Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

      ШЖМ ұсынатын білім беру қызметтері сапасының нашарлығы;

      инклюзивті білімнің нашар дамуы;

      ұлттық біліктілік жүйесінің жоқтығы;

      колледждер мен ЖОО бітірушілерінің біліктілігіне білім беру жүйесінің ұсынысы мен 

жұмыс берушілердің сұранысының арасындағы теңдіктің жоқтығы;

      жоғары білім мен ғылымның ықпалдасуының жоқтығы.

      Мүмкіндіктер:

      Мемлекет үшін:

      қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      адами капиталдың сапасын арттыру;

      балалардың өмір сапасының әлеуметтік құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;

      ұлттық экономиканы тұрақтандыру;

      халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білімді инвестициялық қолдау;

      білім беру саласында басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;

      оқушылар арасында спортты өрістету;

      бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

      білім беру саласының қолжетімділігін, тартымдылығын, сапасын, ашықтығын арттыру;

      ел экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;

      халықаралық рейтингтердің көрсеткіштерін жақсарту;

      ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      педагог кәсібіне қызығушылық тудыру;

      бүкіл қызмет уақытында оқыту, оның ішінде шетелде оқыту және кәсіби құзыреттілігін 

дамыту.

      Ата-аналар үшін:



      білім беру ұйымдарын таңдау мүмкіндігі;

      білім беруді басқаруға қатысу;

      мектепке дейінгі тәрбиенің және оқытудың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      баланың жетістіктері туралы қашықтықтан ақпараттық хабарландыру арқылы ата-ана – 

білім беру ұйымы – бала байланысын жүзеге асыру.

      Педагог үшін:

      педагог кәсібінің тартымдылығы;

      мансаптық өсу жүйесін қамтамасыз ету;

      барлық қызмет аясында білім алу, оның ішінде шетелде және кәсіптік құзыреттілікті 

дамыту.


      Білім алушылар үшін:

      баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу;

      үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу;

      коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.

      Қауіп-қатер:

      білім берудің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты алға қойылған мақсаттар мен 

міндеттерге қол жеткізбеу;

      педагог еңбегінің төмен уәждемесі, мұғалім кәсібінің беделсіздігі;

      педагогтердің басым бөлігі даярлығының төмен деңгейі;

      педагог кадрлардың өздігінен білім алуға және кәсіби өсуіне ұмтылысының 




жеткіліксіздігі;

      электрондық оқыту жүйесін қолданудағы пайдаланушылардың төмен уәждемесі;

      демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайларына байланысты 

мектепке дейінгі ұйымдардан орын алуға кезек пен оқушы орны тапшылығының өсуі;

      білім сапасының нашарлауы;

      білім беру ұйымдарын пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы;

      апаттық деп танылған мектептер санының ұлғаюы;

      мүмкіндігі шектеулі балалардың және мүгедек балалардың көбеюі;

      еңбек нарығында мамандарға деген болжамның жоқтығы;

      саладағы еңбекақы деңгейі мен елдегі жалақының орташа деңгейінің арасындағы 

сәйкессіздіктен туындаған техникалық және кәсіптік білім жүйесінен кадрлардың кетуі;

      Қазақстанның ЖОО-да білім алуды қалайтын шетел азаматтары санының қысқаруы;

      өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективаларын іздеумен 

ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі;

      ғылымға жастардың аз келуі;

      бағдарламаны іске асыру барысында қоса орындаушылардың үйлессіздігі.

      еңбек уәждемесінің төмендігі және педагог кәсібінің беделсіздігі;

      демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайына байланысты мектепке

дейінгі ұйымдарда орын алу кезектілігі мен орын тапшылығының өсуі.

      Осылайша, аталған бағдарлама білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуды және оның 

еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары

және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Ескерту. 4-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 02.11.2012 

№ 423


12.08.2014 

 Жарлықтарымен.

N 893

      Басты мақсаты:



      Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету 

арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

      Бағдарламалық мақсаттар:

      білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру 

жүйесін жетілдіру;

      педагог мамандығының беделін көтеру;

      білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен 

технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтудың, оларды 

мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына 

тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі 

және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын 

қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық 

әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту, 12 жылдық оқыту моделіне көшу;

      қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ

жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу;

      еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке 

тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік 

тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;

      өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау