Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет6/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

міндеттерді орындайтын дәрігер қызметіне бір штаттық бірлік қарастырылады.

      Шағын орталықтарда, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектепке дейінгі жастағы 

балаларға медициналық қызмет көрсету аумақтық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық 

көмек (бұдан әрі - БМСК) арқылы жүзеге асады.

      Баяндалғанды ескере отырып, мынадай күшті және әлсіз жақтарын атап көрсетуге болады

.

      Күшті жақтары: мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 3-6 жастағы балаларды мектепке 



дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім 

беру тапсырысын мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан орналастыру жекеше 

секторды білім беру саласына тартуды жалғастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік

білім беру айтарлықтай өседі (5%-дан 15%-ға дейін). Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім 

беру мазмұнының сапасы, оның ішінде кадр құрамы жақсарады. Бағдарлама 120 мыңнан астам 

адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі (2014 ж. - 17,8 мың адам, 2015 ж. - 14,8 мың 

адам, 2016 ж. -15,2 мың адам, 2017 ж. - 11,8 мың адам, 2018 ж. - 13 мың адам, 2019 ж. - 

18,2 мың адам, 2020 ж. - 37,9 мың адам).

      Әлсіз жақтары: мектепке дейінгі ұйымдардың желісі, негізінен, үлгілік 

балабақшалардың құрылысын салу есебінен емес, баламалы желі (шағын орталықтар, мектепке 

дейінгі ұйым ашуға болатын бос тұрған ғимаратты ыңғайластыру, тұрғын үйлердің 1-

қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және т.б.) есебінен өседі.

      Орта білім

      Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу 

құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.

      Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның 

нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты 

проблемалар орын алған.

      2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада жергілікті атқарушы органдар (

бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – 

БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс 

істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы 

үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда.

Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 

ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

      Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика 

кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық 

кабинеттерімен жабдықталған.

      Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен 

мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет

қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

      Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға 

себеп болды.

      Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 %-ын

құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.

      Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық 

оқушы ШЖМ-да оқиды.

      Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды 

құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру 

бағдарламаларымен қамтылған.

      Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін 

енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар 

қоюда.

      Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын 



және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.


      Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен. 

Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар 

есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.

      Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр.

Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің 

болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап 

қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен 

деңгейлердің бірі болып қалып отыр.

      Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу

жүйесін дамыту болып табылады.

      Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру 

әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік 

бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және 

музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен 

мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім 

берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім 

алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды.

      Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру 

мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның 

төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес,

жалаң нәтижелер алуға бағытталған.

      Осылайша, қазіргі бар проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының 

қазіргі заманғы талаптарына және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес 

жаңғыртуды талап етеді.

      Техникалық және кәсіптік білім

      ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономика мен 

әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

      2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жалпы мемлекеттік статистика деректері 

бойынша 786 ТжКБ оқу орны жұмыс істейді, 2005 жылмен салыстырғанда олардың саны 64-ке 

өсті, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. Олардың 22,8 %-ы ауылдық жерлерде 

орналасқан.

      Жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің 32,7 %-ы кәсіптік лицейлер мен 

колледждерде оқуын жалғастыруда, оның ішінде 9-сыныптан кейін – 24,8 %, 11-сыныптан кейін

– 7,9 %.


      ТжКБ оқу орындарында 609 мың адам, оның ішінде 36,3 %-ы ғана мемлекеттік тапсырыс 

бойынша білім алуда.

      Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық 

және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

      Сонымен қатар еңбек нарығында кәсіби стандарттардың, мамандарға қойылатын қазіргі 

заманғы біліктілік талаптарының болмауы индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарына 

кадрларды даярлау мазмұнының барабарлығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

      ТжКБ жүйесінің қолданыстағы инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жарақтандыруы 

кадрлар даярлаудың сапасы мен жастар үшін оқытудың тартымдылығын қамтамасыз ете алмайды.

      Жоғары деңгейде білім беру үшін инженер-педагог қызметкерлерді қолдаудың төмен 

болуы біліктілігі жоғары кадрлардың экономиканың басқа салаларына ауысуына себеп болуда.

      Тиімсіз басқару нарықтық жағдайда оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін 

қамтамасыз етпейді.

      Аз қаржыландыру және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бір маманды оқытуға 

кететін шығыстар құны оқушының қазіргі заманға сай біліктілік алуына мүмкіндік бермейді.

      Бұдан басқа үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру мәселелерін шешу

қажет.

      Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау