52. Егер жолаушы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, онда сонымен қатар ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.
7-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау
53. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушылар легін талдау, шалғай ауылдық елдi мекендердiң тұрғындарына көлiк жеңiлдiгiн қамтамасыз ету негiзiнде, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстары бойынша жасалады.
54. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiлерiн салу мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:
1) халықтың тасымалдауға мұқтаждығын қамтамасыз ету;
2) маршруттың жүру жолындағы барлық жақын жатқан елдi мекендердi қамтудың барынша мүмкiндiгi;
3) тасымалдаудың сапасы мен қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ экологиялық зиянды қалдықтардың мөлшерiн төмендету мақсатында маршруттарда жұмыс iстеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың оңтайлы саны мен үлгiсiн (класын) пайдалану.
55. Маршрут бойынша 400 километрден астам тоқтаусыз жүрген жағдайда тасымалдаушы жолаушылардың демалуы және қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн кемiнде он минут технологиялық аялдаулар көздеу тиiс. Технологиялық аялдауларда қосымша жолаушыларды отырғызу жүзеге асырылмайды.
8-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарын жайғастыруға қойылатын талаптар
56. Жолаушылар мен тұрақты тасымалдаудың маршруттары ең төменi V санаты бар республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жасалады.
57. Маршруттардың ұзақтығы 100 км артық кезде, оларды жасау жүру жолы бойынша телефон байланысының болуы ескеріледі. Осы талапты қанағаттандыру мүмкiн болмаған кезде, осындай маршруттарға қызмет көрсететiн тасымалдаушылар автобустарды сенiмдi ұялы байланыспен қосымша жабдықтайды.
58. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және iрi ауылдық елдi мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттерi автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде болуы тиiс.
59. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдары, автостанциялары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ елді мекендерде орналасқан аралық аялдама пункттерi осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жабдықталады.
9-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі
60. Автобусқа, шағын автобусқа, троллейбусқа отырғызу кезiнде жолаушының жол жүру құжатының (билетiнiң) болуы тексерiледi. Автовокзалдарда, автостанцияларда тексеруді отырғызу бойынша кезекшi, ал жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде және осындай кезекшiлер жоқ аялдама пункттерiнде – жүргiзушiлер немесе кондукторлар жүзеге асырады.
Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады.
61. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруты бойынша жол жүру билеттерi, оларда көрсетiлген күн мен рейстiң нөмiрiне ғана жарамды болып табылады.
62. Жолаушылар электрондық жол жүру құжаттарынан (билеттерінен) басқа жол жүру құжаттарын (билеттерiн) бүкіл сапар уақыты бойы сақтайды.
63. Жолаушы билетте көрсетiлген нөмiрге сәйкес автобуста орын алады. Тасымалдау кезiнде жолаушыларды, автобустың отыратын орындар санынан асатын мөлшерде тасымалдауға жол берiлмейдi.
64. Жолаушымен 7 жасқа дейiнгi бiрнеше бала жүрген жағдайда, олардың әрқайсысына жеке орын берiледi.
65. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдаудың маршруттарында сапарды жүзеге асыру кезiнде:
1) жол жүру құжаттарына қандай да болмасын түзетулер енгiзуге;
2) автобустың, шағын автобустың салонында багаж алып жүруге;
3) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
4) жүргiзушiнi әңгiмемен алаңдатуға, сондай-ақ автобустың қозғалысы кезiнде салон iшiнде жүруге;
5) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, уытты және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және дәрiмен атылатын iлеспе құжаттары жоқ қаруды, сондай-ақ жолаушыларға, не автобус салонының жабдығына немесе жарағына залал (ластау немесе зақымдау) келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдарды тасымалдауға жол берiлмейдi.
10-параграф. Багаж автомобильдерiмен багажды тасымалдау
66. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарында тасымалдаушы багаж автомобильдерiнiң қозғалысын ұйымдастырған жерлерде жолаушылар багажды (жүкті) багаж автомобилiнде тасымалдау үшiн тапсыруы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы халықаралық шарттарында сондай қарастырылса, халықаралық жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезінде багажды автомобиль тиісті рұқсат құжат алады.
Аралық аялдама пункттерiнде багажды багаж автомобилiнде тасымалдауға қабылдау жолаушы тиiстi маршрут бойынша жол жүру құжаттарын (билеттерiн) көрсету кезiнде жүргiзiледi.
67. Тасымалдауға тапсырылатын багаж өзiнiң сипаты мен орамасы бойынша багаж автомобилiне тиеудi және орналастыруды қиындатпауы, сондай-ақ басқа жолаушылардың багажына зиян келтiрмеуi тиiс. Ыдыс пен орама барлық тасымал бойы багаждың бүтiндiгi мен сақталуын қамтамасыз етуi тиiс.
68. Багажды багаж автомобилiмен жiберуге тiлек бiлдiрген жолаушы оны тапсыруға алдын ала - автобус жөнелтiлгенге дейiн 10 минуттан кешiктiрмей ұсынады.
69. Багаж автомобилiнде тасымалдауға жарамсыз орамадағы багаж қабылданбайды. Орамасының, багаждың жоғалу немесе бүлiну қаупiн туғызбайтын осындай кемшiлiктерi бар багаж, багаж түбiртегiндегi осы кемшiлiктер туралы белгi арқылы тасымалдауға қабылдануы мүмкiн.
70. Багаж автомобилiнде тасымалдауға багажды қабылдау кезiнде жолаушыға багаж түбiртегi берiледi.
71. Багаж автомобилiнде тасымалданатын багаж бару пунктiнде багаж түбiртегiн көрсетушiге берiледi.
72. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаж бару пунктiне, жолаушының осы пунктке кесте бойынша келген күнiнен кешiктiрмей жеткiзiледі.
73. Бару пунктiнде жолаушы талап етпеген багаж жауапты сақталу үшiн тасымалдаушыға берiледi, ол үшiн багаждың иесiнен тиiстi ақы талап етiледi. Багажды сақтау орны тасымалдаушының қарауы бойынша таңдалады.
74. Багажды тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы, багажды тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап және оны жолаушыға (багажды алуға уәкiлеттi адамға) бергенге дейiн немесе багаж талап етiлмеген жағдайда, оны сақтау камерасына тапсырғанға дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
75. Багаж автомобилiмен тасымалдауға қабылданған багаждың жоғалуын, жетiспеуiн және зақымдануын (бүлiнуiн) анықтау, тасымалдаушының залалды өтеу тәртiбi мен өлшемдерi осы Қағидалардың 66-69-тармақтарына сәйкес белгiленедi.
11-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық(қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемi
76. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерiнде кондукторға (жүргiзушiге) тiкелей автобусқа отырғызу кезiнде, ол аялдама пунктiнен жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.
Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық төлеу де (қалааралық облысішілік), қала маңы маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе электрондық билеттерді сату бойынша ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
77. Егер жолаушы жол жүру құжатын (билетті) қағаз жеткізгіште сатып алса, онда жол жүру төлемiнiң фактiсi жолаушыға мынадай ақпаратты қамтитын жүру құжатын (билетті) берумен белгiленедi:
1) билеттiң сериясы мен нөмiрi;
2) жөнелту және бару пункттерi;
3) комиссиялық және сақтандыру алымдары көрсетiлген төленген жол жүру құны;
4) билеттiң берiлген күнi;
5) бастапқы пункттен автобустың жөнелтiлген күнi мен уақыты;
6) рейстiң нөмiрi;
7) жолаушының отыру орнының нөмiрi.
78. Байланыс құралдары арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алу кезінде жол жүруді төлеу фактісі билеттерді электрондық сату жүйесінде ақпараттың бар болуы болып табылады.
79. Багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға багаж түбіртегін берумен белгіленеді.
80. Егер жолаушы билеттi жүру жолында маршруттың автовокзалдан, автостанциядан, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінен тыс орналасқан аралық аялдама пункттерiнде сатып алса, онда кондуктор (жүргiзушi) билетке рейстiң нөмiрiн, жолаушының бастапқы және соңғы жүру пункттерiн, төленген жол жүру құнын, отыратын орнының нөмiрiн, жөнелтілу күнi мен уақытын қояды, сондай-ақ билет-есепке алу парағында тиiстi жазу жазады.
12-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық
облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы
81. Жолаушылар мен багажды автомобильмен облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдау автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылады.
82. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) тұрақты тасымалдауы көрсетілген жолаушылар мен багажды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығы конкурсында жеңген және тиісті жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттар негізінде Куәлік алған тасымалдаушылар жүзеге асырады.
83. Куәлiкте көрсетілген жылжымалы құрам бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:
1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары);
2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес;
3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi.
84. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттарындағы жол жүру, қол жүгі мен багажды алып жүру, сондай-ақ олардың төлемі осы Қағидалардың 2-тарауының
5, 11 және 12-параграфінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
13-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық қатынасындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша қозғалыс кестелерін келісу тәртiбi
85. Қалааралық облысаралық маршруттарды зерттеу нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган олар бойынша ұсынылатын маршрут схемалары мен қозғалыс кестелерін жасайды және аумағы бойынша маршрут өтетін облыстың (астананың және республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарына келісуге жiбередi.
86. Облыстардың (республикалық маңызды қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдардың қалааралық облысаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестелерiн келiсу мерзiмi, осы материалдар оларға келiп түскен сәттен бастап кемiнде 5 жұмыс күнiн құрайды.
Қозғалыс кестелерiн келiсу осы Қағидалардың 13-16 тармақтарындағы шарттарды ескере отырып жүзеге асырылады.
87. Жергiлiктi атқарушы органдар қозғалыс маршрутының схемасы мен олар бойынша қозғалыстар кестелерi бойынша өзара айырмашылығы бар ескертулер берген жағдайда, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тиiстi маршрут бойынша ымыралы шешiм шығарады және осы маршрутты бекітеді.
88. Бекітілген маршрут нәтижелері бойынша автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган оны қалааралық облысаралық маршруттардың тiзiлiмiне енгiзедi.
14-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдау
89. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру тәртiбi Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттелмеген бөлiгiнде осы Қағидаларда регламенттеледі.
90. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы пункттері арасында жолаушылар тасымалданбайды.
15-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру тәртiбi
91. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру үшiн тасымалдаушы халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру шешiмiн тасымалдауды жүзеге асыру болжанып отырған басқа мемлекеттегi әрiптесiмен келiседi және онымен тиiстi шарт жасасады.
92. Автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрі - Рұқсат) (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды:
1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шартты;
2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын тұлғаны немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;
3) жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметімен айналысу құқығына лицензия көшірмесін;
4) автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру сақтандыру полисiнiң немесе шарттарының көшiрмесiн;
5) әрбiр бiрлiкке арналған техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде міндетті техникалық тексеруден өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қоса берiлген, маршрутта пайдаланылуы көзделетiн жылжымалы құрам туралы мәлiметтердi (автобустардың саны және үлгiсi (класы);
6) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтiп ұстау бойынша жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растай отырып, елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;
7) маршрут бойынша автобустардың орны және жөнелтiлу, келу және тұру уақыттары, сондай-ақ барлық аялдама пункттерi мен мемлекеттердiң шекаралары арқылы өткiзу пункттерi бойынша қашықтықтар көрсетiлген қозғалыс кестелерiн;
8) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және техникалық аялдамалар, автомобильдерді мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi, автобустар қозғалысының қауiптi учаскелерi, сондай-ақ жылдамдық режимi көрсетiлген маршрут схемасын;
9) осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушылар тiркелген мемлекеттердiң ұлттық валютасындағы халықаралық тұрақты маршруттың аялдама пункттерi бойынша жолаушыларды және багажды тасымалдауға ұсынылатын тарифтердi;
10) автобус жүргiзушiлерiнiң ауысым уақыты мен орны көрсетiлген барлық тұрақты маршрут бойындағы еңбек және демалыс режимiнiң кестесi қоса берiлген еркін нысандағы өтiнiмдi ұсынады.
Осы тармақтың 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген тұрақты маршрутқа қызмет көрсету туралы шарт жасасқан қазақстандық және шетелдiк тасымалдаушылар қол қойған және олардың мөрлерiмен расталған құжаттар 4 данада ұсынылады.
93. Қажеттi құжаттар бар халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға өтiнiм автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға рұқсат құжаттарының белгiленген қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 3 айдан кешiктiрмей ұсынылады.
94. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган өтiнiм тiркелген сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде, осы Қағиданың 91-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, аумағы бойынша маршрут өтетiн мемлекеттердiң құзыреттi органдарына, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 91-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар қоса берiлген маршрут ашуға рұқсат алу туралы өтiнiштi жiбередi.
95. Аумағы бойынша маршрут өтетiн шетел мемлекеттерінің құзыреттi органдарынан тиiстi рұқсаттарды алғаннан кейiн тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттары берiледi.
Рұқсат автобустардың, шағын автобустардың әрбір жүру кестесіне екі данадан ресімделеді.
96. Осы Қағидалардың 91-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi бiр данада автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органда тiзiлiм жүргiзу үшiн қалдырылады.
97. Рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаларға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
98. Тасымалдаушылар маршруттағы әрбiр автобуста рұқсаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері болуын
қамтамасыз етедi.
99. Маршрутты, аялдама пункттерiн, қозғалыс кестесiн өзгертудi, сондай-ақ маршрутты жабуды автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган тасымалдаушының немесе жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшiнiң негiзiнде аумағы бойынша маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен алдын ала келiсiм бойынша жүргiзедi.
100. Өтiнiмдердi және тұрақты маршрут бойынша жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыруға құжаттарды ресiмдеу бойынша ұсыныстар дайындау, қосымша рейстердi орындау, автобустардың қозғалыс кестесiн және жолаушыларды тасымалдау тарифтерiн өзгерту кезiнде халықаралық автобус маршруттарының қалыптасқан желiсi, тасымалдаушыда автобустардың тасымалдауды орындау үшiн қажеттi санының болуы, ал қолданылу мерзiмдерiн ұзарту кезiнде сонымен қатар онда және оның шетелдiк әрiптесiнде (тасымалдаушыда) тасымалдау ережелерiн бұзушылықтар, қызмет көрсету сапасына жолаушылар шағымдарының болмауы (болуы) және рейстердiң орындалу кезеңдiлiгiн сақтау ескерiледi.
101. Тасымалдаушыға халықаралық тасымалдауға рұқсат құжаттарын беру мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес өтiнiмге қоса берiлген құжаттар толық көлемде емес немесе жалған мәлiметтер болса, егер
92-тармаққа сәйкес маршрутты ұзарту жағдайда;
2) өтiнiш берiлген қозғалыс кестесi бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдау маршруты қызмет етілсе;
3) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км асатын тұрақты халықаралық маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 1 сағаттан аз уақытты құраса;
4) тасымалдауды жүзеге асыруы болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды жүргiзу мүмкiндiгiнің болмауы;
5) аумағы арқылы өтiнiш берiлген маршрут өтетiн мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмi алынбаса;
6) ашылып жатқан бастапқы және аралық пункттері және қолданыстағы ұзақтығы 250 км дейінгі халықаралық тұрақты маршруттар бойынша қозғалыс кестесінің айырмашылығы 15 минуттан аз уақытты құраса, бас тартылады.
102. Дәлелдi бас тарту жазбаша нысанда тасымалдаушыға жiберiледi.
103. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
1) тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
2) жергiлiктi атқарушы органдар жазбаша дәлелдi өтiнiш берген;
3) осы Қағидалардың талаптарын бұзу немесе сақтамау фактілері байқалған;
4) егер тасымалдаушы аумағы бойынша маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары белгiлеген тұрақты маршруттарды пайдалану шарттарын қамтамасыз етпесе;
5) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн.
104. Тасымалдаушыға берiлген рұқсат құжатының қолданылуы:
1) тасымалдаушы тасымалдауды болжамды тоқтату күнiне дейiн 3 айдан кешiктiрмей жазбаша өтiнiш берген;
2) тасымалдаушы өз еркiмен, автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келiсiмiнсiз маршрут бойынша автобустардың қозғалыс кестесi мен схемасына өзгерiстер енгiзген;
3) аумақтары бойынша тұрақты маршрут өтетiн шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарының жазбаша өтiнiшi бойынша;
4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаларға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн осы Қағиданың 96-тармағымен белгiленген мерзiмде ұсынбаған;
5) егер тасымалдаушы рұқсат құжаттарын алған күннен бастап айлық мерзiм өткен бойда маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
6) егер маршрутта жолаушылар тасымалдауды тасымалдаушы рұқсат құжаттарының қолданылу кезеңiнде күнтiзбелiк 15 күн бойы орындамаса.
16-параграф. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi
105. Халықаралық қатынаста жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерін) алу тәртiбi осы Қағидаларда белгіленген қалааралық облысаралық қатынаста билеттер алу тәртiбiне сәйкес болуға тиіс.
Бұл ретте, халықаралық қатынастағы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билетте жолаушының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуі арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушыны рейске отырғызу жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде билетте көрсетілген тегі, аты, әкесінің атын тексере отырып, жүзеге асырылады.
Багаждың багаж автомобильдерінде тасымалдануы, алып жүруі осы Қағидалардың 2-тарауының 10-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
106. Халықаралық қатынаста жол жүру және багажды алып жүру төлемi, жол жүру құжаттары (билеттерi) сатып алынған мемлекеттiң валютасымен жүргiзiледi.
3. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдау маршруттарында жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу тәртiбi
107. Тасымалдаушы жүргiзушiлердi медициналық қызметкердің жылыту, сумен, кәрізбен, жарықтандыру жүйелерімен жабдықталған, сондай-ақ медициналық жабдықпен және құрал-саймандармен жарақталған үй-жайда рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өткiзуiн қамтамасыз етедi.
108. Жүргiзушi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегi жұмыс басталғанға дейiн отыз минут бұрын және рейсті аяқтағаннан кейін және жұмыстан кейін отыз минуттан кем емес уақытта жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |