Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 1,83 Mb.
бет3/9
Дата29.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#18379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ішкі сауда саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Сауда саласы отандық экономиканың басты секторларының бірі болып табылады, онда 2015 жылы 1,3 миллионнан астам адам жұмыспен қамтылған, 2014 жылы – 1,2 миллион, 2013 жылы – 1,3 миллион адам немесе шамамен экономикалық белсенді халықтың 14,6 %.

ЖІӨ құрылымындағы ішкі сауда үлесі тұрақты деңгейде және 2015 жылы 16,7% (2014 жылы – 15,5%, 2013 жылы – 14,7%) құрады.

2015 жылы – 99,6% (алдын-ала деректер бойынша), статистика деректері бойынша бөлшек сауда айналымы 2014 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді, ал (салыстырмалы бағада) 2014 жылы ФАИ – 107,9%, 2013 жылы – 116,0%.

Республиканың көтерме сауда айналымы 2015 жылы 2014 жылғы деңгейде сақталды (салыстырмалы бағада), 2014 жылы – 106,2%, 2013 жылы – 112,2% құрады.

2015 жылы интернет арқылы жүргізілген бөлшек сауда көлемі 50,9 миллиард теңгені немесе бөлшек сауданың жалпы көлемінің 0,8 % құрады (алдын ала деректер бойынша 2013 жылы тиісінше – 28 миллиард теңге немесе 0,5%, 2014 жылы – 41,3 миллиард теңге немесе 0,7%). Негізгі үлес косметикалық тауарлар мен туалет бұйымдарына (ғаламтор арқылы жүргізілген бөлшек сауданың жалпы көлемінен 21,5 %), компьютерлерге, көмекші жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге (11,1%), автомобильдерге арналған бөлшектер мен керек-жарақтарға (11%) тиесілі.

Электрондық көтерме сауда айналымы 65,7 миллиард теңгені немесе көтерме сауданың жалпы көлемінің 0,4%-ын құрады (алдын ала деректер бойынша тиісінше 2014 жылы – 50,8 миллиард теңге немесе 0,3%, 2013 жылы – 53 миллиард теңге немесе көтерме сауданың жалпы көлемінің 0,4%-ы).

Электрондық саудаға ақы төлеу, әдеттегідей қолма-қол ақшамен (респонденттер жауаптарының 61,4%), банк және пошта аударымдарымен (74,1 %) жүзеге асырылады.

Тауарларды жеткізу тәсілдерінің ішінде сатып алушылардың тауарларды өздерінің әкетуі (респонденттер жауаптарының 66,5 %) ең көп үлесті құрайды, сондай-ақ бөгде ұйымдардың курьерлік қызметтері (42,4%) пайдаланылады, көлік компаниялары (35%) тартылады, кейбір кәсіпорындардың жеке курьерлік қызметтері бар (32,5 %).




2013-2015 жылдардағы бөлшек және көтерме сауда айналымы (млрд. теңге)
Сауданың негізгі көрсеткіштерін жақсарту және ішкі, оның ішінде биржалық және электрондық сауда салаларындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Қолданыстағы сауда объектілерінің сыныптауышы қайта қаралды, ұғымдық аппарат және оның талаптары әзірленді. Тұтастай алғанда сауда объектілері стационарлық, стационарлық емес және сауда базарларына бөлінді. Стационарлық өз кезегінде сауда алаңының ерекшеліктері бойынша 5 санатқа бөлінді.

Сауда базарлары да жетілдірілді, олар арнайы және әмбебап болып бөлінеді. Бұл ретте Сауда қызметін реттеу туралы заңда әмбебап сауда базарларын стационарлық сауда объектілеріне астананың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, облыстық маңызы бар қалалардың аумағында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көшіру көзделген.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Ішкі сауданың дамуында оң үрдістер бірқатар проблемалардың сақталуымен сүйемелденеді. 2015 жылы нарықтағы және жеке кәсіпкерлер саудасының үлестік салмағы бөлшек сауда көлемінде 47,5% (жедел есептілік деректері бойынша, 2014 жылы – 44,9%, 2013 жылы – 47,3%) құрайды.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Сауда секторының инвестициялық тартымдылығының төмендеуі

Заманауи сауда форматтары мен сауда инфрақұрылымын дамыту мақсатында қолдау шараларын көрсету жөніндегі мәселелерді пысықтау


Бюджет саясаты саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Қазақстан экономикасына жаһандық дағдарыстың теріс ықпал етуі жағдайында Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына жолдауындағы кешенді дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта құрулардың 5 бағытының бірі «Бюджет саясатын оңтайландыру» бағыты айқындалған.

2020 жылға дейін бюджет саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі негізгі тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) айқындалған.

Тұжырымдамаға сәйкес бюджет саясатының негізгі қағидасы тапшылық мөлшерін басқару болып табылады.

2015 жылы ЖІӨ-ге қатысты мемлекеттік бюджет тапшылығы 2,2% құрады. Ағымдағы кезеңде (2016 жыл) оны 2,0 % дейін төмендету жоспарланған.

Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын 2014 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 9,2 %-дан 2015 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 9,8 %-ға дейін және 2016 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 10,6 %-ға дейін ұлғайту мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде мұнай кірістері үлесінің 2014 жылғы 36,2 %-дан 2015 жылғы 40,3 %-ға дейін және 2016 жылғы 41,6 % дейін артуына байланысты.

Мәселен, республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт көлемі 2014 жылғы 1 480,0 миллиард теңгеден 2015 жылы 1 702,0 миллиард теңгеге дейін және 2016 жылы 2 880,0 миллиард теңгеге дейін (АҚШ долларына 360 теңге бағамы кезінде 8 миллиард АҚШ доллары) ұлғайды.

Бұдан басқа «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын да қаржыландыру үшін 2015 жылы республикалық бюджетке Ұлттық қордан 754,4 миллиард теңге көлемінде, 2016 жылы 752,9 миллиард теңге көлемінде нысаналы трансферт тартылды.

Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау үшін (2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 22,0%-дан көп емес) мемлекеттік бюджет тапшылығы оны 2020 жылы және одан кейінгі жылдары да осы деңгейде ұстай тұрып, 2018 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,0 % дейін төмендетіледі.

Тапшылықтың төмендеуі, мұнай емес сектордан түскен кірістердің өсуі және Ұлттық қорды шектеулі пайдалану шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын санамағанда мұнай емес тапшылықты 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,0 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бюджет тапшылығының мөлшері үкіметтік борыштың тұрақтылығын қамтамасыз ету және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту арқылы айқындалатын болады.

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекелестік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде «Бюджет сальдосы» көрсеткіші бойынша 2013 жылы (2012 жылдың деректері бойынша) 13-орында болатын, 2014 жылы (2013 жылдың деректері бойынша) 4 позицияға жақсара отырып, 9-орынды иеленді, 2015 жылы (2014 жылдың деректері бойынша) – 10-орын, 2016 жылы (2015 жылдың деректері бойынша) – 108-орын.

Бұл көрсеткіш бойынша қол жеткізілген жоғары деңгейді сақтап қалу үшін бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты төмендету ғана емес, сол сияқты Ұлттық қордағы жинақтарды да ұлғайту керек.

Жаңа жаһандық болмыс пен әлемдік экономиканың қолайсыз даму үрдістерінің ұзақ мерзімділігін ескере отырып, Ұлттық қорды пайдалануға ұқыппен қарап, оны қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына сақтау қажет.

Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және оның жинақтау функциясын күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 794 Жарлығымен Ұлттық қордағы азайтылмайтын қалдық қаражаты ЖІӨ-нің 20%-нан 30%-на дейін ұлғайтылды.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттің жыл сайынғы белгіленген мөлшері 8 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Ұлттық қор қаражаты ЖІӨ-нен 30 % азайтылмайтын қалдықтан төмен емес көлемде ұсталатын болады.

Мұнай түсімдерін тәртіппен және тиімді басқару саясаты жалғасады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сыртқы факторлардың теріс ықпалын төмендету мақсатында контрциклды бюджет саясаты жалғасады.

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсер ететін бюджет қаражатының көлемін айқындауға, бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.

Мемлекеттік шығыстар көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.

Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел шаралар алдын ала қабылданатын болады.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша одан әрі жұмыс орта және ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстандағы бюджет саясатының тиімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін проблемаларды шешуге бағытталған.

Бірнеше жылдар бойы мемлекеттің ағымдағы шығыстары мен міндеттемелерінің ұлғаю үрдісі байқалуда.

Бұл ретте кіріс базасы өспейтін салық салу саясаты перспективада өсіп келе жатқан міндеттемелерге сәйкес келмеуі мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңде бұл мемлекеттік қаржының теңгерімсізденуіне алып келуі мүмкін.

Кіріс базасын кеңейту үшін қолданылатын шаралармен қатар бюджет саясатының басымдығы болып мемлекеттік қаржының тұрақтылығын сақтау, бюджет қаражатын қатаң үнемдеу және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру болады.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі

Ұлттық қор қаражатын шектеулі пайдалану, мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру және бюджет тапшылығын 2020 жылға дейін ЖІӨ-ге қатысты 1 % деңгейінде ұстап тұру арқылы бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету.


Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2020 жылға дейін мемлекет міндеттемелерін басқару саясатын іске асыру жөніндегі негізгі тәсілдер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында айқындалған.

Мемлекеттік борышқа жүргізілген талдау соңғы жылдар ішінде мемлекеттік борыштың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің өскенін көрсетеді. Мәселен, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 2013 жылы ЖІӨ-ге қатысты 12,5% құрады, 2014 жылы – ЖІӨ-ге қатысты 13,9%, 2015 жылы – ЖІӨ-ге қарағанда 22,1% құрады.

2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 10 633,2 миллиард теңгені (31,4 миллиард АҚШ долларын) құрады. Мемлекеттік борыштың жалпы көлеміндегі үкіметтік борыштың үлесі 85,4% немесе 9 076,5 миллиард теңгені құрайды. Қалған бөлігі (14,6%) Ұлттық Банктің борышына – 1 552,2 миллиард теңге және жергілікті атқарушы органдардың борышына – 4,2 миллиард теңге тиесілі.

Қазақстан ДЭФ ЖБИ рейтингінде «Мемлекеттік борыш, ЖІӨ %» көрсеткіші бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша 14-орынды иеленді, 2014 жылдың қорытындысы бойынша – 11-орын, 2015 жылдың қорытындысы бойынша – 12 орын.

Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау үшін мемлекеттік бюджет тапшылығы 2018 жылы оны 2020 жылға дейін бір деңгейде ұстап, ЖІӨ-ге қарағанда 1,0 % дейін төмендетіледі. Бұл жағдайда ЖІӨ-ге қарағанда мемлекеттік борыш 2020 жылы 21,0 % дейін төмендейді.

Тұтастай алғанда 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш деңгейі қолайлы деңгейде және ол елдің дамуына және экономиканың орнықтылығына қауіп төндіретін шектерден аспайды.

Ұлттық қор қаражатын тиімді басқаруды жақсарту үшін Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес жаңа жаһандық жағдайда Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Ұлттық қор қаражаты ЖІӨ-нің 30 % азайтылмайтын қалдығынан төмен емес көлемде сақталатын болады.

Сонымен қатар қаржы нарығын одан әрі дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер 2014 жылы қабылданған 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында айқындалған.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы жүйесі жеткілікті реформаланған және негізгі халықаралық стандарттарға сай.

90 күннен артық мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 2014 жылы 3 340,2 миллиард теңгені немесе банктердің несие портфелінің 23,5% құрайды, 2015 жылы 1 236,9 миллиард теңге немесе 8%. 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мерзімі өткен қарыздар 1 209,4 миллиард теңгені немесе несие портфелінен 7,9 % құрайды.

Банктердің кредиттік портфельдерін жақсарту бойынша жұмысын жандандыру мақсатында банктер үшін міндетті жұмыс істемейтін борыштардың максималды лимиті 2018 жылға қарай 10%-дан артық емес деңгейде енгізілді.

2. Негізгі проблемаларды талдау

2016- 2018 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік көрсеткіштердің параметрлері бюджет тапшылығын 2018 жылы кезең кезеңмен ЖІӨ-ге қарағанда 1 %-ға дейін төмендетуді болжайды.

Тапшылықпен қалыптастырылған 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет үкіметтік және тиісінше мемлекеттік борыштың одан әрі өсуіне алып келеді.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағаларының төмендеуі

ЖІӨ-ге қарағанда бюджет тапшылығын төмендету және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы жинақтарды ұлғайту арқылы қауіпсіз деңгейде мемлекеттік борышты және Ұлттық қордағы қаражаттың азайтылмайтын қалдығын ұстап тұру.


Салық саясаты саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Салық заңнамасына өзгерістер жыл сайын елдің даму стратегиясына сәйкес мемлекеттің, сондай-ақ салық төлеушілердің де экономиканың, оның ішінде жекелеген салалар бойынша тұрақты дамуына мүмкіндік беретін экономикалық мүдделерінің балансын ескере отырып қалыптастырылады.

Қазақстанда жүргізілетін салық саясатының негізгі бағыттары жағымды кәсіпкерлік орта құру, мемлекеттің стартегиялық мақсаттарын іске асыру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақты одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасау болған.

2013 – 2015 жылдар аралығында Қазақстан салық заңнамасының келесі реформаларын жүргізді:

– халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшін есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту арқылы ерекше салық салу тәртібін енгізу;

– Алматы және Астана қалаларының аэропорттарын қоспағанда, аэропорттар (аэродромдық кешендер, терминалдар) инфрақұрылымдары бойынша заңды тұлғалар үшін мүлікке салық ставкасын 1,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендету;

– халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктері (мүгедектер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедек балалардың ата-аналары) үшін 55-тен 75-ке дейін ең төмен жалақымен жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) төлеу кезінде салық салынбайтын табысты арттыру;

– мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрге дейін бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлік құралдарына салық бойынша жеңілдіктер беру;

– тауарлар импорты кезінде ҚҚС-ты төлеу есептеу тәсілі арқылы жүзеге асырылатын нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту;

– жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін төлем төлеуді алып тастау;

– отарлы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық (бұдан әрі – ШҚФШ) үшін ауыл шаруашылығына арналған жер учаскілерінің жиынтық ауданының шекті мөлшерін арттыру;

– бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнайы салық режимін қолдану бойынша шектеулерді қоюға байланысты ауыл шаруашылығының өндірушілері – заңды тұлғалармен жалпылай бекітілген тәртіпке өткен ШҚФШ үшін салық салудың біркелкі жағдайларын жасау үшін ауыл шаруашылығының өндірушілері – заңды тұлғалар үшін көзделген 70% жеңілдік ШҚФШ-ға да таралады.

Осылайша, салық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде:

– электрондық шот-фактураларды қолданудың міндеттілігі;

– тауарларға электрондық ілеспе жүк құжаттарды қолдану;

– тауарларды алдын ала декларациялау міндеттілігі;

– бірқатар кеден және салық құжаттары мен рәсімдерін (тексерістер кестесінің нысаны, тексеру, тәркілеу актілері және т.б.) біріздендіру;

– ақпараттық жүйелердегі қайталанатын құжаттарды (жарлық құжаттар, банк шоттарын ашу туралы деректер және т.б.) ұсынуды жою қарастырылған.

2016 жылы салық заңнамасына келесідей өзгерістер енгізілген:

1) 2017 жылды қоса алғанда, одан әрі кезеңмен төмендете отырып, ҚҚС (30 000 ЕАК) бойынша есепке қою мақсатында қолданыстағы минималды шектік мәнді сақтау:

– 2018 жылы – 25 000 ЕАК дейін;

– 2019 жылы – 20 000 ЕАК дейін;

– 2020 жылы – 15 000 ЕАК дейін.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында шектік мәнді кезеңмен және біркелкі төмендету жағымды бизнес-ахуалды және шағын және орта бизнеске салық және әкімшілік жүктеме деңгейін сақтауға мүкіндік береді.

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығын іске асыру мақсатында алкогольдік өнімге, шылым өнімдеріне және мұнай өнімдеріне акциздердің фискалдық функциясын күшейту бөлігінде 2017 – 2019 жылдары акциздер ставкаларын кезеңмен арттыру көзделген.

Акциздер ставкаларын арттыру ЕАЭО елдерінен Қазақстанға заңсыз өнімдер ағымын төмендетуге және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

3) Алкоголь өнімінің экспорты кезінде екі реттік салық салуды жою және отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында алкогольдік өнімді өндіру үшін іске асырылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртiне акциздің нөлдік ставкасын бекіту қарастырылған (қолданыстағы ставка – 60 теңге/литр).

Қазақстанның ЕАЭО мүшесі екендігін ескерсек, этил спиртіне акциз салынбайтын Ресей Федерациясының және Белоруссияның тәжірибесі қарастырылды.

4) Коммерциялық анықтау болмағанда, яғни «Carry қаржыландыру» жүйесі бойынша борышты алып тастау кезінде табысты КТС-тан босату мұнай және газды барлау мен өндіруді кеңейту үшін инвесторларды тарту мақсатында елде Ұлттық мұнай операторы «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының стратегиялық серіктестің борыштарын алпы тастаудан табысқа салық салу қайта қарастырылған.

5) Ұлттық операторға сатылатын газга салық салу мәселесін шешу мақсатында газды өндірудің өзіндік құнына байланыстырмай, нақты сату бағасымен ұлттық операторға сатылатын газды сатудан түсетін табысты айқындау кезінде КТС есептеу қарастырылған.

Бұл шара жер қойнауын пайдаланушыларға құны жоғарырақ өндірістік өзіндік құнан емес, сату бағасынан табысты анықтауға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының тауарлық газға ішкі тұтынуын қамтамасыз етеді.

6) Қаржылық секторды тұрақтандыру, NPL төмендету және экономиканы кредиттеу мақсатында Ипотекалық тұрғын үй заемдарын, сондай-ақ КТС және мемлекеттік баждарын қайта қаржыландыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде «жұмыс істемейтін» банктік заемдар көлемін қысқартуға бағытталған ұсынылатын талап өтініштермен банктерді ЖТС және КТС төлеуден босату қарастырылған, бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ әлемдік рейтингте қазақстандық банктер орнын жақсартуға мүмкіндік береді.

7) Салыққа салық салуды болдырмау мақсатында 1997 жылғы 17 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде табиғи нысанда (мұнай) алынатын Қазақстанның үлесіне салық салуды болдырмау қарастырылған.

8) Жер қойнауын пайдаланушыларға білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаражат бөлу мүмкіндігін ұсыну мақсатында қазақстандық кадрларды оқытуға қарастырылған алулар шеңберінде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға жер қойнауын пайдаланушының шығыстарын алып тастауға жатқызу қарастырылған.

9) Ақтау теңіз портына дейін темір жолы көлігімен тауарларды тасымалдау бойынша қызметтерді халықаралық тасымалға жатқызу мақсатында темір жол-паромдық транспортпен тасымалды халықаралыққа жатқызу қарастырылған.

Бұл өзгеріс халықаралық жүк тасымалын ынталандыруға және Ақтау теңіз порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

10) салықтар бойынша өсімпұл және айыппұл сомаларын алып тастау кезінде табыстарға салық салудан босату, бұл салық салынатын табыс мөлшерін төмендету арқылы бизнеске салықтық жүктеме деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

11) ауыл шаруашылығы саласында ШОБ іскерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында келесілер қарастырылған:

– көрсетілген қызметте бұдан бұрын пайдаланған активтерді сатуды жүзеге асыратын шаруа қожалықтарының БЖС қолдану құқығын сақтауы;

– ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арнайы салық режимін қолдануы мақсатында жер учаскісіне меншік құқығының болуы бойынша талапты алып тастау, бұл ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арнайы салық режимін қолдану бойынша кедергіні жояды;

– отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында импортталған асыл тұқымды малдың өлуі және мәжбүрлі сою кезінде ҚҚС есептеу тәртібін өзгерту қарастырылған.

Табиғи кему нормативтері шеңберінде малды мәжбүрлі сою немесе өлуі жағдайларында ҚҚС бойынша жеңілдік тарату асыл тұқымды мал базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Салықтық әкімшілендіру және кедендік реттеу бөлігінде салықтық-кедендік әкімшілендіруді жақсартуға, бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендетуге және салықтық-кедендік реттеу тетіктерін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар түзетулер қарастырылған, олардың негізгілері:

1) салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында сотқа дейін реттеудің жаңа институтын енгізу қарастырылған (апелляциялық комиссия);

2) көлеңкелі экономикаға, көлеңкелі табыстарды жылыстатуға қарсы іс-әрекет ету мақсатында халықаралық өзара әрекеттесуді жетілдіру бойынша нормалар қарастрылған, оның ішінде:

– Қазақстан Республикасының резиденттерінің активтері мен мүлігін қоса алғанда, шетелдегі салық төлеушілердің активтері мен мүлігі туралы өзара негізде ақпаратпен ұдайы алмасу;

– салық саласында өзара әрекеттесу бойынша халықаралық талаптарды орындамау кезінде санкцияларды қолданудан қаржылық секторды қорғау.

1) салық төлеушілерге негізгі қаражаттар есебі жүйесін пысықтауға (әзірлеуге) көбірек уақыт беру мақсатында мүлікке салық мақсаты үшін негізгі қаражаттарды қайта бағалау есебі 2019 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.

2) мемлекеттік органдардың деректер базасының мәліметтерінің өзектілігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету, жалпылай декларациялауды сапалы енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мақсатында жалпылай декларациялауды енгізу мерзімі бір этапқа 2020 жылға ауыстырылды, сондай-ақ:

– декларациялау мерзімін ауыстыру;

– қолма-қол ақша, дебиторлық, кредиторлық борыш, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін өзге де меншік шегі артылған;

– жеке тұлғалардың декларацияны уақтылы емес ұсынуы немесе қайтадан жасалған декларацияда толық емес/расталмаған деректерді көрсеткені үшін әкімшілік айыппұл мөлшерін төмендету.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан салықтық әкімшілендіру саласында мынадай проблемалық мәселелер қалып отыр:

– тиімсіз қосылған құн салығын әкімшілендіру жүйесі;

– салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпорындар санының өсуі;

– салықтық тексерулердің сапасы мен айқындығының жеткіліксіздігі;

– салық берешегін өндіру тетігінің жетілмегендігі.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Әлемдік экономиканың және Қазақстан экономикасының конъюктурасын өзгерту

Қазақстан Республикасы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау