Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға



жүктеу 435,38 Kb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата25.11.2017
өлшемі435,38 Kb.
#1465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

күнтізбелік он бес күн ӛткен соң және күнтізбелік алпыс күннен асырмай жүзеге асырады. 

      Осы тармақтың әрекеті шетелдік жұмыс күшін, сондай-ақ этникалық қазақтар және бұрынғы 

отандастар қатарынан арнайы экономикалық аймақ аумағына тартатын жұмыс берушілерге 

қолданылмайды. 

     

 РҚАО-ның ескертпесі!



 

      13-тармақтың бесінші абзацы 01.01.2021 дейін қолданылады - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 

№ 173

 

қаулысымен.



 

      Шетелдік қызметкерлерді корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартқан кезде ішкі еңбек 

нарығында тиісті кандидатураларды іздестіру осы Қағидалардың 61-8-тармағына сәйкес жүзеге 

асырылады. 

      Ескерту. 13-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2016 

№ 173


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

      14. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, ӛкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік 



заңды тұлға – жұмыс беруші ӛз қызметкерлерін жұмыстарды орындау, қызметтерді кӛрсету үшін 

келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда, олардың рұқсат алуына 

қатысты құжаттарды ресімдеуді пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер кӛрсетілетін заңды 

тұлға (оның ішінде филиалы, ӛкілдігі арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге 

асыратын шетелдік заңды тұлға) жүзеге асырады. 

      15. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту кезінде ерекше 

шарттарда мынадай талаптар кӛзделген: 

      1) уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес ӛңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық 

және кәсіптік білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік 

даярлау; 

      2) уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес ӛңірлік еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық 

және кәсіптік білім мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта 

даярлау; 

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру; 

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру. 

      16. Шетелдік қызметкерді: 

      екінші немесе үшінші санат бойынша тартқан кезде жұмыс беруші осы Қағидалардың 15-

тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында кӛзделген шарттардың біреуін немесе бірнешеуін 

таңдайды; 

      тӛртінші санат бойынша тартқан кезде жұмыс беруші осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 4) 

тармақшаларында кӛзделген шарттардың біреуін немесе бірнешеуін таңдайды. 



      Ерекше шарттар тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай кӛзделеді. 

      Жұмыс берушімен рұқсат берудің ерекше шарттарын келісу осы Қағидалардың 8-

қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады. 

      Кәсіптік даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) біліктілігін арттыруға тиіс 

Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мен (немесе) құрылатын қосымша жұмыс 

орындарының саны шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттардың санына сәйкес келуге 

тиіс. 

      Ескерту. 16-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 



№ 844

 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

      17. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың: 



      осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында кӛзделген ерекше шарттарын 

орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізілуге тиіс; 

      осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында кӛзделген ерекше шарттарын орындау 

рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде басталуға тиіс. 

      18. Мыналарға: 

      1) шетелдік қызметкерлер қатарындағы: 

      "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының 

жiктеуiшi" 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгізілмеген кәсіптер 

немесе мамандықтар бойынша жұмыс істейтін

      этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын; 

      бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға; 

      2) жұмыс берушілер қатарындағы: 

      кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту бағдарламасын іске асыратын және Қазақстан 

Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдік персоналды қысқарту бойынша 

міндеттемелері бар; 

      технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау бойынша жұмыстарды 

орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстанды 

индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын

      «Ӛнімділік 2020» бағдарламасын іске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды 

тартуға мемлекеттік қолдау кӛрсету бойынша оң шешім алған; 

      шетелдік жұмыс күшін басым жобалар және шығу елдері бойынша квота шегінде тартатын; 

      шетелдік жұмыс күшін шетелдiк заңды тұлғалар ӛкiлдiктерiне тартатын; 

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері немесе мемлекеттік кәсіпорындары 

болып табылатын жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды қайта 




ресімдеу кезінде, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде 

ерекше шарттар кӛзделмейді. 

      

Ескерту. 18-тармаққа ӛзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.05.2013 



№ 467

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 

№ 844


 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) 

қаулыларымен.

 

      19. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар: 



      1) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге екі реттен асырмай ұзартумен он екі 

айға; 


      2) тӛртінші санат және маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз он екі 

айға дейінгі мерзімге беріледі. 

      20. Шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсіпкерлік 

субъектілерін қоспағанда, жұмыс берушілерге үш жылға дейінгі мерзімге беріледі. 

      Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсатты 

ұзарту жыл сайын он екі ай мерзімге жүргізіледі. 

      Шетелдік жұмыс күшін бірінші санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсіпкерлік 

субъектілері болып табылатын жұмыс берушілерге екі реттен асырмай ұзартумен, он екі ай 

мерзімге беріледі. 

      21. Шетелдік жұмыс күшін басым жобалар бойынша квота шегінде тартуға арналған рұқсат 

оның іске асырылу мерзіміне беріледі. 

      22. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы 

шешімді уәкілетті орган құратын Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру 

жӛніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы бойынша уәкілетті орган жұмыс 

берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылдайды. 

      23. Комиссияның құрамына міндетті түрде ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы 

органның және еңбек инспекциясы жӛніндегі жергілікті органның ӛкілдері енгізіледі. 

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015 

№ 844

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

      24. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің ӛкілдері қатыса алады. Уәкілетті орган отырыс 



ӛтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын отырыстың ӛтетін күні, уақыты және орны туралы 

ақпаратты ӛзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады. 

      25. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзартудан 

бас тарту туралы қабылданған шешiм жӛнiнде жұмыс берушiге оны қабылдаған күннен бастап үш 

жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы немесе 



жүктеу 435,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау