§ 346. Өндірістік монша жұмысшы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Душ қондырғыларының, крандардың, душ сеткаларының, басқыш алаңының, терезелердің жағдайын байқау. Әртүрлі жуатын және зарарсыздандыратын ерітінділерді даярлау. Бақтарды ішетін сумен толтыру. Қоқыс урналарын қою, оларды тазалау және зарарсыздандыру. Кәсіпорын моншаларындағы туалеттерді, душ орындарын, шешіну орындарын және басқа да жалпы пайдаланылатын орындарды жинау және зарарсыздандыру.
Білуі тиіс: өнеркәсіптік санитария талаптарын; жуу және зарарсыздандыру құралдарының қажетті концетрациясын және қасиетін, белгіленуін; даярлау және оларды қолдану тәсілдерін; жинау және жуылғанды қабылдау ережесін.
§ 347. Өндірістік монша жұмысшы
2 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Іш киім мен арнайы киімді қабылдау, сақтау, сорттау және беру. Жуу, крахмалдау және көкшілтім ерітінділерін әзірлеу. Арнайы киімдерді, іш киімдерді және басқа да өндірістік тағайындаудағы заттарды қолмен немесе машинкаларда жуу; кептіру барабандарында немесе табиғи жағдайда кептіру; престумен немесе қолмен үтіктеу, арнайы киімдер мен іш киімдерді жөндеу.
Білуі тиіс: жабдықтарды қажеттілігіне қарай пайдалану ережесін; жуу, ағарту құралдарының қажетті концентрациясы мен тағайындалуын, олардың әзірлену тәсілдерін; өндірістік санитарияның талабын.
§ 348. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету
және жөндеу радиомеханигі
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теледидарларды, радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды, электр ойнатылатын құрылғыларды және 2 кластан жоғары емес басқа радиоаппаратураны бөлшектеу, жинау, тазалау. Шамдардың сынаушысында радиолампаларды тексеру. Бөлмелік теледидарлық антеннаны жөндеу. Радиотелеаппаратурада сақтандырғышты ауыстыру, штекерді, басқару тұтқаларын жөндеу, қоршау жаман контактілерін жою, штепсельдік айырымен қуаттандыру бауын ауыстыру және жөндеу, 3 кластан жоғары емес теледидарлардың кинескоптарын, блоктарды, теледидарлық бағдарламалардың ауыстырып қосқыштарын (ПТП) және антеналық енгізетін теледидарлық каналдардың ауыстырып қосқыштарын алу (ПТК) және орнату. Радио арқылы таратылатын дауыс зорайтқыштардың, автостопсыз электр ойнатылатын құрылғылардың ақаулықтарының себептерін анықтау және жөндеу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника және теледидар бойынша негізгі мәліметтер; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі түйіндерінің құрылуы, функционалдық сызбалары мен жұмысы; түрлі түсті бейнелеу қабылдау және тапсыру туралы жалпы мәліметтер: жартылай өткізгіштік диодтардың және радиолампаларының сипаттамалары; қара - ақ теледидарларды және басқа радиоаппаратураны құрастыру және жинау ережесі, реттілігі мен тәсілдері; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның ақаулықтарын табу, және оларды жөндеу әдістері; авометр және радиолампаларды сынаушы түрлі өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану тәртібі; бөлме антенналарының түрлері мен құрылымдары; теледидарларды, радиоқабылдағыштарды орнату ережесі мен тәсілдері, оларды антенналарға қосу; жинақтау- реттеу құралының белгіленуі және пайдалану.
§ 349. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету
және жөндеу радиомеханигі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық класты ақ- қара теледидарларды орнату. Сынаушыларда жартылай сымды аспаптарды (транзисторларды, диодтарды және т.б.) тексеру. 2 кластан жоғары емес лампалы қара - ақ теледидарларда ақаулықтардың себептерін анықтау және мерхімді емес ақаулармен, контурларды ауыстыруымен және баптаумен, басу платаларын, галеталық, пернелік (кнопкалық) және ауыстырып қосқыштарын автоматты реттеулердің шынжырларында күрделі ақауларды жоюмен (күшейткішті автоматты реттеу, гетеродин жиіліктерін автоматты жанастыру) байланысты емес жөндеулер жасау. 4 және 3 класты лампалы радиоқабылдағыштардың және радиолалардың, 4 класты магнитофондардың, электрофондаржы және барлық түрлді ЭПУ (стереофоникалықтардан басқа), үш бағдарламалық радио арқылы таратылатын дауыс зорайтқыштардың және т.б. ақалықтарының себептерін анықтау, жөндеу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, теледидар негіздері; түрлі түсті бейнелі теледидарлар бойынша негізгі мәліметтер, жартылай сымды аспаптардың сипаттамасы; қара - ақ теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның құрылысы және сызба элементтерінің жұмысы; қара- ақ лампалы және лампалы- жартылай сымды теледидардың, 2 кластан жоғары емес радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; бұл аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлері; оны тексеру, реттеу және жөндеу әдістері мен тәсілдері; радиотеледидар аппаратурасын жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі; теледидар антенналарын орнату, жинақтау ережесі.
§ 350. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету
және жөндеу радиомеханигі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1 класты лампалы және лампалы- жартылай сымды барлық класты қара - ақ теледидарларда ақаулардың себептерін анықтау және мерхімді емес ақаулармен және баптаумен байланысты емес жөндеулер жасау. 2 кластан жоғары емес транзисторлық радиоқабылдағыштар мен радиолалардың, 2 және 3 магнитофондардың және 3 класты транзисторлық магнитофондар, стереофоникалық электрофондардың, стереофоникалық ЭПУ, антенна күшейткіштерінің себептерін анықтау, жөндеу, реттеу және баптау.
Білуге тиіс: қара- ақ лампалы және лампалы- жартылай сымды теледидардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; бұл аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлері; оны тексеру, реттеу және жөндеу әдістері мен тәсілдері; радиотеледидар аппаратурасын жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану ережесі; теледидар антенналарын орнату, жинақтау ережесі.
§ 351. Радиотеледидар аппаратурасына қызмет көрсету
және жөндеу радиомеханигі
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық класты лампалы және лампалы- жартылай сымды қара - ақ теледидарлардың мерзімді емес ақауларының себептерін анықтау және оларды жою мен баптау бойынша жұмыстар жасау. Түрлі түсті теледидар орнату. Түрлі түсті және жартылай сымды қара - ақ теледидарлардың, дециметрлік диапозон конвертерлерінің, 1 және жоғары класты радиолалардың және лампалы мен транзисторлық радиоқабылдағыштардың, барлық үлгілі стереофоникалық, автомобильдік қабылдағыштард, 1 және 2 класты транзисторлық және лампалы магнитофондардың ақаулықтарының себептерін анықтау және жөндеу мен баптау бойынша жұмыстар жасау. Радиотелевизиялық аспаптардың блоктары мен түйіндерін жаңарту бойынша жұмыс.
Білуге тиіс: барлық түрлі теледидарлардың, радиоқабылдағыштардың және басқа радиоаппаратураның негізгі және жинақтау сызбалары; қара- ақ теледидарларға, радиоқабылдағыштарға және барлық класты басқа радиоаппаратураға жөндеу жасау әдістері мен тәсілдері; түрлі түсті теледидарларға жөндеу жасау әдістері мен тәсілдері; бөлшектерді типтік еместермен ауыстыру әдістері мен тәсілдері; жөндеу кезінде қолданылатын бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.
Арнайы орта білім қажет.
§ 352. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шатырдың астындағы жайлардың әр түрлі ғимараттардың пәтерлерінде, саты алаңдарында теледидарды ұжымдық қабылдау антенаның тарататын желіерін жабдықтау және жөндеу кезінде көмекші жұмыстар жасау ( материалдарды, аспапты беру және т.б.). Кабель салуға, кабель төсейтін құрылғыларды белгілеуге, әр түрлі тарату қораптарын орнатуға және т.б. қатысу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, қолданылатын материалдардың қасиеттері мен жабдықтың түрлері туралы аса қарапайым мәліметтер; теледидар ұжымдық қабылдау жүйелерінің қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы; жұмс кезінде қолданылатын аспапты пайдалану тәртібі.
§ 353. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын антенналарының абоненттік және магистральді кабельдерін салу бойынша жұмыстар жасау. Кабельді бөлшектеу және оны бөліп тұратын қораптарға және теледидар штекеріне дәнекерлеу. Толқындардың метрлік диапозон теледидары жеке және ұжымдық қабылдау теледидарлық антенналарын орнату, жинақтау, бөлшектеу және жөндеу, тарататын теледидар желілерін және бұл желілерде электрических өлшеулерді, электр қуат көзін беруді антенна күшейткіштеріне жеткізуді жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу. Бөлмелік жеке антелларды орнату және бағдарлау. Теледидар сынау кестесі бойынша теледидарды негізгі басқару тұтқаларымен қосу және баптау, теледидар сынау кестесін және теледидар бағдарламасын қабылдауға тексеру.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника және теледидар бойынша қарапайым мәліметтер; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы, орнату, жөндеу және пайдалану бойынша ереже мен нұсқаулық; кабель салу және магистралды теледидар желілерінің тарату құрылғыларын жинақтау ережесі мен тәсілдері; теледидарлардың түрлері, оларды қосу және сыртқы басқару тұтқаларымен баптау ережесі; ампервольтметрдің және құралдың белгіленуі және пайдалану ережесі.
§ 354. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 5 м дейін биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын үш- және бесэлементтік, бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын жинақтау, орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сынау кестесі бойынша антеннаның жұмыс сапасын анықтау, бөлетін теледидар желілерінде қарапайым өлшеулер жүргізу. Бөлмелік теледидар антенналарын жөндеу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, теледидар негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың техникалық сипаттамалары және оның құрылымы, оның жинақтау сызбалары; жеке және ұжымдық қабылдау антенналарын, тарату желілерін, кабельдік ауа өтулерін орнату, жинақтау ережесі; теледидар мен антенналардың жұмысын тексеру мен бағалау үшін теледидар сынау кестесінің элементтерінің белгіленуі; электрлік өлшеулер үшін қолданылатын аспаптарды пайдалану ережесі және белгіленуі.
§ 355. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 5-тен 9 м дейін биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын (бес элементтен жоғары) бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын, 200-ге дейін теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосуға есептелген теледидарды ұжымдық қабылдау антенналарының тарату желілерін жинақтау, орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сынау кестесі бойынша антеннаның жұмыс сапасын анықтау, бөлетін теледидар желілерінде қарапайым өлшеулер жүргізу. Бөлмелік теледидар антенналарын жөндеу. Лампалық антенналық күшейткіштерді жөндеу. Ұжымдық антенналары мен тарату желілерін орнату мен жинақтау бойынша жұмыстарды тапсыру мен қабылдауға қатысу.
Білуге тиіс: толқындардың метрлік диапазонында жеке және ұжымдық теледидар антенналарының түрлері, құрылымдары, техникалық сипаттамалары; тарату желілерінің жабдығы; антенналарда және тарату теледидар желілерінде, сондай-ақ антенналық күшейткіштерде ақаулықтарды табу және жою әдістері мен тәсілдері; ақ- қара теледидарлардың барлық түрлері, теледидар сынау кестесі бойынша оларды реттеу және баптау; негізгі бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі.
§ 356. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 9 м артық биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын (толқындардың метрлік және децеиметрлік диапазондар) бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын, теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосуға есептелген теледидарды ұжымдық қабылдау антенналарының тарату желілерін жинақтау, орнату және жөндеу, кабельдік ауа және жерасты құрылғыларын салу бойынша жұмыстар жасау. Транзисторлық антенна күшейткіштерін, конвертерлерді жөндеу. Радиотарату және теледидар ұжымдық қабылдау бекітілген антенналқ жүйелерін тапсыру және қабылдау. 200 артық радиоқабылдағыштарды және теледидардың күрделі ұжымдық жүйелерін орнату, жинақтау және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сигналдарды өлшеу және типтік үлгілер бойынша теледидар мен радиотарату ұжымдық қабылдаудың барлық жүйелерін есептеу.
Білуге тиіс: толқындардың метрлік және дециметрлік диапазондардың жеке және ұжымдық теледидар антенналарының, теледидар мен радиотарату қабылдауға арналған біріктірілген антенналардың, тарату желілерінің, жабдықтың түрлері, құрылымдары, техникалық сипаттамалары; теледидар мен радиотарату ұжымдық қабылдау антеналық жүйелерін есептеу мен құру қағидалары; теледидарлардың түрлері, олардың функционалдық сызбалары; ақ- қара теледидарлардың ақаулықтарын анықтау әдістері мен жою тәсілдері; теледидар мен радиотарату ұжымдық жүйелерінде өлшеулердің әдістері; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережесі.
Арнайы орта білім қажет.
§ 357. Жұмыстарды бөлуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті жұмыстар бөлушісінің басшылығымен бұйымдардың күрделі номенклатурасын шығаратын және әр түрлі өндірістік кооперациясы бар учаскеге, цехке қызмет көрсету немесе бұйымдардың қарапайым номенклатурасымен және шектеулі өндірістің кооперациясымен учаскеге өз бетімен қызмет көрсету. Ауысымды тапсырмаға сәйкес бөлшектермен, жартылай фабрикаттармен, аспаптармен, техникалық құжатнамамен басқа нарядтарымен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Учаскеге арналған дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды қабылдау. Дайын бөлшектерді қоймаға беру. Басқа цехтер мен учаскелерде операцияаралық өңдеуден өтетін бөлшектерді тапсыру және сандық қабылдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскелердің өндірістік тапсырмасы және жұмыс орындарын жүктеу кестесі; негізгі бөлшектерді өңдеудің технологиялық реттілігі; қызмет көрсетілетін учаскеде өңделінетін түйіндер мен бөлшектердің номенклатурасы; бөлшектерді есептеу тәртібі және белгіленген құжаттама; бөлшектерді тасу ережесі.
§ 358. Жұмыстарды бөлуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі өндірістік кооперациясымен бөлшектерді шығаратын учаскеге, цехке қызмет көрсету. Ауысымды тапсырмаға сәйкес бөлшектермен, жартылай фабрикаттармен, аспаптармен, техникалық құжатнамамен басқа нарядтарымен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Учаскеге дайындамаларды және жартылай фабрикаттарды қабылдау және дайын өнімді қоймаға тапсыру. Учаскелер бойынша ауысымдық- тәуліктік өндірістік тапсырмаларды дайындауға қатысу, сондай-ақ орындалған жұмыстың есебін жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскелердің ауысымдық- тәуліктік өндірістік тапсырмасы және жұмыс орындарын жүктеу кестесі; бөлшектерді өңдеудің технологиялық реттілігі; қызмет көрсетілетін учаскеде өңделінетін түйіндер мен бөлшектердің номенклатурасы; бөлшектерді сақтау ережесі және белгіленген құжаттаманы ресімдеу тәртібі; жұмыс орындарын жүктеуді жоспарлау және орындлатын жұмыстарды есепке алу негіздері; бастапқы төлем құжаттарын ресімдеу тәртібі.
§ 359. Жұмыстарды бөлуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен атаулар номенклатурасына учаскелерде жауапты қымбат тұратын бұйымдарды, механизмдерді, түйіндерді қабылдау, беру және сақтау. Жауапты және қымбат тұратын материалдармен, дайындамалармен, жартылай фабрикаттармен, сондай-ақ аспаптармен, техникалық құжатнамамен және құралдармен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Есеп пен есептілік жүргізу. Аяқталмаған өндірістің қалдықтарыналу. Бөлшектер мен механизмдердің қозғалысының салыстырмалы тізімдемелерін құру. Бөлшектердің, механизмдердің және түйіндердің кем шығуы табылған кезде актілер құру және ресімдеу. Кестеге сәйкес бұйымдар мен түйіндердің өтуін есептеу.
Білуге тиіс: бөлшектердің, механизмдердің номенклатурасы және олардың индекстері; қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі; материалдардың сорттары мен оларды маркалау; жинаудың технологиялық реттілігі; қолданылатын есеп жүйесі; орындлатын жұмыстарды есептеу тәртібі; бстапқы құжаттарды, жұмыс нарядтарын және т.ю. қабылдау және ресімдеу ережесі; бөлшектерді, механизмдерді, жинаушылардан түсетін және жұмыс орындарына берілетін түйіндерді қабылдау және сақтау ережесі.
§ 360. Істеп болған майдың регенераторшысы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Май тазалау машиналарына қызмет көрсету. Майды май сүзгіде центрифугалау және сүзу. Майсорғымен және вакуумдық қондырғының көмегімен майды бір ыдстан екіншісіне ағызып құю. Сүзгіпресте сүзу қағазын ауыстыру. Ағартатын топырақты кептіру және май регенерациясы. Майларды тұндырумен тазалау. Майға ыдысты тазалау және шаю. Регенерациялаудан кейін адсорберлерді және бакты тазалау. Анағұрлым жоғары білікті регенераторшының басшылығымен істеп болған майды регенерациялау, сұрыптау, май тазалау машиналарын тазалау және құрастыру.
Білуге тиіс: сүзгіпрестің центрифугасының құрылысы туралы негізгі мәліметтер; майосрғылар; май құбырларының сызбасы; май шаруашылығы аппараттары мен жабдықтың орналасуы және белгіленуі; жабдықты басқару ережесі; майлайтын майлардың түрлері; майды тазалаудың, кептіру мен регенерациялаудың белгіленуі; кеңінен таралған құрылғылардың және бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі мен пайдалану шарттары.
§ 361. Істеп болған майдың регенераторшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Істеп болған майды ағартатын топырақпен, аммиакпен, силикогельмен және активтендірілген алюминий тотығымен регенерациялау. Астынан салатын букстық материалды регенерациялау. Вакуум астында өнімнің қалдықтарын май тазалау машиналарымен тазалау және кептіру. Майды тазалау және регенерациялау өндірістік процесін қадағалау. Талдауға арналған май сынамалырн іріктеу. Түсі мен иісі бойынша майдың күйін анықтау. Май тазалау машиналарын, центрифугаларды, сүзгіпрестерді, аппараттарды және басқа қызмет көрсететін жабдықты бөлшектеу, тазалау, жинау және ағымдағы жөндеу.
Білуге тиіс: май тазалау жабдығының жұмыс істеу қағидасы ; май мен астынан салатын букстық материалды тазалау мен регенерациялаудың негізгі әдістері; қолданылатын сорбенттердің және активаторлардың қасиеттері; әмбебап және арнайы құрылғылардың және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 362. Істеп болған майдың регенераторшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Істеп болған майды шебер тазалау және регенерациялау. Жылжымалы құрамның буксы үшін полимерлі щеткалар мен майлау материалдарын регенерациялау. Булау әдісімен ацетонды регенерациялау. Қажетті материалдардың, жабдықтың сызбаларын таңдау және майдың ластану деңгейі мен ескілігіне байланысты майларды тазалау және регенерациялау режимін анықтау. Силикогельді, ағартатын топырақты, алюминий белсенді тотықтарын оларды аспапқа тиеудің алдында кептіру режимін анықтау. Майды талдаусыз майдың сапасын анықтау. Майға қысқарған физикалық - химиялық талдау өткізу. Майдың бұрынғы қалпына келу деңгейін анықтау. Қоспалар енгізу және араластыру арқылы майлардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту. Электрлік кернеудегі аппараттардағы майды тазалау. Майларды вакуум-центрифугамен центрифугалау. Майды сумен шаю. Майды бумен қыздыру және оны бүрікішпен вакууммен кептіру. Трансформатор майын сынамамен сынау. Май тазалау машиналарын, аппараттарды қосу және жөндеу және оларды жөндуге қатысу.
Білуге тиіс: май тазалау жабдығының және регенерациялық қондырғы аппараттарының құрылысы; майлардың негізгі физикалық- химиялық қасиеттері және оларды пайдалану аймағы; майларды тазалау мен регенерациялау процестері және әр түрлі әдістері; майларды тұрақтандыру және араластыру тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; май құбырларының және жабдықтың аса маңызды бөліктерінің сызбасы; майдың ескіруінің негізгі белгілері; букс жылжымалы құрамға арналған майлау материалдары мен польстерлік щеткаларды регенерациялау тәсілдері және белгіленуі.
§ 363. Спорттық жазық құралдарды жөндеуші
3 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оларға оқу – жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу үшін жайдақ спорт ғимараттарды дайындау. Волейбол, баскетбол, ганбол, городош және басқа алаңқайларды, теннистік корттарды, жеңіл атлетикалық жүгіру жолдарын, секіруге және спорттық жабдықтарды лақтыруға арналған секторлар, шөпте футбол, ганбол, регби, хоккей ойындарды үшін алаңдар, ипподромдар және басқа да шөпті, көмірлі күл, синтездік, үгінді және басқа жабулармен бетін түзеу, суару және белгілеу. Шөп жабумен спорттық ойын алаңын қырқады, жыртады, кеседі және шыммен жабады. Ойын алаңының жері. Егу, тамырлы бұтақшаларды алып тастау, арам шөптен арылту, кесіп тастау, ағаш кесіндісі мен ойын алаңдарынан шығарылған орындарды созып жөндеу. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды таңдау және оларды топыраққа салу. Сырғанаққа, алаңға, жолдарға құю үшін негізін дайындау. Шайбомен, доппен хоккей ойындары үшін мұз айдындарын, жүгіріп коньки тебу жолдарын, мәнерлеп және жалпы сырғанауүшін алаңдарды жылдық жағдайға байланысты ұстайды және қарайды. Мұз айдындарында, алаңдарда, жолдарда және алаңқайларда ағаштың безі мен бұтағын тазалау, қарды тазалау, жарылған және шұңқырларды бекіту. Қозғалған кезде су құю және қар тазалайтын машиналардың бағыттарын құрастырады және жылдамдығын анықтау. Авто және мотоспорт бойынша жарыстар үшін мотобол және велобол алаңдарын, кросстық тас жол шығыршық көмір күл және асфальтобетон трассасын жөндеу және белгілеу. Қолданылған құралдар мен инвентарьді бояу және ұсақ жөндеу.
Білуі тиіс: инерциялық материалдарды егу ережесін; терең жыртуды; тұқмды жиі егуді; топыраққа тұқымды бекіту құралдарын; кесу құралдарын; тасу және шымды қалауды; ойын алаңдарынан шығарылған орындарын созып жөндеу құралдарын; топрықтық және климаттық жағдайларға қарай тұқымды таңдау құралдарын; шөптерді егіп шығып, бар топыраққа қоса арнайы ботқаға кіретін құрам бөліктерінің қасиетін; топырақтың физикалық – механикалық, химиялық талдауын; минералдық және органикалық тыңайтқыш және топырақтардың химиялық талдауына байланысты оларды топыраққа салу нормаларын; ертінділермен топырақты суару ертіндісін; ойын алаңдарын қырқу және суаруын; арнайы материалдар дайындау үшін және сапасына байланысты оларға қатысты материалдарды; дренаж құралдарын; ойын алаңдарын; жеңіл атлетикалық жүгіру және спорттық алаңдарды белгілеу ережелері мен құралдарын; футбол, хоккей шөпте шайбо және доппен, ганбол, регби ойындары үшін алаңдардың, баскетбол, волейбол, городок және т.б. ойындары үшін алаңдардың, теннистік корттардың мөлшерін; алаңды тегістеуді; табиғаттағы алаңдарды бөлу тәсілін, құрылыс сызбаларын оқу; сырғанаққа, алаңға, жолдарға су құю негізіндегі дайындық құралдарын; ауа температурасына байланысты су құю тәртібі мен ережесін; құрал – жабдықпен және инвентарьмен пайдалану құралы мен ережесін; пайдалану кезінде қолданылған жайдақ спорт ғимараттарын; табиғаттағы алаңдарды бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде; алаңдарды жөндеу және құрылыс кезінде тегістеу бағаларын беруін; топрақтық және климаттық жағдайларға сәйкес топырақ ботқаларын, шөп ботқаларын, арнайы ботқаларды, құру және қалау кезінде, жауапты спорттықжарыстар өткізілетін спорттық ғимараттарды жөндеу және жабуды белгілеу кезінде – 4 – разряд.
§ 364. Респираторлар мен газтұтқырлардың жөндеушісі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Респираторлар мен газтұтқырларды бөлшектеу және жинау. Сүзгілерді шаңнан үрлеу және тазалау. Респираторлар мен газтұтқырларды шаю, кептіру, ақаусыздығын тексеру, жөндеу және жарамсыз бөліктерін ауыстыру.
Білуге тиіс: респираторлар мен газтұтқырлардың құрылысы; респираторлар мен газтұтқырларды тексеру және жөндеу жасау және сынау тәсілдері; респираторлар мен газтұтқырларды сақтау ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |