Мазмұны
№
|
|
БЕТ
|
1
|
Кіріспе
|
5
|
2
|
1 бөлім. Технологиялық процестің сипаттамасы және өрт қауіптілігі
|
7
|
3
| 1.1 Зауыттың жалпы сипаттамасы |
7
|
4
| 1.2. Конструктивті шешімдердің сипаттамасы |
7
|
5
|
1.3 Жанудың улы өнімдерінің адам ағзасына әсері
|
8
|
6
| 1.4Өндірістің технологиялық процесі және технологиялық схемасының сипаттамасы |
11
|
7
|
1.4. Өндіріс айналымындағы өртке қауіпті материалдар мен заттардың қасиеті
|
13
|
8
| 1.4.1 Шаңның физика-химиялық негізінің сипаттамасы |
13
|
9
| 1.4.2 Өрт жарылыс қауіпсіздігінде шаңдардың және ауа шаң қосындыларының көрсеткіштері |
15
|
10
| 1.4.3 Шаң әуе қосындыларының тұтануы, жануы және жарылуы |
17
|
11
| 1.5 Мақта зауытының өрт қауіпсіздігі |
21
|
12
| Болім 2. Мақта өндіретін кәсіп орындарына қойылатын өрттің алдын алу талаптары |
24
|
13
| 2.1 Өрттің алдын алу талаптары |
24
|
14
| 2.2 Жалпы талаптар |
27
|
15
| Бөлім 3 . Құрылыс конструкциясының сараптамасы |
34
|
16
| Бөлім 4. Ғимарат ішінде өрт жарылыс және өрт қауіпсіздігі бойынша категориялардың есебі |
39
|
17
|
4.1 Апаттың болу сәтінде шаңның максимальды жиналу мүмкін көлемі
|
39
|
18
| Бөлім 5. Жерге тұйықтау және найзағай қорғанысының тексеру есебі |
40
|
19
| 5.1. Қайтадан жерге тұйықтаудың тексеру есебі |
41
|
20
| 5.2. Найзағайдан қорғаудың тексеру есебі |
44
|
21
| Болім 6. Статистикалық электрден қорғау |
46
|
22
|
6.1 Статистикалық электрдің жану қабілеттілігі
|
46
|
23
|
Бөлім 7. Инженерлі-техникалық ұсынылатын іс-шаралар
|
49
|
24
| 7.1 Жарылысқа қауіпті концентрацияның жасалу себептерін талдау |
49
|
25
| Бөлім 8. Ұсынылған инженерлі-техникалық іс-шаралардың экономикалық негізі |
56
|
26
|
Қорытынды
|
60
|
27
| Әдебиеттер |
61
|
Кіріспе
Материалды- техникалық база бағдарламасының іс-жүзіне енуі, өндіріс сферасына байланысты саланың жоспарлы және біркелкі дамуымен байланысты жүзеге асырылады.
Міне, осыдан өндіріс технологиясында бірқатар көптеген маңызды өзгерістер болады, ол болса жиі өрт жарылысының қауіптілігінің жоғарлауына алып келеді.
Экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттары, мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жылдамдатылған концепциялары дамыған. Жылдамдатудың басты факторы өндірісте ғылыми-техникалық және халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық қайта құру негізінде қарқындалуы қажет.
Өндірістік процестің барлық этаптарында, сонымен қатар сақтап және тасымалдау кезеңінде де, өрттің жарылыс қауіпі пайда болуы мүмкін.
Кәсіпорында іс-жүзіндегі заңдылық бойынша ұйымдастыру жүйесі, техникалық, санитарлы-гигиеналық және құқықтық іс-шаралары жүзеге асырылады.
Жұмысшыларды өндірістік жарақаттан және кәсіби ауралардын қорғау бойынша шаралары нормативтік құжаттарға сәйкес қатаң регламенттелген.
Өрт сөндіргіш жүйесінің шаралары және жарылысты ескерту бағыттары өрттің пайда болу немесе мақтаны қайта өңдеу объектілерінде жарылыстың болу мүмкінділігін толықтай жоюға бағытталаған. Мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындарында өрттен қорғау ретінде өрт дабылының автоматты жүйесі орнатылады. Әдетте, бұл шаралардың барлығы жеткіліксіз, себебі кәсіпорынның салаларында әлі де өрт пен жарылыстар болып жатыр. Ол болса, адамдардың жарақатына және үлкен материалдық шығындарға алып келеді.
Өрт және жарылыс өздерінің негізінде бақыланбайтын процеске түрлі жанғыш заттардың тотығып, олардан жылу энергиясының бөлінуіне алып келеді. Тотығу процесінің жылдамдылығы бойынша бұл екі құбылыс әртүрлі топтарға бөлінеді.
Еңбек жағдайларын қауіпсіз және апатсыз жағдайлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы үлкен болады. Олардың нәтижелері нормативті-техникалық құжаттарды, тиімді жобаларды және конструтивті шешімдерді өңдеу үшін негіз болады, сонымен қатар мақтаны өңдеуге байланысты объектілерде жаралысты ескерту және жарылыстан қорғау бойынша талаптары қазіргі заманға жауап береді.
Мақтаның өрт қауіпсіздігі және оның бастапқы өңделген өнімдері өртке қауіпті құрылымы келесідей сипатталады:
тұтануға және жануға төменгі температура жеткілікті;
тұтану көздері төмен заттардан жанудың икемділігі;
химиялық және жылулық байланыстан өзінен өзі жануына икемділігі;
үлкен жылдамдылықпен жоғарғы қабатта оттың таратылуы.
Мақта-шикізатының тұтану және жануы газ пішінді фазада іс жүзіне асырылады. Жылулық әрекеттерге ие болады, молекулалар ылғалдылығын жоғалтады, осыдан кейін газ пішінді өнімдерді бөлуден ыдырау процесі басталады. Бұл өнімдер, ауаның кислородымен араласып, қызу барысында қышқылданады.
Жалынның ашық әрекеттерінің барысында талшықты материалдардың жоғарғы қабатында ылғалдылық буланады, осыдан талшықтың сыртқы қабаты ыдырап, оттың жалынымен қатынасқа түседі. Ыдырау процесінен жанғыш газдар пайда болады, олар тұтану температурасына дейін қызып, жанып кетеді. Нәтижесінде жоғары температурада газдардың жануында талшықтың жоғарғы жағы қызады және оның келесі қабаты ыдырайды. Осы үлгіде, ашық оттың әрекетінде талшықты материалдардың оның құлап ыдырау өнімдері жанады, мұнда жану процесі жоғарғы сипаттй көрсетеді. Материал ішінде құралған газ пішінді өнімдердің ыдырауы сыртқа талшықтың тесіктері және тереңдетілген массамен шығады. Жану барысында, газдың жоғарғы қабатында пайда болған талшықтың сыртқы қабатын ауадан бөледі және жаңа кислородтың келуіне кедергі жасайды. Нәтижесінде өнімнің ыдырып жануынан пайда болған оттың алауы өше бастайды. Талшықтың түпкі қабатында шіру басталады, нәтижесінде қосымша жылу пайда болып, кейіннен талшық массасының ыдырауына алып келеді. Мақта-шикізатының жоғарғы қабат бойынша жануы алаулап (диффизионды) немесе алауламай (гетерогенді) түрінде жануы мүмкін, яғни бықсу түрінде болады.
Дипломдық жобаның мақсаты Шымкент қаласындағы мақта зауытына өртке қарсы жүйесін зерттеу нысаны болып табылады. Дипломдық жобаның мақсатын орындау үшін келесі тапсырмалар алға қойылады:
өндіріс техналогиялық процесінің өрт қауіппін анаықтау.
өрт қауіпті аймақтарды анықтау, жанғыш қатармен материалдарды сақтау, тасымалдау және өндіру орындарны анықтау.
өрттің таралуын шектеу және өртті сәтті сөндіру бойынша техналогиялық процестің өртке қарсы қорғау жобасын әзірлеу.
1 бөлім. Технологиялық процестің сипаттамасы және өрт қауіптілігі
Зауыттың жалпы сипаттамасы
Мақта зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында орналасқан. Бұл зауытқа ең жақын теміржол станциясы 3 км орналасқан. Зауыттың территориясында тұйық тармағы бар.
Ол жердің ауданы мен көлемі 220 х 150 м = 2,8 га құрайды.
Тізім бойынша жалпы қызметкерлердің саны 210 адамды құрайды, оның ішінде 190 адам жұмысшылар.
Зауыттың бас корпусы бір этажды өнеркәсіптік ғимарат. Оның көлемі 48,1 х 24,0 х 6,0 м. құрайды. Бұл корпуста орналасқандар:
Мақтаны тазалау бойынша цехы;
Бақылап-қабылдау бөлімі;
Май үйлестіруші;
электр-жөндеу, слесарь-механикалық, электро-дәнекерлеуші шеберханалары;
жылу және санитарлы буындар.
1.2. Конструктивті шешімдердің сипаттамасы
Мақтаны тазалау бойынша ғимарат колонналар қадамымен 6 м. және биіктігі 9м. Құрылыс ауданы 9020 м2, жалпы ауданы 8656 м2 және құрылыс көлемі 63900 м3.
Ғимараттың жер қозғалысына сеймикалығы 8 балға дейін есептелген. Сыртқы қабырғалары керамзитбетонды панельдер қалыңдылығы 240 мм. Сонымен қатар сыртқы қабырға ретінде қалыңдылығы 380 мм. кірпіштер қолданылған. Аралық қабырғалар ГОСТ 530-80 қалыңдылығы 120 мм. силикатты кірпіштен жасалған. Колонналар арматурамен өрілуі 3% қиылысуы бойынша ауыр бетоннан дайындалған. Ригелдері жеңіл бетоннан = 1,2 т/м3 балканың ені 400 мм онда қабырғаның ені 115 мм. Плиталар жеңіл бетонмен = 1,2 т/м3 жабылған, плитаның қалыңдылығы 120 мм. Жылытқыш ретінде керамзитобетон = 800 кг/м3 қалыңдылығы 150 мм. қолданылады.
Жабын (кровля) рубероидты үш қабатты битум шайырымен қорғаныс қабаты қайнатылған битум шайырымен оюланған. Суағар ішкі. Фундаменті темір бетонды стаканды типтес монолитті блоктардың жинақталған. Сыртқы есіктері темір 1.4.36.2-18 сериясы бойынша, ішкі есіктері ағаштан жасалған.
1.3 Жанудың улы өнімдерінің адам ағзасына әсері
Жану тотығу процесі болып табылады, оның нәтижесінде жылу және, түтін түрінде байқалатын, жану өнімдері бөлінеді. Органикалық заттардың толық жануы кезінде, қағида бойынша, оттегінің қостотығы (көмірқышқыл газ) және су түзіледі. Толық емес жану кезінде (ауаның жетіспеушілігі кезінде болатын), көміртегі қостығынан (СО2) және судың буларынан басқа, келесідей типті басқа да қосылыстар түзіледі: көміртегі тотықтарының, күрделі органикалық қосылыстардың (спирттердің, кетондардың, альдегидтердің, қышқылдардың және т.б.).
Түтін, өлшенген күйде болатын, өлшемдері 0,1 мкм-ден кем, жанғыш заттардың өте ұсақ жанбаған қатты, сұйық немесе газтәріздес бөліктерінен тұратын, дисперстік жүйе болып табылады. Түтін өзінің бетінде тек газдарды ғана емес, сондай-ақ сұйықтықтың буларын адсорбциялауға қабілетті, бұл кезде ол көрулікті қиындытады және адамның тыныс алу ағзаларына тұншықтыратындай әрекет етеді. Түтін үлкен тұрақтылыққа ие болады. Бұл түтіннің бөліктері өзара бір-бірімен үйкелу салдарынан өзінде электрлік зарядтарды алып жүретіндігімен түсіндіріледі. Егер бұл бөліктер металлоидтардан немесе олардың тотықтарынан тұрса, онда олар өзінде оң зарядтарды алып жүреді. Егер де түтіннің құрамына металдардың және олардың тотықтарының немесе гидраттарының бөліктері кірсе, онда бұл бөліктер өзінде кері зарядтарды алып жүреді. Өзінде біраттас зарядтарды алып жүретін, бөліктер бір-бірінен итеріледі, бұл бөліктерге жабысып қалуына және аэрогельдер түрінде түсіп қалуына кедергі жасай отырып, түтіннің тұрақтылығын ұлғайтады. Түтіндік өнімдердің қасиеттері және түтіндену дәрежесі көптеген жағдайда түтіннің температурасынан тәуелді болады. Өрт кезінде ғимараттарда түзілетін түтін бөлмеден бөлмеге оқшаулаушы конструкцияларда ойықтар, саңлаулар және ұсақ тесіктер арқылы таралуы мүмкін.
Бөлмелердің түтінденуінің ең үлкен қауіптілігі егер түтінмен басқыш алаңдары, дәліздер, желдеткіш арналар және лифттердің шахталары толтырылған жағдайда пайда болады.
Түтіннің сипаттамасы жанарлы өнімдердің түрінен тәуелді болады. Түтіннің түсі бойынша жанарлы материалдардың негізгі түрі анықталады, бұл өртте жағдайды бағалау және оны сөндіруді ұйымдастыру кезінде елеулі маңызға ие болады.
Көк, ақ және сары түстер түтіннің құрамында уландырушы заттардың болуына көрсетеді. Маталардың, жүннің, шаштың, терінің жануы кезінде ұнамсыз иісті өнімдер бөлінеді: пиридин, хинолин, цианды және құрамында күкірт бар қосылыстар, сонымен қатар күшті және өткір иісі бар газдар (альдегидтер, кетондар).
Құрамында майлар мен сабындар болатын, материалдардың толық емес жануы кезінде термиялық ыдыраудың өте қауіпті өнімі, көздердің күйгенін, ауыз бен мұрынның шырышты қабықтарының тітіркенуін, жөтелді, бас айналуды, әлсіздікті, өкпенің қабынуын, дем шығарудың қиындауын тудыратын, акролеин бөлінеді.
Акролеиннің концентрациясы 0,003%-ға жуық адам 1 минуттан астам шыдай алмайды.
Құрамында сұйықтандырғыштар, сиккативтер және байланыстырушы заттар бар, тұтанатын еріткіштермен бояулар, олифалар, лактар және эмальдар, қалың қара түтінді, СО2, СО, судың буларын, жанбаған көміртегінің бөліктерін бөле отырып, күшті жанады. Нитролактар мен нитроэмальдар келесі күшті улы газдарды бөледі: цианды сутегі (НСN) және азот тотықтары.
Өрт жағдайларында, түтіннің құрамына кіретін, жанудың және жылулық ыдыраудың өнімдері адамның ағзасына құрамдастырылған түрде әрекет етеді, сондықтан олардың жалпы улылығы елеусіз концентрациялар кезінде де өмір үшін қауіпті болады.
Түтін құрамында жану өнімдерінің елеулі концентрациялары кезінде оттегінің пайыздық мөлшері төмендейді, бұл сондай-ақ адам өмірі үшін қауіпті болады (кесте 1).
Кесте 1
|
Мөлшері, % (көлемі бойынша)
|
СО
|
СО2
|
О2
|
Төлелердегі өрттер
|
0,04…0,65
|
0,1…3,4
|
17,0…20,0
|
Шатыр астындағы өрттер
|
0,01…0,2
|
0,1…2,7
|
17,7…20,7
|
Қабаттардағы өрттер
|
0,01…0,4
|
0,3…10,1
|
9,9…20,8
|
Қалың түтіндермен тәжірибелер
|
0,2…1,1
|
0,5…8,4
|
10,8…20,0
|
Заутта болатын өрт кезінде жанудың улы өнімдерінің тізімі өте кең: хлорорганикалық қосылыстар, хлорлы (39,7 мг/м3-ге дейін) және цианды (35,9 мг/м3-ге дейін) сутегі, аммиак, метиламин, көміртегінің тотығы (0,58%) мен қостотығы (9,4%), фосген және т.б. Одан басқа, метрополитеннің кішкене ішкі көлемінің салдарынан ауадағы оттегінің концентрациясы 18%-дан төмен түсуі мүмкін.
Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша, түтіннің құрамына кіретін, барлық химиялық заттарды 5 топқа бөледі:
1-ші топ – терінің беттеріне және шырышты қабықтарға күйдіруші, тітіркендіруші әрекет ететін заттар. Адамның ағзасына әрекет етудің салдары – жөтел, жас ағу, дызылдау, қышу. Түтіннің құрамына кіретін, заттардың ішінен осы топқа келесілер жатады: күкіртті газ, көптеген органикалық қосылыстардың – толық емес жану өнімдерінің (құмырсқа мен сірке қышқылдарының, формальдегидтің, қарамайды және т.б.) булары;
2-ші топ – тыныс алу мүшелерін тітіркендіретін заттар: хлор, аммиак, күкіртті және күкірт ангидриді, хлорпикрин, азоттың тотықтары, фосген және т.б. Олар тыныс алудың бұзылуы, тыныс алу бұлшық еттерінің салы, тыныс алу мүшелерінің зақымдануын тудырады.
Осындай бұзылуларға ауадағы көмірқышқыл газдың концентрациясының 8-10%-дан жоғары ұлғаюы да алып келеді. Суда, демек, шырышта еритін заттар (хлор, аммиак, күкіртті газ), шырышпен жабылған, тыныс алу жолының жоғарғы бөлігін зақымдайды. Бұл ларингиттің, трахеиттің, бронхиттің дамуына алып келеді. Суда аз еритін, газдар жоғарғы тыныс алу жолдарында шырыш ылғалымен кідіріп қалмайды және альвеолға жетеді. Олар пневмонияның дамуына және осы аурудың асқынуына - өкпенің ісінуіне алып келеді, оның түзілуі ағзада ұлпалы сұйықтықтың кідірісімен және өкпедегі қанның тұрып қалуымен байланысты. Ісіну кезінде ентігу, жөтел, пайда болады, ауыр жағдайларда булығудан өлім басталады.
Кейбір улы заттардың (фосгеннің, күшәнді сутегінің) әрекеті бірден емес, ағзаға удың келу сәтінен бастап белгілі-бір кезеңнен (2-ден 8-10 сағатқа дейін) кейін біліне бастайды;
3-ші топ – көбінесе қанға әрекет ететін, улы заттар. Бұл топқа келесілер жатады: бензол және оның туындылары (ксилол, толуол, амино- и нитроқосылыстар), күшәнді сутегі, қорғасын, көміртегі тотығы және басқа заттар. Қанға тиген кезде олар қызыл қанды денелердің (эритроциттердің) қирауы мен өлімін тудырады, бұл күрт байқалатын қаназдықтың жылдам дамуына, оттегіні жеткізудің төмендеуіне және оттектің жетіспеуіне алып келеді;
4-ші топ – жүйке жүйесіне әсер ететін улар (бензол және оның туындылары, күкіртсутегі, күкірткөміртегі, метил спирті, анилин, тетраэтил, қорғасын және т.б.);
5-ші топ – нәтижесінде ұлпалар, қанның гемоглобинімен жеткізілетін, отттегіні пайдалану қабілеттілігінен айырылатын, тыныс алу функциясына әрекет ететін ферменттік және алмасулық улар (көгерткіш қышқыл, күкіртсутегі және т.б.). Барлық осы топтардың құрамына кіретін, көптеген улар ағзаға тыныс алу мүшелері арқылы тиеді, сондықтан өртте жұмыс кезінде осы мүшелердің сенімді қорғанысы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |