IV. Оқулықпен жұмыс. 

1.  Ӛлеңді мәнерлеп оқу. 

2.  Ӛлеңде қандай қыстың бейнесі суреттелген (кӛңілді, кӛңілсіз). Пікіріңді дәлелде.  

V. Шығармашылық тапсырма.  Суретке қарап шағын әңгіме құра. 

VI. Сӛздік жұмыс. 

Кесеге- мұнда: қатқан қардан кесек ойып алуға. 



VII. Қорытынды.  Суретке зер салып, 5 түрлі айырмашылықты ата. 

VIII. Бағалау.            - ӛте жақсы 

                                    -жақсы 

                                    -қанағат. 

IX. Үйге тапсырма.  

«Қарды соғып тӛрт бұрыш» деген жолдан бастап ӛлеңді жаттап келу. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:  

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы, 2005 

 2. Қойшыбаева А. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың  әдістемесі. -Алматы,1996 

3. Ізғұттынова Р. Сауат ашу бағдарламасы (1-сынып). –Алматы, 2003 

4. Рахметова С., Жаманқұл П. Әдебиеттік оқу бағдарламалары (2-4-сынып).  -Алматы, , 2003 

5. Әуелбаев Ш.  Әліппе оқулығына әдістемелік нұсқау. – Алматы, 1998 

6. Әуелбаев Ш., т.б.  Ана тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1998 

7. Тұрдалиева Г. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2007 



 

№3. Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының зерттелуі . 

 

 Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының зерттелу тарихын танысу. 



СӚЖ ӛткізу формасы: баяндама, тапсырма 

Тапсырмалар. 

1-тапсырма. Берілген жоспар бойынша баяндама дайындаңыз. 



1. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы 

2.Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының  тиімді және тиімсіз жақтары 

3.Басқа технологиялардан ерекшелігі қандай? 

4.Нәтижесі 

2-тапсырма. Тақырып бойынша бір сабақ жоспарын жасаңыз. 



Әдістемелік  нұсқау.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының  зерттелу  тарихына  шолу 

жасаңыз (баяндама жазыңыз). 



Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Рахметова С.  Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2005 

2. Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. –Алматы, 2003 

3. Кенжеғұлова А. Интегралдық оқытуға негізделген сауат ашу технологиясы. –Ақтӛбе, 2006 

4. Тұрдалиева Г. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. –Алматы, 2007 

 

№4 Тақырыбы: Модульдік оқыту технологиясы.  

Мақсаты:  



СӚЖ ӛткізу формасы: конспект, сабақ жоспарын  құрастыру 

 Тапсырмалар. 

1-тапсырма.  

1.Модульдік оқыту технологиясына сипаттама. 

2.Модульдік оқыту технологиясына үлес қосқан ғалымдар және олардың кӛзқарастары. 

3.Модульдік технологияның қасиеттері мен принциптері 

2-тапсырма.  

2-3-сыныптардың бір тақырыптық жылдық күнтізбелік жоспарын жасау.  



Әдістемелік нұсқау: 

    Лекция  материалдарын  қайтала,   конспект жаз,сабақ жоспарын жаса. 



 Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. С. Қазыбаев. Қазақ тілі методикасы. – Алматы, 1995  

2. Әуелбаев Ш., т.б. Ана тілі. 1-сынып. –Алматы, 2001 

3. Уәйісова Г., т.б. Қазақ тілі. 2-сынып.- Алматы, 2002 

4. Уәйісова Г., т.б. Қазақ тілі. 3-сынып.- Алматы, 1999 

            5. Уәйісова Г., т.б. Қазақ тілі. 4-сынып.- Алматы, 2000 

 

 

 

№5. Тақырыбы: Деңгейлік саралап оқыту технологиясы 

СӚЖ ӛткізу формасы: конспект, сұрақ-жауап 

Қаралатын мәселелер: 

 

1.Деңгейлік саралап оқыту жүйесін зерттеу мәселелері 

2. Деңгей туралы зерттеулер 

3.Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясын  қазақ  тілі  сабағында  пайдаланудың  тиімділігі 

(ойталқы).  

4.Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы  бойынша  бір  сабақ  үлгісін  жазу.Тақырыбы:  2  – 

сынып оқушыларына арналған деңгейлік тапсырмалар 



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 

1.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы. Шығармалары-Алматы, 1955.-273б. 

2.  Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы.4-т.-Алматы: Ғылым.1998-448б. 

3.  Әбілқасымова А Студенттердін танымдық ізденімопаздығын қалыптастыру.-Алматы: 

Білім 1994.-192б. 

4.  Байтұрсынов А. Ақжол.-Алматы.1999.-396б. 

5.  Беспалько В.П Слогаемые педогагической технологий.-М.Педагогика, 1989.-192б 

6.  Қазақтың тәлімдік ой пікір антологиясы.-2-т. Құрастырған:   Жарықбаев Қ. Қалиев С.-

Алматы: Рауан, 1998.-293б 

7.  Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатнас: теориясы мен және әдістемесі.-Алматы-2000 

8.  Монахов В.М Проектирование и внедрение новых технологий обучения. // Сов. 

Педагогика. ., 1990. 7.-с.17-23. 

 

№ 6.ТақырыбыПроблемалы оқыту технологиясы. 

   Сабақта қарастырылатын мәселелер: 




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау