«БЕКІТЕМІН»
Академиялық мәселелер бойынша Басқарма-мүшесі –проректор
Ф.Н. Жакыпова
_________________________
Ғылыми кеңес отырысының хаттамасы
№ __ «___» __________ 2021 ж.
ЕМТИХАН КЕЗІНДЕГІ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ТӘРТІБІ
Білімалушы міндетті:
Веб-камерасы бар интернетке қол жетімді компьютер немесе ноутбуктың бар болуы;
Емтихан басталғанға дейін уақытында компьютер мен бейнежазбаны қосып, емтихан кезінде бейнежазбаны өшірмеуге;
Емтихан басталмас бұрын веб-камерада (жеке куәлікте) жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы жеке басын куәландырудан өтуге. Жеке куәлік болуы қажет.
Жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда білімалушы емтиханға жіберілмейді! Жалған тұлға анықталған кезде тәртіптік жауаптылыққа жалған тұлға да, білім алушының өзі де тартылады;
Емтихан нұсқаулықтарымен мұқият танысып, оларды орындауға;
Әрбір емтихан сұрағына жауап нақты, анық болуы тиіс.
Егер білім алушы техникалық себептер бойынша қосыла алмаса, емтихан басталғаннан бастап үш сағат ішінде эдвайзерге техникалық проблема туралы хабарлауға;
Егер емтихан билетінде қате сұрақ немесе пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келмейтін сұрақ болса, білім алушы "Универ"жүйесінде емтиханға баға қойған сәттен бастап 24 сағат ішінде апелляциялық өтініш беруге құқылы.
Тыйым салынады:
Емтихан кезінде рұқсат етілмеген қосалқы материалдар мен құралдарды (шпаргалкалар, ұялы телефондар (қосылған немесе ажыратылған), смарт-сағатты, өзге де электрондық құрылғыларды және т. б.) алып жүруге;
Шу, сөйлесу, орнынан тұру және Веб-камера, бөлме алаңынан шығуға;
Емтихан кезінде үшінші тұлғалардың компьютерге қол жеткізіп көмек көрсетуіне;
Компьютер экранынан басқа жаққа қарауға;
Емтиханға тікелей қолданылатыннан басқа, қосымша браузерлер, мессенджерлер, MO excel, қосымша мониторлар мен компьютерлік технологиялар қойындыларын ашуға;
Кітаптарды, жобаларды, калькуляторларды тиісті рұқсат қағазынсыз пайдалануға;
Емтихан кезінде микрофонды ажыратуға және оның дыбысқа сезімталдық деңгейін төмендетуге.
Жоғарыда аталған талаптардың кез келгенін бұзуға жол берген, Проктор актісімен тіркелген (оның ішінде емтихан өткізілген күннен кейін 6 ай ішінде бейнежазбаларды қарау негізінде) білім алушыға пән үшін "F" ("қанағаттанарлықсыз") бағасы қойылатын болады. Емтихан кезінде білім алушыда санкцияланбаған оқу және әдістемелік материалдарды, электрондық байланыс құралдарын табу, сондай-ақ осы Регламентті бұзу олардың емтиханда пайдаланылғанына немесе пайдаланылмағанына қарамастан бағалау нәтижелерін жою және "қанағаттанарлықсыз" баға қою туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Тәртіпбұзушылыққа қатысты сурет және бейнежазба материалдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жағдаяттық басқару орталығында сақталады, танысу үшін info.csu@kaznu.kz электрондық пошта арқылы сұраныс жібересіз.
Достарыңызбен бөлісу: |