Қазақстан Республикасы



жүктеу 5,08 Mb.
бет9/27
Дата14.11.2017
өлшемі5,08 Mb.
#160
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
§ 132. Зертханашы- металлограф

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тығыз балқытылатын металлдар және арнайы балқымалардың макро-және микроқұрылымдарының металлографиялық талдауы. Зерттеу нәтижелері бойынша кепілдемелер мен қорытындылар құру. Вакуумдық бояу әдісімен қыздыруға берік балқымалардағы қайталама фазаларын анықтау. Құрылғылардағы жоғары температуралық «вакуумдық металлография» әдісімен металлдар мен балқымалардың құрылымын зерттеу. Аустениттік дәннің өсім кинетикасын анықтау. Мортенситті нүктені анықтау. Созылу кезінде вакуумдағы жоғары температура кезінде үлгілерді сынау. Айналу процестерінің кино түсірілімін жүргізу.

Білуге тиіс: металлдар физикасының негіздері; жоғары температуралық камералар мен жоғары температуралық вакуумды құрылғылардың құрылымы; вакуумды құрылғыларды сынауға дайындау; вакуумдағы жоғары температура кезінде үлгілерді созуға сынау ережелері; жоғары температуралық микроскоптарды келтіру және орнату; вакуумметр, потенциометр, микрофотосаптама және кинокамераларды қолданудың ережелері.

Арнайы орта білім қажет.


§ 133. Зертханашы-микробиолог

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Нәрлі орта, реактивтер ерітінділерін дайындау, шамамен алынған титрлерді орнату, споралы материалды себу үшін колбаларды өңдеу және талдаулар жүргізу. Биологиялық және басқа да әдістермен иодометрия және полярометрия бойынша белсенділікті, стерильдікті, pН анықтау. Нәрлі ортаның Петри шәшкесіне, пробиркаларға құю. Себетін материалды дайындау. Колбаларға себу. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылығымен зертханалық жабдықты жинау, препараттар мен жартылай өнімдерді пирогендігі мен улылығына фармакологиялық тексеру. Көмекші материалдар мен ыдысты стерильдеуге дайындау. Орнатылған форма бойынша құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: микробиология негіздері; шамамен алынған титрларды орнатудың әдістері; қолданатын реактивтердің қасиеттері және оларға қойлатын талаптарды; нәрлі ортаны дайындаудың технологиялық процесі; стерильді жағдайда жұмыс істеу ережелері; фотокалориметр, поляриметр, саралау таразысы және басқа да ұқсас аспаптарды реттеу ережелері; сыналып отырған жануарлар, сынамалар сапасына және жүргізілетін талдауларға қойылатын талаптарды; фармокологиялық сынамаларды жүргізудің шарттары.
§ 134. Зертханашы-микробиолог

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Зертханалық жағдайда антибиотиктер мен басқа да биосинтез препараттарын ферменттеу процесін жүргізу. Дәлдік немесе күрделі титрларды тексеру және орнату. Зертханалық жабдықты жинау. Препараттар мен жартылай өнімдерді улылығына және пирогендігіне фармокологиялық тексеру және сынау. Потенциометриялық және микробиологиялық сынамаларды жүзеге асыру. Биологиялық әдіспен дайын өнім және жартылай өнімнің белсенділігін анықтау. Көмекші материалдар мен препараттардың стерильдігін сақтау. Талдау нәтижелерін есептеу және ресімдеу.

Білуге тиіс: орындалатын жұмыс шеңберінде микробиология, микрология және химияның негіздері; қолданылатын реактивтердің қасиеттері мен міндеттері; зертханалық құрылғыларды жинау ережелері; дәлдік және күрделі титрларды орнатудың әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы және қолдану ережелері; жүргізілетін талдауларға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар; орындалатын жұмыстарға техникалық құжаттаманы жүргізу ережелері.
§ 135. Минералогиялық талдау зертханашысы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Минералогиялық талдау үшін орта сынамалар дайындау. Түпшаймаға балшықты материалды дезинтеграттау (ыдырату) және ұнға айналдыру. Болбыр немесе дезинтегратталған тұқымын елеуіш жиынтығында сілку арқылы талдау. Түрлі магниттардың көмегімен магнитті және электр магнитті фракцияларды бөлу. Шығуды кесектік класы бойынша өлшеу және есептеу, сондай-ақ магнитті емес, электрмагнитті және магнитті фракциялардың шығуын есептеу.

Білуге тиіс: минералогия туралы қарапайым мәліметті; орта сынамаларды дайындау әдістері; елеуіш талдауларын жүргізу әдістемесі; магнитті және кептіргіш шкафтар, техникалық таразылардың қызмет көрсету ережелері мен құрылымы.
§ 136. Минералогиялық талдау зертханашысы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фарфорлы шәшкелерден бөлу құйғышының көмегімен түпшамайдан минералдарды ауыр сұйықтық түрінде бөліп шығару. Сорғалатып бөлгіш немесе кварттау көмегімен сынамаларды қысқарту. Қышқылдарда оларды қайнату жолымен темірдің гидроқышқылының қабығынан фракцияларды босату. Кен орнының негізгі минералын мономинералды фракцияға бөлу. Бинокулярлы микроскоп арқылы мономинералды фракциядағы қоспаларды көзбен шолып анықтау. Талдау нәтижелерін жазу және ресімдеу.

Білуге тиіс: минералогия негіздері; қолданылатын ауыр сұйықтар, қышқылдар және басқа реактивтердің, минералдардың қасиеттері және оларды қолдану ережелері; бинокулярлы микроскоптың құрылымы; талдау нәтижелерін ресімдеу ережелері.
§ 137. Минералогиялық талдау зертханашысы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген әдістерге сәйкес бастапқы шикізат, сынамалар,аралық өнімдер және титанды-цирконий кенінің дайын өнімдерін сандық және минералогиялық талдау. Люминесцентті жарықтандырғышты қолдана отырып, дистенсиллиманитті қоспаларды сандық минералогиялық талдау. Минералдар арасындағы сандық арасалмақты анықтай отырып, түпшамайларды ажырату. Мономинералды фракцияларды бөлу және минералдың қоюлығын анықтау. Түрлі үлес салмағы бар ауыр сұйықты алу. Иммерсионды әдіспен минералдарды анықтау. Барлық өнімдер бойынша тиісті қышқылдыққа барлық минералдардың қоспасын қайта есептеу. Талдау нәтижелерін есептеу және журналға жазу.

Білуге тиіс: кристаллография және геология негіздері; минералдардың физикалық- химиялық қасиеттері; минералогиялық талдаулардың жүргізу әдістемесі; ауыр және иммерсионды сұйықтардың қасиеттері және оларды қолдану ережелері; жүргізілетін талдауға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттар.
§ 138. Минералогиялық талдау зертханашысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі типті микроскоптар астында титанды-цирконийлі кеннен шыққан стандартты емес көпкомпонентті сынамаларды толық сандық минералогиялық талдауды және әдістемесін таңдау. Концентраттар негізінде алынатын жаңа өнімнің түрлері мен жасанды рутилдің сынамаларын талдау. Минералдың барын көзбен шолып анықтау арқылы түпшамай мен байытатын өнімдердің сандық минералогиялық талдауы. Қорытынды талдау жүргізу. Микроскоптарды күйіне келтіру. Минералогиялық талдаудың жаңа әдістерін дайындауға қатысу.

Білуге тиіс: кристаллооптика негіздері; талдау жүргізу әдістемесін таңдаудың және әзірлеудің негіздері; минералдардың магниттік қасиеттері және оларды оқудың әдістері; талдау жүргізу кезінде қолданылатын құрылғылар мен аспаптардың құрылысы және жұмыс істеу қағидасы; минералдардың үлес салмағын анықтаудың әдістері; минералдарды сипаттау ережелері; жұмыстың орындалуы бойынша құжаттаманы жүргізудің ережелері.
§ 139. Газдарды және шаңды талдау бойынша зертханашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік жайлардағы ауаның қарапайым және күрделі талдауларын жүргізу. Металлургиялық пештерден шығатын газдарды талдау. Шахталық ауаның шаңдануын талдау. Шаң ұстағыш сүзбелердің шығарынды құбырынанметаллдардың жоғалуын талдау.

Білуге тиіс: Шаңды және газды талдаудың қарапайым негіздері; оттек және сутекті анықтау әдістерінің қысқаша сипаттамасы; газ, ауа және шаңның негізгі қасиеттері; химиялық реактивтер, сынап және сұйық азотты пайдаланудың ережелері.
§ 140. Газдарды және шаңды талдау бойынша зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндірістік жайлардағы шаңдануын өлшеу, ауаны күрделі талдауды жүргізу. Ауа мен газға жедел-талдау жүргізу. Жоғары сапалы генераторда жұмыс істеу. Әрі қарай масс-спектормтер және хроматографта талдау үшін газды жинау. Ауадағы газ бен шаңның бар екендігін талдау әдістерін таңдау.

Білуге тиіс: шаңды-газ талдаудың негіздері; шаң ұстағыш, газ шығарғыш, тор және кедергі электр пештерінің құрылымы; ионозациялы және магнитті разрядты манометрлерді қолданудың ережелері; талдаудың өлшемді және көлемді әдістері; органикалық, бейорганикалық және аналитикалық химия бойынша қарапайым мәліметтерді.
§ 141. Газдарды және шаңды талдау бойынша зертханашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауаның аса күрделі талдауын жүргізу. Хроматографта газдың концетрациясын анықтау, эталонды газ қоспасын құру. Хроматографты күйге келтіру және калибрлеу. Пневмометриялық түтіктердің коэффициентін тексеру. Ақау ведомосін құру үшін шаң ұстағышты тексеруге қатысу. Ұсынымдар беру және жабдықтың жұмысын сипаттау үшін материалдарды өңдеуге, шаң ұстағыш, түтін сорғыш, желдеткіш, эксгаустерлерді жөндеуге және сынауға қатысу. Газды, сұйық және қатты фазалардың химиялық және физикалық қасиеттерін анықтау. Шаңдыгаздытазартқыш құрылғысының тиімділігін анықтау. Титрлі ерітінділерді дайындау. Цехтарда орнатылған стационарлы аспаптар көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Шаңдыгазды есептерді орындау. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Шаң және газды талдаудың жаңа әдістерін енгізу. Аппараттарға газды ағымдарды үлестірудің дұрыстығын тексеру.

Білуге тиіс: газды хроматографияның әдісі; талдау әдісінің қағидасы және оның физикалық мәні; шаң және газ ұстағыш жабдықтың жөндеу ережелері; аспаптардың сезгіштігін реттеу әдістері; хроматографтың газды сызбасы; жартылай автоматты реометр сызбасы және оны жөндеу ережелері; техникалық құжаттаманы жүргізу ережелері.
§ 142. Металдардағы газдарды талдау бойынша зертханашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вакуум-қыздырғыш әдісімен вакуумды қондырғыда металл ішіндегі газды анықтау. Үлгілерді дайындау және оларды саралау таразысында өлшеу. Вакуумды қондырғыларды жұмысқа дайындау. Термобу көмегімен температураны өлшеу. Бос тәжірибелер жүргізу. Есептік формула бойынша газдың болуын анықтау. Вакуумометрдің көмегімен вакуумды өлшеу. Шыны және кварцты бұйымдарды тазалау және шаю. Құйылған сынапты жинау. Механикалық немесе айналдыру әдісімен сүзу арқылы сынапты тазалау.

Білуге тиіс: сынапты жоғары вакуумды (диффузионды) монометрлердің, алдын-ала сұйылту (форвакуумды) сорғыларының жұмыс істеу қағидасы; көміртек пен сутекті анықтау әдістерінің қысқаша сиапаттамасы; газдың металл қасиетіне ықпалы; вакуум-қыздырғыш әдісінің физикалы-химиялық негіздері; газды талдау әдістері; төмен температуралы конденсаттау әдісінің химиялық негіздері; кедергі электр пешінің құрылымы; сұйық азот, сынап және химиялық реактивтерді пайдалану ережелері; шыны сынапты-вакуум құрылғыларында жұмыс бойынша нұсқаулықтар.
§ 143. Металдардағы газдарды талдау бойынша зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вакуум-балқыту, масс-спектралды және хроматографиялық әдістерімен түрлі қондырғыларда металл ішіндегі газдарды анықтау. Изотопты әдіспен талдау кезінде үлгілер массасын таңдау. Масс-спектрометрді қосу және (шаншу арқылы) шыңдау.Әрі қарай талдау үшін масс-спектрометр және хроматографта газдарды жинау. Вакуумдық қондырғылардағы су кетуді байқау. Сынапты химиялық тазалау.

Білуге тиіс: вакуум-балқыту, хроматографтар, алдын-ала сұйылту (форвакуумды), жоғары вакуумды (диффузионды) сорғылар қондырғыларының құрылымы; ионизаттау және магнитті разрядты манометрлерді қолданудың ережелері; вакуум-балқыту және хроматография әдістерінің физикалық-химиялық негіздері; түрлі изотоптардың қасиеттері; изотопты араластыру әдісі; жоғары жиілікті индукциялық қыздырғыштың физикалық негіздері; негізгі металлдарды балқыту температурасы; металлға айналдыруда металлдан бөлінетін газдарды сіңіру әдістері; айналдурымен күресу әдістері; металлдардағы қазды талдау үшін изотопты әдісті қолдану; вакуумды материалдар – шыны, сынап, майлағыш материалдар, май және т.б. қасиеттері; газдардың металлдар және вакуумдық материалдармен өзара әрекеттесуі; вакуумды өлшеудің физикалық негіздері.
§ 144. Металдардағы газдарды талдау бойынша зертханашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Вакуум-балқыту әдісімен металлдардағы газдарды стандартты емес анықтауын орындау. Масс-спектрометр, хроматографты қолдана отырып, бірнеше газдың барына бір мезгілдегі анықтауды жүргізу. Вакуум-балқыту қондырғыларында анықтаудың қателіктерін бағалау. Талдау жағдайын таңдау: температура, талдау жүргізудің ұзақтығы және т.б. Изотопты және хроматографиялық шыңның өлшемін жүргізу. Өлшеу нәтижелерін өңдеу және жазу. Өлшеуді жүзеге асыру үшін масс-спектрометрді дайындау – вакуумды жүйеде қажетті вакуумды құру, блоктарды қыздыру, күшейткіштерді күйге келтіру. Талдалып отырған газдың изотопты құрамын есептеу. Талдалып отырған үлгіде газдың бар-жоғына есеп жүргізу. Масс-спектрометрде газдарды изотопты талдау. Фондық шыңның маңынасын ашу. Масс-спектрометрде газ қоспаларындағы газдың бар-жоғын сандық анықтау.

Білуге тиіс: РН-метр-детекторлар, хроматографиялық колонкалар, ионоизациялы және магнит-разрядты манометрлемен вакуумметрлердің жұмыс істеу қағидасы; металлдардың газдармен өзара әрекеттесу кезіндегі негізгі заңдылықтары; еру және сорбцияның негізгі қағидалары; радиоактивті және тұрақты изотоптар; электроника негіздері; изотопты араластыру әдісінің мәні, оны металлдағы газдарды талдауда қолдану; вакуумды өлшеудің физикалық негіздері, масс-спектрометрияның физикалық негіздері; вакуумдық тазалық; масс-спектрометрде жұмыс істеу ережелері; вакуум-балқытпа қондырғыларында бірнеше газдың бар-жоғын бір мезгілдегі анықтаудың ерекшеліктері; қателіктерді анықтау әдістері.
§ 145. Металдардағы газдарды талдау бойынша зертханашы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эталоннды газ қоспаларын құру. Сынап, көміртек қышқылы, авот, сутек және эталоннды газ қоспалары бойынша масс-спектрометрлер мен хроматографты күйге келтіру. Масс-спектрометрден су кетуін байқау және оны жою. Газды қоспалардың құрамын анықтау. Изотопты араластыру әдісімен металлдағы газды анықтау кезінде қолданылатын мөлшерлегіш үлгілерді дайындау. Басқыштау үшін газ қоспаларын дайындау. Масс-спектрометр және хроматографтың көмегімен басқыштау. Мөлшерлегіш үлгілердегі массалық және атомдық пайыздарды есептеу. Вакуумдық жүйелердің көлемін калибрлеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Білуге тиіс: масс-спектрометрдің блок-сызбасы; талдау газын артығымен жіберу жүйесі, ионды қайнар көзі, магнитті талдағыш, өлшеу жүйесі, жоғары вакуумды өлшеу және алу жүйесі; масс-спектрометрде газды жалпы және изотопты талдау; изотоптарды бөлу әдістері; металлтану негіздері; оттек-металл жүйесі; сутек-металл жүйесі; азот-металл жүйесі; металл қасиеттеріне газдың ықпалы; металлдағы газды анықтау әдістері; металлдағы қышқылды қалпына келтіру әдістері; металлдағы қышқылды қалпына келтіру температурасын, нитридтердің термиялық диссоциациясы; көміртекпен нитридтерді ыдыраты; су кетуін байқау, оның алдын-алу.

Арнайы орта білім қажет.


§ 146. Люминофорды талдау бойынша зертханашы.

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орнатылған әдістеме бойынша түрлі-түсті теледидар үшін люминофорды талдауды жүргізу. Пикнометриялық әдіспен ұнтақты сынаманың қоюлығын анықтау. Түрлі фракцияларды тұндырудың уақытын есептеу. Сұйықта ұнтақты сынамаларды тұндырудан қисығын алу. Люминофордың түйіршікті метриялық құрамын тұндыру және есептеу қисығын өңдеу. Жинамалы электронды пушкада немесе жинамалы электронды-сәулелі түтікте люминофордың жарықтығын анықтау. Люминофорлардың спектралды сипатын алу, оның түрлі-түсті координаттарын санап, есептеу. Жоғары вакуумды жабдықтың қызмет көрсетуі.

Білуге тиіс: электр, саралау және физикалық химия және оптика негіздері; талдаудың физикалық-химиялық әдістері; қоздыру көздерінің сызбасы; қолданылатын аспаптар мен аппараттарды қолданудың тәртібі мен құрылымы.
§ 147. Қалыптау және шихталық қоспаларды талдау бойынша зертханашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы аспаптарда қалыптау, шихталық, стерженьді қоспаларды, құрылыстық және отқа төзімді материалдарды ылғалдылыққа, механикалық беріктілікке, түйіршіктікке, газ өткізгіштікке сынау. Ұнтақтың жұқалығын, көлемнің өлшем біркелкілігін, кептіру, тұндыру сатысын, көлемді масса және басқа қажетті көрсеткіштерді анықтау. Сынау үшін үлгілерді дайындау. Жұмыс орындарда құрылыс, стерженьді, шихталық, қалыптау материалдардың сапасын тексеру. Өндірісте материалдарды қолданудың дұрыстығын бақылау және орнатылған технологиялық режімдерін сақтау. Орнатылған формалар бойынша сынаулар нәтижесін жазу.

Білуге тиіс: құрылыстық және отқа төзімді материалдар, қалыптау, шихталы, стерженьді қоспалардың қасиеттері мен міндеттері; сынау үшін қолданылатын аппараттар мен аспаптардың жұмыс істеу қағидасы; сынау жүргізу әдістемесі; үлгілерді дұрыс сынаудың және бақылаудың әдістері; электр қыздырғыш аспаптармен жұмыс істеу ережелері; дүргізілген сынау нәтижелерін жазу тәртібі.
§ 148. Қалыптау және шихталық қоспаларды талдау бойынша зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қыздыруға берік балқымалар үшін шихталық және қалыптау қоспаларын сынау. Сынау үшін қолданатын аппараттар мен аспаптарды жөндеу. Отқа төзімді және құрылыс, материалдары, шойынды, болатты, түрлі-түсті құйма мен қыздыруға берік балқыма үшін қалыптау, шихталық және стерженьдік қоспаларды дайындау рецептерін құру.

Білуге тиіс: мүмкін болатын барлық қалыптау, шихталық, стерженьді қоспалар мен құрылыс және отқа төзімді материалдардың қасиеттері мен сипаттамасы; сынау үшін қолданылатын аспаптар мен аппараттардың құрылымы оларды жөндеудің әдістері; қалыптау, шихталық, стерженьді қоспалар, құрылыс және отқа төзімді материалдарды дайындаудың технологиялық процесі; қалыптау, шихталық және стерженьді материалдар мен қоспаларды сапасыз дайындағандықтан құйма ақауларының түрлері; қалып пен стержень кептірудің режімдері.
§ 149. Зертханашы-полярографист

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орнатылған әдістеме бойынша полярографиялық әдіспен құрғақ сынамалардың қарапайым біркелкі бір-екі талдауының түрін жүргізу. Алынған қисық формасы бойынша электролитті сандық және сапалық анықтау, талдау нәтижелерін жазу.

Білуге тиіс: сынамалар материалдары мен ерітінділердің негізгі қасиеттері; талдау жүргізу әдістемесі; талдау нәтижелерін жазу.
§ 150. Зертханашы-полярографист

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысым және терең вакууммен жұмыс істейтін аппаратураны қолдану арқылы орнатылған полярографиялық әдістеме бойынша құрғақ сынамалар мен ерітінділердің стандартты емес талдауын жүргізу. Ерітіндідегі иондардың концентратын анықтау. Металлдық сынамалар талдауын жүргізу (цинк металл құймасы, кадмий және т.б.) Қызмет көрсетілетін жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Білуге тиіс: түрлі типті полярографтар, саралау таразысы және электр құрылғылардың құрылымы; полярографиялық талдау және саралау химиясының негіздері; талдау жүргізу әдістемесі; сынамалардың сапасына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстары.
§ 151. Ультрадыбыстық техника бойынша зертханашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ультрадыбыстық қайта құрушыларды сынау, келістіру, дайындау және есептеу. Өңдеудің технологиялық және физикалық нәтижелері бойынша ультрадыбыстық тербелісінің тиімді параметрлерін орнату. Әдістемелік құжаттаманы жүргізу. Толқынның жазық фронтымен бірпакетті пайдалану ультрадыбыстық электркаустикалық қайта құрушыларымен тәжірибелік сызбалар бойынша берілген жұмыс кешенін орындау. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылығымен қолданыстағы нормативтік құжаттама және тәжірибені қою әдістемесіне сәйкес акустикалық жүйелердің келісілген элементтерін сынау, дайындау және есептеу.

Білуге тиіс: тәжірибені қою әдістемесінде қарастырылған энергетикалық, акустикалық, электрөлшегіш, механикалық, арнайы зертханалық жабдықтар, аппаратуралар мен құрылғылардың құрылымы және күйге келтіру ережелері; толқынның жазық фронтымен бірпакетті орындалуымен арнайы технологиялық міндеттері бар электркаустикалық қайта құрушыларды дайындау технологиясы; тәжірибе қою әдістемесі және қойылатын талаптарға сәйкес акустикалық жүйенің элементтерін келістіру ережелері мен жинақтау технологиясы; бұйымдарды өңдеу режімдерінде тәжірибелік сызба элементтерін келістіру ережелері; тәжірибелік сызбаның элементтері болып келетін белгілейтін қондырғылар мен электр өлшегіш құралдарды реттеу, калибрлеу және келістіру ережелері; оқшаулар материалдары, лактар, клейлер, дәнекерлер, флюстер, ерітінділер, реактивтер өңдеудің технологиясы мен міндеттері, жұмыс орындау процесінде оларды қолдану ережелері; ультрадыбыстық электркаустикалық қайта құрушыларды дайындау үшін қолданатын негізгі материалдарды өңдеу технологиясы, міндеттері және сипаттамасы; энергетикалық, электрөлшегіш және механикалық жабдықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындаудың ережелері; аспаптар құрылуының технологиясы, өнеркәсіптік электроника және электротехниканың негіздері; рұқсат және отырғызу туралы мәліметтер; металл, металлтану физикасы, органикалық және бейорганикалық химияның қарапайым негіздері.
§ 152. Ультрадыбыстық техника бойынша зертханашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толқынның күрделі фронтымен бірпакетті орындалуының электрокаустикалық жүйелері бойынша берілген жұмыстар кешенін орындау кезінде өңдеудің технологиялық және физикалық әсерлері бойынша ультрадыбыстық тербелістің тиімді параметрлерін орнату. Анағұрлым жоғары білікті зертханашының басшылығымен толқынның көлемді-симметриялық және жазық сипаты бар көппакеті орындалу электркаустикалық жүйелері бойынша және дайындау, сынау, келістіру және есептеу гидродинамикалық қайта құрушылар бойынша жұмыстар орындау. Акустикалық жүйелердің келісілген элементтерін сынау, дайындау және есептеу.

Білуге тиіс: көппакетті орындаудың, жазық немесе көлемді-симмертриялық толқын фронтымен, бірпакетті орындаудың толқынның күрделі фронтымен арнайы технологиялық міндеті бар гидродинамикалық және электркаустикалық жүйелерді әзірлеудің технологиясы; тәжірибені қоюға арналған әдістемеде қарастырылған формулар бойынша координатты біліктерде берілген катоид, экспоненттің және т.б. қабысқан сәулелену және шағылысу қабаттарымен акустикалық жүйелердің келісілген элементтерін әзірлеудің технологиясы; гидродинамикалық, ультрадыбыстық қайта құрушыны әзірлеуде қолданылатын негізгі материалдарды өңдеу технологиясы; акустикалық жабдықты пайдалану беріктілігіне сынау әдістері; шек және қондыру жүйесі.
§ 153. Ультрадыбыстық техника бойынша зертханашы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ферритті, магнитострикционды және пьезэлектр өңдегіштер базасында әзірленген түйіншіктерден элемент арқылы немесе біріктіріліп құрылған толқын фронтының жазық немесе көлемді-симметриялы сипатымен көппакетті орындалушы электркаустикалық жүйелер және гидродинамикалық өңдегіштер бойынша берілген жұмыс кешенін орындау кезінде өңдеудің технологиялық және физикалық әсері бойынша ультрадыбыстық тербелістің тиімді параметрлерін орнату.

Білуге тиіс: Ферритті, магнитострикционды және пьезэлектр өңдегіштер базасында әзірленген түйіншіктерден элемент арқылы немесе біріктіріліп құрылған толқын фронтының жазық немесе көлемді-симметриялы сипатымен көппакетті орындалушы арнайы технологиялық міндеттері бар электркаустикалық және гидродинамикалық жүйелерді әзірлеудің технологиясы; парабола, гипербола, тор, сфера типтерінің сәулелену және шағылысу қабатымен қабысқан акустикалық элементтерді дайындаудың технологиясы; әдістемеде қарастырылған формулалар бойынша координатты білікке берілетін эвольвенттер; металл, металлтану, органикалық және бейорганикалық химияның негіздері.

Арнайы орта білім қажет.



жүктеу 5,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау