Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі



жүктеу 1,44 Mb.
бет7/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,44 Mb.
#16183
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
      2) жол-көлiк оқиғасы немесе өрт орнына ӘПК-нің және егер қажет болса «жедел көмек» қызметкерлерiн, құтқарушыларды, өртке қарсы қызметтiң мамандарын шақыру шараларын қабылдауға;
      3) зардап шекпеген балаларды олардың қауiпсiздiгiне қауiп төнбейтiн орынға жинап, оларды тыныштандыруға, қажет болған жағдайда денсаулығы әлсiреген, жүрек-тамыр және асқынуы стреске әкеп соғуы мүмкiн өзге де аурулары бар балалардың дәрiгер белгiленген дәрiлердi қабылдауын қамтамасыз етуге;
      4) өрттi сөндiрудi аяқтағаннан кейiн, сондай-ақ жол-көлiк оқиғасы орнында қауiп болмаған кезде ӘПК-нің қызметкерлерiнiң келiсiмi бойынша топ жетекшiлерiнiң және ересек ерiп жүрушiлердiң күшiмен мүмкiндiгiнше балаларды тартпай жеке заттарды жинап, оларды балаларға беруге;
      5) балаларды онан әрi тасымалдау мүмкiндiктерiн және маршрутын анықтауға;
      6) қажет болғанда орынға келiп жеткен ӘПК-нің қызметкерлерiне балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтiнiш жасауға;
      7) телефон арқылы оқиға және балалардың хал-жағдайы туралы тапсырыс берушiнiң әкiмшiлiгiне хабарлауға, оның көмегiмен медициналық мекемелерге жiберiлген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және хал-жағдайы туралы, сондай-ақ зардап шекпеген балалардың заңды өкiлдерiне олардың орналасқан жерi және топтың онан әрi жүру маршруты туралы жедел хабарлауын қамтамасыз етуге тиiс.

9-параграф. Маршруттың соңғы пунктiне келу және балаларды түсiру

      318. Маршруттың соңғы пунктiне келгенде автобустар тұрақтау үшiн бөлiнген орындарға қойылады, ол жерден түсiру орнына бiр-бiрден келедi.
      319. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
      1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
      2) баспалдақтардан секiруiне;
      3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
      4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
      Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын (сөмкелерiн, пакеттерiн) бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
      320. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
      1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
      2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
      3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
      321. Балалардың қалааралық және қала маңы тасымалдауын орындаған кезде автобустың жүргiзушiсi (немесе лектiң аға жетекшiсi) маршруттың соңғы пунктiне келген бойдан ол туралы тасымалдаушыға хабарлауға тиiс.
      Маршруттың соңғы пунктiне келу үшiн жүру кестесі белгiлеген уақыттан кейiн бiр сағат iшiнде мұндай хабарлама болмаған жағдайда тасымалдаушы автобустың (автобустардың) орналасқан жерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
      322. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша, автомобиль жолдарының, көшелердiң, темiр жол өткелдерiнiң, паромдық өткелдердiң, олардың жайластыру жөнiнде жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн қандайда бiр ескертулер (кемшiлiктер) болған кезде жүргiзушi тасымалдаушының диспетчерiне хабарлайды.

10-параграф. Балаларды маршруттық көлiкпен тасымалдау

      323. Маршруттық автокөлiкпен ұйымдастырылған балалар топтарының сапары кезiнде жоғарыда атап көрсетiлген қауiпсiздiк шараларымен қатар ерiп жүрушiлер бiрқатар қосымша талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi:
      1) адамдарды тасымалдауға арналған тек арнайы маршруттық автобустарды, троллейбустарды, шағын автобустарды (маршруттық таксилердi) пайдаланады, адамдарды тасымалдауға рұқсат қағаздарды жоқ маршруттыққа кiрмейтiн жолай немесе жүргiзушiлерi мұндай тасымалдауға рұқсат алмаған көлiк құралдарын пайдаланбау;
      2) сапардың алдында балаларға оның маршрутын хабарлау, топ жүретiн көлiк құралдары маршруттарының нөмiрлерiн, егер жүру кезiнде қайта отырғызу жоспарланған болса аялдамалардың (автобус станцияларының) және соңғы пунктiнiң атауларын көрсету;
      3) балалармен ұялы телефондарының нөмiрлерiмен алмасу және негiзгi топтан қалып қойған оқушылардың iс-қимыл тәртiбiн белгiлеу;
      4) Жол жүру ережесiмен белгiленген жаяу жүргiншiлер мен жолаушылардың мiндеттерi, аялдамаларда (автобус станцияларында) автокөлiк құралдарын күту, отырғызу, өту және түсiру кезiнде қауiпсiздiк шаралары туралы ескерту;
      5) маршруттық автокөлiкке отырғызу алдында балалар одан түсетiн жолаушыларға кедергi жасамауын қамтамасыз ету;
      6) маршруттық көлiк құралына отырғызу кезiнде балалардың салонда қауiпсiз орналасуын, олардың қауiпсiздiк шаралары мен тәртiп ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;
      7) қалааралық маршруттық автобусқа багажы бар балаларды отырғызу алдында салонды бөгеуi мүмкiн ортақ және жеке iрi көлемдi, басқа да заттарды багаж бөлiмшесiне өткiзудi ұйымдастырады;
      8) балалар салоннан шыға алатын, сондай-ақ топты түсiру қажет аялдамаларға (автобус станцияларына) жақындағаны жөнiнде балаларға алдын ала ескерту;
      9) балалар салоннан шыққан аялдамалардан кейiн, сондай-ақ қайта отырғызу үшiн автокөлiк құралынан шыққаннан кейiн балалардың ешқайсысы қалып қоймағанына көз жеткiзе отырып, топтың құрамын тексеру.

13. Автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың санитариялық жай-күйiне, сыртқы безендiрiлуiне және жабдықталуына қойылатын талаптар



      324. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар ұлттық стандарттарға сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
      1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды  (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
      2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
      325. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы ұзақтығы 300 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдау үшiн пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың шалқаятын арқашалары бар жұмсақ орындықтары болуы тиiс.
      Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.
      326. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.
      327. Таулы маршруттарда пайдаланылатын автобустар тұманға қарсы алдыңғы фаралармен және артқы жүрiстiң қосалқы фараларымен жабдықталуы тиiс, ал шиналар бұжыртабаны суретiнiң биiктiгi кемiнде 3,0 мм болуы тиiс.
      328. Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар:
      1) дәрiлер мен медициналық құралдардың қажеттi жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөлiктiк);
      2) авариялық аялдау белгiсiмен;
      3) ақаусыз өрт сөндiру құралдарымен;
      4) жол-көлiк оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру және есіктерді, терезелерді, авариялық люктердi жедел ашудың тиiстi құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен;
      5) дөңгелеуге қарсы құрылғылармен жинақталады.
      329. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда, троллейбустарда мыналар болуы тиiс:
      1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
      2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
      3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
      5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
      Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;
      6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
      7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
      330. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустар мен троллейбустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      Сыртқы кузовты жуу ауысымнан кейін өткізіледі.
      331. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық және халықаралық тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың багаж бөлiмшелерi автобус салонынан тыс болуы тиiс.
      332. Тахографтармен:
      1) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
      2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауды;
      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар жабдықталуы тиiс.
      333. Автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың салонында жүргiзушi кабинасының (орнының) жанында мыналарды қамтитын ақпарат орналасады:
      1) тасымалдаушының толық атауы;
      2) тасымалдаушының, тасымалдауды ұйымдастырушының байланыс телефондарының нөмiрлерi;
      3) ӘПК-нің, аумақтық көлiктiк бақылау және медициналық қызмет органдары телефондарының нөмiрлерi;
      4) маршрут схемасының көшiрмелерi;
      5) жол жүру құны туралы мәлiмет.
      Тұрақты маршруттар үшiн (қалалық маршруттарды қоспағанда) сапар қашықтығына байланысты жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесi ұсынылады;
      6) ақы төлемей жол жүргенi және/немесе багаж алып жүргенi үшiн айыппұлдың мөлшерi;
      7) жолаушылардың құқықтары мен мiндеттерi.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустар дауыс зорайтқыш қондырғылармен, ал басқарудың автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi – БАЖ) жұмыс iстеген жағдайда желiдегi жұмысты бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау үшiн осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларының қолданысы тарамайды.
      334. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустардың алдыңғы және артқы жақтарында маршрут нөмiрi көрсетiлген трафареттер қойылады.
      Маршруттың нөмiрi ашық сары түстi реңде шрифттiң биiктiгi кемінде 120 мм қара түспен ресімделеді. Жедел тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда трафаретте маршрут нөмiрiнiң астында шрифттiң биiктiгi кемінде 60 мм қызыл түстi «Жедел» деген жазу ресімделеді.
      335. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустардың оң жағында, салонның жолаушылар есiктерi бiрiнің жанында маршруттың нөмiрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетiн негiзгi көшелердiң, қоғамдық мәнi бар орындардың атауы) бар трафарет орнатылады.
      336. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустар мен шағын автобустарда жол жүрудiң бастапқы, соңғы және iрi аралық пункттерi көрсетiлген алдыңғы және бүйiрлiк (оң жағында) трафареттерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда басқа тiлдерде ресiмделедi.
      337. Алдыңғы және артқы трафареттерде тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандыру болады.
      338. Жолаушылар мен багажды тапсырыс берiлген автобустармен, шағын автобустармен және жеңiл автомобильдермен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдарының алдыңғы және артқы жақтарында «Тапсырыспен» деген жазуы бар трафареттер орнатылады.
      Жазу шрифт биiктiгi кемiнде 120 мм қара түспен ресімделеді және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.
      339. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар және троллейбустар салонының алдыңғы жағында мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүктi әйелдерге және мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделедi. Осы орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететiн ақпараттық тақта орнатылады.
      340. Такси төбесiнде орналасқан және 500 метрге дейiнгi қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгiлерімен жабдықталады. Айырым белгiде «Т» (такси) деген жазу және/немесе өзіне тән шашкалық белдеуi болуы және тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылуы тиiс.
      341. Такси сырттан өзінде жеңіл автомобильдің бүйір жақтарына тасымалдаушы өзі анықтайтын кузовтың түсін, биіктігі 10 сантиметрден кем емес және жалпы жиынтық ұзындығы 100 сантиметрден кем емес шахматтық тәртіпте орналасқан қара және (немесе) сары шаршылардан тұратын белдеу салуды қарастыратын бірыңғай түстік гаммада ресімделеді.
      342. Такси жарамды таксометрмен немесе кассалық-бақылау машинасымен жарақталады.
      343. Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда) көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ:
      1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекенжайы және телефон нөмірі;
      2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.

14. Автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

      344. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізілуі негiзiнде жұмыс iстейдi.


      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізу үшiн комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрады.
      Комиссия құрамы облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiнің өкiмiмен айқындалады.
      Комиссияға:
      1) жергiлiктi атқарушы органдардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның);
      2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;
      3) ӘПК-нің;
      4) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қоғамдық бiрлестiктерiнiң және тасымалдаушылардың;
      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарының өкiлдерi енгiзiледi.
      Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
      Автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгiзудi Комиссия ұсынған хаттама бойынша жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.
      345. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс режимi жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылармен шарттық қатынастарды ескере отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiмi бойынша айқындалады.
      346. Автовокзалдар кемінде бес мың шаршы метр аумақта орналасады.
      347. Автостанциялар кемінде екі жарым мың шаршы метр аумақта орналасады.
      348. Автовокзалдар мен автостанциялар мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
      1) жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру;
      2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн сақтауын ұйымдастыру;
      3) жолаушылардың қауiпсiз мiнуi мен түсуiн, багажды тиеу мен түсiрудi ұйымдастыру;
      4) егер тасымалдаушылардың осы функцияларды орындауы мүмкiн болмаса, жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн сақтау, жүргiзушiлердi рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландыруды және автобустардың, шағын автобустардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүргiзу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      5) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      6) багаж бен қол жүгiн сақтауды ұйымдастыру;
      7) жолаушыларды сапардың басталуын күту үшiн жағдаймен  қамтамасыз ету;
      8) қолданылып жүрген маршрут желiсiндегi автовокзалдарды (автостанцияларды) автобустардағы (шағын автобустардағы) бос немесе босайтын орындардың бар екені туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустардың кестеден озу (кейiн қалу) уақыты, кестеде көзделмеген қосымша рейстердi алып тастау немесе енгiзу, қосымша автобустарды жiберу туралы хабардар ету;
      9) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызмет көрсету тәртiбi және қозғалыс кестелерiн (графиктерiн) бұзулары туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты халықаралық, облысаралық маршруттар бойынша рейстерді орындау туралы анықтамаға сәйкес жөнелтілген қосымша рейстердің саны туралы ақпаратты маршруттар бойынша талдауды жүргізу үшін маршруттарды ұйымдастырушыларға (рұқсат құжаттарын немесе куәлікті берген) ай сайын, келесi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей хабардар ету.
      349. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшілігі мынадай негізгі функцияларды атқарады:
      1) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру;
      2) жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді, багажды тиеу мен түсіруді ұйымдастыру;
      3) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      4) жолаушыларға жол жүрудің басталуын күту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
      350. Автовокзалдар мен автостанциялардың өз құрамында: 
      1) ақпараттық қамтамасыз ету;
      2) автобустар мен шағын автобустар тұратын алаң;
      3) жолаушыларға арналған күту залы (залдары);
      4) жол жүру құжаттарын (билеттерiн), оның iшiнде алдын ала сатуға арналған касса (кассалар);
      5) багажды сақтау камерасы (камералары);
      6) диспетчерлiк пункттер;
      7) персонал мен жолаушылар үшін санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар;
      8) жүргiзушiлер демалатын қызметтiк үй-жайлар бар.
      Автовокзалдар үшін қосымша талаптар:
      1) анықтама бюросы;
      2) қоғамдық тамақтану пунктi;
      3) ана мен бала бөлмесi;
      4) автобустар мен шағын автобустарды тексеруге арналған бекеттер;
      5) қоғамдық тәртiптi қорғау пунктi;
      6) медициналық көмек пунктi және дәрiхана дүңгiршегi;
      7) Интернет желісіне сымсыз қол жеткізу нүктелері;
      8) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiнде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар мен шағын автобустардың тұрағына арналған алаңдарда бейнебақылау;
      9) діни рәсімдер жасау үшін бөлме.
      351. Автовокзалдар мен автостанцияларда:
      1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындарды бөлу;
      2) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;
      3) есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;
      4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
      5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;
      6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;
      7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау қамтамасыз етіледі.
      Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде осы тармақтың  2) тармақшасының талабы қамтамасыз етіледі.
      352. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрамында:
      1) жолаушыларды қауіпсіз отырғызу мен түсіру, багажды тиеу мен түсіруге арналған алаң;
      2) автобустарды қоюға арналған алаң;
      3) жол жүру құжаттарын (билеттерін) және багаж түбіртектерін сатуға арналған орын;
      4) жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимарат бар.
      353. Сақтау камерасының жұмысын ұйымдастыру кезiнде мынадай талаптар сақталады:
      1) автоматты емес сақтау камерасына багажды тапсыруға және алуға кететiн уақыт шығыны барынша төмен болуы тиiс;
      2) сақтауға тапсырылған багаждың сақталуын, сақтау камерасы үй-жайының құрғақ және таза күйде күтiп ұсталуын, жеткiлiктi табиғи немесе жасанды ауа тарту желдеткiшi болса, онда тұрақты бөлме температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етуi тиiс;
      3) ол арқылы багажды қабылдау және беру жүзеге асырылатын автоматты емес сақтау камерасы, операциялық терезесiнiң төменгi жағы еденнен 70 см биiк емес, терезенiң сыртқы жағынан багажды тапсыруға дайындау үшiн үстел қойылып орналасуы тиiс;
      4) операциялық терезенiң жанында сақтау камерасының жұмыс режимi, багажды сақтауға қабылдау тәртiбi мен шарттары, сақтау мерзiмдерi мен құны бар тақтайша iлiнедi;
      5) багаж жол жүру құжаттарының болуына қарамастан сақтауға қабылданады.
      354. Автовокзалдарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау бағыттарында жұмыс iстейтiн автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерiне еңбек және демалыс режимiнiң шарттары бойынша оларға тұрақты тұратын жерiнен басқа жерде демалуға тура келген жағдайда, демалуға (ұйқыға) арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар берiледі.
      355. Жүргiзушiлердiң демалыс бөлмелерiнде суық және ыстық суы бар душ бөлмесi, күндiзгi уақытта демалысты қамтамасыз етуге арналған қараңғылаушы перделер болуы тиiс. Бөлмелерде жүргiзушiлердегi құнды заттарды, сатылған билеттердiң ақшасын, сондай-ақ жол жүру құжаттарының (билеттердiң) бланкiлерi мен багаж түбiртектерiн сақтау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.
      356. Автовокзалдарда 5 жасқа дейiнгi баласы бар жолаушыларға, жүктi әйелдерге және кресло-арба пайдаланатын мүгедектерге қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесiнiң жұмысы ұйымдастырылады. Үй-жайлардың көлемi мен құрамы, сондай-ақ қызмет көрсететiн персоналдың саны автовокзал жұмысының көлемiне сәйкес келуi тиiс.
      357. Жолаушылар ағыны тәулiгiне 1000 адамнан артық автовокзалдарда ана мен балаға арналған бөлменiң құрамына:
      1) балалардың және оларды алып жүретiн ересектердiң демалуға арналған кереуеттерi, балаларды құндақтауға арналған орны, киiмдер мен заттарды сақтауға арналған шкафы бар бөлмесi;
      2) тоңазытқышы мен электр шәйнегi бар тамақ дайындауға және қабылдауға арналған бөлмесi; 

жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау