ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
“МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ
АСТАНА
2016
ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
ПРОГРАММА
ЛЕТНЕ-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ПЕРИОДА
В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ
ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ КЕЗЕҢІНІҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
ПРОГРАММА
ЛЕТНЕ-ОЗДОРОВИТЕЛЬНОГО ПЕРИОДА
В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ
АСТАНА 2016
2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
«Мектепке дейінгі ұйымдардың жазғы сауықтыру кезеңінің
бағдарламасы» Астана, 2016 – 21 бет.
Пікір жазғандар:
А.Ж. Салиева, доцент, п.ғ.к.
С.Ж. Еламанова, Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
орталығы директорының орынбасары
А.С. Ережепбаева, балабақша меңгерушісі
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балаларды жазғы демалысты
ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне, әдіскерлеріне,
тәрбиешілеріне және дене шынықтыру нұсқаушысына әдістемелік көмек
көрсету мақсатында әзірленді.
Бұл бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы-сауықтыру кезеңін
ұйымдастыруға арналған.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жазғы сауықтыру кезеңінің бағдарламасы
ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының
(№3 хаттама 2016ж. 10 наурыз) оқу әдістемелік кеңесінде қаралды және
ұсынылды.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2016
3
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы – осы кезеңдегі ғана емес,
сонымен қатар болашақты нақты болжайтын қоғам мен мемлекеттің маңызды
көрсеткіші. Бүгінгі күні балалардың денсаулық мәселесі педагогикалық
дәрежеден шығып, әлеуметтің маңызы болып табылады. Мектеп жасына
дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және нығайтудың көптеген тәсілдері
мен құралдары бар.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау және нығайту – мектепке
дейінгі білім берудің негізгі міндеттерінің бірі. Оны іске асырудың тиімді түрі
жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру болып табылады.
Жазғы сауықтыру кезең – балалардың денсаулығын сақтау мен
нығайтуға қолайлы кезең. Балалардың таза ауада болуы балалар ағзасын
нығайтады және шынықтырады, жан-жақты дамуына жағымды әсер етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар денсаулықсақтау дағдыларының тәрбиелеу,
дамыту, сауықтыру-профилактикалық міндеттерін тиімді және оңтайлы шешу
қажет. Денсаулықсақтау компоненттері ретінде балалардың денсаулығын
сақтауда төмендегі арнайы шаралар іске асырылады:
- оңтайлы қозғалыс тәртібі;
- ақыл-ой мен қозғалыс жүктемені орынды алмастыру;
- балалардың ойын және оқу іс-әрекеттерін өткізу уақыттарының
сәйкестігі;
- алуан түрлі іс-әрекеттердің алмасуы.
Мектепке
дейінгі
ұйымдардың
жазғы
сауықтыру
кезеңінің
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) материал мазмұнын, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттері көлемінің талаптары мен жоспарлаудың ерекшеліктерін
нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленді.
Балабақша мен отбасы жағдайында сауықтыру шараларын өткізуде
тиімді технологияларды енгізу жаз мезгілінде балалардың денсаулығын
нығайтуды, ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық,
қатынастық, шығармашылық қабілеттерін дамытуды, педагогтар мен ата-
аналардың ақпараттық құзыреттіліктерін арттыруды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Бұл бағдарлама ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың дене,
психологиялық, әлеуметтік денсаулығын нығайту үшін сауықтыру кезеңіне
нәтижелі даярлыққа педагогтар мен ата-аналардың қажеттілігін ескереді.
Мақсаты: жазғы сауықтыру кезеңінде Қазақстан Республикасының
мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үдерісінің мазмұнына қойылатын
талаптарды анықтау.
Міндеттері:
- балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін әдістемелік
сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
-
жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
мәселесінде
педагогтардың құзыреттілігін арттыру;
4
- жаз мезгілінде сауықтыру жұмыстарын ұйымдартыру және
балалардың танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін тиімді жағдай құру;
- жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру үдерісінде ата-
аналармен өзара байланысты нығайту.
Күтілетін нәтижелер:
- балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруды жоспарлаудың алуан
түрін құру дағдылырын меңгереді;
- мектепке дейінгі ұйымдарда сауықтыру шараларын ұйымдастырып,
өткізудің дағдыларына ие;
- білім беру салаларын кіріктіру тәсілдерін біледі;
- шынықтыру шараларының түрлі түрлерін енгізе алады;
- ата-аналармен бірге балалардың демалысын ұйымдастыра алады.
Бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін
ұйымдастырып, өткізу ұсынымдары мен балалардың сауықтыру, толыққанды
демалысына қажетті жағдай құруға бағытталған.
Дене шынықтыру-сауықтыру және шығармашылық-эстетикалық
бағыттарындағы балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру жазғы сауықтыру
кезеңінің басым бағыты болып табылады.
5
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ
КЕЗЕҢІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Балалардың жазғы демалысы ағзаны нығайтуға, ауруға қарсы тұруға
және оңтайлы жағдай құруға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, балалардың
ағзасын шынықтыруға, қорғау реакциясын жетілдіруге үлкен мүмкіндік туады,
күн-ауа ваннасы мен сумен шынықтыру шаралары көптеп қолданылады.
Балалардың барлық іс-әрекеті (ойын, еңбек, шығармалар оқу және т.б.) таза
ауада өткізіледі.
Жаз мезгілінде балаларды сауықтыру жүйесіне:
- дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары (спорттық және қимылды
ойындар, музыкалық ырғақтық қимылдар, массаж жасайтын кілемшенің
үстіне жүру және т.б.);
- дұрыс тамақтануды ұйымдастыру (фито шай, жемістер мен жидектер
және т.б.);
- шынықтыру (күннің астында болу, шөптің үстімен жалаң аяқ жүру,
ұйықтар алдында аяқты жуу және т.б) жатады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жаз мезгіліне шығармашылық, сауықтыру,
қарым-қатынас жасау, ойындар, бірлесе және жеке еңбек, сауық-сайран,
саяхаттар, тәжірибелік және эксперименттік іс-әрекеттері жатады.
«Денсаулық» білім беру саласы баланың денсаулығын қорғау мен
нығайтуға; тұрмыста, көшеде және табиғат жағдайында өзін-өзі ұстау
дағдыларын қалыптастыруға; шығармашылық, танымдық және тілдік
қабілеттерін қолдана отырып спорттық ойындар мен жаттығулар (футбол,
баскетбол, велосипед пен самокат тебу) элементтерін, қимылды ойындарды,
жарыстар, ұсақ қол моторикасын дамытуға және босаңсытуға арналған
ойындарды үйрету мен бекітуге бағытталған.
Жаз мезгілінде балаларды сауықтырудың негізгі түрлері:
- дене шынықтырудың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті;
- таңертеңгі гимнастика;
- жазғы дене шынықтыру мерекесі;
- спорттық ойын-сауықтар;
- шынықтыру шаралары;
- сауықтыруға арналған серуендер мен экскурсиялар;
- емдік гимнастика (дене сымбатының, майтабандылықтың, көрудің
алдын алу жаттығулары) және т.б.
Балалар туризмі – бұл қоршаған шынайылылықта денесін дамыту,
сауықтыру және тану, жеке басының рухани байлығын қалыптастыру.
Мақсатты серуендер сауықтыруға әсер етеді: циклдік жаттығу түрінде
жүктемені ұзақ уақыт орынды орындау дене сапасын жетілдіруге ықпал етеді,
жүрек-тамыр мен тыныс алу ауруларынан тиімді сақтау механизмін
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Серуендеу барысында (балабақшаның
ауласында немесе шеттен тысқары) ауыз суды ішу тәртібін сақтау қажет – суды
баланың алғашқы қажеттілігіне қарай беріледі.
6
Күнделікті сергіту сәтін, тыныс алу гимнастикасын, шынықтыру
шараларын, психогимнастика, саусақ ойындар, спорттық және қимылды
ойындар мен жаттығуларды жүргізу бала ағзасының қарсы тұру деңгейін
арттырады және эмоционалды жағдайын жақсартып, жазғы сауықтыру
кезеңінде балалармен дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын тиімді
арттырады. Жазғы сауықтыру мезгінің соңында антропометрлік өлшеу
жүргізеді.
«Қатынас» білім беру саласы ересектермен және балалармен еркін
сөйлесу дағдыларын дамытуға; көркем әдебиетке, ауыз әдебиетіне; көркем
шығармалар кейіпкерлеріне жанашырлыққа ынталандыруға; балалардың
дербес шығармашылық іс-әрекетін іске асыруға бағытталған.
Балалар мен ересектер қатысатын театраландырылған іс-әрекеттер
ұйымдастырылады. Театрландырылған іс-әрекеттер өнімі (сахналау, драмалау,
концерттер) мерекелер мен ойын-сауықтар мазмұнына енгізіледі. Сүйікті
мультфильмдер көрсету ұйымдастырылады.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортада еркін таңдау жасалады: кітаптарға
арналған сөрелер, бағдарлама бойынша кітаптар, «сөйлейтін кітаптар», ақын-
жазушылардың портреттері, ертегілер тізімі және т.б.
«Таным» білім беру саласы балалардың өсімдік және жануарлар әлемі,
табиғат құбылыстары, табиғаттағы адамдардың еңбегі туралы ұғымдарын
кеңейту арқылы экологиялық ойлауын дамытуды қарастырады.
Балалар туристік іс-әрекетінің элементі баланың өзінің өлкесін
зерделеу бойынша серуендеуге, саяхаттауға мүмкіндік береді.
Бақылау жасау, табиғаттағы еңбек, мақсатты серуендер жоспарланады,
танымдық әңгіме жүргізіледі, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар
ұйымдастырылады.
«Шығармашылық» білім беру саласы балалар мен ересектердің,
олардың қызығушылықтарын ескере отырып бірлескен өнімді іс-әрекеттері;
қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының қалыптасуын; би қимылдарын
қолдана отырып музыканы қабылдау қарастырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда іс-әрекеттердің өнімді түрлерін
ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері белсенді қолданылады:
- музыка терапиясы (саусақ гимнастикасы, театрландырылған іс-
әрекет);
- арттерапия;
- құм терапиясы;
- скрапбукинг, квилинг;
- кляксография және т.б.
Апта сайын шағын топтық бөлмеде, ойын алаңында және балабақша
залында көрмелер ұйымдастырылады.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы қоғамда адамгершілік
ережелерін меңгеруді, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас
жасау білігін; адамгершілік қасиетін дамытуды; еңбектің түрлі түрлеріне
қызығушылықтарын және Қазақстан ортақ үйіміз екендігі туралы түсініктерін
қалыптастыруды қарастырады.
7
Жаз мезгілінде балалардың барлық іс-әрекеті ойын арқылы өтеді. Ойын
әрекетінің түрлерінде балалар әлеуметтік ортада өмірлік тәжірибе алады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы-сауықтыру кезеңіне дайындық
балабақшада ұжым арасында жете талқыланады.
Педагогикалық қорытынды кеңесте барлық педагогтар жаз мезгіліндегі
жұмыс жоспарымен танысады. Әрбір қызметкердің (меңгеруші, әдіскер,
тәрбиеші, медициналық қызметкер, тәрбиешінің көмекшісі және т.б.)
жұмыстары анықталады.
Мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі жазғы-сауықтыру кезеңіне
дайындық жоспарын құрады, ауланы көгалдандыру (жас көшеттер, гүл бақша
отырғызу, құмды ауыстыру, көлеңкелі бастырманы және жер телімдегі
кішігірім жөндеу жұмыстары, оларды сырлау, ағаштар мен бұтақтарды кесу )
бойынша ұжымның іс-әрекетін ұйымдастырады, жазғы сауықтыру кезеңінің
барысына бақылау жасауды жоспарлап, жаз мезгіліндегі балабақша
қызметкерлерінің жұмыс жоспарын бекітеді.
Әдіскер балалармен бірге ұжымдық іс-шараларды жоспарлайды, жазғы
сауықтыру кезеңін жоспарлауда ұсынымдар даярлайды, ата-аналарға арналған
көрнекі ақпараттар әзірлейді, жазғы сауықтыру кезеңінің басына дайындық
бойынша бақылауды және топтарда білім беру үдерісінің барысын іске
асырады.
Тәрбиеші өз тобындағы балалардың белсенді қимылдарын жоспарлап,
күн тәртібін құрады, ата-аналарға арналған кеңестер әзірлейді, балалармен
жұмыс жасау үшін материалдар, көрнекіліктер таңдайды.
Тәрбиешінің көмекшісі тәрбиешімен бірге жаз мезгіліндегі іс-
шараларды тиімді ұйымдастырып, өткізу үшін жұмыс уақытының кесесін
құрады, ауыз сумен қамтамасыз етеді, шынықтыруға, ауланы тазалауға,
ойыншықтарды жууға арналған құрал-жабдықтарды даярлайды.
Музыка жетекшісі жазғы-сауықтыру мезгіліндегі міндеттерді және
балалардың таза ауада болуын ескере отырып өз іс-әрекеттерін жоспарлайды.
Жаз мезгіліне арналған түрлі музыкалық шығармаларды жинақтайды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы тәрбиешімен бірге белсенді
қимылдарды қамтамасыз ету жұмысын, спорттық ойындарға қатыстыруды
жоспарлайды. Жаз мезгіліндегі сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады.
Медициналық қызметкер жарақаттанудың алдын-алу жұмыстарын
жоспарлайды, балалардың өмірін қорғау мен сақтау жұмыстарын жүргізеді,
аурудың алдын алады, алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қорапшасын
әзірлейді, балалардың дене дамуын ескере отырып шынықтырудың кешенін
құрады, емдеу-профилактикалық шараларды жоспарлайды. Балалардың дене
тәрбиесі мен тамақтану, шынығу жұмыстарына бақылау жасап, күн тәртібін
бекітеді.
Жаз мезгілінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды:
- үйде, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау шараларын сақтау;
- жануарлар, өсімдіктер және жәндіктермен байланысқан жағдайда
қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;
- жолда жүру ережелерін сақтау;
8
- табиғатта өзін-өзі ұстау қауіпсіздік шараларын сақтау;
- жеке бас гигиенасы мен еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау;
- ойын және жаттығу барысында аурудың, жарақаттанудың, уланудың
алдын алу.
9
ҚОРЫТЫНДЫ
Жазғы сауықтыру кезеңінде мектепке дейінгі ұйым ұжымының күші
міндеттерді жүзеге асыру бойынша таза ауадағы ойындарға толы әр түрлі
әрекеттерге жағдайларды жақсартуға бағытталған. Салауатты өмір салты
құндылықтарына қатыстыру кезінде балалардың көңіл-күйлері көтеріледі
және эмоционалдық жайлылық қамтылады.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жазғы сауықтыру жұмыс нәтижесі
көбіне, мектепке дейінгі ұйым ұжымының қаншалықты оған сауатты және дер
кезінде дайындалғанымен анықталады.
Табиғат жағдайындағы балалардың ойланып жасалған қимыл
әрекеттері мектеп жасына дейінгі балаларда дене шынықтыруға
қызығушылық, денсаулық және салауатты өмір салтына ынтасын
жоғарылатады. Серуендеу кезінде балалар күн және ауа былауларын
қабылдайды. Шынықтыру қарқынды жүргізіледі: массаж кілемшелері
бойымен жүру, ойын алаңдарында жалаңаяқ жүру. Дене дамуы жүзеге
асырылады, бала ағзасының төзімділігі дамиды.
Қызықты мультфильмдерді көру балалардың ой және тілдік
белсенділігінің дамуына ықпал етеді. Тәрбиешімен жинақталған тақпақтар,
жұмбақтар, мақалдар, санамақтар баланы рухани байытатын халықтық салт-
дәстүрлерге қатыстырады.
Жазғы кезеңдегі мақсатты ұйымдастырылған серуендер мен
бақылаулар балалардың ойлау мен қиялын дамытады, ой әрекеті, ептілігі мен
зеректігін белсендіреді. Жазғы мезгілде балаларда еңбек дағдылары белсенді
түрде қалыптасады.
Бағдарламаны іске асыру педагогтарға бала денсаулығын нығайтуға,
ағзаның ауруларға қарсыласуына, салауатты өмір салты дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған міндеттерді кешенді шешуге мүмкіндік береді.
Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, авторлар жазғы сауықтыру
кезеңге
арналған
материалдар
мазмұнын
нақтылап,
күн
тәртібі
ерекшеліктеріне, сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйым педагогтары кәсіби
құзыреттілігін арттырудағы шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру үшін
жағдайлар жасауға назар аударды.
10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 ҚРҮҚ);
2. 1 жастан бастап 5 (6) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқытуға арналған үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 20.12.2012 ж.
№557 бұйрығы);
3. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпы білім беретін оқу бағдарламасы, «Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, Астана;
4. Мектеп жасына дейінгі балабақша жағдайында оқыту, тәрбиелеу
және дамыту бағдарламасы, Т.Н.Доронова, Б.О.Арзанбаева, Т.А.Левченко
және т.б. Просвещение –Казахстан, 2007 ж.;
5. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы (5 жастағы балаларды
тәрбиелеу, үйрету және дамыту) Попова Т.Н., Еденбаева З.Д. – Алматы,
Алматыкітап, 2006ж.;
6. От рождения до школы. Основная общеобразовательная программа
дошкольного образования /Н. Е. Вераксы, Т. С. Комарова, М. А. Васильева
редакциясы. - М.: Мозаика-Синтез, 2010ж.;
7. «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас), құрастырушы-авторлар:
Татаурова Н.Л., Тирская И.А., Дрыгина Т.А., Корчевская Г.Г., Шелипова
С.И., Шакабаева С.Г., Митрофанова И.И.»Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2010ж.;
8. «Балбөбек» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру
академиясы, Б.Б. Баймұратова, М.С. Сатімбекова және т.б.. Алматы, 2007ж.;
9. «Қарлығаш» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру
бағдарламасы – Астана: «Арман ПВ» баспасы, 2008ж.;
10. «Қайнар» балабақша жағдайында мектеп жасына дейінгі оқыту,
тәрбиелеу және дамыту бағдарламасы, Доронова Т.Т., Аймагамбетова К.А.
және т.б. – Алматы, «Просвещение-Казахстан», - 2006ж.;
11. Методические рекомендации к программе воспитания и обучения
в детском саду. / Құраст. Л.В. Русскова. – М.:Просвещение, 1986ж.
11
МАЗМҰНЫ
1.
Түсіндірме жазба
3
2.
Мектепке
дейінгі
ұйымдарда
жазғы-сауықтыру
кезеңін
ұйымдастырудың бағдарламалық мазмұны
5
3.
Қорытынды
9
4.
Әдебиеттер тізімі
10
5.
Мазмұны
11
Достарыңызбен бөлісу: |