Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығына
5-қосымша
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешімі.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну түрі: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетiлетiн қызмет алушы) тегiн көрсетiледi.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі туралы факті анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап ұсынады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi немесе заңды тұлғалар үшiн салыстырып тексеру мақсатында құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшiрмесi;
3) көрсетiлетiн қызмет алушықол қойған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы туралы еркін нысандағы негіздеме-анықтама (сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, саны, сондай ақ, үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы; үй-жайды салу мақсаты; үй-жай орналасқан үйлерден (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттары, білім беру ұйымдары ғимараттары жоқ екендігі көрсетілген);
4) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының көшірмесімен қоса, құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі және жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырылған не салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады;
5) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін пайдалануға рұқсат етуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады).
Құжаттарды қабылдап алған тұлғаның тегі, аты-жөні, әкесінің аты (оның болған жағдайында), құжаттардың қабылданған күні, мерзімі және кіріс құжаттардың нөмірі көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушының қабылдап алғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
10. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.din.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8, «Министрлiктер үйi» ғимараты, 14-кiреберiс мекенжайы, 8 (7172) 740976 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол берiледi.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері
ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
13. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары www.din.gov.kz интернет-ресурсында және www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының телефоны, көрсетілетін қызметті берушінің телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет көрсету стандартына
қосымша
нысан
көрсетілетін қызмет берушіге
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен
лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (оның болған жағдайында))
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
____________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (оның болған жағдайында), мекен-жайы телефоны мен ЖСН және заңды тұлғаның атауы, пошталық мекен-жайы, телефоны және БСН)
Өтініш
Сізден _______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайдың орналастырылуын бекіту туралы қаулыны беруіңізді сұраймын.
Көрсетілетін қызметті алушының қолы______ Өтініш берген күні____________
Көрсетілетін қызметті алушының мөрі __________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |