Қызығушылықты ояту. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда математика еліне саяхат жасаймыз. Математика деген сөзді оқығанда көз алдарыңа не елестеп, қандай ой келеді?
«Ойлан,тап!»
-Ғылым оқулық, есеп, сандар, цифрлар, қосу, азайту «Математика» деген ғажайып елді аралау үшін білімімізді ортаға салайық. Сол елдегі олжаға жету үшін жолдағы аралдардағы кедергілерден өтуіміз керек.
Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.
Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аударуыңыз. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз.
Жауабы 9 болатын есептер; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.
Тапсырма барлық оқушылармен бірге орындалады.
Ойлан:
Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеуді ұсыныңыз.
Жауабы:
9 түрлі жағдай:
9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1+9.
Қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін «Қосу кестесі» қажет. Оқушылар сабақта барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді. Толық ондықтарды санау, жазуды үйрену.
Топтық жүмыс: Аралас сандар ішінен екі таңбалы сандарды тауып оны жасыл түспен бояу
8 20 17 3 70 13 9 25 37 10 7 40 80 55 42 6
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Балалар шатасып кеткен сандарды орнын табуы, санауы (дұрыс, кері) екі таңбалы сандарды ондықтар жане бірліктерінен құрастырылғанын айтып, жазып береді. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай сандарды таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.
2- тапсырма. Топтық жұмыс: ауызша орындауға болады.
3-тапсырма. Уақыт өлшеу бірліктерін қайталау. Сүреттермен жұмыс. Нұсқа бойынша топтарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден лагерьде әр қайсы үйірме сағат нешеде басталуы көрсетілген.
Сергіту сәті: Барлығымыз тоқылдақ әнін орындайық.
Орманның біз емшісіміз
Тоқ, тоқ, тоқ.
Құрт біткенді жоқ етеміз
Жоқ, жоқ, жоқ.
Логикалық есептер: (жұмбақ есептер)
1.Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (5 + 3) – 1 = 7
2. Он асықтың төртеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? 10 – 4 = 6
4- тапсырма. Тақтамен жұмыс. Есепті шешу. Мұнда есеп шарты, сұрағы, шешуі, жауабы түсүндіріледі. Оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса оқушылар қошеметтеп барылады.
5- тапсырма. Өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.
Сонымен балалар бүгінгі сабағымызда 1-20 дейін санаумен қатар математикалық амалдарды қолдадық.
Кубизм арқылы қорытындылау.
1. 1-ден 100- ға дейін ретімен сана.
2. 20- дан 10-ға дейін кері сана.
3. 6- ның көршілері қай сандар?
4. 10 -нан 1-ге дейін кері сана.
5. 20-дан 1- ге дейін кері сана.
6. 9-дың көршілерін жаза аласың ба?
7. Бір, екі таңбалы сандарды айырмашылығын білесің бе?
Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.
Жауабы:
5 +3 = 8; 2 + 8 = 10;
4 + 5 = 9; 3 + 6 = 9;
6 + 2 = 8; 4 + 4 = 8;
8 + 2 = 10; 7 + 3 = 10;
3 + 4 = 7; 2 + 5 = 7;
4 + 1 = 5; 3 + 2 = 5;
3 + 3 = 6. 4 + 2 = 6.
Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.
Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.
а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1; 4 + 5; б) 2 + 1; 7+2; в) 8 + 2, 1 + 9.
1.Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)
Бағалау Бағдаршам. 2. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету
Оқытудың мақсаты бойынша.
Бағалау кртитериі
|
Дескриптор
|
Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады
|
Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді.
|
Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды.
|
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
|
Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді.
|
|