Қазақстан Республикасы


§ 109. Былғары және үлбір – тері шикізатты консервілеуші



жүктеу 5,08 Mb.
бет8/27
Дата14.11.2017
өлшемі5,08 Mb.
#160
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
§ 109. Былғары және үлбір – тері шикізатты консервілеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес былғары және үлбір-тері шикізатты өңдеу. Теріні зақымдай құлақтардан балшықтарды, үймелерді, шеміршектерді, құйрықтардан сүйекті, тері асты қабығын, шелмай мен ет кескіндерін айыру. Шаштағы майды ағаш үгінділерімен, еріткіш заттармен және өзге де материалдармен тазарту. Шикізатты консервілеу. Жайылмаған терілерді суға салып жұмсарту және оларды тиісті қалыпқа келтіру.

Білуі тиіс: шикізаттың алғашқы өңделуін; былғары және үлбір – тері шикізатқа мемелекеттік стандарттарды және техникалық шарттарды; малдәрігерлік ережелер мен былғары және үлбір тері шикізаттын алғаш рет өңдеу кезіндегі жке гигиена ережелерін. Терілерді керу, кептіру және олардың үзілген жерлерін қаптау жұмыстарын атқарғанда - 4 разряд.
§ 110. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қысқа және ұзақ сақтау уақытына бөлшектерді, бұйымдарды, жекелеген түйіндерді, құралды және басқа ұқсастай өз өнімді сырттай консервациялық және консервациялардан алу. Ұстаумен және ұстаусыз қыздырылған май ванналарында қолмен дайын өнімді әртүрлі тәсілдермен тазалау, жуу және майлау. Бояу, сіңдіру. Ыдысты дайындау және бөлшектерді, бұйымдарды, машинамен құралдық жекелеген түйіндерін орау. Оларды сақтау жеріне тасу. Қарапайым көтеру тасу механизмдерін пайдалану.

Білуге тиіс: Консервацияның және консервациясын алудың белгіленуі және түрлері; Консервацияға түсетін бөлшектердің, бұйымдардың, жаттық пен құралдың жекелеген түйіндерінің атауы; коррозия түрлері; бөлшектерді, бұйымдарды, жабдықтың жекелеген бөлшектерін тазалау жуу және дайындау үшін қолданылатын материалдармен химиялық ерітінділер; қондырғылардың, стенділердің және консервациялау кезінде қолданылатын арнайы жабдықтың белгіленуі туралы негізгі мәліметтер; антикоррозиялық материалдардың негізгі қасиеттері, маркалары және атаулары; консервациялаудың технологиялық процесі; антикоррозиялық өңдеу режимдері; дайын өнімді салу және оралу тәртібі; орындалған жұмысқа құжаттама ресімдеу; қарапайым бақылау өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары; қарапайым көтеру механизміндерін басқару ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Агрегаттар және авиақозғалтқыштар – шаң мен ластан сырттай тазалау.

2. Құрал - консервациялау және консервациядан алу.

3. Болат табақтар - майлау.

4. Отын жүйесінің түтіктері - консервациялау.
§ 111. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұзақ және қысқа уақытқа машиналарды станоктарды қозғалыстарды және аппаратураны сырттай консервациялау және консервациядан алу. Консервациялау үшін майлау материалын дайындау. Жабдық пен бұйымдарды тазалау, жуу, майлау, бояу, сіңдіру және орау. Машиналарды, станоктарды, агрегаттарды және авиа-қозғалтқыштарды және басқа жабдықты орау. Май қыздыратын және көтеру- тасу механизмдерін басқару.

Білуге тиіс: машиналарды, станоктарды, агрегаттарды және авиа-қозғалтқыштарды және басқа жабдықты сыртқы консервациялау және консервациядан алудың түрлері мен белгіленуі және олардың конструкциялық деректері; коррозияның пайда болу себептері және онымен күресу әдістері; орау мен консервациялау үшін қолданылатын материалдар; консервациялау және консервациядан алу үшін қолданылатын майлар мен майлау материалдарының маркалары мен атауы; аспаптарды, құрылғыларды, жабдықтарды пайдалану ережесі; қарапайым бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; консервациялануға жататын агрегаттардың, түйінлердің, бөлшектердің, машиналардың, станоктар мен қозғалтқыштардың атауы мен белгіленуі.

Жұмыс үлгілері

1. Авиақозғалтқыштар - сырттай консервация және орау.

2. Бензо- және майсорғылар - консервация.

3. Әуе компрессорлары – сыртай консервация және консервациядан алу.

4. Редукторлер – майларды айдау.

5. Цилиндрлар, поршеньдер, бас шатунның тығындары -консервациядау алу.


§ 112. Жабдық пен металл бұйымдарын консервілеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұзақ уақыт сақтауға машиналарды, станоктарды, аппараттарды, агрегаттарды, авиациялық және басқа ауырлық қозғалтқыштарды ішінара бөлшектеумен, жинаумен және жиынтықтаумен сыртқы және ішкі консервациялау және консервациядан алу. Аппараттар мен жабдықтарды арнайы камерада ыстық ауамен кептіру және ыстық маймен тербету. Авиақозғалтқышты және басқа жабдықты қажетті агрегаттармен және қосалқы бөлшектермен жиынтықтау және қабықты тысқа орау. Қозғалтқыштарды консервациялауға арналған арнайы камералар мен құрылғыларды басқару. Қызмет көрсететін жабдықты және құралды ағымдағы жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: консервациялаудың белгіленуі және түрлері; машиналарды, станоктарды және аппаратураны консервациялауға, консервациядан алуға және қайта консервациялауға тазалау, шаю және дайындау үшін қолданылатын материалдар мен химиялық ерітінділер; коррозияның түрлері және антикоррозиялық жабындар; авиақозғалтқыштың құрылымында қолданылатын негізгі металдар, қорытпалар мен металл емес материалдар, және олардың қасиеттері; консервациялау бойынша жұмыстар орындауға техникалық құжаттаманы ресімдеу.

Жұмыс үлгілері

1. Авиақозғалтқыштар - консервациялау және консервациядан алу.

2. Авиақозғалтқыштар – ыстық маймен айдау.

3. Әуе компрессорлары – ішкі консервациялау.


§ 113. Қазандық тазартушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті қазандық тазартушының басшылығымен қолмен қазан тазарту құралын пайдаланумен қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Қазандардың беттерін және құбырларды тазалаудан кейін үрлеу және шаю. Қарапайым қазан тазарту құралын жинау, тазалау және құрастыру.

Білуге тиіс: қазандарды қыздыру беттерінің атауымен орналасуы; қазандарды қыздыру беттерін тазалау кезінде қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі; қазандарды қыздыру беттерін тазалау ережесі; қолмен қазан тазалау құралын жипау, тазалау және құрау тәсілдері; жеке қорғану құралдарын және өртке қарсы заттарды пайдалану тәртібі.
§ 114. Қазандық тазартушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен су қайнататын қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Барлық түрлі қазандардың отындарын электр сүзгілерімен бункерлерін тазалау. Бөлшек ағысты қондырғыларға қызмет көрсету. Қазан тазалау құралын ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін қазан агрегаттардың қысқаша сипаттамасы; қолданылатын қазан тазалау құралының құрылысы; қазандардың және көмекші жабдықтың қыздыру беттерінің ішкі және сыртқы тазалау тәсілдері; қазан тазалау құралын ағымдағы жөндеу ережесі; арнайы киімді және арнайы қорғану құралдарының тәртібі.
§ 115. Қазандық тазартушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен ыстық құбұрлық және көлденең су құбырлық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Су жылытатындардан басқа қазандардың сыртқы қыздыру беттерін, түтікті ауа жылытқыштарды, циклондарды, скрубберлерді, коллекторларды, гидрокүл алу арналарын, айналатын механизмдерді тазалау. Оттықтағы температураны өлшеулермен барлық түрлі қазандардың жаңарғылардың оттықтарының қождарын алу. Тұнбалар дайындау және оларды бункерлерге немесе тиісті ыдыстарға салу. Бөлшекті ауыстыру және қалпына келтіру. Қажетті концентрациялы сілті ерітінділерін дайындау. Ормандар мен төсемдердің құрылысы.

Білуге тиіс: қыздыру беттерінің ластану сипаты және олардың қазан агрегаттардың жұмысына әсері; қыздыру беттерінің ластану деңгейіне және конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты құралды таңдау ережесі; бөлшекті ауыстыру және қалпына келтіру; химиялық тұнбалардың белгіленуі; сілті ерітінділерін дайындау тәсілдері; жұмыс өндірістері үшін орман мен төсем құрылысының ережесі.
§ 116. Қазандық тазартушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен тік су құбырлық және газ құбырлық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Регенеративті ауа қыздырғыштарды, экономайзерлерді, түтіктік кондерсаторларды, барлық түрлі қазандардың ауабужылытқыштарымен суытқаштарын тазалау. Анағұрлым жоғары білікті қазандық тазартушының басшылығымен турбиналарды тазалау. Қазан тазалау жұмыстарының барлық түрлерінің сапасын бақылау. Тазаланған жабдықты дайындау және тапсыру. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысы туралы техникалық құжаттама жүргізу.

Білуге тиіс: қазанагрегаттардың және жылу айырбас жабдығының құрылысы; қазан тазалау жұмыстарының технологиялық реттілігі, негізгі түрлері; қазан тазалау жұмыстарының сапасын бақылау әдістері; қазан тазалау құралын жөндеу тәсілдері; қызмет көрсететін жабдықтың жұмысы туралы техникалық құжаттама жүргізу ережесі.
§ 117. Қазандық тазартушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын пайдаланумен барабандық қазанның сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Турбиналарды, барлық түрлі қазандарды қыздыру беттерінің экрандық бу қыздырғыштарын тазалау. Қазан агрегаттардың және жылу айырбастағыштардың қызу беттерінің ластанушылық күйәі бойынша жұмыстар көлемін анықтау. Шығатын газдардың температурасының өзгеруіне, газ тракті учаскелерінің кедергісіне, салқын ауаның температурасына байланысты техникалық құралдарының тиімді әсері мен жұмысқа уақытында қосылуын бақылау. Қазан тазалау құралын, қолданылатын құрылғыларды және механизмдерді жөндеу. Орындалған жұмыстарға акт толтыру.

Білуге тиіс: Барлық түрбиналық қондырғылармен қазандардың құрылымы және сипаттамалары; күйі бойынша жұмыстар көлемін анықтау әдістері; кешенді тазалау техникалық құралдың белгіленуі қазан тазарту құралын, қолданылатын құрылғыларды және механизмдерді жөндеу ережесі. Орындалған жұмыстарға актілер толтыру ережесі.
§ 118. Қазандық тазартушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазарту құралын және жабдықты пайдаланумен тік тура ағыстық қазандардың, қазан-утелизаторлардың, газ қондырғыларының сыртқы және ішкі беттерін күюден, қождан, күлден тазалау. Мембраналық ширмалық консективті буқыздырғыштарды, экрандардың тік және көлденең түтіктік панельдерін тазалау. Қазанагрегаттардың қызу беттерін тазалаудың үйлесімді режимін және технологиялық жүйеліліктің тиімді тәсілін анықтау. Әр түрлі жылу айырбастау жабдығының және барлық үлгілі қазанагрегаттардың қызу беттерін химиялық тазалау. Қызу беттерін кешенді тазалаудың техникалық құралдарын реттеу және жөндеу. Бригадаға басшылық ету және қазан тазалау барлық жұмыстардың сапасын бақылау.

Білуге тиіс: жылу техникасы мен жылу механиканың негіздері; қызу беттерін тазалаудың үйлесімді режимін анықтау тәсілдері; жылу энергетикалық жабдықтың қызу беттерін химиялық тазалаудың ерекшеліктері; қызу беттерін кешенді тазалаудың техникалық құралдарын реттеу және жөндеу ережесі; қазан тазалау жұмыстары туралы техникалық құжаттама, сызбалары мен нұсқаулық.
§ 119. Технологиялық пештердің от жағушысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кептіру барабандарының, күйдіру, муфельді және басқа технологиялық пештердің әр түрлі оттықтарында қатты, сұйық және газ тәрізді отын өртеу процесін жүргізу. Шұжықтар мен шошқа етін ыстау және қуыру бойынша екі қабатқа дейін биіктікпен камераларға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықта жану, үрлеу процесін және температуралық режимді реттеу. Отын мен жабдықты жұмысқа дайындау: оттықты қож бен күлден тазалау, форсункаларды, мазутсүзгілерді тазалау, оттық масақтарын қалаудың дұрыстығын, шиберлердің күйі мен жұмысын, ұшқынұстағыш құрылғылардың ақаусыздығын, форсункалардың, желдеткіштердің, реттеуші және бақылау - өлшеу аппаратурасының күйін тексеру. Оттықтың жұмыс режимін таңдау. Оттықтардың, сорғылардың, қозғалтқыштардың, газ коммуникациясының, ауаағарлардың, эксгаустерлердің жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: әр түрлі технологиялық пештердің оттықтарыны, желдеткіштердің, сорғылардың, қозғалтқыштардың, эксгаустерлердің, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; жабдықты тиімді пайдалану әдістері; отынның жылу шығаратын қабілеті; отынның жануын реттеу ережесі және қалыпты технологиялық режимі.
§ 120. Технологиялық пештердің от жағушысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп қалыңдықты және содалы пештердің қатты, сұйық және газ тәрізді оттықтарында өртеу процесін жүргізу. Шұжықтар мен шошқа етін ыстау және қуыру бойынша екі қабаттан артық биіктікпен камераларға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықта жану, үрлеу процесін және температуралық режимді реттеу. Отын мен жабдықты жұмысқа дайындау: оттықты қож бен күлден тазалау, форсункаларды, мазутсүзгілерді тазалау, оттық масақтарын қалаудың дұрыстығын, шиберлердің күйі мен жұмысын, ұшқынұстағыш құрылғылардың ақаусыздығын, форсункалардың, желдеткіштердің, реттеуші және бақылау - өлшеу аппаратурасының күйін тексеру. Оттықтың жұмыс режимін таңдау. Оттықтардың, газ коммуникациясының, ауаағарлардың жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдағы жөндеу.

Білуге тиіс: көп қалыңдықты және содалы пештердің, желдеткіштердің, ауаағарлардың, бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; жабдықты тиімді пайдалану әдістері; отынның жылу шығаратын қабілеті; отынның жануын реттеу ережесі және қалыпты технологиялық режимі.
§ 121. Жылқышы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аттарды, қашырларды, атан өгіздерді және өзге де жүк тартатын малды күту. Атқораларды жинау және зарасыздандыру. Малды азықтандыру, суару және тазарту. Малды жолға шығуға дайындау, ат жегу, аттарды доғарту. Ат жұмыс алдында арбакештер мен жылқы айдаушыларға тапсыру және жұмыстан кейін олардан қабылдау. Көктемгі- жазғы мезгілде жүк тартатын малды бағу. Ат қораларды жинау, қи шығару.

Білуі тиіс: жүк тартатын малды күту тәртібін; малды жегу және доғарту әдістерін; аттарды қайта тағалау мезгілін; әбзел заттарын зақымданудан сақтау және оларды ұстау әдістерін.
§ 122. Жылқышы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Азық дайындау және малды азықтандыру мен суару режимін белгілеу. Малдарды малдәрігерлік тексерулерге және емдеуге қатысу. Мал ауырғанда алғашқы көмек көрсету және мал дәрігерінің нұсқауы бойынша мал азығының рационын құрастыру. Жемшөпті қабылдау, беру және есепке алу. Ж.үк тартатын малдың жұмысын есепке алу. Қайыс бұйымдарды және әбзел заттарын сақтау және жөндеу, атқораны жинау, қи шығару.

Білуі тиіс: Малды азықтандыру рацион және мал ағығының түрлерін; малдәрігерлік минимумды; азықты механизмдер арқылы дайындау мен жеткізу әдістерін: жемді, құралдарды, әбзелді және жүк жетектейтін малдың жұмысын есепке алады.
§ 123. Кубшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бөшкелерге су толтыру және электр желісіне қосу. Судың қайнауын бақылау және бөшкелерді уақытында электр желісінен ажырату. Тұрып қалған суды төгіп отыру. Бөшкелердің зақымданғаны анықталғанда электрмонтерді немесе слесарді шақыру. Су қайнатуға арналған ашық су қазандықтарына қызмет көрсету. Санитария және гигиена ережелерін ұстану.

Білуі тиіс: пайдаланудағы құрал-жабдықтың құрылғысын және қолдану ережелерін; отын түрлерін және олардың жылыту күшін.
§ 124. Курьер

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары тұрған қызметкердің нұсқауы бойынша іс қағаздары, пакеттерді, хаттарды, кітаптарды және т.б. тиісті орынға жеткізу және оларды өзге мекемелерден қабылдап алып келу. Жіберілетін және алынатын іс қағаздарды тарату кітабына жазу. Жұмыскерді қызметтің немесе бөлімшенің басшыларына шығарып салу.
§ 125. Ат айдаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жолда адам тасымалдауға арналған жеңіл арбаға жегілген атты айдау. Атты әбзелдеу және доғару. Жолда аттарды күту, азықтандыру, суару. Қызмет көрсететін экипажын және әбзелді таза және дұрыс күйде ұстау, оларды тазалау, жуу, майлау, шамамен жөндеу.

Білуі тиіс: аттармен айналысу және күту ережелерін; малдәрігерлік минимум, жол жүру ережелерін және көшелердің орналасуын.
§ 126. Зертханашы-кристаллооптик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Криолитті қатынасқа электролитті талдау. Лейкацитарлы машинкада дәлдік есеппен глиноземнің фазалық құрамын, талдалып отырған заттардың құрылымы мен бокситтің минералогиялық құрамын анықтау. Елеуіш тесігінің көлемін анықтау. Жұқа тегістеуіштерді дайындау. Көру шегіндегі қарқынды жарықтандыру кезінде дәндерді микроскоп астында көзбен шолу арқылы санау. Сынамаларды алу және қорытынды талдауларды жүзеге асыру. Талдау нәтижесін журналға жазу.

Білуге тиіс: кристаллооптика мен физикалық химияның негіздері; кристаллооптикалық талдаулар жүргізудің әдістері және техникалық шарттары; электролит, глинозем, боксит, криолит, хлорлы қальций, фторлы қалайы, қолданатын тұздар, реактивтер және қышқылдардың негізгі қасиеттері; реактивтер және қышқылдарды қолдану ережелері және тегістеуіш дайындау ережелері; микроскоптар, тегістеуіш станоктар, тигельді пештер, кептіргіш шкафтар, электрқұрылғылар, саралау және техникалық таразының құрылымын; талдау жүргізудің дұрыстығын бақылаудың әдістері; платиналы ыдысты қолданудың және саралау мен техникалық таразылармен өлшеудің ережелері; жүргізілген талдаулардың жазылу тәртібі.
§ 127. Зертханашы-кристаллооптик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркалы арнайы глиноземдердің фазалық және түйіршікті метрлік құрамын иммерсионды әдіспен анықтау. Тәрпілі өңдеу өнімдерінің түйіршікті метрлік және минералогиялық құрамын анықтау. Дисперсионды минералогиялық (сандық және сапалық) және құрылымдық талдаулар жүргізу. Байытатын және металлургиялық өндірістің түрлі минералдарынан сапалы лифтер мен жылтыратқыш дайындау. Түрлі марка және корундты глинозем алу процесінде зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында стандартты емес жиынтық талдаулар орындау. Глиноземді өндірісте кальцинаттау пештерінің және тәрпілі өңдеу өндірісінде себу, уату, гидроклассификаттау, седименттаудың технологиялық циклының жұмыс режімін өтеу. Талдаулар нәтижелерін журналға жазу.

Білуге тиіс: минералогия негіздері; глинозем өндірісінде, сондай-ақ байытатын және металлургиялық өндірістің өнімдерінің минералогиялық және құрылымдық талдауларын жүргізудің әдістемесі және техникалық шарттары; өндірістің технологиясы және зерттеліп отырған өнімдердің негізгі қасиеттері; тегістеуші және жылтыратқыш станоктардың құрылымы және жұмыс істеу қағидасы; тегістеуіш пен жылтыратқыш дайындаудың техникасы, минералдар дәндерін өлшеу, иммерсиондық сұйықтардың құрамы және жинау ережелері; минералдар бойынша, сондай-ақ минералдар өсімдері мен бос дәндердің арасындағы құнды компоненттерді үлестіруін анықтау әдістері; зерттеу нәтижелерін өңдеу және жүйелеу кезіндегі техникалық талаптар.
§ 128. Шыны бұйымдарды жасанды тоздырту зертханасының зертханашысы.

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тозу электрлі пештерінде шыны бұйымдарын (техникалық, химиялық, байланысқан метеорологиялық термометрлер және т.б.) жасанды тоздыртудың процесін жүргізу. Бұйымдарды электр пештеріне тиеу. Шыны маркасы және термометр құрылымына байланысты құралдардың көрсеткіштері бойынша пештердің температуралық режімін реттеу.

Білуге тиіс: электр пешінің жұмыс істеу қағидасы; тозудың температуралық режімі; температуралық тербелісінің озу сапасына ықпал етуі; орындалған жұмыстың шеңберінде электр техникасының қарапайым негіздері; өндірісте қолданатын шыныдан жасалған құралдар шынысының негізгі маркалары.
§ 129. Зертханашы- металлограф

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалайы, магний және жезді негіздерде балқыма, шойын және көміртектік болаттың арнайы қорытпалардың металлографиялық талдауы. Арнайы балқыма үлгілерін металлографиялық сынауға дайындау. Сілтілі және қышқылды ерітінділерде үлгілерді өңдеу. Эталондар бойынша ақаулар мен металлдардың негізгі құрылымдық бөліктерін анықтау. Виккерс, Бриннель және Роквелл құралдарында бақылау термоөңдірілген үлгілерінің қаттылығын тексеру. Дәндердің көлемі және көміртексіздендірілген қабатының тереңдігін анықтау. Магнитті металлография әдісімен аустенитті және аустенит-феритті болаттардың альфа-фазаларын анықтау.

Білуге тиіс: макро-және микротегістеуігштерді дайындау; қаттылықтың ауыстыру кестелері; үстелді металлографиялық микроскоптардың құрылымы және оларды күтудің ережелері; қаттылықты анықтау үшін Роквелл, Бриннель және Виккерс құралдарының құрылымы; зертаханалық электр пештері мен ванналарда жұмыс істеу ережелері; макро-және микротегістеуіштерді өңдеу үшін қолданылатын негізгі реактивтер; металлографияның қарапайым негіздері; теміркөміртекті балқыма күйінің диаграммасы; саралау таразысының құрылымы, оларды күту және жұмыс істеу ережелері.
§ 130. Зертханашы- металлограф

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі-түсті және қара металлдар сынамалары және қоспаланған болаттың макро-және микроқұрылымының металлографиялық құрылымдық және сандық талдауы. Макро-және микротегістеуіштер дайындау, оларды маркалау. Металл емес қосылулары бар металлдың ластану дәрежесін орнату. Техникалық стандарттар және техникалық шарттары орнатқан эталондар мен баллдарға сәйкес сынықтар мен макро-және микроқұрылым бойынша болаттың ақауларын жіктеу. Балқымадағы қою газ қабатының тереңдігін бақылау. Штамптау, ию, қақтау және балқыту кезінде оптикалық пирометрмен температураны бақылау. Кристалларалық коррозияға бейімділігін тексеру үшін сынау жүргізу. Тікелей бұйымдарда дайындалған орындарды өңдеу кезінде ақаулардың сипаты мен өлшемін орнату. Фототүсілірім және құрылымдарды зерттеу үшін микроскоптарды келтіру. Макро-және микроқұрылымдарды фотоға түсіру. Беріктік дәрежесін анықтау үшін пештерде бөлшектер мен үлгілерді термоөңдеу.

Білуге тиіс: болат маркасы және олардың химиялық құрамы; түрлі металлдар мен балқымалардың металлографиялық талдау әдістемесі және оларды жүргізу технологиясы; сыналатын металлдарға мемлекеттік стандарттар; металлографиялық микроскоптар, оптикалық пирометрлер, фотоаппараттар, бинокулярлы лупалар, бақылау-өлшеуіш аспаптырының құрылымы, оларды келтіру және оларды күту ережелері; амперметр, вольметр және гальванометрдің жұмыс істеу қағидасы; қоспаланған болаттардың типті макро-және микроқұрылымдарының сипаттамасы; дән өлшемін анықтау; термоөңдеудің негізгі түрлері; механикалық сынау нәтижелері бойынша болаттың беріктігінің сипаттамасы; металл құрылымы мен термоөңдеу арасындағы өзара байланыс; илем, пісірілген қоспалар, штампталған дайындамалар, шыңдау, құю және болат ақауларының түрлері.
§ 131. Зертханашы- металлограф

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі-түсті металл балқымасынан, сондай-ақ жоғары қоспалы және арнайы болаттың макро-және микроқұрылымының металлографиялық құрылымдық және сандық талдауы. Тәжірибелік жұмыстардың негізінде металлдар мен балқымалардың термиялық және химия-термиялық өңдеудің режімін құру. Металлдар мен балқымалардың термиялық және химия-термиялық өңдеуі бойынша ақаулардың себептерін, металлдық құрылымның сынуының себептерін талдау және олар бойынша қорытынды шығару. Болаттың аспаптық және жоғары қоспалы балқымасының қорытпасын бақылау. Болаттың шынықтырылу тереңдігін және оның шығарылу кезіндегі сынғыштыққа бейімділігін зертханалық әдістермен анықтау. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және жүйелеу. Бақылау арбитражды талдаулар жүргізу.

Білуге тиіс: металлография негіздері; металлдардың физикалық- химиялық қасиеттері; қолданылатын жылу өлшегіш аспаптарының қағидалары; өңдеу үшін реактивтер мен макро-және микротегістеуіштер дайындаудың тәртібі; балқыма, түрлі-түсті металлдар, шойын және болатты термиялық өңдеудің негіздері; жоғарыда көрсетілген материалдарды термиялық және химия-термиялық өңдеудің технологиялық процестері; балқыма, түрлі-түсті металлдар, шойын және болаттың негізгі қасиеттері; дәннің көлемін, цементтеу, азоттау, сульфидирлеу және басқа аясын анықтау; үстіңгі шыңдалу әдістері, олардың ерекшеліктері және қолдану облысы.

жүктеу 5,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау