270. Нұсқаманы өту кезiнде мынадай тәртiп егжей-тегжейлi жазылады:
1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;
2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;
3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;
4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;
5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;
6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.
271. Нұсқаманы өткiзу кезiнде төтенше жағдайлармен байланысты мәселелер қосымша көрiнiс табады (мәжбүрлi аялдау, автобустың сынуы, ЖКО, терроршылардың автобусты басып алуы), соның iшiнде:
1) жолаушыларды эвакуациялау тәртiбi;
2) автобустан апаттық шығуларды пайдалану және құрылғыларды қолдану, оларды iске келтiру тәртiбi;
3) өрт сөндiргiштердi, алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасын пайдалану ережелерi.
272. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тапсырыс берушi iлесiп жүрушiлерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша нұсқаманы медициналық қызметкердiң жүргiзуiн қамтамасыз етедi.
6-параграф. Балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын жүргiзушiлерге, олардың еңбектерiн ұйымдастыруға қойылатын талаптар
273. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Балаларды тасымалдауға жiберген ұйымдағы жүргiзушiнiң жұмыс өтiлi үш жылдан кем болмауы тиiс.
Сыйымдылығы 41 орынды автобустармен балаларды тасымалдауға тағайындалған, сондай-ақ қалааралық қатынастағы балаларды басқа да тасымалдаудағы жүргiзушiлердiң автобустардағы жұмыс өтiлi кемiнде 5 жыл болуы тиiс.
274. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарда балаларды тасымалдауға рұқсат етiлуi тиiс өзiндiк кәсiби сипаттамалары бойынша жүргiзушiлердiң тiзiмi құрылуы тиiс, көрсетiлген тiзiм жыл сайын жаңартылады және тиiстi бұйрықпен бекiтiледi.
275. Тасымалдаушы рейс алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген жүргiзушiні жол жүруге жібермейді.
276. Балаларды кез келген тасымалдаумен айналысатын жүргiзушiлердiң жұмыс ауысымының ұзақтығы 12 сағаттан аспауы тиiс.
Балалар тасымалын жүзеге асыру алдындағы жүргiзушiнiң ауысым арасындағы демалу ұзақтығы демалу алдындағы жұмыс күнiнiң (ауысым) жұмыс уақытынан кемiнде екi есе ұзақтау болуы тиiс.
Егер қозғалыс режимi жүргiзушiнiң 12 сағаттан асатын жұмыс уақытының ұзақтығын көздесе, рейске екi жүргiзушi жiберiледi. Бұл ретте автобус жүргiзушiнiң демалуына арналған ұйықтайтын орынмен жабдықталуы тиiс.
277. Балаларды тұрақты және маусымдық тасымалдау алдында, сондай-ақ бiр реттiк тасымалдауды жүзеге асыру алдында жол жүру қауiпсiздiгiне немесе көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдар (тасымалдау жөнiндегi директордың орынбасары, қозғалыс қауiпсiздiгi жөнiндегi директордың орынбасары, автолектiң бастығы, өзге де жауапты адамдар), жүргiзушiлермен маршруттағы қозғалыс және жұмыс тәртiбi, шарттары және ерекшелiктерi туралы арнайы нұсқама жүргiзедi. Тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде, егер оларды бiр және сол ғана маршрут бойынша бiр және сол жүргiзушi жүргiзсе (соның iшiнде және жалпы қолданыстағы автобустардың қозғалыс кестесiне қосымша бөлiнетiн арнайы мектеп рейстерiн жүзеге асыру кезiнде), жол-көлiк оқиғаларының болғаны, жол-климаттық жағдайлардың және маршрутта қозғалыс режимдерiнiң өзгеруi және басқалар туралы ақпарат алған жағдайда, айына бiр рет арнайы нұсқама жүргiзiледi.
278. Арнайы нұсқамаға мынадай деректер кiруi тиiс:
1) осы ұсынымдарға сәйкес балаларды автобустармен тасымалдау тәртiбi туралы;
2) маршруттағы жол жағдайының жай-күйi, қозғалыстың ерекшелiктерi және жылдамдық режимдерi туралы;
3) маршруттағы жол-көлiк оқиғаларының қауiптi учаскелерi және шоғырлану орындары, маршрутта орналасқан қауiптiлiгi жоғары орындардан жүрiп өту тәртiбi туралы (темiржол өткелдерi, жолөткелдерi, көпiрлер), соның iшiнде жүргiзушiге берiлген маршруттың сұлбасын пайдалана отырып, нақты жағымсыз жол-климаттық жағдайларда қауiпсiздiгi жоғары сипатталған қозғалыс учаскелерi туралы;
4) лектiң үлкенiмен өзара iс-қимыл тәртiбi және лектегi қозғалыс тәртiбi туралы (жаппай тасымалдау кезiнде);
5) балаларды тасымалдауды орындау кезiнде автобус бойынша жүргiзушiлердiң және ерiп жүрушiлердiң өзара әрекеттесуi және жауапкершiлiк аясын бөлу тәртiбi туралы;
6) туристерге және экскурсанттарға қызмет көрсету ережелерi туралы (туристiк-экскурсиялық тасымалдау кезiнде);
7) қауiптi жол жағдайлары туындаған кездегi, маршрутта жол-климаттық жағдайлар кенеттен нашарлаған кездегi, автобустың техникалық бұзылуы туындаған кездегi, жолда жүргiзушiнiң және жолаушылардың денсаулық жағдайы нашарлаған кездегi, қылмыстық элементтер автобусты басып алуға әрекет жасаған немесе басып алған кездегi iс-әрекеттер;
8) ЖКО қаупi немесе туындаған кезiнде жүргiзушiнiң iс-әрекетi туралы (соның iшiнде автобустан жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртiбi, зардап шеккендерге бiрiншi көмек көрсету);
9) желiдегi жұмыс кезiнде қауiпсiздiк техникасы мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау және автобуста өрт туындаған кездегi iс-әрекеттер туралы;
10) жол қозғалыс ережелерiн бұзғаны, жолаушылардың өмiрi және денсаулығы үшiн жүргiзушiнiң жауапкершiлiгi туралы.
Арнайы нұсқаманы жүргiзгенi және нұсқаманы өткен жүргiзушiнiң қолы туралы белгi нұсқаманы есепке алу журналында тiркеледi. Жүргiзушi бiр жолғы тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiнiң нұсқаманы өткенi туралы белгi арнайы журналдан басқа жол жүру парағында да жасалады.
279. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
7-параграф. Аялдама және отырғызу орнына автобустарды беру
280. Жиналу орнына келген бойдан жүргiзушi тапсырыс берушiнiң осы Қағидалардың 344 және 345-тармақтарында көрсетiлген тасымалдау шарттарын нақты қамтамасыз етуiн тексередi. Егер автобус бойынша ерiп жүрушiлер жоқ болса немесе ерiп жүрушiлер мен балалардың нақты саны автобустағы отырғызу орны санынан асып кетсе, балаларды тасымалдау жүзеге асырылмайды.
281. Бiр мекенжайға екi және одан артық автобустар бөлiнген жағдайда лектердiң аға жетекшiсi автобустардың олардың тұрақтауы үшiн бөлiнген алаңшада орналасуын қамтамасыз етеді.
Автобустардың тұрақтау орындарында және отырғызу (түсiру) орындарында автобустарды беру кезiнде балаларды тасымалдауға қатысы жоқ көлiк құралдары, сондай-ақ шығарып салушылар (күтiп алушылар) және бөтен адамдар болмайды.
282. Тұрақтау және отырғызу (түсiру) орындарында тұрған автобустар қол тежегiшiмен тоқтатылған, ауыстыруы қосылған және қозғалтқышы iстемей тұруы тиiс.
283. Автобустар тұрақтау орындарында тұрған кезде жүргiзушiлерге олардан алыстап кетуге тыйым салынады.
284. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне, осы Қағидалар талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).
285. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
286. Ерiп жүрушiлер балаларды автобусқа отырғызуға дейiн:
1) балалардың қауiпсiз орынға жиналуын қамтамасыз етуi тиiс. Жиналу орны отырғызу орнынан 15 метрден аз емес қашықтықта орналасуы;
2) келген балаларды қолда бар тiзiм бойынша салыстыруы және iс-жүзiнде келген балаларды тiзiмде белгiлеуi;
3) балалардың қол жүгi мен багажының өлшемi, буып-түйiлуi және құрамы автобустарды пайдалану ережелерiнiң және автобустармен жолаушыларды және жүктердi тасымалдау ережелерiнiң талаптарына сәйкес келуiн тексеруi;
4) багаждың автобустың багаж бөлiгiне немесе балалардың багажын тасымалдауға арналған арнайы көлiк құралына тиелуiн ұйымдастыруы;
5) автобусқа отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы, сондай-ақ автобустың қозғалуы және аялдауы (тоқтауы) уақытындағы тәртiп ережелерi туралы, хал-жағдайы нашарлаған жағдайдағы, сапар барысында қауiптi және төтенше жағдай пайда болған кездегi тәртiп ережелерi туралы мәселелердi мiндеттi түрде қоса отырып балаларға нұсқама жүргiзудi (бiр жолғы және маусымдық тасымалдау кезiнде) өткізіледі.
287. Отырғызу платформасында (аялдамада) балалар бiр жерде топпен орналасады және мына мінез-құлық нормаларын сақтайды:
1) топ басшысының, ересек ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз кетуге, жаяу жолдың, жолдың жағасы, отырғызу платформасы бойынша жан-жаққа тарап кетуге;
2) отырғызу платформасында (аялдамада) тұрған басқа адамдарға кедергi және ыңғайсыздық жасауға;
3) жүгiруге, бiрiн-бiрi итеруге, қимыл ойындарын, соның iшiнде доптармен және басқа да заттармен ойнауға тыйым салынады;
4) жақындап келе жатқан көлiк құралы толық аялдағанға дейiн отырғызу платформасының, жаяу жолдың, жолдың жағасының шетiне жақын келуге;
5) үрленген және басқа жеңiл ойыншықтарды, доптарды және өзге де жеңiл заттарды қолда алып жүруге (ұстауға), қағаз ақшаларды санауға, құжаттарды және желдiң әсерiнен жолға ұшып кетуi мүмкiн және балалардың кенеттен жолдың жүру бөлiгiне шығып кетуiне әкеп соқтыруы мүмкiн басқа жеңiл заттарды алып шығаруға және қарауға.
288. Колонаның аға жетекшiсi отырғызу алаңшасына автобустардың берiлуiн ұйымдастырады. Автобустар отырғызу (түсiру) орнына бiр-бiрлеп берiледi. Автобустың жүргiзушiсi отырғызу (түсiру) орындарына қозғалысты тек қана осы орыннан жолаушыларды отырғызу (түсiру) аяқталған кезектi автобусты жөнелткеннен кейiн ғана бастауы тиiс.
289. Жүргiзушiге балаларды отырғызу (түсiру) уақытында автобустың кабинасынан шығуға болмайды.
290. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
291. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Отырғызған кезде жеке заттар баланың бiр қолына сыйуы тиiс, басқа қолымен ол баспалдақпен салонға көтерiлген кезде тұтқадан ұстауы тиiс.
292. Отырғызған кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
1) жолдың жүру бөлiгiне шығуына;
2) итерiсуiне, төбелесуiне;
3) салонға иықтарындағы рюкзактармен және сумкалармен кiруiне (тепе-теңдiктi жоғалту, өзге жолаушылардың беттерi мен көздерiн жарақаттану қаупiн болдырмау үшiн оларды отырғызудың алдында шешу қажет);
4) өту жолдары мен шығатын есiктердi жеке заттармен бөгеуге;
5) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюға жол бермейдi.
293. Ерiп жүрушi автобусқа кезекпен кiретiн балаларды қолжүгiнiң қауiпсiз орналасуына көңiл бөле отырып отырғызады.
294. Қол жүгi автобуста жолаушылардың қауiпсiздiгiне қауiп-қатер төндiрмейтiндей және жүргiзушiнiң қарау ауқымын шектемейтiндей болып орналастырылады.
Қол жүгi автобустың салонында орналастырылған кезде мынадай тәртіп сақталады:
1) егер автобуста сөрелер болса, онда оларда тек жеңiл (салмағы 1 кг аспайтын), сынбайтын, үшкiр дөңестерi жоқ және ұзындығы 60 см аспайтын бұйымдар мен заттар ғана орналастырылады;
2) заттар сөрелерде автобустың қозғалысы, күрт бұрылғанда, тежегенде және т.с.с. кезiнде олардың құлауын болдырмайтындай етiп орналастырылуы (бекiтiлуi) тиiс.
295. Барлық балаларды және қол жүгiн автобуста орналастырғаннан кейiн ерiп жүрушiлер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес:
1) балаларды санап шығуы;
2) олардың барлығы отыруға арналған орындарда орналасқанын және жеке заттарын қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып орналастырғандығын тексеруi;
3) жүргiзушiден медициналық дәрi қобдишасының, өрт сөндiргiштiң орналасқан жерiн және оларды, авариялық люктердi қолдану тәртiбi мен оларды ашу әдiсiн, есiктердi авариялық ашу батырмаларын және оларды пайдалану тәртiбiн, көлiк құралының ерекшелiктерiмен анықталатын өзге де қауiпсiздiк шараларын нақтылауы, және де балаларға нұсқау беруi;
4) жүргiзушiнi отырғызу аяқталғаны туралы хабардар етуi және автобуста оларға арналған орындарды алуы тиiс.
Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
8-параграф. Автобустардың маршруттағы қозғалыс және аялдау (тұрақтау) тәртiбi
296. Балаларды тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде тасымалдаған жағдайда фаралардың жақын немесе алыс жарығымен қоса тұманға қарсы фаралар пайдаланылуы мүмкiн.
297. Лекпен қозғалған кезде автобустар олардың арасында қауiпсiз интервалды сақтай отырып, қатаң белгiленген тәртiпте қозғалуы тиiс (Жол жүру ережесiнiң 9-тарауының 10-тармағына сәйкес).
298. Лектiң аға жетекшiсi әрбiр жүргiзушiнiң Жол жүру ережесiнiң және осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, лектiң қозғалуын қамтамасыз етуге тиiс. Балаларды екi автобуспен тасымалдаған кезде лектiң аға жетекшiсi бiрiншi автобуста, балаларды үш және одан көп автобустармен тасымалдаған кезде – соңғы автобуста орналасады.
299. Балаларды тасымалдаған кезде қозғалыс жылдамдығын жүргiзушi жол, метеорология және өзге де жағдайларға байланысты таңдайды (Жол жүру ережесiнiң 10-тарауының 1-тармағына сәйкес), бұл ретте автобус қозғалысының жылдамдығы барлық жағдайда 60 км/сағ аспауы тиiс.
Балаларды лекпен тасымалдайтын автобустардың қозғалысы кезiнде қозғалыс жылдамдығын лекке ерiп жүретiн жол-патрульдік полициясының қызметкерi таңдайды, бiрақ барлық жағдайда ол 40 км/сағ аспауы тиiс.
Автобусты басқару кезiнде жүргiзушi күрт тежеуге жол бермей автобус жүрiсiнiң бiрқалыптылығына ерекше көңiл бөлуi тиiс.
Автобустар легiнiң темiр жол өткелiнен өту қауiпсiздiгiн оған ерiп жүретiн ӘПК-нің қызметкерлерi қамтамасыз етедi.
300. Балаларды тасымалдаған кезде жүргiзушi:
1) автобус қозғалысының белгiленген маршрутынан ауытқымайды және белгiленген жылдамдық режимдерiн бұзбайды;
2) қозғалыс барысында автобусты басқаруда алаңдамайды (сөйлеспейді, тамақ iшпейді, кабинада қатты музыка қоймайды);
3) тасуға тыйым салынған нәрселердi, заттарды және материалдарды автобуста алып жүрмейді;
4) топырақ жолдарға шығып кетпейді және олармен жүрмейді (балаларды ауылшаруашылық жұмыстарына және демалыс орындарына, сондай-ақ жолды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргiзу кезiнде тасымалдаған жағдайдан басқа).
301. Автобустың қозғалысы барысында ерiп жүрушiлер автобустың әрбiр есiгiнiң жанында орналасуы тиiс. Егер автобуста бiр ерiп жүрушi болса, ол автобустың алдыңғы есiгiнiң жанында орналасуы тиiс.
Медицина қызметкерлерi және балалар тасымалын ұйымдастыруға жауаптылар (жаппай тасымалдау кезiнде) соңғы автобуста орналасады.
302. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
1) салонда тұруына және жүруiне;
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
9) есiктердi ашуына;
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
303. Ерiп жүрушiлер мыналарды қамтамасыз етедi:
1) барлық оқушылардың қозғалыс, аялдау, тамақтану, түнеу кезiнде жеке гигиена ережелерiн сақтау;
2) әрбiр топта дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуге қажеттi дәрiгерлiк және тану құралдарының жиынтығымен жабдықталған медициналық дәрi қобдишасы болуын;
3) балалардың хал-жағдайын әрдайым қадағалауын, қажет болған жағдайда ауырғандар мен жарақаттанғандарға дәрiгерге дейiнгi көмек көрсетуiн;
4) сапардың ұзақтығы бiр тәулiктен асқан кезде аялдамаларда мамандандырылған қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, дәмханаларда) балалардың толыққанды үш мезгiл ыстық тағаммен тамақтануын;
5) түнеу пункттеріне келген кезде мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингтерде) балаларға берiлген орындарды тексереді;
6) оқушылардың сегiз сағаттан кем емес күн сайынғы толыққанды түнгi демалуын (ұйықтауын).
304. Бүкiл маршрут бойы балалар автобусқа алғашқы отырғызу кезiнде оларға бөлiнген орындарды алады. Автобустың қозғалыс барысында және аялдамадан (тұрақтан) кейiн ерiп жүрушiнiң рұқсатынсыз орыннан орынға отырғызуға тыйым салынады.
305. Автобус салонындағы терезелер (желдеткiштер) жабық болады. Салонды желдету қажет болған жағдайда және тек ерiп жүрушiнiң рұқсатымен ғана төбедегi желдету люктерi ашылады.
306. Қалааралық және қала маңы балалар тасымалдауын (соның iшiнде туристiк-экскурсиялық) жүзеге асыратын автобустардың кестесінде (кестесiнде) әрбiр 1,5-2 сағат жүрген сайын ұзақтығы 10 минут және әрбiр 4 сағат жүрген сайын ұзақтығы 30 минут тұрақтаулар көзделуi тиiс (соңғысын жүргiзушiнiң түскi асымен сәйкес келтiруге рұқсат берiледi).
307. Тасымалданатын балалардың қалыпты жағдайы мен денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты қажеттiлiк болған кезде автобустың жүргiзушiсi ерiп жүрушiнiң нұсқауымен жол жүру барысында жоспарланбаған аялдамалар жасайды.
Аялдама және тұрақ орындарын таңдағанда жүргiзушi Жол жүру ережесiнiң 12-тарауының 1-7-тармақтарының талаптарын басшылыққа алуы тиiс. Автобустың аялдауы (тұрақтауы) кезiнде балаларды отырғызу және түсiру орындары, мүмкiндiгiнше, қарқынды қозғалысы бар жол учаскелерiнде орналаспауы тиiс. Аталған талапты орындау мүмкiн болмаған жағдайда балаларды автобусқа отырғызу және одан түсiру кезiнде авариялық сигнал беру iске қосылады.
Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде, сондай-ақ жеткiлiксiз көру жағдайында аялдама (тұрақтау) жасаған кезде Жол жүру ережесiнiң 19-тарауының 3-тармағына сәйкес сыртқы жарық құралдарын пайдаланған жөн.
308. Ерiп жүрушiлер қауiпсiздiк шараларын сақтау қажеттiгi, топтың артында қалып қоюына жол берiлмейтiндiгi және егер бала қалып қойған жағдайда iс-қимыл тәртiбi туралы балаларға ескерте отырып, әрбiр аялдаманың алдында тұрақтау уақытын хабарлайды.
309. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiктер арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушiлер шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушiлер: бiреуi – автобустың алдыңғы бөлiгiнде, екiншiсi – автобустың артында тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Балалар автобусқа оралғаннан кейiн ерiп жүрушiлер балалардың өз орындарында орналасқандығына көз жеткiзедi, содан кейiн ғана жүргiзушiге сапарды жалғастыру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.
310. Маршрут бойынша автобустың қозғалысы мына жағдайларда тоқтатылады:
1) автобуста Жол жүру ережесiне сәйкес қозғалыс немесе оларды пайдалану тыйым салынған техникалық ақаулар пайда болғанда;
2) жол-метеорологиялық жағдайлар өзгергенде тасымалдаудың қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн өзге де жағдайларда (көк тайғақ, тұман, жолдардың бұзылуы, жүретiн жолдың маңында авариялар болу);
3) жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талғанда;
4) жүргiзушiнiң хал-жағдайы нашарлағанда.
311. Техникалық ақауға байланысты автобусты мәжбүрлi тоқтатқан кезде жүргiзушi:
өзге көлiк құралдарына кедергi жасамайтындай етiп автобусты тоқтатуға, авариялық сигнал берудi қосуға және елдi мекенде автобустан 15 метрден және елдi мекеннiң сыртында – 30 метрден кем емес қашықтықта автобустың артында авариялық аялдау белгiсiн қоюға;
осы Ереженiң барлық талаптарын сақтай отырып, қозғалысты одан әрi жалғастыруға мүмкiндiгi туғанға дейiн балаларды автобустан шығаруға, ерiп жүрушiлердiң бақылауында оларды қауiпсiз жерге апаруға тиiс.
312. Бала құсқан кезде ерiп жүрушi жүргiзушiге автобусты тоқтату жөнiнде белгi беру, мүмкiндiгiнше себебiн анықтап (тербелу немесе тамақтан улану), алғашқы дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету қажет. Тамақтан уланғанда – асқазанды шаю, тербелгенде – жалбыз қосқан дәрі беру, салонның алдыңғы бөлiгiндегi орындыққа отырғызу, құсықты жинау үшiн полиэтилен пакетпен қамтамасыз ету қажет. Егер баланың хал-жағдайы жақсармаса, науқасқа дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн дәрiгерлiк мекеме бар ең жақын аялдама пунктiне жеткiзу керек.
313. Жол жүргенде бала жарақат алғанда, кенеттен ауырғанда, қан кеткенде, талған жағдайда автобустың жүргiзушiсі, топ жетекшiсi және ерiп жүрушiлер балаға бiлiктi дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн оны жақын орналасқан дәрiгерлiк пунктiге (мекемеге, ауруханаға) дереу жеткiзу шараларын қабылдау қажет.
314. Жолда қозғалысты мәжбүрлi тоқтатудың барлық жағдайларында тасымалдаушыға қозғалысты мәжбүрлi тоқтату туралы ақпарат берiледi, ол тасымалдауды одан әрi жүзеге асыру бойынша оған байланысты барлық шаралар қабылдауға (автобусты ауыстыру немесе жөндеу, жүргiзушiнi ауыстыру), ал жол-метеорологиялық жағдайлар бойынша қозғалысты тоқтатқан жағдайда – жолаушылар үшiн күтудiң қолайлы және қауiпсiз жағдайларын қамтамасыз етуге тиiс.
315. Жол-көлiк оқиғасы болған жағдайда жүргiзушi және ерiп жүрушiлер көлiк құралынан балаларды олардың жеке заттарын шығармай жедел эвакуациялау қажет.
316. Көлiк құралында өрт пайда болған жағдайда ерiп жүрушiлер:
1) өрт жөнiнде жүргiзушiге белгi беруге;
2) көлiк құралы тоқтағанға дейiн балаларды өрт көзiнен мүмкiндiгiнше алысырақ апаруға және оны салонда бар өрт сөндiргiшпен және қол астындағы заттармен сөндiруге кiрiсуге;
3) тоқтағаннан кейiн балаларды және барлық жолаушыларды көлiк құралы жарылған кезде жарақаттарды болғызбайтын қауiпсiз қашықтыққа жеке заттарсыз жедел шығаруға тиiс.
317. Жол-көлiк оқиғасы және өрт кезiнде балаларды көлiк құралынан эвакуациялағаннан кейiн ерiп жүрушiлер және жүргiзушi:
1) зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуге және оларды жақын орналасқан дәрiгерлiк мекемеге жеткiзуге;
Достарыңызбен бөлісу: |