шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген
немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін
онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, ол осы кәсіп үшін белгіленген біліктілік талаптарына
сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты жаңа нӛмір бере отырып, басқа шетелдік
қызметкерге қайта ресімдеуге жол беріледі.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін
қалған мерзімге беріледі.
61-20. Уәкілетті орган бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты басқа
шетелдік қызметкерге қайта ресімдеу туралы шешімді құжаттар қабылданған күннен бастап бес
жұмыс күні ішінде қабылдайды.
61-21. Рұқсатты ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган жүзеге асырады.
61-22. Жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін жиырма жұмыс күні
бұрын «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде
уәкiлеттi органға мыналарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛтініш;
2) жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттің аумағында құрылған,
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды
тұлғамен) жасалған еңбек шартының нотариат куәландырған аудармасы (мемлекеттік және орыс
тілдерінде);
3) ӛткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі
басталған ерекше шарттарының (бар болса) орындалуы туралы ақпарат;
4) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту
туралы ақпарат;
5) рұқсаттардың мерзімін ұзарту негіздемесі.
61-23. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттар қабылданған күннен бастап
екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе
ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
рұқсат он екі айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың
қолданылу мерзімі аяқталған күні басталады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты ұзартудан бас тарту туралы шешім
қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 61-17-тармағына сәйкес оның
негіздемелерін кӛрсетеді.
61-24. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзімін ұзарту
туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде «Е-лицензиялау» мемлекеттік
дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс берушiге рұқсатты не рұқсаттың мерзімін ұзарту
туралы хабарламаны қағаз түрінде жібереді.
Жұмыс берушi рұқсатты ұзарту туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс
күнi ӛткен соң рұқсатты алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жӛнелтiлiмдi алу
туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша
пошта арқылы жiбередi.
61-25. Уәкілетті орган мынадай:
1) шетелдік қызметкер рұқсатта кӛрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп
немесе мамандық бойынша тартылған;
2) жұмыс беруші еңбек жӛніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер
санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын сақтамаған. Мұндай жағдайда
осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді.
3) ӛткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі
басталған ерекше шарттары (бар болса) орындалмаған жағдайларда корпоративішілік ауыстыру
шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды
жүргізеді.
3. Қорытынды ережелер
62. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші немесе шетелдік
қызметкер оған сот тәртібімен шағымдана алады.
63. Еңбек жӛніндегі уәкілетті орган ӛзінің ресми интернет-ресурсында осы Қағидаларды бұзуға
жол берген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін орналастырады.
Уәкілетті органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей
еңбек жӛніндегі уәкілетті органға кӛрсетілген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін мемлекеттік
органның ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
64. Рұқсаттың түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайларда рұқсатты қалпына келтiру
уәкілетті органның телнұсқа беруі арқылы жүргізіледі.
Рұқсаттардың жоғалған, бүлінген бланкілері жұмыс беруші немесе шетелдік қызметкер
жоғалуына, бүлiнуiне себеп болған жағдайларды кӛрсете отырып, уәкілетті органға телнұсқасын
беру туралы ӛтініш берген күннен бастап жарамсыз болып есептеледі.
Уәкілетті орган ӛтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нӛмір бере отырып
және "Телнұсқа" деген жазу жаза отырып, тиісті рұқсаттың телнұсқасын беруді жүргізеді.
65. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың
нӛмірі мен сериясы ӛзгерген жағдайда, бұрын берілген жұмысқа орналасуға және шетелдік жұмыс
күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Шетелдік қызметкер немесе жұмыс беруші шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке
басын куәландыратын құжаттың нӛмірі мен сериясы ӛзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн
ішінде уәкілетті органға кӛрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың кӛшірмелерін қоса бере
отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы ӛтініш береді.
Уәкілетті орган ӛтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нӛмір бере отырып,
рұқсатты қайта ресімдейді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
66. Жұмыс беруші – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды
тұлғаның филиалы (ӛкілдігі) бірігу, қосылу, бӛліну немесе қайта құрылу нысанында қайта
ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға
арналған рұқсатта кӛрсетілген деректемелері ӛзгерген жағдайда, бұрын берілген рұқсатты қайта
ресімдеуге рұқсат етіледі.
Жұмыс беруші қайта ұйымдастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті
органға кӛрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың кӛшірмесін қоса отырып, рұқсатты
қайта ресімдеу туралы ӛтініш береді.
Уәкілетті орган ӛтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нӛмір бере отырып,
рұқсатты қайта ресімдейді.
67. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар алған жұмыс берушілер немесе
жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алған шетелдік қызметкерлер жұмыс iстейтiн жұмыс
берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде
уәкілетті органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;
2) шетелдік қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарында Қазақстан Республикасының
кӛші-қон және еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған талаптарды енгізеді.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.10.2015
№ 844
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн ӛткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
68. Уәкілетті орган еңбек жӛніндегі уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша шетелдік
жұмыс күшін тарту және шетелдік қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша есепті еңбек
жӛніндегі уәкілетті органға ай сайын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |