Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі



жүктеу 1,44 Mb.
бет5/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,44 Mb.
#16183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
      214. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы: 
      1) автокөлiк құралдарының рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн, сондай-ақ медициналық қызметкердің такси жүргiзушiлерiн рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруын;
      2) ақпараттық-диспетчерлiк қызметтiң немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызметтi көрсету жөнiндегi шарттың болуын;
      3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды;
      4) әр отыз таксиге шаққанда арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын, мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген бір таксиден кем емес;
      5) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимдерін сақтауды;
      6) сапар құжаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.
      215. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртiбiмен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
      216. Жүрiп келе жатқан таксидi, егер:
      1) онда бос орындардың жеткiлiктi саны болса;
      2) таксидегi жолаушы осылай тоқтауға келiсiм берсе, қол көтерiп тоқтатуға болады.
      217. Жолаушы бос таксиге отыру кезiнде жүргiзушiге жүру маршрутын көрсетедi. Егер жолаушы өз бетiмен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктiн атайтын болса, онда жүргiзушi жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткiзеді.
      218. Жолаушының таксиге отыруы және одан түсуі толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады.
      219. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түсіп кеткен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған алдын ала келісілген бүкіл кезеңіне ақшалай кепілдік талап етеді.
      Егер жолаушы оны күтiп тұрған такси-автомобильге алдын ала келiсiлген уақыт iшiнде қайтып келмесе, тасымалдау шарты тоқтатылды деп есептеледi.

2-параграф. Таксимен жол жүру төлемi

      220. Такси жіберуге тапсырыстың құнын жолаушы сапар аяқталған соң төлейдi. Таксимен жол жүру төлемiн жолаушы таксометр көрсеткіштеріне сәйкес өзi жүрiп өткен қашықтық үшiн алдын ала келіскен тарифке сәйкес немесе кассалық бақылау машинаны қолданумен сапарды ұйымдастыру туралы ауызша шарттың негізінде сапар аяқталған және багаж түсiрiлген соң төлейдi. Аяқталған сапар үшiн төлем туралы түбiртектер мен анықтамалар жолаушылардың талабы бойынша беріледі.
      221. Егер таксимен тасымалдау процесiнде, оның қозғалысын жалғастыру жүргiзушiге қатыссыз жағдайлар бойынша мүмкiн болмайтын жағдай туындаса, онда тасымалдау шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған деп есептеледi және жолаушы жүрiлген қашықтықты төлейді.

3-параграф. Қол жүгiн, ұсақ жануарларды және багажды таксимен тасымалдау

      222. Жалпы салмағы автомобильдiң техникалық құжатында көзделгеннен аспайтын багажды таксидiң багаж бөлiмшесiнде және тек багаж бөлiмшесiнiң қақпағы жабық жағдайда ғана тасымалдауға рұқсат етiледi.
      223. Багажды тиеу мен түсiрудi таксидiң жүргiзушiсi жүзеге асырады.
      224. Таксидiң салонында есiк ойықтары арқылы еркiн өтетiн, салонның қаптамасы мен жабдығын бүлдiрмейтiн және ластамайтын, жүргiзушiге автомобильдi басқаруға кедергi болмайтын және артқы жақты көру айнасымен байқауды шектемейтiн түрлi заттар мен бұйымдарды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      225. Таксиде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттермен, торлармен немесе түбi тұтас сумкалармен тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Таксиде иттердi тасымалдауға тек мұндай тасымалға жүргiзушi мен басқа жолаушылар келiсетiн болса ғана рұқсат етiледi.

12. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау

1-параграф. Жалпы ережелер

      226. Осы тараудың ережелерi оқу, демалу, туристiк-экскурсиялық 


iс-шаралар, спорттық, мәдени-ағартушылық және басқа да iс-шаралар орындарына балаларды жеткiзу үшiн (бұдан әрi – балаларды тасымалдау) бөлiнген автобустармен үлкендерсiз (осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тағайындалған ерiп жүретiн адамдардан басқасы) сегiз және одан артық балалардың топтарын арнайы тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды регламенттейдi.
      227. Көлiк лектерiндегi қозғалыспен ұйымдастырылған, бір-екі және одан көп автобустардың топтары жүзеге асыратын балаларды тасымалдау балаларды жаппай тасымалдау болып танылады.
      228. Балаларды тасымалдау осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.
      229. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.
      230. Тапсырыс берушi оларға ұқсас қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындауы мүмкiн.
      Бұл жағдайда тапсырыс берушi осы Қағидалардың тасымалдаушыларға қатысты талаптарын орындайды.
      231. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-6)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидалары (бұдан әрі - Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру қағидалары) талаптарын және мынадай жағдайларды ескере отырып:
      маршруттар бойынша ұзақтығы 12 сағатқа дейiн бiр жүргiзушiмен,  12 сағаттан жоғары екi жүргiзушiмен;
      маршруттар бойынша ұзақтығы 16 сағаттан артық жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып, жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастырады.
      232. Автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және басқа көлiк түрiмен балаларды жеткiзудi ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      233. Мектепке дейiнгi жастағы балаларды егер жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде автомобиль көлiгiмен тасымалдады жүзеге асырмайды.
      234. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкiн.
      235. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жетi жастан кiшi емес балалар рұқсат етiледi.
      Жетi жасқа толмаған балалар бiлiм беру мекемесi жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруi кезiнде ғана жол жүруге рұқсат етiлуi мүмкiн.
      236. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тасымалдаушы ӘПК-ні, маршруттағы қозғалысты қадағалауды күшейту және екi және одан артық автобустардың лектерiне жол-патрульдік полициясының арнайы автокөлiк құралдарының ерiп жүруi туралы мәселенi шешу бойынша шаралар қабылдау үшiн хабардар етедi.
      237. Автобустарда жол жүруге мынадай балаларға және ересек ерiп жүрушiлерге рұқсат етiлмейдi:
      1) қауiпсiздiк шараларын бұзуға әкеп соғатын, толқыған жай-күйiнде;
      2) алкоголь, есiрткi, психотропты және улағыш заттардың әсерi болғанда.

2-параграф. Балалардың тасымалдауына тапсырыс берушiнiң әрекетi



      238. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
      239. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
      Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
      Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
      240. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерi, маршруты, мезгiлдерi, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбi, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар регламенттелiнедi.
      241. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыруға арналған өтiнiмдер тасымалдаудың басталуына дейiн 3 тәулiктен кешiктiрiлмей берiледi.
      242. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында тапсырыс берушi 3 тәулiктен кешiктiрмей тасымалдаудың бастапқы белгiленген мерзiмiне дейiн ӘПК-ге жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және мынадай көрсеткiштердi көрсете отырып, ӘПК-ге арнайы автомобильдерiмен автобустардың ерiп жүруi туралы мәселелердi шешу үшiн ресми өтiнiм ұсынады:
      1) күндері және қозғалыс маршруты;
      2) санитарлық заңнаманың талаптарына сәйкес жабдықталған маршруттың бақылау пункттерiнен өту уақытын, аялдама және демалу орындарын анықтау енгiзiлетiн жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiнiң талаптарына жауап беретiн қозғалыс кестесi;
      3) медициналық көмек көрсету, ауруханалар пункттердiң көрсетiлуiмен қозғалыс жолының схемасы;
      4) белгiленген жағдайда медициналық ерiп жүрудi растау;
      5) автобустың (автобустардың) маркалары және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін, бiлiм беру аумақтық органдарымен бекiтiлген балалардың және оларға ерiп жүретiн адамдардың тiзiмiн қоса бере отырып, балалардың тасымалдауын орындайтын жүргiзушiлердiң аты-жөндерi.
      243. Балаларды жаппай тасымалдауды орындау алдында қосымша тапсырыс берушi:
      1) автомобиль көлiгiмен балаларды тасымалдау кезiнде қауiпсiздiк шаралары, ауырған және зақымданған кезде алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша арнайы нұсқаулықпен – топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн дайындауды ұйымдастырады;
      2) мүмкiндiк бойынша топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн ұялы телефонмен қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiк өкiлдерiмен байланыс, жол жүру және жол жүруде туындаған ойда болмаған мәселелердi келiсу барысы туралы баяндамалар мерзiмдерiнiң тәртiбiн белгiлейдi;
      3) топтардың және ерiп жүрушiлердiң жетекшiлерiн маршрут жүретiн аудандардың «жедел көмек көрсету», құтқару қызметтерiнiң, ӘПК-нің және полиция бөлiмдерiнiң телефон нөмiрлерiмен қамтамасыз етедi және балаларға және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көмек көрсету қажет болған жағдайда оларға жүгiну тәртiбiн анықтау;
      4) балаларды қоса алғанда, барлық жол жүру қатысушыларының ұялы телефондарының нөмiрлерi тiзiмiн құрайды және осы тiзiммен барлық ересек ерiп жүрушiлердi қамтамасыз етедi;
      5) жол жүруге тiлек бiлдiрушi балалардың iрiктеуiн және олардың ата-аналарынан жазбаша түрде келiсiмiн алуын қамтамасыз етедi;
      6) жол жүруге жiберiлгендер санынан денсаулық жағдайы бойынша жақпайтын балаларды табу және алып тастау бойынша балалардың медициналық тексеруiн ұйымдастырады;
      7) «Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысыменбекiтiлген жол қозғалысы ережесiнiң «3. Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi» және «4. Жолаушылардың мiндеттерi» деген тарауларын, сондай-ақ қауiпсiздiк және автокөлiкпен жол жүру кезiндегi ереженiң шараларын балаларға оқытуды қамтамасыз ету;
      8) жол жүруге дайындық кезiнде балалар және олардың ата-аналары тиiстi климаттық және жол киiмi жағдайларына, аяқ киiмiне, жеке гигиена құралдарына назар аударады;
      9) балалардың тобына созылмалы ауруы бар балалар енгiзiлген жағдайда ескерiп, жол жүру уақытында дәрiгер белгiлеген қажеттi дәрiлердiң, дәрiлiк құралдардың және тану материалдарының қажеттi жиынтығымен дәрi қобдишасының әрбiр автобуста бар болуын қамтамасыз етедi;
      10) мүдделi адамдардың қатысуымен жол жүрудiң ұзақтығы үш сағаттан артық кезiнде балаларды сынбайтын ыдыстармен және тамақ өнiмдерiнiң жиынтығымен (жолда тамақтық сапаларын кепiлдi сақтайтын, тамақтық улануды болдырмайтын құрғақ жарналармен) қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      11) ұзақтығы бiр күннен артық жол жүру кезiнде қоғамдық тамақтану мекемелерiнде (асханаларда, кафелерде) ыстық тамақты күн сайын үш мезгiл қабылдауды, сондай-ақ мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингiлерде) қонуды қамтамасыз етедi;
      12) қалааралық тасымалдау кезiнде маршруттан ауытқуын болдырмайтын және қозғалыс басы 6.00-ден ерте емес және соңғысы немесе қону аялдамасы 22.00-ден кешiктiрмей көздейтiн тасымалдаушымен бiрлесiп тасымалдау кестесiн жасайды;
      13) маршрутты немесе қозғалыс кестесін өзгерту мүмкiндiгiн, ал қажет болған жағдайда және метеорологиялық және жолдардың жағдайлары нашарлаған кезде, балалардың тасымалдауын алып тастау үшiн егер бұл жағдайлар тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер туғызатын болса маршрутты қысқартуды көздейдi (көз көрерлiк, тұман, қар басу, жаңбыр, тайғақ, сондай-ақ дауыл және басқа апат жағдайлары кезiнде);
      14) жол жүрудiң алдында балаларға маршрутты, аралық және соңғы пункттердiң атауын, тамақтану, демалу, түнеу үшiн аралық аялдамалардың шамамен алған уақытын хабарлайды, қауiпсiздiк шаралары және мiнез-құлық ережелерi, өздерiнiң ұялы телефондарының нөмiрлерi және топтан қалып қойған кезде iс-қимыл тәртiбi туралы хабарлайды.

3-параграф. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыруға автобустарды дайындау



      244. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.сәйкес.
      245. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағғы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен:
      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
      7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық кестемен;
      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 309 қаулысымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.
      246. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
      247. Балаларды тасымалдауды бастамастан бұрын осы талаптарға сәйкес болуын тасымалдаушы пайдаланатын көлiк құралдарының техникалық жай-күйi үшiн жауапкершiлiк жүктелген лауазымды адам тексеруi тиiс (бас инженер, техникалық бақылау бөлiмiнiң бастығы, өзге де жауапты адамдар).
      Соның iшiнде, автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың, есiктердi басқару сымдарының, төбедегi желдетпе люктердiң қақпақтарын ашу тетiктерiнiң, салонды желдету және жылыту жүйелерiнiң, есiктер жұмысының сигнал берулерi мен аялдаманы талап ету сигналының, дыбыс сигналының дұрыстығы; орындықтардың, тұтқалардың, iлме басқыштардың, желдеткiштердiң жай-күй мен бекiтiлуi, өрт сөндiргiштердiң бар болуы және бекiтiлуi, дәрiгерлiк дәрi қобдишасының жабдықталуы тексерiлуi тиiс.
      Террорлық актiлердiң алдын алу мақсатында бөтен заттардың бар болуына автобустарды мұқият тексеру жүргiзiледi.
      Тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адам автобустың техникалық жарамдылығы және балаларды тасымалдауға дайындығы жөнiнде жолпарақта немесе өзге ресми құжатта белгi қояды.
      248. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн екi және одан көп автобустар бөлiнген жағдайда тексеру ӘПК-і қызметкерлерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
      Тiкелей рейс алдында автобустардың техникалық жай-күйiн бақылау және оның нәтижелерiн тiркеу белгiленген тәртiппен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылады.
      249. Балаларды тасымалдауға бөлiнген автобустарда орындықтардың орналасуы жол жүрген кезде оларды алып жүретiн ересектерге өздерiнiң орындарынан балалардың мiнез-құлқын бақылауға мүмкiндiк беруi тиiс.

4-параграф. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру



      250. Егер балалар тасымалдау кезiнде бiрнеше тасымалдаушыға тиесiлi автобустар пайдаланылатын болса, онда қозғалыс қауiпсiздiгi және көлiк құралдарын пайдалану үшiн жауапты адамдар тасымалдаушылардың тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық кезеңдерiндегi өзара iс-қимыл тәртiбiн белгiлейдi.
      251. Балалардың топтарын көрiнiм жеткiлiксiз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар), сондай-ақ 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейiн автобустармен тасымалдауға жол берілмейді. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.
      Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
      252. Тәулiктiң жарық мезгiлiнде балаларды автобуспен тасымалдау фаралардың жақын қосылған жарығымен жүзеге асырылады.
      253. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
      254. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.
      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс. Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
      255. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға Тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.
      256. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
      257. Балаларды тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде елдi мекендердi жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдаушы:
      автомобиль жолдарының, балаларды отырғызу және түсiру пункттерiнiң жағдайын комиссиялық тексеру үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына жүгiнедi;
      балалардың тасымалдауын жүзеге асыратын автобустардың өту уақытын көрсете отырып, арнайы аялдау орындарын маршруттарда белгiлейдi.
      258. Балаларды темiржол өткелдерi арқылы өтетiн тапсырыспен тасымалдауды ұйымдастыру оларды кешендi тексерудi және қарамағында темiр жол өткелдерi бар ұйымдардың бастықтарымен маршрут қозғалысын келiсудi қамтуы тиiс.
      259. Реттелмеген темiржол өткелдерi арқылы балалардың тапсырыстық тасымалдауды ұйымдастыру жүзеге асырылмайды.
      260. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы ӘПК-нің мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн ӘПК-ні хабардар етедi.
      261. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын; отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 м қашықтықта орналасуы тиiс.
      262. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң үлкенiн тағайындауға (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi болуы тиiс) тиiс.
      263. Балаларды тасымалдау маршрутының рұқсат етiлген ұзақтығы жүргiзушiнiң жұмыс ауысымы ұзақтығының нормативтерiн сақтауын, қозғалыстың қауiпсiз жылдамдық режимiн сақтауын негiзге ала отырып, сондай-ақ тәулiктiң күндiзгi уақытында балаларды тасымалдауды жүзеге асыру талаптарын ескере отырып белгiленедi.
      264. Автобустың салонында багаж орналаспайды. Автобуста багаж бөлiмдерi болмаған кезде багажды тасымалдау жүк немесе басқа қосымша көлiк құралдарының көмегiмен қамтамасыз етiледi.

5-параграф. Балаларды алып жүруге және балалармен сабақ  өткiзуге жауапты адамды дайындау

      265. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).
      266. Бiр мекенжайға екi және одан көп автобустар бөлiнген жағдайда тапсырыс берушi әрбiр автобусқа ерiп жүрушiлерден басқа бүкiл балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптыны белгiлейдi.
      267. Бір-екі және одан көп автобустан тұратын лектермен балаларды қалааралық тасымалдау кезінде тапсырыс берушi лектермен медициналық қызметкердiң бірге жүруiн қамтамасыз етедi.
      268. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
      269. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
      Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.


жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау