§ 154. Физика- механикалық сынаулар бойынша зертханашы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес Роквелл, Бринелль құралдарында, бақылау-тексеру қондырғыларында металлдар, шикізат, бұйымдар, балқыма, түрлі материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнімді беріктілік, созылу, иілу, термотұрақтылық, сығылу, итеру және жинау күші, үзілу, қаттылық, ауа өткізбеушілігі, тұтқырлық, ширатылуы, қалыңдығы, ылғалдығы, суға төзімділігі, майлылығы және басқа сапалы көрсеткіштерін физика-механикалық сынау. Ампервольтметр және көпірлік әдіспен электр кедергісін өлшеу. Гидростатистикалық өлшеу арқылы тығыздықты анықтау.
Түйіншіктер мен құраманың тығыздығын және ұяшықтар көлемін тексеру. Апшу және желімдеу пайызын анықтау. Сынаулардың орнатылған бақылау-есептік жазуларын жүргізу. Сынау үшін үлгілер сынамасын әзірлеу және майын кетіру. Құралдар мен аппараттарды сынауға таңдау және дайындау. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен құралдар мен аппараттарды жөнге келтіру. Берілген рецептура бойынша айқындауыш пен фиксажды дайындау, фотоқағаз, үлдірлер және пластинкаларды өңдеу, фотонегативтерден таңбаларды әзірлеу.
Білуге тиіс: физика-механикалық сынаулардың жіктелуі; сыналатын металлдар мен материалдардың негізгі физика-механикалық қасиеттері;металлдар және бейметаллдық материалдардың электр қасиеттері туралы қарапайым мәліметтер; меншікті электр кедергісі; электролиттің тығыздығын анықтау әдістері; сынау үшін үлгілерді дайындаудың әдістемесі; орындалатын жұмыстар шеңберінде электротехниканың негіздері; фотоматериалдарды қолдану және сақтау ережелері; химиялық реактивтер, фотоқағаздар, фотопластинкалар; рецепт бойынша фиксаж бен айқындағышты дайындаудың әдістері; талдау жасалатын материалдар, шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің түрлері мен қасиеттері бойынша үлгілерін ресімдеу және іріктеу тәртібі; талдау мен сынау жүргізу процесінде қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидасы және оларды қолдану ережелері; сынау нәтижелерін жазу жүйесі; сынау жүргізуге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; бақылау- өлшеу аспаптарының, құралдардың міндеттері және олармен жұмыс істеу ережелері.
§ 155. Физика- механикалық сынаулар бойынша зертханашы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүргізілген сынаулар нәтижелерін қорыту және өңдеу бойынша жұмыстарды орындаумен дайын өнім, жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізатты физика-механикалық сынау. Дайын өнім, жартылай фабрикаттар, шикізат және материалдардың сапалық көрсеткіштерін анықтау бойынша есептемені орындау. Сыналатын үлгілердің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сай келуін анықтау. Зертханалық шарттарда тәжірибелі үлгілерді әзірлеу. Ұнтақтың жұқалығын, көлемнің өзгеруінің біркелкі болуын, ұстап алу мерзімі мен материалдың көлемдік массасын анықтау. Үлгілердің көлемі бойынша жүкетеменің шамасын есептеу. Үлгілерді термотұрақтылыққа сынау кезінде термобу көмегімен температураны анықтау. Термобуды монтаждау. Суық біріктірудің температурасына түзету енгізу. Радиотехникалық әдіспен қалыпты серпімділік модулін және ығыстыру модулін анықтау, модулмен анықтау үшін қондырғыны эталондау. Баллистикалық қондырғыда магниттік өткізгіштікті өлшеу. Үлгілердің геометриялық көлеміне түзету енгізу. Ұзындығы бойынша үлгі қызуының біркелкілігін реттеу, термобумен қыздырудың температурасын бақылау. (1,31 - 210 мм рт. ст.дейін)174 -1,3 Па-ға дейін ыдырауын термобулы вакуумометрмен өлшеу. Форвакуумды сорғылардағы майды ауыстыру. Сынау жүргізу процесінде зертханалық жабдықты тексеру және жөнге келтіру. Өндірісте жартылай фабрикаттар, материалдар және шикізаттың тәжірибелі партиясының өтуін қадағалау. Сынау нәтижелерінің графикалық бейнесі.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; сынауға жататын дайын өнім, жартылай фабрикаттар, шикізат және материалдардың ерекшеліктері, міндеттері, түрлері және рецептурасы; оларды қорыту және өңдеу бойынша орындалатын жұмыстармен түрлі күрделі физика-механикалық сынауларды жүргізудің ережелері; магнитті өткізгіштікті анықтау үшін баллистикалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидасы; термобулы вакуумометр, форвакуумды және диффузионды сорғылардың вакуумдық жүйелерінің негізгі түйіндері; үлгілердің физикалық қасиеттерін анықтаудың негізгі әдістері; магнитті денелердің негізгі қасиеттері; балқыманың термиялық кеңеюі; дилатометрдегі өлшемдік нүктелердің сызықтық кеңею коэффициенттерін анықтау әдістемесі; жоғары және төмен температуралы термометрлердің көмегімен температураны анықтаудың әдістемесі; металлдар мен балқыманың серпімді қасиеттері; үлгілердің геометриялық көлеміне түзету енгізудің ережелері; график құру әдістері; жүргізілетін сынауларды жазудың жүйесі және сынау нәтижелерін қорытудың әдістемесі.
§ 156. Физика- механикалық сынаулар бойынша зертханашы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Магнитті қабылдағыштықты, магнитті өткізгіштікті, қалдық индукцияны, коэрцитивті күшті анықтау. Пермеаметрде гистерезис ілмегін ағыту. Сымды біртектілікке және эталондармен термоэлектрқозғалғыш күшке тексеру. Термобудың суық бірікпесін термостаттау. Үлгілердің қызуы мен термиялық циклдарын алу. Қондырғыда жоғары вакуумды құру, оны вакуумометрмен өлшеу. Жылу өткізгіштікті, қызулықты және электр өткізгіштікті анықтау. Вакуумды дилатометрде өлшемді нүктелер мен термиялық кеңею коэффициенттерін анықтау. Қолданылатын аспаптарды түзеу және оларды күйге келтіру. Диаграмма бойынша металлдың ағу шегін анықтау. Есептік кестесін құру. Температуралық шкаланы нақтылау және әзірлеу үшін дилатометр мен термобуларды басқыштау. Сынапты инерционды термометрлермен топырақтың температурасын өлшеу. Қорытынды сынаулар жүргізу. Жарық сәулелі осциллографтармен жұмыс істеу. Қажетті дірілдеткішті таңдау, оны магнитті блокқа орнату. Берілген өлшем бойынша сақиналық әдіспен қалдық кернеуді есептеу. Осциллограф уақытына белгі салушыны және оптикалық жүйені түзеу. Осциллограммаларды өңдеу.
Білуге тиіс: тұрақты магниттік өрістерде металлдардың магнитті қасиеттерін анықтау үшін қондырғылардың, пермеаметрлердің, температуралық бақылауға арналған потенциометрлердің, жылу өткізгіштікті, жылу сыйымдылығын және электрөткізгіштікті анықтауға арналған қондырғылардың, жарық сәулелі осциллографтардың, ионизациялы және магнитразрядты манометрлердің құрылымы; ферро-, диа- және парамагнитті материалдар; магнитті өткізгіштіктің өрістен тәуелділігі; магнитті қасиеттерді анықтаудың негізгі әдістері; магнитті қабылдағышты анықтауға арналған қондырғыда, ферротестерде, пермеамперде жұмыс істеу әдістемесі; материалтанудың негіздері; жоғары вакуумды өлшеу әдістері; ағып кетуді анықтау әдістері және олардың алдын-алу; металлдар және балқыманың жылылық қасиеттері; жылу өткізгіштік пен жылу сыйымдылығын анықтаудың әдістері; термиялық өңдеу мен металлтанудың негіздері; сыналатын материалға жіберілетін жүктеме мен кернеудің көлемі; созылу және иілу кезіндегі беріктік және ағып кету шегі, босаңсу шегі, максималды кернеу.
§ 157. Физика- механикалық сынаулар бойынша зертханашы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық талаптар мен шарттаға сәйкес сипаттамаларын ала отырып, пісіру қоспаларының барлық түрлерін, түрлі диаметрлі құбырларды, табақты және пішінді илемді физика-механикалық сынау. Түрлі стандартты емес сынаулар жүргізу. Айналу кезінде реттелетін арнайы құрылғыларды тарирлеу, дайын бұйым, түйін, шынжырларды сынау. Стандартты емес сынаулар үшін сызбалар мен құралдарды жинау. Тіркейтін және жазатын аппаратураны тарирлеу. Түрлі тензометр қолдану арқылы сынаулар жүргізу. Автоматты жоғары температуралы дилатометрлердегі сызықтық кеңею коэффициентін анықтау. Электронды қызуы бар калориметрде заттардың жылу қасиеттерін анықтау. Төмен жиіліктегі интервалда үлгілердің өшу декрементін анықтау. Сұйық гелийдің температурасымен қалдық кедергіні өлшеу әдісімен зоналы балқытудан кейін металлдың тазалығын анықтау. Ыдыстарды қысылған және сұйытылған газдармен толтыру. Қолданылатын жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оларды күйге келтіру.
Білуге тиіс: түрлі пісірілген жерлерді, құбырларды, илемді, дайын түйін мен бұйымдарды механикалық сынаудан өткізудің әдістемесі; стандартты емес сынаулар үшін сызбаны құрып, есептеу қағидасы; жарық сәуелелі осциллографтар, тензометр және тензометрлік аппаратураның құрылымы; автоматты жоғары температуралы дилатометрлер, металлдағы ішкі егесін анықтау қондырғылары, калориметрлер, металлдар мен балқымадағы қалдық электр кедергісін анықтауға арналған қондырғылардың әр-түрлі типтері, анизометрдің құрылымы; орындалатын жұмыстар шеңберіндегі дилатометрияның негіздері; темір көміртектің күйінің диаграммасы; қоспаланған элементтердің металлдар мен балқыманың физикалық қасиеттеріне ықпалы; инертті газдар ортасында жоғары температуралы дилатометрлерде термиялық кеңеюді анықтау әдістемесі; сұйық азот, май және сұйық қалайыдан ванналарды қолдану кезінде жоғары және температураларда аса суытылған аустениттің изотермиялық ыдырауының диаграммасын алу ережелері; төмен температураларда материалдардың қасиеттері; сұйытылған газдардың қасиеттері; қалдық электр кедергісін анықтау әдістемесі; тәжірибелік деректердің математикалық өңдеуден өтуі; сұйық азотпен жұмыс істеу ережелері;материалдардың физикалық қасиеттерін анықтау әдістемесі.
Арнайы орта білім қажет.
§ 158. Физика- механикалық сынаулар бойынша зертханашы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі жоғары микронды қимасының үлгілерінде кедергінің температуралық коэффициентін және электр өткізгіштікті анықтау үшін физика-механикалық сынауларын жүргізу. 196 град.С және одан жоғары температураларда анизометр мен дилатометрде термокинематикалық қисықты алу. Электрондық бомбалау әдісімен заттардың жылу қасиеттерін анықтау. Жоғары температуралы қыздырғыштардың қызмет көрсетуі, оларды қосу және ағыту. Инертті орталарда және жоғары температуралы вакуумдарда қара дақ коэффициентін, термиялық кеңею коэффициентін, жылу өткізгіштікті, электр өткізгіштікті өлшеу. Криогенді температура кезінде термоэлектродты материалдардың сипаттамасын алу. Жоғары температура мен жоғары жиілік облысында өшу декрементін анықтау. Жаңа балқымалар мен қондырғылардың метеорогиялық атестаттаудың әдістемесін әзірлеуге қатысу.
Білуге тиіс: жоғары температуралы қызудың қағидасы; қыздыру температурасының тұтынатын қуаттылықтан тәуелділігі; жоғары температуралы қыздырғыштар үшін материалдар; жылусақтағыш экрандардың рөлі; электронды бомбалау заттарын қыздыру қағидасы; оларды электрондармен бомбалау кезінде үлгілер бойынша температураны үлестіру және электронды қыздырудың негізгі заңдылықтары; 1000град.С жоғары температурада материалдың физикалық қасиеттерін анықтау әдістемесі; эталонды пирометрлер көмегімен жоғары температураларды өлшеу әдістері; эталонды пирометрлер бойынша термобуды басқыштау әдістері; жоғары температуралы қондырғылары құрылымының ерекшеліктері; жылу жоғалтуды азайту жолдары; өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу кезінде жылу жоғлатуға түзету енгізу және жылу жоғалтуды есептеу әдістері.
Арнайы орта білім қажет.
§ 159. Электр оқшаулау материалдары бойынша зертханашы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сұйық матреиалдардың жабысқақтығын анықтау. Олардың компоненттерін: (вакуумдық кептіру, күйдіру, себу және басқа операциялар) дайындау бойынша алдын-ала жұмыстар жүргізе отырып, технологиялық нұсқаулықтарына сәйкес компаунд, клей, лактардың үлгілерін дайындау. Полиэтилен, фторопласт және басқа пластмассалар бұйымдарынан және үлгілерінен үлгілерді престеу үшін материалдарды дайындау. Қарапайым құрылымды электрэлементтерін лактар, эмаль, компаундтармен оқшаулаудың тәжірибелі процестерін жүргізу. Автоклавтар мен барокамераларда жұмыс. Сынау кезінде температуралық режімді қамтамасыз ету. Орындалатын жұмыстар бойынша жазу жүргізу. Оқшауланатын, жапсырылатын және престелетін бөлшектерге сызбаны оқу. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес үлгілерді дайындау, пластмасса, кмопаунд, лакты үлдірлер, сұйық диэлектрик үлгілерінің диэлектрикалық сипаттамасын бақылаулы өлшеуін жүргізу. Электроэлементтерді оқшаулаудың сапасын бақылау. Олардың электрлік қасиеттерін аралық бақылаумен қатар электрэлементтер мен диэлектрлерді ылғалдық, климаттық және басқа сынауларын жүргізу. Жылу камераларында электрматериалдар үлгілерін сынауды жүргізу.
Білуге тиіс: лак, клей, комаундтар және басқа оқшауланатын материалдардан дайындалатын негізгі компоненттердің міндеттері; автоклавтар, барокамера, вакуум-сіңіру қондырғылар, гидравликалық престердің және басқа қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу қағидасы; техникалық және саралау таразыларын пайдаланудың ережелері; температура өлшеуге арналған аспаптармен жұмыс істеу ережелері; электроэлементтерді лак, эмаль және компаундтармен оқшаулаудың негізгі процестеріне технологиялық нұсақулықтар; бақыланатын оқшаулау материалдары мен электроэлементтерге қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; ұзақ мерзімді сынаулар үшін арнайы жабдықтар мен аспаптармен жұмыс істеудің ережелері мен техникалық деректері; бақылау- өлшеу аспаптарын қолданудың шарттары мен міндеттері; электротехника бойынша жалпы мәліметтер.
§ 160. Электр оқшаулау материалдары бойынша зертханашы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электроэлементтерді оқшаулаудың технологиялық режімдерін өңдеу процесінде тәжірибелер жүргізу. Вакуумды камералар мен автоклавтарды дайындау. Күрделі құрылымды электроэлементтерді тәжірибелі оқшаулау. Оқшауланатын элементтердің сапасын бақылау, үзілудің болмауын тексеру, оқшаулау кедергісін өлшеу және т.б. Томдық бұйымдарды клейлеу. Түрлі пластмассалардың бөлшектері мен үлгілерін престеу. Өлшеу нәтижелері бойынша хаттама және графикалық тәуелділікті құру, журналдарда жұмыс жазуларын жүргізу. Диэлектрлік сипаттамаларды өлшеу үшін үлгілерді дайындау. Ыдыс өлшеуді және есебін, электрлік беріктілікті, меншікті (көлемді және беттік) кедергіні жүргізу. Техникалық шарттар мен мемлекеттік талаптарға сәйкес диэлектрлердің сынауларын жүргізу. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен қарапайым электрлік сызбаны құру.
Білуге тиіс: электротехника және органикалық химия бойынша негізгі мәліметтер; оқшауланған материалдар мен олардың диэлектрлік қасиеттерінің міндеттері; лак, эмаль және басқа оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері мен міндеттері; бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылымы; диэлектрлерді сынау әдістемесі бойынша мемлекеттік стандарттардың есептік формулалары; автоклавтар, барокамералар, гидравликалық престер және басқа қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы.
§ 161. Электр оқшаулау материалдары бойынша зертханашы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік нұсқаулыққа сәйкес жаңа оқшаулау материалдары мен клейлердің жаңа технологиялық қасиеттерін тексеру. Техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес оқшаулау материалдарын бақылаулы сынауын жүргізу. Бұйымдар мен электроэлементтерді престеу, жапсыру және оқшаулаудың технологиялық режімдерін таңдау. Вакуумды камералар, автоклавтар және престеу жабдықтарын реттеу және түзеу. Оқшаулау материалдарының барлық диэлектрлік сипаттамасының есептемесі мен өлшеуін жүргізу. Төмендетілген қысым, жоғары және төмендетілген температура, жоғары ылғалдылық жағдайларында материалдардың ұзақ сынауын жүргізу. Компаундтар және т.б. полимерлеу процестерін электрлік әдістермен зерттеу. Сынау нәтижелерін өңдеу және талдау, хаттама мен графикалық тәуелділікті құру. Өлшеу аппаратурасының қарапайым ақауларын табу және олардың алдын-алу. Температура өлшеу үшін өзі жазатын, реттеу аспаптарымен жұмыс істеу. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен электр сызбаларын құру.
Білуге тиіс: органикалық химия негіздері және пластмасса, клей, компаундтар, эмаль, лактардың негізгі диэлектрлік және физика-химиялық қасиеттері; қолданылатын материалдарға қойылатын мемлекеттік стандарттарға сәйкес сынау әдістемесі мен техникалық талаптар; сызбалардың техникалық сипаттамасы; вакуум-сіңіру қондырғыларының құрылымы; оқшаулау материалдарының негізгі диэлектрлік қасиеттері; диэлектрлік сынау әдістемесі бойынша техникалық шарттар мен мемлекеттік стандаттар.
§ 162. Электр оқшаулау материалдары бойынша зертханашы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаңа оқшаулау материалдардың қасиеттерін тексеру және түрлі күрделілігі бар жаңа бұйымдарды оқшаулаудың технологиялық процестерін әзірлеуге қатысу. Зертхананың түрлі технологиялық жабдығымен жұмыс жасау. Өлшеу жүргізу және оқшаулау материалдарының диэлектрлік сипаттамаларын өңдеу. Техникалық тапсырмаларға сәйкес түрлі жағдайларда сынаулар жүргізу және әдістемелерін таңдау. Сынау нәтижелерін талдау және ресімдеу. Нақтылықтың жоғары класс аппаратурасымен жұмыс жасау. Электрлік сызбалар мен оңай стандартты емес аппаратураны құру, жөндеу, басқыштау және жинау. Құрылғыларды дайындау.
Білуге тиіс: түрлі оқшаулау материалдарының міндеттері мен қасиеттері; оқшаулау элементтеріне қойылатын талаптар; оқшаулау материалдарын престеу, жапсыру, қаптау, құю, сіңіру процестеріне технологиялық нұсқаулықтар.
Арнайы орта білім қажет.
§ 163. Шыны түтік талдау зертханашысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндіріс қалдықтары, жартылай фабрикаттар, дәнекер, бұйымдар ішінде қымбат металлдардың болуына қарапайым және орташа күрделі талдаулар жүргізу. Қабылданған әдістеме бойынша өндіріс қалдықтарын өртеу нәтижесінде алынған күл, түрлі-түсті металлдар ішінде қымбат металлдардың болуын тексеру үшін дәнекерді талдау. Тотықтанған қоспа, пайыздық және титрленген ерітінділер дайындау. Сынамаларды купеляттау, шерберлеу, сүзу, еріту, қорыту, күйдір және шихталау процестерін жүргізу. Қымбат металлдарды өлшеу. Қыздыру аспаптарының қызмет көрсетуі. Талдау нәтижелерін жазу.
Білуге тиіс: қымбат металлдың болуына талдаулар жүргізудің әдістемесі; қолданатын реактивтердің қасиеттері мен міндеттері; муфельді пештер, электрқұрылғылар және зертханалық жабдықтың құрылымы; техникалық және саралау таразылары, вискозиметрлер, ареометрлер және т.б. қолданудың ережелері; процестердің температуралық режімдері; отынды күйдіру және ауа беру режімдері.
§ 164. Шыны түтік талдау зертханашысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндіріс қалдықтары, жартылай фабрикаттар, дәнекер, бұйымдар ішінде қымбат металлдардың болуына күрделі талдаулар жүргізу. Өндірістік учаскелерден (өңдеу, пассивирлеу, сілтілі) алынған ерітінділерге қорытынды химиялық талдаулар, алтындау, күмістеу ванналарын және гальваникалық бөліну өнеркәсіптік суларын және т.б. талдау. Ішінде қымбат металлдары бар бұйымдарды коррозияға, термотұрақтылыққа және химиялық тұрақтылыққа сынау. Қымбат металлдарды өңдеу мен балқытудың технологиялық процестерінің түрлі сатыларында сынамаларды қорытынды талдау.
Білуге тиіс: қымбат металлдарды өңдеу және балқытудың технологиялық процесі; түрлі-түсті металлдарды талдау әдістері; алтындау және күмістеу режімдері; металлдардың, механикалық, физикалық және химиялық қасиеттері; зертханалық жабдықтың біртипті моделдерін нақтылыққа тексеру ережелері және кинематикалық сызбалары.
§ 165. Шыны түтік талдау зертханашысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алтын және платина балқымаларының және олардың қалдықтарының аса күрделі таңбалау талдауларын жүргізу. Дәнекерді ішінде қымбат металлдың болуына аса күрделі талдау.
Білуге тиіс: қымбат металлдарды таңбалау талдауларының әдістері; түрлі моделді жабдықтың нақтылығын тексеру әдістері және кинематикалық, электрлік сызбалары;қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы.
Арнайы орта білім қажет.
§ 166. Зертханашы- радиометрист
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қондырғыларда сынамаларды радиометриялық өлшеу. Есептеуіштің сипаттамасын алу. Есептік сипаттамалардың графикалық құрылуы және жұмыс нүктесін таңдау. Эталон және табиғи фонды өлшеу. Журналда жазуды жүргізу. Түрлі изотопты құрылымы бар сынамалардың меншікті белсенділігін анықтау бойынша барлық есептемені жүргізу.
Білуге тиіс: радиоактивтік пен радиоактивтік ыдырауының негізгі теориялары; радиоактивті сәулеленудің табиғимен өзара әрекеттесуі; белсенділікті салыстырмалы өлшеудің негізгі әдістері; қайта санау қондырғыларының негізгі түйіндері мен жұмыс істеу қағидасы; радиоактивті сәулелену есептеуіштердің жұмыс істеу қағидасы; радиоаквтитік заттармен жұмыс істеудің санитарлы ережелері; электрондық аппаратура және сәулеленудің радиоактивтік көздерімен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері.
§ 167. Зертханашы- радиометрист
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиоактивтік сәулеленуді кешендік радиометриялық өлшеу. Қорытынды өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Ыдырау және жұтып алудың қисығын құру және шешу. Радиоактивтік сәулеленудің спектрлерін амплитудтық талдауыштардан алу. Радиоактивтік сәулеленудің амплитудтық спектрлерін алумен байланысты есептеме мен жазуларды журналдарда жүргізу. Спектрдің графикалық құрылуы.
Білуге тиіс: радиоактивтік сәулелену спектрлері және спектрометриялық әдістер туралы негізгі мәліметтер; сцинтилляциялық спектрометрия әдісінің физикалық негіздері; амплитудты талдауыштардың негізгі түйіндері және жұмыс істеу қағидасы.
§ 168. Зертханашы- радиометрист
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кездейсоқтық және кездейсоқтыққа қарсы сызбалар мен көпканалды амплитудты талдауларды қолдану арқылы радиоизотоптарды олардың спектрлері бойынша идентификаттау. Қарапайым спектрлер (үш компоненттен көп емес) бойынша белсенділікті есептеу және абсолютты әдіспен сынаманың белсенділігін анықтау кезінде түзетулерді есептеу. Жұтып алу және ыдырау қисықтары бойынша радиоизотоптарды идентификаттау. Математикалық статистика әдістерімен талдау нәтижелерін өңдеу.
Білуге тиіс: ядролы физика, радиохимия және радиоактивті сәулеленудің заттармен өзара әрекеттесуі теориясының негіздері; жартылай өткізгіш детекторлардың көмегімен радиоактивтік сәулеленудің спектрометриясының физикалық негіздері; радиоактивті сәулелену спектрлары түсінігінің қарапайым тәсілдері; технологиялық режімдердің параметрлері мен процестері.
§ 169. Зертханашы- радиометрист
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Радиоактивті сәулеленудің түрлі спектрларының интерпретациясы (түсіндірмесі). Радиометриялық аппаратураның түйіндерден тәжірибелік жұмыстар үшін сызбаларды құру. Радиометриялық талдаудың жаңа әдістері және аппаратураны енгізу және меңгеру. Сұйықтық сцинтилляторлар мен жұмыс эталонды көздерін әзірлеу. Әрі қарай нәтижелерін өңдей отырып, препараттарды дайындау және оларды 4П-есептеуіш арқылы өлшеу. Радиометриялық аппаратураның ағымдағы жөндеу жұмыстары. Анағұрлым төмен разрядты зертханашылардың орындаған есептері мен сынамаларын қорытынды талдау. Ыстық камераларда дистанционды манипуляторларымен жұмыс жасау. Спектрлар бойынша (үш компоненттен астам) радиоизотоптардың белсенділігін есептеу.
Білуге тиіс: жоғары математика, радиоэлектроника және радиотехника негіздері; радиометриялық аппаратураның негізгі түйіндерінің құрылымы; радиоактивті сәулеленудің амплитудты спектрларының талдау әдістері; ыстық камералар мен дистанционды манипуляторлардың құрылымы.
Арнайы орта білім қажет.
§ 170. Рентгенспектралды талдау зертханашысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлгілерді (сынамаларды) талдауға және рентгенспектралды аппаратты жұмысқа дайындау. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылық етуімен қабылданған әдістеме бойынша талдауды орындау. Бөліктеу тәуелділігін есептеу. Талдау жасалатын элементтерінің концентратын анықтау бойынша есептемені орындау. Журналға жазуды жүргізу.
Білуге тиіс: рентгеноспектралды талдаудың қағидасы; аппараттардың бөлек түйіндердің міндеттері және олардың жұмыс істеу қағидасы; қарапайым тіркеу аппаратарында жұмыс істеу ережелері; рентген сәулеленуін тіркеу тәсілдері; сынамалардың сапасына қойылатын талаптар; металлдар мен балқыма құрылымы туралы негізгі мәліметтер; талдау жасалатын үлгілер (сынамалар) компоненттерінің пайыздық мөлшерінің қарапайым есептеме әдістері; реактивтер және қышқылдармен жұмыс істеу ережелері; оптика және электротехника бойынша жалпы мәліметтер; рентгенспектралды аспаптарда жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.
Достарыңызбен бөлісу: |