Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы



жүктеу 5,23 Mb.
бет17/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануының 70 жылдығына және Ресей Федерациясы Конституциясының қабылдануының 25 жылдығына арналған «Еуразия кеңістігіндегі адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің үздік тәжірибелерімен алмасу» атты II Халықаралық конференцияға қатысушылар
2018 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын ескерткен жөн, бұнда тараптар ақпараттық алмасуды жетілдіру, бірлескен зерттеу қызметін кеңейту, жүйелі екі жақты консультациялар өткізу, өзара іссапарларды, тағлымдамаларды жүзеге асыру және т.б. сияқты іс-әрекеттерді ұстануы көрініс тапты.

Қазақстан мен Ресей омбудсмендері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою


Самарқандта қарашада өткен Адам құқықтары жөніндегі Азия форумы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 70 жылдығымен орайласқан іс-шаралардың бірі болды. Форум қатысушыларының ішінде кең танылған халықаралық сарапшылар, ұлттық құқық қорғау мекемелерінің басшылары, сондай-ақ өзбек Парламенті мен Жоғарғы Сотының өкілдері болды. Парламенттердің, соттардың, құқық қорғау органдарының, сондай-ақ құқық қорғау ұйымдарының Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының негізін құрайтын құндылықтарды қорғау және ілгерілетудегі рөлін анықтау Форумның мақсаты болды.

Жоғарыда аталғанды түйіндей отырып, өткен есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі өте нәтижелі болды деген қорытынды жасауға болады. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде құқық қорғау мәселелерінің кең спектрі қамтылды. Өзара әрекеттесу екі жақтыформатта да, көпжақты форматта да жүргізілді және екі негізгі бағыт қалыптасты: адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және Омбудсмен мекемесін институционалдық дамыту. Бұл кезекте, екі бағыт бір-бірімен тығыз байланыста іске асырылды.

2018 жылы халықаралық қоғамның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің және Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының қағидаларын енгізудің маңызды қорытындыларын жасау тұрғысынан шегерілді. Сонымен бірге, аталған кезеңде 2019 жылы дамытылатын жаңа халықаралық және өңірлік жобалар және екі жақты келісімдер бастау алды.
Қорытынды
2018 жыл Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдаудың 70 жылдығымен байланысты халықаралық құқық қорғау қоғамдастығы өткен нақты тарихи межесімен есте қалды. Бұл құжат өзінің өткінші емес бірейгейлігін, ал адамзат қол жеткізілген келісімдер және белгіленген халықаралық тәртіп шеңберінде бейбітшілік және жалпыға ортақ әл-ауқат үшін әрекет ету қабілеттігін дәлелдеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға кіргеннен бастап Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен басқа халықаралық құжаттар елімізде тәжірибелік мәнге ие бола бастады. Бұл кезеңде Қазақстан халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға енгізу процесін жалғастырып жатыр.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі адам құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету саласындағы қолда бар мәселелерді анықтап, бұл процеске белсенді жәрдемдеседі. Атап айтқанда, есептік кезеңде Омбудсмен мемлекеттік органдар мен жекелеген лауазымдық тұлғаларға 15 ашық хат пен ұсыныстар жолдады, бұнда халықты тегін дәрілік қамсыздандыру, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары, тұрғын-үй құқықтары, мектепке дейінгі мекемелердің қызметін бақылауды күшейту, құқық қорғау органдарын реформалау, соттың істі қарауы саласында азаматтардың құқықтарын қорғаумәселелері, сондай-ақ қоғамдық резонанс пен пікірталастарды тудырған өзге де мәселелер қозғалды. Аталған тақырыптар көбіне Қазақстанда қабылданған стратегиялық бағдарламалық құжаттардың қағидаларымен, сондай-ақ Елбасы жолдауларында және баяндамаларында көрініс тапқан тапсырмалармен сәйкестендіріледі.

Омбудсмен туралы қағида еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан, бір жыл бұрын қабылданған конституциялық реформаның дамуында ұлттық құқық қорғау мекемесінің әлеуетін ары қарай дамыту және шетелдік мемлекеттер омбудсмендерінің тәжірибесін зерттеу бойынша жұмыс өткізілді.

Бұл мән-мәтінде халықаралық серіктестермен ынтымақтастық едәуір нығайды. ТМД елдерінен әріптестермен өзара әрекеттесу ерекше динамикаға ие болды. Орталық Азия өңірі шеңберінде жаңа жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шағымдарды қарастыру, ұлттық заңнаманы жетілдіру, жабық мекемелерге мониторинг жасау, бірлескен іс-шараларды, конференцияларды және басқа диалогтың алаңдарды ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара әрекеттесу жалғастырылды.

Азаптаулардың алдын алу бойынша Ұлттық превентивтік тетікті нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді, соның арқасында 200 астам бала мекемесін қосу арқылы ҰПТ мандатын кеңейту туралы заң жобасын қарау мәселесі едәуір ілгеріледі. ҚР Парламент Мәжілісінде аталған заң жобасын бірінші және екінші оқу сәтті өтті. Қазіргі уақытта бұл заң жобасын ҚР Парламент Сенаты қарап жатыр.

2019 жылы Қазақстан адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту және БҰҰ Әмбебап мерзімдік шолуының үшінші кезеңі шеңберінде халықаралық міндеттерін орындау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы баяндама жасайды.

Қазіргі кезеңде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтардың барлық спектрі бойынша адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ынталандыру бойынша жұмысын жалғастырады.

Қорытындылай келе, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Парламент депутаттарына, Конституциялық Кеңеске, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға, Үкіметке және мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша бірлескен қызметке қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.



Қосымша


  1. Үндеу хаттар



Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Сіздің назарыңызға 2017 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметі туралы Есепті ұсынып отырмын.

Есеп беру кезеңінде Қазақстанда құқық қорғау мәнмәтінінде үлкен маңызға ие бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.

Конституциялық реформа, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берген реформа елдің құқықтық жүйесінде оның рөлін айтарлықтай нығайтып, оның мандатын іске асыру үшін анағұрлым кең ауқымды мүмкіндіктер берді.

2017 жылы Омбудсменнің мекемесі жеке және заңды тұлғалардан 1474 жеке және ұжымдық өтініштерді қарады, барлығы 2147 адам біздің атымызға жүгінді.

Мемлекеттік органдардағы тиіссіз әкімшілендіруге қатысты шағымдар санының азаюы өздеріне назар аударуда, бұл белгілі бір жағдайда мемлекеттік баскқару саласында институттьқ реформаларды іске асырумен байланысты.

Сонымен бірге, өткен жылмен салыстырғанда құқық қорғау органдарының, соттардың қызметіне, сондай-ақ әлеуметтік, еңбек және тұрғын уй құқықтарының бұзылуына қатысты арыздардың айтарлықтай өсуін атап өткен жөн.

Өткен жылдардағыдай, арыздардың ең үлкен тобы құқық қорғау органдарының, соның ішінде пенитенциарлық мекемелері қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне және әрекетсіздігіне (38,2%) тиесілі. Аталмыш мәнмәтінде азаптаулар мен қатыгездік қарым-қатынасты қолдануға қатысты шағымдардың

өсуін атап өткен жөн (2016 жылғы 7,3% -дан 2017 жылы 11,9% -ға дейін), бұл соның ішінде ұлттық ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі аясында ашықтылықтың кең өріс алуымен түсіндіріледі.

Азаматтардың сот шешімдерімен келіспеуі туралы арыздарының өсу тенденциясы сақталуда (23,6%).

Омбудсмен мекемесінің 2017 жылы жүргізген мониторингтік қызметі әлеуметтік мекемелерге: балалар үйіне, психоневрологиялық диспансерлерге, қарттар үйлеріне, дағдарыс орталықтарына баруға бағытталды.

Жұмыстың осы компоненті сондай-ақ ҰАТ аясында нығайтылды, бұл 500-ден астам алдын ала болулардың нәтижесінде мандатпен басқарылатын мекемелерге азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

216 балалар институционалдық мекемелерін қосу арқылы ҰАТ мандатын кеңейтуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда ҚР Парламенті Мәжілісінде мақұлданды.

Жалпы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі арыздарды қарау барысында 20,7 % жағжайжа азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтап, құқықтарын қалпына келтіре алады.

Есепті жыл ішінде Омбудсмен кең қоғамдық резонанс тудырған барлық дерлік құқық қорғау мәселелері бойынша өз ұстанымын жаппай жариялаған еді.

Осыған байланысты Омбудсменнің ұсынымдарына мемлекеттік органдардың тиісті және уақытылы жауап беруінің тұрақты тенденциясын атап өту қажет.

Жоғарыда аталғандарға көрнекі мысал ретінде 2017 жылдың қаңтарында Омбудсменнің тұрғылықты мекен-жай бойынша азаматтардың уақытша тіркеудің болмағаны үшін айыппұлдарды өндіріп алуды 3,5 айга кейінге қалдырып өтпелі бір кезеңді енгізу туралы ұсынысымен Үкіметтің келіскені болды.

Премьер-Министрге балалардың құқықтарын қорғаудың екі өзекті мәселелері бойынша ұсынымтар жіберілді.

Мәселелердің бірі интернет желісінде таратылған ойындар үшін кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіру оқиғаларына қатысты балаларды теріс ақпараттық ортадан қорғауға байланысты болды. Омбудсменнің нақты ұсыныстары, атап айтқанда интернет–контентті жас бойынша жіктеуді және олардың провайдерлері мен құқық иеленушілеріне тиісті жауапкершілікті енгізу бойынша ұсыныстары Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан оларды қорғау мәселелері бойынша ҚР Заң жобасын пысықтау кезінде өз көрінісін тапты.

Тағы бір маңызды мәселе балалар үйлерін жаппай жауып және балаларды отбасыларға орналастырудың балама түрлерімен ауыстыру (асырап алу, патронат, қамқоршылық) мәселесі болды. Жалпы аталмыш үрдісті қолдай отырып, алайда патронаттыққа немесе қамқорлыққа берілген баланың әрбір төртіншісі, әдетте балалар үйіне қайта оралып, екінші қайтара жетімдікті бастан кешіруіне байланысты үдерісті жылдампау ұсынылды.

Қоғамдық резонансты тудырған мектеп түлектері арасында мемлекеттік бiлiм беру гранттарының дұрыс таратылмауы ҚР Білім және ғылым министрінің атына үндеу жолдаудың мәні болды. Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру аталған гранттарын беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету ұсынысы белгілі деңгейде мүдделі мемлекеттік органдар әрекеттерінің үйлестірілмегендігінің салдарын жоюға мүмкіндік берді.

БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын имплементтеу шеңберінде және тұpғын үй және азаматтық құрылысты олар үшін бейімдеу мақсатында Үкімет аталған обьектілерді тек қана тапсыру кезеңінде емес, сондай-ақ, жобалаған кезде қоғамдық бақылауды кеңейту туралы Омбудсменнің ұсыныстарымен келісті.

Сондай-ақ, көліктік инфрақұрылым нысаналарына мүгедектігі бар адамдардың барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Инвестициялар және даму министрлігімен аталған тұлғаларды әуе арқылы тасымалдау ережелерін жеңілдететін нормативтік акт әзірленді.

Соңғы жылдары алименттерді өндіріп алу проблемасы жаппай өpic алғандықтан, Бас прокуратураға «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, Азаматтық іс жүргізу кодексіне және «Атқарушылық іс жургізу және сот орындаушыларының мәpтeбeci туралы» ҚР Заңына нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары бар үндеу жіберілді.

Қазіргі уақытта жаһандық құқық қорғау күн тәртібінде ерекше назар егде жастағы адамдардьң құқықтарын қорғауға аударылғанын ескере отырып, Үкіметке егде жастағы адамдардың құқықтарын іске асыру кезінде біздің отандастарымыздың аталмыш санатының жекелеген құқықтық мәртебесін анықтайтын жүйеленген нормативтік құқықтық актіні әзірлеу туралы меселесін қарау ұсынылған еді.

Еңбек заңнамасында зейнеткерлік жастағы адамдар үшін жұмыспен қамту және кәсіптік бағдар беру тетіктерінің жоқтығына олардың кәсіби тәжірибесі мен зияткерлік әлеуетін пайдалануды көздейтін тиісті шаралар ұсынылған еді.

Қолданыстағы екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына азаматтардың әділ сот ісін жүргізу және сот төрелігіне қолжетімділікке қатысты құқықтарының бұзылуы туралы, Омбудсмен атына түсіп жатқан шағымдардың талдауы негізінде жинақталған ақпарат жіберілді.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның тиімді өзара әрекеттесуіне ықпалдасудың маңызды құралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмысына қатысуы болып табылады.

Азаматтық қоғам институттарымен жүргізілген өзара іс-қимыл бірлескен жобалар мен адам құқықтарын қорғау саласындағы ең маңызды бағыттар шеңберінде жүзеге асырылды.

2017 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өкілдері 183 ұлттық және 48 халықаралық іс-шараға қатысты.

Есеп беру жылы ұлттық құқық қорғау мекемесі бірқатар халықаралық іс-шараларды өткізудің бастамашысы болды.

Алғаш рет посткеңестік кеңістікте Ұлттық құқық қорғау институттарының Азиялық-Тынық мұхиттық форумымен бірлесіп құқық қорғау институттарының әлеуеті мен тиімділігін нығайту мәселелері бойынша халықаралық семинар өткізілді.

Еуропалық одақ өкілдігінің, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасының, БҰҰ Даму бағдарламасының, ЕҚЫҰ Бағдарламалары Офисінің қолдауымен, кең ауқымды шетел сарапшыларының қатысуымен «Азаптаулардың алдын алу: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты Ұлттық алдын алу тетігінің бірінші Форумы өткізілді.

Орталық-азиялық ынтымақтастықты дамыту туралы Қазакстанның бастамасы мәнмәтініде есепті жылдың қараша айында Алматы қаласында БҰҰ өңірлік құрылымдарының қолдауымен өзекті құқық қорғау мәселелер аясында өңірлік өзара әрекеттесу алаңын құру туралы келісімге қол жеткізілген Орталық Азия елдері омбудсмендерінің кездесуі бастама алды.

Страсбургтегі Еуропа Кеңесінің штаб-пәтеріне және Женевадағы БҰҰ құқық қорғау құрылымдарына жұмыс сапарлары аясында, сондай-ақ шетелдік әріптестермен кездесулер барысында Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі жағдайлары мен Сіз бастамашылық еткен мемлекет пен қоғамды жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламалары туралы ақпараттандырдым.

Омбудсмен мекемесінің қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарында, республикалық баспасөзде, радио мен теледидарда, оның ішінде орталық коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенді көрініс тапты. Есепті кезеңде ресми сайтта 65 баспасөз-айғақ, тоқсан сайынғы бюллетеньдер, ҰАТ жинақталған баяндамасы және Омбудсменнің жылдық есебі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған еді.

Жалпы, 2017 жылы жүргізілген жұмысты талдау ұлттық құқық қорғау институтының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдастықпен өзара әрекеттесу деңгейінің, аталмыш үдерістегі оның медиаторлық рөлінің, сондай-ақ азаматтардың тарапынан оған деген сенімділіктің артқаны туралы куәландырады.

Белсенді халықаралық қызмет Қазақстанның ауқымды сыртқы саяси жетістіктерімен және халықаралық сахнада оның беделінің нығаюымен сәйкес келді.

Ұлттық құқықтық қорғау мекемесі азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық міндеттемелерін орындау бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға әрі қарай жәрдемдесуін жалғастырады.



Құрметпен,__Адам_құқықтары__жөніндегі_уәкіл_А._Шәкіров__Қазақстан_Республикасы__Премьер-Министр'>Құрметпен,

Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министр

Кеңсесінің Басшысы

Н.Ш. Алдабергеновке

Құрметті Нұрлан Шәдібекұлы!
Әлеуметтік осал топтарды, ең алдымен лайықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық құжаттарында маңызды орын алады. Осы міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік тұрғын үй қоры шеңберінде, аталған санаттағы азаматтарға тұрғын үй белгіленген тәртіппен беріледі.

Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылуына қатысты келіп түсетін шағымдары бұл құқықтардың жүзеге асырылуына кедергі келтіретін факторлардың бар екендігін дәлелдейді.

Қолданыстағы заңнамамен «Алтын алқа» белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға нақты әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк наградалары туралы» Заңының
36-бабына сәйкес, аталмыш көп балалы аналар санаты белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үйді алуға құқылы.

Аталмыш заңға сәйкес, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тек көпбалалы отбасылар санаты бойынша ғана үміткер бола алады, бұл жоғарыда аталған заңдардың нормалары арасында заңды қайшылықтың бар екендігін көрсетеді.

Бұл заңды қайшылықты Астана қаласының прокуратурасы растап, алайда бұл, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының


12-бабына сәйкес, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылатынын түсіндірді. Осыған байланысты азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібімен байланысты құқықтық қатынастар «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының ережелерімен реттеледі.

Қазіргі ахуал, көптеген балалары бар аналармен бірінші кезектегі тәртіппен тұрғын үй алу құқығын іске асырылуында сөзсіз екімәнділікті қалыптастырады, өйткені жергілікті атқарушы органдардың осындай құқықты беруден бас тартумен келіспейтіндіктерін білдіретіндіктен, олар өздерінің мүдделеріне заң жүзінде бекітілген нормаларын басшылыққа алады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, осы мәселе бойынша заңнаманың нормаларын жан-жақты талдау негізінде тиісті сәйкестікте келтіру қажет.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы тағы бір маңызды мәселе, санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай емес тұрғын үйлер, азаматтарды есепке қоюдың айқын тетігінің жоқтығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының
69-бабына сәйкес, тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Сонымен қатар, біздің сұранымызға аталмыш тәртіппен жауап берілген Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйдің жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеуі/сәйкестігін растайтын куәлікті беру бойынша осы уақытқа дейін уәкілетті орган бірде-бір нормативтік актімен айқындалмады.

Бұл, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында нақты нормасы бар кезінде оны іске асыру тетігі ұзақ уақыт бойы болмағандығын білдіреді.

Осы жағдайларға байланысты, Омбудсмен мекемесімен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен аталған олқылықты толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен бекітілген, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу ережесіне ҚР Үкіметінің 2017 жылғы


17 ақпандағы қаулысымен өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер қажетті қорытындылар берудің келесі тәртібін белгілейді: 1) санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тұрғын үйге арналған санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасы беріледі; 2) тұрғын үйді техникалық байқаудан өткізудің нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сертификатталған сарапшымен тұрғын үйге техникалық қорытындының түпнұсқасы беріледі.

Алайда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тіркеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген келесі мониторингі, бұл органдар жоғарыда аталған нормативті өзгерістер туралы хабарланбағанын және тиісінше, олардың тұрғындары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда азаматтарды тіркеуден бас тартатынын көрсетті.

Бұл мәселені реттеудің қажеттілігі айқын, өйткені қанағаттанарлықсыз өмір сүру жағдайлары азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты құқық қорғау тәжірибесін ескере отырып, тұрғын үй қатынастары саласындағы орталық уәкілетті органмен тұрғын үй заңнамасын түгендеу, сондай-ақ тиісті түсіндірме жұмыстарды, соның ішінде халық арасында жүргізу өзекті болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 21-тармағын басшылыққа ала отырып, осы ұсынымда көтерілген мәселелерді қарастыруды және олардың шешімін табуға ықпал етуіңізді сұраймын.


Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары

жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен жауап

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің көп балалы аналар, «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығына, сондай-ақ тұрғын үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке қоюға қатысты хатыңызды қарап келесіні хабарлайды.



Көп балалы аналар, «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алғандар үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығына қатысты

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң)


10-2) бабы 6-тармақшасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Заңның 67 бабы 1 тармағына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй есепте тұрған тұрғын үйге мұқтаж:



  1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

  2. жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

3) осы Заңның 68-бабының 1-1)–5), 7)–11) тармақшаларында аталған халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына;

4) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Занның 74 бабы 4 тармағымен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Тұрғынжайларды бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.

Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды бөлек тізіммен бөлу, ЖАО бөлек тізіммен пропорционалды жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша есепте тұрған азаматтардың саны 2018 жылғы 1 сәуірге – 490 910 мың, олардын:

- ҰОС қатысушылары ме мүгедектері – 182;

- жетім балалар – 60 248;

- халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 211 069;

- бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер – 207 007;

- апатты тұрғын үйлі азаматтар – 2 404 адам.

Саны бойынша ең көп санатбұл – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 211 069, оның ішінде «көп балалы отбасы» мәртебесін 26 822 адамда бар.

Коммуналдық тұрғын үй құрылысының аз көлемін ескеріп (2016 жылы 1796 пәтер берілді, 2017 жылы – 3334 пәтер, олардың ішінен 2620 – сату алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй), сондай-ақ «көп балалы отбасы» санатына мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығын беру ұзақ уақыт бойы (10 жылдан астам) азаматтардың басқа категориясына ұзақ уақыт бойы коммуналдық тұрғын үй алуға мүмкіндік бермейді. Бұл азаматтардың басқа категориялары арасында әлеуметтік теңсіздікке әкеледі және кезекте тұрғандар арасында әлеуметтік шиеленіс туғызады, «көп балалы отбасы» санатына бірінші кезекті құқық беруді жөнсіз деп санаймыз.

Тұрғын үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке қоюға қатысты

Заңның 69 бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

Бұдан басқа, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы Ережесіне (2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 ҚР Үкіметінің қаулысы) (бұдан әрі – Ереже) 2017 жылғы енгізілген өзгерістерге сәйкес санитарлық-эпидеомиологиялық талаптарға сай келмейтін тұрғын үйде отбасы тұрып жатқан жағдайда, оларға санитарлық-эпидеомиологиялық қорытынды беру тәртібі анықталған.

Оған сәйкес өтініш беруші есепке тұру үшін:

- отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын

- отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

Жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында Ережеге 2017 жылы енген өзгерістерді басшылыққа алуы қажет, түсіндірме жұмыстары мақсатында ағымдағы жылғы 27 сәуірде Министрлікпен жергілікті атқарушы органдарға жоғарыда аталған Ережені қолдану бойынша қосымша хат жолданды.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Б.Ә. Сағынтаевқа
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Ү.ж. сәуірінде Омбудсмен мекемесі ҚР Үкіметінің атына азаматтардың тұрғын үйге берілетін құқықтарын қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері жөнінде үндеу хат жолдаған еді (2018 жылғы 10 сәуірдегі № 01/261-И), бұл мәселе Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы халықаралық пактін орындау туралы екінші кезеңдік баяндаманы Қазақстанның БҰҰ тиісті Комитетінде алдағы уақытта қорғауы аясында ерекше өзектілікке ие.

Аталмыш хатта Үкіметтің ұсынған жауабы (2018 жылғы 5 мамырдағы № 04-1-22/Д-1614//17-11/985-И) көтерілген мәселелер бойынша ақпаратты қамтымаған еді, осыған орай құқық қорғау мекемесі оларды анағұрлым пәнді қарау туралы өтінішімен қайтадан жүгінді. Алайда, кезекті жауап (2018 жылғы 27 шілдедегі № 04-1-22/26917-И) нысаны жағынан да, мазмұны жағынан да алаңдатушылық білдіріп отырған азаматтардың мүдделерін қанағаттандыра алмайды.

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекті тәртіпте тұрғын үй алу құқығын іске асыруға қатысты.

Қолданыстағы заңнамамен жоғары көрсетілген санаттағы аналар үшін нақты әлеуметтік кепілдіктер көзделген. Атап айтқанда, «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Заңының 36-бабына сәйкес аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі.

Ал «Тұрғын үй қатынастары» 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңының 74-бабына сәйкес бұл құқық тек Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ғана көзделген.

«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар «көп балалы отбасы» санатына қосылған. Сол себептен, тұрғын үйге мұқтаж есебіне тұру туралы өтінішін 1997 жылғы 16 сәуірден кейін бергендер, бірінші кезекте тұрғын үйді алуға құқығынан айырылған.

Үкіметтің ұсынған жауаптарында біздің тиісті сұрату хатымыз бойынша Астана қ. прокуратурасы растаған құқықтық қайшылықтар тудырған мәселені шешу бойынша негізделген ұстаным жоқ.

Осылайша, Үкіметтің бізге берген жауаптар екі дәлелді қамтиды:


  1. «Көп балалы отбасы» санатына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алудың бірінші кезекті құқығы жөнсіз деп саналады, себебі басқа санаттағы азаматтардың коммуналдық тұрғын үй алуға ұзақ уақыт бойы ала алмауына әкеледі, ал бұл кезекте тұрғандардың арасында әлеуметтік теңсіздікке әкеледі. Аталмыш ұстаным, Омбудсмен мекемесінің пікірі бойынша, құқықтық бағалауға қатысы жоқ және қойылған сұраққа нақты жауап бермейді.

  2. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 12-б. 3-т. сәйкес бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылады.

Түсіндірушілік жұмыс пен тиісті құқықтық тетіктің болмауынан ұлттық құқық қорғау мекемесіне «Алтын алқа» алқасымен наградталған, 1997 жылы қабылданған жоғарыда аталған Заңның әрекетке енгеннен кейін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтажда есебіне қойылған көп балалы аналардың шағымдары келіп түсуде.

Қалыптасқан жағдай осы санаттағы көп балалы аналардың тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығын іске асыруда екі ұштылығын тудыруда, себебі жергілікті атқарушы органдардың осындай құқықты беруден бас тартуымен келіспеуін білдіре отырып, олар «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Заңында олардың мүдделерін қорғайтын ережелерді басшылыққа алып отыр.

Аталмыш мәселе бойынша сот шешімдері көрсетілген санаттағы көп балалы аналардың талаптарының негізділігі бар екендігі туралы кәландыратынын атап өткен жөн. Осылайша, Астана қаласы сотының азаматтық істері бойынша сот алқасының 2017 жылғы 6 қаңтардағы қаулысымен С.Б. Макатоваға «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңына сәйкес көп балалы ана ретінде тұрғын үйді алуға оның басымды құқығын есепке ала отырып, оған тұрғын үйдің берілмеуі бойынша Астана қаласы әкімдігінің әрекеттері заңсыз деп танылды (тұрғын үйге мұқтаждардың тізімінде 2013 жылғы 22 ақпанынан бастап тұр). Сот С.Б. Макатованың заңды мүдделері пайдасына құқық бұзушылықтарын жоюды белгіледі.

ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының 2017 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Астана қаласының әкімдігінің аталған сот қаулысын қайта қарау талабынан бас тартылды. Осындай шешімдер ел аумағында жалғыз емес болар.

Бұл жайттар аталмыш санаттағы көп балалы аналар уәкілетті мемлекеттік органдарда мәселенің шешімін таба алмай, «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңында бекітілген тұрғын үй құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр екенін кәуландырады. Бұл Мемлекет басшысының халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мен сот органдарындағы жүктемелікті азайту туралы тапсырмаларына қарама-қайшы болып тұр.

Осылайша, қалыптасқан жағдай мемлекеттік тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйді бірінші кезекті беру кезінде біркелкі амалын белгілеуде заңнамалық реттеу қажет екенін көрсетеді.



Тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды есепке тұрғызу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 69-бабына сәйкес, тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.



жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау