Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет25/31
Дата28.12.2019
өлшемі0,85 Mb.
#25314
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

шетелдік  оқулықтарда  танымдық  құзіреттілік  алғашқыда  менеджерлік  құзіреттілік 

тұрғысында айтылған.  

       Танымдық  құзіреттілік  те  білім,  білік,  дағдының  жиынтығынан  тұрады.  Білім  алға 

қойған  мақсатқа  жету  жолындағы  хабарды  игеруі,  оны  шешудің  жолдарын  білуі,  білім 

туралы қабілеті, қажетті білімді алу жолындағы ізденісі мен біліктілігін қамтыса, дағды – 

алға  қойған  оқуына  қажетті  базалық  дағдыларының  деңгейіне  (тілдік  сауаттылық, 

математикалық  сауаттылық,  т.б.)  тәуелді.  Білік  –  ӛздігінен  жаңа  білім  алуға  қажетті 

қабілет,  оны  нақты  ӛмірлік  жағдаятта  қолдана  және  ұқсата  білуі.  Оқушының  

канцептуальдық  және  аналитикалық  ойлауының  ерекшелігі  практикалық  немесе 

қолданбалы  интелектіні  қалыптастырады.  Мақсатты  түрде  білімінің  сапасын  кӛтеруі 

тұлғаның біліктілігін, ӛзін-ӛзі дамытуын кӛрсетеді.  

       Сонымен   танымдық   құзіреттілік   дегеніміз  – ӛз   бетінше   жаңа   білімді игеруі, 

білім деңгейін үнемі жетілдіруге дайын болуы, ӛзін-ӛзі ұйымдастыра алуы және дамытуы, 

жеке,  қоғамдық,  кәсіби  ӛмірде  танымдық  қызметті  дамытатын  қабілетінің  болуы.  Осы 

компоненттерді  дұрыс  байланыстыра  білгенде  ғана  танымдық  құзіреттілікті 

қалыптастыруға болады.  

       Мұғалім оқушының танымдық құзіреттілігін қалыптастыру үшін, танымдық әрекетті 

(ойлау,  қабылдау,  пайымдау,  зейін  т.б.)  анықтап  алуы  керек.  Сонда  ғана  белгілі  бір 

нәтижеге жетуге болады. 

Лингвомәдени құзіреттілік. Қазіргі таңда тілді оқыту барысында оқушының  

лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыруға да айрықша мән берілуде.  

       Орыс  тілі  әдістемесінде  ғалым-әдіскерлер  мәдениетпен  байланысты  бірнеше 

құзіреттіліктерді  атап  кӛрсетіп  жүр.  Олар:  лингвоелтанушылық,    лингвомәдени, 

лингвомәденитанымдық, лингвоәлеуметтікмәдени     (лингвосоциомәдени), т.б.  

       Н.Б.Ишханян  лингвоәлеуметтікмәдени  құзіреттілікті  индивидтің  мәдениаралық 

коммуникацияға түсе алу қабілетімен байланыста қарастырады: 

 

Ұлттық-мәдени  лексика-семантикалық  бірлік  туралы  білімін  мәдениаралық 



коммуникацияның барлық жағдаяттарында қолдана білу қабілеті;  

 

Этномәдени,  әлеуметтікмәдени  сценарийлер  мен  ұлттық  спецификалық 



модельдердің қатысымдық техникасымен қарулану және оны пайдалана білуі;  

 

Сол елдің мәдениеті, дәстүрі, т.б. туралы білімін аталған мәдениет иесімен қарым-



қатынаста ұтымды қолдануы [12]. 

       Лингвомәдени  құзіреттілік  білім  алушының  бірнеше  құзіреттіліктер  бойынша 

қалыптасатын білімі пен қабілетінің  байланысын қамтиды: 

       Лингвистикалық білімі мен қабілеті: 

  Тілдің жүйесі мен құрылымы туралы білімі; 

  Оны қарым-қатынаста пайдалана білу қабілеті; 

  Фонетикалық, лексика-грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық  

нормаларға сай сӛйлей және жаза білуі; 

  Грамматикалық құрылымдарды сӛйлесім әрекетінде дұрыс  

пайдалануы;  

  Практикада  ауызша  және  жазбаша  сӛйлеуді  қолданбалы  тіл  білімімен 

байланыста жүзеге асыруы. 

       Лингвоелтанушылық білімі мен қабілеті: 

  Ұлттық-мәдени лексика-семантикалық бірліктер туралы білімі; 

  Оларды әртүрлімәдениаралық қарым-қатынаста қолдана білу  

қабілеті. 



       Қатысымдық білімі мен қабілеті: 

  Нақты  қатысымдық жағдайларда қарым-қатынас жасауға  

қабілеттілігі;  

  Қарым-қатынаста лингвомәдени нормаларды сақтай отырып,  

ұйымдастыру біліктілігі; 



   Мәдениаралық қарым-қатынаста дұрыс сұрақтар қоя білуі; 

   Әңгімелесушінің эмоционалды және ақпараттық деңгейін анықтауы;  

   Келіссіз жүргізе білу іскерлігі;  

   Тыңдаушыны сендіре білуі және шешендік дағдыларға ие болуы; 

   Пікірталасты міндетті түрде жүргізуі.  

       Әлеуметтік-психологиялық білімі мен қабілеті: 

  Вербальды, бейвербальды ұлттық-спецификалық модельдер мен  

лингвомәдени кӛріністер туралы білімі және оны пайдалана білуі; 

  Ұлттық қатысымдық сӛйлесімді игеруі; 

  Қажетті тақырыптар туралы білімі. 

       Мәдени білімі мен қабілеті: 

  Тарихи-мәдени жағдайлар, оқиғалар туралы білімі; 

  Әлеуметтік-мәдени жағдайлар, оқиғалар жӛніндегі білімі; 

  Этно-мәдени білімі; 

  Семиотикалық фон туралы білімі; 

   Осы білімдерді мәдениаралық түсіністікте қолдана білу қабілеті. 



       Танымдық  білімі мен қабілеті: 

  Хабарды ӛздігінен ӛңдеуі; 

  Ӛз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы; 

   Пәнаралық байланысты жүзеге асыруы;  

   Хабардың шығу кӛзін табуы; 

   Ӛзін-ӛзі дамытуы; 

  Ӛзінің еңбегін бағалауы; 

  Жағдаяттарды шешудің тиімді жолдарын табуы; 

  Ӛз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі; 

  Істеген әрекеттерінің нәтижесін ой елегінен ӛткізіп, бағалауы.  

       А.Сатбекова  «мәдени-танымдық  құзіреттілік  –  жаңа  заман  сұранымына  сай 

оқушының болашақ ӛмірде ӛзге халықтың мәдениеті мен ұлттық болмысын тану арқылы 

олармен  бірлесе  қызмет  ету  дағдыларын»  қалыптастыратынын,  адами  болмысты 

«жетілдіру, мәдени әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар нәтижесінде қол жеткізілетін 

ерекше» құзіреттілік болып табылатынын, мәдени-танымдық құзіреттілікте «елжандылық 

рух  қалыптастыру,  ӛз  елін  сүюге,  мемлекеттік  тіл  иесі  болып  отырған  халықты 

құрметтеуге үйрету» кӛзделетінін айтады [13]. 

       Сонымен оқушының  лингвомәдени деңгейінің тӛмендегідей бір-бірімен  байланысты 

элементтерін атауға болады: 

 

тұлғалық сапа (оқушының ӛзіне тән қасиеттері); 



 

мәдени және әлеуметтік қабілеті мен тәжірибесі; 

 

тілді тұтынушы ретіндегі қатысымдық мінез-құлқы мен рухани  



құндылықтарды тілді қолдана білу дәрежесі; 

 

ұлт тіліндегі мәдени бірліктерді білу деңгейі; 



 

күнделікті жағдаяттарда білім, білік, дағдысын қолдана білу қабілеті; 

 

жалпы қабілеттері; 



 

теориялық және практикалық тұрғыдан дайындығы; 

 

әлеуметтік тұлға ретіндегі кәсіби дайындығы. 



 

тілді ұлттық құндылық, мұра ретінде, ал ӛзін сол тілдің иеленушісі  

ретінде сезінуі; 

 

тілді дамушы, қоғамдық, жүйелі құбылыс ретінде танып түсіне алуы. 



       Оқушы  бойындағы  бұл  элементтер  оны  дара  тұлға  ретінде  дамытуға    кӛмектесе 

отырып,  ұлттық  құндылықтарды  тани  білуге,  күнделікті  жағдаяттарда    орынды  қолдана 

білуге жетелейді. 

       Кӛптеген  лингвистер  мен  әдіскерлер  елтанушылық  немесе  ұлттық-мәдени  мағынасы 

бар  лексиканың  лингвоелтанушылық  құзіреттілікті  қалыптастырудағы  рӛлін  айрықша 



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау