4. Тері және мерез аурулары
40. Талаптарға 1-кестенің 40-тармағы бойынша куәланушы тұлғаларда тармақта көрсетілген аурулар анықталған кезде кәсіби міндеттерін орындамайды және АА оқу орындарында оқуға жіберілмейді.
41. Талаптарға 1-кестенің 41-тармағы бойынша қайталанатын терінің созылмалы ауруы (осының ішінде шектелетіні: құлақ қалқаны аумағы, қол ұшы, бет, мойын, жыныс ағзалары) жарамсыздық туралы қорытындылауға барлық бағана бойынша негіз болады. Тері ауруының жеңіл түрі кезінде ауру емделуге жатқызылады.
Емдеуге қиын берілетін, созылмалы микробты тері ауруына ауысатын псориаз, пиодермия ауруларының ауыр тараған түрімен, куәланушы жарамсыз деп танылады.
Псориаз тәріздес тері ауру түрі мен қабыршақты теміреткі жеңіл түрінде шектеулі орналасуымен, жалпы жақсы жағдайымен 2) тармақша қолданылады.
Бет терісі кереңқұлақтық зақымдануымен, іріңді тері аурулары, паразитарлық аурулар (лейшманиоз, қышыма қотыр) емделуге жатқызылады. Сауықтырылған соң жұмысқа жарамдылығы туралы шешім қабылданады. АА ұшқыштық оқу орнында оқушылар және бортсеріктікке үміткерлер денесінің ашық жерінде (бет, мойын, саусақтар) ақтаңдағымен және ұяшықтанған шаш түсуімен оқуға жарамсыз.
42. Талаптарға 1-кестенің 42-тармағы бойынша 2) тармақша бойынша куәланушының жарамдылығы туралы сауықтырылғаннан кейін венеролог тұжырымы ескерілуімен қарастырылады.
Асқынған және асқынуға айналған создан емделгеннен кейін куәланушылар жарамды деп саналады.
Асқынған жағдайда (атабез қосалқысының қабынуы, қуық безінің қабынуы, буын қабынуы, жатыр қосалқысы қабынуы) жарамдылығы туралы қорытынды ауруына сәйкес тармақ бойынша шығарылады.
5. Әйел аурулары, жүктілік
43. Талаптарға 1-кестенің 43-тармағы бойынша созылмалы гинекологиялық аурулардың қалыс анатомиялық кемістігі, қызметінің бұзылуы және ауру синдромымен немесе қабынушылық процесі (1 жылда 2 рет және одан да көп) жиі асқынуы кезінде куәланушы жарамсыз болып табылады. Әйел жынысы аумағында созылмалы ауру асқынуы кезінде емдеу көрсетіледі, ем аяқталуымен науқастың уақытша оңалуы туралы сұрақ шешімі үшін 2 етеккір айналым бойы (жұмыстан шеттетілмей) бақылау өткізіледі. Жатыр мойындағы ауру (эндоцервицит, эктропион, жалақ жарасы), трихомонадты қынап қабынуы, трихомониаз әйелдерді дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) арқылы 3 аптаға дейінгі мерзімге жердегі жұмысқа ауыстырылып емдеуге жатқызылады. Бортсеріктерге ұшу жұмысынан шеттетілмей тексеру өткізіледі. Кіші жамбаста жабысқақ процесінің болуы, жатыр денесі болмауы, қосалқысы бір жағынан, екі жағынан фаллопиялық түтігінің болмауы жұмыстан шеттетуге негіз бола алмайды.
Жыныс мүшесінің 3 дәрежесінде түсу және төмендеуі, қуықжыныс және ішекті-жыныс жыланкөзі, артқы тесік қысқыш қызметі бұзылуымен бұтаралық айырылу кезінде куәланушы жұмысқа жарамсыз болып танылады.
Қынап қабырғасының және жатырдың 1-2-дәрежесінде қызметі бұзылуысыз төмен түсуі шеттету үшін негіз бола алмайды. Үміткерлер және жұмысқа түсушілер жарамсыз болып саналады.
Хирургиялық емдеуден кейін жұмысқа қайтарылу туралы мәселе 6 айдан соң (бұрын емес) қарастырылады. Жатырдың дұрыс орналаспауы және оның дұрыс жетілмеуі, екімүйізді жатыр қызметінің бұзылуымен (жатырдан қан ағу, ауыруы) жұмысқа жарамсыз болып табылады. Туғаннан жатырдың болмауы және қынаптың болмауы немесе дұрыс жетілмеуі функциялық бұзылуы болмағандықтан жұмыстан шеттетуге негіз болмайды. Бортсеріктері жұмысына түсушілер қызтеке болуы, жарамсыз болып танылады.
44. Талаптарға 1-кестенің 44-тармағына жатыр қызметінің бұзылуынан қан ағуы емделуге жатқызылады. Альгодисменорея ұшақ жұмысына қарсы айғақ болып табылады.
45. Талаптарға 1-кестенің 45-тармағы бойынша жүктілік қойылған сәттен бастап куәланушы ұшу, авиадиспетчерлік жұмысына, бортсеріктері жұмысына жарамсыз болып табылады. Түсіктен кейін немесе мерзімінен бұрын босанған әйелдің жұмысқа қайтарылу уақыты жайын гинеколог шешеді. Жүктілікке байланысты ұшу жұмысынан алынуы және босанғаннан кейін ұшу жұмысына қайта түсуі туралы гинеколог (акушер-гинеколог) қорытындысымен бірге ДҰСК жүзеге асырады. Ауруы туралы куәлік жазылмайды. Кезектен тыс куәландырудың нөтижесі бойынша омыраудан емізу уақыты аяқталған соң жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды шығарылады.
6. Көз ауруы
46. Талаптарға 1-кестенің 46-тармағы бойынша 1) тармақшаға қабақтың теріс айналуы және жетіспеушілігі, жиіленген трихиаз, ойық жаралы қабақ қабынуы, созылмалы көз қарығуы, емге берілмейтін, қатерлі жаңатүзілім, көз қызметін бұзушы және операциялық емдеуге жатқызылмайтын қатерсіз ісік кіреді.
2) тармақшаға жай түрдегі қабақ қабынуы аса айқын білінбейтін көз қарығуы, қабақ терісіндегі 1-дәрежелі обыры емделгеннен кейін (онколог қорытындысы бойынша), шағын мөлшердегі қатерсіз ісік, көз ағзасы қызметін бұзбайтын, қабақтың тыртықтық өзгеруі кіреді.
Қабақтың созылмалы ауруы және көз қарығуы жіті немесе асқынған кезде емдеу өткізіледі.
Алдамшы көз жарғағы (қызыл шел), пингвекула, мейбоми безінің айналасындағы шеміршектің аздап қабынуы, жекеленген көз қарығуында үстіңгі аналық бездің көпіршіке клеткасы (фолликулалар) - ұшқыштық оқу орнына оқуға кедергі емес.
Қабақтың созылмалы ауруы және көз қарығуы, 2) тармақшаға қатыстылар.
47. Талаптарға 1-кестенің 47-тармағына көз жасы органдары және көзден жас шығару жолдары жатады. 1) тармақшаға жататындар: тарылу, көзжас нүктелерінің жолы, көзжасқабы, көзжас безі қабынушылығы, көзжас ағуын болдыратын жарақаттық зақым және басқа аурулар.
Көзжас тиылуы қызметі қалпына келтірілген және төменгі көзжас нүктесі мен түтікшелер (түтікшелік және мұрындық сынақ бағаланады) болмауы кезінде сараптау қорытындысы 2) тармақша бойынша шығарылады.
48. Талаптарға 1-кестенің 48-тармағына көздің алмасы аурулары жатады. 1) тармақшаға жататындар: көздің ажырауы, көз қабатының бояутектілік қабынуы, ауыр буын аурулар, жарақат, көздегі қатерлі жаңатүзілім.
Жіті ауруларды бастан өткергеннен кейін: көз қарығуы, ақ қабақтың қабынуы, қасаң қабақтың қабынуы, нұрлы қабақтың қабынуы, нұрлы қабақ пен бүршікті дененің қабынуы, жеңіл көз зақымы жұмысқа жіберілуі туралы қорытынды сауықтырылғаннан кейін шығарылады.
Тамырлы қабақ қабынуы кезінде, ұзақ өтетін, қайталанатын қасаң қабақтың қабынуы және нұрлы қабақ пен бүршікті дененің қабынуы, хориоретинит, нервнің қабынуы, көз алмасының сауығуға бейімді жарақаттық зақымдануы ұшқыштар құрамы және бортсеріктер 3-6 ай аралығында емделуге, әрі қарай 2) тармақша бойынша куәландырылуға жатқызылады.
Авиадиспетчерлері сауықтырылғаннан кейін еңбекке жарамсыздық парағы жабылуымен жұмысқа жіберіледі.
Жасы келгендердің көз бұршағы ағаруы бастамасы үдеусіз, көз бұршағының шектеулі бұлдырауы, жарақаттық сипаттағы шыны тәріздес дене, жалған сары дақты нәрсіздену, бастапқы үдемейтін көру жүйесінің көру қызметін жеткілікті сақтаумен семуі 2) тармақша бойынша куәландырылады.
Көру ағзасы қызметі сақталу жеткіліктілігі үшін, қолданылады: нашар көзіндегі көру өткірлігі ұшқыштар үшін түзетусіз 0,6, штурман, бортинженер, бортмеханиктерге түзетусіз 0,4 қос көзбен аумақты көру; басқа мамандықтардың иесі үшін - түзетусіз 0,1-ден төмен емес, көзбен қалыпты көру, қараңғылыққа бейімделу, бинокулярлық тұрақты көз көру. Екінші көздің көру қызметі 1-кестенің 52-тармақ талабына жауап беруі қажет.
Бір бағытты артифакия кезінде көз бұршағы орнына интраокулярлы линза қондырып, катарактаның экстракциясы бойынша операциясын жасатқан ұшу құрамын, авиадиспетчерлерін, бортсеріктерін жұмысықа жіберу мәселесі, көру қызметтерінің сақталуын ескере отырып, операциядан кейін кемінде 6 ай өткен соң шешіледі. Екі бағытты артифакиясы бар авиациялық қызметкерлері жұмысқа жарамсыз болып танылады.
Көру органдарында лазерлі операциялар жасалғаннан кейін ұшу жұмыстарына, авиадиспетчерлер жұмысына, бортсеріктер жұмысына жіберу мәселесі көру қызметтерінің сақталуы дәрежесін ескере отырып, операциядан кейін кемінде 6 ай өткен соң (қызметтегі ұшқыштар, авиадиспетчерлер және бортсеріктер үшін көздің ішкі тор қабағының лазерлі коагуляция жасалғаннан кейін – 4 аптадан кейін) жеке шешіледі. Ұшқыш, авиадиспетчерлер, бортсеріктер оқуына жіберілетін үміткерлер және ұшу жұмысына жаңадан қабылданатын тұлғалар лазерлі операциялардан кейін кемінде 12 ай өткен соң куәландыруға жіберіледі.
Туғаннан көз бұршағы қапшығында жекелеген ұсақ бояутектің шөгуі, қан тамырында шыны тәріздес дене қалдығы, көз торында миелиндік талшық АОО оқуына кедергі болмайды.
Туғаннан нұрлы қабығының және буын қабықтары колобомасы, поликория, Туғаннан көз бұршағы ағаруы, көру жүйесі дискісіндегі офтальмологиялық өзгеріс ұшу мамандығына оқуына қарсы айғақ болып табылады.
Барлық тұлғалар үшін әрбір медициналық куәландыру кезінде 1-4 бағандары бойынша қараңғылыққа бейімділігі тексеріледі, медициналық зерттеулер қолданылатын прибордың нұсқауында көрсетілген нормаға сәйкес болу қажет.
49. Талаптарға 1-кестенің 49-тармағы бойынша глаукома болуына күдік туындаған кезде, соның ішінде бір көзінде, медициналық тексеру арнайы мекемеде жүргізіледі. Тұлға қатерсіз гипертензиясымен ұшқыштық жұмыстан шеттетілмейді, көздің барлық көру қызметі толық сақталуымен және миотиктің минималды режимі (күніне 2 ретке дейін) бірінші рет белгіленген ашықбұрышты 1-сатылық глаукома кезінде ұшу құрамы тұлғалары және авиадиспетчерлері емдеу-сауықтыру шараларын өткізу үшін және әрі қарай 2) тармақша бойынша куәлануын бақылау үшін жұмыстан 1 айдан аз емес мерзімге босатылады.
Куәландыру алдында глаукома бойынша мамандар кеңесі өткізіледі.
50. Талаптарға 50-тармағы бойынша түрлі-түсті көрудің бұзылуы диагнозы қабылданған жіктеме бойынша, түрі, формасы мен дәрежесі көрсетілуімен шығарылады.
51. Талаптарға 1-кестенің 51-тармағы бойынша әрбір медициналық куәландыруда 1-4 бағандар бойынша жасырын және анық қылилықтың болуы зерттеледі. Қылилық медициналық зерттеу синоптофор немесе Меддокс шкаласы бойынша өткізіледі. Елеусіз қылилық дәрежесі мен түрі арқылы анықталады.
Ұшқыштық және авиадиспетчерлік мамандықта оқитындарда бағана бойынша қылилық бұрышы көлденеңінен 3 градустан аспауы керек, 2-4 бағандары бойынша куәланушыда көлденеңінен - 4-тен артық емес, тігінен 1 градус, 3-баған бойынша 8 және 1 градусқа сәйкесті. Қылилық жағдайында фузиондық қор зерттеледі. Қалыпты жағдайда теріс фузиондық қор 5-8 градусты құрайды, оң - 15-20. Фузиондық қор азайған кезде емдеу-жаттығу шаралары көрсетіледі.
52. Талаптарға 1-кестенің 52-тармағы бойынша көру өткірлігі кеңістіктегі сынау белгілері немесе Ротт аппаратында Головин-Сивцев кестенің бойынша түзетусіз және түзетумен зерттеледі: шынайы көру өткірлігі (2,0-1,5-1,0) көрсетіледі.
Ұшқыштар көру өткірлігі 0,6-дан төмен емес, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер 0,4-тен төмен емес әр көзге түзетусіз жөне түзетумен 1,0 және әр түрлі қашықтықта көздің анық көру көлемімен сәйкес жас түрімен және жұмыс тәжірбиесі мен кәсіби дайындығы ескеріліп жеке баға беріледі.
Төмен көру өткірлігі бар ұшқыштар 0,5 (көздің көру бикокулярлы өткірлігі 0,6-дан төмен емес), штурмандарда, бортинженерлерде, бортмеханиктерде түзетусіз 03-тен төмен емес, түзетумен 0,1 аккомодация көлемімен жас ерекшелігіне сөйкес кәсіби дайындығы мен еңбек өтілін ескере отырып жеке баға қолданылады.
Аккомодацияның жасқа байланысты өзгеруінің әсерінен жақыннан нашар көру (пресбиопия) салдарынан ұшу құрамы тұлғалар ұшу қызметін түзегіш шынылы екі фокусты көзілдірікпен немесе жанаспалы шынылы линзамен орындауы керек және өзімен бірге тағы бір жұбын алып жүруі тиіс.
Авиахимиялық жұмыста түзету жанаспалы шынылы линзамен жіберілмейді. Көзілдірік (линза) сапасы мен оның болуы кезектегі куәландыру мен дәрігерлік тексеру кезінде қадағыланады.
0,5 Д дәрежелі жақыннан көрмеуде, 1,0 Д дәрежедегі алыстан көрмеуде, 0,5 Д астигматизм мен көру өткірлігі 1,0 түзетусіз медициналық құжаттың “диагноз” деген жазу жолында “сау” деп көрсетіледі, ал “сыну” деген жазу жолында сәйкес толтырады. Сыну аномалиясы кезінде көру өткірлігі төмендеуі 1,0-ден төмен болса куәландыру осы тармақ бойынша жүргізіледі.
53. Талаптарға 1-кестенің 53-тармағы бойынша ұшқыш, штурман, бортинженер, авиадиспетчер мамандығы бойынша АА оқу орнына түсушілерде, 1-баған бойынша циклоплегия шартындағы сыну түрі мен дәрежесі шынайы тәсілмен (1% атропин ерітіндісі (мидриацил, тропикамида) 5 минут сайын 2 рет тамызылады) анықталады. Басқа бағандар бойынша циклоплегия сынуын (рефракциясы) анықтау үшін медициналық айғақтар болуымен өткізіледі.
Егер куәланушыда сыну (рефракция) жіберілетін нормадан артпаса, тармақ қолданылмайды.
54. Талаптарға 1-кестенің 54-тармағы бойынша кәсіптік іс-әрекет орындау үшін қажетті жұмыстық қашықтық (60-80 см) ескере, аккомодацияның жасқа байланысты өзгеруінің әсерінен жақыннан көру нашарлау (пресбиопия) дәрежесі сфералық шыны күшімен анықталады.
7. Құлақ, тамақ, мұрын, ауыз қуысы және жақ аурулары
55. Талаптарға 1-кестенің 55-тармағы бойынша АА оқу орындарында ұшқыш, штурман, бортинженер даярлау бойынша оқуға үміткерлер мен оқитындар жоғарғы жақ қуысы қойнауында жылауығы, маңдай қойнауында жылауығы және остеомасымен жарамсыз деп танылады. Ұшу құрамындағы тұлғалар барокамералық зерттеулер мен ұшуға жақсы төзімділік танытқан жағдайда маңдай қуысының остеомасы ұшу жұмысын қарсы айғақ болмайды. Жоғарғы жақ қуысындағы сілемейлі қойнау қабырғалық қалыңдау кезінде, егер контрастылық затпен диагностикалық инемен тесуде (пункция) патологиялық өзгеріс айрықшаламаса және АА оқу орнына оқуға үміткер барокамералық зерттеуде барометрлық қысым ауыспашылығына төзімді болса, ұшқыштық оқуға кедергі болмайды. Поллиноз кезінде, мұрын қарығушылық синдромымен ұшу жұмысын жалғастыруына жарамдылығы туралы аллерголог қорытындысынан кейін шешімін табады.
56. Талаптарға 1-кестенің 56-тармағы бойынша қисайған мұрын қалқаларының толығымен болмауы немесе мұрын дем алуының қиындығы, жоғары тыныс алуының жолдарының сілемейлі дистрофиясы, өзгеруі, сөйлеу және тыныс алу қызметін бұзатын (мұрын қалқаны ұлғаюы, аденоидтық вегетация, қатерсіз жаңатүзілім, емделуден кейінгі қатерлі жаңатүзілім) сыртқы есту жолының экзостозы, құлаққасы аймағы остеомасы және радикалдық операциядан кейінгі созылмалы іріңді мезо - және эпитимпанит. Көрсетілген аурулар бойынша операциялық емдеуден кейін жұмысқа және оқуға жарамдылығы туралы мәселе қызметінің қалыптасуын ескере 2) тармақша бойынша шешіледі.
Құлақты радикалдық операциядан кейін операция соңы қуысының толық және тұрақты эпидермизациясы мен есту қызметін сақталуы кезінде (63-тармақ бойынша) куәланушы жарамды деп саналады. Естуін қалыптасру үшін операция жасалған (тимпанопластика, стапедопластика) тұлғалар 1-2-3-бағандары бойынша жарамсыз деп танылады.
Бұл тармаққа тісті қоршаған тіндер қабынуы (парадонтит), көп тістердің түсіп қалуы, алмалы-салмалы протез тістер, қызыл иектің қабынуы, шырышты қабықтардағы ақшыл дақтар, ауытқулы тістемаурулары жатады.
Алмалы-салмалы тісі бар адамның сөйлеу дәрежесі алмалы-салмалы тісін суырып алғаннан кейін тексеріледі. Көп тістер түсіп қалуынан шайнау қызметі бұзылған жағдайда комиссияаралық кезінде протез қою қажеттігі ұсынылады. 3 дәрежелі ауытқулы тістеме кезінде (күрек тістердің аралығы жоғары және төменгі жақ сүйектің тік және сагиталдық бағыты 10 мм жоғары) және 2 дәрежесі (6-дан 10 мм-ге дейін) сараптау шешімі 1) тармақша бойынша шығарылады. 1-дәрежелі ауытқулы тістемаурулары 2-тармақшаға жатады (күрек тістердің аралығы 5 жөне одан да кем мм)
57. Талаптарға 1-кестенің 57-тармағына қабынған бадамша безі бар тұлғалар операциялық емдеуге жатқызылады. Созылмалы жаншылған бадамша безі қабынуы операциялық емдеуден кейін асқынушылық болмаса ұшу жұмысына операциядан кейін 1 айдан соң жіберіледі.
Созылмалы декомпенссацияланған бадамша безі қабынған тұлғалар отоларингологтың бақылауы мен айғақ бойынша емделуге жатқызылады.
58. Талаптарға 1-кестенің 58-тармағында көрсетілген ауруы бар тұлғалар арнайы емделуге жатқызылады. Қатерлі ауру бойынша емделуден кейін жұмысқа қайтарылуы туралы мәселені онкологтың шешімі ескеріле отырып, 2 жылдан кейін қаралады.
59. Талаптарға 1-кестенің 59-тармағы сөйлеудің бұзылуын қарастырады: дыбыс шығару және кекештену кез келген дәрежедегі кекештену кезінде штурман, бортинженер, авиадиспетчерлері оқуына және бортсерік жұмысына үміткерлер жарамсыз болып танылады.
Кейбір дыбыстарды бұзып сөйлейтін, бірақ анық, сөзі түсінікті үміткерлер жарамды болып табылады. Сараптау қорытындысы логопед кеңесінен кейін шығарылады.
60. Талаптарға 1-кестенің 60-тармағы бойынша 1) тармақша радикалдық операциядан кейінгі операция жасалған қуыстың толық емес эпидермизациясы жағдайын (онда іріңнің, түймешік, түйіршіктер және інжу тәріздес ісік (холестеатома) болуы) қарастырады.
Біржақты созылмалы қатерлі емес эпитимпанит (түйіршіктерсіз, түймешіксіз, сүйек жегінің болмауы, лабиринт ауруы белгісі) мезотимпанит кезіндегі жұмысқа жарамдылығы 2) тармақша бойынша қарастырылады.
3) тармақшаға созылмалы құлақ талауруы (созылмалы тубоотит) сирек асқынушылығымен және біркелкі есту қабілетінің бұзылуы және барофункция ұшу жұмысына қарсы айғақ болмайды.
Сараптау қорытындысы құлақ есту сақтығы ескеріле шығарылады.
Теспелеу орнында кішкене тыртық, құлақ жарғағында әктік шөгіндену (оның жақсы қозғалуы, қалыпты есту кезінде, аудиграммамен расталған және бара қызметінің сақталуымен) диагноз белгілеуге негіз болмайды.
61. Талаптарға 1-кестенің 61-тармағы бойынша құлақ барофункциясы бұзылуының тұрақтылығы мен айқындылығы арнайы зерттеу арқылы расталуы қажет.
Сараптау шешімі 2) тармақша бойынша емделуден кейін барофункция бұзылуының нысаны (органикалық немесе функциялық) ескеріле отырып, шығарылады. Ұшқыш мамандығына оқитындарға айғақтар бойынша қысым айырмасының төзімділігін тексеруде барокамералық зерттеу өткізіледі. Құлақ жарғағындағы жеңіл қан кернеуі, отометрия жақсы айғақімен буынға балға бұраламасы бойымен жіберу және құлақ, мұрын, тамақ ағзаларында патология болмауы ұшқыштық оқуға кедергі келтірмейді.
62. Талаптарға 1-кестенің 62-тармағы бойынша тұлғаның статокинетикалық сезгіштік жағдайы туралы вестибулометрия қорытындысымен (айналмалы орындықта тексеріледі), ұзақ ұшуға төзімділігі бойынша, вестибулярлық сыртартқы бойынша қорытындылайды.
Жеңіл вестибуловегетативтік әсер (өңі сұрлану, сәл тердің пайда болуы), вестибулометрия кезінде ұшуға жақсы төзімді және денсаулық жағдайында ауытқушылық болмаса диагноз қоюға негіз бола алмайды.
63. Талаптарға 1-кестенің 63-тармағы бойынша АА оқу орнында оқитындар мен жер қызметі құрамы қатарындағылар, ұшқыштық жұмысқа штурман, бортинженер, бортмеханик, бортрадист, бортсерікке түсушілер сыбырлап сөйлеген жуан және жіңішкелік сөз тобын 6 метрден кем емес қашықтықта қабылдау және аудиометриядағы барлық диапазон жиілілігінде есту табалдырығы 10 ДБ-ға дейін қажет.
Бұл тармаққа беріш ауруы жатады. Беріш ауруымен зардап шегетін және есту қалыптамалау операцияын кешкен тұлғалар емделу нәтижесіне тәуелсіз барлық бағана бойынша жарамсыз болып табылады. Есту қызметін анықтауда келесі зерттеу әдістемелері қолданылады: сыбырлап сөйлеу акуметриясы, камертонмен тексеру, алдыңғы тоналды табалдырықты аудиометрия, сөйлеу аудиометриясы, ультрадыбыстық зерттеу.
Сараптау қорытындысы жуан не жіңішке сөз тобына тәуелсіз, есту қабілетінің нашар айғағымен негізделіп шығарылады. Ол үшін кохлеарлық нерв жүйесін жетілдіру қажет есту ағзаларының басқа ауруларынан және мүмкіндік болса нервнің қабыну этиологиясын көрсету (жұқпадан соң, уыттанудан кейін, жарақаттанудан кейін, шулау, атеросклероз, гипертониялық аурулар және тағы басқа).
Кохлеарлық нерв қабыну этиологиясымен ұшу құрамындағыларға жаз кезіндегі айлық норманы ұзартуға тыйым салынады. Ұшу жұмысына жіберу кезінде шектеулі есту қабілеттілігімен куәланушы екіжақтылық радиоалмасу жүргізу сапасын тексеру актісін беруі тиіс.
Авиация қызметкерлерге
денсаулық жағдайы бойынша
қойылатын талаптарға
1-кесте
Аурулардың атауы және дене кемістігі
|
Куәланушылардың санаттары және бағандар
|
Аурулардың атауы және дене кемістігі
|
ұшқыштарды, авиадиспетчерлерді даярлау бойынша АОО түсушілер және оқитын тұлғалар
|
ұшақтың, тікұшақтың барлық кластары бойынша ұшқыштар, бортинженерлер, бортмеханиктер, штурмандар, АОО ұшқышка оқитындар (курс бітірушілер)
|
бортсеріктер, бортоператорлар әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), аса жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер
|
авиадиспетчерлер, АОО авиадиспетчерге оқитындар (курс бітірушілер)
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Психикалық және нерв аурулары:
|
1. Шизофрения, ашу қысқанда уақытша естен адасу, паранойя.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2. Жұқпалы, уыттанушылық, реактивті психоз; реактивті жағдайлар (делсалдық, жабығу және тағы басқа); невроз (неврастения, истерия, тағы басқа):
|
|
|
|
|
1) психикалық әрекеттің бұзылуы, тұрақты резидуальдық құбылыстардың болуы немесе емделуден кейін әлсіздік синдромының болуы кезінде;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) нерв-психикалық әрекеті толық қалыптастырылған және қан қан тамырлық-вегетативтік жеңіл бұзылулар кезінде.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
3. Маскүнемдік, дәріге тәуелділік, нашақорлық.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
4. Тұлғалық бұзушылық:
|
|
|
|
|
1) психопатияның барлық түрлері және психотикалық емес сипатты басқа да психикалық бұзылушылық;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) психикалық инфантизизм, тұлға акцентуациясы.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
5. Эпилепсия.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
6. Ми және жұлын тамырларының зақымдануы:
|
|
|
|
|
1) ми қан айналымының жіті бұзылуы және оның салдары. Созылмалы ми-қан тамырлық кемістік;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ми және жұлынның бастапқы зақымдануы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
7. Әртүрлі этиологиялық орталық нерв тамырларының органикалық аурулары:
|
|
|
|
|
1) үдемделі сипатты немесе қызметінің бұзылуымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) нерв-психикалық қызметі жеткілікті теңгерілуімен, бастан өткерген аурудың салдарынан қалдық құбылыс.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
8. Ми жарақаты немесе жұлын жарақатының салдарынан:
|
|
|
|
|
1) нерв-психикалық функциясының айқын бұзылуы, тырысу синдромы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) айқын емес клиникалық көрінісі болған жағдайда.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
9. Вегетативтік нерв жүйесі аурулары:
|
|
|
|
|
1) жұмыс қабілеттілігіне қауіпті немесе жоғалтуға және кәсіби қызметті орындауда ауытқушылыққа әкеп соғатын вегетативтік нерв жүйесінің ұстамалы немесе күрт асқынушылық ауру ағымы
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) жеңіл және бірқалыпты эмоциялық-вегетативтік бұзылушылық кезінде
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
10. Шеткі нерв жүйесінің аурулары мен зақымдануы:
|
|
|
|
|
1) созылмалы қимыл, сезімталдық, нәрленудің бұзылуы мен тұрақты ауырсыну синдромы кезінде созылмалы және жиі асқынуымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) созылмалы және сирек асқынуымен немесе функциясы сәл бұзылуымен қалдық құбылыс, кәсіби міндеттемені орындауға кедергі келтірмейтін.
|
Жарамсыз, диспетчерлерге - жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
11. Синкопальдық күйі (естен тану)
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамсыз
|
2. Ішкі аурулар:
|
12. Созылмалы жұқпалы және паразиттік аурулар:
|
|
|
|
|
1) ағза қызметінің бұзылуынан жалпы әлсіздену;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ағза қызметінің сәл бұзылуымен симптомсыз және таратушылықсыз ағымымен.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
13. Қан жүйесінің аурулары:
|
|
|
|
|
1) үдемелі ағым;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қатерсіз ағым.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
14. Әртүрлі этиологиялық аллергиялық жағдай:
|
|
|
|
|
1) жиі қайталанып тұратын;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қайталануға бейімсіз.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
15. Семіру:
|
|
|
|
|
1) 2 дәрежеліден жоғары болу
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
2) 1 дәрежелі.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
16. Эндокриндік жүйе ауруы:
|
|
|
|
|
1) айқын көрінген түрі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) жеңіл түрі.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
17. Тыныс алу ағзасының туберкулезі:
|
|
|
|
|
1) белсенді немесе қалдық өзгерісімен айрықшалануы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) тыныс алу қызметін сәл және бірқалыпты бұзылуымен емдеген.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
18. Тыныс алу ағзасындағы аурулар:
|
|
|
|
|
1) асқынуға бейімді немесе тыныс алу қызметі бұзылуының айқындалуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) асқынуға бейімді емес немесе тыныс алу қызметінің сәл және бірқалыпты бұзылуы
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
19. Нервайналымдық құбылмалық кардиалық түрімен:
|
|
|
|
|
1) ауырсынушылық және әлсіздік синдромы болған кезде ырғақ және өткізгіштік бұзылуының айқындалуымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
2) теңгерілген түрі.
|
Жарамсыз, диспетчерге - жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
20. Қан тамырының гипертензиясы:
|
|
|
|
|
1) АҚ тұрақты көтерілуі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) бақыланушы АҚ көтерілуі;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
3) өткінші АҚ көтерілуі.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
21. Жүректің ишемиялық ауруларын қосқанда, тамырлар мен жүрек бұлшықеттерінің атеросклеротикалық сипаттағы аурулары
|
|
|
|
|
1) функциялардың бұзылуымен, клиникалық жағынан айқындалған
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) тәждік, жалпы қанайналымы бұзылуынсыз және ырғақ пен өткізгіштік бұзылуы айрықшаланусыз.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
22. Жүректің атеросклеротикалық емес сипаттағы аурулары:
|
|
|
|
|
1) белсенді процесс белгілерімен, жүрек мөлшерінің үлкеюі, айрықшаланған ырғақ және өткізгіштік бұзылуы, ауырсыну синдромы болғанда функциялық қабілеттілігі төмендеу кезіндегі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) белсенді емес, теңгерілмеген түрі.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
23. Асқазан мен ішек аурулары:
|
|
|
|
|
1) жиі асқынуы, біркелкі немесе айрықшаланған ас қорыту қызметінің бұзылуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) асқынбаған және ас қорыту қызметінің сәл бұзылуымен.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
24. Бауыр, өт қабы және ұйқы безі аурулары:
|
|
|
|
|
1) ас қорыту қызметінің жеткілікті сақталуымен жиі асқынуы, ауырсынғыш синдромымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) асқынбаған және ас қорыту қызметінің жеткілікті сақталуымен.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
25. Бүйрек ауруы:
|
|
|
|
|
1) жіті гломерулонефрит; бүйрек қызметінің бұзылуымен созылмалы ауруы және гипертониялық синдромымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) тұрақты тыныш күйдегі немесе қалдықтық өзгеріс асқынудан кейін функциясы бұзылмаған.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
26. Буын ауруы және байланыстырушы ұлпаның жүйелі түрдегі ауруы:
|
|
|
|
|
1) жіті және жітіасты ағымдағы, ішкі ағзалар ауырсынғыштығы мен әлсіздену синдромы белгілерінде, дәрі-дәрмектік терапияны үнемі қабылдауды қажет ететін;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) бірқалыпты ремиссияның болуы, ағза қызметінің бұзылушылығы айрықшаланбаған.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
3. Хирургиялық аурулар:
|
27. Дене дамуының сәйкессіздігі, жас шамасына дене дамуының сәйкес келмеуі.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
28. Шеткі лимфатүйіндерінің туберкулез және кереңдік (актиномикоз және басқа) зақымдану.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
29. Даму кемістігі, сүйек, шеміршек, бұлшықет және сіңір созылмалы аурулары, жарақат немесе операция жасау салдары, күйіктен және үсіктен кейінгі тыртықтар:
|
|
|
|
|
1) жиі асқынатын, ауруды үдететін, ағза қызметінің көп мөлшерде бұзылуымен, ауырсыну синдромымен, косметикалық кемістігімен, білінуге бейімді, киім, аяқ киім киюге кедергі келтіретін;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) үдемейтін, сәл қызметі бұзылуымен ауырсынғыш синдромсыз, киім, аяқ киім киюіне кедергі келтірмейтін.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
30. Қатерлі ісіктер:
|
|
|
|
|
1) ісіктің айқындалуымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) емделуден кейін сыртартқысында ісіктің болуы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
31. Қатерсіз ісіктер:
|
|
|
|
|
1) ағза қызметінің бұзылуы, қозғалуды, киім, аяқ киім киюді қиынсынатын, бірақ хирургиялық емдеуге жатқызылмайтын;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ағза қызметінің бұзылмауы, ауырсыну синдромынсыз, қозғалуына, киім, аяқ киім киюіне кедергі келтірмейтін.
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
32. Даму кемістігі, көкірек пен диафрагма ауруы, жарақат және операция жасау салдары:
|
|
|
|
|
1) көкірек пішінін өзгертуі және оның ағзаларының қызметін бұзуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) көкірек пішінін өзгертпеуі және оның ағзалары қызметін бұзбауы.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
33. Даму кемістігі, өңеш аурулары:
|
|
|
|
|
1) қызметін бұзатын, операциялық емдеуге жатқызылатын;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қызметін бұзбайтын, үдемеген, емді қажет етпейтін.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
34. Даму кемістігі, құрсақ қабырғалары мен құрсақ қуысы ағзаларының жарақаттану салдары, сонымен қатар оларға операция жасау:
|
|
|
|
|
1) ағза қызметін бұзатын, киім киюге кедергі келтіретін білінуге бейім тыртықтар;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ағза қызметін бұзбайтын.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
35. Тік ішектегі және параректальдық торлардың аурулары:
|
|
|
|
|
1) жиі асқынатын, операциялық емдеуден кейін қайталанатын дефекацияның бұзылуы, анустың сығылуы, анальдық қысқыш кемшілігі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) сирек асқынатын, үдемейтін, қызметі бұзылмаған.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
36. Даму кемістігі, тамыр аурулары, ағзаларындағы зақымдану салдары және оларға операция жасау:
|
|
|
|
|
1) қан айналымы, лимфа айналымы бұзылуы, нәрсізденуден бүлінушілік, ауырсыну синдромымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қан және лимфа айналымы теңгерілуі, ауырсыну синдромсыз.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
37. Даму кемістігі, қуық-жыныс ағзаларындағы зақымдану салдары және оларға операция жасау. Бүйректің төмен түсуі, жұмыртқа шемені және шәует бау. Шәует баудың көктамыры кеңеюі:
|
|
|
|
|
1) қызметі бұзылған ауырсыну синдромымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қызметі бұзылмған, ауырсыну синдромынсыз.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
38. Тән және тән емес этиологиясымен несепжыныс ағзаларының созылмалы қабынушылық аурулары:
|
|
|
|
|
1) белсенді фазадағы қабыну;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) емдеуден өткен несепжыныс ағзасы туберкулезі, қызметі бұзылуысыз тән емес қабынудың тұрақты тыныштық күйдегі фазасы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
39. Қуықтасты ауруы:
|
|
|
|
|
1) тастың болуы, қайталап тастүзілуімен, тас болмаған кезде бүйрек шаншуының қайталап ұстамасы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) бір рет тастың кетуінен кейін немесе тас кетуісіз бір рет бүйрек шаншуы, қызметі бұзылмаған жағдайда.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
4. Тері және мерез аурулары:
|
40. Терідегі алапес, күлдіреуік, лимфома ауруы.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
41. Теңге қотыр, теңге қотыр тәрізді жағдай, қызыл жалпақ теміреткі, нейродерматоз (нейродермит, қышыма, есекжем және басқа), терінің созылмалы ауруы (түрлі түрі), тері васкулиті, коллагеноздар (тері қатаюы):
|
|
|
|
|
1) клиникалық айрықшаланған, таралған түрі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) жеңіл түрі шектеулі таралуымен.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
42. Мерез ауруы және ЖИТС:
|
|
|
|
|
1) ЖИТС;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) мерез, соз ауруы және басқа мерез ауруы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
5. Әйел аурулары, жүктілік:
|
43. Даму кемістігі, әйел жынысы аумағындағы аурулар, эндометриоз, босану және шұғыл араласу салдарынан:
|
|
|
|
|
1) ерекше анатомиялық ақаулар, жиі асқынулар, қызметінің бұзылуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қызметін бұзбайтын, ауырсыну синдромсыз.
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
44. Овариальдық-етеккір циклының бұзылуы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
45. Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезең.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
6. Көз ауруы:
|
46. Қабақ және көздің қарығуы:
|
|
|
|
|
1) созылмалы, жиі асқынуымен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ерекше айрықшаланбаған, сирек асқынушылығымен.
|
Жарамсыз, диспетчерге, бортинженерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
47. Көзжас ағзасы және көзжас ағуы жолдары аурулары:
|
|
|
|
|
1) көзжас ағу жолдары қызметі бұзылуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) көзжас ағу жолдары қызметі бұзылуынсыз.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
48. Көз алмасының ауруы: қабынуы, қан тамырының, нәрсізденушілік сипаты, операциядан, жарақаттанудан, ісіктерден кейінгі:
|
|
|
|
|
1) қызметінің бұзылуы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) көру ағзасы қызметінің жеткілікті сақталуы.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
49. Глаукома:
|
|
|
|
|
1) 1-В, 2, 3, 4 сатыдағы;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ашықбұрышты 1-А сатыдағы.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
50. Түр ажыратудың бұзылуы: дихромазия, аномальдық трихромазия:
|
|
|
|
|
1) А - түрі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) В - түрі;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
Жеке баға
|
3) С - түрі.
|
Жарамсыз, диспетчерге, бортинженерге жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
51. Көздің қозғалмалы аппаратының бұзылуы:
|
|
|
|
|
1) қабақ бұлшық етінің сал ауруы; салданып және қосақтасып қылилану;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) фузионды резервтерінің төмендеген гетерофориялар.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
52. Көз жанарының өткірлігі.
|
Жарамды: жаңа оқуға түсетіндерге - ұшқышқа және штурманға 1,0 әр көзіне түзетусіз; бортинженерге 0,8, диспетчерге 0,6 әр көзіне түзетусіз, түзетумен 1,0; курсанттар, осы мамандыққа оқитындар - ұшқыш, штурман 0,8, бортинженер 0,6, диспетчер 0,3 әр көзге түзетусіз, түзетумен 1,0.
|
Жарамды: ұшқыш әр көзіне 0,6, түзетумен 1,0, нашар көзге жеке баға 0,5, түзетумен 1,0; штурман, бортинженер, бортмеханик жарамдылығы 0,4 әр көзге, түзетумен 0,8; жаңа келген бортинженер, бортмеханик жарамдылығы 0,6 әр көзіне, түзетумен 1,0.
|
Бортрадистерге жарамдылығы 0,3 әр көзге, түзетумен 0,8; бортсерік, бортоператор, ұшқыш-бақылаушыға жарамдылығы 0,1 әр көзіне, түзетумен 0,8; парашютист 0,5 әр көзіне, түзетумен 1,0; ұшқыш-әуесқой, планерист, аэростат ұшқыштары жарамдылығы 0,5 әр көзіне, түзетумен 0,8; жұмысқа жаңа келген бортсеріктерге жарамдылығы 0,3 әр көзіне, түзетумен 1,0.
|
Жарамды: 0,1 әр көзіне, түзетумен 0,8
|
53. Рефракция.
|
Ұшқыштарға жарамдылық - алыстан көру қабылеттігі бойынша 1.0Д жоғары емес, жақыннан көру 0.5Д, астигматизм 0.5Д, анизометропия 1.0Д жоғары емес; штурман, бортинженер жарамдылығы алыстан және жақыннан көру қабілеттігі 1.0Д жоғары емес, астигматизм 0.5Д, анизометропия 1.0Д жоғары емес; диспетчерге жарамдылық - алыстан және жақыннанкөру қабылеттігі 2.0Д жоғары емес, астигматизм 1.5Д, анизометропия 1.0Д жоғары емес
|
Жарамды: алыстан және жақыннан көру 3.0Д жоғары емес, астигматизм 2.0Д
|
Бортрадист, парашютист, ұшқыш-әуесқой, планерист, аэростат ұшқышына жарамдылық - алыстан және жақыннан көру 3.0Д жоғары емес, астигматизм 2.0Д; басқалары - алыстан көру 4.0Д жоғары емес, жақыннан көру 5.0Д жоғары емес, астигматизм 2.5Д; жұмысқа жаңа келген бортсеріктерге жарамдылығы - алыстан және жақыннан көру 3.0Д жоғары емес, астигматизм 2.0Д.
|
Жарамды: алыстан көру 3.0Д жоғары емес, жақыннан көру 5.0Д жоғары емес, астигматизм 2.5Д
|
54. Аккомодацияның бұзылуы: пресбиопия 3.5Д.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
7. Құлақ, тамақ, мұрын, ауыз қуысы және жақ аурулары:
|
55. Мұрын қосалқысының созылмалы ауруы:
|
|
|
|
|
1) қойнаудың іріндеп қабынуы полипозбен немесе сілемейлі сему;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) қойнаудың іріндеп қабынуы, көрсетілген асқынуларсыз;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
3) қойнаудың іріндемей қабынуы (талаурау, сінерлі қабақтың қабынуы, вазомоторлық, аллергиялық, гаймор қойнауы жылауығы).
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
56. Мұрын қуысының және оның қосалқы қойнауы өзгеруі, ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек немесе құлақ жарақаттанған, аурулардан, операция жасаудан кейін:
|
|
|
|
|
1) ЛОР ағзаларының қызметін бұзып және арнайы құралдарды қолдануда қиындық келтіретін;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) ЛОР ағзаларының қызметін сәл бұзуы және арнайы құралдарды қолдануда қиындық келтірмейтін.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жарамды
|
57. Созылмалы тонзиллит:
|
|
|
|
|
1) теңгерілмейтін түрі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) теңгерілетін түрі.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жарамды
|
Жарамды
|
Жарамды
|
58. ЛОР ағзасындағы кез келген даму сатысындағы туберкулез, склерома, қауіпті ісік, жегі.
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
59. Сөйлеу кемістігі:
|
|
|
|
|
1) анық байқалатын: кекеш, сақау, сөзді түсініксіздеу айтатын;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) анық байқалмайтын, сөйлегенде ешқандай әсері жоқ.
|
Жарамсыз
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
Жеке баға
|
60. Құлақтың орта қуысының созылмалы ауруы:
|
|
|
|
|
1) созылмалы іріңді эпитимпанит, созылмалы іріңді екі жақты мезотимпанит, біржақты жиі асқынушы немесе түймешіктермен, түйіршіктенумен, дабыл құысындағы қабырғасы жегімен, жоғары тыныс алу сілекей қабының нәрсізденуімен;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) созылмалы біржақты мезотимпанит, асқынушылық жоқ;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жарамды
|
3) орта құлақ қуысы бұрынғы қабынуынан тұрақты қалдық құбылыс (құлақ құысының құрғақ перфорациясы), сонымен созылмалы орта құлақ қуысының ірінсіз қабынуы.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жарамды
|
61. Бір құлақтың болса да немесе мұрын қойнау қуысының барофункциясының бұзылуы; атмосфералық қысымның толқуына жоғары сезімталдық:
|
|
|
|
|
1) бірқалыпты және айқын байқалған;
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
2) айқын байқалмаған.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жарамды
|
62. Статокинетикалық тітіркендіргішке жоғары сезімталдық.
|
Жарамсыз, диспетчерге жеке баға
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамды
|
63. Құлақ есту қабілетінің төмендеуі:
|
|
|
|
|
1) бір құлақтың тұрақты толық кереңдігі; сөйлеу жиілігін (500, 1000, 2000 Гц) қабылдау аумағында есту шегін көтергенде екі құлақтың естуінің 20-дан 30 дБ-ға дейін, 2 м қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде 4000 Гц жиілікте 65 дБ-ға дейін төмендеуі;
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
Жарамсыз
|
2) сөйлеу жиілігін қабылдау аумағында есту шегін арттыру кезінде екі құлақтың естуінің 10-нан 20 дБ- ға дейінгі (500, 1000, 2000 Гц), 4000 Гц жиілікте 65 дБ –ға дейін тұрақты төмендеуі және 3 м және жоғары қашықтықта сыбырлап сөйлеу кезіндегі қабылдау;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға
|
3) сөйлеу жиілігін қабылдау аумағында есту шегін арттыру кезінде бір құлақтың естуінің 20-дан 30 дБ- ға дейінгі (500, 1000, 2000 Гц), 2 м дейінгі қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде және 10 дБ-ға дейін (500, 1000, 2000 Гц) сөйлеу жиілігі аумағында есту шегін арттыру кезінде, басқа құлақта 5 м –ге дейінгі қашықтықта сыбырлап сөйлеуді қабылдау кезінде 4000 Гц жиілікте 50 дБ–ға дейін тұрақты төмендеуі;
|
Жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға, жаңадан келушілер жарамсыз
|
Жеке баға
|
Авиация қызметкерлерге
денсаулық жағдайы бойынша
қойылатын талаптарға
2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |