5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді; 6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады; 7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді; 8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;
9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді; 10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді. Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады. Адамдар жаппай жиналатын объектілер адамдар тұрақты немесе уақытша келетін бір немесе бірнеше үй-жайлары бар (авариялық жағдайлардан басқа) 1 м 2 орынға бір адамнан артық келетін алаңы 50 м 2 және одан да көп объектілер болып табылады.
Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт болған жағдайда адамдарды қауіпсіз және жылдам көшіруді қамтамасыз ету бойынша қызметкердің іс-әрекеттерін анықтайтын адамдарды көшірудің үлгі жоспарына қосымша нұсқау әзірленуі қажет, әр жарты жылда кемінде бір рет адамдарды көшіруге жұмылдырылған барлық жұмысшылармен тәжірибелік жаттығулар өткізілуі тиіс. Адамдар түнде жиналатын объектілер үшін (балабақшалар, мектеп-интернаттар, ауруханалар) нұсқауда іс-әрекеттің екі түрі қарастырылады: күндізгі және түнгі уақыт. Аталған объектілердің басшылары күн сайын өртке қарсы қызметі белгілеген уақытта өрт сөндіру бөліміне өртке шығу ауданында орналасқан объектілер мен әр объектідегі адамдардың саны туралы ақпаратты хабарлайды. Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет. Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс.
Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады.
Мұндай ұйымдарға қызмет көрсетуші тұлға өртке қарсы қызметі органдарымен келісілген нұсқау бойынша қозғалысы нашар санатқа жататын тұлғаларды көшіру бойынша арнайы оқудан өтуі тиіс. Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар: 1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы; 2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі - ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі - ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс. Адамдар жаппай қатысатын шараларды (кештер, би кештері, жаңа жыл шыршасының жанындағы салтанатты мереке, ойын-сауықтар) ұйымдастырушылар іс-шаралар басталмас бұрын бөлмелерді мұқият қарап, олардың өрт қауіпсіздігіне толықтай сай екендігіне көз жеткізеді. Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне
2.2 Жалпы талаптар
Технологиялық процестер регламентке, техниканы пайдалану ережесіне және басқа да белгілі тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық және пайдалану құжаттарына сәйкес жүргізіледі, ал өрт және жарылыс қаупі бар материалдарды пайдалануға арналған жабдық құрастыру құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.
Әрбір кәсіпорында 12.1.044-89 МЕМСТ бойынша заттар мен материалдардың технологиялық процестерде қолданылатын өрт қаупінің көрсеткіштері туралы мәліметтер болуы, ал ғимараттар мен үй-жайлар үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолданыстағы техникалық жобалаудың республикалық нормасы негізінде жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаты анықталуы қажет.
Өрт және жарылыс қаупі бар заттармен және материалдармен жұмыс істегенде орамада немесе ілеспе құжаттарда көрсетілген таңбаның және сақтандыру жазуларының талаптары сақталуы тиіс.
Бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жалын шығаратын, жарылатын немесе жанғыш және уландырғыш газдар (қоспалар) шығаратын заттар мен материалдарды (егер технологиялық регламентте қарастырылмаған болса) бірге қолдануға, сақтауға және тасымалдауға жол берілмейді.
Жобада және технологиялық регламентте немесе объектілік (цехтік) нұсқауларда қаралған болса, бір-бірімен өзара әрекеттескен кезде жалын шығаратын, жарылатын немесе жанғыш және уландырғыш газдар (қоспа) шығаратын заттар мен материалдарды тасымалдауға сақтауға және бірге қолдануға рұқсат етілмейді.
Сорғыш құралдарының (шкафтар, сырлайтын, кептіретін камералар т.б.), аппараттардың және құбырлардың құрылысы өртке қауіпті шөгінділердің жиналуын болдырмауға және оларды өртке қауіпсіз тәсілмен тазалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Тазалау жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізілуі және журналға тіркелуі қажет.
Орнатылатын технологиялық жабдықтарда, құбырларда және басқа да орындарда ұшқын өшіргіш, ұшқын аулағыш, от тосқауылдағыш, от бөгегіш, шаң мен металл аулағыш және жарылысқа қарсы жабдықтар, статистикалық электрден қорғау жүйесі жұмыс істеуге дайын күйде болуы қажет.
Құралдарды, бұйымдарды және бөлшектерді жуу және майсыздандыру үшін жанбайтын техникалық жуу құралдары, сондай-ақ өртке қатысты қауіпсіз қондырғылар мен әдістер қолданылады.
Құбырлардағы суыған өнімді, суық, кристалл гидрантты және басқа да қақпақтарды жылыту ыстық сумен, бумен және басқа да қауіпсіз тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта ашық отты пайдалануға болмайды.
Тозаң жинайтын камера мен циклондардың есіктері мен люктары оларды пайдалану кезінде ашық тұруы қажет. Камералар мен циклондарда жиналған жанған қалдықтар уақытылы тазаланып тұруы қажет.
Өндіріс ғимараттарын, кәсіпорын аумағындағы қоймаларды тұру мақсатында қолдануға, сондай-ақ өндірістік шеберхана қоймаларында орналасуға рұқсат берілмейді.
Өндірістік ғимараттар мен қоймалар арқылы транзиттік электр торабы, сондай қатар ТТС және ЖС, ЖГ және тозаңдарды тасымалдауға арналған құбырлар салынбауы тиіс.
Жарылыс қаупі бар учаскелерде, цехтарда және ғимарттарда қопарылыс қауіпсіздігіне сәйкес немесе ұшқын шығармайтын материалдардан жасалған құрал-саймандар қолданылуы тиіс.
Ғимарат қабырғалары, төбелері, едендері, құрылымы мен жабдықтары шаң мен жаңқалардан жүйелі түрде тазартылып тұруы тиіс. Тазалау мерзімі технологиялық регламентпен немесе объект (цех) нұсқауымен (жазбаша) белгіленеді. Тазалау жарылу қауіпті шаң ауа қоспасын құрамайтын және шаңдарды құйындатпайтын әдістермен жүргізілуі тиіс.
Жұмыс орындарына ТТС және ЖС, ЖГ беру орталықтан жүзеге асырылуы тиіс. Жұмыс орнына ТТС және ЖС азғантай мөлшерде арнайы қауіпсіз ыдыспен тасуға рұқсат беріледі. Ашық ыдыстарды қолдануға жол берілмейді. Цех қоймалары үшін ТТ және ЖС, сырлардың, лактардың және ерітінділердің барынша сақталу саны қалыпты түрде белгіленуі тиіс. Жұмыс орнында тек аусымдық қажеттілікті арттырмайтын материалдар (қолданылуға дайын күйде) саны сақталуы қажет. Сондықтан сыйымдылық беті тығыз жабылуы тиіс.
Қабырғалар мен жаппаларда технологиялық ойықтар от тосқауылдаушы қондырғылармен қорғалуы тиіс.
Жартылай дайын өнімдерді ыдыссыз тасымалдауға арналған шахталық көтергіштердің тиеуіш қондырғылары тек тиеу кезінде ғана ашылатын жапқыш қалқалармен жабдықталуы тиіс.
Өздігінен жабылатын өртке қарсы есіктерге арналған механизмдер жарамды жағдайда болуы тиіс. Өрт тосқауылдайтын қондырғы жұмыс соңында жабылуы тиіс.
Жарылыстың алдын алу клапандарының қорғау мембраналары адсорберлер мен желілерде жалпақтығы және материалы бойынша жобаға сәйкес болуы қажет.
От тосқауылдағыштың, сондай-ақ мембрандық клапандардың жарамдылығы жүйелі түрде тексеріліп, өрт өшіруші саптамадан тазартылуы тиіс. Тексеру мерзімі бекітілген цех нұсқауында көрсетілуі тиіс.
Адсорберлер өздеріндегі активті көмірдің өздігінен тұтанып кетуіне мүмкіншілік бермейтін қалыпта болып, олар үнемі стандартты, көрсетілген маркадағы активті көмірмен толтырылуы қажет.
ЖС қолданатын гидрожүйелерде бактағы май дәрежесіне бақылау орнатылуы қажет және жүйедегі май қысымын төлқұжатта арастырылғаннан арттыруға болмайды.
Гидрожүйеден май ағып жатқаны байқалса, дереу қалпына келтірілуі керек.
Шикізатты турау машинасына жіберетін конвейерлер металл түсіп кеткен жағдайда дыбыстық белгі беретін металл үгіткіштермен жабдықталуы тиіс.
Турағыш машинаның май құйғышын тазалау кезінде металл заттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
Шаң және жаңқа материалдарын тасымалдау жүйесі оттың жайылуын қақпайлайтын және өртті жоюға арналған люктермен жабдықталады.
Аспирациялық пен пневмотранспорттық жүйелерден ағаш жаңқаларын және басқа да жарылу қаупі бар тозаңдарды жинауға арналған сыйымдылықтар жарамды күйдегі жарылысқа қарсы қондырғылармен қамтамасыз етілуі қажет.
Мерзімді қозғалысты кептіру камералары мен калориферлер әрбір тиеу алдында өндірістік қоқыстар мен шаңдардан тазартылуы тиіс.
Ауа-бу және газ камераларының енгізу және сору каналдары өрт болған кезде арнайы жабылатын қалқандармен (сұқпа жапқыштармен) жабдықталуы тиіс.
Газ кептіру камералары желдеткіш тоқтап қалған жағдайда газдың жануын автоматты түрде тоқтататын жарамды қондырғылармен жабдықталуы қажет.
Газ кептіру камераларының алдында ұшқынның кептіру камераларына түсуін қақпайлайтын ұшқын ұстағыш орнатылады.
Газ кептіру құрылғылары пештерінің көмейінің, ұшқын ұстағыш құрылғыларының техникалық жай-күйі үнемі тексеріледі. Пеш көмейінің үстінде сызаты бар және жұмыс істемейтін ұшқын ұстағышы бар кептіру қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.
Шикізаттарға, жартылай дайын өнімдерге және сырланған дайын бұйымдарға арналған кептіру камералары (үй-жайлар, шкафтар) температура қалыпты мөлшерден көтерілген кезде қыздыруды өшіретін автоматпен жабдықталуы қажет.
Ағаштарды кептіру үшін жоғары жиіліктегі токпен қатарлап орналастырар алдында онда металдан жасалған заттың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.
Кептіру камераларына адамдардың кіруіне және арнайы жұмыс киімін кептіруге рұқсат етілмейді.
Сіріңке шиі мен қорабын дайындау (өндіру) кезінде кептіру аппараттары кептірудің температуралық тәртібін бақылауға арналған құралдармен жабдықталуы қажет. Онда температура 110 градустан аспауы қажет.
Тегістеу аппараттары тозаң жойғыш жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Жабдықтар мен механизмдер, сондай-ақ бөлмелердің қабырғалары мен едендері, оларға тұтандыратын парафин мен масса түссе, дереу сумен жуып тазалау қажет.
Автоматты цехтың еденін жуу және тазалау ауысымда екі рет жүргізіледі. Канализацияланған құдықтың тұндырмасы болуы керек. Тұндырманы цех еденін жуған сайын тазалап тұру қажет.
Автоматтағы тұтандыратын масса қоры бір шығанаққа арналған мөлшерден аспауы қажет.
Оттық сабаннан түскен массаны астауда тазалау түсті металдан жасалған күрекпен жүргізілуі керек.
Демалыс күндері сіріңке жасайтын автомат тоқтаған кезде алдын ала жөндеу, сондай-ақ аварияларды жою оның ішінде сіріңке болмаған кезде жүргізілуі тиіс. Мақта жинау науқаны басталғанға дейін оған қатысты барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі керек, ал мақта жинау машиналары, тракторлар, мақта таситын автокөліктер өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен (мақта жинау машинасы - бір өрт сөндіргіш пен 2х2 көлемдегі киіз, тракторлар мен автокөліктер - бір өрт сөндіргішпен), жарамды ұшқын өшіргішпен жабдықталып, тұтандыру мен майлаудың және азық-түліктің реттелген жүйесі болуы қажет.
Гидрожүйеден жанармай немесе эмульсия ағып тұрса, сондай-ақ ұшқын өшіргіші жоқ болса, ауылшаруашылық көліктері егін жинауға және тасымалдауға жіберілмейді.
Өртке қарсы нұсқауды өткізу өрт қауіпсіздігіне жауап беретін тұлғаларға жүктеледі.
Мақтаның пісуі алдында орман, дала, тоғай алқаптарына іргелес жатқан жерлері мен автокөлік және темір жолдар шеті айдалып, ені 4 м кем болмауы керек.
Мақта жинау кезінде:
1) мақта егістігінде темекі тартуға және от жағуға;
2) мақта жинау көлігін жанармаймен, ал шанағын өңделмеген мақтамен толтырып, егістікте қалдыруға;
3) гидрожүйесі мен электр жабдықтары жарамсыз көліктерді пайдалануға;
4) мақта кептіруге арналған алаңда мақта жинайтын машиналар тұрағын салуға жол берілмейді.
Өңделмеген бос мақтаны тасу кезінде төбесі брезентпен жабылып, көлік қорабында саңлау болмауы керек.
Тракторлар, автокөліктер, мақта жинайтын көліктер мен жөндеу, майлау және май құю бекеттері өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңынан 50 м қашықтықта болуы қажет.
Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы тұрғын үйлерден, қоғамдық ғимараттардан, жөндеу шеберханаларынан кемінде 150 м, ал жоғары және төменгі электр тасымалдау жүйесінің биіктігі 1,5 болуы керек.
Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы сыртқы өртті сөндіру үшін кемінде 50 текше м есептік су мөлшерімен қамтамасыз етілуі қажет.
Өңделмеген мақтаны табиғи кептіру алаңы асфальтталған немесе кемінде 5 см қалыңдықта сазды топырақпен тегістелген болу керек. Мақтаны жолдың жүргіншілер бөлігінде кептіруге тыйым салынады.
Техникалық жабдықтардан шаңның бөлінуін қақпайлауды қамтамасыз ету қалыпты жағдайда болуы керек.
Жабдықтар мен құрылысты және жиналған өңделмеген мақтаны қонған шаңнан міндетті түрде ауысымына бір рет тазалап тұру керек.
Тастарды, металды және басқа да заттардың сезілуін қамтамасыз ету қалыпты жағдайда болуы қажет.
Транспортердың клиноремендік тасымалы шамадан тыс қызу мен батып қалуды болдырмау мақсатында есептік нормативтік күшпен реттелуі қажет.
Апаттан кейін агрегаттарды іске қосу тек жөнделгеннен кейін жүзеге асу керек.
Таспалы транспортердың иінді белдігі мен клиноременді тасымалы жарамды, бүтін затпен жабылуы керек.
Мақта жинау машинасы белдігінің мойны мен қозғалмалы бөлшектерін мақта шаңы мен талшықтарынан үнемі тазартып тұру қажет. Тазалаудың реті ауылшаруашылық кәсіпорын басшылығымен бекітілген нұсқауға сәйкес болу керек.
Элеваторлардың сатылы тұрақты алаңдары болуы керек. Алаң төменнен жоғары қарай 0,1 м тегіс жапсырмалы биіктігі кемінде 0,9 м болатын сүйенішпен қоршалу керек.
Таспа үзілетіндей жағдай болса, элеватордың жетегі автоматты қорғаныста болу қажет. Жұмыс органдары элеватордың қабырғаларына тиіп тұрмауы керек.
Элеватордың қаптамасы мықты ілмекті жеңіл ашылатын люктермен және барлық периметр бойынша қымтаудың тығыздығын қамтамасыз ететін созылмалы төсеммен жабдықталуы қажет.
Транспортерлар төменгі таспадан мақтаны түсіруге арналған жарамды арнайы қондырғымен жабдықталуы керек.
Таспалы транспортерларды ауыстыру электр жүйелерін өшіргеннен кейін жүзеге асырылуы керек.
Пневмокөлік жүйесіне кіретін аппараттар мен машиналардың жерге қосылуы жарамды жағдайда болуы қажет. Шикі мақтаны желдеткіш арқылы механикалық түрде қайта өңдеуге жол берілмейді.
Топта бунт саны 65х14 м көлемді екі, 25х14 м көлемді төрт, 25х11 м көлемді алты бунттан аспауы керек. Бунттың биіктігі 8 м аспауы қажет.
Топта бунт арасындағы өртке қарсы ажырау кемінде 15 м, ал бунт топтарының арасында кемінде 30 м болуы керек.
Бунтта немесе одан 5 м қашықтықта мақта талшығынан тұруға тыйым салынады.
Машиналарды, механизмдер мен автопоезд-мақта тасушы машиналарды бунтты бөлшектегенде 30 м қашықтықта орнату керек.
Бунт бөлшектеу кезінде ток өткізгіш кабель арқылы өтуге болмайды.
Машиналар мен агрегаттарда болған ақауды жөндеуді тек оларды өшіріп, бунттан кемінде 5 м алыстатылған кезде ғана жүзеге асыруға болады.
Кескіш құралдардың ұштары ұшқыннан қауіпсіз болуы тиіс.
Кескіш құралдардың ұштарын жабық қойманың металл (бетон) құрылысына тигізбес үшін жебенің төмен, жоғары түсіп тұруын шектейтін қондырғы орнатылуы керек.
Құрғататын қондырғыны пайдалану кезінде:
1) жылумен қамтамасыз ету (жылу генераторлары) құралдарының жарамды болуы;
2) бақылап-өлшейтін құралдардың үзіліссіз жұмыс істеуін және жылу шығаратын қондырғыда қауіпсіздік автоматикасының болуы;
3) шнекті тоқтатқан кезде барабан жетегінің өшірілуін қамтамасыз ететін барабан мен шнек электр қозғалтқышы жұмысының тосқауылы;
4) құрғату мен қоректендіру камерасы есігінің саңылаусыздығымен;
5) барабан мен шнек секциясының шикі мақтадан жүйелі тазартылуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Шикі мақтаны кептіру үшін қолданылатын жылу өндіргіш қондырғылар жанбайтын құрылысты жекеленген ғимараттарда орнатылуы тиіс.
Кептіретін қондырғының жұмысы үнемі бақылау үстінде болуы тиіс. Кептіру барабанынан шикі мақта сарғайып шыққанда, шұғыл түрде мақта беру мен жылытқышты сөндіріп, механизмдер жұмысын тоқтату тиіс, ал мақта жанған жағдайда, кептіргіш шұғыл тоқтатылып, жанған мақта сөндіріліп, алынып тасталуы тиіс.
Кептіргіштің жұмысын қайта бастау тек мақтаның қызуы мен жану себептерін анықтап, мұқият тексеруден кейін барып жүзеге асырылады.
Шикі мақта тазалағышты орнынан аустырған кезде шыбықтар арасындағы саңылаулар ауысып кетпес үшін және перфорилдік тордың үсті арам қосындылармен толып қалмас үшін желтартқыш тордың жағдайын қадағалау қажет.
Желтартқышты тазалау мен тіреуіш камерадағы забойды жоюды, талшық тазалауды тек ағаш заттармен (таяқша) ғана орындау керек.
Талшық мақтаны сақтау кипте ғана рұқсат етіледі. Барлық сынған киптер әр ауысым соңында қайта өңделуі тиіс.
Талшық мақтаны кипте сақтау кезінде ашық алаңдағы қатарда стандартты мақта қатары мынадай көлемде: ұзындығы - 22 м, ені - 11 м, биіктігі - 8 м болуы тиіс.
Қатарлардың көлемі қысқарғанда көршілес қатарлар арақашықтығы қарама-қарсы жатқан қатарлардың жартысынан кем болмауы тиіс.
Ашық алаңдағы барлық талшықты мақталар қатары брезентпен жабылуы тиіс.
Кип шатырының астында талшықты мақталар көлденеңінен ені кемінде 2 м қалдырылып бірдей қашықтық арқылы, бір өткел алаңы еденнен - 300-ден - 600 м 2 ; екі өткел - еденнен 1200 м 2 ; төрт өткел - 1800 м 2 көлемінде жиналуы тиіс. Талшықты мақтаның биіктігі мен шатырдың арасы 1 метрден кем болмауы тиіс.
Талшықты мақтаның кипін жабық қоймаларда орналастыруда әрбір есікке қарсы ені 2 м кем емес өткел қалдырылуы тиіс. Периметр бойынша қабырға жағалай ені 1 м кем емес өткел қалдырылуы тиіс.
Қоймада бөлмелік және кеңселік орындар орналастыруға болмайды.
Жабық қоймалар мен бастырмалардың едендері, сондай-ақ ашық алаңдардағы қатарлардың негізі жанбайтын материалдардан болуы тиіс.
Автокөліктер және тракторлар жабық қоймаларға, бастырмаға және мақта талшық қатарына бәсеңдеткіштің пайдалынылған газды шығару құбырына қарама-қарсы жағымен кіруі тиіс, пайдаланылған газды шығару құбыры ұшқын өшіргішпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Барлық жағдайда автокөліктер, мотовоздар, автодерзиндер, автокөтергіш пен мотоциклдер бастырмалар мен мақта-талшық қатарына 3 м жақын тұрмауы тиіс.
Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде мақта шикізатын 2400 тонна 1дан артық сақтау кезінде жоғары қысымдағы өртке қарсы су құбыры қарастырылуы қажет.
Мақта зауыттары мен мақта бекеттерінде мақта шикізаты 2400 тоннаға дейін сақталса өрт сөндіру жұмыстары суаттар арқылы жүзеге асырылады.
Мақта тазалайтын зауыттар, мақта дайындаушы бекеттер өрт сөндіру бөлімдерімен қамтамасыз етілген жақын маңдағы қаламен немесе аудан орталығымен телефон байланысы болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |