Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу пәнінен білімдерін жетілдіру



жүктеу 44,75 Kb.
Дата10.12.2017
өлшемі44,75 Kb.
#3775
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы : Ешқандай үлгі суретсіз акварель кесіндемесі.

Жұмысты орындаудағы тәсілдері


Машықтық жұмыс: Суы бар шыны ыдыстағы гүл

топтамасының қысқа мерзімді этюді.



Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеу пәнінен

білімдерін жетілдіру,

таза түспен жұмыс жасауға үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушылардың тазалыққа,

шыдамдылыққа, инабаттылыққа

тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,

ой-өрістерін дамыту, арттыру.


Сабақтың түрі: топтық
Сабақ әдісі: а) теориялық

б) машықтық



Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: Муляждар ,карандаш,кетіргіш, ватман,

акварель,кисть,палитра,т.б.


Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

а)теориялық

б)машықтық

IV Қорытындылау

V Үйге тапсырма

VI Бағалау

VII Сыныпты жинақтау
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына отырғызу, жоқ оқушыны журналға белгілеу.



II.Ұй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйден пейзаж өрісіндегі адам фигурасын жазып келу.

Тапсырмаларын тексеріп ,қателерін айтып тиісті бағаларын қоямын.


III.Жаңа сабақ. Ешқандай үлгі суретсіз акварель кесіндемесі. Жұмысты орындаудағы тәсілдері.
а)теориялық. Алдын – ала сурет салмай акварельмен кескіндеу. Акварель живописінде жұмыс істеу техникасы мен әдістері майлы бояумен жұмыс істеуден айтарлықтай ерекшеленеді.

«Акварель» сөзі латының афиа «су» деген сөзінен шыққан. Акварель бояулардың негізгі ерекшелігі – аса мөлдірлігі. Бұл ақ бояу мүлде қолданылмайтын бірден – бір живопистік техника.

Акварель бояулар қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазға оңай жағылады және шапшақ кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель живописінің техникасы – мейлінше күрделі техникасының өзіндік ерекшелігі – оның барынша дымқылдығында.

Акварельмен жұмыс істеудің үш әдісі бар. Біріншіден, алғашқыда бояулармен өте жеңіл, заттың өзіне қарағанда әлде қайда әлсіз және мөлдір болып келетін ортақ төсем жасай отырып, ал одан кейін кепкен алдыңғы қабат бетіне бірізді жұқа, лессировкалы қабат түсіру арқылы түсті біртіндеп күшейте отырып, құрақ қағазда көп қабатты жұмыс жасауға болады. Екіншіден, тиісті түсті бірден барлық күшінде, мозайкадағы сияқты, ұсақ жағындылармен түсіре отырып, құрғақ қағаз бетінде, бірақ бір қабат етіп те жұмыс істеуге болады. Мұндай жекелеген жағындылар көрші бояу жағындылармен (әлі кебе қоймаған) «дәнекерлене» отырып, бір түстен екінші түске біртіндеп көшуге мүмкіндік жасайды. Үшіншіден, дымқыл қағазға, түсті бірден түсіре отырып, бір қабат етіп те салады, бұл кезде бояу жағындылары азды-көпті жайылып, бір – бірімен араласып жатады. Соңғы техника мейілінше күрделі; қағаздың қажетті дәрежедегі дымқылдығын дұрыс сезініп, анықтауға тек ұзақ тәжірибе ғана көмектеседі.

Тым дымқыл қағаз бетінде жұмыс істеу бояу түсін күшті әлсіретіп, шайып кетуі мүмкін.

Қылқаламмен жұмыс жасау техникасының тәсілдері. Акварель живописінің техникасы материалдық жарақтандырылуы жағынан мейлінше қарапайым. Жалпақ бояу құйындыларын жағатын және жіңішке сызықты (ұшымен) жүргізетін жұмсақ жуан қылқаламдар қажет. Жуылып, сілкумен жақсылап кептірілген қылқаламен қағаздан бояулардың артығын алып, су ізінің шегін белгілейді. Акварель живописінде негізінен күзеннің, тиынның, барсықтың, сары күзеннің құйрық қылынан жасалған қылқаламдар қолданылады.

Қылшықты қылқаламдар акварельде біршама сирек, тек қандай да бір әсерлікке жету үшін ғана, мысалы, қайсы бір заттың фактурасын беру кезінде қолданылады.

Алғашқыда № 10 – 12 және №18-20 екі жұмсақ қылқалам (негізінен жұмыс осылармен жүргізіледі) және детальдарды егжей – тегжейлі мұқият жасау үшін №2, мүкіндігінше сары күзеннің қылынан жасалған бр жіңішке қылқалам сатып алған жөн.

Екі үлкен қылқаламның бірі бояудың жөнсіз үшін жұмыс кезінде таза және құрғақ күйде тұруға тиіс.

Жаңа бояуды алмастан бұрын қылқаламды суға шайып алу керек. Қылқаламды тек оны қатты сілкумен ғана құрғатқан жөн, бірақ ешбір жағдайда да оны саусақтармен қысып құрғатуға болмайды. Жұмыс кезінде қылқаламды суы бар ыдыста қалдыруға болмайды. Сабының салмағымен қылшықтары майысып қалады. Жұмыстан соң қылқаламды мұқият суда шайқап, сілкиді де қандайда бір стақанға қылшығын жоғары қаратып салып қояды. Егер қылқалам ұзақ уақыт қажет болмаса, онда әрқайсысын қағаз қапқа шиыршықтап орап қойғңвн жақсы – бұл олардың формасын жақсы сақтауға көмектеседі.



б) машықтық

Суы бар шыны ыдыстағы гүл топтамасының қысқа мерзімді этюді.

«Этюд» (французша etude сөзінен шыққан ) сөзі «зерттеу» мағынасында аударылады. Заттың өзіне қарап салған этюді – қолға қылқалам ұстаған суретшінің белсенді пайымдауы мен ой толғауы деп айтуға болады. Заттың өзіне қарап этюд салу бақылап – байқағандарын жинақтайды әрі сонымен бірге живописьтік материалдарды зерттейді, техникалық дағдыларға ие болады.

Этюді салу үстіндегі жұмыстың мақсаты - өмір мен табиғаттың құбылыстарына жіті көз тастап, шынайы беру, бұл құбылыстар сурет салушының бойында тудыратын сезімдерді айқын да дәлме – дәл білдіру.

Оқушылар сынып жұмысында табиғат аясында отырып гүл шоғының этюдін салады.

IV.Қорытындылау

1.Бүгінгі сабағымыз түсінікті ма?

2.Акварель қайтілден аударылған? мағынасы?

3. Акварель жұмыс жасауды неше тәсілі бар?

4.Акварель қылқаламдары қандай болады?

5.Этюді дегеніміз не?


V.Үйге тапсырма

Үйден гүл шоғының жазып келу.


VI.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау
жүктеу 44,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау