Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


-бөлім. Саланың/аяның басым бағыттары



жүктеу 1,83 Mb.
бет7/9
Дата29.05.2018
өлшемі1,83 Mb.
#18379
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3-бөлім. Саланың/аяның басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Салалық және кәсіптік өзін-өзі реттеуші ұйымдарға мемлекеттік органдардың функцияларын беру

100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 97-қадамы шеңберінде бәсекелес ортаға функцияларды беру бойынша мынадай алгоритмді енгізу жоспарланып отыр:

- жыл сайын мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру тұрғысынан түгендеу жүргізуі;

- нарықтың дайындығына талдау жүргізу. Бәсекелес ортамен және үкіметтік емес сектормен тиімді өзара іс-қимыл бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына және «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ негізгі рөлге ие;

- түгендеу және нарық дайындығын талдау негізінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынымдар қалыптастырылады;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған ұсыныстардың негізінде мемлекеттік органдар функцияларды нарыққа тікелей беруге кіріседі.

2017 жылы мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша негізгі қағидаттарды бекіту жөніндегі тиісті заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр.
2-басымдық

Экономикада мемлекеттік меншіктің үлесін ЕЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін - 2020 жылға қарай ЖІӨ-ден 15 % төмендету, сондай-ақ мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру.

2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес ұлттық экономикадағы мемлекеттің қатысу үлесін 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қарағанда жалпы қосымша құн қатынасы бойынша 15 %-ға төмендету жоспарланып отыр.

Қазақстан экономикасындағы мемлекеттің қатысу үлесін төмендету бірқатар бағдарламалар мен жоспарларды:

- Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын;

- «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациялау бағдарламасын;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіндегі «Yellow Pages» қағидаттарын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының 3-тармағына сәйкес жыл сайынғы негізде тауарлық нарықтардағы бәсекелестік жағдайға талдаулар жүргізіледі, олардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын (50%-дан артық) заңды тұлғалар тізбесі, сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге жататын қызмет түрлері бойынша ұсыныстар жіберілетін болады.
3-басымдық

Статистикалық ақпараттың анықтығын қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында сапалы жоспарлауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистиканың анықтығын қамтамасыз ету қажет екендігі туралы айтып өткен болатын.

«Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу» деген 91-қадамды іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылдық білдірілді, сондай-ақ бірқатар заңға тәуелді актілер әзірленді.

Статистикалық деректердің сапасы мен анықтығын арттыру мақсатында мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

- мемлекеттік статистика жөніндегі уәкілетті органның байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу құқықтарын бекіту;

- ЭЫДҰ-ға мүше елдерде қолданылатын индикаторларды кезең-кезеңмен енгізу;

- мемлекеттік статистика жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету.
2-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын арттыру

Бұл басымдық Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған.

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты мемлекеттік қаржының тұрақтылығын күшейтуге және Ұлттық қор қаражатын одан әрі нығайтуға бағытталатын болады.

Бұл басымдыққа қол жеткізу мемлекеттік бюджеттің тапшылығын азайту, бюджеттің мұнай емес тапшылығын азайту, шоғырландырылған бюджеттің оң балансын қамтамасыз ету есебінен, қаражатты жұмсауда үнемдеу мен бюджеттің кіріс бөлігінің толықтығын қамтамасыз ету есебінен өлшенген бюджет саясатын жүргізу арқылы іске асырылатын болады.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жалғастырылып, 2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын шығыстарды жергілікті бюджеттер базасына беру арқылы әкімдердің қаржылық дербестігі мен жауапкершілігі кеңейтілетін болады.

Бұл бағытты дамыту заңнамалық негізде, «2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жолымен жүзеге асырылатын болады.


2-басымдық

Елдің мемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру

Бұл басымдық Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған.

Бұл басымдыққа қол жеткізу:

- 2020 жылға қарай бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қарағанда 1,0% дейін төмендетумен;

- 2015-2017 жылдары республикалық бюджетке борыштық жүктемені1 рұқсат етілген мәндер шегінде (15%-дан аспайды) ұстап тұрумен қамтамасыз етіледі.
3-басымдық

Кедендік ресімдеу кезінде ұсынылатын құжаттар санын қысқарту, кедендік ресімдерді жеңілдету, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау мерзімдерін қысқарту.

2014 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші шақырылымдағы төртінші сессиясының ашылуында айтқан тапсырмасына сәйкес заң шығару жұмысын жүргізу, оның ішінде кедендік рәсімдерді барынша жеңілдету керек болатын құрылымдық реформаның бес бағыты айқындалды.

Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келіссөздер процесі шеңберінде, атап айтқанда кедендік рәсімдерді жеңілдету бөлігінде Одақтың кедендік заңнамасын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілетін болады.
4-басымдық

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

Бұл басымдық «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған. Бұл басымдыққа қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке арналған құқықтық және институционалдық база құрылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік салалары мен формаларын кеңейтетін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Міндеті – мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың мұндай әріптестіктің құралдары мен тетіктерін белсенді пайдалануы.

Бұл басымдық әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту қажеттігіне негізделген.

МЖӘ бюджетті оңтайландырудың нақты құралы болып табылады және әлеуметтік объектілерді салу және реконструкциялау үшін қолданылады. Бюджеттің шектеулілігі жағдайында МЖӘ жобаларын іске асыру барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің стратегиялық мақсатына айналуы тиіс.

Осыған байланысты МЖӘ мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларында МЖӘ жобалары бойынша үлгілік құжаттамалар әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс одан әрі жүргізілетін болады.
5-басымдық

Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру

Қазақстанның жаңа аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру экономикалық мамандану, қоныстандыру жүйесi, экономикалық байланыстардың сипаты ескеріле отырып, сондай-ақ хабтық және шұғыла қағидаттары негiзінде өңірлердің жаңа жiктемесін айқындайтын 2020 жылға дейінгі елдің аумақтық-кеңістіктік болжамдық схемасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде: макроөңірлердің (Батыс, Оңтүстік, Солтүстік және Орталық-Шығыс); орталықтары Астана, Алматы, сондай-ақ Шымкент, Ақтөбе қалалары болып табылатын ірi қалалар-агломерациялар; моно және шағын қалалар, аудан орталықтары, тiрек ауылдық елдi мекендер және шекара маңы аумақтарының экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Орталықтары әлемдік деңгейдегі хаб-қалалар Астана мен Алматыдағы екі агломерацияны дамытудың негізгі бағыты мына қызмет көрсету секторларында (білім беру, медицина, туризм, қаржы, ғылыми әзірлемелер және басқалар) экспорттық әлеуеті бар, әртараптандырылған ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру және дамыту болады.

Макроөңірлерді дамытудағы басымдық ретінде, оның дамуында хабтық қағидатты енгізу және осының негізінде Шымкент, Ақтөбе және Өскемен қалаларын агломерациялық дамыту үшін базаны одан әрі қалыптастыру болады.

Бұл ретте макроөңірлер ішіндегі (моно және шағын қалалар, тірек АЕМ-дер) басқа экономикалық өсу орталықтарының хаб-қалалармен шұғыла қағидаты бойынша байланыс қамтамасыз етілетін болады.

Басқарылатын урбанизациялау саясаты еңбек ресурстарының аумақтық және салааралық жұмылдыруын ынталандыруды, өнімділігі төменнен өнімділігі жоғары экономика секторларына өтуін қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсатта негізгі фокус көші-қон ағымдарын басқарудың тиімді тетіктерін енгізуді қамтамасыз етумен бірге экономикалық өсу орталықтарында жоғары сапалы инфрақұрылымды дамытуға бағдарланатын болады.
6-басымдық

Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн дамыту, экономикалық өркендеу, әлеуметтiк саламаттылық пен азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жалғасатын болады.

«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетті және коммуналдық меншікті кезең-кезеңмен енгізуді көздейді.
7-басымдық

Қазақстанның үшінші елдермен сауда-саттық көлемін 2020 жылға қарай 1,2 есеге ұлғайту

Бұл басымдық Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында айқындалған.

Халықаралық интеграция мен Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысу беретін мүмкіндіктерді пайдалану үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудегі қызметі инвестицияларды тарту мен экспортты ілгерілетуге шоғырландырылатын болады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдар, электр энергетикасы, газ, мұнай және мұнай өнімдері салаларындағы ортақ нарықтар қалыптастырылатын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы мен газ, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне тең қол жеткізу ұсынылатын, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін болады.

Халықаралық қатынастар жүйесіне интеграциялану мақсатында үшінші елдермен преференциялық сауда келісімдерін жасасу жоспарлануда.

Қазақстанның географиялық орналасуы Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін пайдаланылатын болады. Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақтың және Жібек жолы Экономикалық белдеуінің құрылысы бойынша бастаманың ұштасуы маңызды болып табылады.

Халықаралық құқық нормаларына сәйкес сауда саясатын іске асыру және әлемдік қоғамдастықпен неғұрлым терең интеграциялану үшін Қазақстан міндеттемелерді орындайтын, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде көпжақты сауда келіссөздеріне қатысатын болады.
8-басымдық

Адал бәсекелестікті дамыту

Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруінің ең маңызды бағыттарының бірі бәсекелестікті дамыту болып табылады. Бәсекелестік өнімділікті тұрақты арттыру, инновацияларды дамыту және бәсекеге қабілеттілікті күшейту көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 732 Жарлығымен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.

Аталған басымдыққа қол жеткізу:

- нарыққа жаңа нарық субъектілерінің кіруі үшін кемсіту жағдайларын анықтаумен және жоюмен;

- бәсекелестіктің қарқындылығына, жеткізілетін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасына теріс ықпал ететін себептерді жоюмен;

- монополияға қарсы реттеу тетігінің экономикалық тиімділігін арттырумен;

- нарықтар мен бәсекелестіктің дамуы мен еркін жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді анықтаумен;

- экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттік баға реттеуден монополияға қарсы ден қою шараларына кезең-кезеңмен ауысуды жүзеге асырумен қамтамасыз етілетін болады.

Бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында, бәсекелестікті қорғау мен дамытуға (оның ішінде бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін барьерлерді айқындауға), монополиялық қызметтің алдын алу, шектеу мен болдырмауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттің қатысу үлесін төмендету де тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуына әкеп соқтырады.


9-басымдық

Табиғи монополия субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі

Аталған басымдық Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін экономика секторларын дамыту үшін қажетті көрсетілетін қызметтер сапасы байланысты болатын «Қазақстан – 2050» стратегиясында табиғи монополиялар салаларын дамыту және жаңғырту деңгейін айқындау факторларының бірі ретінде айқындалған.

Аталған басымдыққа қол жеткізу үшін, сондай-ақ тарифтердің инвестициялық тартымдылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың сәуірінен бастап табиғи монополиялар субъектілерінің бес жыл және одан артық мерзіммен шекті (ұзақ мерзімді) тарифтер бойынша жұмыс істеуге көшуі басталды.
3-стратегиялық бағыт

1-басымдық

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ұлттық саясатты іске асыруға жұртшылық пен қоғамдық бірлестіктерді кеңінен тарту

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін басшылыққа алынатын принциптер» (1985 жылғы 9 сәуірдегі) 39/248 қарары халықаралық негіз болып табылады.

Осы Қарарға сәйкес негізгі қағидаттардың бірі тұтынушыларды сауаттандыру мен тұтынушылар және басқа да тиісті топтарды немесе ұйымдарды құру еркіндігі, олардың мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау процесінде осындай ұйымдар үшін өзінің көзқарасын айта алу мүмкіндігі болып табылады.

Тұтастай алғанда халықтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы білу деңгейі жоғары емес.

Халықты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына тарту үшін:

1) танымал әлеуметтік желілерде мемлекеттік органның қызметі туралы қызықты фактілер, негізгі ақпараттық мәліметтер орналастырылатын «тұтынушыларды қорғау» бойынша тиісті топтар құру және қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізу тетіктері мәселелерін пысықтау;

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша өңірлік оқу семинарларын өткізу;

3) 2020 жылдан бастап салалар бойынша тереңдетілген оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу;



4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өтініштер келіп түсетін, консультациялар, талқылауға арналған форумдар, сондай-ақ өнімдер, тауарлар туралы ақпарат берілетін ақпараттық-тұтынушылық интернет-порталды ұйымдастыру үшін ҮЕҰ-ды тарту және басқалары жоспарлануда.

4-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы

Елдің жалпыұлттық мақсаттары, нысаналы индикаторлары
«Қазақстан – 2050» стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама


2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру

Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режимін енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру міндетін қоямын: барлық қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге ревизия жүргізілсін және олар барынша тиімді етілсін

Заңнамалық негізде бизнес ұсынылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдайлар жасау қажет. Біздің тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін алып тастай отырып, құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеуіміз қажет

Мемлекеттік жоспарлау және болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру

2020 жылдан бастап салықтық кредиттеу практикасын енгізу

Мемлекеттік секторда корпоративтік басқарудың заманауи қағидаттарын енгізу

2015 жылдан бастап ынталандыру, оның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын компаниялар мен азаматтарды салықтан босату практикасын көздейтін шаралар кешенін әзірлеу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік үшін құқықтық базаны айқындауды жеделдету қажет. Міндеті – мұндай әріптестіктің бүгінгі күнгі ең озық құралдары мен тетіктерін енгізу

Елдің мемлекеттік борышының деңгейін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету




Қазақстан теңқұқылы бизнес-әріптес ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық өсудің жаңа тіректерін құру

Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беруі және бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектесуі тиіс

Жаңа жағдайларды, оның ішінде біздің ЕЭК-ке қатысуымызды, алдағы ДСҰ-ға кіруімізді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараларды қабылдау.

Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуі тиіс.

Шағын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлердің орташа разрядқа көшуі үшін жағдайлар мен алғышарттар жасау.

Өңірлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайларды теңестірудің тиімді жаңа тетіктері қажет.

Шекара маңындағы аумақтарға ерекше назар аударған жөн. Олардың әлеуеті әлі толық ашылған жоқ. Оларды өмір сүруге неғұрлым тартымды ету қажет.

Әйелдерді мемлекеттік және өңірлердегі жергілікті деңгейдегі қоғамдық басқаруға белсенді түрде тартқан жөн. Олардың бизнес ашуы және жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Экономикадағы мемлекеттің рөлін одан әрі оңтайландыру бойынша және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады

Әлемдік экономиканың бірқалыпты өсуі жағдайында Қазақстанда жан басына шаққанда ЖІӨ 12 мыңнан 60 мың АҚШ долларына дейін (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша 2005 жылғы бағалаумен) өседі. Ол үшін 4,3% деңгейіндегі орташа жылдық өсу қарқынына қол жеткізу қажет




Ұзақ мерзімді перспективада экономикалық даму мен ғылымды қажет ететін экономикаға көшу шамасына қарай Қазақстанның ЖІӨ құрылымында көрсетілетін қызметтер секторының үлесі айтарлықтай өседі. Экономикадағы көрсетілетін қызметтер үлесі 70%-ға жуықтайды

ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 %-ға дейін ұлғаяды







Рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру және салықтық әкімшілендіруді жеңілдету







Салықтық-бюджеттік саясат шағын және орта бизнесті дамыту үшін қосымша стимулдарды қамтамасыз ететін болады.







Агломерацияларға біріктірілген, саны шектеулі қалалардың қаржылық, капитал мен адами ресурстарын жұмылдыру қамтамасыз етіледі. Бұл агломерациялар ғылымды қажет ететін экономиканың «өсу нүктелеріне» айналады.







Агломерациялар ел халқын тарту орталығына айналады. Олар сапасы жоғары білім, ақпараттық және көлік қызметтерін ұсыну, бәсекелестікті арттыру, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау есебінен адами капиталды дамытуды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.







Инфрақұрылымдық даму саласында агломерациялардың жиналған оң тәжірибесі орташа кезеңде елдің өзге өңірлеріне таратылатын болады







Бәсекеге қабілетті, «жасыл» және «ақылды» қалалар желісі құрылатын болады.







Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты ұзақ мерзімді перспективада Кеден одағы шеңберінде Қазақстан, Ресей және Беларусь интеграциясын тереңдету жалғастырылатын болады. Ресеймен және Беларусьпен бірге Қазақстан басқа елдердің одаққа еркін қосылуын көздейтін ашықтық қағидатын ұстанатын болады.







Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқан ел ретінде Қазақстанның географиялық артықшылығы Қытаймен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, оның ішінде Қазақстан-Қытай шекарасында өңірлік сауда-логистикалық хаб құру арқылы кеңейту үшін қолданылатын болады.







жүктеу 1,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау