2. Ішкі аурулар
12. Авиация қызметкерлерінде анықталған созылмалы жұқпалы және парозиттік аурулар ағзалар мен организм жүйесі функцияларының бұзылу дәрежесі бойынша бағаланады (Талаптарға 1-кестенің 12-тармағының). Авиация қызметкерлері инвазия мен жұқпадан емделгеннен кейін бактериологиялық тексерін-қараудық теріс нәтижелері кезінде жұмысқа жіберіледі, бортсеріктер екі рет теріс нәтижеден кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
Инфекциялық гепатит, геморрагиялық қызба, ауруларын бастан өткерген авиация қызметкерлері дерт ауыртпашылығы мен емделу нәтижесіне байланысты 3-6 айға жұмыстан шеттетіледі. АХЖ ұшу құрамы 12 айдан соң жіберіледі. Авиадиспетчерлер еңбекке жарамсыздық парағын жапқаннан соң жұмысқа жіберіледі.
Бактерия тасымалдаушы ішек жұқпасы бар бортсеріктер Талаптарға 1-кестенің 1) тармақша бойынша куәландырылады.
13. Талаптарға 1-кестенің 13-тармағы лейкоздарға, миелома ауруына, лимфогрануломатоз, қатерлі анемия, қанды диатездің ауыр түріне, қанда эритроциттің көбеюі кезінде қолданылады.
2) тармақшаға емделу тұрақты нәтиже берген (гемоглобин 120 г/л-тен аз емес) қатерсіз анемия, постгеморрагиялық, темір бейімсіз қанды диатез жағдайлары кіреді.
Эритроцитоз анықталғанда, гематологтан кеңес алады, әрі қарай кеңейтілген тексерілуге (айғақ бойынша) жатады.
14. Талаптарға 1-кестенің 14-тармағының 1) тармақша бойынша аллергені анықталмаған, жылына 2 реттен де көп өршуге бейімді аллергиясының ауыр көрінісі бар тұлғалар куәландырылады.
2) тармақша бойынша үш ай бойы аллергиялық көрінісі қайталанбаған, ал аллергені жойылған және жоюға болатын тұлғалар куәландырылады.
15. Талаптарға 1-кестенің 15-тармағына семіру жатады. Артық дене салмағы бар адамдарға семіру сипатын белгілеу үшін зерттеу жүргізіледі. Бұл тармақ бойынша экзогендік-конституциялық семіруге шалдыққан тұлғалар куәландырылады. Семіру дәрежесі Кетле бойынша дене салмағының өлшем индексі (бұдан әрі – ДСИ) бойынша Талаптарға 2-кестеніңне сәйкес белгіленеді.
Эндокринді, церебральді генездің симптоматикалық (екінші қайтара) семіру кезінде куәландыру негізгі ауру бойынша жүргізіледі.
16. Талаптарға 1-кестенің 16-тармағына қант диабеті, қалқанша без аурулары, гиперинсулинизмнің әртүрлі нысандары (инсулинома, функциялық гиперинсулинизм), бүйрекүсті аурулары, жыныс бездері, эндокриндік дерті бар гипоталамо-гипофизарлық аурулар және тағы басқа аурулар кіреді.
1) тармақша бойынша куәланатын адамдар:
1 типті қант диабетімен (инсулинге тәуелді) және 2 типті орташа ауыртпалықтағы қант диабетімен, үнемі емделуге инсулинді немесе басқа гипогликемикалық дәрі-дәрмекті қажет ететін ауыр түрімен;
уытты зобтың (тиреотоксикоз) кез келген түрі.
2 типті қант диабетінің нысаны алғаш айрықшаланған кезде авиация қызметкерлері бақылауға алынады және 3 айға дейін емделеді, жұмыска жіберілуі қайта тексерістен кейін шешіледі.
2) тармақша бойынша жұмысқа жіберілу көмірсу ауысуы дәрі-дәрмексіз толық теңгерілген кезде жүзеге асырылады. Қант диабетінің жеңіл түрі кезінде авиадиспетчерлер жұмыстан шеттетілмейді. Бүйрек глюкозуриясы бар тұлға кеңейтілген тексерілуге жатқызылады.
Жұмысқа жіберу туралы шешім, уытты зобтан (тиреотоксикоз) сауықтырылған соң, оңалту (дәрі-дәрмектерін пайдаланбай) емдеу өткізілгеннен кейін 6-9 айдан соң шығарылады. Қалқанша безінің 1 және 2-дәрежесінде эутироидты диффузиялық үлкеюі және көмірсуға шыдамдылығының бұзылуы тармақты белгілеу үшін негіз бола алмайды.
17. Талаптарға 1-кестенің 17-тармағы 2) тармақша бойынша туберкулезбен немесе көкірек ағзасын ығыстырусыз және сыртқы тыныс алу функциясы бұзылмаған қалдық құбылысымен (шектеулі фиброз, қабыршақтанбау ошағы, бөлікаралық немесе өкпеқап жабысқағы) ауырған, клиникалық сауықтырылған тұлғалар қарастырылады.
Жұмысына қайтарылу кезінде туберкулез диспансердің есепке алу топтары көрсетілген шешімі қажет.
18. Талаптарға 1-кестенің 18-тармағына 1) тармақшаға қатыстылар: бронх демікпесі, бронхоэктаздық ауру, белсенді саркоидоз, созылмалы өкпе пневмониясы, диффузияланған пневмосклероз және сыртқы тыныс алу қызметінің бұзылуымен өкпе эмфиземасы.
2) тармақша бойынша оңалу кезіндегі созылмалы бронхит, шектеулі пневмосклероз, тыныс алу функциясы сақталған операция, жаралану, жарақаттану салдарымен тұлғалар куәландырылады.
Асқыну ағымымен созылмалы бронхит кезінде авиация қызметкерлері тыныс алу қызметі қалпына келтірілгенше барлық емделу мерзімінде жұмыстан шеттетіледі, обструктивтік, өкпе қабынуымен тұлғаны емделуге және 3 айдан кем емес уақыт бойы бақылауға жатқызылады, жұмысқа алдын ала кеңейтілген тексеруден кейін жіберіледі.
Пневмотораксты бастан өткерген тұлға, сауықтырылғаннан кейін 3 ай мерзімінде (бұрын емес), жұмысқа қайтарылуы мүмкін, келесідей шартта, егер зерттеу оның қайталап пайда болу себебі айқындалмаса; пневмоторакс қайталанса жұмысқа қайтарылмайды.
19. Талаптарға 1-кестенің 19-тармағына реттеуінің бұзылуына байланысты жүрек аурулары жатады. Функциялық сынаманы пайдаланып, мұқият клиникалық, зертханалық және құралдармен тексергеннен кейін «нервайналымдық тонус құбылмалылығының кардиалық түрі бойынша» диагноз алғаш рет белгіленеді. Қабынушылық процесін, жүректің органикалық өзгерістері және экстракардиалық дерттерді жоққа шығару керек. Жүректің ишемиялық ауруымен сараланған диагностика үшін ортостатикалық және фармакологиялық ЭКГ сынағы, велоэргометрия, жүрек етін жүктемелік салмақпен сцинтиграфия, күмәнданушылық жағдайда - коронароангиография қолданылады.
1) тармақша бойынша жүрек ырғағы бұзылған, синустық түйіннің нашарлау белгісі, өткізгіштігі бұзылуымен, жүрек қысылуының 2 секундқа және одан да көп қайталауы, жыпылық аритмиясы ұстамасы, жүрекше үлпілдеуі, суправентикулярлы тахикардия (4 және одан да көп кешен минутына 120 одан да көп жиілігімен), жүрек қарыншаларының кезектен тыс жиырылуы қайталанған би- және тригеминия кезеңімен, қосарланған жүрек қарыншаларының кезектен тыс жиырылуы, эпизодты жүрек қарыншасы тахиакардиасы 3 және одан да көп минутына 120 жиілікпен, кенеттік суправентрикулярлық тахиакардиясы бар болғанда Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен куәландырылады. Суправентрикулярлық ырғақ бұзылған кезде электрофизиологиялық зерттеулер өткізіледі. Егер ырғақ бұзылуының айқындылығы күшейсе, оның қорытындысы сәтсіз болады. Ырғақ бұзылуының айқындылығын бағалау үшін тәуліктік ЭКГ мониторингтеу өткізіледі.
Жүрек ырғағының бұзылуы жеткілікті емделгенде қайталап куәландыру өткізіледі.
2) тармақша бойынша, жүрек ырғағының бұзылуы мен өткізгіштігіне шағымданбаған, 1) тармақшада аталмаған, қарыншалық ЭКГ (-ST және -T) кешеннің төменгі бөлігінде құбылмалы өзгерістерімен, бета-адреноблокаторларды қабылдау кезінде қалыпқа келтірілетін тұлғалар куәландырылады.
Қарыншалық жүйенің төменгі бөлігінде ЭКГ (-ST және -T) тұрақты айқын өзгерістер мен ЭКГ қалыпты болған жағдайда бета-адреноблокаторлардың тиімсіздігі кезінде жұмысқа жарамсыздығы туралы сараптамалық қорытынды қабылданады.
Гипотония тереңдетілген тексеру мен негізгі ауруды емдеуді талап етеді. Емдеудің оң нәтижесі мен функциялық жүктеме сынаққа жақсы төзімділік кезінде қорытынды жекелеген баға бойынша шығарылады. Артериялық қысым бірнеше рет 90/60 миллиметр (бұдан әрі - мм) сынап бағанасынан төмен тіркелген тұлғалар диспансерлік бақылауға жатпайды.
20. Талаптарға 1-кестенің 20-тармағына 1) тармақша сынап бағанасы 160/95 мм және тұрақты сипаты бар одан да жоғары немесе жүректің сол жақ қарыншасы біраз үлкейуімен, тыныш күйдегі немесе физикалық жүктеме кезінде ЭКГ өзгеруімен ілесе жүретін АҚ-ның аз мөлшері кезіндегі артериялық гипертензияны қамтиды. Сонымен қатар мұнда ми қанайналымының уақытша бұзылуларымен өтетін өткінші гипертониялық күрт асқыну жатады.
2) тармақша бойынша сынап бағанынан АҚ 160/95 мм және жоғары (АҚ тәуліктік мониторинг нәтижесі бойынша) санында тіркелген дәрі-дәрмек көмегінсіз немесе жұмыстан тысқарылмай қолдану үшін рұқсат етілген дәрі-дәрмек терапиясы көмегімен бірқалыпта ұстауға бейімделген тұлға куәландырылады.
Дәрі-дәрмектік терапияны іріктеу 6 аптадан кем емес аралығында мамандығы бойынша жұмыстан шеттетіле отырып, өткізіледі. Жұмысқа жіберу кезінде өткізілген шаралар салдарынан тиімділік тұрақтылығы, АҚ тәуліктік мониторинг нәтижесі бойынша сынап бағанынан 140/90 мм жоғары емес, жүктеме сынаққа төзімділік, қауіпті себепшарт ескеріледі.
3) тармақшасына дәрі-дәрмек көмегінсіз қалыпқа келтірілетін, АҚ-ның өткінші көтерілуі жатады. Жұмысқа жіберілуі туралы мәселе жүктеме сынағы мен АҚ тәуліктік мониторинг нәтижесін ескере отырып шешіледі. Ұшқыштық дәріс алушылар үшін сынап бағаны АҚ 140/90 мм жоғары болмауы керек. 21. Талаптарға 1-кестенің 21-тармағы бойынша 1) тармақшаға жүрек еті тінінің өлі еттенуі, жүрек қыспасы, өткізушілік пен ырғақ бұзылу ауырлығы жатады. Бұған сонымен қатар тыныш күйдегі немесе физикалық жүктеме сынағы кезінде ЭКГ-де өзгерістері, ол қосымша тексеруден кейін тәж артериясының қанайналым бұзылуымен байланысты болуы мүмкіндігі әбден ықтимал. Ишемиялық жүрек ауруы диагнозы үшін оң ЭКГ-сынақ пен физикалық жүктемемен айрықшаланған жүктемелік сцинтиграфия кезінде жергілікті жүрек еті ишемиясы немесе негізгі бір жүрек көктамыр артериясының 50 пайыздан жоғары тарылуы немесе үш артериялар 30 пайыздан жоғары тарылуы тіркесуі жеткілікті негіз болады.
2) тармақшасына тәжартериялық және жалпы қанайналым бұзылуымен сүйемелденмейтін тамырлардың және жүрек бұлшық еті атероскероздық зақымдануы, тәжартериялық және жалпы қанайналым бұзылуымен айрықшаланған, жүрек ырғағы мен өткізгіштігі бұзылуымен айрықшаланған жағдайлар жатады. Ұшу жұмысына жүрек-тамыр жүйесін терең зерттеуден өткізгеннен кейін жүктеме сынамаға жақсы төзімділік жағдайда жіберілуі мүмкін. ӘҚҚ бойынша авидиспетчері мамандығы бойынша жүрек еті тіні өлі еттенуі ауруын кешкен тұлғалар 2 жылдық бақылаудан кейін жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруы (ЭКГ тәуліктік мониторлау, эхокардиография, коронароангиография, миокард сцинтиграфиясы, велоэргометрия жөне т.б.) және антиангиналды қолданымсыз ЭКГ қалыптандырылуы жағдайында жіберілуі мүмкін.
22. Талаптарға 1-кестенің 22-тармағы бойынша тума және жүре пайда болатын жүрек кемістігі, митралдық қақпақшалары құбылмалылығы, жүрек бұлшық еті қабынушылық үрдістері, жүрек бұлшық еті нәрсізденуі, жүрек бұлшық еті беріштенуі, жүрек етінің белгісіз дерті және тағы басқалар.
Бұл аурулардың клиникалық белгісі болған жағдайда қорытынды ауру сыртартқысымен танысу, жан-жақты клиникалық және кардиологиялық зерттеу, функциялық-диагностикалық зерттеулер өткізу, ауру ағымы мен оның болжамы негізінде шығарылады.
1) тармақшасына кіретіндер: жіті баяу өтуші ауру немесе ырғақ пен өткізгіштігі бұзылуы айрықшаланған ауруын кешкен. Сәл және айқын айрықшаланған жүрек құрамалы кемістігі мен митралдық қақпақша құбылмалылығы 5 мм-ден аса созылған, ағза көлемі ұлғайған, және шектелген жүрек етінің белгісіз дерті.
2) тармақшасына жататындар: жүрек бұлшық еті беріштенуі, сәл айрықшаланған, оқшауланған және тұрақты теңгерілген жүрек кемістігі митралдық қақпақшасының 5 мм аз түсіп кетуі, жүрек қарынша аралық қуыстағы ассиметриялық бездер үлкеюі, апикалдық түрлі без үлкейген жүрек етінің белгісіз дерті. Бұл аурулар 1) тармақшада көрсетілген ауру әйгіленісіндей ілесушілік болмауы тиіс.
Жүректің қабыну аурулары бойынша емделуден өткендер, 3 айдан соң (бұрын емес) қайталап куәландырылуы мүмкін.
23. Талаптарға 1-кестенің 23-тармағы бойынша ойық жара, асқазан қабынуымен, тоқ ішек қабынуымен ауырған тұлғалар куәландырылады. Жіті жағдайда емдеу нәтижесі және аурулардың асқынуы эндоскопиялық бақылануы қажет. Асқазан қабынуын (соның ішінде жалақ жарасымен) және тоқ ішек қабынуын емдеу нәтижесі жақсы болған жағдайда куәланушы мамандығы бойынша жұмысқа жіберіледі.
Ұшу құрамы мен бортсеріктер асқынбаған ойық жарамен ауырған кезде 2 айға дейін емделушілер қатарына жатқызылады.
Ойық жараны операциямен емдеуден кейін, қайталап куәландыру операция түріне, бақылау нәтижесіне қарай 6-12 айдан кейін болуы мүмкін. ӘҚҚ диспетчерлері еңбекке жарамсыз парағы жабылуымен жұмысқа жіберіледі.
Ұлтабарда клиникалық білінбейтін тыртық пішін өзгеруі алғаш рет айқындалса, тұлға жұмыстан шеттетілмейді.
24. Талаптарға 1-кестенің 24-тармағына 1) тармақша бойынша белсенді сатыдағы бауыр қабынуы, бауыр беріштенуі, созылмалы өт қабының қабынуы, өттегі-тас ауруымен, ұйқы бездің қабынуымен ауырғандар куәландырылады.
Бауырдың созылмалы белгісіз ауруларында медициналық қорытынды үдерістің клиникалық түріне, сатысы мен белсенділігіне байланысты. Ұшу жұмыстарына жіберу белгісі үш ай ішінде биохимиялық айғақтардің қалыптылығы болып табылатын В және С созылмалы гепатиттің төмендеуі кезінде қарастырылады. Аурудың белгісі жоқ (цитолиз синдромы болмауы) В және С гепатиті қоздырғышын таратушы анықталған кезде ұшуға рұқсат (ӘҚҚ бойынша жұмыстарға) мүмкін болады.
Ұшу жұмысына қайтып оралу 2) тармақша бойынша кеңейтілген тексеруден кейін ағза қызметінің тыныштық күйі мен сақталу жағдайында өткізіледі. Авиадиспетчерлер сауықтырылғаннан кейін еңбекке жарамсыздылығы парағы жабылғаннан кейін жұмысқа жіберіледі.
Тас үккілеу мен өт қабын алып тастаудан кейін ұшу жұмысына қайтарылу мәселесі 2 айдан кейін (бұрын емес) қарастырылады.
Қатерсіз функциялық билирубинемиясі бар тұлға тексеруден кейін ұшу жұмысына жарамды деп танылады, бірақ АХЖ-ға жіберілмейді.
25. Талаптарға 1-кестенің 25-тармағына жедел (шумақты бүйрек қабыну) гломерулонефрит кешкендер, жарамсыз деп танылып, 1 жыл бойы бақылауға жатқызылады. Жұмысқа жіберілу мәселесі кеңейтілген тексерілуден кейін қарастырылады. Созылмалы бүйрек қабыну (пиелонефрит) белгілері болған жағдайда жарамдылығы туралы шешім аурудың жүру үрдісіне және бүйректің қызметіне байланысты шығарылады. Пиелонефриттің екінші белгісі байқалған кезде, куәландыру негізгі ауруды ескерілуімен өткізіледі.
26. Талаптарға 1-кестенің 26-тармағына 1) тармақша бойынша қабынумен, аллергиямен, ауысымдық буын ауруларымен, ұлпалар жүйесінің зақымдануымен ауырғандар куәландырылады. Жедел жұқпа ауруымен, жұқпалы-аллергиялық буын қабынуымен, көпбуындардың қабынуымен ауырғандар 3-6 айға дейін емделуге жатқызылады. Созылмалы буын қабынуы, көпбуындардың қабынуы кезінде қорытынды буындардың қызметі жағдайына байланысты шығарылады.
3. Хирургиялық аурулар
27. Талаптарға 1-кестенің 27-тармағы бойынша ұшқыштық оқу үшін үміткерлер төмендегідей талаптарға сәйкес келулері керек: бойы 160 см төмен емес және 190 см жоғары емес, аяғының ұзындығы 73 см кем болмауы керек; штурман, бортинженер, бортмеханик, бортрадист - бойы 157 см кем емес және 190 см биік емес, бортсеріктік - әйелдер үшін 155 см кем емес және 175 см биік емес, еркектер үшін 190 см биік емес. Осы Талаптарға 2-кестеніңне сәйкес денесінің салмағы жасы мен бойына сай болуы керек. ӘҚҚ диспетчерлігі бөліміне түсуші тұлғалар үшін бойы, дене салмағы, аяғының ұзындығы бойынша дененің пропорционалды дамуына шектеу қойылмайды.
Азаматтық авиация ұшу оқу орнында дәріс алушылардың физикалық дамуын бағалау кезінде жас шамасы ескеріледі (ағзаның қарқынды даму кезеңінде дене салмағы бойы өсуінен қалыс болуы мүмкін), дене салмағы тапшылығының 25 пайыздан артпауы физикалық даму жеткіліксіздігінің айқыны деп бағаланбайды. Инфантилизм жағдайында оқуға жарамдылығы туралы мәселе эндокринолог кеңесінен кейін шешіледі.
28. Талаптарға 1-кестенің 27-тармағына лимфа түйіні зақымданған кезде куәланушы мамандар тексерілуге жатқызылады.
Лимфа түйіні туберкулезі кезінде ұшу жұмысына қайтарылу мақсатында зерттеу толық клиникалық сауықтырылу және туберкулезге қарсы диспансердің есебінен алынуымен мүмкін болады. Актиномикоз кезінде жұмысқа қайтарылуы толық клиникалық сауықтырылған кезде дерматолог есебімен қоса, бірақ емделу аяқталған соң 1 жылдан кейін (бұрын емес) мүмкін.
29. Талаптарға 1-кестенің 29-тармағына бас сүйегі, тән және тән емес этиологиясымен тірек-қимыл аппаратының аурулары: сүйек пен буын туберкулезі, сүйек кемігінің қабынуы, нәрсізденіп бүліну үрдістері (буын шеміршегінің қисаюы, сүйек-шеміршек ісінуі, микробсыз өлі еттену және тағы басқа) өкше сүйегінің өскіні, тас байланып синовиалды қалта қабыну, Дюпюитрен контрактурасы, эозинофилл түйіршігі, тін өсу дисплазиясы сонымен қатар бет сүйегінің созылмалы аурулары кіреді. Басынан жарақат алу салдарынан бас сүйегіне және бас миына операцияға ұласуы кезінде сараптау қорытындысын невропатолог шығарады.
Тән ауру этиологиясы белгіленген кезде, секвестралды қуыс, жыланкөз болса, оның қызметі бұзылу дәрежесіне тәуелсіз куәланушы жұмысқа жарамсыз болып танылады. Емдеу барысы оң нәтижесімен (жыланкөз жабылуы, рентгендік бақылау мәліметі бойынша секвестр болмауы) және 6 айдан кем емес тыныш күйіндегі жағдайда жұмысқа жіберілуі туралы мәселе қарастырылуы мүмкін.
Буындар қызметін бағалау осы Талаптарға 3-кестенің сәйкес өткізіледі.
Омыртқа сүйектерінде ауру синдромы жоқ және функциясы сәл шектелуімен (омыртқааралық құяң, омыртқа буынының қабынуы) нәрсізденіп-бүлінушілік үрдістері кезінде қорытынды 2) тармақша бойынша шығарылады. Қабыршақтық синдром кезінде сараптау қорытындысын невропатолог шығарады.
Омыртқа денесі жартылай таюымен сынуынан кейін, омыртқа жотасы туберкулезі (фаза үрдісі мен қызметтік жағдайынан тәуелсіз) кезінде куәланушы жарамсыз деп саналады. Омыртқа жотасының жаншылуынан бір немесе екі омыртқа сынуынан кейін куәландырылу жарақаттанудан және операциядан кейін 12 айдан соң жүргізіледі.
Көлденеңдік, қылқандық өсінді сынуы кезінде, ауыру синдромы болмаса куәланушы сауықтырылғаннан кейін жұмысқа және оқуға жіберіледі.
Диск жарығы бойынша ламинэктомиядан кейін, жұмысқа жарамдылығы операциядан 6 айдан соң, ӘҚҚ бойынша авиадиспетчерлік жұмысқа - еңбекке жарамсыз парағы жабылған соң анықталады.
Құныс дертінің барлық түрі жұмысқа және оқуға жарамсыздығын анықтайды. Құныс дертіне “дөңгелек арқа” жатпайды. Нақтыланған диагностика үшін омыртқа жотасын рентгенге түсіру керек.
Қалыпты физикалық даму кезінде омыртқа жотасы жамбас астауы ағзасы қызметінің бұзылуысыз, ауру синдромысыз 1-дәрежелі жасөспірімдік омыртқа қисаюы, бел ауруы, бел омыртқаның сегізкөзбен тұтасуы, омыртқа жотасы доғаларының ыдырауы ұшу мен диспетчерлік оқуына кедергі болмайды. Омыртқа қисаю бұрышы Кобба әдісімен тік тұрған күйінде рентгенге түсіру бойынша анықталады. Омыртқа қисаю бұрышы 1-дәрежесінде 10 градустан аспайды.
Ымыраласқан жамбас астауы сынғанда куәландырылу 2) тармақша бойынша жарақаттанған кейін 6 айдан соң жүргізіледі.
Омыртқа жотасы мен жамбас астауы жарақаттанған, аурулары кезінде жұмысына жарамдылығы невропатологпен бірге, ал омыртқа буындарының қабынуының жұқпа-аллергиялық генезі (Бехтерев, Рейтер ауруы және тағы басқа) терапевтпен бірге анықталады.
Рентген арқылы табылған, бірақ клиникалық шықпаған омыртқа шеттерінің өсуі түріндегі, оларда бірлі-жарым тікенектеніп өсуі, көлденеңдік сіңірлер тығыздануы және басқа омыртқа жотасындағы түр өзгерістер, тармақты қолдануға себеп бола алмайды. Авиация қызметкерлерде динамометрия кезінде бұлшық ет күші оң қолында 35 кг; сол қолында - 30 кг (солақайлар үшін керісінше) болуға тиіс. Ұшқыш және авиадиспетчер мамандығына оқуға түсуші 18 жасқа дейінгілерге қолдың сақталу қызметі кезінде бұлшық ет күшіне шектеу жоқ.
Бортсеріктері қызметіне түсушілер үшін ішкі ортан жілік сүйегі бұлшықтарының арасындағы қашықтық 5 см-ден артпаған кезде аяқ қисаюының ішке қайрылуы (О-тәрізді) және ішкі асық жілік тобықтары арасындағы қашықтық 5 см-ден артпаған кезде аяқ қисаюының сыртқа қайырылуы (Х-тәрізді) елеусіз ретінде жіктеледі. Қалған куәланушылар үшін аяқ қисаюының ішке қайтарылуы және сыртқа қайтарылуы сәйкес нүктелер арасындағы қашықтық 9 см-ден артпаса елеусіз болып бағаланады, Айғақтар аталмыш көрсетулерден жоғары болса, елеулі ретінде бағаланады және жарамсыздығын анықтайды.
Бұлшық етке, сіңірге, байламдарға, сүйектерге және буындарға операциядан кейін қызмет істеуінің қалпына келтірілуімен жұмыска жарамдылығы анықталады. Ұшқыштың қолы не аяғы 2 см қысқартылуынан нұқсан келмейді, бірақ аяғының ұзындығы бұл жағдайда 73 см-ден кем болмауы тиіс.
Асқынбаған үйреншікті тайып кету, жалған буын кезінде операциялық емдеу қажеттігі көрсетілгенде операциядан бас тартқан жағдайда куәланушы 1) тармақша бойынша жарамсыз деп танылады.
Сүйектің сынығын ұстату кезінде қолданылатын ұсақ танталды құрылым (бұранда, сақина, Лена пластинкасы және тағы басқа), егер металданған белгілері болмаса, жұмыска, оқу жалғастыруда кедергі бола алмайды.
Басқа металдық құрылым (Цито, Богданов, Дубров өзектері және тағы басқа) ұшу жұмысына қайтарылу уақытына дейін жұлынып тасталуы керек.
Қол ұшының болмауы, бір қолында екі саусақтың, оң қолындағы бірінші немесе екі саусақтың болмауы, сондай-ақ сол қолындағы бірінші саусақтың толық болмауы немесе қозғалмауы 1) тармақшаға жатады.
Бірінші саусақтағы тырнақ фалангасының жоқ болуы және басқа саусағындағы екі фаланганың болмауы саусақтың жоқ болуымен пара-пар. Келіспеген жағдайда ұшу құрамына шешім тренажердегі тексерістен кейін беріледі.
Қол саусағы, қол ұшының басқалай кемістіктері кезінде жарамдылық бағасы қол ұшы қызметінің сақталу дәрежесімен анықталады. Ұшу құрамы тұлғалары тарапынан қол саусағы кемістігі бойынша қорытынды нәтижесіне келіспеушілік туындаған жағдайда тренажерде тексеру өткізіліп (тренажерлік нұсқаушысының нәтиже туралы қорытындысы қосымша алынады) қорытынды шығарылады.
1) тармақша бойынша аяқ басының жоқтығы, тума және жүре пайда болған аяқ басының дерті, оның қызметі бұзылуына және жүруіне қиындық келтіретін (маймақтық, аяқ басының сыртқа немесе ішке қайырылуы, 3-дәрежелі жалпақ табан, балға түріндегі саусақтар бірінші саусақтың 15 градустан бүйірлік ауытқуы). Аяқ басындағы бірінші саусақтың болмауы бортсерік болуға және ұшқыштық оқуға кедергі келтіреді.
1-дәрежелі жалпақтабандық және 2-дәреженің бастапқы түрі оқу үшін кедергі болады деп саналмайды.
Жалпы табандық дәрежесін бағалау үшін подометриялық индексі (Вх100)/Д формуласы бойынша анықталады. Онда тұру қалпында өлшенген В - мм аяқ басының биіктігі, Д - мм аяқ басының ұзындығы. Аяқ ұшы биіктігі еденнен бастап топай сүйегінің ең жоғарғы нүктесіне дейін өлшенеді, ал ұзындығы - аяқ ұшы сұлбасы бойынша (қағаз парағында) бірінші саусақтың ең жоғары нүктесімен өкшенің арасындағы. Қалыпты тоғыспа кезінде подометриялық индекстің өлшемі 29-31. Индекс өлшемі 27-29 болуы жалпы табандылықтың 1 дәрежесіне сәйкес келеді, 26-27 - 2 дәрежесіне. Тоғыспа биіктігін дәлірек анықтау рентгендік әдістемені пайдаланған қажет.
Өкшелік тоғыспа биіктігімен (рентгенографияда табан ұшы тақалған) жалпытабандылық 20 мм төмен ұшу жұмысына жарамсыздығын анықтайды.
Кең жайылған тері тыртығы (дененің беткі жағында 20 пайызы) оның қызметі бұзылу дәрежесі мен күйіне тәуелсіз азаматтық авиация оқу орындарында оқитындар және бортсеріктік жұмысқа түсушілер жарамсыз болып танылады.
30. Талаптарға 1-кестенің 30-тармағы бойынша 1) тармақшаға тері обыры мен 1-ші дәрежелі төменгі ерін обыры кірмейді. Емделу кезеңінде уақытша еңбекке қабілетсіз болып анықталады. Кәсіби еңбекке қабілеттілік туралы мәселені онколог қорытындысын ескере аймақтық қан айғақтары қалыптандырылумен хирург шешеді.
Жұмысқа қайта түсу 2) тармақша бойынша жеке бағаларды қолдана отырып, 1-ші дәрежедегі ісікті (Т1N0M0) немесе 2-а (Т2N0M0) қалқанша безі, сүт безі, жұмсақ тін, асқазан, ішек-қарын (тік ішекті қоса), жатыр мойыны ауруынан емделуінен кейін.
Куәланушының ісік процестері қайталануы немесе таралуы жойылып, толық және тұрақты ағза қызметі теңгерілуі кезінде ұшу, авиадиспетчерлік жұмысқа және бортсеріктері жұмысына қайта түсу мәселелері сүт безі, қалқанша безі, жатыр мойыны обырынан емделгеннен кейін кемінде 2 жыл өткен соң (операция арқылы, химиялық терапия, сәулелік терапия, құрамалы) қарастырылады.
ДҰСК-ке жіберілетін құжаттарда көрсетілу қажет: ісік сатысы, толық қамтылған патоморфологиялық қорытынды (ісіктің анатомиялық өсу түрі, оның түр өзгерту сипаттамасы, регионарлық лимфа түйіні күйі) өткізілген емдер (хирургиялық үшін - күні, операцияның сипаты және операциядан кейінгі кезең ағымы; сәулелік үшін - сәулелендіру мерзімі мен әдістемесі, ошақтық доза қосындысы, жалпы және жергілікті сәулелік әсерлесу).
“Рак іn sіtu” патоморфологиялық қорытындылау кезінде ісік орнына тәуелсіз сараптау шешімі өткізілген емдеу сипатына (операция) байланысты қабылданады.
Тармаққа орталық, аймақтық нерв жүйесі, көз бен ЛОР - ағзалары ісіктері кірмейді.
31. Талаптарға 1-кестенің 31-тармағына шынайы ісіктерден басқа сүйек-сіңір қосымша сүйек бүдірі, түйінді зоб, табиғатына тәуелсіз жылауықты жаңатүзілім, без өспесі, емшек дерті.
1) тармақша ісіктің орналасуына, мөлшеріне, қатарлас жатқан ағзалармен анатомиялық өзара байланысына, айналасындағы ағзалардың қызметін бұзу мүмкіндігіне байланысты операциялық емдеуге жатқызылмайтын жағдайда қолданылады.
Көлемі кішкентай, өсу қаупі жоқ, киім мен аяқ киім киюге кедергі келтірмейтін залалсыз ісіктерге тармақ қолданылмайды. ААО және бортсеріктер жұмысына түскендер бұрын залалсыз ісікке жасалған операция туралы ісіктің гистологиялық зерттеулері мәліметі мен өткізілген ота жайында сипаттау көшірмесін ДҰСК-ке береді.
Асқазан-ішек трактісінде (басым көпшілігі - түймешік) және тыныс алу ағзасында қатерсіз ісік кезінде жұмысқа жарамсыздығы улы химикаттармен анықталады. Мұндай ісіктерді емдеу тәсілі жөніндегі мәселе онкологпен ақылдаса отырып шешіледі.
Жұмысқа және дәріс алуға қайтарылу туралы мәселені түйіндік зобты алдырғаннан кейін операциядан соң 3 айдан кейін терапевт қарастырады.
Без өспесі 1-дәрежесі зәр шығаруы бұзылмаған жағдайда, егер уролог тұжырымымен операциялық емдеу көрсетілмесе, тұлғалар 2) тармақша бойынша жарамды. 2-3-дәрежелі аденомалар, сонымен қатар 1-дәрежедегі жіті зәр шығаруды тежеумен асқынған жағдайда куәланушы жарамсыз деп танылады.
Сыртқы жыныс ағзасындағы қатерсіз ісіктерді алып тастау туралы сұрақ гинеколог (уролог) кеңесінен кейін шешімін табады. Симптомсыз жатыр миомасы айрықшаланса, диспансерлік бақыланушылар қатарына жатқызылады. Бортсеріктері жұмысына үміткерлері және қайталап түсушілер жарамсыз болып табылады. Жатырдағы миоманың көлемі өскен, етеккір қызметі бұзылған және ауырсыну синдромы дамыған жағдайда операциялық емдеу көрсетіледі. Операциядан кейін жұмысқа жіберілу мерзімі Талаптарға 1-кестенің 34-тармақта көрсетілген.
ААО оқушылар үстіндегі киім, аяқкиімнен қажалатын, өлшемі 2х3 см-ден жоғары көптеген бояутекті меңдері болса жарамсыз болып танылады.
Тармаққа орталық және аймақтық нерв жүйесі, көз бен ЛОР-ағзалары кірмейді.
32. Талаптарға 1-кестенің 32-тармағына көкірек қуысы және көкірек орталығы аурулары бойынша операциядан кейін жұмысқа және ААО оқуға жарамсыз деп табылады. Емдеу сәтті аяқталған жағдайда жұмысқа (оқуға) жарамдылығы туралы мәселе операциядан кейін 6 ай өткен соң терапевтпен бірлесе ақылдаса отырып шешіледі.
Тыныс алуына кедергі келтірмейтін, клиникалық белгілері жоқ, жүрек тамырларынан алыс, өкпе ұлпасы мен көкірек қабырғасында бөтен дене кездескен жағдайда сараптау шешімі 2) тармақша бойынша шығарылады. ААО оқушылар үміткерлер жарамсыз деп танылады.
Жарақаттанудан перде қуысына ауа жиналу кезінде сараптау қорытындысы клиникалық зерттеу мен емдеу аяқталғаннан кейін қабылданады.
Ішкі ағзаларды зақымдамай көкірек торшасын тесіп өткен жарақат кезінде жарамдылығы туралы сұрақ сауықтырылғаннан кейін шешіледі. Көк ет жарығы қысылуға немесе асқазан мен өңеш қызметі бұзылуына бейімді және асқынған өңеш қабыну-кері ағушылық жағдайда жарамсыз туралы қорытынды шығарылады. Операциялық емдеу сәтсіз аяқталғанда жұмыс туралы сұрақ операциядан кейін 6 айдан соң қарастырылады.
33. Талаптарға 1-кестенің 33-тармағына бүйір қалта, тыртықтық өзгеруі, кардиоспазм, кардия ахлазиясы. Бүйір қалтаны операциялық емдеу сәтті аяқталған жағдайда жұмыска жарамдылығы операциядан кейін 6 айдан соң қарастырылады.
2) тармақша өлшемі 2-2,5 см-ден аспайтын бүйір қалта, қарама-қарсылық массаны тежемейді, өңеш қызметінің бұзылуы мен бүйір қалта болмайтын кезінде қолданылады.
34. Талаптарға 1-кестенің 34-тармағы бойынша авиация қызметкерлері, құрсақ қабырғасында операциядан кейінгі тыртық орны қалған кезде өткерген операция сипаты туралы ОДҰСК-де құжаттарын көрсетеді. Операциядан соң құрсақ қуысы зақымдануы, ісігі жоқ аурулар, өт қабының қабынуы, өт жолы-тас ауруы, жіті және созылмалы ұйқы бездің қабынуы, қиналып зәр шығару түйнелушілігі және ішектің айналып кетуі даму ауытқуы бойынша, АОО түсушілер жарамсыз болып табылады. Операция сәттілікпен аяқталу жағдайында жұмыска операциядан кейін келесі мерзімде рұқсат беріледі:
ішкі ағзаларды зақымдаусыз тесіп өткен жарақат, жіті немесе созылмалы соқыр ішек бойынша соқыр ішекті алып тастау, Меккелев бүйір қалтасын алып тастау, диагностикалық ішті жару (егер интраоперациялық тексеру мәліметі бойынша тереңдетілген зерттеу немесе ұзақ емдеп сақтау көрсетілмесе) - 6 аптадан кейін;
ішкі ағзаларды зақымдаумен тесіп өткен жарақат, сонымен қатар асқынбаған іш пердесінің қабынуы кезінде - 3 айдан кейін;
құрсақ қуысы ағзалары аурулары немесе зақымдануында, асқынған іш пердесінің қабынуы - 4-6 айдан кейін.
Жабысқақ ауруы, ішек айналуы салдарынан және асқазан безіне операциядан соң куәланушы жұмысқа қайтарылуға жатқызылмайды. Клиникалық белгілері айрықшаланбаған ұзын сигма тәрізді ішек жарамсыздық туралы қорытындылауға негіз бола алмайды.
Асқазан ойығы бойынша операциядан кейін, ұлтабар және оның асқынуынан, өт қабын сылу, талақ сылу жүйелі аурулар бойынша сараптау қорытындысы хирург пен терапевт бірігуімен шығарылады, Құрсақ қабырғасындағы жарық операциялық емделуге жатқызылады. Куәланушы жұмысқа (оқуға) операциядан кейін 5-6 аптадан соң жіберіледі. Диаметрі 4 см ауырсыну синдромы жоқ шаптағы жарық кезінде комиссияаралық мезгілде операциялық емдеуге жіберіледі. Диаметрі 1 см аспайтын кіндік жарығын операциялық емдеу айғақі ауырсыну синдромы болып табылады. Томпайған жарықсыз тік бұлшық еттегі диастаз кезінде АОО түсуге және бортсерік жұмысына жарамсыздық туралы шешім шығарылады. Ұшқыштық (авиадиспетчерлік) жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
35. Талаптарға 1-кестенің 35-тармағына эпителиалды құйымшақ жолы қатты асқынып қабыну белгілері байқалған жағдайда, сонымен қатар жыланкөз түрінде суық кезеңде операциялық емдеу көрсетіледі. Емдеу сәтті аяқталған кезде жұмысын (оқуын) әрі қарай жалғастыруға рұқсат беріледі.
Геморройды, созылмалы парапроктитті, эпителиалды құйымшақ жолын операциялық емдеген жағдайда жарамдылық туралы сұрақ сауықтырылғаннан кейін операциядан кейін 4 аптадан соң, тік ішектің түсуі мен анальды қысқыш жеткіліксіздігі кезінде 6 айдан соң шешіледі.
3 жыл бойына бір реттік асқыну немесе 1 жылда екі рет асқынуы геморройдың жиі асқынуы болып есептеледі. Бұтаралық түймешік ісік 2) тармақша бойынша дерматовенеролог кеңесінен кейін қарастырылады. Тік ішек түймешігі және түймешік төмен түсуі кезінде Талаптарға 1-кестенің 31-тармақ талабы қолданылады.
36. Талаптарға 1-кестенің 36-тармағына артерия аурулары (артерия тамырының қабынуы, атеросклероз) кіреді. Атеросклеротикалық окклюзия, қан тамырының кеңейіп кетуі, көктамырдың варикоздық кеңеюі, тромбофлебит, көк тамырда тромбоз дамуы, тромбофлебит кейінгі аурулар, шораяқтық ауру, тамырды жарақаттау салдарынан және оларға операция.
Қан тамыры кеңейіп кетуі зақымынан кейінгі операциялық емдеудің сәтті аяқталуы кезінде жұмысқа жарамдылығы туралы шешім операциядан кейін 1 жылдан соң клиникалық тексеру бойынша шешіледі.
Нәрленуі бұзылу белгілері бар көктамыр варикозының кеңеюі кезінде, қанайналым теңгерілуі бұзылғанда, түйін үсті тері семуінен түйін үзілу қаупі бар жағдайында куәланушы жарамсыз деп табылады.
Аяқ аймақтарының кеңейген көктамыр варикозын операциялық емдеуден кейін жұмыска жіберу операциядан кейін 3 айдан соң шешіледі.
Варикоз ауруы қайталанған жағдайда бортсеріктер жұмысқа жарамсыз деп есептелінеді, қалған куәланушыларға қан айналымының бұзылу дәрежесі ескерілуімен жеке баға беріледі. Тромбофлебит кейінгі ауруларда және теңгерілу сатысы кезінде ӘҚҚ диспетчерлері жарамды деп саналады, қалған куәланушылар ауру дәрежесіне тәуелсіз жарамсыз деп танылады.
37. Талаптарға 1-кестенің 37-тармағы бойынша бүйрекке, зәрағарға, қуыққа, несеп жолы жасалған операциядан кейін жұмысқа қайта түсу мәселесі операциядан кейін 6 айдан соң шешіледі. Жеңіл дәрежедегі бүйрек ұлпа өзгеруінен қызметінің бұзылуы, тек қана радиоизотоп әдісімен айрықшаланатын 2) тармақша бойынша ұшу (авиадиспетчерлік) жұмысына қайтарылуға кедергі бола алмайды.
Бүйрек алып тастау кешкен немесе туғаннан бір бүйректі ұшу құрамындағы тұлғаларға бүйрек қызметінің жағдайына тәуелді жеке баға қолданылады.
1-2-дәрежелі бүйректің төмен түсуі бұзылушылық болмаған жағдайда 1) тармақшаға кіретіндер ұшу жұмысын жалғастыруға кедергі бола алмайды. 3- дәрежелі бүйректің төмен түсуі кезінде ұшу құрамы жарамсыз, ӘҚҚ бойынша диспетчерлік құрамға жеке баға қолданылады.
2-3-дәрежелі бүйректің төмен түсуі болған жағдайда бортсеріктер жарамсыз деп танылады.
Еннің ұмаға түспеуінің (тежелу немесе ен орнынан ауысуы) барлық түрінде АОО оқуға жарамсыз деп шешім қабылданады. Енін алып тастағандар (құрсақта тежелу, енді шығарып алмауы, ен орын ауыстыруы) АОО оқуға жарамды деп саналады. Еннің ұмаға түспеуінен енді шығарып алмауымен, операциялық емделгеннен кейін операциядан кейін 6 айдан соң, егер ұрық безі оның тамырында емес, ұмада орналасқан жағдайда жарамды деп саналады.
Ен шемені, шәует (ен) бау кезінде операциялық емдеу көрсетіледі.
АОО орындарында оқитындар, ұшу құрамы, бортсеріктер және бортоперлаторлар оқуға (жұмысқа) операциядан кейін 6 аптадан соң жіберіледі, авиадиспетчерлері - еңбекке жарамсыздық парағы жабылуымен.
Гипоспадияның бас тәрізді түрімен ауырған жағдайда авиация қызметкерлері жарамды деп танылады.
38. Талаптарға 1-кестенің 38-тармағына бүйрек туберкулезі, зәр шығару ағзалары, пиелонефрит, қуықтың қабынуы, үрпінің қабынуы, қуық асты безінің қабынуы, зәр ұстамау кіргізіледі.
Ен, жатын туберкулезінен (қорғап, операциялық) сауықтырылғаннан, емделгеннен кейін және туберкулезге қарсы диспансерлік есептен шығуымен ұшу жұмысына жіберілуге рұқсат беріледі.
Туберкулез кесапатынан бүйректі алып тастау кешкен тұлға жарамсыз деп есептелінеді. Созылмалы тән емес аурулар жылына екі реттен жиі немесе үш жыл бойы жыл сайын бір реттік асқынуы кезінде, куәланушы жарамсыз болып танылады.
Клиникалық белгісі жоқ қуық безінде тас бар куәланушы ұшу (диспетчерлік) жұмысқа жарамды. Зәрін тежей алмау дертімен зардап шегуші тұлға, барлық бағана бойынша жарамсыз деп танылады.
39. Талаптарға 1-кестенің 39-тармағы бойынша қуықтас диагнозы белгіленсе клиникалық зерттеу көрсетіледі. Оның мәліметі бойынша несеп шығарушы жолдарының түр өзгеруі және қызметінің бұзылуы болмаған жағдайда 2) тармақша қолданылады. Бүйрек түйілуімен (тастың әрі кетуімен немесе тассыз) бүйрек қызметінің бұзылуымен кезінде, куәланушы 3 ай мерзімге емделуге әрі қарай зерттелуімен жатқызылады.
Денеден тыс тас уату әдісімен емделуші тұлға, жұмысқа операциядан кейін 2 айдан соң жіберіледі. Қуықтас ауруын емдеудің инвазивтік емес әдіс бойынша жұмысқа жіберілу сауыққаннан (зертханалық және аспаптық зерттеу кезінде бүйрек қызметінің қалыпты айғақ жағдайында) соң жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |