1.5 Мақта зауытының өрт қауіпсіздігі
Мақтаның өрт қауіпсіздігі және оның бастапқы өңделген өнімдері өртке қауіпті құрылымы келесідей сипатталады:
тұтануға және жануға төменгі температура жеткілікті;
тұтану көздері төмен заттардан жанудың икемділігі;
химиялық және жылулық байланыстан өзінен өзі жануына икемділігі;
үлкен жылдамдылықпен жоғарғы қабатта оттың таратылуы.
Мақта-шикізатының тұтану және жануы газ пішінді фазада іс жүзіне асырылады. Жылулық әрекеттерге ие болады, молекулалар ылғалдылығын жоғалтады, осыдан кейін газ пішінді өнімдерді бөлуден ыдырау процесі басталады. Бұл өнімдер, ауаның кислородымен араласып, қызу барысында қышқылданады.
Жалынның ашық әрекеттерінің барысында талшықты материалдардың жоғарғы қабатында ылғалдылық буланады, осыдан талшықтың сыртқы қабаты ыдырап, оттың жалынымен қатынасқа түседі. Ыдырау процесінен жанғыш газдар пайда болады, олар тұтану температурасына дейін қызып, жанып кетеді. Нәтижесінде жоғары температурада газдардың жануында талшықтың жоғарғы жағы қызады және оның келесі қабаты ыдырайды. Осы үлгіде, ашық оттың әрекетінде талшықты материалдардың оның құлап ыдырау өнімдері жанады, мұнда жану процесі жоғарғы сипаттй көрсетеді. Материал ішінде құралған газ пішінді өнімдердің ыдырауы сыртқа талшықтың тесіктері және тереңдетілген массамен шығады. Жану барысында, газдың жоғарғы қабатында пайда болған талшықтың сыртқы қабатын ауадан бөледі және жаңа кислородтың келуіне кедергі жасайды. Нәтижесінде өнімнің ыдырып жануынан пайда болған оттың алауы өше бастайды. Талшықтың түпкі қабатында шіру басталады, нәтижесінде қосымша жылу пайда болып, кейіннен талшық массасының ыдырауына алып келеді. Мақта-шикізатының жоғарғы қабат бойынша жануы алаулап (диффизионды) немесе алауламай (гетерогенді) түрінде жануы мүмкін, яғни бықсу түрінде болады.
Мақта азоттың немесе күкірт қышқылының әсерлерінен жанып кетуі мүмкін, сонымен қатар түрлі күшті қышқылдарының әсерінен де тұтанып жанып кетуі мүмкін. Өзінен қызу барысында, мақтаның ыдырау және қышқылдану нәтижесінде ағымдық жылу процесі олардың температурасын жоғарлатады. Температура жоғарлаған сайын ыдырау және қышқылдану процесі күшейіп, жылуды бөлуі жоғарлап, температура оданда жоғарлайды, яғни жылу процесі өзінін өзі жылдамдатылады.
Мақта-шикізатының өртке қауіптілігі ерекше, ол мақта тазалау зауыттарының бунттарында шикізат айиақтарында қоймаланады, сонымен қатар сақтау орындарында мақта-талшықтарының киптері.
Шикізат аймақтарында өрттің даму ерекшеліктерінің сипаты болады, онда біріншіден жоғарғы бөлігінде алаулап жану болады, осыдан кейін оның шіруі басталады. Мақта-шикізатын қат-қатар жануында киптер арасындағы аралықта оттың жалыны дами түсседі. Туннельде мақтаның жану барысында түтін құбырының әсері алынады, сонымен қатар конвективті ағымдары мықты және температурасы жоғары болады. Осындай өрт кезіндеөрт көздерінен мақтаның жанған бөліктері 30-60 метрге ұшып кетеді. Бұл өрттерді сөндіру белгілі қиындықтарды тудырады, ол келесідей болады:
біріншіден, су, өртті өшірудің негізгі құралы, бірақта оның тиімділігі төмен;
екіншіден, мықты конвективті ағымдардың болуы, мақтаның жану барысында жоғары температура бөлінеді, одан заттардың жағымсыз иістері және түтіндер өртті сөндірушілердің жұмысын қиындатады
үшіншіден, өрт сөндірушілердің маневр жасаулары үшін орын жеткіліксіз, себебі, мақта-талшықтарының қат-қабатында және туннельде жұмыстарын орындау күрделі болады.
Жоғарғы қабатта, яғни сыртта жанудан басқа, мақта бунттарда және киптердің ішінде де жанады. Ішінен жануы шіру түрінде болады, ол барлық массаның толықтай жануына дейін жалғасады. Шіріп жану жылдамдығының таратылуы ылғалдылыққа байланысты олады. Мақта-шикізатының туннельде жануы жану жылдамдылығының массасының 0,011 кг/(м2·с), ал бунтта 0,0063 кг/(м2·с) құрайды.
Оттың жануы барлық мақта массаның толықтай жанып кетуіне дейін жалғасып, үлкен көлемде түтін және жылуды бөледі. Мақта-шикізатының жылуды бөлу қабілеті 17500 кДж/кг. құрайды. Өрттің ашық жағдайында жану температурасы 650-1100 0С құрайды.
Өрт қауіпсіздігінің температуралық көрсеткіштерінде мақта-шикізатын келесідей көрсеткіштер қабылданады:
тұтану температурасы 210 0С;
өзбетінше тұтану температурасы 437 0С;
күйзелу температурасы 207 0С;
өзінше қызу температурасы 60 0С төмен емес
Қажетті температураға жету үшін уақытында мақта – шикізатының белсенді қышқылдығының құлауы басталады, ол мақта-шикізатының жылуды қабылдау қабілеттілігіне байланысты болады. Мақта-шикізатының ылғалдылығының жоғарлауы барысында жылу сиымдылығы үлес, жылу өткізгіштік және температураны өткізгіштік коэффициенттері өседі. Жылу ағымдарының критикалық тығыздылығы мақта-шикізатының ылғалдылығына байланысты, олардың сәулелендіру уақыты түрлі болады.
Кесте 2
Мақта
ылғалды-лығы %
|
Жылы ағымдардың сәулелендіру уақытына байланысты критикалық тығыздылығы (Вт/м2.)
|
3 мин
|
5 мин
|
8 мин
|
12 мин
|
15 мин
|
7
|
11000
|
9700
|
8750
|
8000
|
7500
|
10
|
13435
|
11848
|
10688
|
9771
|
9160
|
20
|
22157
|
19547
|
17631
|
16114
|
15113
|
30
|
32057
|
28236
|
25469
|
23285
|
21830
|
40
|
42899
|
37839
|
34131
|
31198
|
29249
|
50
|
54292
|
47907
|
43213
|
39507
|
37017
|
60
|
66706
|
58834
|
53069
|
48518
|
45481
|
70
|
79811
|
70385
|
63488
|
58043
|
54416
|
80
|
93954
|
82857
|
74738
|
68328
|
64059
|
Болім 2. Мақта өндіретін кәсіп орындарына қойылатын өрттің алдын алу талаптары 2.1 Өрттің алдын алу талаптары Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі заматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.
Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады. Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар: 1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы; 2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы; 3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі; 4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы; 5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі; 6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі; 7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы; 8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі; 9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы; 10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс. Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді. Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді. Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде: 1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;
2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;
3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады; 4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;
Достарыңызбен бөлісу: |