Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



жүктеу 1,83 Mb.
бет6/9
Дата29.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#18379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін реттеу саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Табиғи монополиялар салаларында 1876 қызмет көрсететін 1210 нарық субъектісі өзінің қызметін жүзеге асырады, олардың ішінде: жылумен жабдықтау саласында – 369, электрмен жабдықтау саласында – 156, су шаруашылығы жүйесінде – 908, темір жол көлігі саласында – 321, азаматтық авиация және әуежайлар саласында – 78, газ тасымалдау жөніндегі қызметтер – 36, мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер – 4, телефон кәрізін қолдануға ұсыну жөніндегі қызметтер – 3, теңіз порты қызметі салаларында – 1.

Табиғи монополиялар субъектілерінің ұзақ мерзімдік тарифтер бойынша жұмысқа ауысуын ескеріп, нақты үлесі 2016 жылы 0,990% болжамымен 0,809% құрады, 2015 жылы – 0,998%; 2014 жылы – 0,51%, 2013 жылы – 1,15%.

Табиғи монополиялар субъектілері қызметін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, барлық табиғи монополиялар субъектілерінің қолдану мерзімі бес және одан көп жылға шекті (ұзақ мерзімдік) тарифтер бойынша жұмысқа өтуі бөлігінде табиғи монополия туралы заңнамаға өзгерістер енгізілген.

Мәселен, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 274 табиғи монополиялар субъектісі қолданылу мерзімі бес және одан көп жылға шекті (ұзақ мерзімдік) тарифтер бойынша жұмысқа ауысты.

Әкімшілік кедергілерді азайту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі мен тариф белгілеу процесінің ашықтығын арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы қол қойды.

Осы Заң шеңберінде кәсіпорындардың экономикалық дербестігін ұлғайтуға, үнемдеуді өз бетінше жұмсауға, тарифтік сметаны көтеруге тыйым салуды жоюға, өзге қызметпен айналысу мүмкіндігіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары бірқатар рәсімдерді алып тастауға, тарифті бекіту рәсімдерін біріктіруге, төтенше реттеуші шараларды қолдануды нақтылауға, ақпаратты жариялау тізбесін кеңейтуге ықпал ететін субъектілердің қызметін (өзге қызмет, есептік саясатты келісу, негізгі құралдарды қайта бағалау) бірқатар шектеулердің күшін жоятын өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар қаржылық көрсеткіштері бойынша ғана емес, іс-шаралар бойынша бақылауды, жергілікті атқарушы органдармен бағдарламалардың орындалуын бірлесіп талдауды және бағдарламалардың орындалуын талдау кезінде сапа мен сенімділік индикаторларын есепке алуды қамтитын инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау тетігі күшейтілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі – ЕҚҚДБ) табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты реформалау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде. Мәселен, Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде техникалық ынтымақтастық шоты туралы: «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында зерттеу жүргізілді.

Зерттеудің қорытындысы бойынша 2016 жылы жекелеген табиғи монополия субъектілері базасында пилоттық жобалар ретінде тарифтік саясатты жетілдіру бойынша ЕҚҚДБ ұсыныстарын сынақтан өткізу басталды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Табиғи монополиялар салаларында бүгінгі күнге дейін табиғи монополиялар субъектілері көрсететін қызметтердің желілер мен жабдықтың елеулі тозуына, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өсу себептері мен негізділігі және осындай субъектілердің тарифтерге салынған және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған қаражатты тиімді пайдалануы жөнінде тұтынушылардың жеткілікті түрде хабардар болмауынан көрінген, тұтынушы үшін тариф белгілеудің ашық болмауына байланысты сапасыздығы проблемасы орын алуда.

Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өсуінің негізгі себептеріне отын құнының өсуін, экономиканың реттелмейтін секторларында материалдар және шикізат бағасының көтерілуі, жалақының индексациялануы, негізгі қорларды қайта құру және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыруды жатқызуға болады.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар салаларын мемлекеттік реттеу дәрежесі жоғары.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асуы

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған инфляцияға салымның Министрлік реттейтін қызметтерден асып түсуіне жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау


3-стратегиялық бағыт. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

2016 жылғы 21 сәуірде Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін құруға және қолданыстағыларын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Атап айтқанда, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) өзгерістер енгізілді. Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғау саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен тәсілдерін айқындайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында Заң мемлекеттік органдардың, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді.

Мемлекеттік органдарға жаңа өкілеттіктер берілді, оларға сәйкес тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация беруді және сауаттандыруды жүзеге асырады, оның ішінде тұтынушыларға олардың денсаулығына және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат береді. Бұдан басқа мемлекеттік органдар оннан астам тұтынушының бір мәселе бойынша құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгісіз бір тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді, сондай-ақ тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер, оларды қарау нәтижелері бойынша статистикалық деректерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы ақпаратты жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу бойынша, ақпараттық-ағарту жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады. Бұдан басқа тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның тұтынушылардың шағымдарына жартыжылдық, жылдық талдау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайынғы талдау жүргізу бөлігінде құзыреті кеңейтілді. Үкімет талдаудың негізінде Қазақстан Республикасының Президентіне тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жағдайы туралы жылдық есепті жібереді.

Тауарларды сату, қайтару және айырбастауға қойылатын талаптар жетілдірілді, қызметтер көрсету, жұмыстарды атқару талаптары нақтыланды. Тұтынушымен жасасқан шарттарға енгізілмеуі тиіс тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар айқындалды. Сатушының құқықтары мен міндеттері өзгеріске ұшырады. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтары кеңейтілді.

Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 6 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 2014 жылы – 2135, 2015 жылы 8059, 2016 жылғы 1-жартыжылдықта – 5614 өтініш келіп түскенін атап өту қажет.



2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстырғанда мемлекеттік органның жұмысына тұтынушылық қызығушылықтар 3,8 есеге өскені байқалды.

2016 жылғы бірінші жартыжылдықта 5614 өтініш келіп түскен. Қызмет салалары бөлінісінде: бөлшек сауда – 550 (42%), ТКШ көрсететін қызметтер – 263 (20%), қоғамдық тамақтану – 135 (10%), тұрмыстық қызмет көрсету – 114 (9%), медициналық көрсетілетін қызметтер – 41 (3%), байланыс қызметі – 36 (3%), білім беру қызметтері – 33 (3%), көлік қызметтері – 27 (2%), қаржылық қызметтер – 24 (2%), үлестік құрылыс – 2 (0,1%), туристік қызметтер – 4 (0,2%), қонақ үй қызметтері – 2 (0,1%), өзге де көрсетілетін қызметтер – 85 (9,5%).

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде 2015 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерге алғашқы рет 15,015 мың теңге сомаға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көзделген.

Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту жағдайын, проблемалары мен перспективаларын, тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің одан әрі даму факторларын, тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру бөлігінде мемлекеттік институттарға сенім білдіру деңгейін анықтау болып табылады.

2015 жылы ақпараттық материалдар: журналдар, буклеттер мен брошюралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша оқу-әдістемелік құралдарды дайындау жүргізілді. Тұтастай алғанда:


  • мерзімділігі – тоқсанына 1 рет, тиражы әрбір саны 2000 данадан Журналдың қазақ және орыс тілдерінде 4 саны;

  • қазақ және орыс тілдерінде 2000 дана буклеттер мен брошюралар (1000 буклет және 1000 брошюра) дайындалды.

Тұтынушылық ортаның ахуалын талдау мақсатында Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы неғұрлым өзекті мәселелерді анықтау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама республиканың бүкіл аумағында жүргізілді және оған 1640 адам қатысты. Сауалнаманың нәтижесі тұтынушылардың құқықтары (бөлшек сауда, ТКШ қызметтері, қоғамдық тамақтану және т.б.) бұзылатын неғұрлым проблемалық салаларды көрсетті.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау (бақылау) саласы

Республиканың ішкі нарығын қауіпсіз және сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында Министрлік 2015 жылғы наурыздан бастап халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарының сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді өткізу сатысында оны іріктеу арқылы, сондай-ақ әкелінген және берілген, тіркелген, растау бойынша құжатында әкелінген өнімге сәйкес деп танылған өнімдер арасындағы мәліметтерді салыстыруды талдау негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарының бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін камералдық бақылау жүргізу арқылы өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

Қазақстанның аумағында сертификаттауға және декларациялауға жататын өнімдерді әкелудің бүкіл процесі мен сәйкестікті растау рәсімдерінен өтуін бақылауды көздейтін «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды камералдық бақылау» сервистік бағдарламалық өнім әзірленетін болады.

Аталған тетіктер кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу шеңберінде бизнеске қосымша жүктемесіз бақылаудың өзге нысаны ретінде өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін, тұтынушылар, бизнес және мемлекет мүдделерінің теңгерімділігінің сақталуы ескеріле отырып әзірленді.

2015 жылғы өнім қауіпсіздігін мониторингтеу қорытындысы бойынша 15151 өнім сынамасы іріктеліп, зерттеу жүргізілді, олардың ішінен 3934 сынама немесе 26,0 пайызы Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Анықталған бұзушылық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 1326 ұйғарым берілді.

Ұйғарымдарды уақтылы немесе тиісінше орындамағаны үшін 308 әкімшілік материал қозғалып, сот органдарына жіберілді.

14,5 миллион теңге сомаға 79,7 тонна сәйкес емес өнім сатудан алынды.

Камералдық бақылау шеңберінде 31958 мың тауар позициясын (ойыншықтар, тамақ өнімдері, көлік құралдарының құрамдауыштары) мәлімдеген 84 сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға қатысты талдау жүргізілді, олардың ішінде сәйкестікті растау рәсімдерінен өткендердің деректер базасында барлығы 468 құжат бар.

14 шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі уақытша тоқтататыла отырып, ұйғарымдарды орындамағаны үшін 20 сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға қатысты материалдар әкімшілік соттарға берілді, олардың ішінен бүгінгі таңда 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

Тұтынушылардың хабардар болуы үшін Министрлік: тыйым салынған және қауіпті өнімдердің, сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін, сыртқы экономикалық қызметке жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізеді.

2016 жылдан бастап өнімдерді өткізу сатысында техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау көтерме және бөлшек сауда объектілерін ерекше тәртіп бойынша тексеру аясында жүргізіледі.

Министрлік құзыреті шегінде Кеден одағының 14 техникалық регламенті талаптарының сақталуын бақылауды толық жүзеге асырады, оның ішінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде – 8, парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – 1, жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі – 1, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі – 1, қаптаманың қауіпсіздігі – 1, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі – 2. Басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып, тағы 15 КО ТР бақылайды.

Зерттеулерге мониторинг жүргізе отырып, йодталған ас тұзын және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау жолымен «Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жүзеге асырылуда.

Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен бастап, Министрлік Қазақстандағы байланыс нүктесі кодексі ретінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Алиментариус Кодексі комиссиясымен және басқа да халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін жүйелендіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Министрлік Алиментариус Кодексі Комиссиясымен бірлесіп, 2016 жылғы 3-7 қазанда Кодекстің Еуропалық үйлестіру комитетінің 30-сессиясын Қазақстан Республикасында өткізуді жоспарлап отыр, оған 52 елдің, оның ішінде Орталық Азия өңірінің өкілдері қатысады. Осындай жоғары форматтағы форумның елімізде өткізілуі Қазақстан үшін имидждік іс-шаралар болып табылады және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау мәселелері жөнінде ТМД елдері мен Орталық Азия өңірінің сөзсіз көшбасшының тұрақты позициясының сақталуы, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйесін реформалаудың белсенді жүргізілуі, заңнаманы Кодекстің халықаралық талаптарына сәйкес үндестіру күтіледі.

2. Негізгі проблемаларды талдау.

Тұтынушылар құқықтарының көптеген бұзушылықтарын туғызатын негізгі себептері халықтың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық сауаттылығының төмендігі, сондай-ақ азаматтардың өз құқықтарын іске асыру тетіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы, бәрін қамтитын тұтынушылық білім беру мен ағарту жүйесінің болмауы болып табылады.

Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан ахуал әртүрлі тіршілік салаларындағы мемлекеттік оқу-ағартуды жетілдіру және тиімділігін арттыру қажеттігін айқындайды.

Стандарттар мен әдістемелер болмауы салдарынан көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімі, шырындар, шұжық өнімдері және тағы басқа) тұтынушылар үшін таңбалауда (ақпаратта) көрсетілген құрамы бойынша төлнұсқалығын айқындауда проблемасы бар. Әсіресе бұл проблема болып жатқан интеграциялық процестер (Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру) шеңберінде өзекті болып отыр.

3. Тәуекелдерді басқару




Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Тұтынушылық сауаттылық дәрежесінің төмендеуі

  1. Халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларын (БАҚ, дәрістер, семинарлар арқылы, әлеуметтік желілерде тұтынушыларға арналған ақпаратты тарату) өткізу.

  2. Комитет қызметінің мәселелері бойынша қоғамды және қоғамдық бірлестіктерді оның интернет-ресурсы арқылы үнемі ақпараттандыру.

Сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) әкелу және тұтыну нарығында сату

  1. Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу:

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігін растау туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін мойындауға жүгінген өтініш берушілер туралы, кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынған өнімнің сәйкестігін дәлелдеу ретінде ұсынатын сынақ нәтижелері туралы мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде камералдық бақылау;

2) халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуын анықтау және алдын алу үшін өнімді (тауарларды) іріктеу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.

2. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) әкелуді және сатуды шектеу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу.

3. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) айналымнан алу



Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) өндіру және сату

Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) сатуды шектеу бойынша санитариялық шаралар енгізу.


Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласы

1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өткізетін іс-шаралар жалпы эпидахуалдың тұрақтылығын және инфекциялық және паразиттік аурулар деңгейінің төмендеуін қамтамасыз етті.

2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада тұрақты эпидемиологиялық ахуал белгіленген болатын. Халықтың обамен, тырысқақпен, күйдіргімен, туляремиямен, паратифтермен, дифтериямен, полиомиелитпен, трихинеллезбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Іш сүзегімен, қызамықпен, құтырумен, сіреспемен, безгекпен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жіті вирустық гепатиттермен 45%-ға, иерсиниозбен және эпидемиялық паротитпен 38%-ға, риккетсиоздармен 31%-ға, геморрагиялық қызбалармен 28,5%-ға, тыныс алу органдары туберкулезімен 12%-ға, бруцеллезбен және жоғары тыныс алу жолдарының жіті инфекцияларының 9%-ға, сальмонеллезбен 4%-ға, эхинококкозбен 3,5%-ға, жіті ішек инфекциялармен сырқаттанудың 2%-ға азайғаны байқалды.

2013 жылмен салыстырғанда қызамықпен 18 есеге, жіті вирустық гепатиттермен 2 есеге, листериозбен 1,7 есеге, эпидемиялық паротитпен 1,5 есеге, дизентериямен 25,9%-ға, тыныс алу органдары туберкулезбен 25,2%-ға, ротавирусты инфекциялармен - 14,6%-ға, жіті ішек инфекциялармен 12,8%-ға, бруцеллезбен 9,9%-ға, сальмонеллезбен сырқаттанудың 4,9%-ға азайғаны байқалды.



2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді (бұдан әрі – Заң).

Кәсіпкерлік субъектілердің әкімшілік кедергілерін қысқарту мақсатында Заң шеңберінде тамақ өнімдері кәсіпорындарында ХАССП жүйесін (қауіпті факторлардың талдауы және бақылаудың сыни нүктелері) енгізу кезінде, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің қорытындысы бойынша оң қорытынды алынған кезде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді ерекше тәртіппен өткізілетін тексерулерден босату көзделген.

ХАССП жүйесін енгізу және аудиттің оң нәтижелері объектінің тәуекел дәрежесін бағалауға ықпал ететін болады және, тиісінше, объектіні ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босату өлшемшарты болып қызмет етеді.

Жалпы республика бойынша 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша хабарландыру тәртібі бойынша санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша 16 заңды тұлға өз қызметін бастады.

Бұдан басқа, Заңға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы елеулі емес объектілер бақыланатын объектілердің жалпы санынан 56,0% құрайтын тексерулерден ерекше тәртіппен толығымен алынды және қызметін жүзеге асыруының басталуы туралы хабарлама сипатына ауыстырылды.

2. Негізгі проблемаларды талдау

Проблемалардың бірі – бұл ата-аналардың вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы вакцинациялаудан бас тарту жағдайлары болып табылады.

Жыл сайын республика бойынша 6000-ға жуық ата-ана, көп жағдайларда діни нанымдары бойынша, өз балаларын егуден бас тартады. Бұдан басқа егулерден бас тартудың уәждемесі егу жүргізілетін инфекцияны жұқтыру тәуекелі жоқ деген наным, егуден кейінгі жанама көріністерден қорқу, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз мақалалар болып табылады.

Сондай-ақ аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларды шетелден әкелу қаупі туындайды.

Қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процестер, тауарлардың, адамдар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы, Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулері тіркелетін аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың әкеліну қаупіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың асқыну тәуекелін ұлғайтады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 90-бабының 4-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар олар жүзеге асыратын қызметіне сәйкес санитариялық ережелерде көзделген талаптарға сәйкес өндірістік бақылау жүргізуге міндетті. Қолданыстағы заңнамада өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қатысты талаптардың болмауына байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға және бақылауға жататын объектілерде өндірістік бақылауды ұйымдастырып жүргізуге бірыңғай талаптарды айқындау қажеттілігі бар.

Осыған орай, қызмет түрлері бойынша (денсаулық сақтау, білім беру және тәрбиелеу, коммуналдық, өнеркәсіптік, радиациялық тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және т.б. объектілерінің) зертханалық-аспаптық өлшеулердің көлемдерін, өлшемшарттары мен кезеңділігін айқындайтын өндірістік бақылауды жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актіні бекіту жоспарлануда.

3. Тәуекелдерді басқару


Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

1

2

Шетелден аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларды әкелу қаупі

Мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пункттерде шетелден келетін азаматтарға, бақыланатын тауарларға, көлік құралдарына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру

Өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және тіршілік ортасы үшін қауіпсіздік және (немесе) зиянсыздық қауіпі

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылау объектілерінде ұйымдастыру және жүргізу


жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау