Қазақстан Республикасы


§ 189. Химиялық талдау зертханашысы



жүктеу 5,08 Mb.
бет12/27
Дата14.11.2017
өлшемі5,08 Mb.
#160
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
§ 189. Химиялық талдау зертханашысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабылданған әдістеме бойынша компоненттерді алдын-ала бөлмей, қарапайым біртекті талдаулар жүргізу. Реактивтер, сүзгіш қағаз, фарфор таспаның көмегімен электролит және басқа заттардың тамшылық талдауын орындау. Дин және Старк бойынша судың, Мор және Вестфель таразылары арқылы меншікті салмағының, Мартенс-Пенский бойынша тұтану температурасының, Энглер бойынша жабысқақтығының, Орс аппаратында газдың болуын анықтау. Энглер бойынша мұнай өнімдері және басқа сұйық заттарды шыңдау. Арнайы аспаптарда қарапайым лакбояғыш өнімдерді сынауды жүргізу. Вюртиц аппаратурасында (оттек тоғында) жоңқаларды өртеу жолымен көміртек көлемін анықтау. Көміртекті және төмен қоспалы болаттың химиялық талдауын жүргізу. Сұйық заттардың тығыздығын ареометрмен, сілтілі ортасын және тамшылау температурасын анықтау. Балқыту мен жанғыщ материалдардың басылу температурасы анықтау. Дәнекерлеу флюстар мен титрленген ерітінділерді дайындауға қатысу. Химия-техникалық таразыны пайдалана отырып, талдау жасалып отырған материал ішіндегі ылғалдың пайызын анықтау. Жезді негізде балқымалар құрамының химиялық талдауларын анықтау. Талдау үшін сұйық және қатты материалдардың орта сынамаларын дайындау. Шірне және сіңіру ерітінділерінің концетратын анықтау, құрғақ қалдық қалғанша құйып тастау. Ингредиенттерді елеу кезінде елеуіштегі қалдықты анықтау. Пластификатор дайындау, оны қатты балқыма ұнтағымен араластыру. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен зертханалық қондырғы жұмысын қадағалау, оның көрсеткіштерін жазып алу.

Білуге тиіс: қарапайым талдаулар өткізу әдістемесі; жалпы және аналитикалық химияның қарапайым негіздері; зертханалық жабдық, аппаратура және бақылау-өлшеу аспаптарының қызмет көрсету ережелері; талдау жасалып отырған заттағы қандай-да бір элементіне тән түстер; қышқылдар, сілті, индикатор және басқа да қолданылатын реактивтердің қасиеттері; орта сынамаларды дайындаудың ережелері.
§ 190. Химиялық талдау зертханашысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қабылданған әдістеме бойынша компоненттерді алдын-ала бөлмей, орташа күрделі талдаулар жүргізу. Талдау жасалып отырған материалдардағы заттардың болуын пайыздық түрде түрлі әдістерді қолдана отырып, анықтау. Пинкометрмен заттар мен материалдардың үлес салмағын, ерітілуін, жабысқақтығын, Рейд бойынша серпімділігін, индукционды кезеңін, талдау жасалып отырған өнімдердің қышқылдығы мен көкстенгіштігін, қараңғы бөлмедегі тұтану температурасын және мұнай мен мұнай өнімдерінің салқындауын анықтау. Күрделі емес титрлерді тексеру және орнату. Кен, хромды, никельді, хромоникельді болаттар, шойын мен қалайы балқымалары, металлургиялық процес өнімдері, отын мен минералды майлардың түрлі сынамаларының химиялық құрамына әр-түрлі талдаулар жүргізу. Мұнай және мұнай өнімдерінің ішінде күкірт пен хлоридтің болуын анықтау. Арнайы жабдықтарда күрделі талдаулар жүргізу және цемент пен лактыбояғыш өнімдердің физика-химиялық қасиеттерін анықтау. Талдау жасалып отырған материалдарды аналитикалық таразыларда өлшеу. Зертханалық жабдықты жөнге келтіру. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен қолда бар сызбалар бойынша зертханалық қондырғыларды жинау. Зертханалық қондырғылар жұмысын қадағалау және оның көрсеткіштерін жазу.

Білуге тиіс: жалпы және аналитикалық химияның негіздері; титрлерді орнату және тексеру тәсілдері; қолданылатын реактивтердің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар; орташа күрделі талдаулар жүргізу әдістемесі және қолданылатын реагенттердің қасиеттер; орындалатын талдаулар мен қызмет көрсету учаскесі бойынша тауар өнімдеріне қойылатын мемлекеттік стандарттар; аналитикалық таразылар, электролизді қондырғы, фотокалориметр, рефрактометр және басқа да осыларға ұқсас аспаптармен жұмыс істеу ережелері; сынамалардың және жүргізілетін талдаудың сапасына қойылатын талаптар; еру, сүзу, экстраттау және кристаллдау процестері; зертханалық жабдықты жөнге келтіру ережелері.
§ 191. Химиялық талдау зертханашысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орнатылған әдістеме бойынша тұздар, қышқылдар, тыңайтқыш, қалдықтар, көмекші материалдар, дайын өнім, мұнай мен мұнай өнімдері, беттік және бұрғылық сулар, концентраттар, реактивтер, ерітінділер және пульпа құрамдарының күрделі талдауларын жүргізу. Түрлі түрлі-түсті балқыма, ферробалқыма, жоғары қоспалы болаттардың химиялық құрамына әр-түрлі талдаулар жүргізу. Орнатылған әдістеме бойынша ниобий мен молибден, кобальт, вольфрам, никель және титанның негізінде балқымаларда негізгі қоспалауыш элементтерінің сандық түрде болуын анықтау. Күрделі титрлерді тексеру және орнату. Қышқылдардың нитраттығы мен қоюлығын анықтау. Ерітінді концентратынын деңгейі бойынша электртаразылы және елеуіш әдістерімен талдау орындау. Әсері күшті улар мен жарылғыш заттарды талдау. ВТИ аппараттарында, хроматограф және газфракционды аппараттарда толық талдау. Күрделі реактивтер құру олардың жарамдылығын тексеру. Берілген әдістеме бойынша зертханалық жағдайда синтезді жүргізу. Нитратты газдардың тотықтануын немесе аммиак конверсиясының деңгейін анықтау. Отынның жылу шығарғыш қабілетін анықтау. Талдау нәтижелерін есептеу және ресімдеу. Қолда бар схемалар бойынша зертханалық қондырғыларды жинау. Везерометр, тропикалық климат камерасы, Мегер аспабы және т.б. арнайы аспаптарда бұйымдарды бүркеу сынауларын жүргізу. Қарапайым және орташа күрделі арбитражды талдаулар жүргізу.

Білуге тиіс: аналитикалық және физикалық химияның жалпы негіздері; қолданылатын реактивтердің қасиеттері мен міндеттері; зертханалық қондырғыларды жинау ережелері; химикаттар массасы мен көлемін анықтау тәсілдері; күрделі титрленген ерітінділерді дайындау әдістері; тұнбаны аналитикалық таразыда өлшеу ережелері және талдау нәтижесі бойынша қажетті есептерді жүргізу; бақылау-өлшеу аспаптары және түрлі типті таразылармен жұмыс істеу ережелері; жүргізілетін талдауларға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; орындалған жұмыстарға техникалық құжаттаманы жүргізу ережелері.
§ 192. Химиялық талдау зертханашысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орнатылған әдістемелер бойынша аспаптар мен аппараттар қолдана отырып, никель, кобальт, титан және ниобий негіздеріндегі балқыманың аса күрделі талдауын жүргізу. Сирек, сирек жер және асыл металлдардың талдауын жүргізу. Радиоактивті элементтерді қолдана отырып, талдаулар жүргізу. Хромограмманың күрделі есебін қолданып, және электрондық сызба қолдануға негізделген әдіспен хроматографтың түрлі типтері мен құрылымын пайдалана отырып, жарылғыш органикалықзаттар қоспаларының талдауын жүргізу. Химиялық талдаулар үшін жаңа әдістемелер әзірлеуге қатысу. Атомды-абсорционды әдіспен талдаулар жүргізу. Арбитражды талдаулар жүргізу. Стандартты емес талдаулардың нәтижелерін метрологиялық бағалау. Тестілеуге ұсынылған әдістемелерді саралаудан өткізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөнге келтіру.

Білуге тиіс: қолданатын аспаптар және аппараттардың құрылымы және олармен пайдалану тәртібі; жалпы, аналитикалық және физикалық химияның негіздері; талдаудың физика-химиялық әдістері; талдау жүргізу әдістемесін таңдау және әзірлеу негіздері; асыл металлдарды анықтау және бөлу әдістері; радиоактивті элементтердің қасиеттері және олармен жұмыс істеу ережелері.

Арнайы орта білім қажет.


§ 193. Электракустикашы- зертханашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті электракустикашы зертханашының басшылық етуімен электрлік бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен магнитті таспалар мен ұнтақтардың импульсты немесе жеке электракустикалық және магниттік сынаулары.

Білуге тиіс: магнитті таспалар мен ұнтақтарды электракустикалық және магнитті сынауын бақылауға арналған қондырғылардың жұмыс істеу қағидасы; электр дабылының магнитті жазуының негізгі қағидалары; электр бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану шарттары және міндеттері.
§ 194. Электракустикашы- зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрлік бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен магнитті таспалар мен ұнтақтардың импульсты немесе жеке электракустикалық және магниттік сынаулары. Магнитті таспалардағы импульсты дабылдың қолдану жиілігін өлшеу және орнату. Анағұрлым жоғары білікті электракустикашы зертханашының басшылық етуімен магнитті таспалар мен ұнтақтардың электракустикалық және магниттік сынаулары.

Білуге тиіс: магнитті таспалар мен ұнтақтарды электракустикалық және магнитті сынауын бақылауға арналған қондырғылардың құрылымы; электр бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; магнитті таспалар және ұнтақтардың импульсты сынауын жүргізу әдістері мен ережелері.
§ 195. Электракустикашы- зертханашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрлік бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен магнитті таспалар мен ұнтақтардың импульсты немесе жеке электракустикалық және магниттік сынаулары. Кернеу шамасын, тоқ жиілігі мен күшін, амплитуда ұзақтығын және магнитті таспадағы саңылаулығын орнату және өлшеу. Эталонды және сыналып отырған таспадағы синусоидалды және импульсты дабылдарды жазу-қайта жасау. Нөлді қалибрлеу, орнату және электрлік бақылау-өлшеу аспаптарын реттеу. Қабылдаушы-тұтынушыға магнитті таспаның жеке типтерін қабылдауға ұсыну. Дайын өнімге паспорттарды ресімдеу.

Білуге тиіс: магнитті таспа және ұнтақтардың электракустикалық және магнитті талдауларын жүргізу үшін қондырғыларды күйге келтіру ережелері; элеткртехника, радиотехника, электракустика, электр және радио өлшемнің негіздері; электр дабылдарын магнитті жазуының физикалық негіздері; магнитті таспаларды дайындаудың технологиялық процесі; электракустикалық және магнитті сынаулардың әдістері.
§ 196. Электрмеханикалық сынаулар мен өлшеулердің зертханашысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынаудың қарапайым схемаларының сызбалары мен эскиздері бойынша жинау. Пластмасса, компаундтар, лакты таспа, сұйық диэлектрик үлгілерінің диэлектрлік сипаттамаларын бақылау өлшеулерін жүргізу. Электрэлементтердің оқшаулау сапасын тексеру. Олардың электрлік қасиеттерін аралық бақылаумен электрэлементтер мен диэлектрлердің ылғалдығына ұзақ климаттық сынаулар жүргізу. Түрлі температуралық жағдайларда созылу, соққылық созылымдылық, иілу және қысылуға сынау жүргізу жолымен қатты диэлектрлердің механикалық қасиеттерін анықтау, эталондармен салыстыру әдісімен тұрақты және ауыспалы тоқ аспаптарын тексеру. Амперметрлер мен вольтметрлерді тексеру үшін схемаларды жинау. Тұрақты тоқтың орнында кедергілерді өлшеу. Сынау және өлшеу үшін пластмасс, полиэтилен және фторопласт бұйымдары мен үлгілерін престеу үшін материалдарды дайындау. Электрэлементтерді лактармен, эмаль және басқа күрделі электроқшаулау құрамдармен(компаундтармен) оқшаулау. Автоклавтар мен барокамераларда өлшеу мен сынаулар бойынша жұмыстарды орындау. Аспаптар бойынша сұйық материалдардың созылымдылық деңгейін анықтау. Электрқозғаушының айналу жиілігінің омдық кедергісін өлшеу. Соленоидты тартпаның асинхронды қозғауышындағы орауышты сынау. Кернеу астында аз вольтты электрқозғаушының жұмысын тексеру.Орауыш оқшаулауының кедергісін мегометрмен сынау. Аспаптар бойынша қаттылықты анықтау. Оқшауланған электрэлементтердің бақылау сынаулары. Оқшаулаудың кедергісін, ыдысын өлшеу, оқшаулау материалдарын үзілуіне, іске қосылуының дұрыстығына, қысқаша тұйықталған орамының болмауына және т.б. тексеру. Сынауға арналған үлгілерді дайындау кезінде термостаттардағы температуралық режімдерін жүргізу. Ауыстыру кестелерінің көмегімен қаттылық мәнін бір шкаладан екіншіге ауыстыру. Сынау нәтижелерін журналға жазу.

Білуге тиіс: электртехникасының негізгі заңдары; электр қозғалтқыш, трансформаторлардың жұмыс істеу қағидасы және олардың сипаттамасы; бақылау- өлшеу аспаптарының міндеттері және қолдану шарттары; сынау кезінде өнеркәсіптік электрқондырғыларының көрсеткіштерін өлшеуге арналған қарапайым схемалар; аз вольтты электржабдығының қарапайым сынауларын жүзеге асыру ережелері; қолданылатын электроқшауланған лактар, клей және басқа да күрделі оқшаулау материалдарының негізгі компоненттерінің міндеттері; автоклав, барокамера, вакуум-сіңіру қондырғылары, гидравликалық престер және басқа да зертханалық-сынау жабдығымен жұмыс істеу ережелері; материалдарды механикалық сынау әдістемесі; үлгілерді қысылуы, иілуі, меншікті соққылық созылымдылық және жылу тұрақтылығын анықтауға арналған аспаптардың созылуына механикалық сынаулар үшін қондырғылар мен аспаптардың құрылымы; сыртқы магнитті немесе элктерстатикалық өрістерден қорғау тәсілдері бойынша апаптардың жіктелуі; электрөлшеу аспаптарын тексеру ережелері.

§ 197. Электрмеханикалық сынаулар мен өлшеулердің зертханашысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Оқшауланудың көлемді және бетті кедергісі, электрлік нақтылығы, диэлектрлік шығынның тангенс бұрышы, ыдыстардың есебі мен өлшеуін жүргізу. Тексеріліп отырған аспаптардың қателіктерін бағасалау, үлгілі аспапты таңдау. Жоғары вольттік қондырғыда беттестіру әдісімен киловольтметрді тексеру. Үлгілі орында тұрақты тоқтың қорабы мен дәнекерін тексеру. Потенциометрде пирометриялық милливольтметрлер мен өздігінен жазуды тексеру. Беттестіру ваттметрлерді тексеру үшін жинау. Лампалық вольтметрдің жиілік қателігін шешу. Сыналып отырған материалдар мен бұйымдардың беріктілік пен тұрақсыздығын, пропорциялы шегін анықтау. Қысу кезіндегі салыстырмалы қысқаруы мен созылу кезінде салыстырмалы ұзартылуын анықтау. Орташа күрделілігі бар монтажды электрсызбаларын әзірлеу. Қарапайым электронды түйіндерді түзеу және өңдеу. Қуаттылығы 40 кВ астам аз вольтты электр қозғауыштарды, қуаттылығы 560 кВ х А дейін, кернеулігі 10 кВ дейін күш трансформаторларын сынау.Электрқозғауышының орамдарын оқшаулануды сынау. Сынау объектілеріндегі ақаулықтарды анықтау және олардың алдын-алу. Орындалатын жұмыстар шеңберінде сынау жабдықтары, механизмдері және аспаптарының жөндеу жұмыстары.

Білуге тиіс: электр қозғауыштары, трансформаторлар және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; сынау әдістемелері бойынша мемлекеттік стандарттар, есептік формулар; оқшаулау материалдарының міндеттері туралы жалпы мәліметтер және олардың диэлектрлік қасиеттері; қолданылатын электррадиоөлшеу аспаптары мен жабдықтарының техникалық сипаттамасы және оларда өлшеудің техникасы; лак, эмальдар және басқа күрделі электроқшауланған материалдардың міндеттері мен негізгі қасиеттері; электртехникалық машиналар мен аспаптардың оқшаулау элементтеріне қойылатын техникалық талаптар және осы талаптарды қамтамасыз ететін технологиялық процестер; тексерілетін аспаптардың құрылымы; материалдардың механикалық қасиеттерін сынауға арналған аспаптар мен машиналардың жұмыс істеу қағидасы; термобу және басқа температура өлшеуге арналған аспаптармен жұмыс істеу ережелері; кептіру шкафтарымен жұмыс істеу ережелері; электрослесарлық іс; сынауға арналған трансформаторлар мен электр машиналарын орнату, жинау және бұзу кезіндегі жүйелік пен жұмыстарды қабылдау; жеке түйіндер мен механизмдерді сынау әдістемесі және сынау нәтижелерін жазу.
§ 198. Электрмеханикалық сынаулар мен өлшеулердің зертханашысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сыналған орташа күрделілігі бар электронды түйіндер мен күрделі электрмеханикалық аспаптарлы тапсыру, келтіру және тексеру. Түрлі климаттық жағдайларда аспаптардың негізгі параметрлерін тексеру. Орташа күрделі электронды түйіндерді түзеу. Жоғарывольтты электр жабдығын сынау. Трансформация сипаттамасы, орамның омдық кедергісін өлшеу. Жаңа оқшаулау материалдарын сынау. Вакуумды камералар, автоклавтар және престеу жабдығын реттеу және жөнге келтіру. Өлшеу мен сынау нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы құру. Оқшаулау материалдардың барлық күрделі диэлектрлік сипаттамасының өлшемі мен есебін жүргізу және жоғары ылғалдылық, жоғары және төмен температура, төмен қысым жағдайларында оқшаулау материалдарын ұзақ сынауын жүргізу. Күрделі оқшаулау материалдардың полимерлеу процестерін электр әдістерімен зерттеу. Өздігінен жазу аспаптарының көрсеткіштерін өңдеу. Аспаптар шкаласының көрсеткіштерін сызу. Нақтылықтың жоғары класстық аппаратурасын реттеу және жөнге келтіру. Стандартты емес және электр схемаларын жөнге келтіру, градуирлеу және жинау. Нақтылықтың жоғары класстық аспаптары мен жоғары жиілікті аспаптарды тексеру. Генераторлар қоғауыштарын жүктеме астында, асинхронды машиналарды өңдегіш бойынша, тұрақты тоқ машиналарын вольтты қосқыш машиналармен және оларсыз өзара жүктеме әдісімен зерттеу және дайындау. Ірі майлы ажыратқыштарды сынау. Сынау процесінде электржабдықтары бойынша зөндеу және монтажды жұмыстарын орындау. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен қуаттылығы 560кВ х А дан астам және кернеулігі 10кВ астам күш трансформаторлары мен жоғары вольтты жабдықтарды сынау.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктің күшті, әлсіз тоқтарының радиотехника және электртехниканың негізгі заңдары; сынау станциясы немесе зертханасының күрделі учаскесінің толық электрлік схемасы; күрделі электрлік өлшеу аспаптарын қосу әдістері мен құрылымы; өнеркәсіптік қондырғыларды сынау үшін өлшеу схемалары; машиналар мен аспаптарды сынау кезіндегі ақаулықтарды анықтау әдістері және олардың алдын-алу;электронды лампалар режімін таңдау ережелері; жұмыста қолданылатын электр және радиоөлшегіш аспаптары мен аппаратурасының техникалық сипаттамасы; материалдардың механикалық қасиеттерін сынауға арналған машиналары мен аспаптардың құрылым; қолданылатын оқшаулау материалдарының негізгі диэлектрлік қасиеттері; диэлектрлік сынаулар әдістемесі бойынша техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; жоғары және төмен температуралар кезіндегі механикалық сынау әдістері және машиналар мен аппаратураларды тексеру, түзеу және реттеу тәсілдері.
§ 199. Электрмеханикалық сынаулар мен өлшеулердің зертханашысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электржабдығыны мен күрделі құрылымды электраппаратурасының күрделі сынаулар сызбаларын жинау. Күрделі электр машиналарының аспаптары бойынша техникалық сипаттамаларды алу, жұмысын тексеру және сынау. Тұрақты тоқ қозғауыштары мен генераторлары, қуаттылығы 560 кВ х А астам және кернеулігі 10кВ астам күш трансформаторлары мен жоғарывольтты жабдықтарды сынау. Трансформация коэффициентін, орамның омдық кедергісін, оның ылғалдылық деңгейінің алдына шығатын оқшаулау сипаттамасын, диэлектрлік шығын бұрышын өлшеу. Жүктеме астында керуді реттеумен трансформаторлар кернеуін қайта қосу ережелері. Импульсты кернеулікпен жабдықты сынау. Электронды аппаратураның түйіндерін тексеру және сынау. Сынау кезіндегі аппаратура мен жабдықтың жөндеуі, жинауы бойынша жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: электртехника, электрмеханика және электроника негіздері; өлшеу және күш тансформаторлары, ауыспалы және тұрақты тоқ электр қозғауыштары және күрделі генераторлардың құрылымы; сынау станциясы немесе зертханасының толық электрлік сызбасы; Сынауға арналған аса күрделі өнеркәсіптік қондырғылардың өлшеу сызбалары.

Арнайы орта білім қажет.


§ 200. Жүкшығыршы жұмысшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаттылығы 100кВт электрқозғауыштарының жетегімен жүкұстау құралдарын қолдану арқылы жүкті алмастыру бойынша барабанды жүкшығырлардың қызмет көрсетуі және басқару. Қанаттар мен арқандар қозғалысының жылдамдығын реттеу. Барабандар, тежеуіштер және тегершіктерді тексеру. Сақтандырма дабылдарын беру. Түрлі түйіндермен арқанды байлау және тұтастыру. Механизмдердің ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау және майлау.

Білуге тиіс: барабанды жүкшығыр құрылымы; жүкті алмастыру кезінде қолданылатын ұстау құрылғылары мен құралдарының түрлері; шартты дабылнама; жүкшығыр жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдістері және олардың алдын-алу.
§ 201. Жүкшығыршы жұмысшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүкұстау құралдарын қолдану арқылы жүктерді алмастыру бойынша арнайы ағаштиеу фермаларымен жабдықталған жылжымалы қондырғылар және ішкі жану қозғауыштарынан, қуаттылығы 100 кВт астам электрқоғауыштарынан жетегімен барабанды жүкшығырларды басқару және қызмет көрсетуі. Көмір және тақта тастық шахталар мен кесіктерінде қанатты-аспалы жолдардың жүкшығырларын басқару және қызмет көрсетуі. Қанаттар мен арқандар қозғалысының жылдамдығын реттеу. Барабандар, тегершіктер және тежеуіштерді тексеру. Барабанды жүкшығырды жөнге келтіру.

Білуге тиіс: түрлі типті жүкшығырдың құрылымы; ұстау құрылғылары мен құралдарының типтері; жүкшығыр жұмысындағы ақаулықтарды анықтау әдістері және олардың алдын-алу.

Ескертпе. Қара металлургия өндірісіндегі коксхимиялық кәсіпорындарында "Жүкшығыршы жұмысшы" кәсібін "Жүкшығыршы жұмысшы (кабестанщик)" деп атау.
§ 202. Лифтер

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Лифттерді басқару және оның дұрыс жұмыс істеуін бақылау. Лифті іске қосарда қосымша телефонның және авариялық сигнал беру жұмыстарын, жарықтық және дыбыстық сигнал беру дұрыстығын, «Тоқта» кнопкасын, барлық аялдама орындарындағы автоматты бекітілуді тексеру. Лифтің пайдалануын бақылау. Жолаушыларды немесе жүктерді шығарып салу кезінде және жолаушылардың немесе жүктерді артқанда және түсіргенде төмен түсуін бақылау. Нақтылы жүк көтемділігін бақылау. Лифтің ақауын табу кезінде оны тақтату, майда ақауларын жою немесе кезекші электр механикке хабарлау. Лифт кабиналарындағы, барлық аялдама пункттеріндегі аббаттардағы алаңқайларды таза ұстау. Ауысым кезіндегі абылдау және өткізу туралы журнал толтырып отыру.

Білуі тиіс: лифтің құрылысын және пайдалану ережесін; қаупсіздік құралдарын белгілеу және орналасуын; есік және жасырын контактілер, ұстағыштар, конусты сөндіргіштерді; басқару аппратындағы сигналды белгілеу, лифтті жолаушыларға немесе жүкке пайдаланудың типтік ережесі мен нұсқаулықтарын; нақтылы жүк көтергіштігін; лифті іске қосу ережесін.
§ 203. Таңбашы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі жүктерді, заттарды, деталдарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдедерді таңбалау, буып-туйілген зат түрінде желімдеу, штемпельдеу, пломбалау, этикеткаларды желімдеу, биркаларды қолмен немесе арнаулы таңбалаушы станокты, прессаны және автоматтарды қолданып ілу. Заттың, ыдыстың жоғары бетіне белгілі бір бояуда қолмен, трафаретпен, пистолеттің және бүріккіш құралдың көмегімен жазылып таңбаланған биркаларды келтіру; таңбаланған жазуларды кептіру немесе лакпен жабындау жолымен бекіту. Өнімдерді таңбалау үшін трафареттер, темір белгілер жасау; этикеткаларды және бандеролдарға адрестер мен басқа да жазуларды енгізуді штампельдеу. Ойын – сауық көрсететін орындарға қатысуға билеттер дайындау үшін қол штампасын жасау. Бояулар және желімдеу құрамын дайындау, желімдерді іріктеп алу және олардың жарамдылығын анықтау. Желімдеудің сапасын тексеру және ақауды жөндеу. Трафареттерді жуу және тазалау. Таңбалаушы станоктар мен пресстерді реттеу және жөндеу. Өнімдерді таңбалауға құжаттарды дайындау.

Білуі тиіс: өнімдерді таңбалаудың мемлекеттік стандарттары мен техникалық жағдайын; таңбалаудың әдістері мен ережесін, шифры мен шартты белгілерін; жазу үшін шрифтын; краска мен желімдеу құрамдарын жасау әдістерін; таңбалау үшін қолданылатын тетіктер мен жабдықтар жұмыстарының принциптерін және құрылғысын; таңбалауға тиісті өнімдердің номенклатурасын, түрін, сортын, маркасын, салмағын және өлшемін; белгі қою құрал-саймандарын белгілеу; желімдеудің жағылу ақауының себептерін және оны жою әдістерін; өнімдерді таңбалауға құжаттар дайындау тәртібін.

§ 204. Құтқарушы-матрос

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Құтқарушы постқа кезекшілікке тұру, су апатына ұшыраған адамдарға тез арада көмек көрсету. Көмек көрсетуге жүзу құралдары мен құтқару инвентарларының дайындығын қамтамасыз ету. Кезекшілікті қабылдау және тапсыру, вахта журналын және бақытсыз оқиғалар актісі кітабын жүргізу.

Білуі тиіс: суға батышуға жақындау тәсілдерін, оны судан шығару, тұншығудан босату, буксирлеу тәсілін және алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету; құтқару құралдарын пайдалану ережесін, құтқару шлюпкасын басқару, аквалангы қолдану принциптерін.

жүктеу 5,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау