Онкологияда, гериатрияда және басқа да медицина Салаларында әлеуметтік жұмыс жүргізу Дайындаған:Ибрагим Гүлбану Топ:301 М/С Қабылданған:Мақсутова Сапарай Жоспар - Кіріспе
- Рак профилактикасы
- Әлеуметтік-медициналық профилактикалық бағыттағы іс-шаралар
- Әлеуметтік жоспардың профилактикалық бағыттағы іс-шаралары
Онкология жоғары әлеуметтік маңызы бар мәселелердің біріне жатады, өйткені, халық өлімінің, жұмысқа деген қабілеттілігінің жойылуының және халықтың мүгедектенуінің негізгі себептерінің бірі осы онкология болып табылады. Соңғы онжылдықта онкологиялық аурудың көбею тенденциясы айқын көрінуде. - Онкология жоғары әлеуметтік маңызы бар мәселелердің біріне жатады, өйткені, халық өлімінің, жұмысқа деген қабілеттілігінің жойылуының және халықтың мүгедектенуінің негізгі себептерінің бірі осы онкология болып табылады. Соңғы онжылдықта онкологиялық аурудың көбею тенденциясы айқын көрінуде.
- Профилактикалық онкологияда рак профилактикасының бірінші, екінші және үшінші түрлерін ажыратып көрсетуге болады.
Бірінші рак профилактикасы – бұл әлеуметтік-гигиеналық және халықтың күш салуымен жүзеге асатын шаралар жүйесі. Яғни, қауіпті ісіктердің пайда болуының алдын алу, ісік жағдайындағы қоршаған ортаның әр түрлі әсер еткіш факторларын жою немесе заласыздандыру, сонымен қатар ағзаның төзімділігін жоғарылату жолымен анықталады.
Екінші рак профилактикасы – бұл ісіктің пайда болуының алғышартын және ісіктің бастапқы деңгейін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Негізінен бұл профилактиканы қоғамның қамқорлығынан көре аламыз, себебі, ауруды анықтау мен ауру адамдарды диспансерлік бақылаудағы негізгі рөлді санитарлық-ағарту жұмыстары, тұрғындарды аурудың алғашқы белгілерімен таныстыру жұмыстары мен амбулаторлық-поликлиникалық мекемелер атқарады. Бірақ жекелей алғанда, әр адамның рөлі де маңызды: адамның өз денсаулығына назар аударуы, әрдайым медициналық профилактикалық тексеруден өтіп отыруы.
Үшінші рак профилактикасы – бұл әлсіз немесе жоғалған қызметтік және психологиялық ерекшеліктерді қайта қалпына келтіру және хирургиялық, дәрі-дәрмектік, шипажайлық емдеу, еңбек және физиотерапия жолдарымен компенсаторлық механизмдерді ңығайтудан тұратын онкоауруды әлеуметтік-медициналық реабилитациялау.
Әлеуметтік және медициналық жұмыскерлердің рөлі – халықты осы қауіптің және оның жекелей алдын алу іс-шараларының бар екендігі туралы хабардар ету.
Басқа шаралар жалпы қоғамдық сипатта жүзеге асады және олар адамның барлық өмірін қамтуы тиіс:
► Онкогигиеналық профилактика – қоршаған ортаның канцерогенды факторларының, соның ішінде ауа, су және азық түліктің адамға әсерін анықтау және кері әсерін заласыздандыру.
► Биохимиялық рак профилактикасы әр түрлі химиялық препараттар, өнімдер мен қосуларды (С, Е витаминдері және құрамында осы витаминдер бар өнімдер; антиоксиданты бар препараттар) пайдалану арқылы, канцерогендік фактор іс-әрекетінен пайда болатын бластомогенді эффектінің алдын алу.
► Медициналық-генетикалық профилактика ісік және ісік алды аурулары тұқым қуалау арқылы берілетін отбасыларды, хромосомалық тұрақсыздығы бар адамдарды анықтау, оларға канцерогендік фактордың әсер ету қаупін төмендету шаралары (жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, үйлестірілімді тағамдануға кеңес беру, зиянды әдеттерден бас тартқызу, диспансерлік бақылау және т.б.).
► Иммунобиологиялық профилактика канцерогендік әсерлерден қорғануға және түзету шараларын жүзеге асыруда иммунологиялық жетіспеушілігі бар контингенттің құрылуын және жеке адамдарды анықтау.
► Эндокринді-жастық профилактика дисгормониялық жағдайды, сонымен қатар ісіктің пайда болуына және асқынуына негіз болатын гомеостаздың жастық бұзылуын анықтау және оны түзету.
► Ақпараттық профилактика: әңгіме-кеңестер өткізу, халықты рак профилактикасына байланысты танымал-ғылыми әдебиеттермен және брошюралармен қамтамасыз ету, рак ауруы және оған дейінгі кезеңдегі көріністер сипатталған плакаттар мен фотовитриналар жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |