Естен тану кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек Естен тану (синкоп)



жүктеу 1,36 Mb.
Дата15.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#30463
240420.Естен тану


Естен тану кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

Естен тану (синкоп)-аз уақытқа кенеттен ес-түссіз қалу. Ол мидың гипоксиясы әсерінен дамиды. Онда жүрек және тыныс қызметінің әлсіреп, қайта қалпына келуі байқалады.

Естен тану кезеңдері

Естен тану алды

Естен тану

Естен танудан кейінгі



Естен тану алды
  • Науқас әлсірейді;
  • Көзі қарауытады;
  • Құлағы шуылдайды;
  • Басы айналады
  • Жүрегі айниды;
  • Тершеңдік басады;
  • Терісінің бозаруы бірнеше секундтан бірнеше минутқа созылады.

Естен тану кезеңі
  • Науқас есінен танады;
  • бұлшықеттерінің тонусы төмендеп, терісі бозарады;
  • Тынысы беткейлі болады;
  • Есін бірнеше секундтан бірнеше минутқа жоғалтады;
  • Кейде ми қанайналымының тоқтауына байланысты тонико-клоникалық тырысулар болып, еріксіз зәр шығаруы мүмкін;
  • Көз қарашықтары тарылады (кейде кеңейеді);
  • Жарыққа реакциясы болмайды, рефлекстеріде жоғалады;
  • Науқастың пульсі әлсіз;
  • АҚҚ қалыпты немесе төмендейді;
  • Жүрек тондары тұйықталған;
  • Тынысы беткейлі, сирек;
  • Кейде есі 10-20 минутқа дейін жоғалады.

Естен танудан кейінгі
  • Науқас есін жинайды;
  • Тері қабаттары өз қалпына келеді;
  • Пульстің толымы жақсарады;
  • АҚҚ қалпына келеді;
  • Кейбіреуі әлсіздікке, басының ауырып тұруына шағымданады.

Естен тану жағдайлары 3 топқа бөлінеді

Нейрокардиогенді

Кардиогенді

Ангиогенді



Нейрокардиогенді естен тану

Бұл күйлер ауасы тар жерлерде, қатарда тұрғанда дамиды. Оны жан күйзелістері, қорқыныш, қанды көру, ауыру сезімдері сияқты өршітуші факторлар тудырады. Сонымен қатар бұл топқа жөтелгенде, күшенгенде, жұтынғанда дамитын естен танулар жатады. Мұндай естен танудың түрі қантамырлық тонустары төмен, артериялық қан қысымының төмендеуіне бейім және вестибулярлық бұзылыстары бар адамдарда дамиды. Нейрокардиогенді естен танулардың алдында естен тану алды кезеңі болады. Онда науқастың терісі бозарып, әлсізденіп, басы айналады, көзі қарауытады, лоқсиды.

Кардиогенді естен тану

Аритмиялық

Обструктивті

Аритмиялықтар

    • Брадиаритмиялық (синустың тежелуі, толық АВ блокадасы)
    • Тахиаритмиялық ( қарыншалық тахиаритмиялық пароксизмдер, қарыншалық діріл)

Обструктивті
    • Сол қарыншадан
    • Оң қарыншадан

Аритмиялық асқынулар кардиогенді синкопальді күйлерді тудыратын ең жиі себептердің бірі. Олар көбінесе айқын брадиаритмиялық немесе тахиаритмиялық күйлерде дамиды. Аритмиялық естен тануларда естен тану алды кезеңі болмайды. Мысалы, науқас тыныштық қалыпта ( кітап оқып, теледидар көріп отырып) есінен танып қалуы мүмкін. Оның пульсінің жиілігі минутына 20-40 төмендеп кетеді.

Тахиаритмиялық түрлерінде (қарыншалық жыбыр мен діріл). Мұнда қанайналымның ауыр бұзылыстары дамиды. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 180-220 дейін барады. Науқас кенеттен өліп кетуіде мүмкін.

Обструктивті естен танулар жүрек лақтырысына механикалық кедергілер болғанда дамиды. Қолқа қақпақшасының стенозы бар науқастар, физикалық күштемелер түскенде есінен танады. Сол жүрекшенің домалық тромбы бар науқастар, көбінесе отырып тұрғанда немесе тұрып отырғанда есінен танып қалуы мүмкін. Есінен танар алдында науқас ентігеді, терісі көгереді. Ал сол жүрекшелік миксомасы бар науқастарда ентігу, цианоз, тахикардия байқалып, тұрған жерінен есін жоғалтуы мүмкін. Сонымен қатар обструктивті кардиогенді естен танулар біріншілік өкпелік гипертензияларда немесе ӨКҚҚ, кейде қолқаның қатпарлы аневризмаларында, қақпақша протездерінің жұмысы бұзылғанда дамиды.

Ангиогенді естен танулар

Ортостатикалық

Цереброваскулярлы

Естен танудың диагностикасы қиындық туғызбайды. Бірақ оның себебін және патофизиологиялық механизмін анықтау қиындау болады. Өйткені ұстамалар арасында аурудың белгілері болмауы мүмкін.

Егер ауру дәрігер келгенге дейін есінен танған болса, онда қасындағылардан мына жоспар бойынша сұрастыру керек:


  • уақытын, ұай жерде болғанын, себебін (ыстық, қобалжу, кенеттен тұру, физикалық күштемелер және т.б.) ,
  • Айқай, тері қабаттарының түрі: бозару, қызару, көгеру, пульсі: жиіленуі, ырғақтығы, толымдылығы,
  • Қимылы: тырысулар, құлағанда алған жарақаттары, еріксіз зәр шығару, естен танудың ұзақтығы, қайта есін жинау белгілері: бас ауыру, есеңгіреу, сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т.б.



Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем
  • Естен тану немесе естен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
  • Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жылы басуға болады.
  • Егер науқас есіне келмесе тері астына немесе бұлшықетке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2 мл кофеин ерітінділері енгізіледі.
  • Қан қысымы төмен болса, 5 % эфидрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.
  • Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сақтауды талап етіп, бақылауға алу керек.

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау