Әож 546. 178 АҚпараттық Қамтамасыздандыруды жетілдіру кезінде станцияның пайдалану жұмысын ұйымдастыру



жүктеу 82,84 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2018
өлшемі82,84 Kb.
#13846


ӘОЖ 546.178 

АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ КЕЗІНДЕ 

СТАНЦИЯНЫҢ ПАЙДАЛАНУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Шарапатдинова Д. М. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана, Қазақстан

 e-mail: 

dina_sharapatdin@mail.ru

 

www.enu.kz

 

 

Мемлекет  экономикасының  дамуында  темір  жол  саласының  дамуы  әсер  ететіні 

анық.  Қазіргі  таңда  көліктік  жүк  айналымының  көбеюі,  темір  жол  станцияларындағы 

пайдалану жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуы және де темір жол көлігі саласындағы 

ақпараттық  қамтамасыздандыру,  оның  жетілдірілу  жолдары  өзекті  мәселелердің  бірі 

болып табылады. 

Қайнап  жатқан  үзіліссіз  технологияда  ақпараттық-басқарушылық  тасымалдау 

үрдісін ұйымдастыру және жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушы арасындағы рационалды 

іс-әрекетті қамтамасыз етуде станцияның рөлі ерекше. 

Станцияның жұмысын – темір жол көлігінің іс-әрекеті, сапасының сенімділігі және 

қауіпсіздігі  анықтайды.  Тасымалдау  бойынша  мемлекеттік  тапсырыстар  мен  келісім 

шарттар міндеттемелерін орындауда, көлік түрлерін тиімді пайдалануда, еңбек өнімділігі 

мен экономикалық тиімділікті жоғарылатуда станциялардың ролі ерекше. 

Темiр  жол көлiгiндегi  есептеушi  техниканың бiрiншi  қолданылуы инженерлік және 

пайдалану  кезіндегі  жұмыстың  есептеулерімен  байланысты.  Есептеушi  техниканың 

дамуымен  есептеуiш  үрдісінiң  жаңа  ұйымдастыру  әдiстерi  пайда  болды.  Жетілген  және 

қуатты  есептеуші  техникалардың,  жаңа  жүйелік-техникалық  шешімдердің,  қолданбалы 

бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  тұрақты  енгізілуі,  сонымен  бірге  ақпараттық 

жүйелердің  қолданушыларының  жұмыс  технологиясының  әбден  жетілуі  нәтижесінде 

ақпараттық  қамтамасыз  етудің  жүйелік-техникалық  шешімдерінің  сапалы  жаңа 

деңгейлерінің  дамуы  байқалды.  1995-2000  жылдары  темір  жол  саласында  әлемдік 

деңгейге сай ақпараттық-техникалық кешен құрылды. 

Қазіргі  таңда  темір  жолдың  автоматтандырылған  басқару  жүйесі  600-ден  аса 

автоматтандырылған  жүйелер  мен  қосымшалардан  тұрады,  ол  саланың  өндiрiстiк 

қызметiнiң  бағыттары  бойынша  таралған  ақпараттық  жүйенi  көрсетеді.  Ақпараттық 

жүйенің  көмегімен  тасымалдау  үрдісін  басқаруға,  өткізуге  және  де  жүк  және 

жолаушыларды  тасымалдауды,  бірлескен  инфрақұрылым  мен  жылжымалы  құрамды, 

экономиканы,  қаржыландыруды,  қаражаттар  мен  қорларды,  стратегиялық  дамуды, 

ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыруға болады. 

Автоматтандарылған  жұмыс  орны  (АЖО),  немесе  шетел  терминологиясында 

«жұмыс  станциясы»  (work-station)  пайдаланушы–мамандық,  яғни  сол  мамандықтың 

немесе  басқа  мамандықтың  орны  деп  есептелінеді,  ол  қандай  да  бір  өзіне  берілген 

қызметті  автоматты  түрде  орындауға  қажетті  құралдармен  жабдықталған.  Ол  қажетті 

жағдайда  басқа  да  көмекші  электронды  қондырғымен  жалғастырылады,  яғни  бұл  ЖК 

құралдары  болып  табылады,  нақтырақ  айтсақ,  оларға:  дисктік  жинақтауыш,  баспа 

құралдары,  оптикалық  оқу  құралдары  немесе  штрихтық  кодты  ашушылар,  график 

құралдары, басқа да АЖО байланыстыру құралдары және де локальдық есептеу желілері 

жатады.  Әлемде  ең  көп  тараған  АЖО  –  мамандырылған,  ақпаратты  қамтамасыз  ететін 

арнайы  бағдарламалары  енгізілген  ЖК  болып  табылады.  Ол  нақты  бір  мамандыққа 

бағытталған  –  басқарушы,  экономист,  инженер,  диспетчер,  оператор,  құрастырушы, 

жобалаушы,  сәулетші,  дизайнер,  дәрігер,  ұйымдастырушы,  зерттеуші,  кітапханашы, 

мұражай қызметкері және көптеген басқа мамандар. 

Қазіргі  кезде  темір  жол  шаруашылығын  басқару  жүйесімен  үйлестіруші 

тұжырымдама  жүзеге  асырылуда.  Оларда  біршама  мөлшерде  түрлі  деңгейдегі 




жағдайлардағы  ақпараттардың  ықшам  және  жеткілікті  толық  және  де  аяқталған  өңделуі 

қарастырылады.  Бұл  жүйелерде  жоғарғы  деңгейге  қажетті  ақпарат  төменнен  жоғарыға 

қарай  берілуі  ұйымдастырылады.  Осындай  жағдайда  ақпараттардың  өңделу 

қорытындысының  едәуір  бөлігі  және  шығыс  мәліметтер  ықшамдалған  мәліметтер 

базасында сақталуы тиіс. 

АЖО бұл кешенді құрылғы болғандықтан, оны белгілі бір жағдайларды орындауда 

тиімді пайдалануға болады: 

- үлкен көлемді есептерді есептеу; 

- үлкен санды қарапайым тапсырмаларды қолданып, есептеу; 

- үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу; 

- сапалы ақпаратпен қамтамасыздандыру. 

Үлкен  көлемді  есептеулерге  қолмен  орындалмайтын  есептеу  көлемі  жатады. 

Қателіктерді  түзету  үшін  қосымша  көптеген  адамдарды  жұмылдыру  қажет  болады. 

Компьютерлер  есептеуді  орындаған  кезде  адамдарға  қарағанда  миллиондаған  аз 

мөлшерде қателеседі, мұрағаттағы құжаттарды тез және қатесіз қарап, реттей алады. Сол 

себепті үлкен көлемді мәліметтерді шектеулі уақыттарда қолмен өңдеу мүмкіндігі жоқ, ал 

оларды  бағдарламалардың  көмегімен  тез  өңдей  аламыз,  егер  олар  дұрыс  жұмыс  істеп, 

жүйелік  және  қолданбалы  бағдарламамен  қамтамасыздандырылса,  онда  қажет 

ақпараттарды оңай аламыз. 

АЖО-н  құру  мен  қаржыландыру  жұмыс  жағдайында  түрлі  қаржы  шығындары  мен 

еңбек  шығындарының  шығуы  ғажап  емес.  АЖО-ның  экономикалық  тиімділігі  дұрыс 

құрылғыны таңдаудан, АЖО-ның дұрыс ақпараттық қамтамасыздандыра алуынан, АЖО-

да  кәсіби  маманның  болуы,  есептеу  құрылғысының  тиімді  қызмет  көрсетуі  және  де 

жүйелік  және  қолданбалы  ақпараттық  қамтамасыздандырылуы  және  мәліметтер  базасын 

жүйелі түрде жаңартып отыруынан туындайды. 

Темір жол саласында АЖО-н құру мен оны жұмыс орындарында пайдалану жүйесі 

компьютерлер  мен  бағдарламаларды  алумен  ғана  шектелмейді,  сонымен  қатар  ондағы 

қызметкерлердің  жұмыс  технологиясын  өзгерту  мен  жұмыстарындағы  техникалық 

құралдарды  жаңарту  болып  табылады.  Жаңа  технология  еңбек  өнімділігін  арттырады, 

бірақ ол қызмет көрсету жолы болғандықтан қызметкердің біліктілігі мен білімін көтеру 

мен жетілдіруді талап етеді. Темір жол мекемелеріндегі есептеу техникасымен шешілетін 

тапсырмалар келесі тәртіппен орналасады: 

 

жүк және жолаушы тасымалдауын ұйымдастыру



 

экономикалық есептеу және басқа да басқару шешімдерін шешу; 



 

техникалық тапсырмаларды шешу орындалады. 



Соңғы жылдары темір жолда тасымалдау жұмысының көлемі артқанын байқаймыз. 

Мұндай  жағдайда  темір  жол  көлігі  жұмысының  тиімділігіне  талаптар  жоғарлайды,  өз 

кезегінде ол материалды, жанар-жағар май мен энергетикалық және де еңбек ресурстарын 

басқаруды  жүзеге  асыру  қажеттілігін  көрсетеді.  Бұл  талаптар  көбінесе  ақпараттандыру 

деңгейі арқылы анықталады. Қазіргі таңда тасымалдау үрдісін басқаруда ақпараттандыру 

технологиясы қолдану құралы ғана емес, ол жылжымалы құрамды тиімді пайдаланып, аз 

мөлшерде  шығын  шығарумен  және  де  темір  жол  көлігінің  жұмыскерлерінің  еңбек 

өнімділігін  көтеруді  қамтамасыз  ететін  инфрақұрылымның  негізгі  бөлшегі  болып 

табылады. 

Тасымалдау  үрдісін  басқаруды  жүзеге  асыру  кезінде  оның  мәліметтерінсіз  темір 

жолды  басқару  және  оның  қызметін  бақылау  мүмкін  емес.  Ақпаратты  ала  отырып, 

автоматты  түрде  тапсырмаға  шешім  қабылдау,  электронды  құжаттар  мен  алгоритмдерді 

құрастыру,  олардың  ақпараттық  қарым-қатынасына  әдістер  мен  шешімдерді  іздеу  – 

бұлардың  барлығы  автоматты  есеп  кешені  жұмысының  қажетті  құрылым  бөлшектері 

болып табылады. 

Локомотив шаруашылығында пайдалану жұмыстарының және жанар-жағар май мен 

энергетикалық  ресурстардың  шығыны  туралы  алғашқы  ақпарат  көзі  –  машинист 



маршруты  (ММ).  Бұл  құжаттың  автоматтандырылған  аралас  өңделуі  локомотив 

деполарындағы  жылдамдатылған-техникалық  орталықтарында  және  темір  жолдың 

ақпараттық-есептеу  орталықтарында  жүргізіледі.  Машинистердің  бағыты  туралы 

мәліметтер  бойынша  жылжымалы  құрамның  және  локомотив  бөлімшелерінің  жұмысы 

мен  тартымы  бойынша  жылдам  әрі  статистикалық  есеп  құрастырылады,  ол  тасымалдау 

үрдісінің  орындалу  жолының  экономикалық-статистикалық  сараптама  негізі  болып 

табылады. 

Қазіргі  кезде  іске  асырылып  жүрген  және  қайта  талданып  жүрген  пайдалану 

жұмыстарының көрсеткіш есебінің автоматты жүйесі локомотивті шаруашылықта едәуір 

көлемдегі  ақпараттан  тұрады.  Бірақ  оның  түрлі  есептерде  берілу  формасы  құрылымдық 

сипатта  беріліп,  өнім  шығыны  туралы  жылдам  сараптама  жасалынады.  Осыған  орай 

локомотивті  шаруашылықты  басқарудағы  ақпаратты  қамтамасыздандыру  тиімділігін 

көтеру үшін 1996-2004 жылдары «Қолданбалы механика және математика» кафедрасында 

Батыс  –  Сібір  темір  жолындағы  есеп  берудің  автоматты  жүйесі  мен  пайдалану 

жұмыстарының  сараптама  көрсеткіштері  талданып,  енгізілді.  Бұл  жүйе  АЖО  кешенін 

құрайды: 

- локомотив депосының шұғыл-техникалық есеп беру операторлары (АРМ ТЧУ); 

- жылу техникасы бойынша машинист-нұсқаушы (АРМ ТЧМИт); 

- локомотив шаруашылығындағы жылу техникасының инженер қызметі (АРМ ТП); 

- локомотив бөлімшелерінің АЖО жұмыстарына сараптама. 

АРМ  ТЧУ  машинист  маршрутындағы  мәліметтерді  ЭЕМ  енгізу  мен  өңдеу  –  

локомотив  депосындағы  барлық  пайдалану  жұмыстарының  жылдам  әрі  статистикалық 

есеп  беруінің  көзі  болып  саналады.  Оның  ерекшелігі  –  әмбебап  болуы  мен  ақпаратты 

есептеуіш  орталығынан  тәуелсіз  болуы,  жылдамдығы  және  есеп  беру  мәліметтерінің 

дұрыстығы мен ақпараттандырудың жоғары деңгейі. 

АЖО  қызметінің  тиімділігі  темір  жол  көлігіндегі  локомотив  депосының  пайдалану 

жұмыстарында  ақпаратты  қамтамасыздандыруды  құруға  және  жүзеге  асыруға 

мүмкіншілік берді (1 сурет). Бұл жүйе тасымалдау үрдісін желілік деңгейде орындап, есеп 

беру  формаларының  кеңдігін  қолданады,  оған  міндетті  құжаттар  қалай  қажет  болса, 

аналитикалық  сараптама  солай  қажет.  Шығыс  мәліметтердің  құрамы  мен  формасы  есеп 

беруде  құжаттардың  қызмет  көрсету  белгілерімен  және  пайдаланушы  тараптарымен 

анықталады.  Топтасқан  белгілерді  таңдау  орындалған  жұмысқа  нақты  сараптама 

жүргізіліп, қанағаттанбаған нәтиже себептерін анықтау болып табылады. 

 

1 сурет – Локомотив депосындағы оператордың жұмыс орны 



 

АРМ  ТЧУ  жүйесінде  осындай  есептерді  құрастыруға  және  басқа  да  бағыттағы 

шығын көлемін, локомотивтердің бір бағытта жүруін, шектеулі жылдамдықты, ескертуді 

орындайтын  анықтауларға,  пойыздардың  толық  емес  сыйымдылығын  және  толық  емес 

құрамдарды  анықтауға  жасалынады.  АЖО  пойыздардың  тартымы  мен  жанар-жағар  май 

мен  энергетикалық  шығындарды    сараптау  мен  жылыту  техникасы  бойынша  және  жол 




деңгейі  бойынша  қарастырылады.  Осының  нәтижесінде  мөлшерлеме  өлшемі  көтеріліп, 

пойыздардың  тартымына  арналған  жанар  май  мен  энергетика  есебі  сенімді  әрі  жылдам 

есептелінеді.  Түрлі  локомотивті  деполардағы  есептердің  дұрыстығы  кейбір  жағдайда 

ақпараттардың  құжаттық  істерінің  дұрыс  жүргізілу  мақсатына  сәйкес  келеді.  Бұл 

нәтижелерді  бағалау  нақтылығын  жоғарылатып,  экономикалық  сараптаманың  сапалы 

жүргізілуіне әкеледі  де басқару тиімділігін жоғарылатады. Салыстырмалы мәліметтердің  

барлық  мүмкіндіктері  қарастырылушы  автоматтандырылған  жүйеде  келтіріліп,  кейбір 

жағдайдағы  кей  шығындардың  алдын  алуын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  талаптарды  орындау 

жүйесіндегі  есеп  беру  мен  сараптама  жүргізудің  тиімділігі  тасымалдау  үрдісін  басқару 

мен жоспарлауына қызмет етеді. 

Машинист  бағыты  (ММ)  –  локомотив  шаруашылығындағы  маңызды  құжаттардың 

алғашқы  есебі  болып  табылады.  Оның  негізінде  барлық  жылдамдатылған  және 

статистикалық  есептер жүргізіледі,  ол жылжымалы құрамның жұмысы, жағдайы, жанар-

жағар  май  мен  энергетикалық  тартым  шығындарына  байланысты  құрылады.  Ол  арқылы 

локомотив  бөлімшелерінің  еңбек  ақысы  тағайындалады.  ММ-ның  аралас  өңделуі  темір 

жолда  көп  деңгейлі  және  күрделі  автоматтандырылатын  үрдістерге  жатады.  ММ 

автоматтандырылған  дәстүрлі  технологиясы,  көбінесе  жол  бойында  қабылданғандықтан, 

депода тек қана оның мәліметтерін енгізу мен шектеулі бақылау арқылы қарастырылады. 

Содан  соң  бұл  мәліметтер  байланыс  арналары  арқылы  жолдың  ақпаратты  есептеу 

орталықтарына  жеткізіледі.  Мұнда  оларды  толықтай  өңдеп,  содан  соң  есеп  беру 

формаларын құрастырады. 

АРМ 


ТЧУ 

ақпараттың 

енуін, 

жан-жақты 



бақылау, 

тасымалдаудың 

ұйымдастырылуын  жүргізуді  қарастырады.  Көрсеткіштерді  тәулік  бойы  сараптау  үшін 

автоматты  түрде  мұрағаттық  база  құрылады,  және  де  күнделікті  депо  операторының 

тапсырысы  мен  басқарма  тапсырыстарына  жауап  беруіне    арналады.  Есеп  беру  тәулік 

аяқталумен  ММ  мәліметтеріне,  жол  және  бөлімшелерге  басқа  да  есеп  берудің  жалпы 

макеті құрастырылады. 

АРМ ТЧУ әмбебап бола отырып, ММ кез келген түрін өңдеуге қатыса алады: жүк, 

жолаушы,  маневрлік  пойыздарына  арналады.  ММ  енгізу  оңай  және  операторға  көрнекі 

болғанымен, жетілдіруді талап етеді. 

АРМ  ТЧУ  негізгі  ерекшеліктері  бұл  –  ақпараттанудың  жоғары  деңгейі,  яғни  депо 

қызметінің түрлі есеп беруі мен баспаға берілуі арқылы ай бойғы кез келген кезеңдегі 50 

түрлі  жылдамдатылған  және  статистикалық  есептен  тұрады.  Есеп  пен  анықтаманың 

көптеген  түрлері  пайдаланушының  таңдауы  бойынша  ақпаратты  іріктеумен 

қарастырылады.  Жалпы  стандарттық  қабылдау  есеп  беру  формасынан  өзгеше  форма 

құрастыруға  болады.  Олар  депо  жұмыстарын  мөлшерлеуде  –  локомотив  бөлімшелерінің 

айналым журналдары, технологтың – жылжымалы құрамдардың жөндеу жұмыстары мен 

олардың  арасындағы  жүру  жолдарына  есеп  беру,  экономисттің  –  жоспарлы 

жұмыстарының  орындалуы  туралы  анықтама,  пайдаланушы  және  пайдаланбаушы 

парктердегі  локомотивтердің  бос  тұруы,  жалға  берілуі,  локомотив  депосының  қоры 

туралы  және  т.б.  есеп  беріледі.  Деподағы  барлық  жүру  жолдарының  жиынтығы  ЭЕМ 

жадын  мекемелердегі  жоспарлау  жұмыстарында  түрлі  қолданбалы  бағдарламаларды 

сараптау  және  жоспарлау  кезінде  пайдаланады.  Сонымен  қатар  АРМ  ТЧУ  басқа  да 

пайдаланушы  немесе  талқыланушы  АЖО-мен,  атап  айтқанда  АЖО  есепшісімен,  депо 

кезекшісімен және т.б. байланыстыруға болады. 

Темір  жол бөлімшелерінің барлық  бөліктерінде қауіпсіз және экономикалық  тиімді 

тасымалдау үрдісі қарастырылған, ол темір жол көлігінің пайдалану жұмысы деп аталады. 

Бұл жұмыс көптеген құжаттарды жасаумен ерекшеленеді. 

Пайдалану  жұмыстарын  басқарудың  мақсаты  темір  жол  көлігінде  техникалық 

құралдарды  және  жылжымалы  құрамды  жоғары  көрсеткіштерімен  тиімді  пайдалану 

болып табылады. Бұл мақсат келесі ұстанымдарды қолданғанда орындалады: 



-  қозғалыс  қауіпсіздігін  қатаң  сақтағанда  және  барлық  құрылғыларды  сенімді 

дәрежеде қолдану; 

-  мөлшерлеме  құжаттарын,  ережелерді,  темір  жол  бөлімшелерінде  технологиялық 

үрдістерді дұрыс орындап, үнемі оларды жүзеге асырып отыру; 

- тасымалдау үрдісінің  барлық бөлшектері мекемелермен, жеке темір жол көлігінің 

жұмыскерлерімен нақты байланыста болуы; 

-  тасымалдау  үрдісін  басқару  орталықтарының  қатаң  талабы  мен  орындаушылық 

тәртіптің болуы. 

Тасымалдау  жоспарының  негізінде  пойыздардың  қалыптасуы  талқыланып, 

пойыздардың станциялар арасындағы бағыттары мен желі бойынша  құрастыру мен қайта 

құрастыру  жұмыстары  анықталады.  Пойыздың  қозғалыс  графигі  пойыздардың  жөнелту 

уақытымен  белгіленіп  пойыздардың  келу  және  кетуі,  өткізгіш  жолының  уақыты,  тұру 

ұзақтығы туралы станция, депо және де басқа темір жол бөлімшелерімен келісімді түрде 

ақпаратпен қамтамасыздандырады. 

Пойыздар  қозғалысының  графигі  негізінде,  құрастыру  жоспарында  және  

тасымалдау  жоспарында  станция  жұмысының  технологиялық  үрдісі  арқылы    пойыздар 

мен  вагондар  арасындағы  шаралардың  орындалуы,  станцияның  құрастыру  мен  қайта 

құрастыруға  арналған  құралдары,  пойыздар  мен  вагондарды  өңдеуге  жұмсалған  уақыт 

мөлшері анықталады. Станцияның технологиялық жұмысын есепке ала отырып, темір жол 

тораптарында,  бөлімшелерде  және  темір  жол  бағыттарында  технологиялық  үрдістер 

жасалынады.  Пойыздар  графигінің  негізінде  локомотив  айналымдарының  графигі 

жасалып, локомотив бригадаларының жұмыс кестесі құрылады. 

Жылдам-техникалық 

тіркеу 


орталығы 

(ЦОТУ) 


локомотив 

деполарының 

инфроқұрылымының  маңызды  бөліктерінің  бірі  болғандықтан,  оның  ұйымдастырылуы 

станция  жұмыстарының  төзімділігі  мен  тасымалдаудың  өзіндік  бағасына  байланысты 

болып  келеді.  ЦОТУ  жұмыстарының  негізінде  мына  көрсеткіштер  қарастырылады: 

локомотивтің  орташа  тәуліктік  өнімділігі;  пойыздың  орташа  салмағы  брутто;  локомотив 

қозғалысының  орташа  телімдік  жылдамдығы;  локомотив  қозғалысының  орташа 

техникалық  жылдамдығы;  локомотивтің  орташа  жүру  жылдамдығы;  локомотивтердің 

көмекші жүру пайызы; нетто мен бруттоның жүк айналымы; нетто жүк айналымы; брутто 

жүк  айналымы;  жылжымалы  құрамның  басындағы  желілік  жүру  жолы;  көптеген 

бірліктерде  жұмыс  жүргізетін  жүйедегі  екінші  локомотивтің  жүру  жолы;  екі  тартылыс 

арқылы  жүретін  локомотив  жүру  жолы;  жалғыз  қозғалыстағы  локомотив  жүру  жолы; 

итеру  кезіндегі  локомотив  жүру  жолы;  локомотив  жүруінің  жағдайы;  локомотив 

бөлімшелерінің  жұмыс  уақыты;  локомотив  паркінің  еңбек  қабілетсіздігі  бөлігінің 

абсолюттік көлемі; бұзылудың жалпы пайызы; еңбек ақысы бойынша жүргізілетін төлем; 

жанар-жағар май мен электр энергияның шығыны және т.б. 

Қазіргі  кезде  барлық  локомотив  деполарында  жұмысты  автоматтандыратын  осы 

ақпараттық  қамтамасыздандыруды  пайдаланады.  Сондай-ақ,  АРМ  ТЧУ  жаңа  ақпараттық 

қамтамасыздандыру  құралын,  машинист  маршрутының  парақтарын  дұрыс  толтыруына 

және  де  ЦОТУ  операторларының  еңбек  өнімділігін  көтеруге  жабдықталды.  АРМ  ТЧУ 

бағдарламасының  кең  көлемде  пайдаланылуы  –  ақпараттың  жылдам  өңделуінің, 

көрнекілігінің, 

енгізілген 

мәліметтердің 

ақпараттандырылғанының, 

қолдану 


қарапайымдылығының дәлелі. Жұмыстың ерекшелігіне байланысты әр депода АРМ ТЧУ 

жеке орналастырылып, жұмысшылар оңай бейімделіп, тиімді пайдалануда. 

Локомотив  депосына  АРМ  ТЧУ  жүйесін  енгізудегі  экономикалық  тиімділікті 

анықтау  үшін  локомотив  депосындағы  бір  оператордың  жұмыс  жүктемесін,  локомотив 

депосына  АРМ  ТЧУ  жүйесі  енгізілгеннен  кейінгі  локомотив-сағат  пен  вагон-сағаттың 

қысқаруы  және  пайдалану  шығынын,  локомотив  депосындағы  АРМ  ТЧУ  жүйесін 

пайдалану  шығындарын,  АРМ  ТЧУ  жүйесіне  байланысты  ақша  қорын  анықтау  арқылы 

білуге болады. Еңбек шартына сәйкес бір адамның тиімді жұмыс жүктемесі 0,83÷0,85 тең. 

Есептеу  жүргізілген  кездегі  жүктеме,  яғни  еңбек  шартына  сәйкес  келеді,  ал  АРМ  ТЧУ 



жүйесімен  жұмыс  жасау  барысындағы  жүктеме,  бұл  дегеніміз  –  құжаттардың  сапалы 

толық  өңделуіне  мүмкіндік  береді,  сондай-ақ  құжаттың  уақытылы  қатесіз  орындалуы, 

олардың  қайта  қаралу  қажеттілігінің  туындамауы  көрініс  табады,  сапалы  ақпаратпен 

қамтамасыз  етіледі,  локомотив  пен  локомотив  бригадасының,  жылжымалы  құрамның, 

жалпы станцияның пайдаланым жұмысына әсерін тигізеді, және де еңбек шығыны орын 

алмағандығына көз жеткіземіз. 

Құжаттардың уақытылы дұрыс өңделмеуі және қорытынды ақпараттың есебі дұрыс 

жеткізілмеуі  нәтижесінде  локомотивтер  мен  вагондардың  кідіріп,  тұрып  қалу  жағдайы 

орын  алды.  Байқағанымыздай,  сапалы  ақпаратпен  қамтамасыздандырудың  нәтижесінде 

станция  жұмысының  тиімділігін  арттыруға,  тасымалдау  үрдісін  басқаруды  жетілдіруге 

болады. 

2011  жылдың  қыркүйек  айынан  Ресейдің  Солтүстік  темір  жолында  локомотив 

бригадасының  негізгі  құжаттарын  «компьютер-терминал»  өңдеп,  рәсімдейді.  Жаңа 

инновациялық  технология  –  электрондық  машинист  маршруты  (2  сурет)  деп  аталады. 

Бастапқыда  жобаны  іске  асыру  үшін  «Ярославль-Главный»  депосы  таңдалды.  Бұл 

электрондық  карта  қағаз  жүзіндегі  машинист  маршрутының  орнын  басты.  Жаңа 

технология  Ярославльде  маусым  айында  енгізілді.  Локомотив  бригадасының  1200 

жұмысшысына оқу-үйрету шаралары жүргізілді. 

 

 

2 сурет – Жаңа инновациялық технология – электрондық машинист маршруты 



 

Қазіргі таңда көптеген машинисттердің осы картаны қолдануы және қағазсыз жұмыс 

жасауы нәтижесінде құжаттарды өңдеу уакыты едәуір қысқарды. 

Көпфункционалды  электронды  картаның  ерекшелігі  кең  көлемді  қолданысқа  ие, 

ақпараттың  және  құжаттардың  өңделу  жылдамдығы  мен  сапасының  жоғарылығында. 

Сондықтан темір жол басқармасы қорытынды есепті дерлік жүріс аяқталған соң алады. 

Отандық  локомотив  пайдалану  деполарына  (ТЧЭ)  осы  жаңа  инновациялық 

технологияны енгізу, әрине, болашақтың еншісінде. 



 

Қолданылған әдебиеттер 

 

1.  Кобдиков  М.А.,  Изтлеуова  М.С.,  Бейсембаев  Н.И.,  «Пути  совершенствования 

управления  перевозочным  процессом  на  железнодорожном  транспорте  Республики 

Казахстан». – Алматы, 2005-335с. 

2. 

http://scbist.com/mashinistu



 

3. 


http://www.rzdtv.ru/

 

 

жүктеу 82,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау