Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласы



жүктеу 1,83 Mb.
бет5/9
Дата29.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#18379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласы

  1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік орта монополияландырудың қалыпты дәрежесімен сипатталады. Электрмен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер (нарықта мемлекеттік мекемелердің болуы есебінен) және т.с.с. экономикадағы неғұрлым монополияландырылған салалар болып табылады.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалау тұрақты негізде жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша анықталған проблемалық мәселелер мен нарыққа жаңа ойыншылардың кіруіне тосқауылдарды жою жөнінде ұсыныстар әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізіледі. 2016 жылы 30 тауар нарығына талдау жүргізілді, оларды жүргізу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бәсекелестікті қорғау мен дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу жөнінде ұсынымдар жіберілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы саны соңғы 4 жылда 20%-ға ұлғайған жүргізілген тергеп-тексерулер санының өсу үрдісі өзгерді. Мәселен 2013 жылы – 171, 2014 жылы – 185 тергеп-тексеру, 2015 жылы – 232 тергеп-тексеру жүргізілді, 2016 жылы – 244 тергеп-тексеру, олардың ішінде бұзушылықтар анықталған тергеп-тексерулер саны 2013 жылы – 160 тергеп-тексеру, 2014 жылы – 165 тергеп-тексеру, 2015 жылы – 200 тергеп-тексеру, 2016 жылы – 205.

Осылайша аяқталғандардың жалпы санынан бұзушылықтар анықталған тергеп-тексерулердің үлес салмағы 2013 жылы – 93,6%-ды, 2014 жылы – 92%-ды, ал 2015 жылы – 86,2%-ды, 2016 жылы – 84%-ды құрады.



2013 – 2016 жылдардағы бұзушылықтардың түрлері бойынша тергеулер құрылымы нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары мен келісімдерінің саны мынадай:

ДЭФ ЖБИ көрсеткіштері бойынша Қазақстанның 2016 жылғы позициясы: «Нарықтарды монополияландыру дәрежесі» бойынша – 69-орында (2015 жылы – 57-орын, 2014 жылы – 68-орын, 2013 жылы – 78-орын); «Жергiлiктi бәсекелестіктің қарқындылығы» бойынша – 106-орында (2015 жылы – 94-орын, 2014 жылы – 111-орын, 2013 жылы – 120-орын); «Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі» бойынша – 83-орында, (2015 жылы – 68-орын, 2014 жылы – 94-орын, 2013 жылы – 91-орын).

Монополияға қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылы Қазақстан Республикасының негіз қалаушы бірқатар Заңдары қабылданды.

2015 жылғы 22 сәуірде «Сары беттер қағидалары» («Yellow Pages Rule») қағидаттарын заңды түрде бекітетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.

Сондай-ақ осы Заңмен монополияға қарсы органның кәсіпкерлік ортада мемлекеттің орынсыз қатысуын анықтау тұрғысынан тауар нарықтарына жыл сайынғы талдау жүргізуін бекітетін норма енгізілді, нәтижесінде бәсекелестік ортаға беруге тиесілі мемлекеттік компаниялар мен қызмет түрлерінің тізбесі Үкіметке жіберілетін.

Тізбені қалыптастыру барысында да Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасын (бес таңбалы ЭҚЖЖ) өзектілендіру және 92 жаңа қызмет түрімен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілді.

2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңның нормалары «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына имплементацияланды.

Монополияға қарсы саясатты жетілдіру бойынша жұмыстағы маңызды қадам монополияға қарсы органның жұмысы тұжырымдамасының өзгеруі және оны ЭЫДҰ елдеріндегі бәсекелестікті қорғау қағидаларына сәйкес келтіру болып табылады, бұл елдің тауарлық нарықтарында бәсекелестікке одан әрі жетілдірілген жағдайлар жасауды, осылайша ЕАЭО масштабында және ДСҰ шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті арттыруды білдіреді.

Кәсіпкерлікті реттеу саласындағы заңнаманы шоғырландыру шеңберінде «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының барлық нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қазанда қол қойған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің «Экономикалық бәсекелестік» деген бөліміне имплементацияланды.

Бұдан басқа Кәсіпкерлік кодексте бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, атап айтқанда: нарық субъектілерінің үстем жағдайын айқындау өлшемшарттарын өзгертуге; үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін жүргізуді және олардың есептілігін кезең-кезеңмен күшін жоюға; хабарлау институттарын, келісу комиссиясын енгізуге бағытталған бірқатар түзетулер қабылданды.

Монополияға қарсы органның жоспарлы жұмысы нәтижесінде 2016 жылдың маусымында Қазақстан ЭЫДҰ-ның Бәсекелестік бойынша комитетінің құрамына кірген Орталық Азиядағы бірінші ел болды. Онда кіргеннен кейін республика алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасуға және ең озық бәсекелестік тәжірибелерді енгізуге, әлемнің ең дамыған елдерімен интеграцияны күшейтуге мүмкіндік алады.

ЭЫДҰ-ның ұсынымдары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мен саясатын қорытынды шолу нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік кодексіне монополияға қарсы заңнаманы, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына уәкілетті органның жұмыс тәртібін нақты регламенттей отырып, сәйкес келтіруге, сондай-ақ монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізудің тиімді құралдарын енгізуге бағытталған қосымша түзетулерді енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 28 желтоқсанда қабылданды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қазіргі уақытта бәсекелестіктің дамуына кедергі келтіретін мынадай өзекті проблемалар бар:

Мемлекеттік органдардың экономикалық процестерге негізсіз араласуына байланысты әкімшілік кедергілер. Мұндай фактілер жаңа қатысушылардың нарыққа кіру ынталарын төмендетіп, өндірістік емес шығасыларды арттырады және сыбайлас жемқорлық үшін және «әкімшілік» деп аталатын ресурстың пайда болуына жағдай жасайды.

Нарықтың басқа субъектілерімен бәсекелесуге жағдай жасалған салалардағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қалыптасуымен және қызметімен байланысты институционалдық проблемалар. Мұндай субъектілердің қызметі олардың айрықша мәртебесі мен әкімшілік және саяси ресурсты пайдалану мүмкіндігіне байланысты аса айқын емес.

Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтар санының өсуі. Көп жағдайда соңғы жылдары бұзушылықтар бәсекелестік келісімдермен және келісілген іс-әрекеттермен және нарық субъектілері тарапынан бәсекелестікке қарсы әрекеттердің шығуына байланысты болады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Бәсекелестігі дамымаған нарықтар санының ұлғаюы

Тауар нарықтарындағы жағдайды жақсарту бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына ұсыныстар жіберу


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау