5) босқын немесе пана іздеп жүрген адамның мәртебесiн алған;
6) "Халықтың кӛші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22
шілдедегі Заңына сәйкес гуманитарлық уәждемелер бойынша келген кӛшіп келушілер болып
табылатын;
7) Қазақстан Республикасы соттарының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты,
қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталған;
8) адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық істі жүргізу кезеңінде сот үкімі заңды
күшіне енгенге дейін адам саудасының құрбандары болып табылатын;
9) Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келетін кәмелеттік жасқа толған,
Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемінде үш жыл
Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратын;
10) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу бӛлiмiнде оқитын және
сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiн;
11) жиынтық мерзімі күнтізбелік бір жыл бойы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын
іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдарға қолданылмайды.
5. Осы Қағидалар мынадай шетелдік қызметкерлерге:
1) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы
мемлекеттердің азаматтары болып табылатын;
2) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе ӛкілдіктерінің бірінші басшылары болып
жұмыс істейтін;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан
астам сома инвестицияға келісімшарт жасаған ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтiң
басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жӛнiндегi
уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi
басшылары болып жұмыс iстейтiн;
4) теңіз және ӛзен кемесінің, әуе, темір-жол және автомобиль кӛлігі экипажының мүшелері
болып табылатын;
5) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретшi, репетитор, спортшы мен
жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiн;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар,
орта білімнен кейінгі және жоғары білімді, Алматы қаласының ӛңірлік қаржы орталығында басшы
және маман лауазымдарында жұмыс істейтін;
7) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы
халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі
ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жӛніндегі мамандар болып табылатын;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар
жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде, "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік
қоғамында және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы
жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда құрылымдық бӛлімшелердің басшылары
лауазымынан тӛмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін;
9) ұлттық басқару холдингінің, "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамының және
жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы жүз пайыз
қатысатын медициналық ұйымдардың директорлар кеңесінің (бақылау кеңесінің) мүшелері
ретінде жұмысқа тартылатын;
10) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына
"Ұлттық медициналық холдинг" акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық
ұйымдарда медициналық және консультативтік қызмет атқаратын;
11) жоғары білімді, дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ
"Назарбаев Қорында" басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
11-1) «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының дербес
кластерлік қорында басшы және жоғары бiлiмді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
12) білім беру бағдарламаларын енгізу және іске асыру және (немесе) білім беру қызметтерін
кӛрсету туралы келісімдер бойынша дербес білім беру ұйымдарына іссапарға жіберілген;
13) дамуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің индустриялық-
инновациялық даму саласындағы құжаттарында кӛзделген жоғары оқу орындарында Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшылар және
жоғары білімді оқытушылар лауазымдарында жұмыс істейтін;
14) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық
шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметiн жүзеге асыратын, бiрақ
ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын, ал халықаралық кіріктірілген білім берудің оқу
бағдарламаларын іске асыратындар үшін ұйым штатының 50 пайызынан аспайтын;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген
жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;
16) ӛз қызметін Орта Азияның ӛңірлік экологиялық орталығының жұмыс шарттары
туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын Орта Азияның ӛңірлік экологиялық орталығында
жұмыс істейтін;
17) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық
басым жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ кӛрсетілген заңды тұлғалар (не олардың
мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік кӛрсетілетін
қызметтерді қоса алғанда) кӛрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет
объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл ӛткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда
басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске
асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға
сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін адамдарға қолданылмайды.
Осы тармаққа сәйкес шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жұмыс беруші немесе ол
уәкілеттік берген адам уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан
бойынша ақпарат ұсынады.
Ескерту. 5-тармаққа ӛзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013
№ 467
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.11.2013
N 1188
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі);
08.10.2014
№ 1065
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң
қолданысқа енгізіледі), 2014.12.09
№ 1283
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс
берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік
ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді
тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттары
Ескерту. 2-бӛлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 № 173 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің және ұзартудың шарттары мен тәртібі
6. Рұқсат берудің және ұзартудың шарттары мен тәртібін айқындау мақсатында
қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат – бірінші басшылар және олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік
анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес
келетін құрылымдық бӛлімшелердің басшылары;
Достарыңызбен бөлісу: |