Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі



жүктеу 1,44 Mb.
бет8/12
Дата22.05.2018
өлшемі1,44 Mb.
#16183
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
      3) қолжуғышы және жинау керек-жарағын сақтауға арналған орны, қолға арналған электр кептiргiшi немесе бiр реттiк сүлгiсi және бала киiмiн кептiруге арналған шкафы бар дәретхана бөлмесi кiредi.
      358. Ана мен балаға арналған бөлмеге балалы жолаушылар мен жүктi әйелдер қысқа уақытқа да – тамақтандыру, қайта құндақтау, автобустың жөнелтiлуiн күту үшiн қысқа демалыс үшiн де, сондай-ақ ұйықтау үшiн төсектердi пайдалана отырып қабылданады. 
      359. Балалы жолаушылар мен жүктi әйелдерге жол жүру құжаттарын (билеттердi) ана мен бала бөлмесiнің кезекшiсі арқылы, осы қызметтер үшiн ақы төлемей сатып алу мүмкiндiгi берiледi.
      360. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық, ауданiшiлiк және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға, тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi арасында «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 21-бабының 4) тармағына сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде қызмет көрсетедi.
      Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қызмет көрсету, олар тиiстi маршрутта жұмыс iстеуге арналған Рұқсатты және Куәлікті, маршрут бойынша қозғалыс схемасын және ол бойынша қозғалыс кестесін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді ұсынған кезде ғана рұқсат етiледi.
      Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері осы Қағидаларға сәйкес аталған қызмет түрiне жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарттар жасасады.
      Шарт тасымалдаушылар автовокзалға, автостанцияға және жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген рұқсат құжаттарын берген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде рұқсат құжаттардың қолданыста болатын уақыт аралығына жасалады.
      361. Тасымалдаушыдан рұқсат құжаттарын кері қайтарып алу автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен шартты бұзу үшiн негiз болып табылады.
      362. Автовокзалдар мен автостанциялар белгiлi бiр тұрақты маршруттарда тасымалдау көлемi артқан жағдайда, аталған маршруттың адынғы уақыты бойынша қызмет көрсеткен тасымалдаушының қосымша автобустары мен шағын автобустарының шығуын ұйымдастырады.
      Осы тасымалдаушы жазбаша бас тартқан жағдайда автовокзалдың немесе автостанцияның әкімшілігі мынадай критерийлер бойынша басқа тасымалдаушылардың автобустарын, шағын автобустарын тартады:
      1) тұрақты жолаушылар автобус маршруттарында жұмыс істейтін;
      2) осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушының автобустары мен шағын автобустарының класынан төмен емес автобустар мен шағын автобустары бар.
      Басқа тасымалдаушылардың қосымша автобустары мен шағын автобустарын жөнелту кезінде жол парағында қосымша рейсті орындау туралы автовокзалдың немесе автостанцияның мөрімен бекітілген белгі қосымша рейсті орындауға арналған рұқсат болып табылады.
      Тасымалдау көлемi мерзімді (маусымдық, кешкi және басқалар) артқан жағдайларда автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен тасымалдаушылар облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына тұрақты маршруттарды ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгiзедi.
      363. Автовокзалдар мен автостанциялардың үй-жайларын ылғалды жинау күнiне кемiнде екi рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргiзiледi.
      364. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің үй-жайларын ылғалды жинау тәулігіне кемінде бір рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.
      365. Автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ, тұрғындарының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстарында және өзге де елді мекендерде халықаралық, облысаралық, облысiшiлiк және қала маңы қатынастарға жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттарда тасымалдау бойынша жол жүруге жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбiртектерiн сататын кассалық пункттердi ашуға рұқсат етiледi.
      366. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiнен комиссияның келiсiмi бойынша мынадай жағдайларда:
      олар осы Қағидалардың 350, 351 және 352-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген кезде;
      осы Қағидалардың 348 және 349-тармақтарында көзделген негiзгi функцияларды тиiсiнше орындамаған кезде;
      олардың қызметтері ҚР СТ 2271-2012 «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері.» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмеген кезде шығарады.

2-параграф. Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету



      367. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жолаушыларға автобустардың қозғалысы, жол жүру мен багажды алып жүру шарттары және көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi жөнiндегi анық, толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған анықтамалық-ақпараттық қызметтiң жұмысы ұйымдастырылады.
      368. Жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету көрiнетiн анықтаманың, дауыстап айту байланысының және ауызша анықтаманың көмегiмен жүзеге асырылады.
      369. Көрiнетiн ақпарат:
      1) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнуi;
      2) барынша анық және толық болады.
      Бұл ретте егер автовокзал, автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункті немесе кассалық пункт тәулiк бойы жұмыс iстемесе, сыртында мынадай ақпарат орналастырылады:
      1) осы автовокзал, автостанция, кассалық пункт арқылы өтетiн маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесi;
      2) автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің, кассалық пункттiң жұмыс уақыты.
      370. Автобустардың қозғалыс кестесiнде мынадай мәлiметтер болады:
      1) маршруттың нөмiрi;
      2) маршруттардың атауы;
      3) автобустың, шағын автобустың жөнелтiлу уақыты;
      4) соңғы пунктке келу уақыты;
      5) осы автовокзалға, автостанцияға, жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне келу уақыты және тұру уақыты (транзиттiк рейстер үшiн).
      371. Кассалардың көрiнетiн ақпаратында мыналар болады:
      1) кассаның нөмiрi;
      2) кассаның мамандануы;
      3) жұмыс режимi;
      4) билеттi кезектен тыс сатып алатын жолаушылар санаттарының тiзбесi;
      5) жолаушылардың жеке санаттарының жеңiлдетiлген жол жүру шарттары;
      6) кассирдiң тегi.
      372. Жолаушыларды дауыс зорайтқыш байланысының көмегiмен ақпараттандыру автовокзалдың, автостанцияның хабарлау желiсi арқылы ұйымдастырылады.
      373. Дауыс зорайтқыш байланысының көмегiмен берiлетiн ақпараттың мiндеттi тiзбесi өзiне мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) автобустардың, шағын автобустардың келу уақыты;
      2) автобусқа мiнудiң басталатын уақыты (жөнелтуге дейiн 15 минут бұрын) және автобустың жөнелтiлетiн уақыты (жөнелтуге дейiн 5 минут бұрын);
      3) қосымша рейстердi енгiзу және оларға жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сату;
      4) транзитпен жүретiн автобустардың, шағын автобустардың тұратын уақытының қысқартылуы (ұлғайтылуы) туралы;
      5) багажды қабылдау, сақтау және беру тәртiбi;
      6) жолаушыларға ұсынылатын негiзгi қызметтердiң тiзбесi.
      Жолаушыларға көрсетiлетiн негiзгi қызметтердiң тiзбесi туралы ақпарат автобустардың келуi мен жөнелтiлуi туралы хабарландырулардың арасындағы аралықтарда берiледi. Әрбiр хабарландыру мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қайталанады.
      374. Жолаушыларға ауызша анықтамалардың берiлуiн анықтама бюросының ақпаратшысы жүзеге асырады. Анықтама бюросы:
      1) жұмыс уақыты мен ақпарат берушiнiң тегi көрсетiлген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi, айқын көрiнетiн «Анықтама бюросы» деген маңдайша жазумен;
      2) автобустардың осы автовокзалдан (автостанциядан) жөнелтiлу, соңғы пунктке келу уақыты және барлық автобустардың, шағын автобустардың осы автовокзалға (автостанцияға) келу уақыты көрсетiлген автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiмен;
      3) осы автовокзалдың (автостанцияның) тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанциялары бойынша автобустардың қозғалыс кестелерiмен;
      4) осы автовокзал (автостанция) қызмет көрсететiн барлық маршруттар бойынша жол жүру мен багажды алып жүру құнының кестесiмен қамтамасыз етіледі.
      375. Автовокзал мен автостанция ұсынатын ақпараттың міндетті тізбесі мыналарды қамтиды:
      1) осы автовокзал (автостанция) бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлу және келу уақытын;
      2) осы автовокзалдан жөнелтiлетiн барлық автобустардың, шағын автобустардың маршруттың барлық аялдау пункттерiне келу және тұру уақытын (автовокзал үшiн ғана);
      3) кесте бойынша рейске жөнелтiлетiн автобустардың, шағын автобустардың үлгiлерi мен маркаларын;
      4) облыс маршруттары бойынша, сондай-ақ осы автовокзалмен тура автобус қатынасы бар басқа облыстардың автовокзалдары мен автостанцияларының маршруттары бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалыс кестесiн;
      5) жол жүру және багажды алып жүру құнын;
      6) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) басқа рейске қайта ресiмдеу тәртібін, сондай-ақ сапар iске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртiбiн;
      376. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастарда автобустың немесе шағын автобустың бастапқы жөнелтілуі алдында жолаушылар салонда ауызша немесе дыбыс немесе бейнежазба арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде:
      1) тасымалдаушы;
      2) маршруттың атауы;
      3) сапардың километрдегі ұзақтығы;
      4) жолда жүру уақыты;
      5) аралық аялдамалар;
      6) автобустың немесе шағын автобустың қозғалысы кезіндегі шектеулер;
      7) шұғыл жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс туралы;
      8) қосымша сервис туралы хабардар етілуі тиіс.

3-параграф. Автобустардың қозғалысына диспетчерлiк басшылық ету



      377. Диспетчерлiк басшылық ету қозғалысты басқару, кестенiң сақталуын үздiксiз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың үздiксiз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшiн жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегi көлiктiң барлық түрлерiмен жолаушылар тасымалдауды үйлестiру болып табылады.
      378. Диспетчерлiк басшылық етудi диспетчерлiк қызметтер жүзеге асырады.
      379. Диспетчерлiк қызметтiң негiзгi функциялары:
      1) автобустардың, шағын автобустардың жөнелтiлуiн және автовокзалға (автостанцияға) уақтылы келуiн қадағалау;
      2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;
      3) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлiк қызметтерiн маршрут бойынша жүрудiң күрделiлiктерi, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар туралы хабардар ету;
      4) маршруттағы, соның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшелiктерi туралы жүргiзушiлерге нұсқау беру;
      5) маршрут бойынша ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер немесе тыйым салулар кезiнде жолаушыларды орналастыру;
      6) жол органдарын, ӘПК-ні, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды маршрут бойынша жүрудiң күрделiлігі, оның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулерi немесе мүмкiн еместiгi және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуi туралы хабардар ету;
      7) жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу үшiн автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгiленген уақытта және тиiстi санитарлық жай-күйде уақтылы берiлуiн қадағалау;
      8) жүргiзушiлердiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн қадағалау (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы);
      9) басқа автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк қызметтерiн автобустарда, шағын автобустарда бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустар мен шағын автобустардың кестеден озып кету (қалып қою уақыты), қосымша рейстердi алып тастау немесе кестеде көзделмеген рейстер енгiзу, қосымша автобустың жөнелтiлуi туралы хабардар ету;
      10) автобустардың немесе шағын автобустардың жөнелтілу уақыты туралы белгісі бар автовокзалдың және автостанцияның мөрімен бектілген жол құжаттамасын ресiмдеу, сондай-ақ диспетчерлiк журнал жүргiзу;
      11) жүргiзушiлерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының (куәлiктiң, маршрут схемасының, жол қағазының) болуын қадағалау;
      380. Автобустардың, шағын автобустардың қозғалысы кестеден ауытқыған жағдайларда олардың қозғалысын жедел реттеу жүзеге асырылады. Жедел реттеу өзіне мынадай iс-қимылдарды қамтиды:
      1) автобус, шағын автобус кешiккен кезде:
      кешiккен автобустың, шағын автобустың тұру уақыты, кесте бойынша тұру уақытының үштен бiр бөлiгiнен асырылмай қысқартылады (бес минутқа дейiн тұру қысқартылмайды). Автобустың жолаушылары тұру уақытының қысқартылғаны туралы ескертiледі;
      автобус, шағын автобус маршруттың соңғы пунктiне едәуiр кешiккен кезде оның нәтижесiнде жолаушыларды уақтылы жеткiзудi және автобусты, шағын автобусты керi рейске жөнелтудi қамтамасыз ету мүмкiн болмаса, ол резервтегi автобуспен, шағын автобуспен ауыстырылады;
      егер автобустың, шағын автобустың кешiгуi осы маршруттағы қозғалыстың кестеде белгiленген ұзақтығының кемінде он-он бес пайызын құраған жағдайларда қозғалыс жылдамдығы ұлғайтылады, бiрақ жол қозғалысы ережелерiнде және маршрут жөнiндегi тиiстi жол белгiлерiнде белгiленген жылдамдықтан артық емес. Бұл ретте жылдамдықтың ұлғаюы қозғалыс қауiпсiздiгiн төмендетпеуi тиiс және таулы санына жатқызылатын маршруттарда және ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты маршрут бойынша қозғалыс күрделiленген жағдайларда рұқсат етiлмейдi;
      2) автобус, шағын автобус графиктен озған кезде, кестеде көрсетiлген жөнелту уақытына дейiн автовокзалда (автостанцияда) кiдiртедi;
      3) рейс бұзылған кезде:
      келмеген автобус, шағын автобус тасымалдаушының резервтегi автобусына ауыстырылады;
      салондағы барлық жолаушыларды орындармен қамтамасыз ету шартымен бiрдей маршруттың екi рейсi бiр рейске бiрiктiрiледi;
      бiрдей маршруттың автобусы, шағын автобусы ерте графикке (келмеген немесе техникалық ақаулық бойынша маршруттан шыққан), кейiннен резервтегi автобусты, шағын автобусты енгiзу арқылы оның рейсаралық тұру уақытын қысқарту есебiнен ауыстыру.
      381. Автобус, шағын автобустың жөнелтілуі жиырма минуттан артық кешiгетiн болса, диспетчер бұл туралы жүру маршруты бойынша келесi диспетчерлiк пунктке, ал автобус, шағын автобус болмайтын болса, маршруттың барлық пункттерi бойынша хабарлауы тиiс.
      Диспетчер маршруттың соңғы және аралық пункттерiне рейстiң алынып тасталғаны, кестеде көзделмеген автобус пен шағын автобустың жөнелтiлгенi туралы немесе жөнелтудiң нақты уақытын және болжанып отырған келу уақытын көрсете отырып, алда қосымша рейстiң жiберiлетiнi туралы хабарлайды.
      382. Автобус пен шағын автобус рейске жөнелтiлген кезде диспетчер жүргiзушiнiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуiн, сондай-ақ автобус пен шағын автобустың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы) бақылайды, ол туралы жол парағында тиiстi белгi жасалады.
      383. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар, сондай-ақ рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтпеген немесе Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру қағидаларымен белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтамаған жүргiзушілер рейске жiберілмейді.
      384. Маршрутта күрделi метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезеңде автобус пен шағын автобус кесте бойынша келмеген жағдайда, диспетчер автобустың, шағын автобустың кiдiру себептерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды және бұл туралы автобус пен шағын автобусқа техникалық көмек көрсету және жолаушыларды межелі пунктiне жеткiзу үшiн диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктi мен осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушыға хабарлайды.
      385. Уағдаластық бойынша автостанциялар мен автовокзалдардың, тасымалдаушылардың диспетчерлік қызметтері автобустар мен шағын автобустар қозғалысының процесі бойынша нақты режимде байланыс арналары арқылы диспетчерлік жүйенің операторларынан ақпарат алады.

4-параграф. Диспетчерлiк пункттердiң жұмысын ұйымдастыру

      386. Автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк пунктiнiң үй-жайы операциялық (кассалық) залдан оқшаулануы, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiне қызметтiк шығатын жері болуы тиiс.
      387. Диспетчердiң жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустар мен шағын автобустардың келуi мен жөнелтiлуiн бақылай алатындай орналасады және ақпараттық көрсеткiштерді арнайы басқару пультiмен және дауыс зорайтқыш байланыс қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың, автостанцияның әкiмшiлiгiмен, билет кассаларымен, анықтама бюросымен және диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктiмен iшкi технологиялық байланыспен жабдықталады.
      388. Диспетчердiң жұмыс орны, сонымен қатар қызмет көрсетiлетiн маршрут желiсiндегi басқа диспетчерлiк қызметтермен телефон немесе өзге де электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жабдықталады.

15. Халықаралық және республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн, сондай-ақ таксимен тасымалдау кезiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар

1-паранраф. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн безендiру мен күтiп-ұстауға қойылатын талаптар

      389. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi:


      1) қалқалармен;
      2) тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде автобустарға қалыпты отыру және олардан түсудi, багажды тапсыру мен алуды, деректемелердi оқуды қамтамасыз ететiн жарықпен;
      3) отырғызу алаңының нөмiрi белгiленген автобустарға отырғызу орындарының көрсеткiштерiмен;
      4) жолаушыларды хабарландыруға арналған дыбыс колонкаларымен;
      5) отырғызу алаңдарын жүру бөлiгiнен қоршау;
      6) мүгедек жолаушылардың отырғызу мен түсiру орындарына баруына арналған пандустармен;
      7) қоқыс ыдыстарымен жабдықталады.
      390. Жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi жиектемелермен белгiленеді және жүру бөлiгi төсемiнiң деңгейiнен кемiнде 22 см асады.
      391. Автовокзал (автостанция) аумағы бойынша автобустар, шағын автобустар қозғалысының схемасын әзiрлеген кезде:
      1) кiру және шығу кезiнде оң бұрылыстарды ғана қолдану;
      2) жақын жатқан көшелерде автобустардың айналу пунктiн жабдықтау;
      3) жолаушыларды отырғызу мен түсiруге арналған отырғызу алаңына автобус пен шағын автобусты оң жағымен ғана қоюды;
      4) автобус пен шағын автобусты отырғызуға қойған кезде барынша аз маневрлеудi;
      5) автобустар мен шағын автобустар қозғалысы бағытының жолаушылар қозғалысы бағытымен қиылысуын болдырмау көзделедi.
      392. Автобустар, шағын автобустар автовокзал мен автостанция аумағы бойынша маневр жасаған кезде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету үшiн тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi ғана емес, автовокзалдың, автостанцияның барлық аумағы жарықтандырылады, сондай-ақ тротуарлар мен жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн жүру бөлiгiнен бөлетiн қоршаулармен жабдықталады.
      393. Жолаушыларды отырғызу үшін автобус пен шағын автобусты әкелу уақыты автобустар мен шағын автобустардың жөнелтiлу жиiлiгiне және отырғызу пункттерінің болуына байланысты және автовокзал мен автостанция жұмысының технологиялық процесiмен, ол кесте бойынша рейске автобус пен шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қалааралық қатынастағы автобустар мен шағын автобустар үшiн 15 минуттан және қала маңындағы қатынастың автобустары үшiн 10 минуттан кем болмай белгiленедi.

2-параграф. Такси тұрақтары

      394. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.
      395. Такси тұрақтары басқа автомобильдердiң тұрақтарынан жол таңбасының арнайы шектеу сызықтарымен бөлiнедi немесе жергiлiктi атқарушы органдардың ӘПК-мен келiсiмi бойынша белгiленген көгiлдiр түстi «Т» («Такси») деген айыру белгiсi бар және арнайы белбеумен белгiленедi.
      396. Такси тұрақтары тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылады.
      397. Такси тұрағына бөтен автомобильдердi қоюға рұқсат етiлмейдi.

16. Ақпараттық-диспетчерлік такси қызметтеріне қойылатын талаптар

      398. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі тапсырыста көрсетiлген уақытқа қарай таксидi ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздiксiз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады.
      399. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі немесе таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметімен шарт болмаған жағдайда, такси тасымалдаушысының қызмет көрсетуіне рұқсат етiлмейдi.
      400. Такси тасымалдаушысы құратын ақпараттық-диспетчерлік қызметтің негiзгi функциялары:
      1) жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу;
      2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау;
      3) тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау;
      401. Өзге тұлға құратын таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі такси тасымалдаушылары тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен ақпараттық-диспетчерлік қызмет бойынша шарт жасасады және такси тасымалдаушылары осы Қағидалардың 340-343-тармақтарының және 214-тармағының 1)3) және 5) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда өзінің қызметтерін көрсетеді.
      402. Тасымалдаушы болып табылмайтын тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді.

Автомобиль көлiгiмен  


жолаушылар мен багажды 
тасымалдау қағидаларына
1-қосымша      

Нысан


Борт журналы

Автокөлiк құралын тiркеу № ______________________


Жолаушылар орындарының саны _____________________
Тасымалдаушының аты және тегi
немесе тасымалдаушының атауы

Күнi

Жүргiзушiнiң Т.А.Ә.

Маршрут бойынша сапар парағының немесе қызмет көрсету шартының №

Жүру маршруты

АКҚ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтуi

Жүргiзушiнiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуi

Маршрут бойынша қозғалыс жағдайлары

Техникалық тексерудi кiм және қайда жүргiздi

АКҚ-ның шығуына рұқсат бердiм (механиктiң қолы)

Медициналық тексерудi кiм және қайда жүргiздi

Жүргiзушiнiң шығуына рұқсат бердiм (медициналық қызметкердiң қолы)

жүктеу 1,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау