Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы


Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қарау



жүктеу 2,17 Mb.
бет2/8
Дата02.02.2018
өлшемі2,17 Mb.
#8410
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қарау
      55. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қараудың негізгі міндеті ӘК экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша ұшуды орындауға, авиадиспетчерлерінің ӘҚҚ бойынша жұмысқа жарамдылығын анықтау болып табылады.
      56. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қарауды денсаулық сақтау бекетінің кезекші медициналық қызметкері (дәрігер немесе медбике) жүргізеді.
      57. ӘК экипаж мүшелері ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қараудан ұшулар алдында, бірақ ұшып шыққанға дейін кемінде 1  сағат бұрын өтеді; ұшып шығу 6 және одан артық сағатқа кешіктірілуіне байланысты ӘК экипаж мүшелері медициналық тексеруден қайта өтеді.
      58. Жұмыс уақыты ішінде бірнеше рейс орындайтын ӘК экипажы мүшелері ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден алғашқы ұшып шығу алдында бір рет қана өтеді.
      59. Арнайы рейстерді орындау кезінде ӘК экипаж мүшелері ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден ұшып шыққанға дейін 2 сағат бұрын өтеді.
      60. Резервтік экипаждар резервте жұмысқа кірісу алдында, сондай-ақ, егер тексеруден кейін 6 және одан артық сағат өтсе, ұшып шығу алдында ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден өтеді.
      61. Жұмыс уақыты ішінде бірнеше секіруді орындайтын парашюттік қызметтің нұсқаушылары (парашютшілер) ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден бір рет, алғашқы секірудің алдында кемінде 1 сағат бұрын өтеді.
      62. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден ұшу жетекшілері; ауысым құрамына енетін ӘҚҚ аға авиадиспетчерлері және авиадиспетчерлері өтеді.
      63. ӘҚҚ авиадиспетчерлерінің ауысымы кезекшілікке кірісу алдында, ауысым басталғанша кемінде 1 сағат бұрын ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеруден өтеді.
      64. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қарауды өткізу алдында медициналық қызметкер ӘК экипаж мүшелерінде және ӘҚҚ авиадиспетчерлерінде маманның куәлігі мен медициналық қорытындыны тексереді.
      65. Авиация қызметкерлерде ауру немесе шаршау белгілері айқындалса, дәрігердің тағайындауысыз дәрі-дәрмектерді пайдалану немесе алкогольдік сусындарды ішу фактісі анықталса, ұшу алды (ауысым алды) демалыс және тамақтану режимі бұзылған жағдайда, медициналық қорытындының қолданылу мерзімі аяқталмаған жағдайда олар ұшуға немесе ӘҚҚ жұмысына жіберілмейді.
      66. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексеріп-қарау төмендегідей көлемде жүргізіледі: сұрақ қою, сыртқы тексеру, ауыз қуысын және жұтқыншақты тексеру, тамыр соғуын қарау, көрсеткіштер бойынша – қан қысымын, дене қызуын өлшеу және дем шығаруында алкогольге сынақ жүргізу.
      67. Сұрақ қою арқылы денсаулық жағдайына шағымдары, ұйқының ұзақтығы мен сапасы, ұшу алды демалу жағдайлары, тамақтану режимі анықталып, жалпы жағдайы, сөйлеген сөзі, мимикасы, эмоционалдық жағдайы, ұшуды орындауға (ӘҚҚ жұмысына) дайындығы бағаланады.
      68. Денсаулық жағдайына, жеткіліксіз (толыққанды емес) демалысқа шағым түсетін болса, ӘК экипаж мүшесіне ұшуға (авиадиспетчер - ӘҚҚ жұмысына) рұқсат берілмейді, авиациялық дәрігерге жіберіледі.
      69. Сыртқы тексеріп-қарауға мыналар жатады: сыртқы келбетін бағалау, ӘК экипаж мүшелерінің киімінің ұшу бағыты бойынша метеорологиялық жағдайларына сәйкестігін тексеру, ашық тері мен көзге көрінетін былжыр қабықтарының бояуы мен жағдайын тексеру (жүзінің бозаруы, гипермия, аса жоғары тершеңдік, акроцианоз, ісік, терінің және склера сарғыштығы); бадамша безін, жұмсақ және қатты таңдайдың былжыр қабықтарын, ауыз қуысының артқы жағын, тілді тексеру; қарашықтардың жарыққа реакциясын анықтау.
      70. Тамыр соғуы білек тамырында саусақ арқылы (30 секунд ішінде 1 минутқа қайта есептеумен) тексерілетін адамды отырғызып алып анықталады, бұл жағдайда оның жиілігі, ырғағы, толуы мен күші бағаланады.
      71. Тахикардия (тамыр соғуының жиілігі 1 минутына 90 және одан көп соққы) немесе брадикардия (тамыр соғуының 1 минутына 55 соққыдан кем) анықталған жағдайда тексеріліп отырған адамның денсаулығы, алдыңғы физикалық және эмоционалдық жүктемелері жайында сұрақ қойылып, 5 минуттық демалыс беріліп, қайтадан тамыр соғуының жиілілігі есептелінеді (тахикардия кезінде – дененің қызуы өлшенеді).
      72. Тахикардия, брадикардия және аритмия ӘК экипаж мүшесін ұшудан (авиадиспетчерді - ӘҚҚ бойынша жұмыстан) шеттетудің негіздемесі болып табылады.
      73. Дәрігерлік-ұшу сараптаманы жүргізу барысында пилоттың (авиадиспетчердің) тамыр соғуының жиілгінің ауытқулары қалыптағы жеке адамға қатысты екендігі анықталған жағдайда, ДҰСК (ОДҰСК) төрағасы бұл туралы медициналық қорытындыда белгі қояды.
      74. Артериялық қысымы (бұдан әрі - АҚ) орындықта отыру қалпында сол қолында тонометр арқылы жүргізіледі. АҚ көтерілуі тексерілушінің 5 минуттық демалысынан кейін қайталанған өлшеу кезінде тіркелген жағдайда ескеріледі.
      75. Дені сау ӘК экипаж мүшелері мен авиадиспетчерлер АҚ мынадай көрсеткіштері кезінде ұшуға (ӘҚҚ бойынша жұмысқа) жіберіледі: сынапты бағаннан 140/90 миллиметр жоғары емес және сынапты бағаннан 100/60 миллиметр төмен емес.
      76. Ұшуға (ӘҚҚ бойынша жұмысқа) жіберілген артериалды гипертензиясы бар тұлғаларда АҚ көрсеткіштерінің диапазоны медициналық қорытындыда ДҰСК дәрігерімен көрсетіледі. Олардағы кәсіби қызметті орындау үшін ең жоғары рұқсат етілетін АҚ деңгейі сынапты бағаннан 160/95 миллиметр жоғары емес көрсеткіш болып табылады.
      77. Ұшу алды (ауысым алды) медициналық тексерудің нәтижелері осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша журналда тіркеледі.
      78. Ұшуға тапсырманы рәсімдеу барысында медициналық қызметкер ұшуға тапсырмасында денсаулық сақтау бекетінің атауы, соңғы ӘК экипаж мүшесі медициналық тексеруден өткен күні, айы, сағаты, минуттары көрсетілген штамп қояды, ұшуға жіберілген тұлғалардың санын көрсетіліп, қолы қойылады; медициналық қызметкердің ұшуға берілетін тапсырмада қосымша жазбаларды және түзетулерді енгізбейді.
      79. Авиадиспетчерлерді ӘҚҚ бойынша жұмысқа жіберу кезінде авиадиспетчерлердің жетекшісі (ауысым бойынша аға қызметкер) ауысым алды медициналық тексеруден соңғы кезекте өтіп, ӘҚҚ авиадиспетчерлерін тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді алады.
      80. ӘК экипаж мүшесін ұшудан (авиадиспетчерді - ӘҚҚ бойынша жұмысынан) шеттету кезінде медициналық қызметкер бұл туралы ұшудан (ӘҚҚ бойынша жұмысынан) шеттету журналында жазып, оларға осы Қағидалардың 12 және 13-қосымшаларына сәйкес нысанда анықтама беріледі авиакәсіпорынның ұшу (авиадиспетчерлік) басшылығына шеттету туралы мәлімдейді.
Қазақстан Республикасының 
азаматтық авиациясындағы 
медициналық куәландыру  
қағидаларына 1-қосымша  
Нысан
Медициналық ұйғарым             класс
Медицинское заключение          класса
Medical certification           class
Медициналық қорытындының иесі (толық аты мен туған күні, айы, жылы)
Владелец медицинского заключения (ФИО (полностью), день, месяц, год
рождения) / The holder of this certificate (Full name and date of birth)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұшу жұмысына жарамды деп табылды / признан годным к летной работе /
admitted to perform the flying duties
_____________________________________________________________________
Шектеулер/Ограничения/Limitations
_____________________________________________________________________
Берілген күні/Дата выдачи/Date of examination
_____________________________________________________________________
Действителен с
Valid from ___________________________________________________ бастап
Действителен до
Valid upto ____________________________________________ дейін жарамды
ДҰСК төрағасы. Мөр/Председатель ВЛЭК. Печать/Chairman of medical
comission. Stamp._______________________________________________________________
                                             қорытындының келесі беті
Кезекті медициналық тексерулер / Очередные медосмотры



Келу мерзімі
Срок явки

Қаралған күні
Дата осмотра

Жіберілу туралы шешім
Заключение о допуске

Дәрігердің қолы
Подпись врача
















Денсаулығы бойынша Талаптарының тармақтары/


Пункты Требований годности по состоянию здоровья ____________________
Басқа белгілер/Другие отметки: ______________________________________
Ескерту: бланк өлшемі А7 (11 х 8 см)
Қазақстан Республикасының 
азаматтық авиациясындағы 
медициналық куәландыру  
қағидаларына 2-қосымша  
Дәрігелік-ұшу сараптау комиссиясының хаттамалар журналы
20____ ж «___» _____________ № ____ ДҰСК (ОДҰСК) отырысының хаттамасы
Төрағасы ________________________ мүшелері __________________________
_____________________________________________________________________



№№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған жылы

Лауазымы жұмыс орны, жалпы ұшқан уақыты (сағат)

Куәлануға себеп

Шағымдар клиникалық диагноз

Сараптау қорытындысы, алдын ала емдеу және сауықтыру шаралары, диспансерлік есеп тобы

1

2

3

4

5

6

7














ДҰСК (ОДҰСК) төрағасы ________________________________________ (қолы)


Мүшелері _____________________________________________________ (қолы)
         _____________________________________________________ (қолы)
ДҰСК (ОДҰСК) мөрі
Ескертпе:
      1. Жыл сайын хаттама нөмірі 1 қаңтардан бастап жүргізіледі, 1-бағандағы реттік нөмірі бөлшекпен көрсетіледі: ДҰСК(ОДҰСК)-дағы медициналық куәланудың алымда - әр күн сайынғы нөмір, бөлімде - жыл басынан нөмірі.
      2. 7-бағанда медициналық куәландырылудың нәтижесінде шығарылған ДҰСК-ның барлық ұсыныстары мен ұйғарымдары көрсетіледі.
      3. Журнал беттері нөмірленеді және бекітіледі.
      4. Журнал ДҰСК (ОДҰСК) төрағасында қызмет бабы үшін қолданылатын құжат ретінде 25 жыл сақталады.
Қазақстан Республикасының 
азаматтық авиациясындағы 
медициналық куәландыру  
қағидаларына 3-қосымша  
Авиация қызметкерлеріне денсаулық жағдайы бойынша
қойылатын медициналық талаптар
1. Психикалық және нерв аурулары
      1. Шизофрения, паранойя, аффектілік психоздар тек психиатриялық мекемелерде тексерілгеннен кейін ғана шығарылады. Мұндай аурулары бар тұлғалар ағымына, нысандарына, аурудың мерзіміне, оңалу ұзақтығына қарамастан жұмысқа қайта орналасуға және диспансерлік есептен шығаруға жатпайды (Талаптарға 1-кестенің 1-тармағы).
      2. Жіті психоздарды, невроздарды, суицидтік әрекеттерді бастан өткерген тұлғалар Талаптарға 1-кестенің 1) тармақшасы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылады. Жұмысқа қайта орналасу туралы мәселе психиатриялық мекемеде тексерілгеннен кейін кемінде екі жылдан кейін қаралатын болады. Нервтік-психикалық қызметті ұзақ компенсациялау психоз (невроз) кезеңіндегі психикалық жағдайының сипатын, оның ерекшелігін, құрылымын, қарқындылығы мен ағымын ескере отырып, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру туралы мәселені қарау үшін негіз болып табылады.
      Суицидтік әрекеттерге себеп болған жағдайларды тексеру жүргізу және зерделеу кезінде дәрігер куәларды сұрауға, жеке және отбасы анамнезін және аутоагрессиялық іс-қимылдың дәйектемесін нақтылауға міндетті. Психиатрдың консультациясы міндетті түрде. Суицидтік әрекеті бар тұлғалар анамнезде жұмысқа қайта орналасуға жатпайды.
      Қысқа мерзімді психикалық соматикалық түсіндірілетін бұзылуларды бастан өткерген тұлғалар негізгі аурулардан соң сауыққаннан кейін және қолдаушы терапияны қолданбай нервтік-психикалық функциялардың толық компенсациясы кезінде Талаптарға 1-кестенің 2) тармақшасы бойынша ұшу жұмысына жарамды деп танылады. Астениялық жағдайда немесе ахуалмен түсіндірілетін невроастениялық синдромда қолданылады. Қайта куәландыру бақылаудың, клиникалық тексерулердің оң нәтижелері және жүктемелік сынамалардың жақсы көндігуі кезінде 4-6 айдан кейін жүргізіледі (Талаптарға 1-кестенің 2-тармағының 2) тармақшасы).
      3. Алкоголизмнен зардап шегуші, жіті (жітілеу) алкогольдік психозды (алкогольдік делирий, параноид, галлюциниоз, қызғанушылық сандырағы және басқалар) бастан өткерген тұлғалар наркологтың консультациясын алуы тиіс (Талаптарға 1-кестенің 3-тармағы). Тұрмыстық маскүнемдік кезінде тармақ қолданылмайды, ал жұмыста пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені авиакомпанияның (авиакәсіпорындардың) әкімшіліктері шешеді.
      Дәрілік тәуелділік немесе дәріні шектен тыс тұтыну оларды медициналық айғақтары бойынша тұтынбайтындығын білдіреді. Мұндай жағдай жұмысқа және оқуға үзілді-кесілді қарсы айғақ болып табылады.
      Дәрілік тәуелділік (уытқұмарлық) пен нашақорлық анамнезде жұмыстан шеттету мерзіміне қарай жұмысқа қайта орналасуға жатпайды.
      4. Жеке тұлғаның социопатиялық бұзылудың басты белгілері отбасылық және жеке анамнезінен анықталатын қоғам белгілеген мінез-құлық ережесін (тұрақты дау-жанжал, алкоголизация, құқық бұзу және басқалар) сақтамау болып табылады (Талаптарға 1-кестенің 4-тармағы).
      Диагноз бен сараптамалық қорытынды психикалық мекемелерде тексеруден кейін шығарылады.
      1) тармақшаға психопатия (нысаны мен айқындылығына қарамастан) және психопатиялық емес сипаттағы (паранойялық, аффекілік, шизоидтық, қоздырғыш және басқада типтер) жеке басының бұзылулары жатады.
      2) тармақша жеке басының психикалық инфантилизмі, мінез-құлықының акцентуациясы, кәсіби жағымсыз психологиялық ауытқуы анықталған тұлғаларға қолданылады.
      Нервтік-психикалық қызметтің жақсы әлеуметтік және кәсіби компенсациясы кезінде инфантилизмнің, акцентуацияның жекелеген, анықталмаған белгілері теріс сараптамалық қорытынды үшін негіз болып табылмайды.
      Куәланушыда бұрын анықталмаған үйлесімсіз мінез-құлықтық реакциялардың пайда болуы психолог пен психиатрдың консультациясы үшін негіз болып табылады. Диагноз болмаған жағдайда тармақ қолданылмайды.
      Психолог жеке басының ауытқулары мен жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтаған жағдайда тексеру жүргізіледі. Айғақтары бойынша психиатрдың консультациясы тағайындалады.
      Медициналық бақылаудың теріс деректері бар жеке басының тұрақты, айқын ауытқуларының байланысуы кезінде жарамсыздық туралы қорытынды шығарылады.
      Елеусіз ауытқулары болған жағдайда жарамдылық туралы қорытынды жұмыс өтілі, жұмыс тәжірибесі, орындалған жұмыстарының сапасы және басқа да кәсіби сапалары ескеріле отырып, шығарылады.
      5. Кез-келген түрдегі клиникалық көрінісі бар, сондай-ақ бір рет ұстамасы болған эпилепсия барысында медицина қызметкері растаған, куәлардың қолы қойылған ұстаманың ерекшелігі жазыла отырып, акті жасалады (Талаптарға 1-кестенің 5-тармағы).
      Эпилепсияға күдікті тұлғалар толық неврологиялық тексеруден өтуі, ЭЭГ, психиатрдың консультациясын алуы тиіс. ЭЭГ-ге эпилептоидтық белсенділік эпилепсия диагнозын растайды, ал оның болмауы диагнозды жоққа шығармайды.
      Тармаққа анықталмаған этиологияның бір реттік эпилептиформалық ұстамасы жатады. Симптоматикалық эпилепсия кезінде сараптамалық баға беру оның негізгі ауруына байланысты. Тексерген кезде мидың көлемді үдерісі, қан тамырларының бұзылуы, экзогендік уыттанулар, ішек құрт инвазиясы және басқа аурулары емделуі тиіс.
      ЭЭГ-дағы «шың-баяу толқын» түріндегі пароксизмалдық белсенділігі бар тұлғалар эпилепсияның басқа белгілері немесе орталық нерв жүйесінің органикалық ауруы (тексеру деректері бойынша) болмаған жағдайда, ОДҰСК-да кейіннен тексеріле отырып, үш ай мерзімге жарамсыз деп танылады. ЭЭГ-де көрсетілген өзгерістердің тұрақтылығы ұшу (авиадиспетчерлік) жұмысынан шеттетуге негіз бола алмайды. ЭЭГ-да алғаш рет айқындалған пароксизмалдық белсенділігі бар тұлғалар кеңейтілген неврологиялық тексеруден өтуі тиіс.
      Азаматтық авиация оқу орындарында оқитын тұлғаларда пароксизмалдық, эпилептоидтық белсенділіктер анықталған және ЭЭГ-де біршама айқын өзгерістер болған жағдайда жарамсыздық туралы қорытынды шығарылады.
      6. Ми және жұлын қан тамырларының әртүрлі этиологиясындағы патологиясы бар тұлғалар куәландырылады. Бұл топқа бас қан тамыры мен жұлынның алғашқы аурулары (васкулиттер, даму аномалиясы, аневризмдер, атеросклероз және тағы басқа) және қан тамырларының соматогендік, вертоброгендік және басқа этиологиялық екінші өзгерістері енеді (Талаптарға 1-кестеніңнің 6-тармағы).
      Ми қан айналымының жіті бұзылуы немесе күрт асқыну ағымымен ми қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі орталық және шеткі нерв жүйесі қызметінің бұзылуы, психикасының өзгеруімен кәсіби міндеттеме орындау мүмкіндігінің қиындауы немесе жоққа шығарылуы көрсетілген дерттің клиникалық байқалуы болып табылады.
      Ұшу құрамын қызметінен шеттетуге әкеп соғатын тамыр дертінің кең тараған түрі - ми қан тамырының атеросклерозы болып табылады. Неврологиялық мәртебеде жеңіл шашыранқы микросимптоматикалық немесе қосымша әдістемелік зерттеу мәліметі бойынша ауытқулар айрықшаланған жағдайда церебралдық атеросклероз гипердиагностикасын жоққа шығару мақсатында бұрын болған және қосалқы аурулары бойынша өміріндегі ауру ағымын мұқият талдау қажет.
      Сараптау бас пен жұлын тамырлары дертінің барлық түріне, оның этиологиясын, ауру ағымын, жүктеме сынаққа төзімділігін, сонымен қатар ұшу қауіпсіздігіне әсері бар жіті жағдайдың пайда болуы болжамы ескеріле отырып, жүргізіледі.
      Ми қан айналымының ишемиялық және қанды генезінің жіті бұзылуын бастан өткерген ми ишемиясына ауысатын, субарахноидалдық қан құйылу немесе церебралдық тамырлық күрт асқыну ауруымен ауырғандар, сонымен қатар ми қанайналымының созылмалы жеткіліксіздігі бар тұлғалар куәландырылады (Талаптарға 1-кестенің 6-тармағының 1) тармақшасы).
      2) тармақша бойынша бас немесе жұлын тамырларында атеросклероздық зақымданудың жеңіл немесе бір қалыпты айрықшаланып шығуы клиникалық және құралдық әдістеме зерттеуімен расталған тұлғалар куәланады.
      Нерв жүйелерінің бұзылу мүмкіндігінің, негізгі қан тамырының тарылу дәрежесінің, кәсіптік маңызды психологиялық функция жағдайының, ауру ағымының, қауіпті себептерінің, жүктеме сынаққа болжам және төзімділік бағасының негізінде қорытынды шығарылады.
      Осы тармақша бойынша жұқпалы аурумен немесе бас пен жұлын тамырлары уыттанған-аллергиялық зақымдануымен ауырған науқастар емделуін аяқталғаннан кейін екі жылдан кешіктірмей куәландырылады.
      7. Нерв жүйесінің органикалық зақымдануы алғаш рет айрықшаланған тұлға нерв ауруларын емдеу бөлімінде тексерілушілер қатарына жатқызылады.
      Нерв жүйесінің органикалық аурулары жатады: ісіктер, жұлын арнасының кеңуі, шашыранды беріш және тағы басқа үдемелі аурулар, ОНЖ жұқпалы ауруларының асқынған және созылмалы түрлері (мидың қабынуы, мидың торлы қабығының қабынуы, нервтік мерез, нерв жүйесі қызметінің бұзылуымен, ликворлық динамикалық бұзылушылық, тырысқақтық ұстамамен нерв жүйесінде жұқпаның және уыттанудың қалдық құбылыстары), нерв-бұлшық ет аппаратының аурулары (бұлшық ет әлсіздігі, бұлшық ет дерттері, бұлшық ет тонусы, бұлшық ет күші) (Талаптарға 1-кестенің 7-тармағының 1) тармақшасы).
      2) тармақша бойынша бұрын ОНЖ жұқпалы немесе уыттанушылық ауруын бастан өткерген нерв-психикалық әрекеті толық қалыпқа келген немесе жеңіл қалдықты құбылыстарымен функциясы бұзылмаған органикалық микросимптом түріндегі, нерв-бұлшық ет аппараты аурулары және баяу прогредиентті ағынмен, кәсіби маңызды функцияның жеткілікті сақталуымен тұқым қуалаушылық-дегенеративтік аурулардың бастапқы сатысындағы тұлғалар куәландырылады.
      Ұшу жұмысына қайта тұру туралы мәселелер тұмаулық ми қабынуынан кейін 1 жылдан соң, асқынған ми мен жұлынның қабынуынан кейін - 2 жылдан соң, кене энцефалитінен кейін - 3 жылдан соң шешімін табады.
      Эпидемиялық, туберкулездік ми қабынуымен ауырғандар жарамсыз деп табылады. Жұмысқа жіберілу туралы мәселе ауруды басынан өткерген соң бір жылдан кейін қаралады.
      Жасырын менингококк жұқпасымен, менингококк ринитімен, фарингитпен ауырғандар Талаптарға 1-кестенің 12-тармағы бойынша куәландырылады.
      8. Бас жарақатын алудан ОНЖ зақымданған тұлғаларға куәландыру клиникалық тексеру мен емдеуден кейін өткізіледі (Талаптарға 1-кестенің 8-тармақшасы). Жарақаттану жағдайы мен тетігін бағалау кезінде түйіспеушілік бас-ми жарақаты (мидың қозғалуы, тамыр үзілуі) мүмкіндігін және атланттық-окципиталдық тарамдалу құрылысының зақымдануы салдарынан жарақат ескерілу қажет.
      Сараптау қорытындысын шығарарда есінің өзгеруі мен амнезия мерзімі ұзақтығын ескеру қажет.
      Жарақаттан кейін эпилепсияның даму мүмкіндігін болжамдаумен, зақымданудың ауыртпашылық дәрежесі мен сипатынан басқа, және өзге де қауіпті себептер ескерілуі қажет.
      Сараптау бағалау сыртартқыларды, ЭЭГ өсу бағытын, жоғалтқан функциясының теңгерілуі мен жүктеме сынақтарға төзімділігін ескере отырып өткізіледі.
      1) тармақшаға қатыстылар:
      ашыба-ми жарақаты (бұдан әрі - БМЖ), ауыр дәрежеде мидың соғылуы;
      ОНЖ органикалық өзгерістерімен айрықшаланған, психикасының бұзылуымен, гипертензиялық немесе тырыспалық белгісімен ашық және жабық бас-ми жарақатының зардабы;
      қимылдық, сезінушілік бұзылуымен немесе жамбас астауының бұзылуымен жұлын жарақатының зардабы жұмысқа (оқуға) жарамсыз деп танылады) (Талаптарға 1-кестенің 8-тармағының 1) тармақшасы);
      қатты ми қабығының зақымдануымен, ми күмбезі сүйегінің езіліп немесе жарықшақтанып сынуы, бас сүйегінің кемістігімен (диагностикалық фрездік саңылауынан басқа), асқыну кезеңіндегі бассүйекішілік қанталаулар және ликворейімен БМЖ алған тұлғалар жұмысқа қайтарылуға жатпайды.
      Сүйек күмбезінің сызықтанып сынуымен мидың соғылуының орташа дәрежесі, бас сүйек негізі (ликворсыз) немесе субарахноидалды қан құйылуымен ауруды бастан өткерген тұлғаны ұшу жұмысына қайтару мақсатында, жарақаттанудан кейін, бақылау нәтижесі оң болған жағдайда, 2 жылдан соң тексеру өткізуге болады.
      Мидың соғылуының жеңіл дәрежесі немесе миы шайқалғандарға қолданылады. Жұмысқа қайтарылу туралы мәселе жарақаттанғанннан кейін 6 ай өткен соң ЭЭГ-де өзгерістер болмауы немесе жеңіл айрықшаланып белгіленуі, неврологиялық немесе вегетативтік мәртебесі және жүктеме сынамаға тексеруден кейін жақсы төзімділік жағдайында қаралады) (Талаптарға 1-кестенің 8-тармағының 2) тармақшасы).
      9. Вегетативтік нерв жүйесі дерттерінің клиникалық айқындалуы ВЖЖ-нің әртүрлі құрылымы деңгейінің алғашқы зақымдануының салдары болуы мүмкін немесе неврологиялық, соматикалық, эндокриндік психикалық, аллергиялық аурулардың және уыттанудың екіншіреттік синдромдары бола алады (Талаптарға 1-кестенің 9-тармағы). Бұлардың барлығы ерекше мұқият ауру ағымын жинақтауды және жан-жақты клиникалық тексеруді қажет етеді.
      1) тармақша бойынша пароксизмальдық айқындалуы бар ВЖЖ созылмалы ауруларының өршуі мен күрт асқынуы әсерін жиі қайталаушы (кезеген тамыр, ағзаішілік, аралас сипатты, симпатикалық, симпаталгиялық, диэнцефальдық үлгідегі) вегетативтік тамыр бұзылуына сараптама жасалады. Бұл топқа мына аурулар енгізіледі: бас сақинасы, солярит, синдромдар: Меньер, жұлын артериясы, диэнцефальді синдром, ангиотрофоневроздар (Рейно ауруы, эритромелалгия тағы басқа), Квинке ісігі және ортостатикалық эссенциальдық қысым төмендеуі қарастырылады.
      Жұмысқа қайтарылу туралы мәселе сауықтырылған кезден бастап 2 жылдан кейін қарастырылады.
      Аймақтық нейроваскулярлық синдром және ганглионит кезінде сараптамалық шешім Талаптарға 1-кестенің 10-тармағы бойынша шығарылады.
      Талаптарға 1-кестенің 2) тармақшасы бойынша дене бітімдік-тұқымқуалаушылық генезі қызметінің бұзылуымен, сондай-ақ гормондық қайта құрушылық пайда болған немесе сараптау кезінде тыныштық күйдегі тәндік дертін кешкен адамдар (негізгі аурудан сауықтырылғаннан кейін 2-3 айдан соң) куәландырылады. Сараптамалық бағалау вегетативтік-тамырлық бұзылудың айқындалу дәрежесіне, клиникалық зерттеулердің нәтижесі мен жүктеме сынақ төзімділігіне (ортостатистикалық сынақ, вестибулярлық сынақ және басқа) байланысты.
      Функциялық кардиоваскулярлық құбылыстардың клиникалық көрінісінде басымдылықпен вегетативтік-тамырлық бұзылулар кезінде сараптама мәселесі Талаптарға 1-кестенің 19-тармақ бойынша шешіледі.
      10. Талаптарға 1-кестенің 10-тармағы бойынша шеткері нерв жүйесінің әртүрлі этиологиялық аурулары енгізіледі:
      жіті және созылмалы аурулар, жұлын қабығының зақымдануы, өрімдер, нерв бағаналары, ганглиялар, шеткері нерв тамырлануы синдромдары;
      омыртқа ауырған кезде қабықтық жаншылулар;
      жұлынға, жұлын қабығына, өрімдерге, нерв бағаналарына операциялық араласудың зардабы.
      Көрсетілген аурумен ауыратын адамдар асқынған кезеңде емделуге жатады.
      Омыртқааралық дискідегі жарықты алып тастаған соң куәландыру операциясының сипаты мен операциядан кейінгі кезеңді ескерумен стационардан шығарудан кейін алты айдан соң өткізіледі.
      Қабыршақтық құбылыссыз қозғалыстың бұзылуы кезінде куәландыру Талаптарға 1-кестенің 29-тармағы бойынша жүргізіледі.
      11. Синкопальдық жағдайларды бастан өткерген (талып қалу) тұлға оқудан және жұмыстан шеттетіледі және терапевт пен невропатологтың қарауынан кейін тексерілуге жіберіледі (Талаптарға 1-кестенің 11-тармағы). Авиация дәрігері жағдайды және есінен танып қалуын толық сипаттап куәгерлердің қолымен және дінің қолымен акт жазады.
      Талманы сараптау мақсатында 3 топқа бөледі:
      дені сау адамдардың талмасы;
      орталық нерв жүйесі қызметі бұзылуынан (рефлекторлық талма) болатын талмалар;
      нерв жүйесінің органикалық аурулары мен ішкі ағзаның (симптоматикалық) ауруына шалдыққандар талмасы.
      Дені сау адамдар талмасы негізі шамадан тыс тітіркендіру факторлары (тіс жұлу немесе өңдеу, амбулаториялық операция, қан жоғалту, жарақаттану және тағы басқа) әсер етеді. Жарамдылығы туралы шешім жүктеме сынаққа төзімділік нәтижесі және тексеруден кейін шешіледі. Тармақ диспансерлік байқаудан кейін 2 жылдан соң және қайталап кеңейтілген тексеруден кейін алынады. Рефлекторлық талмалар орталық нерв жүйесі қызметі (вегетативтік қызметтің бұзылуы, нерв айналымдық тонус құбылмалылығы, нерв тозу, әлсіздік күйі) бұзылған адамдарды болуы мүмкін. Жұмысқа жарамдылығы туралы мәселе тек қана кеңейтілген тексеруден кейін (емделу - айғақпен, соның ішінде санаторийлік-курорттық) және жүктеме сынаққа жақсы төзімділігімен қарастырылады. Жұмысқа жіберілгендер невропатологтың байқауында болып, кезекті куәландырудың алдында қайталап кеңейтілген тексеруден өткізіледі. Қанағаттандырарлықсыз клиникалық мәліметімен (айқындалған қан тамырлық-вегетативтік тұрақсыздық, артериялық қысымының төмендеуі), жүктеме сынаққа төзімділігі нашар нәтижеге ие болса жарамдылық туралы мәселе теріс шешімін табады.
      Талмасы бар аурулар кезінде жарамдылық негізгі аурумен анықталады. Тексеру кезінде эпилепсияның, қанда қанттың азаюы күйін, жүрек-қан тамырлық жүйе ауруының, нерв жүйесі ауруының, қан ауруының, эндокриндік ауруының жоқтығына көз жеткізу қажет.
      Жұмысқа жарамдылығы туралы мәселені психологиялық тексеру мәліметін ескере отырып психиатр, сарапшы-невропатолог шешеді.
      Талма қайталанған жағдайда этиологиясына қарамастан жарамсыздық туралы шешім шығарылады.
жүктеу 2,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау