Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет7/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең 

мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс.

      Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым

      Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге

қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде 

маңызды рөл атқарады.

      Қазіргі уақытта 148 жоғары оқу орны (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттік, 12 

азаматтық емес, 90 жеке меншік жұмыс істейді, оның ішінде 16-ы акционерленген), онда 595 

мыңнан астам адам оқиды.

      Көптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын мамандар сапасына 

қанағаттанбайды. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне жауап 

бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді.

      Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық 

болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді 

болмайды.

      Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: 

профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған.

      Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті 

қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтар сияқты 

техникалық мамандықтар бойынша да кітапхана қорын жаңартудың бекітілген нормалары 

сақталмайды. Көптеген пәндер бойынша оқулықтар әзірленбейді немесе аз тиражбен басылады. 

Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы 

сипатқа ие.

      Қазіргі уақытта білім беру қызметін қаржыландыруды мемлекеттік қолдаудың қазіргі 

тетіктері жеткіліксіз.

      Білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ғылым

мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде дамыту бүгінгі күнде экономиканы 

дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

      Ғылым саласында бірқатар шешілмеген проблемалар бар.

      Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми 

зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

      Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі

технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың 

және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ.

      Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады.

      Ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 55-те.

      Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады.

      Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге

негізделген:

      жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер;

      жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру;

      ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген 

сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру;

      жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды 

жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы.

      Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және 

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды 

тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары

дамымаған.

      Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған 

деңгейден он есе төмен қалып отыр.



      Тәрбие жұмысы және жастар саясаты

      Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге 

қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және 

адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан 

зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

      2010 жылдың басында 14–29 жас аралығындағы халықтың саны жалпы халықтың 28,7 %-ын 

құрайды. Ауылдық жерлерде тұратын жастардың үлесі – 49,1 %.

      2010 жылдың басында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі жас өспірімдердің саны 5 млн

. адамға жуық. Балалардың құқығы мен мүдделерін қорғауды жергілікті атқарушы органдардағы

мамандар қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік жастар саясаты саласында мынадай проблемалар орын алып отыр.

      Жастар арасындағы тәрбие жұмысын үйлестірудің орталықтандырылған жүйесі жоқ.

      2008 - 2009 жылдардағы әлеуметтік сауалдың деректері бойынша жастар ұйымдарының 

қызметіне қатысатын жастардың үлесі жастардың жалпы санының 22 %-ын құрайды.

      Өкілді органдардағы жастар саясатының мәселелері бойынша шешімдерді қабылдауға 

қатысатын жастардың үлесі 1 %-ға жетпейді.

      Әлеуметтік сауалдың нәтижелері респонденттердің 64 %-ы мемлекеттік жоғары оқу 

орындарын жемқорлыққа аса бейім деп санайды, 54 %-ы жоғары оқу орындарында жемқорлықтың 

деңгейін жоғары деп бағалайды, 28 %-ы дипломдарды «сатып алу» фактілерін көрсетеді.

      Барлық балалар үшін өз құқықтарын толығымен пайдалану қамтамасыз етілмеген.

      Одан басқа, білім саласында білім беру статистикасы мәліметінің біртұтас базасы жоқ

. Білім берудің мемлекеттік статистика нысандарында кең жарияланымдар жоқ, 

біріктірілмеген, олар бойынша терең талдау жоқ әрі қоғамның көпшілігіне қолжетімсіз. 

Білім берудің ұлттық статистикасының көрсеткіштері халықаралық статистиканың талаптарына 

сай емес.

      Осылайша, білім берудегі ахуалды талдау мыналарды көрсетеді.

      Күшті жақтары:

      білімді дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;

      мектепке дейінгі және орта білім объектілері желісінің ұлғаюы;

      білім берудің әрбір деңгейі бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;

      қазақстандық білім беру құрылымының Білім берудің халықаралық стандарты 

жіктеуішімен сәйкестігі;

      техникалық және кәсіптік білімді қайта құрылымдау;

      Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі;

      TIMSS – 2007 халықаралық зерттеуіндегі жоғары көрсеткіштер;

      Еуропалық білім беру кеңістігіне кіру.

      Әлсіз жақтары:

      білім беруді қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

      педагог кәсібі мәртебесінің төмендігі;

      педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

      жоғары білікті педагог кадрлардың тапшылығы;

      балалар құқықтарын қорғау мамандарының саны жеткіліксіз;

      білім берудегі менеджменттің нашар дамуы;

      білім беру саласында мемлекеттік – жеке-әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жүйесі толық 

дамымаған;

      білім беруді ақпараттандырудың нашар дамуы;

      білім беру статистикасы халықаралық стандарттарға сәйкес емес және білім алушыларға

қолжетімсіз;

      мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен төмен қамтылуы;

      жалпы орта және жоғары білім мазмұнының бірігуінің жоқтығы;

      білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашарлығы;



жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау