АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Көпшіліктің сұраныстарына орай Ресейдің «Молодой ученый» Халықаралық журналының арнайы шығарылымдарын жеке Сіздерде жарыққа шығара аласыздар. Сіздер таңдап алған ғылыми мақалаларды факультет немесе кафедраның арнайы нөмірі ретінде жариялауға болады. Сіздерден сұралатыны - материалдар (10-нан кем болмау қажет) және этикалық нормалардың сақталуы.
Барлық ғылыми мақалалар elibrary.ru ресурсына (ескерту - РИНЦ емес) және баспаның сайтына орналастырылады. Журнал Ulrich’s Periodicals Directory халықаралық катологына енген және Google Scholar («Google Академиясы») жүйесінде индекстеледі.
Ұйымдастырушы: «Молодой ученый» ғылыми журналы редакциялық алқасының мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Өрленбайұлы Насимов.
Журналды тек электронды нұсқада алуға болады.
Жариялану ақысы: 200 Ресей рублі – авторлық 1 бет.
Қатысушы сертификаты – Сіздердің тапсырыстарыңыз бойынша тегін беріледі.
Қағаз нұсқасын алушыларға төленетін ақысы бөлек екендігін ескертеміз:
1000 Ресей рублі – журналдың бір данасы.
Ұйымдастыру жұмыстарына Почта России және Қазпошта қызметі де қарастырылып отыр (Ресейдегі пошта қызметі бөлек есептелуі мүмкін).
ЕСКЕРТУ: авторлық бет пен журналдың ұйымдастыру төлемақылары тек Ресей рублімен қабылданады. Жауапты тұлғаға кеңес беріледі және техникалық қателіктерін түзетуге көмек береміз.
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз.
Мақалаларды рәсімдеу талаптары
Файл форматы: Microsoft Word (.doc немесе .docx)
Парақ форматы: А4
Парақ жиектері: стандартты; жоғары және төмен - 2 см, сол жақ - 3 см, оң жақ - 1,5 см
Негізгі шрифт: Times New Roman
Негізгі мәтін шрифтінің өлшемі: 12
Жоларалық интервал: 1,5
Абзац: 1,25 см
Суреттер: мақала мәтінінде
Әдебиеттерге сілтеме: [1], библиографиялық тізім мәтін соңында: Әдебиет
Талапқа сай рәсімдеулеріңізді сұраймыз. Авторлар туралы мәлімет беруді ұмытпаңыздар.
МАҚАЛА МӘТІНІНІҢ ҮЛГІСІ
Мақала атауы
Толық аты жөні (тегі, аты, әкесінің аты), ғылыми дәрежесі және атағы (болған жағдайда), қызметі
Жұмыс орны (Қаласы, елі)
Бүгінгі қоғамдық өмірде кеңес берудің маңыздылығы артып келе жатқандығы жасырын емес. Кеңес беру бойынша мәселелер салық салу мен заң қызметін көрсетуде, экономикалық мәселелерді қамтитын аудит, бухгалтерлік есеп пен тексеру салаларында, басқарудың барлық салалары мен ақпараттық технологиялар жүйесі шеңберінде қолданылады. Сонымен қатар, саяси қызмет саласында кеңес берудің өзіндік орнын саяси ғылымдар анықтап береді.
Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселені тереңірек зерттеді. Зерттеу жұмыстары «Life Science Journal» [1], «Молодой ученый» [2], «Социосфера» [3] журналдарында және бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда [4] жарық көрді.
Әдебиет:
Nassimov M.O., Dosmanbetov D.B., Dosmanbetova S.B., Paridinova B.Zh., Ensepov A.A. Political consulting: essence, specifics, technologies // Life Science Journal 2013;10(4):2866-2869.
Насимов М.О., Енсепов А.А., Паридинова Б.Ж. Political Consulting: Main Problems // Молодой ученый. – 2013. - №11.1. – С. 25-26.
Насимов М.О., Паридинова Б.Ж. Консалтинг как объект политической науки // Социосфера. – 2013. - №4. – С.183-185.
Nassimov M.O., Primzhanov M.A., Paridinova B.Zh., Kopposynova M.K. Consulting as a subject of political sciences // «Cоциально-экономическое, социально-политическое и социокультурное развитие регионов»» материалы международной научно-практической конференции – Прага: Vědecko vydavatelske centrum «Sociosfera-CZ», 2013. – С. 102-104.
Авторлар туралы мәлімет беру үлгісі
(Мәліметтер орыс тілінде толтырылады, мақала атауы аударылмай, түпнұсқада беріледі)
Бір автор болған жағдайда толтырылады:
Толық аты жөні (тегі, аты, әкесінің аты). Мақала атауы.
Ученая степень, звание: ?????????.
Должность: ???????????.
Место работы или учебы: ???????????.
Сотовый телефон и электронная почта: ????????
Журнал қажет болған жағдайда толтырылады:
Количество печатных экземпляров:
Бірнеше автор болған жағдайда:
Барлық авторлардың толық аты жөні (тегі, аты, әкесінің аты). Мақала атауы.
Ученая степень, звание: Толық аты-жөнін көрсету арқылы жазылады.
Должность: Әр авторға жеке жазылады.
Место работы или учебы: Әр авторға жеке жазылады.
Сотовый телефон и электронная почта: ????????
Журнал қажет болған жағдайда толтырылады:
Количество печатных экземпляров:
Барлық сауалдарыңыз мына электронды пошта арқылы қабылданады: zhasgalymkzo@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |