164. Қатысушы Конкурстық ұсыныстар бойынша толық және сенiмдi ақпаратты ұсынуы тиiс.
5-параграф. Конкурстарды ұйымдастыру және өткiзу
165. Осы Қағидалардың 10-қосымшасындағы нысанға сәйкес жергiлiктi атқарушы орган Конкурс өткiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк 30 күннен кешiктiрмей, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарайтын баспасөз басылымдары арқылы хабарлайды.
166. Конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде Комиссия конкурс алдындағы Конкурс өткiзу мәселелерi бойынша конференция өткiзедi.
167. Комиссия төрағасы Конкурсқа қатысушылар ұсынған мәлiметтердiң растығын сол жерге шығып тексерудi ұйымдастыру үшiн (бұдан әрi – Тексеру) Комиссия құрамына кiрмейтiн жергiлiктi атқарушы органдардың, көлiктiк бақылау органдардың және ӘПК-нің өкiлдерiнен конкурс алдындағы комиссия құрады.
168. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттаманың жиынтығын алуға өтiнiмді жазбаша нысанда немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта бойынша ұсынады. Конкурстың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімді, өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сұрау салған адамға, ұсынады.
169. Конкурсқа қатысушылар үшiн дайындалған конкурстық құжаттама жиынтығының осы Қағидалардың 235-тармағының 1) және
4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін он жұмыс күн ерте аяқталады.
170. Конкурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн тиiстi лот бойынша Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдi (бұдан әрі – өтінім) Комиссияға конкурстық құжаттамаға қоса берiлген конвертке салынған мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қатысушы туралы ақпараттың толтырылған бланкiсiн;
2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;
3) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;
4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы куәлiктердiң көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;
5) жүргізушілер құрамы туралы анықтама (әрбір жүргізуші бойынша еңбек шарттарының және жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін қоса);
6) маршруттың барлық ұзақтығына диспетчерлік сүйемелдеудің және телефонның немесе басқа байланыстың болуы, сондай-ақ техникалық себептер бойынша (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) маршрутта олардың қозғалысы тоқтаған жағдайда автобустарды ауыстыру мүмкіндігі туралы анықтаманы;
7) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасынасәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесі талаптарына сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн, оның iшiнде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өнеркәсiптiк-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшiрмелерін;
Ескертпе:
облысішілік маршруттар үшін өндiрiстiк-техникалық базаның конкурсты ұйымдастырушының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы және соңғы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасуына жол беріледі;
8) жолаушылар мен багажды маршруттың тоқтау пункттері бойынша, соның ішінде маршруттағы екінші дәрежелі тоқтау пункттері бойынша (қалалық және қала маңындағы маршруттардан басқа) тасымалдауға ұсынылатын тарифтер;
9) барлық тұрақты маршрут бойынша автобустар жүргізушілерінің ауысу уақыты мен орнын көрсетумен (қалааралық облысаралық маршруттар бойынша) жүргізушілердің еңбек және тынығу режимі графигін;
10) толтырылған және қатысушының қолымен және мөрiмен (бар болса) расталған, конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандардың санына тең мөлшердегі конкурстық ұсыныстарды.
Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда бiркелкi, түзетулерсiз және өшiрулерсiз ресiмделедi.
Құжаттармен қоса берілген өтінім нөмірленеді, тігінделеді және конкурсқа қатысушының қолымен, мөрімен (бар болса) бекітіледі.
171. Комиссияның хатшысы Конкурс туралы жарияда көрсетілген мерзiмiнде берiлген өтiнiмдердi қабылдайды да, қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) берiледi, содан кейiн конкурстық ұсыныстарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзбейді.
Конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмдерi бұзылып берiлген өтiнiмдер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды комиссия хатшысы қабылдамайды және комиссия қарамайды.
172. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағидалардың 169-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 169-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 5 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаға жазбаша хабарлама береді.
173. Қабылданған өтiнiмдермен қатар конкурс алдындағы комиссия немесе Комиссия хатшысы Тексеру кестесiн жасайды және үш жұмыс күннен кешiктiрмей әрбiр қатысушыны Тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етедi. Қатысушы тексеру күнi конкурс алдындағы комиссияға барлық қажеттi материалдарды ұсынады және оларды талап етiлетiн объектiлермен таныстыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
174. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, конкурстық ұсыныста көрсетілген автокөлік құралдары класстарының, моделінің және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныста көрсетілген жылжымалы құрамды сақтау, өндірістік-техникалық базада техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу мүмкіндігін тексереді.
Тексеру нәтижелерi бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкiсiне белгi қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтаманы (бұдан әрi – анықтама) қоса бередi.
Уақытты оңтайландыру және Анықтамаға қол қою үшiн конкурстық ұсыныстарда берілген мәлiметтердiң дәйектiлiгi туралы пiкiрлер қалыптастыру мақсатында объектiлер және тексеру түрлерi бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерiн бөлуге рұқсат етіледі.
Көрсетiлген құжаттар қатысушы ұсынған өтiнiм мен құжаттар бар тиiстi конвертке жабылады.
175. Конкурс өткiзiлетiн күнi Комиссия мүшелерi қатысушылардың өтiнiмдерi мен қоса берiлген құжаттары бар конверттердi кезекпен ашады да, конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тiркеу тiзiмiне сәйкес қарайды.
Комиссия мүшелерi бағалау шкаласына сәйкес осы Қағидалардың
11-қосымшасындағы нысанға сәйкес конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автмобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды қояды.
Конкурстық комиссия қатысушылардың өтiнiмдерi мен қоса берiлген құжаттарын қарау кезінде конкурста қатысу үшін өтінімдердегі мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде қажетті ақпаратты тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұратады.
176. Тасымалдаушыға өтінішті қараудан мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) ұсынылған құжаттардың осы Қағиданың 169-тармағына сәйкес немесе толық еместігі;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерінің нақты еместігі;
3) осы Қағидалардың талаптарына жылжымалы құрамының сәйкес еместігі;
4) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландыруға мүмкiндiгi болмаса;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 тіркелген) (бұдан әрі - Шарт) 8-тармағында көрсетілген шарттың елеулі шарттарын орындамау себебі бойынша тасымалдаушы соңғы алты ай ішінде мерзімнен бұрын шарттарды бұзса.
177. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттары бар барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейiн Комиссия хатшысы тиiстi қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды балдарын қосады және жалпы жиынтық балды анықтайды, ол хаттамаға тiркеледi.
178. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижелерi бойынша Комиссия мүшелерi барынша жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның iшiнде Анықтамасын қарайды.
Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиiстi лот бойынша Конкурстың жеңiмпазы деп танылады.
Конкурс алдындағы комиссия терiс қорытынды шығарған жағдайда, Комиссия мүшелерi жоғарылығы бойынша келесi жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын қарауға көшедi.
179. Егер бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, жолаушылардың және багаждың маршрутқа қызмет көрсету құқығына Конкурс өтпеген деп танылады. Егер конкурсты қайта өткізген кезде бұл маршрутқа бір қатысушының өтініші ұсынылғанда, онда онымен конкурс талаптарына сәйкес болған жағдайда шарт жасалады.
Егер қандай да болмасын лот бойынша бiр де бiр қатысушы тiркелмесе, Конкурс өтпеген деп танылады және Конкурсты ұйымдастырушы осы лот бойынша негiзгi талаптарды өзгертеді немесе басқа лот жасайды және келесi Конкурсқа шығарады.
Егер паритеттік жақтан қалааралық облысаралық маршруттарға қызмет көрсету құқығына өтініштер түспеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган екінші паритеттік тасымалдаушыға барлық маршрутқа қызмет көрсету құқығын ұсынады.
180. Өткiзiлген Конкурстың нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссия мүшелерi қол қояды да, Комиссия төрағасы бекiтедi. Комиссияның әрбiр мүшесi өзiнiң айрықша пiкiрiн жазбаша жазады және оны хаттамаға қоса береді.
Комиссияның шешiмi, егер оның отырысына мүшелерiнiң кемiнде 2/3 қатысса, заңды деп танылады.
181. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс қорытындысын өткізгеннен кейін күнтiзбелiк 10 күн iшiнде өздерi ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерiн барлық қатысушыларға жазбаша жiбередi.
182. Конкурс нәтижелерi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.
183. Жекелеген лоттар бойынша Конкурс нәтижелерiн сот жарамсыз деп таныған жағдайда, сондай-ақ Конкурс өтпеген деп танылған жағдайда, қайта Конкурс алдыңғы Конкурстың нәтижелерiн жою туралы сот шешiмi қабылданғаннан немесе оны өтпеген деп танығаннан кейiн 30 жұмыс күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
8. Маршрутқа қызмет көрсету құқығына куәлiк беру, тоқтата тұру және керi қайтарып алу тәртiбi мен шарттары, оны беруден бас тарту шарттары мен негiздерi, сондай-ақ нысаны
184. Хаттаманың негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар күнтiзбелiк 10 күннен кешiктiрмей Конкурстың жеңiмпазымен Шарт жасасады. Шарт кемiнде үш жыл мерзiмге жасалады (қолданылып жүрген маршруттар бойынша қосымша қозғалыс кестелерiне қызмет көрсету құқығы жөнiндегi шарттарды қоспағанда).
185. Шарт жасасқан Конкурс жеңiмпазына маршрутта жұмыс iстеу құқығын растайтын Куәлiк берiледi (Шартты қолданудың барлық мерзiмiне). Көрсетiлген тасымалдауды Куәлiксiз жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
186. Шартты жасасқан және Куәлікті бергеннен кейін жергілікті атқарушы органдар 5 жұмыс күннен кешіктірмей автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға Куәліктің және тасымалдаушы мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға жасасылған Шарттың көшірмелерін береді.
187. Куәлікті облыстың (қаланың, ауданның) жергілікті атқарушы органдары типографиялық тәсiлмен дайындайды, ол кемiнде үш қорғаныш дәрежесi бар және қатаң есептiлiк бланкі болып табылады.
188. Куәлiктер тасымалдаушыға, маршрутта пайдаланылатын автокөлiк құралдарының тиiстi санына сәйкес келетін мөлшерде берiледi және тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiнде болады.
Егер куәлiктiң түпнұсқасын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган берген болса, тасымалдаушы (жүргiзушi) маршрутта осы орган растаған куәлiктің көшiрмесiн қолдана алады.
189. Маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығы үшiншi тарапқа берілмейді.
190. Осы маршрутта паритетті тасымалдаушы (тасымалдаушылар) бар кезінде жергілікті атқарушы орган анықтаған тасымалдаушылар барлық тасымалдаушылар арасында бірлескен қызмет туралы шарт жасайды.
Рұқсат құжаттары берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi, жолаушыларға қызмет көрсету пункті жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.
191. Егер автомобиль көлігі саласындағы заңнамада өзгеше көзделмесе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаiшiлiк ұйымдастыру шарты қолданысы тоқтатылғанға дейiн күнтiзбелiк 60 күннен кешiктiрмей жергiлiктi атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетiлетiн маршруттарға конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңiмпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шарты жасалады, ол осы маршрутқа қолданылатын шарт аяқталған күннен бастап күшiне енеді.
Тасымалдаушы жергілікті атқарушы органға осы шарт бойынша қолданысын тоқтатқан куәліктерді береді.
192. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бiр жақты тәртiппен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тасымалдауды ұйымдастыру шарты бұзылған жағдайда, соңғысы жергiлiктi атқарушы органдарды күнтiзбелiк 45 күннен кешiктiрмей ол туралы хабардар етедi.
193. Шартты мерзiмнен бұрын бұзған жағдайда конкурстардың ұйымдастырушысы осы Қағидаларда белгiленген мерзiмдерде және шарттар бойынша жаңа конкурс өткiзгенге дейiн маршруттарға үздiксiз қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн 80% артық тасымалдауды орындау жиiлiгiмен басқа маршруттарда тасымалдау тәжiрибесi оң болған басқа тасымалдаушыны белгiлеуге құқылы.
194. Осы Қағидалардың 190-тармағында көрсетілген мерзімдерде тасымалдаушы айқындалмаған жағдайда, маршрутты ұйымдастырушы тасымалдаушы айқындалғанға дейін маршрутқа қызмет көрсетуді бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушыға оның келісімімен береді.
195. Тасымалдаушының Шарттың 8-тармағында көрсетілген елеулi талаптарын бұзғанына байланысты конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, тасымалдаушы шарт бұзылған осы маршрутқа шартты бұзған күнiнен бастап алты ай бойы конкурсқа қатыспайды.
196. Автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган берген Куәліктердің қолданысын осы орган:
1) тасымалдаушының жазбаша өтініші;
2) егер тасымалдаушы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның келісімінсіз маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесі мен схемасына өзгерістер енгізсе;
3) егер тасымалдаушы куәліктің қолданылу кезеңінде күнтізбелік 15 күн бойы маршрутта жолаушылар тасымалдауды орындамаса;
4) төмен жиілік (айына жетпіс пайыздан кем);
5) тасымалдаушының (тасымалдаушы жүргізушісінің) кінәсі бойынша адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының болуы;
6) маршрутта автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган берген куәліктерде көзделмеген автобустарды пайдалану;
7) маршрутта (маршруттарда) қызмет істеу құқығын үшінші тарапқа беру жағдайларында тоқтатады.
9. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
1-параграф. Жалпы ережелер
197. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес автомобиль тасымалдау жол желiсi және тиiстi автокөлiк құралдары үшiн рұқсат етiлген жол құрылыстары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Тасымалдауды жүзеге асыру алдында тасымалдаушы болжанып отырған тасымалдау маршрутындағы жолдар мен жол құрылыстардың жай-күйiн, оның iшiнде жол органдары мен ӘПК-ге сұрау салу түрiнде алдын ала зерттеудi жүргiзедi.
198. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы автокөлiк құралында жүргiзушiнiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар борт журналының болуын қамтамасыз етедi.
199. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдау, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетiн автокөлiк құралдарымен жүзеге асырылады.
200. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде аялдама пункттерi жолаушылардың қауiпсiз отырғызылуы мен түсiрiлуiн қамтамасыз етуi және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiмен сәйкес келмеуi тиiс.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнде аялдама жасау, сондай-ақ оларда жолаушыларды отырғызу және түсiру жүзеге асырылмайды.
201. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункіттер) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушыларды отырғызбайды.
202. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 13-тармағына сәйкес жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жүзеге асырады.
203. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде жолаушыларды автобустағы отыратын орындардың санынан асатын мөлшерде тасымалдауға және өлшемi 60х40х20 см және салмағы 35 кг артық қол жүгiн тасымалдауға жол берiлмейдi.
Өлшемi осы тармақта көрсетiлген өлшемдерден асатын жолаушылардың мүлiгi автокөлiк құралдарының багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа ерiп жүретiн багаж автомобилiнде тасымалданады.
204. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау кезiнде жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар тасымалдаушыға (жүргiзушiге) шарттың талаптарына сәйкес төлейдi.
2-параграф. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
205. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдауды әдетте, бiр ғана жолаушылар тобын тасымалдың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне жеткiзу және осы пункттердiң арасында не көрсетiлген бағыттардың бiрiнде жолаушыларды отырғызбай және түсiрмей керi әкету мақсатында жүзеге асырылады.
206. Жолаушылар мен багажды бiр жолғы сипаты бар тасымалдау кезiнде тасымалдаушы осы Қағидалардың 12-қосымшасынасәйкес жол
парағын (күнтiзбелiк жылда бiр жолғы сипаты бар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде есеп бойынша пайдаланылатын) (бұдан әрі – Жол парақ) толтырады
10. Тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
207. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдаудың жүйелiк сипаты бар және азаматтарды жұмыс, оқу орындарына жеткiзу мақсатында, сондай-ақ туристiк және экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыру үшiн жүзеге асырылады.
208. Туристiк және экскурсиялық ұйымдардың өтiнiмдерi бойынша тапсырыспен тасымалдауды жүзеге асырған кезде тасымалдаушы Жол парағын толтырады.
209. Тәрбиелеу және бiлiм беру мекемелерiнiң өтiнiмдерi бойынша балаларды тапсырыс бойынша тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
210. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берiлген автобустармен және шағын автобустармен тасымалдау қызметтерге тапсырыс берушi мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшiрмесi автокөлiк құралында болуға тиiс.
11. Жолаушыларды және багажды таксилермен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбi
1-параграф. Жалпы ережелер
211. Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына сәйкес такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына хабарламаларды беру жолымен осы Қағидалардың 340-343-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңiл автомобильдермен жүзеге асырылады.
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде қызметтi хабарландыру тәртiбiнiң талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді, ол олардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Көрсетілген тізілімнен шығаруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысының өтініші, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағында және осы Қағидаларда көзделген такси тасымалдаушысының қызметіне тыйым салу немесе міндеттемелерін орындамауы туралы сот шешімі бойынша жүргізеді.
212. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады.
Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.
213. Жолаушыларды таксиге отырғызу және одан түсiру арнайы жабдықталған такси тұрақтарында немесе автомобильдердiң тоқтауына жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген жол желiсiнiң учаскелерiнде жүргiзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |