«Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ветеринариялық анықтамалар беру»



жүктеу 82,78 Kb.
Дата01.01.2020
өлшемі82,78 Kb.
#25694

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

4-қосымша

«Ветеринариялық анықтамалар беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгінген күн ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.



7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында (қоса алғанда) сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкес үшін).

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу, ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспорты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруіші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

10. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

1) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі (нашарлауы);

2) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнының қолайсыз аймақ деп белгіленуі;

3) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымда:

жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы көрсетеді;

заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байсанысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ветеринариялық анықтама беру»


мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша


Нысан
______________________________________

(мемлекеттік ветеринариялық ұйымның атауы) __________________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) ЖСН

/ заңды тұлғаның атауы, БСН)

Мекенжайы______________________________

Өтініш нөмірі:


Өтініш
____________________________________ ветеринариялық анықтама беруіңізді сұраймын

(жануарға, жануардан алынатын өнімге мен шикізатқа. жемшөпке)

Байланыс телефоны __________________ E-mail ______________________________________

__________________________________________________________ 20__жылғы _________

(өтініш иесінің тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

ескертпе:* жануарларды тасымалдау кезінде жануардың түрі, паспортының бірдейлендіру нөмірі;



жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты тасымалдау кезінде өнімнің атауы, салмағы, орамасы, таңбалануы, бірдейлендіру нөмірі көрсетіледі.
жүктеу 82,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау