2) макроөңір елдерімен интеграциялану есебінен Қазақстанның технологияларға
қол жеткізу мүмкіндігі бар;
3) макроөңір елдерімен сауда-саттық мүмкіндігі өседі, бұл Қазақстанға нарықтарға
қолжетімділік есебінен нарықтық позицияларын жақсартуға және шикізат емес
экспортты өсіруге мүмкіндік береді;
4) экономика құрылымы біртіндеп шикізат емес салаларға қарай өзгереді.
Осы сценарий іске асырылған кезде өнімділікті және сол арқылы бәсекеге
қабілеттілікті арттыру негізгі мақсатқа айналады. Базалық реттеу:
1) мемлекет тарапынан фискалды және фискалды емес ынталандырулар мен
преференцияларды ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға;
2) Қазақстан үшін жаңа және инновациялық өндірістерді дамыту үшін басым
секторларға ТҰК тартуға;
3) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) және Еуразиялық
экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) қағидаларымен тыйым салынбаған
әдістермен экспортты қолдауға;
4) кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті (бұдан әрі - ШОБ) ынталандыруға
бағытталуға тиіс.
Бұл ретте күтілетін межелер нақты болуға тиіс. Мемлекет тарапынан көп күш
жұмсалған күннің өзінде ықтималдық үлесі жоғары болжанып отырған кезеңде
күтілетін нәтижелер (жүргізілетін макроэкономикалық саясатты ескере отырып),
өңдеуші сектордың, ондағы ШОБ үлесінің, өңделген өнім экспортының өсуі
салыстырмалы түрде жоғары болмайды.
Алайда, химияда және мұнай химиясында, түсті және қара металлургияда қайта
өңделуі жоғары өнімдер өндірісіне, оқшауландыру үлесі жоғары толыққанды машина
жасауды құруға өту арқылы базалық индустрияны қалыптастыруды аяқтау
индустриялық дамудың жаңа деңгейіне өтуге және экономиканың мұнай секторына
тәуелділігін азайтудың бастапқы міндетін шешуге мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, 2025 жылға қарай мыналарға:
1) экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлар экспортының 43%-ға дейінгі
үлесіне;
2) өнімді көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өңдеуші өнеркәсіпте ЭЫДҰ елдері
бойынша орташа деңгейдің 68%-ына дейінгі еңбек өнімділігіне қол жеткізу күтіледі.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу жаңа өндірістік технологияларды жалқы енгізуден
жаппай енгізуге өтуге, ең заманауи ғылым мен инженерия негізінде жоғары тиімді
индустриялық кәсіпкерлік құруға мүмкіндік береді.
Осылайша, біртіндеп жылдамдатылған эволюциялық жолдың сәтті болу мүмкіндігі
мейлінше жоғары. Мұны Оңтүстік Кореяның, Қытайдың және басқа да елдердің
тәжірибесі дәлелдейді.
Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяның индустриялық-инновациялық қалыптасуына
1962 жылдан бастап 1991 жылға дейін экономикалық дамудың жүйелі және кезеңдік
бесжылдық жоспарларын іске асыру есебінен қол жеткізілді . Бұл ретте бірінші
11
онжылдық кезең (1962 жылдан бастап 1972 жылға дейін) өнеркәсіптік инфрақұрылым
мен базалық салаларды: тоқыма өнеркәсібін, қара металлургияны, ауыр машина
жасауды, химия өнеркәсібін дамытуға бағдарланды. Екінші онжылдық кезең (1972
жылдан бастап 1981 жылға дейін) инфрақұрылымды одан әрі дамытуға, базалық
салаларды қайта құрылымдауға және технологиялық қабілеттілікті дамыту үшін
негіздер құруға бағытталды. Келесі онжылдық кезеңде (1982 жылдан бастап 1991
жылға дейін) салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары технологиялық
өндірістерді дамыту және инновациялық даму үшін негіз құру мақсаты көзделді.
Қазіргі уақытта білім экономикасын құру Оңтүстік Кореяның экономикалық
саясатының ұзақ мерзімді басымдығы болып табылады.
Қытайда әзірленіп жатқан "China Manufacturing 2025" бағдарламасы 2050 жылға
12
қарай өңдеуші өнеркәсіпте әлемдік көшбасшылыққа қол жеткізу жолындағы 3
онжылдық жоспардың біріншісі ғана болып табылады. Бұл ретте 1949 жылы
тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап Қытай өнеркәсібі дамудың отыз жылдағы 2
кезеңінен өтті:
1952-1978 жылдар - ауыр өнеркәсіпке назар аудара отырып, базалық индустрия
құру;
1979-2014 жылдар - ауқымды (сандық) индустрияландыруды дамыту.
"China Manufacturing 2025" Қытайдың өңдеуші өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін
одан әрі арттыруға бағытталған. Ол Қытай өңдеуші өнеркәсібіндегі "Қытайда жасалған
" басымдығынан "Қытай жасаған" басымдығына, жылдамдықтан сапаға және
өнімдерден брендтерге өтуді меңзейді. Қытай экономикасының "орташа кіріс тұзағына
" түсу қаупін еңсеруі, сондай-ақ оның орташа даму мәртебесінен жоғары даму
мәртебесіне көшуі бұл бағдарламаны іске асырудың жалпы тиімділігі болуға тиіс.
Дереккөз: Корея даму институты (Korea Development Institute) http://www.kdi.re.
11
Дереккөз: Қытай Инженерлік Академиясының интернет-ресурсы (Chinese
12
Academy of Engineering) - негізгі идеолог "China Manufacturing 2025") http://en.cae.cn.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы
индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін индустриялық дамытудың мақсаты,
міндеттері және жалпы нысаналы индикаторлары
Бағдарламаның мақсаты: Еңбек өнімділігін арттыруға және өңделген тауарлар
экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге
қабілеттілігін екпінді ынталандыру.
Бағдарлама мақсатына қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін
болады (1-кесте):
1) өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылғы деңгейге
қарағанда 19%-ға өсуі;
2) өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің 2015 жылғы деңгейге қарағанда нақты
мәнде 22%-ға өсуі;
3) өңдеуші өнеркәсіпте негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4,5 трлн. теңге
сомасында;
4) өңдеуші өнеркәсіптегі энергия сыйымдылығының 2014 жылғы деңгейге
қарағанда кемінде 7%-ға төмендеуі.
1-кесте. Өңдеуші өнеркәсіптегі нысаналы индикаторлар
Р/с
№
Нысаналы индикаторлар
Ө л ш .
бірл.
Ақпарат
көзі
2014
жыл (
факт)
Болжам
Орындауға
жауаптылар
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
1.
Өңдеуші өнеркәсіп өнімдері
экспортының
құндық
көлемінің өсуі
алдыңғы
жылға %
Ұ Э М
СК
94,3
106,3
*
86
112,8 110,3 111,2
И Д М ,
АШМ, ЭМ
2015 жылға
қарай %
134 100
86
97
107
119
2
.
Өңдеуші
өнеркәсіптегі
еңбек
өнімділігінің нақты өсуі
алдыңғы
жылға %
ҰЭМ
СК
85,2
113,2
*
101,3 104,2 106
109,1
ИДМ,
АШМ
, ЭМ
Достарыңызбен бөлісу: |