Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес басшылар лауазымдары үшін белгіленген
біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын мамандардың лауазымдары
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына,
басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік
сипаттамаларына, сондай-ақ 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандар лауазымдары үшін белгіленген біліктілік
талаптарына сәйкес келуге тиіс.
61-6. Шетелдік қызметкерді басшылар лауазымдарына тартқан кезде Қазақстан Республикасы
азаматтарының санына қатынасын сақтау жӛніндегі талаптар қолданылмайды.
61-7. Менеджерлер мен мамандарды корпоративішілік ауыстыру еңбек жӛніндегі уәкілетті
орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық
қатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
61-8-тармақ 01.01.2021 дейін қолданылады - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
қаулысымен.
61-8. Ішкі еңбек нарығында менеджер және маман лауазымдарына тиісті кандидатураларды
іздестіруді жұмыс беруші «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
9-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы
мәліметтерді рұқсат беру не оны ұзарту туралы ӛтініш берілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес
күн бұрын және күнтізбелік алпыс күннен асырмай шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге
асырылатын жердегі уәкілетті органға жіберу арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақ шетелдік қызметкерді басшы санатына тартқан кезде, сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бұрын берілген
рұқсатты ұзартқан кезде қолданылмайды.
61-9. Уәкілетті орган рұқсаттарды берген кезде жұмыс берушімен келісу бойынша оған
мынадай ерекше шарттарды жүктейді:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы
бойынша кәсіптік даярлау;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы
бойынша қайта даярлау;
3) тартылатын шетелдік қызметкердің мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы
азаматтарының біліктілігін арттыру;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыс күші тартылатын
лауазымдарға сәйкес келетін қосымша жұмыс орындарын құру.
61-10. Мыналарды корпоративішілік ауыстыру кезінде:
1) менеджерді – жұмыс беруші осы Қағидалардың 61-9-тармағының 2), 3) және 4)
тармақшаларында кӛзделген шарттардың бірін таңдайды;
2) маманды – жұмыс беруші осы Қағидалардың 61-9-тармағының 1) және 4) тармақшаларында
кӛзделген шарттардың бірін таңдайды.
Кәсіптік даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) біліктілігін арттыруға тиіс
Қазақстан Республикасы азаматтарының саны және (немесе) құрылатын қосымша жұмыс
орындарының саны шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттардың санына сәйкес келуге
тиіс.
61-11. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың:
1) осы Қағидалардың 61-9-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында кӛзделген ерекше
шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
2) осы Қағидалардың 61-9-тармағының 1) тармақшасында кӛзделген ерекше шарттарды
орындау рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде басталады.
61-12. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
рұқсаттар еңбек шартында кӛрсетілген ауыстыру мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге,
кемінде бір рет он екі айға ұзарту құқығымен беріледі.
61-13. Құжаттар толық кӛлемде берілмеген және (немесе) осы Қағидаларға 13 және 14-
қосымшаларда кӛзделген белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда, уәкілетті
органның қызметкері олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ӛтінішті
қабылдаудан бас тартады және жұмыс берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы
(берілмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды кӛрсете
отырып) жазбаша негіздеме береді.
Құжаттарды қабылдаған кезде уәкілетті органның қызметкері қабылданған құжаттардың
тізбесін кӛрсете отырып қолхат береді.
61-14. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру немесе беруден бас тарту
туралы шешімді осы Қағидалардың 22, 23, 24 және 25-тармақтарына сәйкес құрылатын
Комиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті орган шығарады.
61-15. Уәкілетті орган корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға
рұқсат беру туралы шешім шығарған кезде уәкілетті орган рұқсатты «Е-лицензиялау» мемлекеттік
дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы береді не рұқсат беру туралы жазбаша хабарламаны алған
күннен бастап үш жұмыс күні ӛткен соң жұмыс берушi рұқсатты алуға келмеген жағдайда
пошталық жӛнелтiлiмдi алу туралы хабарлама ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген
мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тарту туралы шешім шығарған кезде уәкілетті орган осы
Қағидалардың 61-17-тармағына сәйкес негіздемелерді кӛрсете отырып, «Е-лицензиялау»
мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы хабарлама жібереді не пошталық
жӛнелтiлiмдi алу туралы хабарлама ала отырып, хабарламаны жұмыс берушiнiң тiркелген
мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
61-16. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде шетелдiк
жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттар уәкілетті органға
берілмейді.
61-17. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат
мынадай:
1) жұмыс беруші еңбек жӛніндегі уәкілетті орган айқындайтын шетелдік қызметкерлер
санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық қатынасын сақтамаған;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша 01.01.2021 дейін қолданылады - ҚР Үкіметінің 31.03.2016
№ 173
қаулысымен.
2) ішкі еңбек нарығында тиісті ұсыныстар болған;
3) жұмыс берушінің шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай
жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) ӛткен және ағымдағы күнтізбелік жылдары берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі
басталған ерекше шарттары (бар болса) орындалмаған;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс
тәжірибесі (ӛтілі) осы Қағидалардың 61-5-тармағында кӛзделген талаптарға сәйкес келмеген;
6) шетелдік қызметкерді рұқсатта кӛрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін
кәсіп немесе мамандық бойынша тартқан жағдайларда берілмейді немесе ұзартылмайды. Бұл
ретте осындай факті анықталған күннен бастап алты ай ішінде жұмыс берушіге рұқсатта
кӛрсетілген кәсіп немесе мамандық бойынша рұқсат беру жүргізілмейді.
61-18. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол жұмыс
берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің
аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы
күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің
тіркелген жердегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жердегі ішкі істер
органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
61-19. Осы Қағидаларға 14-қосымшаның 4-тармағында кӛзделген құжаттармен расталған
Достарыңызбен бөлісу: |